Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1338 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 773 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 439 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.06.2021 № 439 қаулысымен.

      "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 5-бабы 2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аккредиттеу жөніндегі орган болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1338 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 617-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Об определении органа по аккредитации и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года N 1338

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2008 года N 773. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2021 года № 439.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.06.2021 № 439.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2008 года "Об аккредитации в области оценки соответствия" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Определить органом по аккредитации товарищество с ограниченной ответственностью "Национальный центр аккредитации" Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан.

      2. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года N 1338 "Об определении органа по аккредитации" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., N 50, ст. 617).

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов