"Балқаш-Алакөл бассейнiнiң 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 163 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған "Балқаш-Алакөл бассейнiнiң 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

      2. Мүдделi мемлекеттiк органдар жыл сайын есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.30.  N 723 Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жыл сайын есептi жарты жылдықтан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.30.  N 723 Қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсiн.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.30.  N 723 Қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң       
2007 жылғы 2 наурыздағы 
N 163 қаулысымен   
бекiтiлген   

  "Балқаш-Алакөл бассейнiнiң 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасы

  Мазмұны

       1.  Бағдарламаның паспорты
       2.  Кiрiспе
       3.  Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
       3.1. Өңiрдiң қоршаған ортасының жай-күйi
       3.2. Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi
       3.3. Трансшекаралық сипаттағы проблемалар
       3.4. Бассейндi басқару проблемалары
       4.  Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
       5.  Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктері
       5.1. Қоршаған ортаның жай-күйiн жақсарту
       5.2. Орнықты экологиялық-экономикалық қызметтi дамыту
       5.3. Әлеуметтiк-демографиялық жағдай мен халық денсаулығының жай-күйiн жақсарту
       5.4. Орнықты халықаралық ынтымақтастықты және трансшекаралық
проблемаларды шешудi қамтамасыз ету
       5.5. Бассейндi басқару жүйесiн құру
       6.  Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
       7.  Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
       8.  Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

  1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

Бағдарламаның           "Балқаш-Алакөл бассейнiнiң 2007-2009 
атауы                   жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз
                        ету"

Бағдарламаны әзiрлеу    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы
үшiн негiздеме          25 тамыздағы N 822  қаулысымен бекiтiлген
                        Қазақстан Республикасының орта кезеңдегi
                        әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009
                        жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарына
                        (екiншi кезеңi) сәйкес

Бағдарламаны            Қазақстан Республикасы Қоршаған
негiзгi әзiрлеушi       ортаны қорғау министрлiгi

Бағдарламаның           Бассейннiң орнықты дамуын қамтамасыз ету
мақсаты                 және экожүйелiк басқаруды қалыптастыру
                        және инвестицияларды тарту мен экологиялық
                        таза технологияларды енгiзу жөнiнде
                        қолайлы жағдай жасау негiзiнде өңiр
                        халқының өмiр сүру ортасын сақтау

Бағдарламаның           Өңiрдiң ресурстық әлеуетiн ұтымды пайдалану;
мiндеттерi              бассейннiң және экологиялық бағдарланған
                        бизнестi жүргiзудiң негiзiнде аумақтық
                        ұйымдардың қазiргi заманғы модельдерiн
                        енгiзу;
                        алдын алу шараларын жетiлдiру және
                        тәуекелдердi төмендету жолымен
                        әлеуметтiк-демографиялық жағдай мен халық
                        денсаулығының жай-күйiн жақсарту;
                        экономикалық қызмет пен адами капиталдың
                        дамуын қолдайтын экожүйелердiң сақталуын
                        қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды дамыту;
                        қолайлы iскерлiк және инвестициялық
                        климатты, инновацияларды ынталандыру, таза
                        технологиялар мен орнықты өндiрiс пен
                        тұтыну модельдерiн енгiзу мен жетiлдiру
                        үшiн жағдайлар жасау;
                        ұтымды табиғат пайдалану саласындағы ұлттық
                        заңнаманы жетiлдiру және халықаралық
                        нормалармен және шарттармен үйлестiру;
                        инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың
                        және коммуналдық, табиғат қорғау және
                        көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды
                        ұстаудың жаңа тетiктерiн енгiзу

Бағдарламаны            Бағдарламада республикалық бюджеттiң
қаржыландыру            қаражаты есебiнен көзделген iс-шараларды
көлемi және көздерi     қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi
                        Республикалық бюджет туралы Заңда
                        белгiленетiн болады және тиiстi қаржы жылына
                        арналған республикалық бюджеттi
                        қалыптастыру кезiнде нақтылануға тиiс.
                        Барлығы 2007-2009 жылдарға - 215,3 млн.
                        теңге, оның iшiнде: республикалық бюджеттен
                        2007 жылы - 26,0 млн. теңге;
                        халықаралық гранттар - 100,9 млн.теңге;
                        ұйымдардың қаражаты - 90,0 млн.теңге.

Бағдарламаны iске       Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн
асырудан                дәйектi түрде iске асыру мыналарға
күтiлетiн нәтижелер     мүмкiндiк бередi:
                        қазiргi заманғы халықаралық талаптарға және
                        Балқаш-Алакөл бассейнiнiң
                        әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктерiне
                        сәйкес келетiн тиiстi су ресурстары
                        мен қоршаған ортаны қорғауды бiрiгiп басқару
                        моделiн қалыптастыру;
                        Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз
                        Республикасымен және басқа да мүдделi
                        тараптармен су ресурстарын ұтымды пайдалану
                        және Балқаш-Алакөл бассейнiнiң экожүйесiн
                        сақтау жөнiндегi Бассейндiк Келiсiмге қол
                        қою;
                        мемлекеттiк органдар, жұртшылық,
                        жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, жеке
                        сектор және табиғат пайдаланушылар арасында
                        әрiптестiктiң тиiмдi тетiктерiн құру;
                        гидрологиялық режимді тұрақтандыру және
                        Балқаш көлiнiң экожүйесiн сақтау әрi су
                        ресурстарын пайдаланудың нәтижелiлiгiн
                        арттыру;
                        өңiрдегi әлеуметтiк-демографиялық жағдайды,
                        халық денсаулығының жай күйiн жақсарту,
                        еңбек ресурстарының сапасы мен адам
                        әлеуетiнiң даму деңгейiн арттыру

Бағдарламаны            2007-2009 жылдар
iске асыру мерзiмi

  2. Кiрiспе

      Қазақстанның әлемдiк экономикаға белсендi кiруi, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң артуы су және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiне және өмiр сүру мен шаруашылық қызмет үшiн қолайлы аумақтардың сақталуына тәуелдi.
      Балқаш-Алакөл бассейнi планетаның iрi көлдiк экожүйелерiнiң бiрi болып табылады және көлемi жөнiнен көптеген мемлекеттердiң мөлшерiнен асып түсетiн бiрегей табиғи кешендi бiлдiредi. Ол Қазақстанның оңтүстiк-шығысы мен Қытайдың солтүстiк-батысындағы 415 мың шаршы километр кең аумақты алып жатыр. Бассейнде ел халқының бестен бiр бөлiгi тұрады, оның жартысын ауыл тұрғындары құрайды.
      Балқаш-Алакөл бассейнiнде кеңес кезеңiнде табиғат мүмкiншiлiктерi ескерiлмей қалыптасқан экономикалық әлеуеттiң дамуы, бүгiнгi болашақтағы даму үшiн елеулi кедергiлер тудыратын көптеген экологиялық проблемалардың пайда болуына әкелiп соқты.
      "Балқаш - 2000" және "Балқаш - 2005" халықаралық форумдарында Балқаш-Алакөл өңiрiндегi экологиялық жағдай суды ұтымсыз пайдалану, тау экожүйесiнiң ылғал ұстап тұруға қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiмен, ормандарды кесуден, мұздықтардың қайтарылымсыз еруiнен және басқа да қатерлi факторлардан туындаған, экожүйенiң үдемелi осалдығы және Балқаш көлi деңгейiнiң тұрақсыздығымен аса орнықсыз, күрделi ретiнде танылды. Өңiрде халықтың ең төмен өмiр сүру деңгейi сақталуда. Бүгiнгi күнi жағдай климат өзгеруiнiң терiс салдарларымен, сондай-ақ бассейннiң су жинақталатын бөлiгiндегi Қытайдың шаруашылық қызметiнiң өсуiмен ұшығуда. Сонымен бiрге бассейннiң iшкi әлеуетi, халықаралық туризмдi дамыту, Азиядан Еуропаға транзиттiк жүк ағындарының мүмкiндiктерi пайдаланылмайды.
      Фрагментарлы өкiлеттiктер мен қысқа мерзiмдi iс-әрекеттерге негiзделген бассейннiң аумағын басқарудың қазiргi жүйесi бассейннiң iс-жүзiндегi проблемаларын шешуге және аумақтың дамуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi, орталық және жергiлiктi органдар, мемлекет, азаматтық қоғам мен жеке сектор iс-әрекеттерiнiң бiрiгуiне ықпал етпейдi деп танылды. Жүргiзiлген талдаудың басты нәтижелерінің бiрi бағдарламаны iске қосу мен iске асырудың, бiрiгiп жоспарлау мен басқаруға көшудiң, өңiрдiң қолда бар пайдаланатын әлеуетiн тарту үшiн маңызды шарт ретiндегi Балқаш-Алакөл өңiрiндегi басқару жүйесiн жетiлдiру туралы ұйғарым болып табылды.
      "Балқаш-Алакөл бассейнiнiң 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) ресурстарды ұтымды пайдалануды, өмiрлiк маңызы бар экожүйелердiң сақтауды және қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендетудi көздейтiн 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуiнiң тұжырымдамасын, 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын, әлемнiң бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елiнiң қатарына кiру стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi Аумақтық даму стратегиясын iске асыру тетiгi ретiнде әзiрленген.
      Бағдарламада табиғат пайдаланудағы бар үрдiстер мен Балқаш-Алакөл бассейнiнiң экологиялық жағынан проблемаларына талдау жасалған және осы өңiрдi экологиялық жағынан сауықтыру мен дамыту жөнiндегi шаралар ұсынылған.
      Бағдарлама бассейндiк экожүйелiк басқарудың моделiн енгiзу мен осы өңiрдi дамыту үшiн экологиялық бағдарланған инвестициялар мен технологияларды тарту үшiн жағдай жасауды көздейдi.

  3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Балқаш-Алакөл бассейнiнiң аумағы Балқаш көлi мен Алакөл ойысының бассейнiн қамтиды және 500 мың шаршы километрден астамды, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнде - 415 мың шаршы километрдi құрайды. Бассейннiң ұзындығы батыстан шығысқа дейiн 900 км-ден астам, ал солтүстiктен оңтүстiкке дейiн - 680 км (1-сурет).
      Әкiмшiлiк тұрғыдан оған Алматы қаласы, Талдықорған, Қапшағай, Текелi қалаларымен бiрге Алматы облысының 16 ауданы; Шығыс Қазақстан облысының Аягөз бен Үржар аудандары; Қарағанды облысының Балқаш қаласымен бiрге Ақтоғай және Шет аудандары; Жамбыл облысының Қордай, Мойынқұм және Шу аудандары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының солтүстiк-батыс бөлiгi кiредi.
      Көлдiң қоректенуi 80%-ға Iле өзенi суының қойылуымен қамтамасыз етiледi. Орташа құрғақ және аз сулы жылдары су ресурстарының тапшылығы суды тұтынуды азайту қажеттiлiгiн туғызды, көлдiң деңгейi төмендедi (341 - 340,5 м-ге дейiн), бұл өңiрдегi экологиялық және оның салдарынан әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердiң едәуiр нашарлауына әкеп соқты.
      Алдыңғы суы көп жылдар, сондай-ақ өндiрiстiң құлдырауы көл деңгейiн 341,5 м белгiсiне дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бердi, бiрақ алдағы аз сулы кезең мен Қытай Халық Республикасында (бұдан әрi - ҚХР) экономикалық қызметтiң өсуi экожүйенi сақтау мен ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегi шұғыл шаралар қолдануды талап етедi.

  3.1. Өңiр қоршаған ортасының жай-күйi

      Балқаш-Алакөл бассейнiнiң айрықша ерекшелiгi орографиялық және климаттық бiр тектi еместiгi, табиғи жағдайлардың әртүрлiлiгi болып табылады. Бассейннiң солтүстiгiндегi қуаң дала аймағының тар жолағы Солтүстiк Балқаш маңының, Алакөл ойысының жартылай шөлейтi және Балқаш көлiнiң оңтүстiк жағалауынан Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының тау бөктерiне дейiн жазылған шөлейтпен ауысады. Таулы сiлемде табиғи жағдайлардың өзгеруi биiктiк ландшафттық аймақтылыққа бағынады.

Сурет 1. Балқаш-Алакөл су бассейнінің сызбасы
(суретті қағаз мәтіннен қараңыз)
 

             Бассейннiң климаты күрт континеталды, бiрақ бiр тектi емес, ол оның зор ендiк ұзақтығы мен жер бедерi құрылымының үлкен айырмашылықтарының нәтижесi. Атмосфералық жауын-шашын бiркелкi түспейдi. Жауын-шашын ең азы (жылына 150 мм шамасында) Балқаш көлiнiң жағалауына, ал ең көбi (жылына 1800 - 20000 мм) жоғары таулы аудандарға түседi.
      Бассейннiң оңтүстiгiнде, оңтүстiк-шығысы мен шығысындағы биiк таулы жоталар, солтүстiгi мен батысындағы төмен таулар өзендер ағынының басты бағытын белгiлейдi. Өзендердiң көпшiлiгi оңтүстiк-шығыстан солтүстiк-батысқа ағады.
      Балқаш-Алакөл гидрографиялық бассейн өзендерiнiң жер үстi ағынының орта көпжылдық жылдық көлемi шамамен 26,5 текше километрдi құрайды.
      Бассейннiң жер асты суларының жалпы болжамды қоры 17,4 км 3 құрайды, олардың iшiнен барланып, пайдалану үшiн бекiтiлгенi 6,892 км 3 .
      2005 жылы Балқаш-Алакөл гидрографиялық бассейнi бойынша жер үстi ағынның жалпы көлемi 28,2189 км 3 . Балқаш-Алакөл бассейнi су объектiлерiнен су алудың жалпы көлемi 2005 жылы 3559,194 млн. м 3 , оның iшiнде жер үстi көздерiнен 3278,285 млн. м 3 , жер асты көздерiнен 268,851 млн.м 3 (оның iшiнде 0,137 млн. м 3 шахталық-кен орындық cу).
       Жер үстi сулары. Балқаш-Алакөл бассейнiнiң аумағында 52  мыңнан астам өзен мен уақытша ағын сулар (өзендердiң 90%-ға жуығы Балқаш көлiнiң бассейнiне, қалғандары - Алакөл көлдерiнiң тобына жатады) және 24,3 мыңға жуық көл мен жасанды су қоймалары бар. Бассейн су қоймаларының жалпы акваториясы 22700 км 2 құрайды. Ең iрi су қоймалары Балқаш пен Алакөл көлдерi болып табылады, олар екi дербес су бассейнiн - Балқаш көлiнiң бассейнi мен Алакөл көлдерi тобының бассейнiн құрайды.
      Балқаш көлiне бес тұрақты өзен ағады: Iле, Қаратал, Ақсу, Лепсi, Аягөз - олар Тянь-Шань таулы облыстарында және аздап Тарбағатай мен Шыңғыс Тау тауларында өз ағынын қалыптастырады. Iле өзенi Батыс Балқашқа, қалған көлдерi Шығыс Балқашқа ағып кiредi. Балқаш көлiнiң су бетi көлемi 340,0 - 342,0 м белгiлерде 14120 - 18210 км 2 шегiнде өзгередi, сол кезде су көлемi 72,2 - 106,0 км 3 құрайды.
      - 3400 км 2 су айнасының сомалық көлемiмен Алакөл тобының бассейнiне 500-ден астам көл кiредi, олардың iшiнде - Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл, Жалаңашкөлдiң үлесiне су айнасының жалпы көлемiнен 95% және көлдердiң осы тобының су қорының 95%-нан астамы (61,6 млрд. км 3 ) келедi. Алакөл тобы өзендерiнiң басты салалары Тентек, Үржар, Қатынсу, Емел, Жаманты және Ырғайлы өзендерi болып табылады.
      Кiшi және орта көлдер өнеркәсiптi, қалалар мен ауылды мекендердiң халқын кепiлдi сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты суармалау үшiн пайдалану мүмкiн емес. Iрi көлдердiң су қорлары оларды қоректендiретiн көздермен қаралуы керек. Жалпы алғанда, кiшi, орта және iрi көлдер табиғат қорғау маңызы бар объектiлер ретiнде қаралуы мүмкiн. Өткен 30 жыл iшiнде 16 көлдiк жүйеден тек қана 5 көл қалды.
       Жер асты сулары. Балқаш-Алакөл гидрографиялық бассейннiң жер асты суларының болжамды ресурстары жылына 17,4 км 3 , оның iшiнде жер үстi ағындымен байланыста емес жылына 7,7 км 3 құрайды. 6,892 км 3 барланып және пайдалану үшiн бекiтiлген. 2005 жылы жер асты көздерiнен 271,909 млн.м 3 , оларды iшiнен шахталық-кен орындық 1,921 млн. м 3 . Жер асты көздерден бас тоғанның жалпы санынан негiзгi тұтынушы коммуналдық шаруашылық (63%), өнеркәсіп (20%), ауыл шаруашылығы (16%), әуiт шаруашылығы (1%) болып табылады. Бассейн аумағында ластануға негiзiнен аэракция аймағының геологиялық қимасындағы әзер өтетiн түзiлiмдердiң болмауы немесе кiшкентай қуаттылығы себебiнен әлсiз табиғи қорғанушылығы бар алғашқы сулы қат-қабат ұшырайды.
      Жер асты сулардың үлкен қоры болғанда олардың пайдалануы әзiрше шамалы және өңiр сумен қамтамасыз етуде зор резервтерге ие.
       Ағынды, шахталық-кен орындық және коллекторлық-кәрiздеу сулары.  Су қорына сондай-ақ, суармалау жер шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық пен өнеркәсiптiң ағынды және шахталық-кен орындық суларымен коллекторлық-кәрiздеу ағынымен пайда болған қайтарма сулар да жатады. 1990 жылдың деңгейiнде су бөлудiң сомалық көлемi шамамен 3 км 3 құрады, оның iшiнде табиғи су көздерiне шамамен 1 км 3 шартты-тазартылған су қайтарылды, қалған көлемi (2 км 3 ) жинауыштар мен жердiң төмен жерлерiне жеткiзiлiп, шашырап және жоғалып кеткен.
      2000 жылға қарай, судың бас тоғандардың азаюымен қайтарылатын сулардың да көлемдерi 0,5 км 3 -гe дейiн төмендеді, оның iшiнде табиғи су объектiлерiне - 0,3 - 0,4 км 3 . Негiзгi су қабылдағышқа пайда болатын ағындылардың 90%-на дейiнгiсi жататын, жер үстi су объектiлерi (өзендер, көлдер, су қоймалары) болып табылады.
       Мұздықтар. Балқаш-Алакөл бассейнiнiң аумағында 2092 мұздық бар, жалпы аумағы 1756,5 км 2 , мұздың көлемi - 100,2 км 3 , шоғырланған судың көлемi 90,1 км 3 құрайды.
      Мұздықтар, өңiр экономикасының мұқтаждықтар үшiн де, қоршаған орта үшiн де қажеттi ауа қабаттарынан су ресурстарын шоғырлана отырып, маңызды роль атқарады. Қазiргi уақытта мұздықтардың көлемi сел мен басқа да табиғи апаттарға әкелiп соғып, азайып барады. Мұздықтарды сақтау және қар-мұздық жамылғысына жүргiзiлетiн мониторинг жөнiндегi шаралар жер үстi ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi шаралармен сүйемелдену керек: суды үнемдеу, ағындыны су қоймаларымен реттеу, қайтарма суларды неғұрлым толық пайдалану, ағындыны бассейнаралық қайта қайтару, жер асты суларын пайдалану.
       Су ресурстарын пайдалану. Бассейн су ресурстарының негiзгi тұтынушылары коммуналдық шаруашылық, өнеркәсiп пен энергетика, ауылдық елдi мекендер мен мал шаруашылығы, суармалы егiн шаруашылығы, балық шаруашылығы болып табылады. Суды тұтынбайтын, бiрақ суды пайдаланатын салалар рекреациялық шаруашылықтар, су көлiгi, гидроэнергетика болып табылады.
      Есепке алынған су пайдаланушылардың талдауы олардың көпшiлiгi ауыл шаруашылық өнiмiн шығарушылар (68,9%), өнеркәсiп кәсiпорындары (13,1%) және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (10,0%) екендiгiн көрсетедi. Елде байқалған жақсаруға байланысты (экономикалық, қаржылық) осы салаларда су пайдаланушылар санының және су тұтыну көлемiнiң одан әрі ұлғаюы мүмкiн.
      Бассейн бойынша пайдалану үшiн таза судың жалпы алынуы 2005 жылы 3,55 км 3 , оның iшiнде жер үстi көздерiнен 3,29 км 3 , жер асты көздерiнен - 0,26 км 3 құрады.
      1992-2005 жылдар кезеңiне Балқаш-Алакөл гидрографиялық бассейнiнiң су пайдаланушыларымен өзендер бассейнiндегi бөлiкте су ресурстардың жалпы алынуы 7,4-тен 3,5 км 3 -ге дейiн немесе 2 есе қысқартылды.
      Алматы облысында 6,2-ден 3 км 3 -ге дейiн 2 есе қысқартылды және 2003 жылдан бастап тұрақтанды, Алматыда 21%-ға қысқартылды 0,35-ден 2,82 км 3 -ге дейiн, бiрақ 2003 жылдан бастап су тұтынудың өсуi басталды.
      Қарағанды облысында 0,18-ден 0,16 км 3 -ге дейiн қысқартылды (22%), ал 2004 жылдан бастап су тұтынудың ұлғаюы басталды.
      Шығыс Қазақстан облысында 0,59-дан 0,94 км 3 -гe дейiн 6 еседен астам қысқартылды.
      Жамбыл облысы бойынша 2000 жылдан кезеңде шамамен 2,02-ден 4,69 және 0,66 млн. м 3 дейiн қысқартылды.
      Ағынды судың барлығы 106,609 млн. м 3 , оның iшiнде суармалауға 24,62 млн. м 3 ; коллекторлық-кәрiздеуге барлығы 31,53 млн. м 3 ; өнеркәсiптiк мұқтаждықтарға 45,833 млн. м 3 ; шаруашылық мұқтаждықтарға 4,626 млн. м 3 пайдаланылды.
      Айналым және қайталау-бiртiндеп сумен қамтамасыз ету жүйесiндегi шығындар 451,260 млн. м 3 -ге тең, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Қарағанды өңiрiндегi өнеркәсiпте қайталау-бiртiндеп сумен қамтамасыз ету ұлғайды, бұл жақсы көрсеткiш болып тұр.
      Оған қарамастан су пайдаланудың жалпы көлемi экономика салалары бойынша 2001 жылдан бастап көбейе бастады: жылдар бойынша шамамен 2318,33 млн. м 3 -ден 2478,581 млн. м 3 -ге дейiн, ұлғаю жылына 160,251 млн. м 3 немесе 6,5%-ды құрайды.
      1996-2005 жылғы кезең бойынша Балқаш-Алакөл бассейнiнде тасымалдау кезiндегi судың ысырабы олардың ұлғаюының тұрақты үрдiсi әсiресе, суармалау егiн аудандарында байқалатындығын көрсетедi. 

р/
с
N
Эко-
номи-
калық
өңір-
лер
Жыл-
дар
Пайдаланған судың көлемі Су
пай-
дала-
нудың
үрді-
сі
Бар-
лығы
ТҮШ Өнер-
кәсіп
Ауыл
шару-
ашы-
лығы
Балық
шару-
ашы-
лығы

1

Алматы
облысы

2005

2040, 93

30,701

70,621

1925,6
32

13,97
8

Ауыт-
қумен
ұлғаю

2004

2277,
19

28,572

72,021

2161,4
11

15,194

2003

1895,
92

33,14

67,93

1780,85

11,0

2002

1905,
52

33,488

55,444

1807,0
95

9,5

2001

1927,3

33,58

45,28

1823,9

24,47

2

Алматы
қаласы

2005

192,30
2

159,32

28,597

2,585

1,8

Тұрақ-
ты
ұлғаю

2004

189,97
0

159,74

26,11

2,616

1,5

2003

172,01

124,53

43,23

3,25

1,00

2002

170,18

139,79

24,55

4,84

1,0

2001

174,47

137,16

32,38

4,69

0,24

3

Қара-
ғанды
облысы

2005

159,37
3

10,11

148,42
4

0,839


Тұрақ-
ты
ұлғаю

2004

164,00
7

10,26

152,69
8

1,049

-

2003

143,67

9,77

132,70

1,20

-

2002

140,07

9,11

129,76

1,2


2001

125,37

9,74

114,16

1,47


4

Шығыс
Қазақ-
стан
облысы

2005

85,379

2,792

0,703

81,884


Ұлғаю-
дан
азаюға
дейін-
гі
ауытқ-
уы

2004

88,176

4,637

0,713

82,86

-

2003

66,92

1,13

0,50

65,69

-

2002

66,274

1,074

0,41

64,79


2001

91,26

0,57

0,44

90,25


5

Жамбыл
облысы

2005

0,595

0,505

0,09



Тұрақ-
ты
азаю

2004

1,879

1,105

0,734

0,040

-

2003

4,50

3,81

0,65

0,04

-

2002

4,846

4,03

0,81

0,006


2001

-

-

-

-

-

      Алматы облысында 1996 жылдан 2005 жылдары аралығында ысыраптың көлемi 26-33% құрайды. 2005 жылы су алудың 3020,04 млн. м 3 көлемiнде, ысырабы 985,33 млн. м 3 немесе 33%-ды құрайды. Алматы қаласының су жеткiзетiн құбырларындағы ысырап көзден алынған судың көлемiнен 23-30% құрайды және 1996 жылдан 2005 жылға дейiнгi кезеңде 14-28%-ға ұлғайды.
      Судың тасымалдаған кездегi ысырап бойынша осындай жағдай су жеткiзетiн құбырлардың тозуы мен шаруашылықаралық суармалау каналдардың нашар техникалық жағдайы туралы куәландырады, олар күрделi жөндеу, қайта жандандыру және қосымша жабдықтау жөнiндегi жұмыстарға мұқтаж болып тұр. Су ресурстарын тиiмдi пайдалану, өндірістік емес ысырапты қысқарту мәселесi шұғыл шешiмiн талап етедi.
      Суармалы егiн шаруашылығында жер үстi көздерден алынатын сулардың есепке алынуын су пайдаланушылар өздерi жүргiзедi. Бастапқы су пайдаланушылар есепке алуды, су алатын ғимараттардың оларды қазіргi заманғы тексеру мен аттестациялауға арналған есепке алудың қондырғылары мен аспаптарымен жабдықталуына мүдделi емес. Мұның барлығы мемлекеттiк мүлiк болып табылатын су ресурстарының ұрлануына ықпал етедi, олардың ұтымды және үнемдi пайдалануына ынталандырмайды, алынған су үшiн төлемдердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз етпейдi. Жер үстi су көздерiнен алынатын суды есепке алу жөнiндегi жағдайды қайта қарау қажет.
       Су ресурстарының ластану проблемасы. Бассейн су объектiлерiнiң негiзгi ластаушысы өнеркәсiптiк объектiлер ("Қазақмыс", Текелi қорғасын-мырыш комбинаты және т.б.), елдi мекендердiң коммуналдық-тұрмыстық шаруашылығы (негiзiнен қаланың) және ауыл шаруашылығы, атап айтқанда суармалы егiн шаруашылығы болып табылады. Осыған байланысты бассейннiң көптеген өзендерiнiң гидрологиялық режимi балық шаруашылығы, рекреация, iшу үшiн нормативтiк талаптарға сай келмейдi, ал олардың ластанған ағындысы өзендiк атыраулар мен Балқаш көлiнiң экологиялық жай-күйiн нашарлатады.
      Өнеркәсiп пен коммуналдық шаруашылықта ағынды суларды жер үстi көздерi мен су қоймаларына төгудiң 40-қа дейiн орындары бар. Бұдан өзге, осы төгiндiлер жер асты сулардың кен орындарын да ластайды.
      Жер үстi суларын негiзгi ластаушылар тобына сондай-ақ қалалар мен елдi мекендер де жатады. Жер үстi суларын ластағыштардың iрi көздерiне Алматы қаласы жатады, ол "Водоканал" МКК арқылы Iле өзенiне 35,0 млн. м 3 ағынды суларды жеткiзедi.
      Жер үстi болсын, жер асты суларын болсын ластайтын басты көздер - тыңайтқышқа толы коллекторлық-кәрiздеу ағындысымен суармалы егiн шаруашылығы болып табылады. Суармалы жерлер бассейннiң барлық өзендерi бойынша, олардың жағалауларында, таулы өзендердi шығаратын конустарында және Балқаш көлiне ағатын өзендердiң төменгi ағысында орналасқан.
      Ауыл шаруашылығында коллекторлық-кәрiздеу және төгiндi суларды тазарту жөнiнде ешқандай шара қолданылмайды, осы ағынды мен басқа да ағынды суларды өндiрiсте қайталап пайдалану да әзiрше кең қолдау таппады. Ағын суды едәуiр ластайтын мал шаруашылығының ағындылары кейбiр жерлерде ұйымдастырылмаған, еш жерде тазартылмайды, кәдеге жаратылмайды және пайдаланылмайды. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары жыл сайын 200 млн. м 3 астам құрамында органикалық, азоты және өлшелмелi заттар бар коллекторлық-кәрiздеу суларды жеткiзедi.
      Кiшi өзендердiң ластануы үлкен проблема болып тұр. Су қорғайтын аймақтағы өнеркәсiптiк болсын, коммуналдық-тұрмыстық (оның iшiнде жеке сектор объектiлерi, су мен жер төмен жерлерiндегi қоқыс үйiндiлерi) және басқа да объектiлердiң өзенге ағынды суларының төгiндiлерi де өзектi мәселе болып тұр.
       Жер қоры. Балқаш-Алакөл бассейнiнiң шегiнде барлық санаттардағы пайдаланушылар жерiнiң жалпы көлемi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын пайдалану агенттiгiнiң деректерi бойынша 34333 мың га, оның iшiнде ауыл шаруашылық алқаптар 26593,82 мың га құрайды.
      Ауыл шаруашылығы алқаптарының шамадан тыс көп көлемiн жайылымдар - 24072,76 мың га немесе барлық жер көлемiнiң 90,5% алып жатыр. Соңғы жылдары жайылымдардың (0,3 мың га дейiн) және суармалы жерлердiң өнiмдiлiгi төмендеп кеткен. Ұлттық есептiң мәлiметiне қарағанда жердiң тозу процесi барлық көлемiнiң 30% қамтылған. Ауыл шаруашылығына арналған жерлердiң негiзгi бөлiгi шаруа қожалығына бекiтiлген.

  3.2. Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi

       Өнеркәсiп. Балқаш-Алакөл бассейнiнiң негiзгi өнеркәсiбi минералды-шикiзаттар ресурстары болып табылады. Минералды шикiзаттардың көп түрлiлiгі, соның iшiнде мыс құрамды және полиметалды кендерi, Балқаш-Алакөл бассейнiн Қазақстанның өндiрiстiк күштерiн дамытушы басымды өңiрлер қатарына қойды. Олардың базасында "Балқаш цветмет" ӨК және Текелi қорғасын-мырыш комбинаты қызмет етедi.
      Өзге салалардан - Талдықорғандағы қорғасын аккумулятор зауыты, Қапшағай фосфор зауыты, Боролдай және Жансүгiров қант зауыттары.
      Өңiрдiң өнеркәсiптiк кешенi қоршаған ортаға терiс әсер етедi. Оның қызметi қоршаған орта жағдайына, әсiресе су ресурстарының, жер және атмосфераның ластануына әсер етедi. Өнеркәсiпте және коммуналды шаруашылықта тұйық жүйенi және айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйесiн қолдану деңгейi өте төмен; су тарту көлемi көп, соның iшiнде қажеттi тазалаусыз жүргiзiледi. Жеке және жалпы жүйелiк болсын тазалау имараттарының қуаттылығы ағынды су көлемiне сәйкес емес, тазалау сапасыз жүргiзiледi, көбiнесе өзендер мен су қоймаларына тазаланбаған су төгiледi.
      Сондай-ақ, өнеркәсiпте таза суды қолдану көлемiнiң төмендегенi байқалады. Солай, Алматы облысында 1%, Қарағанды облысында 8%, Шығыс Қазақстан облысында 2%, Жамбыл облысында 69% су тұтынушылар есебiнен төмендеу болды.
      Алматы қаласында су тұтыну 1%-ға көтерiлдi. 2004 жылмен салыстырғанда Қарағанды облысында өндiрiстiк қажеттiлiкке, "Балқашцветмет" айналмалы және қайталама сумен қамтамасыз етумен қолдануының көбею есебiнен таза су 13%-ға аз алынған. "Балқашцветмет" ӨҰ жақсы көрсеткiш көрсетiп, 2005 жылы Балқаш көлiнен таза суды пайдаланбады. Соңғы бес жылдағы "Балқашцветмет" ӨҰ-ның су тұтынуын талдай келе, 38% айналмалы-қайталама сумен қамтамасыз етудiң көбейгенiн көреміз.
      Айналмалы сумен қамтамасыз ету, әсiресе өнеркәсiпте, су ресурстарын үнемдеуде маңызды резерв болып табылады. Оны су шаруашылығына енгiзу кезiнде шаруашылықтың су алу қажеттiлiгiн 25-30 есе төмендетедi, яғни пайдаланған суды төгу де азаяды.
      Бұдан өзге, шамамен қырық жыл бойы Балқаш өзенiнiң экожүйесi және жақын аумақтардың экологиялық қолайсыздығына Сарышаған әскери полигонының (полигонның жалпы көлемi 81,2 мың шаршы метр), сонымен бiрге бассейнде - 49,2 мың шаршы метр, қызметi ықпал етедi. Өзеннiң экожүйесiне өзен жағалауына электр стансасын салу жобасын iске асыру да, сонымен қатар Iле өзенi атырауындағы Төменгi Iле көмiр бұрғылау кен орындарын игеру де үлкен қауiп-қатер төндiруi мүмкiн.
       Ауыл шаруашылығы. Өңiрде соңғы жылдары суармалы жерлер  көлемi қысқарып кеттi және олардың өнiмдiлiгi төмендеп кеттi. Шөлейт жайылымдардың тозуы және су басқан жайылымдар көлемi азаюы байқалады. Сонымен бiрге, Балқаш-Алакөл бассейнiнде суармалы егiн шаруашылығы суды көп қажетсiнетiн, бассейннiң экологиялық жағдайына әсер ететiн сала болып табылады. Бассейнде су шаруашылығы имараттарында алдын алу, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары шұғыл қысқарды және толық тоқтатылды. Iшкi шаруашылық торап иесiз қалды, суармалы жерлерге көптеген өз бетiмен қожалық етiп отырған су пайдаланушы субъектiлердiң пайда болуы iшкi шаруашылық торабын пайдалану жүйесiне iрiткi салуға әкелiп соғады.
      1992-2005 жыл аралығында ауыл шаруашылығының су алуына талдау 6,2-ден 2,9 км 3 -ге немесе 2,5 есе қысқарғанын көрсетедi. Әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың нашарлауымен iрi суармалау массивтерi iстен шыққан, суармалы жерлерде өнiмдiлiк төмен. Пайдаланудың нашар деңгейiнен су басқан жайылымдар көлемi азайған, онымен бiрге мал басы тез арада азайып кеттi.
      1992 жылдан 2005 жыл аралығында тұрақты суармалау көлемi 663,4-тан 443,963 мың гектарға немесе 34% қысқарған, тұрақты суармалы жерлерге су алу 5804,05-тен 2974,189 млн. м 3 немесе 49-51% пайызға қысқарған, жалпы суармалау көлемi 663,4-тен 443,711 мың гектарға немесе 34% қысқарған.
      Суармалы егiн шаруашылығына реформа - суармалы жерлерде шаруашылық етушi субъектiлердiң әр түрлi көптеген түрлерiнiң шығуымен, егiн себудiң құрылымдарын қайта профилдеумен, ауыспалы егiс жүйесiн жүргiзудiң бұзылуымен, суды пайдаланудың нарықтық тетiгiн енгiзумен байланысты.
      Егер бұрын суармалы жерлерде көбінесе масақты, жемшөп, күрiш, дәнге арналған жүгерi, көп жылдық шөптер өсiрiлсе, соңғы жылдары техникалық дақылдардың - қант қызылшасы, қытай бұршақ, темекi, күнбағыстың - көбеюi байқалады.
      1992 жылдан 2002 жыл аралығында суармалау жүйесiнiң пайдалы әсер коэффициентi 0,75-тен 0,64-ке дейiн төмендедi, ал 2003 жылдан 0,66-ға дейiн көбейдi. Суармалау нормасы 6295-тен 4518 м 3 /гектарға төмендедi.
      - 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда қытай бұршақ, қант қызылшасы, күрiш, масақты дақылдар, көкөнiстер сияқты ауыл шаруашылығы дақылдары орташа 10-12% көбейдi. Солай, соңғы жылдары суарған жерлердiң берерiнде жақсы өзгерiстер байқалады, бұлар экономиканың тұрақтылығы және тауар өндiрушiлердi қаржыландырудың ұлғаюымен ескерiледi.
      Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету 12 мыңнан астам халқы санымен ауылдық елдi мекендердi қамтиды.
      Ауыл халқы тұрғындарының саны 100-ден 5000-ға дейiнгi және одан да астам адамы бар екi жүзден астам елдi мекендерге орналасқан, тұрғындарының саны 1 мың адамнан асатын елдi мекендер (40% шамасында) басымдыққа ие.
      Бассейннiң ауыл халқының сумен қамтамасыз ету көздерi жер үстi және жер асты сулары болып табылады.
      Ауылдық елдi мекендерде су құбырының ұзындығы 2214 км астам құрайды. Су құбырының техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда, олардың тозушылығы шамамен 70-80% құрайды.
      Құбырлардың көбiнiң қызмет мерзiмi өтiп кеткен, бұл жиi жарылулар мен апатты жағдайларға, қызметтердiң қымбаттауына әкелiп соғады. Кейбiр жағдайларда халықтар санитарлық нормаға сәйкес емес суды ауыз су үшін пайдаланады.
      Ауылды елдi мекендерде, сумен қамтамасыз ету жүйесiн толық пайдаланатын ауылдық шаруашылық ететiн субъектiлер жоқ. Бюджеттен дотациясыз ауылдық жерлерде су құбырлары қызмет ете алмайды.
      Бассейнде балық шаруашылығы негiзiнен Балқаш көлiнде және жартылай Iле өзенiнде шоғырланған. Қалған тоғандар балық өнiмiн өндiруде маңызы жоқ. Су қоймалары, Қапшағайдан өзге, балық өндiру өнеркәсiбi жоқ. Алматы облысында Iле және Еңбекшi қазақ аудандарында орналасқан тауарлы балықтарды өсiру жөнiндегi кiшi тоғандық шаруашылықтар бар. 2001 жылдан 2005 жыл аралығындағы балық аулау көрсеткiшiнiң төмендеуiн талдау балық шаруашылығындағы тоғандарды ылғалдатуға су пайдаланудың жылдан жылға қысқаруынан екендiгiн көрсетедi. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай, жемшөптiң қымбаттауы, су сапасының, күрiш себудiң төмендеуi, балыққа тән емес әр түрлерiн енгiзу балық ресурстарының едәуiр төмендеуiне әкелiп соқты.
       Энергетика. Бассейнде 14 гидроэлектрстанциясы бар (бұдан әрi - ГЭС). Едәуiр iрi гидроэлектр станциясы Қапшағай ГЭС болып табылады. Соңғы жылдардың талдауы көрсеткендей Қапшағай ГЭС электр энергиясын өндiруге су шығыны суы көп жылдары, 2004 жылдан бастап су шығыны азая бастағанын көрсетедi. Электр энергиясын өндiру болашақта Iле өзенi бойынша ҚХР-нан келетiн сулардан тәуелдi болады.
      Қапшағай су қоймасынан жiберiлу режимiнiң ұдайы бұзылуына, энергетикалық төгiндiлердiң ұлғаюына байланысты Ақдала сiлемдерiнiң суарылатын жерлерiндегi су қақпалары ауданында Iле өзенi жағалауының шайылуы мен бұзылуына әкеп соқты. Шайылу процесiнiң нәтижесiнде атырауда бiрқатар тармақ лайланып қалды, және өзен жүйесi тозады. Атырау тармақтарын тазалау және арна реттеу жұмыстары, ауылшаруашылық және экожүйелiк мүддесiн ескере отырып, ГЭС режимiн оңтайландыру жөнiндегi шұғыл шаралар қажет. Жер үстi ағындылары су ресурстарын қысқартуды күту жағдайында Қапшағай су қоймасынан Балқаш көлiне жiберудiң су қорғаушы компенсациялық режимiн, сонымен қатар Құланбас мерзiмдi ағын контррегуляторының имаратын жүргiзу қажет.
      2004 жылдың басында жылу энергетикасында су көлемiнiң ұлғаюы, жаңа турбоагрегат iске қосылған Балқаш ТЭЦ-те болды. 2005 жылы Төменгi Тоқырау кен орынынан аз ғана су алып айналма және қайталама суда жұмыс iстейтiн мырыш зауыты өндiрiстiк сатыға қосылды. "Балқашцветмет" ӨҰ айналмалы сумен қамтамасыз ету есебiнен күкiртқышқыл өндiрiсiн енгiзудi жоспарлап отыр. Шығыс Қазақстан облысы Ақтоғай станциясынан алыс емес жерде Балқаш тау-кен-металлургия комбинаты үшiн жаңа мыс кен орыны өңделетiн болады.
      Электр энергиясын өндiру бойынша Балқаш ТЭЦ-нiң шартты таза суды қолдануы 2001 жылдан 2005 жыл аралығында 167-ден 171 м 3 /МВт дейiн ұлғайған. Осы мерзiм аралығында жылу энергиясын өндiруге бiртiндеп пайдаланылған судың шартты су қолдануы 12,8-ден 13,9 м 3 /Гкал өскен.
       Коммуналды шаруашылық инфраструктураның жоғары тозығымен сипатталады. Кәсiпорындарда құралдардың жалпы тозығы 40-60 пайызға дейiн жетедi, едәуiр тозық елдi мекендердiң энергия желiлерi мен су жүргiзетiн канализациялық желiлерде байқалады. Бiрқатар елдi мекендерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесi мүлдем жоқ немесе жағдайы қанағаттанарлық емес. Орташа есеппен су құбыры арқылы сумен тұрғындардың 70-75 пайызы қамтамасыз етiледi. Қалалық су құбырларының 70 пайызы тозығы жеткен, бұл апат және едәуiр су шығынына әкеп соғады. Желiдегi су шығыны 30 және одан да көп пайызға жетедi. Көптеген кенттер мен ауылдардың канализациялары жоқ. Су шаруашылығының жағдайы ең төмен қанағаттанарлықсыз болып тұр. Бөгеттер, су торабтары мен өзге де имараттардың нашар техникалық жағдайы.
      Рекрациондық инфрақұрылымның нашар дамуы. Реакрациондық инфрақұрылымдардың көптеген объектiлерi кеңес дәуiрiнде салынған, өте тозған және халықаралық стандарттарға жауап бермейдi.
      Алматы және Талдықорған қалаларындағы өндiрiстiк кәсiпорындар мен автожуғыштардағы техникалық қажеттiлiкке қолданылатын iшетiн судың сапасы үлкен алаңдатушылықты туғызады. Көптеген автожуғыштарда айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйесi бар, бiрақ олар оны қолданбайды, себебi электр энергиясы қымбат. Iшу сапалы суды шаруашылық-iшуге сумен қамтамасыз етуге байланысты емес қажеттiлiкке пайдаланатын кәсiпорындар үшiн жоғары тарифтер қондыру қажет.
       Әлеуметтiк сала. Аймақтың тұрғындарының демографиялық жағдайы мен денсаулығы үлкен алаңдатушылықты туғызады. Аймақта өмiр ұзақтығының функциясы ретiнде өлшенетiн өмiр сапасы, халықтың әл-ауқаты және қоршаған ортаның жағдайы қажеттi деңгейде емес. Бұл - әлеуметтiк саласы кенже дамыған ауылдық аудандарға, сонымен қатар қоршаған ортаға антропогендi қысымы мол қала аймақтарына да байланысты. Демографиялық көрсеткiштердi ықшамдау, тұрғындардың науқастану көрсеткiштерiн төмендету қажет. Санитарлық жағдай, тұрғындардың едәуiр бөлiгiнiң физиологиялық толыққанды iшетiн су ресурстарына қолжетiмдiгiнiң жоқтығы үлкен алаңдатушылықты туғызады. Балқаш-Алакөл бассейiнiң орнықты дамуы - нақты мақсатты құру негiзiнде экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк факторлардың балансын, даму параметрлерiн және нәтижелер мониторингiн жобалауды қамтамасыз етуде болуы керек.

  3.3. Трансшекаралық сипаттағы проблемалар

      Трансшекаралық проблемалар мен бассейндiк басқарудың жеткiлiктi оң шешiмдi халықаралық тәжiрибе бар. Ұлы өзендер (АҚШ), Онтарио (АҚШ және Канада), Тенеси көлi бассейнiнiң корпорациясы, Бива көлiнiң (Жапония) Франциядағы бассейндiк басқаруы және өзге де бассейндiк басқару нәтижелерi, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық проблемаларды кешендi шешудiң тексерiлген тетiгi болып табылады, ортақ мақсат маңайына әртүрлi топтардың мүдделерiн интеграциялауға және оларға жету үшiн күш-жiгер мен ресурстарды бiрiктiруге мүмкiндiк бередi. Көптеген дамыған елдерде қоғамды топтастыру және экономикалық даму үшiн дәл осы бассейндiк бағдарламалар негiз болып табылды.
      ҚХР-дың аумағы 70% дейiн өзендiк ағын қалыптасатын, Iле өзендiк трансшекаралық көлемнiң шамамен 18% пайызын алып жатыр (60 мың км 2 ). Осыған сәйкес Қазақстан шегiнде бассейн көлемiнiң 80% (268 мың км 2 ) бар және ағынның 30% қалыптасады. Шартты-табиғи мезгiл аралығында Iле өзенi ағынының жиынтық шығыны ҚХР-да бассейннiң жалпы ағынынан 20%, Қазақстанда - шамамен 30% құрайды, шамамен өзен ағынының жартысы Балқаш өзенiне құйылады. Судың органикамен, мұнай өнiмдерiмен және өзге де заттармен ластануы байқалады.
      Iле өзенiнен Қытай тарапынан мөлшерден тыс су алу қатерi, өңiрдiң дамуы үшiн қосымша тәуекел факторы болып табылады. Бұл өзеннен 10-15% су алу, мамандардың пiкiрi бойынша, Балқаштың қайырлануы мен тұздалуына, Аралға ұқсас Экологиялық апатқа, байыпты әлеуметтiк-экономикалық зардаптарға әкеп соғады.
      Бассейндегi су балансының орнықтылығы, Қытай аймағынан, сонымен қатар жартылай Қырғызстан аймағынан келетiн суға тәуелдi екендiгiн ескерсек, суды әдiл бөлу және барлық бассейн елдерiмен қабылданған орнықты даму жөнiндегi мiндеттер негiзiнде, экожүйенi сақтау туралы халықаралық көптарапты келiсiм қажет.
      Аумақтық даму стратегиясында ескерiлгендей бассейн аумағы орта-азиялық өңiрде iшкi өңiрлiк экологиялық және экономикалық байланыстарын ықпалдастыруда, капитал мен инвестицияларды тартуда, орта-азиялық рынокқа бағытталған экологиялық таза өндiрiстердi орналастыруда, халықаралық деңгейде қызмет көрсетуде маңызды роль атқара алады, сонымен қатар маңызды байланыстырушы буын, өзара әрекет ететiн еуропалық, азия-тынық мұхит және оңтүстiк азиялық даму бағдарламасының трансконтиненттi көпiр функциясын орындай алады.
      Өңiрдiң географиялық орналасуы халықаралық серiктестердiң, еуропалық одақтың тек қана жүктердi тасымалдаудан пайдасын ғана пайдалану емес, еуразиялық кеңiстiкте экологиялық және сауда-экономикалық ықпалдастықтың қалыптасу процестерiне болашақта қатысу қызығушылығын алдын ала анықтайды. Трансшекаралық проблемаларды шешуге, сонымен қатар технологиялар мен инвестициялар тартуға ықпал ететiн халықаралық серiктестер Бағдарламаларының басымды бағыттарын қатыстыру қажет.

  3.4. Бассейндi басқару проблемалары

      Басты проблема - бассейнде қызмет етiп отырған басқару жүйесiнiң кемшiлiктерi болып табылады. Қазақстан Республикасының аумақтық даму Стратегиясында белгiленгендей "аймақтық дамуда сақталған сәйкессiздiктi және жаңа перспективалық мiндеттердi ескере отырып аумақтың даму мәселелерi орталық және жергiлiктi дәрежедегi тиiмдi үйлестiрушiлiктi талап етедi". "Өңiрлiк жобалаумен, маңызды табиғи ресурстар және инфрақұрылымдарды пайдаланудың салалық схемасымен өзара байланыста болатын, елдiң кеңiстiктiк ұйымдарының моделi қалыптаспаған. Көршiлес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (облыстар, аудандар, қалалар мен ауылдар), трансөңiрлiк процестер мүдделерiнiң үйлестiру құралдары (тетiктер) жоқ". Мемлекеттiк органның суды басқаруда қажеттi мәртебесi және өкiлеттiгiнiң жоқтығы, Бассейндiк су шаруашылық басқармалар мен облыстық "Водхоздардың" жұмысындағы параллелизм, бiрқатар су шаруашылық объектiлерiн коммуналды немесе акционерлiк меншiлiктiкке берiлуi: кейбiр "Водхоздардың" коммуналды шаруашылық жүйесiне көшуi - мұның бәрi, егер жалпы экономикалық кризиске байланысты туған су тұтынудың едәуiр төмендеуi, суы көп жылдар болмаса, Аралға ұқсас экологиялық кризиске әкеп соғуы мүмкiн едi.
      Фрагментарлы өкiлеттiк және қысқа мерзiмдi мүдделiлiк бассейннiң аталған проблемаларын шешуiне мүмкiндiк бермейдi, қызмет етiп отырған үйлесiмдiк тетiгi ведомствоаралық және халықаралық қарама-қайшылықтың келiсiмге келуiне ықпал етпейдi.
      Басқарудың қажеттi аясын қалыптастыру, барлық мүдделi тараптарды қатыстыру, жалпы мақсаттарды өндiру және қажеттi инвестицияларды тарту - Бағдарламаның iске асыру шарттары мен бiрiншi кезектегi шаралары болып табылады.
      Басқару жүйесi тұрғындар мен бассейннiң санитарлық және экожүйелiк қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн су режимiнiң тұрақтануы мен су сапасын жақсартуға ықпал етуi керек. Басқару әдiсiн оңтайландыруға бассейнде су сапасының мақсатты көрсеткiштерiн кезеңмен қондыру және аграрлы, коммуналды және өнеркәсiптiк секторларда суды пайдалануды ұтымды ету жолымен қол жеткiзу керек.
      Орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi шұғыл мақсатты көрсеткiштер технологиялық нормативтер, жоспарланатын бюджеттiк қаражаттар көлемi, бюджеттiк қоса қаржыландыру кестесi, даму институттарының қатысу, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақылар мен айыппұлдар ставкасы және өзге реттеу құралдары негiзiнде төгiндiлердi шектеу әдiстемесiмен тұтас пакетте Қазақстан Республикасы Үкiметiне бекiтуге берiлуi қажет.
      Бассейн және оның учаскесi үшiн мақсатты көрсеткiш ретiнде мыналар қолданыла алады:
      су тасуының тиiмдi режимiн қадағалау кезiнде, Балқаш көлiнiң қазiргi белгiсiнде (341,5м) су деңгейiн ұстап тұру үшiн жеткiлiктi көлемде экологиялық ағынды қамтамасыз ету.
      Басымды ластаушы заттар: мыс, қорғасын, фенол, пестицидтер, органикалық заттар мен мұнай өнiмдерi жөнiндегi санитарлық талаптарға сәйкес, бассейннiң проблемалық учаскесiнде және Балқаш көлiнiң су сапасына кезегіндегі жету.
      Бассейндегi судың мақсатты көрсеткiштерi, индикаторлар мен жоғары дәрежедегi көрсеткiштерде, атап айтқанда - Қазақстан Республикасының орнықты дамуының 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiмен қондырылған өзге де бағдарламалары мен стратегиялық құжаттарға сәйкес болуы және орындалуын қамтамасыз етуi қажет. Олар бiр уақытта өкiлеттi орган реттеу қызметiнiң тиiмдiлiк индикаторы ретiнде пайдаланылады.
      Олардың экономикалық маңыздылығын ескере отырып, бассейндердi басқару құралдарының пакетiн әзiрлеу сапасына жоғары талаптар қойылады. Осыған байланысты әдiстемелiк әзiрлемелер мен стратегиялық жоспарлаудың тұрақты қызмет ететiн техникалық үйлесiмдiк тобын ұйымдастыру қажет.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

       Бағдарлама мақсаты. Бассейннiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және экожүйелiк басқаруды қалыптастыру мен инвестиция және экологиялық таза технологияларды енгiзу жөнiнде қолайлы жағдай құру негiзiнде өңiр халқының өмiр сүру ортасын сақтау.
      Бағдарламаның  негізгi мiндетi болып мыналар табылады:
      өңiрдiң ресурстық (жер, cу, рекрациондық) әлеуетiн тиiмдi пайдалану;
      бассейн негiзiнде қазiргi заманғы аумақтық ұйымдастыру моделдерiн енгiзу және экологиялық бағытталған бизнестi жүргiзу;
      әлеуметтiк-демографиялық жағдайды және тұрғындар денсаулығын алдын алу шаралары мен қауiп-қатерлердi төмендету жолдарымен жақсарту;
      экожүйенi сақтауды, экономикалық қызметтi қолдайтын және адамдық капиталды дамытуды қамтамасыз ететiн инфрақұрылымдарды дамыту;
      іскери және инвестициялық климатты құру, жаңашылдықтарды ынталандыру, таза технологиялар және орнықты өндiру мен тұтыну моделдерiн жетiлдiру және енгiзу үшiн жағдай жасау;
      табиғатты тиiмдi пайдалану және халықаралық нормалармен, конвенциялармен және келiсiмдермен үйлесiмдiк саласында ұлттық заңнаманы жетiлдiру;
      инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жаңа тетiктерiн енгiзу және коммуналды, табиғат қорғау және көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiн ұстап тұру.

  5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыты мен тетiгi

      Бұдан бұрын қалыптасқан әдiстердi жоспарлау тәжiрибесiне қарағанда, тиiмдi аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, өңiрдiң географиялық жағдайын тиiмдi пайдалану үшiн қолайлы орта құру мiндетi тұр.
      Бассейннiң трансшекаралық сипатынан қарағанда, көршi мемлекеттер тарапынан бұдан әрi су алу және ластауының алдын алу үшiн, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де судың саны мен сапасының параметрлерiн сақтау және жақсартуға мүдделi салаларда бiрiккен инвестициялық бағдарламалар және жобаларды қалыптастыруға ерекше көңiл бөлiнедi.
      Жалпы, қалыптастыратын бассейндiк басқару жүйесi өңiрдiң әкiмшiлiк-аумақтық ұйымдастыру мен аумақтың жоспарлау жүйесiн бұдан әрi жетiлдiру параметрлерiн бередi.
      Еуропа мен Азия арасындағы көпiр ретiнде бассейн аумағын пайдалануда Еуропалық елдердiң мүддесiн қолдану қажет. Қолданыстағы экология және орнықты даму жөнiндегi жалпы еуропалық бағдарламалар, қалыптасып жатқан коммуникациялық дәлiздер өңiрлiк және жаһандық нарықта өңiрдi интеграциялауға да, экологиялық таза технологиялар мен инвестицияларды тартуға да ықпал етуi керек.
      Капиталды көп қажетсiнетiн инфрақұрылымдық жобаларға, бюджеттiк қаржыландырумен қатар, Бағдарламаның iрi инвестициялық жобасын iске асыру формасы мемлекеттiк-жеке әрiптестiк болып табылады. Сонымен бiрге мемлекеттiк-жеке әрiптестiк жолымен жүзеге асыру лайықты болатын iске асырылатын стратегиялық маңызды басымды инфрақұрылымдық жобалар тiзбесi белгiленетiн болады.

  5.1. Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту

       Су ресурстарын ұтымды қолдану және оларды ластанудан сақтау проблемасын шешу үшін келесi iс-шаралар қарастырылады:
      су объектiлерiнiң мониторинг жүйесiн дамыту және оларды қолдануда мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру;
      Балқаш-Алакөл бассейнiнiң су көздерiндегi су қорғау аймақтарын жайластыру;
      жер бетi сулары ресурстарының күтiлетiн өзгерiстерi жағдайында Балқаш-Алакөл бассейнiнiң табиғи-шаруашылық жүйесiнiң гидроэкологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      шекаралас мемлекеттермен су алу көлемiн ескере отырып трансшекаралық су ағынының болжамы;
      экожүйенiң орнықтылығын қамтамасыз етудi ескере отырып Алакөл-Сасықкөл көлiнiң жүйесiндегi су айдыны деңгейiнiң режимiн оңтайландыру;
      Ағын және коллекторлық-дренаждық суды тиiмдi тазалау және суландыруға қайталама қолдану жөнiндегi ұсыныстарды дайындау.
       Жайылымдар мен егiстiк жерлердiң тозуын төмендету үшiн жер ресурстарын қорғау жөнiндегi шаралар қарастырылады:
      топырақ, шаруашылыққа арналған жерлердi қорғау және адамның шаруашылық және өндiрiстiк қызметiне байланысты бұзылған жерлердi қалпына келтiру;
      жел эрозиясының алдын алу үшiн топырақ сақтаушы егiншiлiктiң аймақтық жүйесiн енгiзу;
      агротехникалық, орманды жақсарту, гидротехникалық және ұйымдастырушылық-шаруашылық iс-шараларын қоса, өсiмдiктердi сақтау құралдарының топыраққа терiс әсер етуiн төмендету;
      жаңа жер қатынастарының жағдайында Балқаш-Алакөл табиғи-шаруашылық жүйесiн жер пайдалану және жер құрылғы жүйесiн ұйымдастыруда ландшафты-экологиялық талаптарды әзiрлеу.
       Атмосфераға зиянды заттардың шығарындысын қысқарту үшiн мыналар қарастырылады:
      металлургия, жылу энергетикасы, өнеркәсiп және тау-кен өндiру саласындағы объектiлерiнде өндiрiс және тазалау имараттарының экологиялық таза технологияларын енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      жаңғыртылатын және дәстүрлi емес энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды дайындау.
       өнеркәсiптiк және тұтыну қалдықтарының жинақталу деңгейiн төмендету үшiн мыналар қажет:
      Балқаш-Алакөл бассейнi кәсiпорындарында өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтарды басқару және оларды қайталама қайта өңдеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      өнеркәсiп, тұтыну және коммуналды-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық желiнi құру;
      жер үстi және жер асты суларына өнеркәсiптiк қалдықтар (қалдық сақтауыш, гидрошлак үйiндiлерi, күл үйiндiлерi, жинақтағыш-тоғандар, тұндырмалар, тау жыныстарының үйiндiлерi) көптеген жинақтағышының әсерiн бейтараптандыру.
       Ескерту. 5.1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.30.  N 723 Қаулысымен.

  5.2 Орнықты экологиялық-экономикалық қызметтi дамыту

      Коммуналды шаруашылықты жетiлдiру үшiн қайта қалпына келтiру, техникалық қайта жарақтандыру мен имараттар және су құбырларының торабын, бассейнде қала және қалалық кенттерде канализация және тазалау имараттарын салу, осы өңiрлерде өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен коммуналды объектiлердiң тазалау имараттарын кеңейту және жұмыс технологияларын жетiлдiруге мыналар қажет:
      су және санитария жөнiндегi мыңжылдықты дамыту мақсаттарына жету саласында Қазақстан Республикасында қолданыстағы немесе жоспарланған инвестициялық жобаларға талдау және бағалау жүргiзу;
      бассейндi дамытудың ұзақ мерзiмдi бағдарламасына қосу үшiн инвестициялық жобалар тiзбесiн әзiрлеу.
      Өнеркәсiптiк уытты қалдықтарды қауiпсiз жинақтау, сақтау, қайта өңдеу және пайдалану процесiн реттеу мақсатында қатты және сұйық өнеркәсiптiк қалдықтарды қайта өңдеу жөнiндегi зауыттар салу қажет.
      Ауыл шаруашылығы саласында келесi проблемаларды шешу болжанады:
      Балқаш-Алакөл бассейнiнде ауылшаруашылық дақылдар үшiн суармалау және су бөлу нормаларын төмендету жөнiндегi ұсыныстар дайындау;
      ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi мен сапасына Балқаш-Алакөл бассейнi экологиялық жағдайының әсер етуiне бағалау жүргiзу;
      су алуда балық сақтауыш құрылғы жұмысының тиiмдiлiгiн көтеру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      Балқаш-Алакөл өңiрiнде ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарды дамыту және орналастыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау.
       Ескерту. 5.2-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.30.  N 723 Қаулысымен.

  5.3 Әлеуметтiк-демографиялық жағдай мен халықтар денсаулығын жақсарту

      Балқаш-Алакөл өңiрi - қоршаған ортаның сапасын және тұрақтылығын жақсартуға кешендi тұрғы негiзiнде орнықты әлеуметтiк-демографиялық дамыту және халықтар денсаулығын жақсарту саясатын iске асырудың алғашқы тиiмдi мысалы болуы керек.
      Демографиялық көрсеткiштердi жақсарту - жалпы және сәби өлiмiн төмендету, фертильдi және туу көрсеткiшiн тұрақтандыру - келесi негiзгi шаралар есебiнен қол жеткiзу керек:
      Балқаш-Алакөл бассейнiнде халықтар денсаулығының төмендеу тенденциясына антропогендiк факторлардың әсерiн зерттеу және бағалау;
      Балқаш-Алакөл бассейнi өңiрiнде экологиялық-шарттылық патологияның алдын алу және терапия.

  5.4. Орнықты халықаралық ынтымақтастық және трансшекаралық проблемаларды шешуiн қамтамасыз ету

      Трансшекаралық су объектiлерiнiң өзара қарым-қатынастары саласында халықаралық-құқықтық реттеу тиiмдiлiгiн көтеру бассейннiң маңызды проблемаларының бiрi болып табылады. Өңiрде орнықты әлеуметтiк-экономикалық даму және тұрақты экожүйенi құру негiзi - Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы арасында келiсiлген, ортақ стратегияны дамыту мен орындауды реттейтiн елдердiң заңдылық мiндеттерi бар, су ресурстарын реттеу, басқару және қолдану үшiн халықаралық келiсiм-шарттың бар болуы қажет.
      Балқаш-Алакөл бассейндiк кеңесi мүшелерi арасында екi және көп тарапты Бассейндiк келiсiм жобасын әзiрлеу және келiсу.
      Бассейннiң экожүйесiн қолдау және сақтау үшiн табиғатты тиiмдi пайдалану саласында ұлттық заңнаманы үйлестiру мәселесiн халықаралық конференцияларда талқылау және ақпаратпен алмасу қажет.

  5.5. Бассейндi басқару жүйесiн құру

       Институтционалды негiздер. Аумақтық даму, аумақты дамытуды қаржыландыру мәселелерiнде үйлестiру, өңiраралық және салааралық өзара қызмет етудi қамтамасыз ету мақсатында, орнықты даму саласында өкiлеттi органды белгiлеу жөнiндегi мәселе қарастырылуы қажет.
      "Бассейндiк басқару органы туралы ереже" жобасына халықаралық сараптама өткiзумен бассейндiк қағида бойынша экожүйелiк басқаруды енгiзу мүмкiндiгiн пысықтау.
       Нормативтi құқықтық және әдiстемелiк негiз. Ысырапты, тиiмсiз табиғат пайдаланудың алдын алу мақсатында бiрқатар нормативтi құқықтық және әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу және қабылдау:
      Балқаш-Алакөл бассейнiн дамыту сценарийiн бағалау үшiн орнықты дамудың бассейндiк және салалық индикаторлар жүйесiн;
      Отандық өндiрушiлердiң ISO-9000 және ISO-14000 сериялы халықаралық стандарттарға көшуiн ынталандыру жолымен экологиялық стандарттау және нормалау институтын нығайту.
      Басқарудың қазақстандық тәжiрибесiне бассейндiк басқару және инвестициялық саясат әдiсiмен байланысқан техникалық нормалау негiзiнде, су бассейндерiнiң экологиялық жағдайының кезеңдiк мақсатты көрсеткiштерiнiң әдiстемесiн және төгiндiлердi нормалау әдiстерiн және инвестицияларды жоспарлауды енгiзу қажет. Су сапасын жақсартуға халықаралық нормаларды ескере отырып, жаңа стандарттарды (су объектiсiне шартты-рұқсатты әсер ету) енгiзудi қажет.
       Бассейндi экожүйелiк басқаруда ғылыми-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету. Өңiрде қоршаған ортаны қорғау, су ортасының ластануы адам және ауылшаруашылық жануарлар ағзасына әсер етуiн бағалау, ақпараттың сенiмдiлiгi, нақтылығы және анықтылығына бақылау әдiсi енгiзiледi. Барлық табиғат пайдаланушыларды бiрыңғай ақпараттық жүйемен қамту - мiндеттi шарт болып табылады.
      Бассейндi ықпалдастыра басқаруда ғылыми-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етудi жетiлдiру үшiн:
      Балқаш-Алакөл бассейнiнiң рекреациялық әлеуетiн кешендi игерудiң ғылыми негiзделген сызбасы;
      климаттың өзгеру жағдайында ағынның қалыптасу аймағында қарлы-мұзды ресурстарын бағалау;
      Iле өзенiнiң атырауының экожүйесiне зерттеулер жүргiзу және Iле атырауындағы биоалуан түрлiлiктi сақтау және қайта жаңғырту жөнiндегi кешендi шараларды әзiрлеу.
      Тентек өзенi, Алакөл және Сасықкөл көлдерiнiң экожүйесiн қайта қалпына келтiру және атырауын дамыту негiзi жөнiнде зерттеу жүргiзу;
      Балқаш-Алакөл өңiрi экожүйесiнiң орнықтылығын көтерудiң ғылыми негiзiн әзiрлеу;
      тазалау имараттарын және өзге iс-шаралардың орналасуын ғылыми-негiзделген негiзде "Сарыбұлақ" жинақтағышының деңгейiн тұрақтандыру;
      "Қазақмыс" Ұлттық Акционерлiк Компаниясын қоса, өндiрiстiк кәсiпорындардан зиянды әсердi қысқарту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және енгiзу;
      Балқаш-Алакөл бассейнiнде экологиялық туризмдi ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
      Балқаш-Алакөл бассейнi аумағында табиғи-ресурстық әлеуеттi және экологиялық ахуалды картасын әзiрлеу үшiн ғылыми негiз құру;
      геотермалдық суларды пайдалану жолдарын кеңейту.
       Қоршаған ортаның мониторинг жүйесiн жетiлдiру және құру . Экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн шешiлетiн табиғат қорғау мiндеттерiне және қоршаған ортаның жағдайына қадағалау негiзiнде қалыптасатын, қоршаған орта жағдайының талап ету деңгейiнде шұғыл нақты тұтас суретi, яғни қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингi, сонымен қатар жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестердi қоса, жер қойнауының мониторингi болуы керек.
      Бассейннiң гидрометеорологиялық мониторингi және бассейннiң қоршаған орта мониторингi, Балқаш-Алакөл бассейнiнiң қарлы-мұзды ресурстарының мониторингi, бассейндегi трансшекаралық өзендерiнiң ҚХР-мен бiрiккен мемлекетаралық өңiрлiк мониторингiн жүйесiн қайта қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiлетiн болады. Қоршаған ортаның мониторингiн өңiрлiк деңгейде жүргiзiлуiн қамтамасыз ету.
       Табиғат пайдалану саласында жұртшылықты насихаттау және ақпараттау. Бағдарлама саясатын iске асыру бұқаралық ақпараттар құралын және жұртшылықтың және тұрғындардың кең саласын қатыстырумен су ресурстарын ықпалдастыра басқару жөнiндегi ғылыми-техникалық iс-шаралар, форумдар, насихаттауды жүргiзудi тиiстi ұйымдастырушылықты талап етедi.
      Экологиялық ағарту саласында экологиялық бiлiм беру және тәрбиелеу жүйесiнiң негiзiн құру арнайы ғылыми-белгiлi кiтапша, газет, журналдар, электрондық сайттар және өзгелердi шығару мен тарату, тұрғындарды әсiресе, әйелдер, жастар мен табиғат пайдаланушылар ұйымдарын табиғи ресурстарды басқару, қалдықтарды жинау, рециркуляциялау және жоюды басқаруға қатысуын ынталандыру.

  6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Кешендi Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн едәуiр капитал салу және материалды-техникалық шығындар қажет. Қаржыландыру көзi республикалық және қызмет етiп отырған субъектiлер қаражатына, табиғат пайдаланушы-кәсiпорындардың өз қаражаттарынан, халықаралық донор-елдердiң гранттары және өзге де Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған көздерiнен қаржыландырылатын болады.
      Қаражат бөлу барлығы 215,3 млн. теңге мөлшерiнде көзделедi, соның iшiнде:
      2007 жылы - 26,0 млн. теңге;
      халықаралық гранттар:
      2007 жылы - 64,3 млн. теңге;
      2009 жылы - 35,0 млн. теңге;
      кәсiпорындар қаржысы:
      2007 жылы - 30,0 млн. теңге;
      2008 жылы - 30,0 млн. теңге;
      2009 жылы - 30,0 млн. теңге.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже

      Бағдарламаны iске асыру бассейндiк қағида тетiгi бойынша пысықтау және жетiлдiруге мүмкiндiк бередi және мыналар қамтамасыз етiледi:
      экология және табиғатты пайдаланушылар саласында халықаралық стандарттарға көшу бөлiгiнде Президенттiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауындағы тапсырмаларды орындау;
      Балқаш-Алакөл бассейнiнiң негiзгi ағыстарының экологиялық және әлеуеттi бос ағысының ғылыми негiздемелiк жолымен Балқаш-Алакөл бассейнiнiң экожүйесiн сақтау үшiн жағдай жасау;
      Балқаш-Алакөл бассейнiнiң қазiргi заманғы талаптарына және әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiне сәйкес табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауды ықпалдастыра басқару моделiн енгiзу;
      Қырғыз Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен және өзге де мүдделi тараптармен Балқаш-Алакөл бассейнiнiң табиғи ресурстарын тиiмдi пайдалану және экожүйесiн сақтау жөнiндегi Бассейндiк Келiсiмдер жасасу;
      мемлекеттiк билiк органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары және табиғатты пайдаланушылар арасында әрiптестiктiң тиiмдi тетiгiн құру;
      Балқаш өзенiнiң гидрологиялық режимiн және су деңгейiн - 342 м белгiсiнде тұрақтандыру, экожүйенi сақтау және су ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн жоғарылату;
      өңiрдегi әлеуметтiк-демографиялық ахуалын 1 туған балаға 5-6 өлi туу деңгейiне дейiн төмендету есебiнен жақсарту;
      халық денсаулығының ахуалын жақсарту, еңбек ресурстарының сапасын және адами әлеуеттi дамыту деңгейiн жоғарылату.

  8. "Балқаш-Алакөл бассейнiнiң 2007-2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.30.  N 723 Қаулысымен.

р/с
N
Іс-шаралар Аяқталу
нысаны
Орында-
луына
жауап-
тылар
Орындалу
мерзімі
Болжа-
натын
шығын-
дар
(млн.
теңге)
Қаржы-
ландыру
көздері
1 2 3 4 5 6 7
1. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту

1.1.1.

Су объектiлерi
және оларды
пайдаланудағы
мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн көтеру мониторингi
жүйесiн
жетiлдiру
жөнiндегi
ұсыныстар
дайындау

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ

2007 жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


1.1
.2.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнiң су
көздерiндегi
су қорғайтын
аймақтарды
жайғастыру
жөнiнде
ұсыныстар дайындау

Қоршаған-
ортами-
ніне
ұсыныстар

АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


1.1
.3.

Балқаш-Алакөл
бассейнi жер
үстi суларының
күтiлетiн өзгерiстер
жағдайындағы
табиғи-шаруа-
шылық жүйесi-
нiң гидроэко-
логиялық
қауiпсiздiгiн
қамтамасыз
етудiң
негiздерiн
әзiрлеу

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ

2007
жылғы
20 шілде
2008
жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 2,0
 

Респуб-
ликалық
бюджет

1.1
.4.

Шектес мемлекеттер-
мен су сынама-
лары көлемiн
ескере отырып,
трансшекаралық
ағын сулардың
ағындысын
болжау әдiсте-
месiн әзiрлеу
(Iле өзенi
мысалында)

Норматив-
тік
құқықтық
актінің
жобасы

Қорша-
ғанор-
тамині
АШМ

2009 жылғы
4 тоқсан

2007 ж.
- 2,0

Респуб-
ликалық
бюджет

1.1
.5.

Экожүйелердiң
орнықтылығының
қамтамасыз етуiн ескере
отырып, Алакөл-Сасық-
көл көлдер
жүйесi суқоймалары
деңгейiнiң
режимдерiн
оңтайландыру
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қоршаған-
ортами-
ніне
ұсыныстар

АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


1.1
.6.

алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.07.30. N 723 Қаулысымен.

1.1
.7.

Ағынды және
коллекторлық
кәрiздеу сула-
рын пайдалану
және оларды
суармалауға
қайталама
пайдалану
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қоршаған-
ортами-
ніне
ұсыныстар

АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


1.2.   Жайылымдар мен жыртылатын жерлердің тозуын төмендету

1.2
.1.

Топырақты
қорғау, жердi
қалпына келтiру, жел
эрозиясының
алдын алу
жөнiнде және
оның iшiнде
ландшафттық-
экологиялық
талаптар мен
Балқаш-Алакөл
бассейнiнiң
өңiрлiк ерек-
шелiктерiн
ескере отырып,
жаңа жер қатынастары
жағдайларында
ұсыныстар
дайындау

Қоршаған-
ортамині-
не
ұсыныстар

ЖРА
(жина-
қтау),
АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


1.3. Атмосфералық зиянды заттардың шығарындыларын азайту

1.3
.1.

Металлургия,
жылу энергети-
касы, өнер-
кәсiп және
тау-кен өндiру
саласындағы
объектiлерде
экологиялық
таза техноло-
гияларды және
имараттарын
енгiзу жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қоршаған-
орта-
миніне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
ЭМРМ,
БҒМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


1.3
.2.

Жаңғыртылатын
және дәстүрлi
емес энергия
көздерiн
пайдалану
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қоршаған-
орта-
миніне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


1.4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталу
деңгейін төмендету

1.4.1.

Өнеркәсiптiк
және тұрмыстық
қалдықтарды
басқару және
оларды қайталама
қайта өңдеу,
Балқаш-Алакөл
бассейнінің кәсiпорында-
рына оларды
қайта өңдеу
бойынша техно-
логиялық жолдар құру
туралы
ұсыныстар
дайындау

Қорша-
ғанор-
таминіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
БҒМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


1.4
.2.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнiң
жер үстi және
жер асты сула-
рына өнеркә-
сiптiк қалдық-
тарды жинақта-
уыштардың
әсерiн бейта-
раптандыру
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қоршаған-
ортамині-
не
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
БҒМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етіл-
мейді


2. Орнықты экологиялық-экономикалық қызметті дамыту
2.1. Коммуналдық шаруашылықты жетілдіру

2.1
.1.

Қазақстан
Республикасын-
дағы су және
санитария
жөнiндегi
мыңжылдықтың
даму мақсатта-
рына қол
жеткiзу сала-
сындағы iс
жүзiнде бар
және жоспар-
ланған инвес-
тициялық
жобаларды
талдау және
бағалау
жүргiзу

Қорша-
ғанор-
таминіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ

2007
жылғы
20 шілде
2008
жылғы
20
қаңтар

2007 ж.
- 0,5

Халық-
аралық
грант-
тар

2.1
.2.

Бассейiндi
дамытудың ұзақ
мерзiмдi бағдарламасына
қосу үшiн
инвестициялық
жобалар пакетiн
әзiрлеу

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
Мүдделі
мемле-
кеттік
орган-
дар

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 2,1

Халық-
аралық
грант-
тар

2.1
.3.

Балқаш-Алакөл
бассейнi
кәсiпорында-
рының қатты-
тұрмыстық және
сұйық өнеркә-
сiптiк қалдықтарын
қайта өңдеу
жөнiнде
ұсыныстар

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
БҒМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-
ді


2.2. Ауыл шаруашылығын дамыту

2.2
.1.

алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.07.30. N 723 Қаулысымен.

2.2
.2.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнiн-
дегi ауыл
шаруашылығы
дақылдардың
өнiмдiлiгi
үшiн суармалау
және су тарту
нормаларын
төмендету
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қоршаған-
ортамині-
не
ұсыныстар

АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-
ді


2.2
.3.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнiң
экологиялық
ахуалының
шаруашылық
өнiмнiң
қауiпсiздiгi
мен сапасына
әсерiн
бағалауды
жүргізу

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 5,0

Респуб-
ликалық
бюджет

2.2
.4.

Бас тоғандарда
балық қорғау
қондырғылары
жұмысының
тиiмдiлiгiн
жоғарылату
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қоршаған-
ортамині-
не
ұсыныстар

АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-
ді


2.2
.5.

Балқаш-Алакөл
өңiрiндегi
ауыл шаруашы-
лық өнiмiн
қайта өңдеу
жөнiндегi
кәсiпорындарды
дамыту және
орналастыру
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

АШМ

2007
жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

Талап
етілмей-
ді


3. Әлеуметтiк-демографиялық ахуал мен халық денсаулығының
жай-күйiн жақсарту
3.1. Халықтың денсаулығын жақсарту

3.1
.1.

Балқаш-Алакөл
бассейнiндегi
тұрғындары
денсаулығының
төмендеу
үрдiсiне
антропогендiк
факторлардың
әсерiн зерттеу
және бағалау

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
ДСМ

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 3,0

Респуб-
ликалық
бюджет

3.1
.2.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнiң
өңiрiндегi
экологиялық
шарттасқан
патологияның
алдын алу және
емдеу жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
ДСМ

2007
жылғы
20 шілде
2008
жылғы
20 қаңтар

Талап
етілмей-
ді


4. Орнықты халықаралық ынтымақтастықты және трансшекаралық
проблемалардың шешiлуiн қамтамасыз ету
4.1. Халықаралық ынтымақтастықты жетiлдiру

4.1
.1.

Трансшекаралық
су ресурстарын
пайдаланудың
жалпы страте-
гиясының
орындалуын
және дамуын
реттейтiн,
мемлекеттердiң
заңгерлiк
мiндеттемеле-
рiнен тұратын
су ресурстарын
пайдалану,
басқару және
реттеу үшiн
Қытай Халық
Республикасы-
мен және
Қырғызстанмен
Келiсiм-шарт
(Бассейiндiк
келiсiм)
жобасын
әзiрлеу

Келісім-
нің
жобасы

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
ЭМРМ,
СІМ,
АШМ

2009 жылғы 1-тоқсан

2007 ж.
- 0,8

Халық-
аралық
грант-
тар

4.1
.2.

Балқаш-Алакөл
Бассейндiк
кеңес мүшелерi
арасында екi
және көп
тарапты
Бассейндiк
келiсiм жобасын
әзiрлеу және
келiсу

Норма-
тивтік
құқықтық
актінің
жобасы

АШМ

2007 жылғы
4 тоқсан

2007 ж.
- 2,6

Халық-
аралық
грант-
тар

4.2. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

4.2
.1.

Трансшекаралық
су пайдалану
және әзiрлен-
ген көп тарап-
ты келiсiм
жобасын
талқылау
мәселелерi
жөнiнде
халықаралық
конференцияны
дайындау және
өткiзу

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ,
СІМ

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 20,0

Халық-
аралық
грант-
тар

5. Бассейндi басқарудың жүйесiн құру
5.1. Иституционалдық негiздер

5.1
.1.

"Бассейндi
басқару органы
туралы ереже"
жобасына халықаралық
сараптама жүргiзе
отырып,
бассейндiк
қағидат бойынша
экожүйелiк
басқаруды
енгiзу мүмкiн-
дiктерiн
қарастыру

Норма-
тивтік
құқықтық
актінің
жобасы

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ,
СІМ
(сарап-
таманы
жүзеге
асыру
бөлі-
гінде)

2007 жылғы
4 тоқсан

2009 ж.
- 25,0

Халық-
аралық
грант-
тар

5.2. Нормативтiк-құқықтық және әдiстемелiк негiз

5.2
.1.

Бассейндiк
қағидат бойын-
ша орнықты
дамудың бiр-
қатар нормативтiк
құқықтық және
әдiстемелiк
құжаттарын
әзiрлеу және
қабылдау жөнiнде
ұсыныстар
әзiрлеу
(индикаторлар,
ISO-9000 және
ISO-14000
халықаралық
стандарттары
және мақсаттық
көрсеткiштер)

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині

2007 жылғы
4 тоқсан

2007 ж.
- 10,0

Халық-
аралық
грант-
тар

5.3. Бассейндiк қағидат бойынша басқаруды ғылыми-техникалық
және ақпараттық қамтамасыз ету

5.3
.1.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнiң
рекреациялық
әлеуетiн кешендi игеру
схемасын
ғылыми
қамтамасыз ету

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 2,0

Респу-
блика-
лық
бюджет

5.3
.2.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнде
климаттың
өзгеруi жағ-
дайында
ағындар
қалыптастыру
аймағындағы
қарлы-мұзды
ресурстарды
бағалау және
қауiптi табиғи
процестердi
(сел, су
тасқындары,
көшкiндер,
сырғымалар)
болдырмау
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ
БҒМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-
ді


5.3
.3.

Iле өзенi
атырауының
экожүйелерiне
ғылыми зерт-
теулер жүргiзу
және Iле өзенiнiң
төменгi
ағысының
экологиялық
орнықтылығын
қамтамасыз ету
үшiн Балқаш
көлiнiң, Iле
өзенiнiң
атырауындағы
биоәртүрлiлiк-
тердi сақтау
және қайта
жандандыру
жөнiнде
кешендi
iс-шаралар
әзiрлеу

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ
БҒМ

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 3,0

Респу-
блика-
лық
бюджет

5.3
.4.

Тентек
өзенiнiң,
Алакөл мен
Сасықкөл
көлдерiнiң
атырау экожүйесiне
ғылыми зерт-
теулер жүргiзу
және олардың
биоәртүрлiлi-
гiнiң эколо-
гиялық орнық-
тылығын
қамтамасыз ету
және сақтау
жөнiнде iс-шаралар
кешенiн
әзiрлеу

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ
БҒМ

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 2,0

Респу-
блика-
лық
бюджет

5.3
.5.

Балқаш-Алакөл
өңiрiнiң
экожүйесiнiң
орнықтылығын
жоғарылатудың
ғылыми
негiздерiн
әзiрлеу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 5,0

Респу-
блика-
лық
бюджет

5.3
.6.

Ғылыми-
негiзделген
тазарту
имараттарын
орналастыру
негiзiнде
"Сары-Бұлақ"
жинауыш деңгейiн
тұрақтандыру
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау 

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-
ді


5.3
.7.

"Қазақмыс"
ұлттық акцио-
нерлiк қоғамын
қоса алғанда,
өнеркәсiптiк
кәсiпорындар-
дан зиянды
әсерлердiң
қысқарту жөнiнде
шараларды
әзiрлеу және
енгiзу

Қоршаған-
ортами-
ніне
ақпарат

"Қазақ-
мыс"
ҰАҚ

2009 жылғы
4 тоқсан

2007 ж.
- 30,0
2008 ж.
- 30,0
2009 ж.
- 30,0

Кәсіп-
орындар
есебі-
нен

5.3
.8.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнде
экологиялық
туризмдi
ұйымдастыру
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қорша-
ғанор-
таминіне
ұсыныстар

ТСМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-ді


5.3.
9.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнiң
табиғи-ресурс-
тық әлеуетi
және аумағының
экологиялық
жағдайына
карталар әзiрлеу үшiн
ғылыми негiз
құру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
БҒМ,
ЭМРМ,
АШМ

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 2,0

Респу-
блика-
лық
бюджет

5.
3.10.

Геотермальдi
суларды
пайдалану
жолдарын
кеңейту жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині
(жина-
қтау),
ЭМРМ,
АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-ді


5.4. Қоршаған ортаға мониторинг жүйесiн құру және жетiлдiру

5.4
.1.

Балқаш-Алакөл
бассейнiнiң
қоршаған
ортасына
мониторинг
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау 

Қазақстан
Респуб-
ликасының
Үкіметіне
ұсыныстар

Қорша-
ғанор-
тамині

2007 жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-ді


5.4
.2.

Өңiрдегi балықтар мен
жануарлардың
ең осал
түрлерiнiң
санына
мониторинг
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қорша-
ғанор-
таминіне
ұсыныс-
тар

Қорша-
ғанор-
тамині,
АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-ді


5.5. Қоғамды табиғаты пайдалану саласында насихаттау және
ағарту

5.5
.1.

Су ресурстарын
бiрiккен бас-
қару бойынша
мүдделi тарап-
тардың Ұлттық
форумын өткiзу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

АШМ
(жина-
қтау),
Қорша-
ғанор-
тамині,
ЭМРМ

2007 жылғы
20 шілде
2008 жылғы
20 қаңтар

2007 ж.
- 1,3

Халық-
аралық
грант-
тар

5.5
.2.

Экологиялық
бiлiм және
тәрбие беру
жүйесiн дамыту
жөнiнде
ұсыныстар
дайындау

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныстар

БҒМ
(жина-
қтау),
Қорша-
ғанор-
тамині,
АШМ

2007
жылғы
4 тоқсан

Талап
етілмей-ді


Жиыны

215,3 соның
ішінде:
РБ-тен - 26,0
2007 ж.- 26,0
халықаралық
гранттар:
2007 ж.- 64,3
2009 ж.- 35,0
кәсіпорындар
қаражаты:
2007 ж.- 30,0
2008 ж.- 30,0
2009 ж.- 30,0

Ескертпе:
СIМ            - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
БҒМ            - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
АШМ            - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
ЭMPM           - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
ТЖМ            - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
ТСМ            - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
ДСМ            - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
ЖРА            - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
РБ             - Республикалық бюджет
"Қазақмыс" ҰАК - "Қазақмыс" ұлттық акционерлiк компаниясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады