Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86-87 құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19-20 құжаттар, N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72-77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; 2008 ж., N 15-16, 61-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 161-2-баппен толықтырылсын:
"161-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру
тәртібін бұзу
1. Тауар шығарылған елді анықтау бойынша тауар туралы мәліметтер бұрмаланып көрсетілген тауардың шығарылғаны туралы сертификатты дайындау үшін сараптама актіні берген сарапшы-аудиторларға, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.
2. Тауар туралы мәліметтер бұрмаланған не болмаса дұрыс көрсетілмеген тауардың шығарылуы туралы сертификат берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді әкімшілік жаза қолданғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасау, -
тауардың шығу тегін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын алты ай мерзімге тоқтатумен бірге, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарына - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады";
2) 317-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын;
3) 541-баптың бірінші бөлігіндегі "161 (төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін "162-2," деген сандармен толықтырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы елуінші абзацпен толықтырылсын:
"сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (161-2-бап)".
2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8-құжат; 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 3-құжат; N 2, 14, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 18, 144-құжат; N 23, 173-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат):
39-бапта:
1-тармақтағы "сол мемлекеттің немесе" деген сөздер алынып тасталып, "әкетілетін мемлекеттің уәкілетті берген" деген сөздер "әкетілетін мемлекеттің немесе аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
"тиісті уәкілетті мемлекеттік орган береді" деген сөздер "ұсынылады" деген сөзбен ауыстырылсын, "әкелінген" деген сөз "әкетілетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын.
3. "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 23, 141-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда - тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшін сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
2) көтерме сауда - жеке, отбасылық, үй-ішілік және осыған ұқсас өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейіннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
3) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет;
4) сауда қызметінің субъектісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) сауда қызметі - тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;
6) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) сауда объектісі - сауда қызметін жүзеге асыру үшін сауда қызметінің субъектілері пайдаланатын мүліктік кешен;
8) сыртқы сауда (бұдан әрі - сыртқы сауда қызметі) - Қазақстан
Республикасынан тауарлар әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар әкелумен байланысты сауда қызметі;
9) сауда саясаты - осы Заңда белгіленген мақсаттар мен принциптерді іске асыру үшін мемлекеттік органдар жүргізетін ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау және өзге де шаралардың жиынтығы;
10) тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген айналымнан алынбаған еңбек өнімі;
11) тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополия - жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге құқық беру түрінде немесе конкурстық негізде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес шарасы;
12) тарифтік квота - импорттың белгілі бір мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым төмен ставкасын және импорттың осы шамасынан жоғары кедендік баждың неғұрлым жоғары ставкасын белгілеу арқылы нақ сол тауар импортына кедендік баждар ставкаларының әр түрлі екі деңгейін қолдануды көздейтін сыртқы сауда қызметін реттеудің құралы;
13) тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;
14) ішкі сауда (ішкі сауда қызметі) - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметі.";
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру және тауардың шығарылуы туралы сертификаттар бланкілерінің нысанын айқындау ережесін белгілейді;
4-2) біліктілік талаптарын, тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторды даярлау және аттестаттау ережесін бекітеді, тауардың шығарған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестатын тоқтата тұрады, күшін жояды;
4-3) тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттациясын, сондай-ақ олардың кәсіби дайындықтарын және қайта даярлауды ұйымдастырады;
4-4) тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тізілімін жүргізеді;
4-5) аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы тоқсан сайын ұсынып отырған тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау жолымен қадағалау мониторингін жүзеге асырады;
4-6) тауардың шығарылуы туралы сертификаттарды беру тәртібін қадағалау бойынша аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметіне жыл сайынғы тексеруді жүргізу жолымен бақылауды жүзеге асырады.";
3) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
"21-1-бап. Тауар шығаратын мемлекетті анықтау жөніндегі сарапшы-аудитор
1. Тауар шығаратын мемлекетті анықтау жөніндегі сарапшы-аудитордың құзыреті тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқық беретін нысаны уәкілетті органмен белгіленген аттестатпен куәландырылады.
Аттестат алған тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор тауар шығаратын мемлекетті анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлар тізіліміне енгізіледі.
2. Тауар шығаратын елді анықтау жөніндегі сарапшы аудиторлардың аттестаттауын және тауар шығаратын мемлекетті анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгізу және шығару бойынша шешімдер қабылдауды уәкілетті орган құрған аттестаттау жөніндегі Комиссия жүзеге асырады.
3. Аттестациялық комиссияның құрамында бес адамнан кем болмау керек. Комиссияға құрамында уәкілетті органның Аумақтық өнеркәсіп палаталарының, сарапшы-аудиторлар енгізіулі қажет. Комиссия басшысы Комиссия мүшелерімен тағайындалады.
3. Аттестаттаудан өту үшін аттестаттау жөніндегі Комиссияға мына төмендегідей құжаттар ұсынылуы тиіс:
1) өтініш;
2) жеке куәлікті растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;
4) тауар шығаратын мемлекетті анықтау саласындағы тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың теориялық даярлығын куәландыратын оқу орталығы куәлігінің не сертификаттың көшірмесі;
5) тауар шығаратын мемлекетті анықтау жөніндегі жұмыстарға тұлғаның қатысуын куәландыратын, оның дағдыланудан өткені туралы оң есептің көшірмелері;
6) жалпы еңбек өтілі кемінде екі жыл екендігін растайтын жұмыс
орнынан анықтама немесе еңбек кітапшасынан үзінді көшірме.
4. Тауар шығаратын мемлекетті анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өз қызметін уәкілетті орган белгілеген тәртіпте жүзеге асырады.
5. Тауар шығаратын мемлекетті анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторларға тауардың шығуына қатысты сараптама жүргізетін тауарларға қатысты мәліметтерді бұрмалауға тыйым салынады.
4. "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 21, 124-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 60-құжат):
1) 1-баптың 36) тармақшасындағы ", тауар шығаратын елді анықтау," деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-баптың 8) тармақшасындағы ", тауар шығаратын елді анықтау" деген сөздер алып тасталсын;
3) 7-бапта:
бірінші бөлікте:
11) тармақшада ",тауар шығарылатын елді анықтау" деген сөздер алып тасталсын;
11-1) тармақшасы алып тасталсын;
үшінші бөліктің 3) тармақшасындағы "тауар шығарылатын елді анықтау жөнінде сертификаттың" деген сөздер алып тасталсын;
3) 16-бапта:
тақырыбындағы "тауар шығарылатын елді анықтау" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "тауар шығарылатын елді анықтау" деген сөздер алып тасталсын.
5. "Сауда өнеркәсіп палаталары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 мамырдағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 9, 25-құжат):
1) 18-бапта:
1-тармақшада "өзге де заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңнамасында" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіпте тауардың шығарылуы туралы сертификат береді және оның көшірмесі мен тауарлардың шығарылуы соның негізінде куәландыратын өзге де құжаттарды ол берілген күннен бастап кемінде үш жыл сақтайды;
2-2) кем дегенде жылына бір рет кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға тауарлардың шығарылуы туралы уәкілетті мөрлер бедерлерінің, сертификаттарды куәландыруға өкілетті тұлғалардың қолдарының үлгілерін, сондай-ақ аумақтық-өнеркәсіп палаталарының мекен-жайларын жібереді";
2) мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2-баптармен толықтырылсын:
"18-1 бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат
1. Тауардың шығарылуы туралы сертификат Қазақстан Республикасынан реэкспортталатын, Қазақстан Республикасынан экспортталатын және Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға алынған мәліметтер негізінде беріледі.
2. Тауардың шығарылуы туралы сертификат аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасымен:
1) тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру бойынша жеке
немесе заңды тұлғаның өтініштері;
2) тауардың шығарылуы туралы сертификатты дайындау үшін сараптама актісі;
3) тауардың шығарылуы бойынша сертификатты дайындау туралы сараптама актіде көрсетілген мәліметтерді куәландыратын құжаттары негіздерінде беріледі.
3. Тауардың шығарылуы туралы сертификат үш данада дайындалады. Сертификаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі өтініш иесіне беріледі, ал бір көшірмесі сертификат берген аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында сақталады.
Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың сақталу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.
4. Тауардың шығарылуы туралы сертификат, егер онда тазалау, түзетілген жері немесе куәландырылмаған түзетулері болса, қажетті қойылған қолдар немесе мөрлер болмаса, тауар туралы мәліметтердің декларацияланған тауарларға қатынасын анықтауға мүмкіндік бермесе, жарамсыз деп есептеледі.
5. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың куәлігі мен дайындалуы, тауардың шығарылуы бойынша актісі, тауардың шығарылуы бойынша сараптама актісі сауда қызметін реттеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның бекітілген тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
6. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасында тауар туралы мәліметтер бұрмаланған не болмаса дұрыс көрсетілмеген тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруге тыйым салынады.
18-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты берудегі
мерзім және бас тарту
1. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелді шешім мерзімі өтінішті аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасына тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
2. Аумақтық сауда-өнеркәсіп палатасы тауардың шығарылуы туралы
сертификатты беруде жазбаша түрде себептерін көрсете отырып:
1) тауардың шығарылуы туралы актіні тиісті дәрежеде рәсімдемеген;
2) тауардың шығарылуы туралы актіде тауардың қазақстандық екендігін дәлелдейтін мәліметтер болмаған жағдайларда бас тартуға құқылы.
3) 19-бапта:
1-тармақтағы "өзге де заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңнамасында" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкілерінің сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген нысанына сәйкес оларды дайындауды жүзеге асырады;
10) жылына бір рет сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауарлардың шығарылуы туралы уәкілетті мөрлер беделдерінің сертификаттарды куәландыруға өкілетті тұлғалардың қолдарының үлгілерін, сондай-ақ аумақтық-өнеркәсіп палаталарының мекен-жайларын жібереді".
2-бап
. Осы Заң оны ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті