Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Кентау СуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі Баялдыр қалдық сақтау қоймасын және Кентау қаласының оңтүстік-батыс ауданындағы "Глубокий" кенішінен суағар төкпесін (бұдан әрі - объектілер) республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен объектілерді қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов