Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы N 810 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы N 920 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.10.06 N 920 Қаулысымен.

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 16-бабын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібі бекітілсін.

      2. Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеу бойынша сомалардың жергілікті бюджеттерге толық және уақытылы төленуін бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң аумақтық органдарына жүктелсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.06.24. N 695 қаулысымен .

       3. Осы қаулы жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2000 жылғы 29 мамырдағы       
N 810 қаулысымен бекітілген    

      Ескерту. Мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен, "Өртке қарсы мемлекеттiк қызмет", "Өртке қарсы мемлекеттiк қызметтiң", "Өртке қарсы мемлекеттiк қызметiнiң", "Өртке қарсы мемлекеттiк қызметі", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет", "Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң" деген сөздер тиiсiнше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органының", "өртке қарсы қызмет органы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.11. N 760 қаулысымен.

Өрттерді сөндіруге байланысты шығындарды өтеудің тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері өрттерді сөндіру бойынша шеккен шығындарды өтеудің тәртібін және оларды жергілікті бюджеттердің кірісіне өтеудің ставкасын белгілейді.
      2. Өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелерінің өрттерді сөндіруге шығуы және оларды жоюға қатысуы сөзсіз түрде жүзеге асырылады.

2. Шығындарды өтеуді төлеушілер

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 22 сәуірдегі N 430 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес, оларда міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын мекемелер өртке қарсы қызмет органдары бөлімшелері өрттерді сөндіру кезінде шеккен шығындарды өтеуді төлеушілер болып табылады.
      4. Жоғарыда аталған қосымшада көзделген, ұйымдарда өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын өрттерді сөндіруге тартудың шарттары облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Өртке қарсы қызмет органдары мен тиісті ұйымдардың арасындағы шарттармен регламенттеледі.

3. Шығындарды өтеу

       5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен өрт сөндіруге арналған шығындар толық көлемде өтелуге жатады.
      6. Өрттерді сөндіруге арналған шығындар Өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен, өрт болған жерге баруға және орналасқан жерге қайтуға, өртті сөндіруге, адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқаруға бағытталған әскери іс-қимылдарды орындауға арналған, өрт сөндіруші құралдармен өрт ошағын бұзуға және оған су құюға, өрт болған жерге су жеткізуге, негізгі және арнаулы өрт сөндіру автомобильдерінің жұмыс істеуіне арналған шығыстардан тұрады.
      7. Өрттерді сөндіру кезінде Өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен шығындардың ставкасы бір негізгі өрт сөндіру автомобилінің бір сағаттың ішіндегі жұмысы, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген, 15 еселенген айлық есепті көрсеткіштен аспайтынға тең.
      8. Өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен шығындарды өтеу, ұйымдардың таза кірісінен жүргізіледі.

4. Шығындарды өтеудің тәртібі мен мерзімдері

      9. Өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен өрттерді сөндіру жөніндегі шығындарға ақы төлеуді, жүргізілген есептерге сәйкес, төлеуші Өртке қарсы қызмет органдарының қосымшаға сәйкес анықтама-шот ұсынуы бойынша, ол ұсынылған күннен бастап 10 күннің ішінде тиісті жергілікті бюджеттің кірісіне енгізеді.

5. Шығындарды өтеу жөніндегі дауларды шешудің тәртібі

      10. Өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері шеккен өрттерді сөндіруге арналған шығындарды өтеу жөніндегі даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Қосымша 

_________________________________________________
(күні)
_________________________________________________
(ұйымның атауы)

Болған өртті сөндіру жөніндегі шығыстарды өтеуге арналған
Анықтама-шот

_________________________________________________________________
     Өрттің болған    ! Сөндіруге    !  Жұмыс       ! Сомасы
      күні мен          қатысқан       уақыты         теңгемен*
       уақыты           бөлімшелердің
                        атауы мен саны
_________________________________________________________________
          1                 2             3              4
_________________________________________________________________

                          _____________ облысы ӨМҚ бастығы

                          __________________ (қолы)

      * Анықтама - шотқа, келтірілген шығындарды растайтын қажетті есептер қоса беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады