Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Кентау СуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі Баялдыр қалдық сақтау қоймасын және Кентау қаласының оңтүстік-батыс ауданындағы "Глубокий" кенішінен суағар төкпесін республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 622 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Кентау СуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі Баялдыр қалдық сақтау қоймасын және Кентау қаласының оңтүстік-батыс ауданындағы "Глубокий" кенішінен суағар төкпесін (бұдан әрі - объектілер) республикалық меншіктен Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен объектілерді қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады