"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабының 14) тармақшасына, Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамының берешекті өтеу схемасын реттеу және анықтау жөніндегі 2008 жылғы 11 қаңтардағы кеңес хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мынадай іс-шараларды өткізу туралы ұсынысына келісім берілсін:
1) "КАТЭП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (бұдан әрі - "КАТЭП" ЖШС):
"Екібастұз Контрактэнерго" ЖШС-тің пайдасына Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөніндегі Федералдық агенттігіне "КАТЭП" ЖШС-тің;
"КАТЭП" ЖШС-тің пайдасына "Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ) "Екібастұз Контрактэнерго" ЖШС-тің талап қою құқығын беру бойынша "Екібастұз Контрактэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қарсы талап қою құқығынан қайту шарттарын жасасу;
2) "КАТЭП" ЖШС "Достық Энерго" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Достық Энерго" АҚ) пайдасына соңғысының "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ-тың "КАТЭП" ЖШС-тің алдындағы берешегін өтеген жағдайда "Достық Энерго" акционерлік қоғамымен "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ-ға "КАТЭП" ЖШС-тің талап қою құқығынан қайту шарттарын жасасу;
3) "Достық Энерго" АҚ-пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (кредит беруші), "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (банк-агент), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің (әкімші) арасында "Достық Энерго" АҚ-қа (қарыз алушы) 21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы сомаға бюджеттік кредит беру туралы шарт жасасу;
4) талап қою құқығынан қайту және бюджеттік кредит беру туралы тиісті шарттарды ресімдегеннен кейін "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы соманы аудару жолымен, оларды "Достық Энерго" АҚ-қа "КАТЭП" ЖШС-тің арнайы шотына бір мезгілде аудара отырып, "Батыс Қазақстан ЭТК" АҚ-тың "КАТЭП" ЖШС-тің алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету;
5) "Достық Энерго" АҚ-тан 21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы соманы алған сәттен бастап бір банкілік күннен аспайтын мерзімде осы соманы "КАТЭП" ЖШС-тің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай қазынашылық шотына аударуы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.26 N 893 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов