Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.»"Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 111-1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 4, 51-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
"Нормативтік-құқықтық, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету" деген 1-бөлімде:
"Институционалды қамтамасыз ету" деген 1.2.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1.2.4.-жолдың 5-бағанындағы "IV тоқсан" деген сөздер "II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қоғамның орнықты дамуы" деген 4-бөлімде:
"Азаматтық қоғамды дамыту" деген 4.4.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.4.2.-жолдың 5-бағанындағы "2009 жылғы I тоқсан" деген сөздер "2008 жылғы IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мәдениет және ақпарат" деген 4.5-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.5.1.-жолдың 5-бағанындағы "2009 жылғы 15 шілде" деген сөздер "2008 жылғы IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Білім беру және ғылым" деген 4.6.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.6.2.-жолдың 5-бағанындағы "II тоқсан" деген сөздер "IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4.6.3.-жолдың 2-бағанындағы "енгізуді ынталандыру жөнінде" деген сөздер "енгізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4.6.3.-жолдың 5-бағанындағы "ІІ тоқсан" деген сөздер "IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орнықты экономикалық прогресс" деген 5-бөлімде:
"Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру" деген 5.1.-кіші бөлімде:
5-бағанда:
реттік нөмірі 5.1.3.-жолдағы "2009 жылғы 30 шілде" деген сөздер "2008 жылғы IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5.1.9.-жолда "4 тоқсан" деген сөздер "II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Экологиялық орнықтылық" деген 6-бөлімде:
"Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру" деген 6.1.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 6.1.3.-жолдың 5-бағанындағы:
"30 шілдеге" деген сөздер "II тоқсанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6.1.10.-жолда:
4-баған ", АШМ, ТЖМ" деген аббревиатуралармен толықтырылсын;
5-бағанда "шілдеге" деген сөз "қаңтарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6.1.11.-жолдың 5-бағанындағы "шілдеге" деген сөз "қаңтарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Генетикалық жағынан өзгерген организмдердің пайдаланылуы мен таратылуын бақылау, карантиндік және бөтен текті зиянды организмдерді енгізудің немесе оның өз бетімен кіруінің алдын алу" деген 6.5.-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 6.5.2.-жолдың 5-бағанында "2 тоқсан, жыл сайын" деген сөздер "2008 жылғы 2-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов