Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 191 Қаулысы.

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 383  Жарлығына , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867  қаулысына , "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2008 жылғы 26 ақпандағы   
N 191 қаулысымен       
бекітілген           

  Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесі "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  26-бабына , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 383 Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына, "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.

  2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға
2008 жылға кредит беру тәртібі

       2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2008 жылға арналған бюджеттерінде тиісті түсімдерді, сондай-ақ "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысы 4-тармағының 15) тармақшасын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің 2-тармағы орындалғаннан кейін "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысының 18-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар (бұдан әрі - шарттар) жасасу арқылы 16200000000 (он алты миллиард екі жүз миллион) теңге сомасына бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - кредиттер) берсін.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.17.  N 699  Қаулысымен.

      4. Қарыз алушыларға кредиттер берудің мынадай негізгі шарттары белгіленсін:
      1) қарыз алушыларға кредиттер Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және сатып алуға 3 (үш) жыл мерзімге сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) республикалық бюджетке кредиттерді қайтаруды қарыз алушылар белгіленген мерзімде жүргізеді;
      3) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2010 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес шарттар жасасуды қамтамасыз етсін;
      2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады