Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы N 920 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесі бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 810 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 287-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы N 695 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы N 760 қаулысымен бекітілген өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 322-құжат).
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 6 қазандағы
N 920 қаулысымен  
бекітілген     

Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс
ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік
өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда
шығатын шығындарды өтеу ережесі

      1. Осы Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу тәртібін анықтайды.
      2. Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиіс ұйымдар мен объектілерде өрттерді сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінің шығуы және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу сөзсіз түрде жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі N 781 қаулысына сәйкес міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылуы тиіс ұйымдар мен объектілердегі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өрттерге шығу және сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен шығындарды (бұдан әрі - шығындар) өтеуді төлеушілер болып табылады.
      4. Төлеушілердің шығындарды өтеуі міндетті түрде жүзеге асырылады және айлық есептік көрсеткішпен анықталады.
      5. Шығындар есебін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы жүргізеді (өрттерді сөндіруге әрбір шыққаны және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгені үшін).
      6. Шығындарды өтеу есебі:
      1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бірінші автомобилі өрт сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына шыққан сәттен бастап анықталатын және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің соңғы автомобилі өрт сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнынан кеткен сәттен бастап аяқталатын өртке шығуға және сөндіруге, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жұмсалған уақытты;
      2) өртке шығуға және сөндіруге, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жіберілген автомобильдердің саны мен түрін ескере отырып белгіленеді.
      7. Жіберілген автомобильдердің түрі ҚР СТ 1166-2002 "Өрт техникасы. Жіктеме. Терминдер мен анықтамалар" сәйкес анықталады.
      8. Автомобильдердің саны мен түрін өрт сөндіру жетекшісі өрттегі нақты (немесе ықтимал) жағдайды және өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды орындау бойынша тактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды.
      9. Ұйымдар мен объектілердегі өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің бірден артық автомобилін тартқан жағдайда өтеуге жататын шығындар шығындарды өтеу есебіне сәйкес әрбір автомобильге ол шыққан сәттен бастап қайтқан сәтке дейін жеке анықталады.
      10. Ұйымдар мен объектілерде, оның ішінде шарттар негізінде жеке меншік мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылған жағдайда шығындар өтелмейді.
      11. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы есеп жүргізеді және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-шот жазады және төлеушіге жібереді.
      12. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы төлеушіге анықтама-шотты жолдай отырып, бір уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне хабарлайды.
      13. Бюджетке енгізілуі тиіс шығындар сомасы анықтама-шотты алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде төленеді.
      14. Шығындарды өтеу жөніндегі даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

                                                              Ережеге
                                                            1-қосымша

   Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері
өртке шығу және сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару
   жұмыстарын жүргізу кезінде шеккен шығындарды өтеу есебі

Р/
с
N
Өртке шығу және
сөндіру, бірінші
кезектегі авариялық-
құтқару жұмыстарын
жүргізу уақыты
Бір негізгі
автомобиль
жұмысына
айлық есептік
көрсеткішпен
есеп
Бір арнайы
автомобиль
жұмысына
айлық
есептік
көрсеткішпен
есеп
1 2 3 4

1.

1 сағатқа дейін

20

30

2.

1 сағаттан 2 сағатқа дейін

25

40

3.

2 сағаттан 3 сағатқа дейін

30

50

4.

3 сағаттан 4 сағатқа дейін

35

60

5.

4 сағаттан 5 сағатқа дейін

40

70

6.

5 сағаттан және одан астам

50

80

                                                              Ережеге
                                                            2-қосымша

   Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері
өртке шығу және сөндіру, бірінші кезектегі авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу кезінде шеккен шығындарды өтеуге арналған
                        анықтама-шот

______________________________________________________________
(төлеушінің атауы, заңды мекен-жайы және/немесе өрт болған объектінің                              мекен-жайы)

Өрттің
күні
Өрттің
уақыты
Негізгі
автомо-
бильдер-
дің саны,
бірлік
Арнайы
автомо-
биль-
дердің
саны,
бірлік
Негізгі
автомоби-
льге есеп,
АЕК-мен
Арнайы
автомо-
бильге
есеп,
АЕК-мен
Жалпы
сомасы,
теңге
1 2 3 4 5 6 7







      Шығындар есебі:

                                    ___________ облысы (республикалық
                                    маңызы бар қала, астана) аумақтық
                                    бөлімшесінің басшысы

                                    ______________________ қолы
                                                                 М.О.

                                    ___________ облысы (республикалық
                                    маңызы бар қала, астана) аумақтық
                                    бөлімшесінің бас бухгалтері

                                    ______________________ қолы

                                    Ұйымның (объектінің) басшысы

                                    _____________________ қолы

Об утверждении Правил возмещения затрат, производимых в случае привлечения органов государственной противопожарной службы к тушению пожаров в организациях и на объектах, на которых в обязательном порядке должна быть создана противопожарная служба

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2008 года № 920. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 173

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.04.2015 № 173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 ноября 1996 года "О пожарной безопасности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения затрат, производимых в случае привлечения органов государственной противопожарной службы к тушению пожаров в организациях и на объектах, на которых в обязательном порядке должна быть создана противопожарная служба.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2000 года № 810 "Об утверждении Правил возмещения затрат, связанных с тушением пожаров" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 24, ст. 287);
      2) пункт 7 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2004 года № 695 "О переименовании государственных учреждений - территориальных органов Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан, внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 25, ст. 328);
      3) пункт 2 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам пожарной безопасности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2006 года № 760 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам пожарной безопасности" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 30, ст. 322).
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 6 октября 2008 года № 920

Правила
возмещения затрат, производимых в случае привлечения
органов государственной противопожарной службы к
тушению пожаров в организациях и на объектах, на
которых в обязательном порядке должна быть создана
противопожарная служба

      1. Настоящие Правила возмещения затрат, производимых в случае привлечения органов государственной противопожарной службы к тушению пожаров в организациях и на объектах, на которых в обязательном порядке должна быть создана противопожарная служба (далее - Правила) определяют порядок возмещения затрат, производимых в случае привлечения органов государственной противопожарной службы к тушению пожаров в организациях и на объектах, на которых в обязательном порядке должна быть создана противопожарная служба.
      2. Выезд подразделений органов государственной противопожарной службы на тушение пожаров и проведение первоочередных аварийно-спасательных работ в организациях и на объектах, на которых в обязательном порядке должна быть создана противопожарная служба, осуществляется в безусловном порядке.
      3. Плательщиками возмещения затрат, которые понесли подразделения органов государственной противопожарной службы при выезде и тушении пожаров, проведении первоочередных аварийно- спасательных работ являются индивидуальные предприниматели и юридические лица на объектах и организациях которых в обязательном порядке должна быть создана противопожарная служба в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2007 года № 781 (далее - затраты).
      4. Возмещение затрат плательщиками осуществляется в обязательном порядке и определяется в месячных расчетных показателях.
      5. Расчет затрат производится органом государственной противопожарной службы согласно приложению 1 к настоящим Правилам (за каждый выезд на тушение пожаров и проведение первоочередных аварийно-спасательных работ).
      6. Расчеты возмещения затрат устанавливаются с учетом:
      1) времени затраченного на выезд и тушение пожара, проведения первоочередных аварийно-спасательных работ, которые определяются с момента выезда первого автомобиля подразделений государственной противопожарной службы на место тушения пожаров, проведения первоочередных аварийно-спасательных работ и заканчивается с момента убытия последнего автомобиля подразделений государственной противопожарной службы с места тушения пожаров, проведения первоочередных аварийно-спасательных работ;
      2) количества и типа направленных автомобилей на выезд и тушение пожаров, проведения первоочередных аварийно-спасательных работ.
      7. Тип направленных автомобилей определяется согласно СТ РК 1166-2002 "Техника пожарная. Классификация. Термины и определения".
      8. Количество и тип автомобилей определяет руководитель тушения пожара с учетом конкретной (или возможной) обстановки на пожаре и тактических возможностей пожарных подразделений по выполнению боевых действий.
      9. При привлечении более одного автомобиля подразделений государственной противопожарной службы к тушению пожаров в организациях и на объектах затраты, подлежащие возмещению, определяются отдельно на каждый автомобиль с момента его выезда до момента убытия в соответствии с расчетом возмещения затрат.
      10. В случае создания в организациях и на объектах собственной негосударственной противопожарной службы, в том числе на основе договоров, затраты не возмещаются.
      11. Орган государственной противопожарной службы производит расчет и выписывает счет-справку по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам и направляет плательщику.
      12. Одновременно орган государственной противопожарной службы с направлением счета-справки плательщику, информирует Министерство финансов Республики Казахстан.
      13. Сумма затрат, подлежащая внесению в бюджет, уплачивается в течение 20 рабочих дней с момента получения счета-справки.
      14. Споры по возмещению затрат разрешаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан .

Приложение 1
к Правилам

Расчет возмещения затрат, которые понесли подразделения органов
государственной противопожарной службы при выезде и тушении
пожаров, проведении первоочередных аварийно-спасательных работ

№ п/п

Время выезда и
тушения пожара,
проведения
первоочередных
аварийно-
спасательных
работ

Расчет в месячных
расчетных
показателях за
работу одного
основного
автомобиля

Расчет в месячных
расчетных
показателях за
работу одного
специального
автомобиля

1

2

3

4

1

До 1 часа

20

30

2

От 1 часа до 2-х
часов

25

40

3

От 2-х часов до
3-х часов

30

50

4

От 3-х часов до
4-х часов

35

60

5

От 4-х часов до
5-ти часов

40

70

6

От 5-ти часов и
более

50

80

Приложение 2
к Правилам

Счет-справка
на возмещение затрат, которые понесли подразделения органов
государственной противопожарной службы при выезде и тушении
пожаров, проведении первоочередных аварийно-спасательных работ

_____________________________________________________________
   (наименование плательщика, юридический адрес и/или адрес
              объекта на котором произошел пожар)

Дата
пожара

Время
пожара

Количество
основных
автомо билей,
ед.

Количество
специальных
автомобил ей,
ед.

Расчет на
основной
автомобиль
в МРП

Расчет на
специальный
автомобиль,
в МРП

Общая
сумма,
тенге

1

2

3

4

5

6

7








Расчет затрат:                     Руководитель территориального
                                   подразделения_____________области
                                   (города республиканского значения,
                                   столицы)
                                    ________________________подпись
                                                               М.П.

                                   Главный бухгалтер территориального
                                   подразделения____________области
                                   (города республиканского значения,
                                   столицы)
                                   _________________________подпись

                                   Руководитель организации (объекта)
                                   _________________________подпись