Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 111-1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 704 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.»"Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 111-1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 4, 51-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      "Нормативтік-құқықтық, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету" деген 1-бөлімде:
      "Институционалды қамтамасыз ету" деген 1.2.-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 1.2.4.-жолдың 5-бағанындағы "IV тоқсан" деген сөздер "II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қоғамның орнықты дамуы" деген 4-бөлімде:
      "Азаматтық қоғамды дамыту" деген 4.4.-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 4.4.2.-жолдың 5-бағанындағы "2009 жылғы I тоқсан" деген сөздер "2008 жылғы IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Мәдениет және ақпарат" деген 4.5-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 4.5.1.-жолдың 5-бағанындағы "2009 жылғы 15 шілде" деген сөздер "2008 жылғы IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Білім беру және ғылым" деген 4.6.-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 4.6.2.-жолдың 5-бағанындағы "II тоқсан" деген сөздер "IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 4.6.3.-жолдың 2-бағанындағы "енгізуді ынталандыру жөнінде" деген сөздер "енгізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 4.6.3.-жолдың 5-бағанындағы "ІІ тоқсан" деген сөздер "IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орнықты экономикалық прогресс" деген 5-бөлімде:
      "Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру" деген 5.1.-кіші бөлімде:
      5-бағанда:
      реттік нөмірі 5.1.3.-жолдағы "2009 жылғы 30 шілде" деген сөздер "2008 жылғы IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 5.1.9.-жолда "4 тоқсан" деген сөздер "II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Экологиялық орнықтылық" деген 6-бөлімде:
      "Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру" деген 6.1.-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 6.1.3.-жолдың 5-бағанындағы:
      "30 шілдеге" деген сөздер "II тоқсанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6.1.10.-жолда:
      4-баған ", АШМ, ТЖМ" деген аббревиатуралармен толықтырылсын;
      5-бағанда "шілдеге" деген сөз "қаңтарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6.1.11.-жолдың 5-бағанындағы "шілдеге" деген сөз "қаңтарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Генетикалық жағынан өзгерген организмдердің пайдаланылуы мен таратылуын бақылау, карантиндік және бөтен текті зиянды организмдерді енгізудің немесе оның өз бетімен кіруінің алдын алу" деген 6.5.-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 6.5.2.-жолдың 5-бағанында "2 тоқсан, жыл сайын" деген сөздер "2008 жылғы 2-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады