Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 249 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2-тармақта:
бірінші абзацта "32691500000 (отыз екі миллиард алты жүз тоқсан бір миллион бес жүз мың)" деген сөздер "33621500000 (отыз үш миллиард алты жүз жиырма бір миллион бес жүз мың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада "14925600000 (он төрт миллиард тоғыз жүз жиырма бес миллион алты жүз мың)" деген сөздер "15855600000 (он бес миллиард сегіз жүз елу бес миллион алты жүз мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Шығыстар сомасы" деген 3-бағанда:
"Барлығы" деген жолда "14925600,0" деген сандар "15855600,0" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 3, 10-жолдарда "3769507,0", "136923,0" деген сандар тиісінше "3940757,0", "895673,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалды құндылықтардың құнын арзандатуға" деген 6-бағанда:
"Барлығы" деген жолда "7195000,0" деген сандар "8125000,0" деген сандармен;
реттік нөмірлері 3, 10-жолдарда "1326632,0", "122464,0" деген сандар тиісінше "1497882,0", "881214,0" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов