"2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы
Заңына
, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225
қаулысына
сәйкес және Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығына қауіп төндіретін жағдайды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қ
АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) жарғылық капиталын ұлғайтуға оның "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания "KEGOC" еншілес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "KEGOC" АҚ) жарғылық капиталын ұлғайту үшін Қырғыз Республикасынан сатып алынатын электр энергиясына ақы төлеуге 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 3000000000 (үш миллиард) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
1) "Самұрық" холдингі" АҚ-мен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен "KEGOC" АҚ-ның 2008 жылғы 1 қазандағы Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары арасындағы жұмыс бабындағы кездесудің Хаттамасына сәйкес келісілген бағамен және шарттарда 3000000000 (үш миллиард) теңге сомасына Қырғыз Республикасынан электр энергиясын сатып алуын;
2) бөлінген қаражатты уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов