Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
2-бап.
Электронды түрде салық есептілігін беру күні тоқтатылған кезеңде хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесі серверіне дейін салық есептілігін жеткізу туралы хабарлама күнін санауды белгілей отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 585-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының және 4-бабының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Салық қызметінің органдары салық есептілігі мен салық өтініштері хабарларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесінің серверіне дейін жеткізген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
3-бап.
Корпорациялық табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде, тоқтатылған кезеңде корпорациялық табыс салығынан ставкалардың келесі мөлшерлерін белгілей отырып, отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 147-бабы 1-тармағының қолданылуын 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата отырып:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 20 процент мөлшерінде;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 17,5 процент мөлшерінде.
4-бап.
Корпорациялық табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде, тоқтатылған кезеңде корпорациялық табыс салығының ставкасы қолданылатынын белгілей отырып, төлем көздерінен ұсталатын корпорациялық табыс салығының ставкасын 15 процент мөлшерінде белгілей отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 147-бабының 3-тармағының күші 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
5-бап.
Корпорациялық табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде, тоқтатылған кезеңде төлем көзінен табыс салығының келесі мөлшерлерін белгілей отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 194-бабының 1) тармақшасының қолданылуын 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата отырып:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 20 процент мөлшерінде;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 17,5 процент мөлшерінде.
6-бап.
Тоқтатылатын кезеңде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың келесі ставкаларын белгілей отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 336 және 339-баптарының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
1) шикі мұнайға, келесі шкала бойынша белгіленген түрдегі газ конденсатын қоса алғанда:
N
|
Өндірудің жылдық көлемі |
Ставкалар, %-бен |
|
2009 жылдың
|
2010
|
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
250 000 тоннаға дейін қоса
|
5 |
6 |
2. |
5000 000 тоннаға дейін қоса
|
7 |
8 |
3. |
1 000 000 тоннаға дейін қоса
|
8 |
9 |
4. |
2 000 000 тоннаға дейін қоса
|
9 |
10 |
5. |
3 000 000 тоннаға дейін қоса
|
10 |
11 |
6. |
4 000 000 тоннаға дейін қоса
|
11 |
12 |
7. |
5 000 000 тоннаға дейін қоса
|
12 |
13 |
8. |
7 000 000 тоннаға дейін қоса
|
13 |
14 |
9. |
10 000 000 тоннаға дейін қоса
|
15 |
16 |
10. |
10 000 000 тоннадан жоғары |
18 |
19 |
2) келесі мөлшерде бастапқы өңдеуден өткен (байытылған) минералдық шикізатқа:
N
|
|
Пайдалы
|
Ставкалар, %-бен |
|
2009 жылдың
|
2010
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қара, түсті және
|
Хром кені |
16,2 |
16,8 |
Темір,
|
2,5 |
2,8 |
||
Темір кен
|
2,8 |
3,2 |
||
уран (то-
|
14 |
16,5 |
||
2. |
Металдар |
мыс |
8,7 |
9,8 |
цинк |
8,0 |
9,0 |
||
қорғасын |
8,0 |
8,5 |
||
алтын,
|
5,0 |
5,5 |
||
алюминий |
0,25 |
0,28 |
||
3. |
Құрамында металл
|
экспортқа
|
1,5 |
2,0 |
7-бап.
Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін тоқтатылған кезеңде салық салудың мынадай тәртібін белгілей отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) олардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметтерін жүзеге асыру бөлігінде 83-бабының, 85-бабының 1-тармағының 7) тармақшасының, 90-бабының 3-тармағының, 106-бабының 2-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өздерінің сақтандыру қызметін жүзеге асыру бөлігінде салық салынатын табысы мынадай тәртіппен анықталады:
Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылар,
қосу
қайта сақтандыру шарттары бойынша алынуға жататын (алынған) комиссиялық сыйлықақылар,
алу
сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бұзылған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақылар,
алу
қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақылар,
алу
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті төлемдер.
2. Сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:
1) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;
2) инвестициялық кірістер;
3) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағамдық айырма бойынша кірістер;
4) сақтандыру, қайта сақтандыру шартымен байланысты дебиторлық және кредиторлық берешекті қайта бағалау бойынша бағамдық айырма;
5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарына беретін өтемақы төлемдері;
7) эмитенттің өзі шығарған акцияларын орналастырудан алынған ақшаларының сомасы және ол шығарған акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының салық салу объектісі болып табылмайды.
3. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өзге қызметтерден алған салық салынатын табыстары осы тармақ ережелері ескеріле отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 83-бабында белгіленген тәртіпте айқындалады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.
4. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметін қоса алғанда, сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары және шығыстар бойынша және осы баптың 1 және 2-тармақшаларында аталмаған өзге де қызметтің табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.
5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша тіркелген аударымдар түрінде мынадай ставкалар бойынша корпорациялық табыс салығын:
1) жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аффилирленген тұлғалардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын соманың 4 проценті;
2) аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - аннуитеттік сақтандыруды, сондай-ақ аффилирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 2 проценті;
3) аннуитеттік сақтандыру бойынша - аффилирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру бойынша қызметтен түсетін салық салынатын табыс сомасының 1 проценті;
4) аффилирленген тұлғаларды сақтандыру бойынша - аффилирленген тұлғаларды сақтандыру бойынша қызметтен түсетін салық салынатын табыстың 8 проценті;
5) өзара сақтандыру бойынша - өзара сақтандыру бойынша қызметтен түсетін салық салынатын табыстың 1 проценті.
Осы тармақтың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес анықталатын аффилиирленген тұлға аффилиирленген тұлға болып табылады.
6. Осы баптың 3-тармағында аталған сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) табыстарға келесі ставкалар бойынша корпорациялық табыс салығы салынады:
1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 20 процент;
2) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 17,5 процент;
3) 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 15 процент.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру қызметінен алынатын табыстары бойынша салық органдарына есепті айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей бір ай ішінде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етеді.
8. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары қызметінен түсетін салық салынатын табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін төлейді.
9. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей барлық табыстар жөнінде декларация табыс етуге міндетті.
10. Корпорациялық табыс салығын төлеу декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.
11. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебіне жатқызылмайды.
12. Осы баптың мақсатында сақтандыру, қайта сақтандыруды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қызметі өзге қызмет болып табылады.
8-бап.
Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісім-шарттар бойынша инвестициялық салық преференциялары олардың 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылатын іс-әрекеттерінің мерзімі өткенге дейін сақталатын белгіленсін.
9-бап.
Тоқтату кезеңінде мыналарды белгілей отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 280-бабының 4-тармағының 1) тармақшасының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің келесі ставкалары қолданылады:
р/с
|
ЕурАзЭқ СЭҚ ТН
|
Акциздеуге
|
Акциздер ставкалары
|
|
Отандық
|
Импорттық
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
2207-ден |
80% немесе одан
|
400 теңге/
|
570 теңге/
|
2. |
2207-ден |
Денатуратталған
|
0,1 теңге/
|
0,1 теңге/
|
3. |
2208-ден |
80 %-дан төмен
|
560 теңге/
|
710 теңге/
|
4. |
2207-ден |
Спирт көлемі 80
|
45 теңге/
|
57 теңге/
|
5. |
2208-ден |
Спирт көлемі 80
|
56 теңге/
|
75 теңге/
|
6. |
2208 |
Алкоголь өнімде-
|
415 теңге/
|
800 теңге/
|
7. |
2208 |
Коньяктар,
|
165 теңге/
|
800 теңге/
|
8. |
2204,
|
Шараптар |
20 теңге/
|
75 теңге/
|
9. |
2204,
|
Шарап материал-
|
100 теңге/
|
170 теңге/
|
10. |
2204,
|
Этил спиртін
|
0 |
75 теңге/
|
11. |
2203 00 |
Сыра |
18 теңге/
|
40 теңге/
|
12. |
2203 00-ден |
Алкогольсіз
|
18 теңге/
|
40 теңге/
|
13. |
2402-ден |
Фильтрлі
|
600 теңге/
|
750 теңге/
|
14. |
2402-ден |
Фильтрсіз сига-
|
350 теңге/
|
570 теңге/
|
15. |
2402-ден |
Сигариллар |
1040 теңге/
|
1220
|
16. |
2402-ден |
Сигарлар |
85 теңге/
|
95 теңге/
|
17. |
2403-тен |
Никотиннен
|
1000 теңге/
|
1220
|
18. |
2709 00-ден |
Шикі мұнай,
|
0 |
0 |
19 |
8702,
|
Жеңіл
|
0 |
100 теңге/
|
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің келесі ставкалары қолданылады:
р/с
|
ЕурАзЭқ СЭҚ ТН
|
Акциздеуге
|
Акциздер ставкалары
|
|
Отандық
|
Импорттық
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
2207-ден |
80% немесе одан
|
500 теңге/
|
570 теңге/
|
2. |
2207-ден |
Денатуратталған
|
0,1 теңге/
|
0,1 теңге/
|
3. |
2208-ден |
80 %-дан төмен
|
625 теңге/
|
710 теңге/
|
4. |
2207-ден |
Спирт көлемі 80
|
50 теңге/
|
57 теңге/
|
5. |
2208-ден |
Спирт көлемі 80
|
62 теңге/
|
75 теңге/
|
6. |
2208 |
Алкоголь өнімде-
|
580 теңге/
|
800 теңге/
|
7. |
2208 |
Коньяктар,
|
230 теңге/
|
800 теңге/
|
8. |
2204,
|
Шараптар |
20 теңге/
|
75 теңге/
|
9. |
2204,
|
Шарап материал-
|
100 теңге/
|
170 теңге/
|
10. |
2204,
|
Этил спиртін
|
0 |
75 теңге/
|
11. |
2203 00 |
Сыра |
27 теңге/
|
40 теңге/
|
12. |
2203 00-ден |
Алкогольсіз
|
27 теңге/
|
40 теңге/
|
13. |
2402-ден |
Фильтрлі
|
800 теңге/
|
950 теңге/
|
14. |
2402-ден |
Фильтрсіз сига-
|
500 теңге/
|
570 теңге/
|
15. |
2402-ден |
Сигариллар |
1140 теңге/
|
1220
|
16. |
2402-ден |
Сигарлар |
85 теңге/
|
95 теңге/
|
17. |
2403-тен |
Никотиннен
|
1000 теңге/
|
1220
|
18. |
2709 00-ден |
Шикі мұнай,
|
0 |
0 |
19 |
8702,
|
Жеңіл
|
0 |
100 теңге/
|
Ескерту: тауар номенклатурасы СЭҚ ТН - ЕурАзЭС коды бойынша және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
10-бап.
Төлем көзінен алынатын табыс салығының ставкасын 10 процент мөлшерінде белгілей отырып төлем көзінен алынатын табыс салығының мөлшері бөлігінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 194-бабының 3) тармақшасының күші 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
11-бап.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан қосылған құн салығының есептелген сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі бойынша бюджетпен өзара қатынастардың мынадай тәртібі белгіленсін:
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепті салық кезеңінің соңындағы өсу қорытындысымен декларация бойынша қалыптасқан есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын салық сомасынан асып кетуі қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердің есебіне жатқызылады.
2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын іске асырылатын айналымдар бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы сонымен бір мезгілде мынадай жағдайларға сәйкес келген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіпте қосымша құнға салық төлеушіге қайтарылады:
1) қосылған құн салығын төлеуші:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 622-бабында белгіленген тәртіпте және қосымша құн салығы бойынша декларация тапсырған күнге мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгеннен кейін кем дегенде он екі ай өткен күннен бастап салықтық есептілік беру жөнінде орындалмаған салықтық міндеттемесі болмаса ірі салық төлеушілердің мониторингіне жатады
нөлдік ставка бойынша салық салынатын және қайтарып алуға арналған салықтық өтініш берілген айналымдар жасалған салықтық кезеңнің алдындағы алты ай бойы айына көп дегенде бір реттік кезеңділікпен нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар сатуды, жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетуді жүзеге асырады;
2) қайтарып алуға өтініш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшін нөлдік ставка бойынша салық салынған онда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған, өткізу жөніндегі айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70 проценті болса, қосылған құн салығын төлеушіге қайтарылады.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома қосылған құн салығын төлеушіге оның өткен салық кезеңдері үшін қосылған құн салығы төлеу бойынша салықтық міндеттемелерін есепке ала отырып, нөлдік ставка бойынша салық салынатын іске асырылатын айналымының мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ашылған банк шоттарына валюталық түсім түсірген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушіге берілген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.
Қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операциялар бойынша тауарлар экспорты болған жағдайда, сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) шарттың (келісім-шарттың), сондай-ақ сыртқы сауда тауар айырбасы жөніндегі (бартерлік) операция бойынша экспортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеушіге сатып алушы берген тауарлар бойынша импорттық жүк кеден декларациясының болуы есепке алынады.
Мәмілелер паспорттарын ресімдеуді, жабуды, экспорттық түсімнің уақтылы түсуі мен импорт бойынша ақша қаражатының қайтарылуын бақылауды, сондай-ақ тиісті сұраныс бойынша экспорттық түсімнің түскені туралы салық органдарына қорытындылар беруді көздейтін экспорттық-импорттық бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары жүзеге асырады.
Ақшалай түсімінің түскені туралы осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары салықтық тексеру басталған күнгі жай-күйі бойынша валюта түсімдері тиісті өтінім жібереді.
5. Осы бапқа сәйкес қайтарылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезінде кеден органының кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен нысанда және тәртіппен ұсынылған Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтері есепке алынады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарларды экспорт режимінде әкету фактісін растайтын мәліметтер үшін кеден органы жауапты болады.
6. Егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын іске асыру айналымдары бар қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салық органына өтініш жасамаса, онда осы баптың 2-тармағында аталған мұндай асып кету сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылады.
7. Осы баптың мақсаты үшін салық төлеушіге ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын қосымша құнға 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған республикалық мониторингке жататын салық төлеушінің тізбесіне енгізілген қосымша құн салығын төлеуші жатқызылады.
8. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын іске асыру айналымы бойынша қосымша құн салықтарын қайтару қосымша құн салығын төлеуші қосымша құнға салықты уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес салық органы қосымша құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде және мыналардың негізінде жүргізеді:
1) салық кезеңі ішіндегі қосылған құн салығы жөніндегі декларация;
2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын іске асырылатын айналымдарды растау үшін қажетті құжаттар;
3) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау не осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайда, салықтық тексеру актісіне салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару сомасы тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
9. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында салық органы тиісті салық органына тізбесі осы баптың 14-тармағында айқындалған тәртіпте белгіленген тексерілетін салық төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілеріне қарсы тексеру жүргізу туралы өтінім жібереді.
10. Салықтық тексеру аяқталған күнге өнім берушімен есеп айырысудың дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру жүргізу туралы сауалға жауап алынбаса және (немесе) салық төлеуші тексерген өнім беруші қарсы тексеру туралы бұдан бұрын жіберілген сауалдарда анықталған олқылықтар жойылмаған болса сол күнгі сома шеңберінде қосымша құнға салынған салық қайтарылмайды.
Бұл ретте, салықтық тексеру актісінде қосымша құн салығының осылайша қайтарылмауының негіздемесі көрсетіледі.
11. Егер олқылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жойылса салық сомасын қайтару уәкілетті орган салықтық тексеру жүргізбей анықтаған нысан бойынша және тәртіпте салықтық тексеру жүргізген салық органының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Салықтық тексеру актісінің қорытындылары кем дегенде екі данада жасалады және оған салық қызметі органының лауазымды тұлғасы қол қояды. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі. Салықтық тексеру актісіне қорытындының бір данасы салық төлеушіге беріледі, бұл туралы төлеуші екінші данада белгі жасауы тиіс.
Өтінімдер бойынша жауаптар тақырыптық тексеру аяқталғаннан кейін түскен жағдайда салық органы айдың жиырма бесінен асырмай, тоқсанның соңғы айының отызы күніне кешіктірмей тоқсанына бір рет салықтық тексеру актісінің қорытындысын жасайды.
Өткен тоқсанның өтінімі бойынша жауап түспеген жағдайда актіге қорытынды жасалмайды.
12. Мына өнім берушілер қарсы тексеруге жатпайды:
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілер;
Қазақстан Республикасында қосымша құнға салық төлеушілер болып табылмайтын жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді, тауарлар жеткізуді жүзеге асырған және қызметтерді филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместер;
13. Егер қосымша құнға арналған салықты төлеушінің жеткізушісі ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын болса, салық қызметі органдары осы өнім беруші берген салықтық есептіліктің негізінде қосымша құнға арналған салық сомасының дұрыстығын растай алады.
14. Өнім беруші міндетті қарсы тексеру жүргізу туралы шешімді осындай өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша өнім беруші қосымша құн салығының есебіне жатқызған солар бойынша қосымша құн салығының құны барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша өнім беруші қосымша құн салығына жатқызған барлық қосымша құн салығының 80 процентін құрайтын қосымша құн салығын төлеушілердің өнім берушілері бойынша қабылданады.
Бұл ретте, барлық өнім берушілер ресімдеген құжаттар бойынша есепке жатқызылған қосымша құн салығының жалпы сомасынан импортталған тауарларға арналған қосымша құн салығы мен осы баптың 12-тармағында көрсетілген өнім берушілер жасаған шот-фактуралар бойынша қосымша құн салығының сомалары алып тасталады.
Есепке жатқызылған қосымша құн салығының жалпы сомасынан 80 процентті айқындау үшін өнім берушілер берген шот-фактураларда көрсетілген қосымша құн салығы сомасының азаюы тәртібінде қосымша құн салығын төлеушілердің өнім берушілерінің тізбесі жасалады.
Шот-фактура бойынша қосымша құн салығының жалпы сомасы есепке жатқызылған барлық қосымша құн салығының 80 процентін құрайтын алғашқы өнім берушілер қосымша құн салығын төлеушімен барлық өзара есеп айырысулар бойынша міндетті түрде қарсы тексеруге жатады.
15. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы қайтару мына қосымша құн салығын төлеушілерге қатысты жүргізілмейді:
1) мыналар үшін белгіленген арнайы салық режимінде бюджетпен есеп айырысатын:
шағын бизнес субъектілері;
шаруа және фермер қожалықтары;
ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 267-бабының ережелерін қолданушыларына;
3) нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң салық сомасын қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушілерге.
16. Тақырыптық тексеру актісі және салықтық тексеру актісіне қорытынды бойынша қайтаруға ұсынылған артық қосымша құн салығының жалпы сомасы қосымша құн салығының артық сомасын қайтару туралы салықтық өтініште көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
12-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 332-бабының 5-тармағы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатыны белгіленсін.
13-бап.
2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде артық қосымша құн салығы қайтарылмайтынын белгілей отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 273-бабы 5-тармағы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
1) Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:
шағын бизнес субъектілері;
шаруа және фермер қожалықтары;
ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар және ауылдық тұтыну кооперативтері;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеуші;
3) қосылған құн салығының артық мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселік мөлшерінен аспайтын салық төлеушіге қосылған құн салығы үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын төлеушілерге қайтарылмайды.
14-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 274-бабының 2-тармағы 1) тармақшасындағы мақсаттар үшін 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне қосу күні болып республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесіне қосу күні тусіндірілетіндігі белгіленсін.
15-бап.
"Салық-және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары және 3-тармағы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
16-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабы 1-тармағының 1) тармақшасының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатылу кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1) шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі мыналарды қамтиды:
бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін;
патент негізіндегі арнаулы салық режимін;
жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін.".
17-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатылу кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"1) Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есебін берудің төменде көрсетілген тәртібінің біреуін ғана дербес таңдау құқығы бар:
1) жалпыға бірдей белгілеген тәртіп;
2) бір жолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі;
3) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
4) жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.
Осы шарт тауарларын базарларда сататын тұлғаларға таратылмайды (жалға алу шарты бойынша сауданы базар аумақтарындағы стационарлық үй-жайларда жүзеге асыратындардан басқа).".
18-бап.
2011 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін қолдаудың келесі тәртібі белгіленсін:
1. Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін:
1) қызметі ара-тұра сипатта болатын, қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
газет, журналдар және тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдарды (екпе және көшет), бақша мәдениетін, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген тірі гүлдерді, қосалқы ауыл шаруашылық, бау, бақша және саяжай учаскелерінің азық-түліктерін, жануарлар мен құстардың жемін, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сатуды (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда);
жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің қызметтерін;
үй жануарлары мен құстарын өрістетуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
2) база аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блок) сатуларды қоспағанда нарықтағы тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сату бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады.
Бұл ұсыныс жоғарыда аталған салық төлеушілерге олардың жалпы белгіленген тәртіпті не арнайы салық режимін пайдалануына қарамастан қолданылады.
2. Салық агенттерімен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, күнтізбелік жылда бәрін жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет деп ұғынылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғалар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуден босатылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғалар күнтізбелік жылда тоқсан күннен асатын мерзімде қызметін жүзеге асырған жағдайда дара кәсіпкер ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жатады.
5. Біржолғы талон - арнайы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем кезінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысқандығын растайтын құжат.
6. Бір жолғы талондардың құны табыс алынатын объектінің орналасқан жерін, түрін, қызметті жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемін, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде жергілікті әкелді органдардың шешімімен белгіленеді.
7. Біржолғы талондарды жергілікті атқарушы органдар айқындаған органдар қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін береді.
Салық төлеушінің қалауы бойынша біржолғы талон бір күнге де сондай-ақ одан да ұзақ мерзімге, бірақ тоқсан күнтізбелік күннен артық емес күнге беріледі.
Біржолғы талонды бір күннен көп мерзімге берген жағдайда оның бағасы жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленген біржолғы талонның қолданылатын күнінің санына арналған құнды көбейту жолымен айқындалады.
Біржолғы талонды беру "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы немесе сәйкестендіру нөмірі бар құжат қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін, ал үш жыл алты ай өткен соң сәйкестендіру нөмірі бар құжатты көрсеткенде аталған Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап салық төлеушінің куәлігі ұсынылған жағдайда жүргізіледі.
Қызмет біржолғы талонның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда, қызметті жүзеге асыру уақытша тоқтатылған немесе талаптарының өзгеруі жағдайларында біржолғы талон құнының төленген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
Біржолғы талон біржолғы талонда көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша жарамды.
Біржолғы талонның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
8. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, 7-тармақпен белгіленген тәртіпте біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу жүргізеді.
9. Арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде салық төлеушілер кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпы белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режимі бойынша қызметтің көрсетілген түрлері бойынша салықты төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер осы арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпы белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режимі бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін нарықта тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатудан түскен түсімдер мен шығыстар салық салынатын табысты айқындаған кезде есептеледі.
Егер осы арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер арнаулы салық режимі бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда шағын, бизнес субъектілері үшін нарықта тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатудан түскен түсімдер мен шығыстар жиынтықты жылдық табысты айқындаған кезде есептеледі.
Көрсетілген жағдайларда жеке немесе корпорациялық табыс салығының есептелген сомасы біржолғы талонмен төленген жеке табыс салығының сомасынан төмен болмауы тиіс.
10. Нарықта тауарлар сатуды, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың жалдамалы қызметкерлері сатқан жағдайда біржолғы талон дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға беріледі.
Көрсетілген жағдайда жалдамалы қызметкер біржолғы талонды алу үшін "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін біржолғы талонды алу құқығына арналған нотариалды куәландырылған сенімхатты және салық төлеуші куәлігінің көшірмесін немесе сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесін, ал көрсетілген Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткен соң сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесін ғана ұсынуы қажет.
Нарықта сатуды күнтізбелік жылдың тоқсан күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асыратын жеке тұлғалар осы арнайы салық режимі таратылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін ұсынбайды.
Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер егер осы баптың 8-тармағында өзгеше белгіленбесе осы арнайы салық режимі таратылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін ұсынбайды.
19-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 114-бабының мақсаттары үшін біржолғы талон сатып алу шығыстары салық салынатын табысы осындай шығыстар шегерімінен кейін нөлден жоғары болған жағдайда 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жататыны белгіленсін.
20-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-бабының мақсаттары үшін салық төлеушінің салық кезеңінде шеккен зияны егер осы салық кезеңі ішінде салық төлеуші біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырса 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін келесі салық кезеңіне ауыстырылмайтыны белгіленсін.
21-бап.
Жер қойнауын пайдалану келісім шарты бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін салық режимі тұрақты төлем ставкаларын (олардың қол қойылған күніне тіркелген) көздейтін салық режимі қоршаған ортаға эмиссияға төлем ставкасы (қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер) келісім-шарттарда белгіленген мөлшерде сақталады және 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.
22-бап.
Біржолғы талон негізінде арнаулы салықтық тәртіпті қолдана отырып жеке тұлға жүзеге асыратын қызметке байланысты төлемдердің 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін салық агентінен төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы жеке тұлғаның табысына жатпайтыны белгіленсін.
23-бап.
Осы кезеңде Қазақстан Республикасы аумағында сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде пайдалау арқылы жүзеге асырылатынын белгілей отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 646-бабының 1-тармағының күші 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.
Осы тармақтың ережелері:
1) жеке нотариалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан басқа дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалар арасында жүзеге асырылатын;
2) мыналарға:
қызметін шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимінің шеңберінде біржолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратын;
қызметін шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды іске асырушылардан басқа);
3) уәкілетті органның келісімі бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билет беретін қалалық қоғамдық көліктегі тасымалдар бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі ақшалай есеп айырысуларға қолданылмайды.
24-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабының 2-тармағы 2) тармақшасын қоспағанда, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатыны белгіленсін.
25-бап.
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеудің мынадай ерекшеліктерін айқындай отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабының күші 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын:
1. Уәкілетті орган осы декларацияға салық төлеушілердің төменде берілген санаттарының әрбірі үшін жеке қосымшаларымен корпорациялық табыс салығы бойынша декларациялардың нысанын белгілейді:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;
2) коммерциялық емес ұйымдар;
3) қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдар;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған немесе өнімді бөлу туралы келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
5) осы тармақта көрсетілмеген, олар үшін декларация жасау және тапсыру жөніндегі міндеттер белгіленген басқа да корпоративтік табыс салығын төлеушілер.
2. Корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларация жиынтықты жылдық табысқа енгізілген табыстарды, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетулерін, салық салынатын табысты (шығынды) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, ауыстырылатын шығындарды, салықтың есептелген сомасын салық кезеңіне есептелген салықтың сомасын азайтатын салық сомаларын корпорациялық табыс салығын төлеушілердің декларациялауына арналған.
Корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшаның нысаны мынадай ақпараттарды қамтуы мүмкін:
1) құн өсімінен түсетін табыс (шығын) бойынша;
2) күмәнді міндеттемелер бойынша, күмәнді талаптар, міндеттемелерді есептен шығару бойынша, оның ішінде, кредиторлар мен дебиторлар бөлінісінде түсетін табыстар мен шығыстар бойынша;
3) сыйақы бойынша табыстар мен шығыстар бойынша. Сыйақы бойынша шығыстар бойынша қосымша сыйақы алушылар бөлінісінде белгіленуі мүмкін.
4) сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар бойынша. Осы қосымша қосылған құн салығын төлейтін төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бөлінісінде бекітілуі мүмкін;
5) туынды қаржы құралдары бар табыстар (зиян) бойынша;
6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары бойынша;
7) инвестициялық салықтық преференциялар бойынша;
8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар бойынша. Осы қосымша өтеусіз берілген мүлікті алушылар, демеушілік көмек бөлінісінде бекітілуі мүмкін;
9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдерге шығыстар бойынша;
10) шетел көздерінен табыстар бойынша, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерден алынған табыстар бойынша, сондай-ақ шетел салығын есептеу сомасы бойынша. Осы қосымша осындай табыстар алынған тұлғалар бөлінісінде бекітілуі мүмкін;
11) стандартты салық жеңілдіктерін алу бойынша салық міндеттемелерін есептеу бойынша;
12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс
табыстар бойынша;
13) табыстар мен шығыстар туралы есепті корпорациялық табыс салығы бойынша декларациямен салыстыру.
3. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияларға қосымшалар нысаны келесі ақпаратты қамтуы мүмкін:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт немесе өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
кен орындарын өндіру салдарларын жою қорына аударымдар бойынша;
таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып резидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған таза табыс бойынша;
салық объектілері және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың әр қайсысы бойынша жеке корпорациялық табыс салығын есептеу бойынша салық салумен байланысты объектілер бойынша;
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-бабында көзделген салық салу объектісін есептеу ерекшеліктері бойынша және (немесе) салық салумен байланысты объектілер, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша салық сомасы;
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын, банктер мен ұйымдар, сондай-ақ осындай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері белгілеген құзыреті шеңберінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс бойынша тауарларды сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету түрлері бөлінісінде;
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабына сәйкес жасалған провизиялардың (резервтер) мөлшерін азайтудан түсетін табыстар бойынша және шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін провизиялар (резервтер) жасау жөніндегі шығыстары бойынша;
жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру (сақтандыру) бойынша жарналар бойынша.
3) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
өтеусіз алынған (берілген) мүліктер бойынша табыстар мен шығыстар бойынша, кіру жарналары бойынша, мүшелік жарналар бойынша. Осы қосымша өтеусіз мүлік берген және алған немесе кіру жарналарын, мүшелік жарналарды қосқан немесе алған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
коммерциялық емес ұйымды ұстап тұруға арналған шығыстар бойынша;
іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығыстар бойынша.
4. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысаны мына ақпаратты қамтуы мүмкін:
1) сақтандыру қызметінен түсетін табыстар бойынша;
2) өзге де қызметтен түсетін табыстар;
3) туынды қаржы құралдары бар табыстар (зиян) бойынша;
4) шетел көздерінен табыстар бойынша, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерден алынған табыстар бойынша, сондай-ақ шетел салығын есептеу сомасы бойынша. Осы қосымша осындай табыстар алынған тұлғалар бөлінісінде бекітілуі мүмкін;
5) резидент болып табылмайтын тұлғаларға төленетін Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табыстар бойынша.
5. Уәкілетті орган корпорациялық табыс салығы сомалары есебінің мынадай нысандарын бекітеді:
1) декларация тапсыруға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі;
2) декларация тапсырғаннан кейінгі кезеңге төленуі тиіс корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі;
3) төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасының есебі;
4) төлем көзінен, резидент еместің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасының есебі;
5) корпоративтік табыс салығы сомасының есебі;
6. Осы баптың 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есептерді ағымдағы қаржы кезеңіне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу үшін көрсетуге арналған және осы Кодекспен олар үшін корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу бойынша міндеттеме белгіленген салық төлеушілер береді.
7. Осы баптың 5-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген есептерді салық агенттері салық бақылауының мақсаты үшін пайдаланылатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.
Төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпорациялық табыс салығы сомасының есебіне қосымша табыстарды алушылар бөлінісінде мынадай ақпаратты қамтуы мүмкін:
1) төленетін табыс сомасы туралы;
2) төленген табыс сомасы туралы;
3) корпорациялық табыс салығының ставкасы туралы;
4) төлем көзінен ұсталған салық сомасы;
5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы.
Төлем көзінен ұсталатын резидент еместің табысынан алынатын корпорациялық табыс салығы бойынша есепке қосымша табыстарды алушылар бөлінісінде мынадай ақпаратты қамтуы мүмкін:
1) салық салу объектілері туралы;
2) салық ставкасы туралы;
3) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
4) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру кезеңі туралы;
5) есептелген салық сомасы туралы.
8. Осы баптың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген есептерді:
жинақтау емес сақтандыру, қайта сақтандыру;
аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтық сақтандыру, қайта сақтандыру;
аннуитеттік сақтандыру;
өзара сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түрінде табыстар жөніндегі ақпаратты көрсету үшін сақтандыру, қайта сақтандыру, өзара сақтандыру қоғамдары табыс етеді.
26-бап.
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеудің тоқтатыла тұрған кезеңге мынадай ерекшеліктерін белгілей отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 66-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
1. Қосылған құн салығы бойынша декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және мыналар туралы ақпаратты көрсетуге арналған:
1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
2) салық салынатын импорт сомасы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің сомасы;
4) есепке жатқызылуға тиіс салық сомасы;
5) салық сомасын есепке жатқызудың таңдалған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
6) есепке жатқызылатын салық сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің соңында;
7) салық сомасын есептеу туралы.
Қосылған құн салығы бойынша декларация есепке жатқызылатын салық сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талаптарды қамтуы мүмкін.
2. Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалар оларда салық қызметі органдары салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты қамтуы мүмкін:
1) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
2) қосылған құн салығынан босатылған өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
3) қосылған құн салығын төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты бойынша;
4) қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлар импорты бойынша;
5) резидент еместен алынған жұмыстар, қызметтер және осындай резидент емес үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы бойынша;
6) салық салынатын айналым мөлшерін және қосылған құн салығының есепке жатқызылған сомасын түзету бойынша;
7) сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар және өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша өнім берушілер мен сатып алушылар бөлінісінде.
27-бап.
Салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың мынадай тәртібі белгіленсін:
1) осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін соңғы бес жыл бойы салық есебін бермейтін және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері мәжбүрлеп таратуға және Мемлекеттік тізілімнен алып тастауға, әділет органдарында есептік тіркеуден шығаруға және салық органдарында тіркеу есебінен шығаруға жатқызылады;
2) салық қызметі органдары осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мәжбүрлеп таратылуға тиіс салық төлеушілердің тізімін мынадай мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады:
салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы;
басшының тегі, аты, әкесінің аты;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
кредиторлардың немесе салық төлеушінің мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (талаптарын) қабылдау мекенжайы;
3) Кредиторлардың немесе салық төлеушінің мәжбүрлеп таратылуына байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштері (талаптары) қойылатын талаптардың заңдылығын растайтын құжаттармен қоса, мәжбүрлеп таратылуға тиіс салық төлеушілердің тізімдері жарияланған күннен бастап екі ай бойы қабылданады;
4) уәкілетті орган осы баптың бірінші бөлімінің 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны көрсетілген салық төлеушілердің банк шоттарының бар болу мәніне салыстыру жүргізу және банк шоттарында ақшаның қалдығы мен оның осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін соңғы бес жыл бойы банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы қозғалысы туралы мәлімет алу үшін банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жібереді;
5) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлімінің 4) тармақшасында көрсетілген тізімдерді алған күннен бастап екі ай мерзімде уәкілетті органға осы бапқа сәйкес мәжбүрлеп таратылуға тиіс салық төлеушілердің банк шоттарының бар болуы (болмауы) туралы және банк шоттарындағы ақшаның қалдығы мен оның қозғалысы туралы ақпарат береді;
6) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін соңғы бес жыл бойы банк шоттары болмаған және (немесе) жабық банк шоттары бойынша ақшаның қозғалысы болмаған жағдайда салық органдары осы банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бойынша бір ай мерзімде:
әділет органдарына Мемлекеттік тізілімнен алып тастау және есептік тіркеуден шығару үшін мәжбүрлеп таратылуға тиіс заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің тізімін жібереді;
мәжбүрлеп таратылуға тиіс дара кәсіпкерлерді тіркеу есебінен шығарады;
7) әділет органдары осы баптың бірінші бөлімінің 6) тармақшасында көрсетілген тізімдерді алған сәттен бастап бір ай мерзімде:
мәжбүрлеп таратылуға тиіс заңды тұлғаларды Мемлекеттік тізілімнен шығарады, олардың құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығарады;
салық қызметі органдарына оларды Мемлекеттік тізілімнен шығару және есептік тіркеуден шығару туралы мәліметтерді жібереді;
8) салық органдары әділет органдарынан заңды тұлғаларды Мемлекеттік тізілімнен шығару, олардың құрылымдық бөлімшелерін, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығару, сондай-ақ салық органдарында дара кәсіпкерлерді тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді алғаннан кейін аталған салық төлеушілердің жеке шоттарын жабуды жүргізеді.
Осы бапта белгіленген мәжбүрлеп таратудың тәртібі:
1) салық органдарына кредит берушілер немесе осы баптың бірінші бөлімінің 3) тармақшасына сәйкес өзге де тұлғалар шағын берген;
2) соңғы бес жыл ішінде банк шоттарында ақша қалдығы және (немесе) олардың қозғалысы бар;
3) заңды тұлғалары, құрылымдық бөлімшелері осы баптың бірінші бөлімінің 1) тармақшасына сәйкес келмейтін салық төлеушілерге қолданылмайды.
28-бап.
Заңды тұлға-резиденттің есепшотындағы есепте тұрған заңды тұлға-резидент еместің, заңды тұлға-резиденттің құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасында тұрақты мекемені құрмай қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме, заңды тұлға-резиденттің құрылымдық бөлімшесі, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға - резидент еместің, жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың және 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген айыппұлдың сомасы салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айыппұлдар сомасы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органы шешімінің негізінде есептен шығаруға жатқызылады.
29-бап.
Салық және бюджет төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын, есепке жататын қосылған құн салығы сомасының олардың қалыптасқан сәтінен бастап әрекетсіз салық төлеушілердің жеке шоттарында 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептегі есептелген салық сомасынан асып кетуін салық органдары соттың шешімімен мынадай тәртіпте есептен шығаруы тиіс деп белгіленсін:
1) бюджетке төленген артық салық сомасы:
салықтың осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу есебіне;
салықтың басқа түрлері мен бюджетке міндетті басқа да төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) бюджетке басқа да міндетті төлемдердің артық төленген сомасы:
салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
3) бюджетке төленген өсімпұлдың артық сомасы;
салықтың осы түрі және бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша бересілер мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтардың басқа түрлері мен бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша бересілерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
Салықтың және бюджетке өзге де міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомасы есепке алу жүргізілгеннен кейін соттың шешімі бойынша есептеп шығаруға жатқызылады.
Есептелген салықтың сомасынан есепке алынған қосылған құн салығының сомасынан артығы әрекетсіз салық төлеушінің есепшотында бес жылдан астам есепте болған сома ол пайда болған сәттен бастап 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша соттың шешімімен есептен шығаруға жатқызылады.
Салықтың артық төленген сомасын және бюджетке өзге де міндетті төлемдерді есепке алудың мерзімі әрекетсіз салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне өсімпұлдар салық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтініш жасаған кезде осы бапта көрсетілген сомаларды есептен шығаруды уәкілетті орган белгілейді.
30-бап.
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін:
1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) бүкіл мәтіні бойынша 562, 564, 565, 581-баптарын, 563-баптың 7, 8-тармақтарын, 582-баптың 3) тармақшасын қоспағанда, "сәйкестендіру нөмірі", "сәйкестендіру нөмірлері", "сәйкестендіру нөмірімен", "сәйкестендіру нөмірлерімен" деген сөздер "салық төлеушінің тіркеу нөмірі", "салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері", "салық төлеушінің тіркеу нөмірімен", "салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен" деген сөздер болып саналсын;
2) Осы кезеңде банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдардың төлем құжаттарын қабылдаған кезде салық төлеушінің тіркеу нөмірінің құрылымы (қалыптастыру алгоритімімен) мен уәкілетті органның деректеріне сәйкес салық төлеушінің тіркеу нөмірінің дұрыстығын бақылайтындығы белгілене отырып "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 584-бабының 3) тармақшасының күші тоқтатылсын.
31-бап.
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растаудың мынадай тәртібі белгіленсін:
1. 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлға қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растау үшін 2009 жылғы 1 наурызға дейін орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды табыс етуге міндетті.
1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтініші;
2) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік;
3) салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесінің күні мен салық органына табыс ету күні арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауы тиіс. Мыналар:
4) азаматтарды тіркеу кітабы;
5) жылжымайтын мүлікті жалдау (сатып алу-сату) шарты;
6) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына көзделген өзге де құжат дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
2. Салық органдары салық төлеуші өтініш берген күннен бастап бір ай ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растау немесе растаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Салық органдары салық төлеушіге өтініш берілген сәтте төмендегі жағдайлардың бірі немесе бірнешеуі болған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды тастаудан бас тартады:
1) салық төлеушінің салық есептілігін беру жөніндегі салық міндеттемелерін орындамауы;
2) заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы:
әрекетсіз дара кәсіпкер;
әрекетсіз заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы;
іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;
іздеудегі болып табылса;
3) осы баптың 1-тармағында белгіленген құжаттарды табыс етпеуі.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою расталған жағдайда салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктерді алмастыруды жүргізеді.
Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту шешімді салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда береді.
4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды растау үшін 2009 жылғы 1 наурызға дейін салық органына өтініш жасамаған осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар және бұлар бойынша салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды растаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған тұлғалар 2009 жылғы 1 сәуірден бастап қосылған құн салығын төлеуші болып есептелмейді және өткізілген тауарларға орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қосылған құн салығынсыз шот-фактуралардың үзінді көшірмесін жүзеге асырады.
5. 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған деп танылады. Бұл ретте, оларға 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған міндеттемелер бойынша қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме қолданылады.
Қосылған құн салығы төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімше жеке шотының 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптасқан сальдосы осы Заңның 32-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның жеке шотына берілуі тиіс.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы 2008 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда берілген куәлік 2009 жылғы 1 сәуірден бастап жарамсыз деп танылады.
32-бап.
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлғаның құры бөлімшесінің қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін орындаудың дұрыстығы мәселелері бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған салықтық тексеру аяқталуға тиіс екендігі белгіленсін.
Бұл ретте, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшенің жеке шоты бойынша сальдо осы салықтық тексеру аяқталғаннан кейін қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның жеке шотына берілуі тиіс.
33-бап.
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін:
1) салық төлеуші туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына енгізу салық төлеушінің тіркеу нөмірін және нысанын уәкілетті орган белгілейтін қатаң есептілік бланкісі болып табылатын салық төлеушінің куәлігін бере отырып жүргізілетіні;
2) жеке тұлғаға салық төлеушінің тіркеу нөмірін беруді салық органы мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асыратыны:
жеке тұлғаның немесе кәмелетке толмаған жеке тұлғаның ата-анасының (заңды өкілінің) салық өтініші;
түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) таратылатын заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің салық міндеттемелерін орындау кезінде, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық органына салық төлеушінің куәлігі немесе қағаз тасығышта оны жоғалған немесе бүлінген жағдайда түсіндірме табыс етілетіні белгіленсін.
34-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) мынадай ережелерінің қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін 273-баптың 1-тармағы 2) тармақшасы 274-бапта көзделген және (немесе) нөлдік ставка бойынша салық салынбайтын, қосылған құн салығынан асып кетудің оңалытылған тәртібін қолданбайтын салық төлеушілер үшін;
2) "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл алты ай өткенге дейін 563-баптың 7-11-тармақтары;
3) 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін:
274-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы;
4) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін;
111-баптың 3-тармағы;
657-баптың 5) тармақшасы
664-бап.
35-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 21-баптың 4-тармағын;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 41-баптың 3-тармағын;
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 1 қаңтар аралығында құрылған арнайы экономикалық аймақтардың аумағында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген заңды тұлғаларға қатысты 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 140-2-баптың 5-тармағын қоспағанда, 22-1 және 22-2-тарауларды;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 180-баптың 2) тармақшасын;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 225-баптың 17) тармақшасын;
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 368-баптың 2-тармағын;
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 371-баптың 1-тармағын;
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылатын 533-баптың 5-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда;
2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; 11, 56 құжаттар; 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 178-құжат; 2008 жылғы 9 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізулер туралы" 2008 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 4 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2008 жылғы 3 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2008 жылғы 17 шілдеде "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы);
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылатын 21-баптың 4-тармағы;
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растамасымен қоса, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) салықтың басқа да түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) салықтың басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне.".
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 40-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, бюджетке кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдың артық төленген сомасының бар екендігі туралы кеден органының растамасымен қоса, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде төленген жері бойынша жүргізіледі.".
2003 жылдың 1 қаңтарынан күшін жойған 226-баптың 2 тармағы;
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жоятын 225-баптың 17) тармақшасы;
2012 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болатын 249-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту
1. Салық органдары егер:
1) импортталатын тауарлар өнеркәсіптік ұқсатуға арналған;
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылады.
2. Импортталатын тауарлардың өндірістік ұқсату мақсатына жатқызудың тәртібі Қазақстан Республикасы кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту өсімпұл есептелмей, кеден органы кедендік жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге жасалады.
4. Қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мына құжаттар:
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) тауарларды беруге арналған шарттың (келісім-шарттың) көшірмесі негізінде жасалады.
Төлеу мерзімін өзгертуге құқығын растау үшін салық органдары қосылған құн салығын төлеушінің өндірістік қуаттарын және үй-жайларын тексеріп қарауға құқылы.
5. Уәкілетті орган өнеркәсіптік ұқсату үшін үнемі импорт бойынша тауарларды алып тұратын қосылған құн салығын төлеушілерге, қосылған құн салығын өзгертілген мерзімдер бойынша төлеткізе отырып, тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыруы үшін күнтізбелік жыл ішінде қолданылатын рұқсат береді.
Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзімін кеден органы кедендік жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өзгерте отырып, тауарларды кедендік ресімдеуге негіздеме болып табылады.
Рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-тармағында аталған құжаттар, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы жөніндегі қорытындысы табыс етіледі.
6. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетілген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді қосылған құн салығын төлеушіден өтініш пен осы бапта белгіленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
7. Төлеу мерзімдері осы бапқа сәйкес өзгертілген салық сомаларын өтеуді үш айлық кезең ішінде салық органдары өткізілген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетуге) қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдісімен жүргізеді.
Өтелмеген берешектің сомасына аталған үш айлық кезең аяқталғаннан кейінгі бірінші күннен бастап өсімпұл есептеледі.
8. Тауарларды өнеркәсіптік ұқсатусыз өткізген жағдайда, салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Осы баптың ережелері жеңіл автомобидьдерден басқа акцизделетін тауарларды өндіру үшін импортталатын тауарларға қолданылмайды" 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын мынадай редакциядағы 250-бап:
"250-бап. Есепке алу әдісімен импортталатын тауарларға қосымша құн салығын төлеу
1. Қосымша құн салығы есепке алу әдісімен осы бапта белгіленген тәртіпте, мына тауарлардың импорты бойынша төленеді:
1) жабдықтың;
2) ауылшаруашылық техникасының;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының;
4) тікұшақтар мен ұшақтардың;
5) темір жол локомотивтері мен вагондардың;
6) теңіз кемелерінің;
7) қосалқы бөлшектердің;
8) пестицидтердің (улы химикаттардың) импорты бойынша белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді;
9) асыл тұқымды малдардың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыру үшін жабдықтар.
Аталған тауарлар тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ тауарлар енгізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері қосылған құн салығын төлеуші одан әрі іске асыру үшін әкелетін тауарларға қатысты мыналардан:
1) мүлікті қаржы лизингіне беруден;
2) бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтарудан басқасы қолданылады.
3. Қосылған құн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында аталған тауарлардың импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығы бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөніндегі және аталған тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттемені табыс етеді.
Міндеттеме уәкілетті орган белгілеген нысанда үш дана етіп толтырылады.
Міндеттеме негізінде тауарларды еркін айналысқа шығару - белгіленген тәртіппен кеден төлемдерін, ал акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы іс жүзінде төленбей жүргізіледі.
4. Міндеттемеде көрсетілген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда бір мезгілде есепке жатқызыла отырып, салықтың есептелген сомасы ретінде көрсетіледі.
5. Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді іске асырудан басқа, осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды одан әрі пайдалануға қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу күнінен бастап талап қою мерзімінің ішінде осы баппен белгіленген талаптар бұзылған жағдайда әкелінген тауарларға қосылған құн салығы өсімпұлдарды есептей отырып, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасымен белгіленген мөлшерде төлеуге жатады.
6. Олардың импорты кезіндегі қосымша құн салықтары есепке алу жолымен төленген осы баптың 1-тармағының 2), 9) тармақшаларында тауарларды сату бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосымша құн салығынан босатылады.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне жоятын 533-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы.
2) 5-3-бапты қоспағанда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасының Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат, N 16, 98-құжат).
3) "Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу жөніндегі (келісімдер (келісім-шарттар) туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасының Жаршысы, 2005 ж., N 13, 54-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президенті