"Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 шілдедегі N 674 Қаулысы

      Еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 441 қаулысымен.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Қатонқарағай ауданының тұрақты жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерінен жалпы алаңы 174,0 га жер учаскесін осы қаулыға қосымшаға сәйкес кәсіпорынға беруді қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғат паркі" мемлекеттік мекемесінің аумағындағы алаңы 12,0 га жер учаскесін кәсіпорынға беруді қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;

      2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      7. "2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға  71-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 2-жолында:
      5-баған "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының аумағында орналасқан археологиялық тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-баған "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2008 жылғы 4 шілдедегі
                                                 N 674 қаулысына
                                                     қосымша

       "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы"
     республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына
                берілетін жер учаскесінің
                     экспликациясы

Жер санаты Алаңы, га

Қатонқарағай ауданының ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлері, оның ішінде:
егістік


    174,0

Барлығы:

174,0

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Государственный историко-культурный заповедник-музей "Берел"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июля 2008 года N 674

      В целях создания условий для сохранения уникальных объектов историко-культурного наследия страны Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Республиканское государственное казенное предприятие "Государственный историко-культурный заповедник-музей "Берел" Комитета культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан (далее - предприятие).

      2. Уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении предприятия определить Министерство культуры Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 04.05.2014 № 441.

      3. Определить основным предметом деятельности предприятия осуществление производственно-хозяйственной деятельности в области культуры.

      4. Акиму Восточно-Казахстанской области в установленном законодательством порядке обеспечить предоставление предприятию земельного участка общей площадью 174,0 га из земель сельскохозяйственного назначения Катон-Карагайского района на праве постоянного землепользования согласно приложению к настоящему постановлению.

      5. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить предоставление предприятию земельного участка площадью 12,0 га на территории государственного учреждения "Катон-Карагайский государственный национальный природный парк".

      6. Комитету культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) представление на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устава предприятия;

      2) государственную регистрацию предприятия в органах юстиции;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      7. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2007 года N 1224 "Об утверждении паспортов республиканских бюджетных программ на 2008 год" следующие дополнения:

      в  приложении 71 к указанному постановлению:
      в строке, порядковый номер 2, таблицы пункта 6. "План мероприятий по реализации бюджетной программы":
      графу 5 дополнить словами "Сохранение археологических памятников истории и культуры, находящихся на территории Государственного историко-культурного заповедника-музея "Берел";

      графу 7 дополнить словами "Государственный историко-культурный заповедник-музей "Берел".

      8. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 4 июля 2008 года N 674 

                       Экспликация
  земельного участка предоставляемого Республиканскому
государственному казенному предприятию "Государственный
      историко-культурный музей-заповедник "Берел"

Категория земель

Площадь, га

Земли сельскохозяйственного назначения
Катон-Карагайского района, в том числе:
пашни

174,0

Всего:

174,0