Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 191
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 10, 107-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесінде:
3-тармақтағы "31200000000 (отыз бір миллиард екі жүз миллион)" деген сөздер "16200000000 (он алты миллиард екі жүз миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов