Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 36, 360-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"Көкшетау қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1290" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қостанай қаласы" деген жолдағы "123" деген сандар "1357" деген сандармен ауыстырылсын;
"Павлодар қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1365" деген сандармен ауыстырылсын;
"Тараз қаласы" деген жолдағы "181" деген сандар "1040" деген сандармен ауыстырылсын;
"Өскемен қаласы" деген жолдағы "145" деген сандар "1304" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов