Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 163 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақта "жарты жылда бір рет" деген сөздер "жыл сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "жарты жылда бір рет" деген сөздер "жыл сайын" деген сөздермен, "жарты жылдықтан" деген сөздер "жылдан" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта "Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге" деген сөздер "Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасында:
"Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыты мен тетігі" деген 5-бөлімде:
"Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту" деген 5.1-кіші бөлімнің жетінші абзацы алынып тасталсын;
"Орнықты экологиялық-экономикалық қызметті дамыту" деген 5.2-кіші бөлімнің алтыншы абзацы алынып тасталсын;
"Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
1-бөлімнің реттік нөмірі 1.1.6-жолы алынып тасталсын;
2-бөлімнің реттік нөмірі 2.2.1-жолы алынып тасталсын;
4-бөлімнің реттік нөмірі 4.1.1-жолында:
3-бағанда "Нормативтік құқықтық актінің" деген сөздер "Келісімнің" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-бағанда "2007 жылғы 4 тоқсан" деген сөздер "2009 жылғы 1-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов