Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1678 Қаулысымен.
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық Кеңесінің 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды адамдары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті Хатшылығының Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес Кеден ісі және шекара мәселелері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары лауазымына Сәуле Марланқызы Пірімбетованың кандидатурасын бекітуге ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. "Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квоталарға сәйкес лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 1050 қаулысының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі