Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығының Кеден ісі және шекаралық мәселелер жөніндегі департаменті басшысының орынбасары лауазымына бекітуге Қазақстан Республикасының кандидатурасын ұсыну туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1678 Қаулысы

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 14 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды тұлғалары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті Хатшылығының Кеден ісі және шекаралық мәселелері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары лауазымына бекітуге Сәуле Марланқызы Пірімбетованың кандидатурасын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы мақұлдансын.
      2. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығындағы Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 шілдедегі № 716 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады