Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2011.07.01 бастап күшін жоятын 19-баптың 12-1) тармақшасын және 27-баптың 2-тармағын қоспағанда, ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңымен.
ҚР 2005.11.22 N 89 Заңымен енгізілген өзгерістер 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі (2-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның", "Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға", "кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органды" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органға", "уәкілетті органды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "контрафактылы тауарлар", "контрафактылы болып табылатын", "контрафактылы тауарларды", "контрафактылы тауарды", "контрафактылы емес", "контрафактылы болып табылады", "контрафактылы", "тауарлар контрафактылы", "тауарлар контрафактылы деп танылмаған", "тауарлардың контрафактылық", "контрафактылық", "тауарлардың контрафактылығы", "Контрафактылы тауарды" деген сөздер "зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарларды", "зияткерлік меншік құқығы бұзылған", "тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылмаған", "тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған", "зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды", "тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылғандық", "Зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.
1. Жалпы бөлім
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
2-бап. Кеден ісі саласы
1. Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы.
2. Осы Кодекспен реттелмеген кеден ісі саласына қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен реттеледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңдары
1. Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы кеден заңдарының
уақыт жағынан қолданылуы
1. Кеден ісі саласында осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптарды бұза отырып өткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
3. Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
6-бап. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы мен
кедендік шекарасы
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет.
4. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін.
7-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бірлескен бақылау – бақылау рәсімін жеңілдету үшін, шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдары бірлесіп және келісіп қолданатын және жүзеге асыратын, көрсетілген мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеттердің, шаралардың, бақылау әдістерінің, құралдары мен нысандарының жиынтығы;
2) декларант – тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға не тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан декларациялайтын, білдіретін және ұсынатын кеден брокері;
3) декларациялау – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтерді мәлімдеу;
4) жөнелтуші кеден органы – тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
5) жүк операциялары – кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, орамның зақымданған жерлерін жөндеу, орау, қайта орау және тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу, көрсетілген тауарлар болуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашу;
6) кедендік алымдар – Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері;
7) кедендік алып жүру – Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі;
8) кедендік әкімшілік жүргізу – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы;
9) кедендік баж – Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі;
10) кедендік бақылау – Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы;
11) кедендік бақылаудағы тауарлар – осы Кодекске сәйкес кедендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар;
12) кедендік декларация – тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат;
13) кедендік инфрақұрылым – Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстар;
14) кедендік операциялар – кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдары да, тұлғалар да Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жасайтын жекелеген іс-әрекеттер;
15) кедендік рәсімдер – Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеден ісі саласындағы тұлғалардың кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы;
16) кедендік режим – Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, осы Кодексте белгіленген нормалардың жиынтығы;
17) кедендік ресімдеу – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты тұлғалар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы;
18) кедендік тариф – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі;
19) кеден терминалы – Қазақстан Республикасы кеден органының қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік ресімдеу және (немесе) кедендік операциялар жасауға арнап арнайы жайластырылған, техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын;
20) кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету – осы Кодексте көзделген кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың осы Кодексте белгіленген тәсілдері;
21) коммерциялық құжаттар – шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және орау парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтерді, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар;
22) көлік құжаттары – халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы, темір жол көліктік жүк құжаттамасы, багаж тізімдемесі, багаж түбіртегі, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесе жүретін өзге де құжаттар;
23) көлік құралы – халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшін қолданылатын және осы көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олар үшін техникалық паспортпен немесе техникалық формулярмен көзделген қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтары мен жабдықтарды, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары мен салқындату сұйықтарын қоса алғанда, теңіз, ішкі су, әуе кемесі, механикалық көлік құралы;
24) қазақстандық тауар – толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген, жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген, Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналыс үшін шығарылған, осы Кодекске сәйкес мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауар;
25) қазақстандық тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;
26) мамандандырылған кеден мекемелері – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік мекемелер;
27) межелі кеден органы – тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау аяқталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
28) өткізу пункті – адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгілеген автомобиль, темір жол вокзалдарының, станцияның, әуежайдың, аэродромның, теңіз, өзен порттарының не өзге де жабдықталған орынның шегіндегі аумақ (аумақтың бір бөлігі);
29) салықтар – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз;
30) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы тұлға;
31) тарифтік емес реттеу шаралары – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар;
32) тарифтік реттеу шаралары – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар;
33) тасымалдаушы – тауарларды іс жүзінде өткізуші не көлік құралын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
34) тауар – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат жеткізгіштер, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ осы баптың 23) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарынан басқа көлік құралдары;
35) тауарларды алушы – кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге тасымалдаушы міндетті болатын тауардың ілеспе құжаттарында аталған тұлға;
36) тауарлар мен көлік құралдарын жіберу – Қазақстан Республикасы кеден органдарының тұлғаларға белгілі бір кедендік режимнің шарттарына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге рұқсат беру жөніндегі іс-әрекеті;
37) тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу – тауарлар мен көлік құралдарын халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, құбыр тасымалы мен электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету жөнінде іс-әрекеттер жасау;
38) тауарларды өткізуші тұлға – өз атынан не басқа тұлғаның тапсырмасы бойынша сыртқы экономикалық мәміле жасаушы тұлға; егер тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу қазақстандық тұлғаның сыртқы экономикалық мәмілелер жасауынсыз жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасының аумағында кедендік бақылаудағы тауарларды пайдалану мен оларға иелік ету құқығы бар тұлға;
39) тауарларға ілеспе құжаттар – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына арналған коммерциялық және көлік құжаттары;
40) топтасып тасымалдау – бір көлік құралымен бір мезгілде бірнеше жөнелтушінің немесе алушының жүктері өткізілетін кездегі тасымал;
41) тұлға – жеке және (немесе) заңды тұлға;
42) уәкілетті орган – кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
43) шартты түрде шығару – тауарлар мен көлік құралдарын шектеп және оларды пайдалану мен оларға билік ету жөніндегі шарттарға орай шығару;
44) шетелдік тауар – осы баптың 24) тармақшасында көрсетілмеген тауар;
45) шетелдік тұлға – осы баптың 25) тармақшасында аталмаған тұлға;
46) ырық бермес күштің әсері – нақты бір жағдайлар кезіндегі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген белгілі бір әрекеттерді жасауға кедергі келтіретін төтенше және ырық бермейтін оқиға;
47) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
48) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны;
49) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы.
2. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтық және басқа да салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұл салаларында олар қалай пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
2-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы
негізгі ережелері
8-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасына әкелу, Қазақстан Республикасынан
әкету және Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы транзиттеу құқығы
1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге және оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тең негіздерде құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге және оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өткізу тәртібі
1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің шарты кедендік шекарадан іс жүзінде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау болып табылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендік декларация беру немесе тауарлар мен көлік құралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер болып табылады. Өзге іс-әрекеттерге:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке адамның кедендік бақылау аймағына кіруі (енуі);
2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету туралы хабарлама беруі;
3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне енуі;
4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтімдерін халықаралық почта қызметін көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады.
3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
10-бап. Кедендік ресімдеу
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртіпте және шарттарда кедендік ресімделуге тиіс.
11-бап. Кедендік режимді таңдау және өзгерту
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін тұлға осы Кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.
12-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу
кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау
1. Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды табыс етуге міндетті.
2. Әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлар мен көлік құралдары, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлік құралдарын тәркілеу көзделмесе, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге дереу әкетілуге не тиісінше аталған аумаққа қайтарылуға жатады.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкетуді немесе қайтаруды тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші адам не тасымалдаушы жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге немесе аталған аумақ шегінен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында белгіленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары жібереді.
13-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және
оларға билік ету
1. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгенге дейін оларды пайдалану мен оларға билік ету осы Кодексте көзделген тәртіпте және жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдары жіберілгеннен кейін оларды пайдалану және оларға билік ету мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Шартты түрде жіберу
Ескерту. 14-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Кедендік бақылау
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады.
Кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіп пен нысандарда жүзеге асырады.
Бірлескен бақылауды шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
2-Бөлім. Қазақстан Республикасының Кеден органдары
3-тарау. Қазақстан Республикасы Кеден органдарының
құрылымы мен қызметі
16-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден саясатын іске асыруға қатысатын және кеден ісін, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді атқаратын мемлекеттік органдар.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 592 Заңымен.
17-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
жүйесі
1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - кеден органдары):
1) уәкілетті орган;
2) уәкілетті органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері);
3) кедендер;
4) кеден бекеттері;
5) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттері;
6) мамандандырылған кеден мекемелері құрайды.
2. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерін құрады. P041470
3. Уәкілетті орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
4. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
5. Кеден бекеттері мен бақылау-өткізу пункттері заңды тұлғалар болып табылмайды және уәкілетті орган бекітетін ережелер негізінде іс-әрекет жасайды.
6. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде уәкілетті орган бекітеді.
8. Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңіз және ішкі су кемелерінде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгісі болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлік құралдары мен әуе кемелеріне кеден органдарының танылу белгісі қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгісінің сипаттамасы мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
9. Кеден органдарының тиісті кедендік инфрақұрылымы болады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-1-бап. Уәкілетті органның функциялары
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;
2) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
4) оның құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық
жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік
бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлейді және жасайды;
6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін лицензиялау мен бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға шешімдер, рұқсаттар беру туралы шешім қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтің қатысушыларын кеден ісі саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы тұрақты негізде уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
11) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.
18-бап. Кеден органдары қызметінің принциптері
Кеден органдарының қызметі:
1) заңдылық;
2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
3) жариялылық принциптерінде құрылады.
19-бап. Кеден органдарының міндеттері
Кеден органдарының міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
5) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден ісі саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу;
7) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетін жағдайлар жасау;
8) өз құзыреті шегінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу; шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден ісі мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
9-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретінің шегінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау;
10) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
11) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздікті қорғау, адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргізу; V043116
12-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың кеден органдарына іс-сапарларға жіберілген өкілдерімен бірлесіп (көліктік және санитариялық-карантиндік бақылауды қоспағанда) көліктік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүргізу;
13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
20-бап. Кеден органдарының орналасатын жерлері
1. Кеден органдарының орналасатын жерлерін жолаушылар және тауарлар ағынының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстарының даму қарқынын негізге ала отырып уәкілетті орган белгілейді.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады.
3. Кеден органдары осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік брокер, кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға, уақытша сақтау қоймаларының иелеріне тиесілі кеден қоймасы және (немесе) еркін қоймалардың аумағында және (немесе) үй-жайларында, сондай-ақ кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темір жол және автомобиль станцияларының, вокзалдарының және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аумағында және (немесе) үй-жайларында орналасуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі.
4. Кеден органдарына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер пайдалануға беріледі.
21-бап. Кедендік рәсімдерді жүргізетін орындар
Тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдер, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.
22-бап. Кеден органдарының жұмыс уақыты
1. Кеден органдарының жұмыс уақытын осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
2. Порттардағы, әуежайлардағы, темір жол станцияларындағы және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты осы жерлердегі басқа бақылаушы органдар мен қызметтердің жұмыс уақытымен келісілуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты Қазақстан Республикасымен бірлескен кедендік шекарасы бар шет мемлекеттер кеден органдарының жұмыс уақытымен мүмкіндігінше сәйкес келуге тиіс.
4-тарау. Кеден органдарының өкілеттігі
23-бап. Кеден органдарының құқықтары
Кеден органдары:
1) өз өкілеттігі шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді шығаруға; V032295
2) мемлекеттік органдардан және шет мемлекеттер органдарынан, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан кеден ісі саласына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді сұратуға және алуға;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттарға талап қоюға;
5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылықтар жасаған немесе қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазбасын жасауға, оларды киноға және фотосуретке түсіруге;
7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттерге жіберуге;
8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеуге, жасауға және пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарлар сатып алуға;
10) Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдарымен бірлескен бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 592, 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
24-бап. Кеден органдарының міндеттері
1. Кеден органдары:
1) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
2) төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;
3) өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;
4) тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;
8) кедендік төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
9) бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны осы Кодексте белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктілік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;
11) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;
12) мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
15) өз құзыреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
16) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
РҚАО-ның ескертпесі!
17) тармақшаға өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17) өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;
18) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
19) Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
20) осы Кодексте белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;
21) кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз етуге;
22) кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;
23) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға;
24) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етуге міндетті.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған құқық бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мерзімдерде материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың
міндеттілігі
1. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздеріне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшін міндетті.
2. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі жасайтын басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
26-бап. Кеден ісі саласындағы ақпаратқа қатынас
1. Кеден органдарына басқа мемлекеттік органдар, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылар табыс еткен мәліметтер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кеден саласында ғана пайдаланылады.
2. Мемлекеттік құпиялардан, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын, оның ішінде тәуекелдерді бағалауға және басқаруға қатысты және сол кезде пайдаланылатын мәліметті, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, кеден органдары лауазымды адамдарының жеке мақсаттарына пайдалануына, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
3. Кеден органдары ресми сұрату бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік органдарына:
1) құқық қорғау органдарына - кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды заң бойынша қудалау мақсатында;
2) соттарға - олардың талап етуі бойынша;
3) жедел-іздестіру қызметінің субъектілеріне - уәкілетті орган мен тиісті жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің бірлескен актілерімен белгіленетін тәртіппен олардың іс жүргізуіндегі материалдар бойынша;
3-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес;
РҚАО-ның ескертпесі!
3-2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес табыс етеді.
4. Кеден органдары мәліметтерді басқа мемлекеттердің кеден немесе құқық қорғау органдарына және халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес табыс етеді.
5. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздері алған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-Бөлім. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен,
сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де
қызметке қатысушылармен өзара қатынастары
5-тарау. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен,
сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де
қызметке қатысушылармен өзара қатынастары
27-бап. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара
іс-қимылы
1. Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен дербес және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілерінің негізінде немесе көрсетілген органдармен келісе отырып жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-cанитариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
3. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты іс-әрекеттердің үйлестірілуін қамтамасыз етеді.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
28-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық және
өзге де қызметке қатысушылармен, қоғамдық
бірлестіктермен және кеден ісі саласындағы
өзге де мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасында кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, қоғамдық бірлестіктермен және кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Уәкілетті орган сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды, қоғамдық бірлестіктер мен кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғаларды Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға тартуына құқығы бар.
3. Сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылар, қоғамдық бірлестіктер мен кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар осы Кодекстің 43-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тұлғалар ретінде әрекет ете алады.
29-бап. Кеден органдарының шет мемлекеттердің кеден
және өзге де органдарымен және халықаралық
ұйымдармен ынтымақтастығы
Кеден органдары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен әрі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасап отырады.
6-тарау. Кеден ісі саласында ақпарат және
кеңес беру
30-бап. Кеден ісі саласында ақпарат беру
1. Кеден ісі саласында ақпарат беру уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мерзімді баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау жолымен жүзеге асырылады.
2. Кеден ісі саласында ақпарат беру ауызша түсіндірулер мен хабарландыруларды, ақпараттық стенділерді, таблоларды, буклеттерді және өзге де баспасөз материалдарын, сондай-ақ бейне, дыбыс және ақпаратты тарату үшін қолданылатын, оның ішінде жалпы қол жеткізілетін және тегін танысуға арналған басқа да техникалық құралдарды пайдалану арқылы да мынадай орындарда:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде;
2) әуежайларда, темір жол және автомобиль станцияларында, су порттарында;
3) халықаралық тасымалдарды орындайтын автокөлік құралдарының, әуе және су кемелерінің бортында;
4) осы Кодексте белгіленетін кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары белгілейтін өзге де жерлерде жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
31-бап. Кеден ісі саласында кеңес беру
1. Кеден ісі саласында кеңес беру кеден органдарының сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының кеден заңдарының ережелерін түсіндіруі болып табылады.
2. Кеден ісі саласында кеңес беру кеден органдарының орналасқан жері бойынша және кеден органдарының жұмыс уақыты кезеңінде жүзеге асырылады.
3. Кеден органдары кеңес беруді сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардан жазбаша өтініш алынған кезде, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жазбаша нысанда жүргізеді. Келіп түскен өтініштер кеден органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс. Жазбаша өтінішті қарау мерзімі, осы баптың 4-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, ол тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
4. Берілетін кеңестің дұрыстығы және объективтілігі үшін қосымша құжаттар мен материалдар табыс етуді талап ететін өтініштерге қатысты, сондай-ақ кеден органдарының сол өтінішті қарау үшін айтарлықтай мәні бар ақпаратты алуға басқа мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға өтініш жасауы қажет болған жағдайда кеңес берудің мерзімі жазбаша өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
32-бап. Кеден ісі саласында толық емес немесе көрінеу
жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілік
Кеден органдарының лауазымды адамдары кеден ісі саласында толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат бергені не ақпарат беруден заңсыз бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Ерекше Бөлім
4-Бөлім. Тауарлардың шығарылған елі. Сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
Алдын-ала шешім
7-тарау. Тауарлардың шығарылған елін анықтау
33-бап. Тауардың шығарылған елін анықтау
1. Тауардың шығарылған елі тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу және тауарды бұл аумақтан әкету жөнiндегі демпингке қарсы, өтемдiк және қорғау шараларын қоса алғанда, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатымен анықталады.
2. Тауар толық өндірілген немесе осы Кодекстің 35-бабында белгіленген жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген ел тауардың шығарылған елі болып есептеледі. Тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаты үшін елдер тобы және елдердiң кеден одақтары тауардың шығарылған елі деп есептелуі мүмкін.
Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-бап. Белгілі бір елде толық өндірілген тауарлар
Мыналар белгілі бір елде толық өндірілген тауарлар болып есептеледі:
1) елдің жер қойнауынан, оның аумақтық суларында (теңіздерінде) немесе оның құрлықтық қайраңында өндірілген пайдалы қазбалар;
2) белгілі бір елде өсірілген немесе жиналған өсімдік тектес өнім;
3) белгілі бір елде туған және (немесе) өсірілген тірі жануарлар;
4) белгілі бір елде өсірілген жануарлардан алынған өнім;
5) белгілі бір елде аңшылық немесе балық аулау кәсіпшілігінің нәтижесінде алынған өнім;
6) белгілі бір елдің кемесімен не ол жалға алған (кіреге алған) кемемен алынған теңіз балық аулау кәсіпшілігі өнімі мен теңіз кәсіпшілігінің басқа да өнімі;
7) белгілі бір елдің қайта өңдеуші кемесінің бортында осы баптың 6) тармақшасында аталған өнімнен ғана алынған өнім;
8) белгілі бір елдің, сол теңіз түбін немесе сол теңіздің қойнауын өңдеуге арналған ерекше құқықтары болған жағдайда, осы елдің аумақтық суларынан (теңізінен) тыс жерлердегі теңіз түбінен немесе теңіз қойнауынан алынған өнім;
9) өндірістік немесе қайта өңдеу жөніндегі өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтар мен металл сынықтары (қайталама шикізат), сондай-ақ сол елде жиналған және тек шикізат күйінде қайта өңдеу үшін ғана жарамды, пайдалануда болған бұйымдар;
10) белгілі бір елге тиесілі не ол жалға алған (кіреге алған) ғарыш кемелерінде ашық ғарышта алынған жоғары технологиялар өнімі;
11) белгілі бір елде осы баптың 1)-10) тармақшаларында аталған өнімнен ғана дайындалған тауарлар;
12) белгілі бір елдің аумағында өндірілген электр энергиясы.
35-бап. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу
өлшемдері
1. Егер тауарларды өндіруге екі және одан көп елдер қатысса, осы баптың ережелеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сай келетін тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі соңғы операцияларды жүзеге асырған ел тауарлардың шығарылған елі болып есептеледі.
2. Тауарды белгілі бір елде жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің өлшемдері мыналар болып табылады:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауар кодының тауарды қайта өңдеу нәтижесінде болған алғашқы кез келген төрт белгінің деңгейінде өзгеруі;
2) бұл операциялар орын алған ел тауардың шығарылған елі болып есептелуі үшін жеткілікті өндірістік немесе технологиялық операцияларды орындау;
3) құнының проценттік үлесі түпкі өнімнің бағасында тіркелген үлесіне жеткен кездегі тауар құнының өзгеруі (адвалорлық үлес ережесі).
3. Нақты тауарларға қатысты осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Адвалорлық үлес ережесі қолданылған жағдайда құн көрсеткіштері:
1) импортталған тауарлар үшін - бұл тауарлардың оларды түпкі өнім өндіру жүзеге асырылатын елге әкелу кезіндегі кедендік құны бойынша немесе импортталған тауарлардың шығу тегі белгісіз болған жағдайда олардың түпкі өнім өндіру жүзеге асырылатын елдің аумағында алғашқы сатылуының құжат арқылы расталған бағасы бойынша;
2) түпкі өнім үшін - сатушының тауарды тиеу, кедендік ресімдеу және экспорт елінен әкету шығыны қосылмайтын зауыт (қойма) бағасы ("франко-зауыт" жағдайларындағы баға) бойынша есептеп шығарылады.
5. Тауардың белгілі бір елде жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшеміне:
1) тауарларды сақтау немесе тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар;
2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (лекті бөлшектеу, жөнелтуді қалыптастыру, сұрыптау, қайта орау);
3) бекіту материалдарының (бұрандалардың, гайкалардың, болттардың және басқаларының) көмегімен не жапсыру, пісіру, дәнекерлеу немесе желімдеу арқылы тауар компоненттерін құрастыру деп түсінілетін қарапайым құрастыру операциялары;
4) егер түпкі өнімнің сипаттамалары араластырылатын тауарлардың сипаттамаларынан ерекшеленбейтін болса, әр түрлі елдерде шығарылатын тауарларды (компоненттерді) араластыру;
5) мал сою;
6) жоғарыда аталған операциялардың екі немесе одан да көп санының құрамдастырылуы сай келмейді деп есептеледі.
6. Егер тауарлардың жекелеген түрлеріне немесе Қазақстан Республикасы тарифтік преференциялар беретін қандай да бір елге қатысты Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған елін анықтаудың ерекшеліктері өзгеше ескертілмесе, жалпы тәртіп қолданылады:
егер тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша коды алғашқы кез келген төрт белгінің деңгейінде өзгерген болса, тауар сол елде шығарылған болып есептеледі.
36-бап. Бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрде
жеткізілетін тауарлардың шығарылған елін
анықтау
1. Бірнеше лек етіп жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлардың шығарылған елін анықтау кезінде, егер өндірістік немесе көліктік жағдайлары бойынша оларды бір лек етіп тиеу мүмкін болмаса, сондай-ақ тауарлар легі қателік салдарынан бірнеше лекке бөлінген жағдайларда, біртұтас тауар ретінде қарастырылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері мына шарттар сақталған кезде қолданылады:
1) мұндай жеткізудің себептерін көрсетіп, лек-легімен жеткізілетін бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрдегі тауарлар туралы кеден органын алдын ала хабардар ету және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодтарын, әр лекке кіретін тауарлардың құны мен шығарылған елін көрсетіп әр лектің сипаттамасын табыс ету. Қателіктің немесе мекен-жайына дұрыс жолданбаудың салдарынан тауарды бірнеше лекке бөлу жағдайларында тауарды бөлудің қателігін құжатпен растау қосымша табыс етіледі;
2) тауарлардың барлық легін бір елден бір келісім-шарттың шеңберінде бір жеткізушінің беруі;
3) тауарлардың барлық легін бір кеден органында декларациялау;
4) тауарлардың барлық легін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына кеден органы тауарлардың алғашқы легіне қатысты жүк кедендік декларациясын қабылдаған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде әкелу. Тауарлар алушыға байланысты емес себептер бойынша тауарларды жеткізіп беру мүмкін болмаған жағдайда кеден органы декларанттың дәлелді өтініші бойынша тауардың қалған легін әкелу мерзімін ұзартуы мүмкін. Бұл орайда аталған ұзарту тауардың алғашқы легі әкелінген күннен бастап бір жылдан аспауы керек.
37-бап. Тауарлардың шығарылған елін анықтау кезіндегі
ерекшеліктер
1. Тауарлардың шығарылған елін анықтау кезінде оларды өндіру немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын энергия, машиналар, жабдықтар мен аспаптар есепке алынбайды.
2. Машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен пайдалануға арналған құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар, егер құрал-саймандар, керек-жарақтар, қосалқы бөлшектер мен аспаптар жоғарыда аталған машиналармен, жабдықтармен, аппараттармен немесе көлік құралдарымен жиынтықта және техникалық ілеспе паспортында, техникалық формуляр мен басқа да техникалық құжаттарда көрсетілген мөлшерде әкелінсе және сатылса, сол машиналар, жабдықтар, аппараттар немесе көлік құралдары әкелінген елде шығарылған деп есептеледі.
3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауар әкелінетін орама және (немесе) ыдыс сол тауардың елінде шығарылған деп есептеледі, бұған орама және (немесе) ыдыс Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауардан бөлек қаралатын жағдайлар қосылмайды. Бұл жағдайларда орама және (немесе) ыдыс шығарылған ел тауар шығарылған елден бөлек анықталады.
4. Тауардың шығарылған елін анықтау мақсаты үшін, оның ішінде адвалорлық үлес тәртібін қолдану кезінде, егер Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауар әкелінетін орама және (немесе) ыдыс сол тауардың елінде шығарылған деп есептелсе, тауардың бөлшек саудада сатылатын орамасы және (немесе) ыдысы ғана есепке алынады.
Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38-бап. Тауардың шығарылған елін растау
Тауардың шығарылуы туралы сертификат не тауардың шығарылуы туралы декларация тауардың шығарылған елін растау болып табылады.
39-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат
1. Тауардың шығарылуы туралы сертификат - тауар шығарылған елді куәландыратын және сол мемлекеттің немесе, егер әкетілетін мемлекетте сертификат тауар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, әкетілетін мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжат.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан, сондай-ақ еркiн қойма аумағынан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының басқа бөлігіне әкету кезінде, егер тауардың шығарылуы туралы сертификат келісімшарттың талаптары бойынша, тауар әкелінген елдің ұлттық ережелері бойынша қажет болса немесе аталған сертификаттың болуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, осы аталған сертификат табыс етіледі.
3. Егер тауардың шығарылуы туралы сертификатта тауардың шығарылған елі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасында қолданылатынға қарағанда жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің өзгеше өлшемдеріне негізделген болса, тауардың шығарылған елі осы Кодекстің 35-бабында аталған өлшемдерге сәйкес анықталады.
Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен
40-бап. Тауардың шығарылуы туралы декларация
1. Тауардың шығарылуы туралы декларация дайындаушының немесе сатушының тауарға қатысты тауардың ілеспе құжатында тауардың шығарылған елі туралы жасаған мәлімдемесі болып табылады.
2. Егер тауардың шығарылуы туралы декларацияда тауардың шығарылған елі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасында қолданылатынға қарағанда жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің өзгеше өлшемдеріне негізделген болса, тауардың шығарылған елі осы Кодекстің 35-бабында аталған өлшемдерге сәйкес анықталады.
41-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат беру
шарттары
1. Тауарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына әкелу кезінде, егер:
1) сол тауардың шығарылған еліне Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тарифтік артықшылықтар берілген;
2) кеден органында тауардың тауарларды әкелу тарифтік емес реттеу шараларымен реттелетін елдерде шығарылғаны туралы негізделген ұйғарымдар болған;
3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда бұл көзделген жағдайларда, тауардың шығарылуы туралы сертификат табыс етіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жағдайларда тауардың шығарылуы туралы сертификат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген белгілі бір нысан бойынша табыс етіледі.
3. Осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар таңдап алынған кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатылса;
2) бір келісім-шарттың шеңберінде көп рет жеткізіп беруді, сондай-ақ нақ сол тауарды бір жөнелтуші нақ сол алушының атына әртүрлі келісім-шарттар бойынша қайталап жеткізіп беруін қоспағанда, әкелінетін тауарлар легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоғыз жүз айлық есептік көрсеткішке балама сомадан аспайтын болса;
3) жеке адамдар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар мен шарттар сақталатын болса;
4) бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, тауардың шығарылуы туралы сертификатты табыс ету талап етілмейді.
4. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы, тауарды кедендік ресімдеу алдын ала және уақытша декларациялау рәсімі бойынша жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, кеден декларациясымен және кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға қажетті басқа да құжаттармен бір мезгілде табыс етіледі. Сертификат жоғалған жағдайда оның ресми расталған көшірмесі қабылданады.
5. Тауарлардың шығарылуын сертификатта көрсетілген мәліметтерді тауардың ілеспе құжаттарында бар мәліметтермен бірдейлендіргеннен кейін кеден органдары белгілейді. Тауардың жоғалуы, кем шығуы жағдайларын қоспағанда, оның іс жүзінде жеткізіп берілген мөлшері мен сертификатта көрсетілген мөлшері арасындағы алшақтық бес проценттен аспауға тиіс. Бұл ретте тәуелсiз сараптама актісi (қорытындысы) мен кедендік тексеру актiсi тауардың жоғалуы, кем шығуы фактісін растайтын құжаттар болып табылады. Өзге жағдайларда тауардың шығарылуы туралы сертификат қате ресімделген болып есептеледі.
6. Сертификаттың немесе ондағы мәліметтердің түпнұсқалығына қатысты күмән туындаған жағдайда кеден органы тауар шығарылған елдің сертификатты куәландырған, мемлекет уәкілеттік берген органына, сертификаттарды іріктеп тексеруді жүзеге асыруды қоса алғанда, қосымша не нақтылаушы мәліметтерді хабарлау жөнінде дәлелді өтінішпен шыға алады. Бұл орайда тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етілгенге дейін тауар сол елде шығарылған болып есептелмейді.
7. Кеден органдарында уәкілетті орган арқылы ресми түрде табыс етілген бланктер үлгілерінің, мөртаңбаларының, тұлғалар қойған қолдардың, сондай-ақ тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды растауға және беруге уәкілетті ұйымдардың мекен-жайларының болуы тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды кеден органдары қабылдауының шарттары болып табылады.
8. Егер тауардың шығарылуы туралы сертификатты табыс ету талап етілмесе, онда тауардың шығарылған елі тауардың шығарылуы туралы декларациямен расталады.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
42-бап. Тауардың шығарылу себептері бойынша тауарды
жіберуден бас тарту үшін негіздемелер
1. Егер тауардың шығарылған елі Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тауарлары Қазақстан Республикасына әкелуге жатпайтын ел болып табылатын жағдайда кеден органы тауарларды жіберуден бас тартады. Кеден органының бұл бас тартуы декларантқа жазбаша түрде табыс етіледі.
2. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе тауардың шығарылуы туралы декларацияны дұрыс ресімдемей табыс ету немесе оларды табыс етпеу, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жіберуден бас тарту үшін негіздеме болмайды.
3. алып тасталды
4. Осы баптың 2-тармағында аталған тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларация тiркелген күннен бастап бір жыл өткенге дейін сол тауарлардың шығарылған елін растауды алған жағдайда артықшылық режимі немесе ең қолайлы режим қолданылады (қалпына келтіріледі).
Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.08. N 211 Заңдарымен.
43-бап. Тауарлардың шығарылған елін анықтауға қатысты
қосымша ережелер
1. Қазақстан Республикасының тарифтік артықшылықтары "тікелей тиеп жіберу" ережелері сақталған жағдайда беріледі. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларда, қатысушы елдер үшін тарифтік артықшылықтар беру шарты ретінде "тікелей сатып алу" ережелерінің орындалуы қажет.
2. Белгілі бір тауарлар транзит елдерінде болған жағдайда, соның ішінде бұл елдердің аумағында олар қоймаға уақытша қойылған немесе кедендік қоймаға қойылған кезінде кедендік бақылауда болған жағдайда, экономикалық, географиялық, техникалық немесе көліктік себептердің салдарынан тауарлар бір немесе бірнеше елдің аумағы арқылы өткізілетін реттерді қоспағанда, тауарды өзге мемлекеттің аумағы арқылы тасымалдамай (алып жүрмей), тауарды ол шығарылған елден Қазақстан Республикасына жеткізу "тікелей тиеп жіберу" деп ұғынылады.
3. Мынадай шарттар орындалған:
1) тауарлар өздері шығарылған елдің аумағынан көрмелер немесе жәрмеңкелер өткізілетін елдің аумағына жеткізілген және оларды өткізу кезінде кедендік бақылауда болған;
2) тауарлар оларды көрмеге немесе жәрмеңкеге жөнелткен кезден бастап көрсетуден басқа қандай да бір өзге мақсаттарға пайдаланылмаған;
3) табиғи тозу не тасымалдаудың (алып жүрудің) және сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған тауарлардың жай-күйіндегі өзгерістер ескеріле отырып, тауарлар Қазақстан Республикасына олардың көрмеге немесе жәрмеңкеге қойылған күйінде жеткізілген жағдайда көрмелерде немесе жәрмеңкелерде сатып алынған тауарлар да "тікелей тиеп жіберу" ережелеріне жатады.
4. Қазақстандық тұлға мен Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа қатысушы ел резидентінің арасындағы шарт негізінде тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі "тікелей сатып алу" ережелеріне жатады.
8-тарау. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасы
44-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасы
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы - цифрлық белгі немесе цифрлық белгілер тобы (кодтары) түріндегі тауар топтарын, позицияларын, субпозицияларын, кіші субпозицияларын қамтитын тауарлар жіктеушісі. Жіктеудің кез келген деңгейіндегі позицияларға ескертулер, сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелері Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу, Қазақстан Республикасының кедендік статистикасын жүргізу үшін қолданылады.
3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес келеді.
45-бап. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасын жүргізу
Уәкілетті орган Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган:
1) халықаралық ұйымдарда халықаралық негізді әзірлеу, өзгерту, толықтыру, түсіндіру және қолдану бөлігінде қазақстандық тараптан өкілдік етеді;
2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы халықаралық негізінің өзгерістері мен толықтыруларын, бұл негізді түсіндіру жөнінде халықаралық анықтаулар мен шешімдерді қадағалауды қамтамасыз етеді;
3) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын оның халықаралық негізіне сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;
4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын әзірлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді;
5) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының эталон данасын әзірлейді және оны сайма-сай қалыпта ұстап отырады;
6) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын, халықаралық түсініктемелер мен халықаралық негізді түсіндіру жөніндегі шешімдердің жариялануын қамтамасыз етеді;
7) жекелеген тауарларды жіктеу бойынша орындау үшін міндетті шешімдерді әзірлейді, бекітеді және жариялауды қамтамасыз етеді;
8) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізуге қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.
46-бап. Тауарларды жіктеу
1. Тауарларды декларациялау кезінде олар жіктелуге тиіс, яғни тауарларға қатысты Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша коды (кодтары) белгіленеді.
2. Тауарларды декларациялау кезінде декларант олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кодын дұрыс көрсетпеген жағдайда бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа, кеден органы мұндай тауарды өз бетінше жіктеуге құқылы.
Бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа, кеден органының тауарларды жiктеу жөнiнде шешiм қабылдау тәртiбi мен шешiм нысанын кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган белгілейдi.
3. Бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа, кеден органдарының тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдері міндетті болып табылады. Бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа, Кеден органдарының шешімдеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
4. Тауарларды жіктеу кезінде бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа, кеден органдары тауарлар кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес қолданады. Тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілетін мәліметтер, сондай-ақ сараптама ұйымдары беретін қорытындылар, анықтамалар, сараптама актілері көмекші (ақпараттық) сипатта болады және тауарларды жіктеу кезінде назарға алынады.
5. Тұлғаның сұратуы бойынша бақылау өткізу пункттері мен мамандандырылған кеден мекемелерінен басқа, кеден органы осы бөлімге сәйкес тауардың жіктемесі бойынша алдын ала шешім қабылдайды.
Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-тарау. Алдын ала шешім
47-бап. Алдын ала шешім қабылдау
1. Мамандандырылған кеден мекемелері мен бақылау өткізу пункттерін қоспағанда, кеден органдары тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша нақты тауар жөнінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жіктемесіне қатысты алдын ала шешім қабылдайды. V032295
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кеден органдары тұлғаның (өтiнiш берушiнiң) өтiнiшi бойынша осы Кодекстiң 48-бабына сәйкес тауар туралы табыс етiлген мәлiметтер болған кезде тауардың шығарылған елiн анықтауға қатысты алдын ала шешiм қабылдайды. Тауардың шығарылған елiн анықтауға қатысты алдын ала шешiмдер артықшылықты және артықшылықты емес режимдерiн қолдану кезiнде қабылданады. Көрсетiлген мәселелер бойынша алдын ала шешiм қабылдау тәртiбi мен нысанын кеден iсi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды .
3. Аталған шешімді қабылдағаны үшін осы Кодекстің 299-бабына сәйкес алдын ала шешім үшін ақы алынады.
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.08. N 211 , 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
48-бап. Алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш
1. Өтініш беруші осы Кодекстің 47-бабында көрсетілген кеден органына жазбаша нысанда жазылған өтініш жолдайды. V032295
2. Өтініште тауар туралы алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер болуға тиіс. Өтініш берумен бір мезгілде тауарлардың сипаттамасы, олардың фотолары, суреттері, сызбалары, коммерциялық, техникалық не алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті өзге де құжаттар табыс етіледі. Мүмкін болған жағдайда өтініш беруші алдын ала шешім қабылданатын тауарлардың сынамаларын немесе үлгілерін де табыс етеді.
3. Өтінішті кеден органы қарайды және өзге де ақпарат не сараптама жүргізу талап етілмесе, алдын ала шешім, өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде беріледі.
4. Егер өтініш беруші табыс еткен мәліметтер алдын ала шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, кеден органы табыс ету мерзімін белгілей отырып, қосымша ақпарат беру қажет екендігі туралы тұлғаны хабардар етеді. Егер ақпарат белгіленген мерзімде берілмесе, алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш қабылданбай тасталады. Қосымша ақпарат берудің жалпы мерзімі өтініш берушіні жазбаша хабардар еткен кезден бастап бір айдан аспауға тиіс.
5. Алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш қабылданбаған жағдайда кеден органы өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуын жеті жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
Өтінішті қабылдамау өтініштің қабылданбауына негіз болған себептерді жойған жағдайда өтініш берушінің алдын ала шешім қабылдау туралы қайталап жүгінуіне кедергі болмайды.
6. Алдын ала шешімге не кеден органдарының белгіленген мерзімде оны қабылдамауына осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
49-бап. Алдын ала шешімнің қолданылу мерзімі
Кеден органдарының алдын ала шешімі ол қабылданған кезден бастап үш жыл бойы қолданылады.
Алдын ала шешімнің өзгертілуі оның қолданылу мерзімін ұзартпайды.
50-бап. Алдын ала шешімінің күшін жою немесе өзгерту
1. Уәкілетті орган өзі не уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі мен кеден қабылдаған алдын ала шешімнің күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы.
2. Егер алдын ала шешім өтініш беруші табыс еткен толық емес немесе дұрыс емес ақпарат негізінде қабылданса, ондай шешімнің күші жойылады. Күшін жою жаңадан алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
3. Алдын ала шешім:
1) Дүниежүзілік кеден ұйымы Қазақстан Республикасында қолдану үшін міндетті шешімдер қабылдаған;
2) алдын ала шешім Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға қайшы келген;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңдары алдын ала шешім қабылдау бөлігінде өзгертілген;
4) алдын ала шешім қабылдау кезінде жол берілген жолсыздықтар анықталған жағдайларда өзгертіледі.
4. Алдын ала шешімді өзгерту өтініш беруші өзгеріс туралы хабарламаны алғаннан кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының кеден заңдары өзгертіліп, соның нәтижесінде алдын ала шешім Қазақстан Республикасының кеден заңдарына қайшы келетін жағдайда, кеден органдарының шешімі Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актісі қолданысқа енгізілген кезден бастап күші жойылған болып танылады.
5. Аталған жағдайларда алдын ала шешімді алушыға жазбаша хабарлама жіберіледі, онда күшін жоюдың немесе өзгертудің себептері көрсетіледі.
6. Алдын ала шешім жойылған немесе өзгертілген жағдайда алдын ала шешім қабылдау үшін алынған кеден алымдары қайтарылмауға тиіс, бұған мұндай жою немесе өзгерту кеден органы жіберген қатеге байланысты болған жағдайлар қосылмайды.
51-бап. Алдын ала шешімнің жариялылығы
Кеден органдары қабылдаған алдын ала шешімдер, құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, жариялануы және жазбаша сұратуы бойынша кез-келген тұлғаға берілуі мүмкін.
52-бап. Тауарды кедендік ресімдеу кезінде алдын ала
шешімді табыс ету
1. Осы Кодекстің 47-бабында аталған, кеден органдары қабылдаған алдын ала шешім кеден органдары үшін міндетті болып табылады.
2. Алдын ала шешім кеден органына кедендік декларациямен бірге табыс етіледі.
3. Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мақсаттары үшін алдын ала шешімнің түпнұсқасы не осы Кодекстің 47-бабында аталған, осындай шешімді берген кеден органы растаған көшірмесі пайдаланылады.
4. Белгілі бір тауарды әртүрлі уақытта және (немесе) әртүрлі кеден органдарына лектеп жеткізіп беру жүзеге асырылатын жағдайда, тауарды жіктеу жөніндегі алдын ала шешімді тауардың алғашқы легін кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органы қабылдайды, бұл орайда ұқсас тауардың келесі лектерін ресімдеу үшін, осындай шешім қабылдаған кеден органы растаған алдын ала шешімнің көшірмелерін пайдалануға жол беріледі.
5-Бөлім. Тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге
байланысты алдын ала операциялар, кедендік
операциялар мен рәсімдер
10-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу
53-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына өткізу
кезінде алдын ала операцияларды
жүзеге асыру тәртібі
1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізу кезіндегі алдын ала операциялар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту;
2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы кеден органдарына хабарлау;
3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу;
4) тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелі кеден органына жеткізу;
5) тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы межелі кеден органына хабарлау;
6) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына құбыр тасымалын пайдалану және электр беру желілері бойынша өткізу кезіндегі алдын ала операцияларды жүзеге асырудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды .
Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
54-бап. Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасынан өту
1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына іс жүзінде өткізу тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуге осы Кодекстің 55-бабына сәйкес айқындалатын өткізу пункттерінде, олардың жұмыс істеу уақытында жол беріледі және тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаға тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды өткізу пунктінде орналасқан кеден органына мүмкіндігінше қысқа мерзімде жеткізу міндетін жүктейді.
Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
55-бап. Өткізу пунктін анықтау
Мыналар:
1) әуе көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - межелі әуежай немесе тауарлар тасымалдаушы әуе кемесінің Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қонатын және тауарларды түсіретін алғашқы әуежайы;
2) теңіз көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы алғашқы түсіру порты немесе қайта тиеу порты;
3) көліктің басқа түрлерімен өткізілетін тауарлар үшін - жүру жолындағы бірінші кеден органы;
4) құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар үшін, - уәкілетті органмен келісілген коммерциялық есептеу аспаптары орнатылған жерлер тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті болып табылады.
56-бап. Кеден органдарын Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасынан өту туралы хабардар ету
1. Тасымалдаушы не тауарларды өткізуші тұлға өткізу пунктінде орналасқан кеден органын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуі туралы хабардар етуге міндетті.
2. Кеден органдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы хабардар ету - бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына шекарадан өту фактісі туралы хабарлау.
3. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту кезінде кеден органын хабардар ету тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған тауарға ілеспе құжаттарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына табыс ету арқылы жүргізіледі.
4. Кеден органының лауазымды адамдары осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
57-бап. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік
ресімдеу
1. Негізгі кедендік ресімдеу алдындағы және тыйым салынған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізуге жол бермеу үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу кезінде:
1) орналасуы кеден органдарымен келісілген тиеу-түсіру операцияларын жүргізу үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда тауарлармен және көлік құралдарымен тиеу-түсіру операцияларын жүзеге асыруға;
2) тауарлармен және көлік құралдарымен тиеу-түсіру операцияларын жүзеге асырушы тұлғаның сұрауы бойынша тауарлар тиеу-түсіру операцияларын жүзеге асыруға қажетті мерзім ішінде уақытша сақтау орнына қойылмастан мұндай операцияларды жүргізу орындарында болуына жол беріледі. Бұл тауарларды сақтаудың жалпы мерзімі тауарларды уақытша сақтаудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен аспауы керек. Бұл ретте тауарлар жоғалған не олар кеден органдарының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берілген жағдайда, аталған тұлғалар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жауапты болады.
3. Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу кедендік ресімдеу үшін қажетті жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде не осы Кодекске сәйкес басқа да кеден органында жүргізілуі мүмкін.
58-бап. Тауарларды, көлік құралдарын және оларға
арналған құжаттарды межелі кеден органына
жеткізу
1. Тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды жеткізу осы Кодекстің 12-тарауында көзделген ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тасымалдаушы тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды, тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозуы немесе табиғи кемуі салдарынан өзгеруін қоспағанда, өзгермеген күйінде кеден органы белгілеген орынға және мерзімінде жеткізуге міндетті.
59-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының межелі кеден
органына жеткізілгендігі туралы хабардар ету
Тауарлар мен көлік құралдарын межелі кеден органына жеткізген кезде тасымалдаушы немесе тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға:
1) жеткізуді бақылау құжаттарын;
2) көлік және коммерциялық құжаттарын;
3) әкелінген тауарлар мен көлік құралдарын табыс ету арқылы тауарлардың жеткізілгендігі туралы хабардар етеді.
60-бап. Авария немесе ырық бермес күштің әсері кезінде
қолданылатын шаралар
1. Авария немесе ырық бермес күштің әсері жағдайларында, сондай-ақ теңіз, ішкі су не әуе кемесі Қазақстан Республикасының аумағында мәжбүрлі түрде аялдама жасаса немесе қонса, тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға және ең жақын кеден органына осы мән-жайлар мен тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға міндетті.
2. Оқиға туралы хабарлама алған кеден органы оқиғаның сипатына, тауар сапасын жоғалтуы дәрежесіне және көлік құралының техникалық жай-күйіне қарай кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды белгілейді.
3. Тасымалдаушыларда осы баптың талаптарын сақтауға байланысты туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді.
11-тарау. Кедендік тасымалдаушы
61-бап. Кедендік тасымалдаушы
Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші, ақы алып немесе жалдану арқылы тауарларды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін, тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы бар және қызметін кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясын алған қазақстандық тұлға кедендік тасымалдаушы бола алады.
62-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметі
1. Кедендік тасымалдаушының қызметі кедендік бақылаудағы тауарларды осы Кодексте көзделген нормаларды сақтай отырып тасымалдау болып табылады.
2. Кедендік тасымалдаушының тауарларды өткізуші тұлғамен қатынастары шартпен реттеледі.
63-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметіне қойылатын
біліктілік талаптары
Қызметін кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге асыру үшін қазақстандық тұлға мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге:
1) тауарларды тасымалдауға арнап тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен берген лицензиясы болуға;
2) осы Кодекстің 43-тарауында көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомаға кедендік төлемдер және салықтар төлеуді қамтамасыз етуге;
3) меншігінде осы Кодекстің 81-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған көлік құралдары болуға;
4) кедендік бақылаудағы тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуді және олар бойынша есептілікті қамтамасыз;
5) әрбір көлік құралында оның орнын сигнал беру арқылы анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдық болуға тиіс.
Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгізілді - 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
64-бап. Қызметін кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге
асыруға лицензия беру тәртібі
1. Лицензия алу үшін:
1) тұлғаның белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініші;
2) тіркеу құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
3) лицензия беру үшін алым төленгендігін растайтын құжаттар;
4) осы Кодекстiң 63-бабында белгiленген біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар қажет.
2. Өтінішті уәкілетті орган ол тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы бапта белгіленген өтініште және құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда, кеден тасымалдаушысы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тиісті өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлайды.
3. Тауарларды тасымалдауға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырылған немесе ол тоқтатылған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бұл туралы күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде уәкілетті органды хабардар етеді.
4. Уәкілетті орган кедендік тасымалдаушылардың тізілімін жүргізеді және оны баспасөз басылымдарында жариялауды жүзеге асырады.
Ескерту. 64-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
65-бап. Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Кедендік тасымалдаушы:
1) осы Кодексте белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауға;
2) кедендік бақылаудағы тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және мұндай тауарларды тасымалдау туралы кеден органдарына есеп беруге;
3) кедендік бақылаудағы тауарлармен бірге бір мезгілде өзге де тауарларды тасымалдамауға;
4) тауарлар мен оларға арналған құжаттарды межелі кеден органына көрсетуге;
5) тауарларды кедендік бақылау аймағына орналастыруға;
6) осы Кодекстің 81-бабына сәйкес көлік құралдарын тиісті техникалық жағдайда ұстауға және олардың кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдауға арналған көлік құралдарын жабдықтауға қойылатын талаптарға сай келуін қамтамасыз етуге;
7) тауарлар мен оларға арналған құжаттарды жеткізудің жөнелтуші кеден органы белгілеген мерзімі мен жүру маршрутын сақтауға;
8) тасымалдаудың және сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу мен табиғи кему салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, тауарлар мен көлік құралдарын өзгермеген күйінде, қандай да болсын өзге мақсаттарға пайдаланбай жеткізуге;
9) тауарларды жеткізгеннен кейін оларды межелі кеден органының рұқсатынсыз қараусыз қалдырмауға, тауарлардың бастапқы тұрған жерін өзгертпеуге, ораманы ашпауға, тауарларды орамауға және қайта орамауға, сондай-ақ кедендік бірдейлендіру құралдарын өзгертпеуге, алып тастамауға және жоймауға;
10) тауарлар жоғалған не олар кеден органдарының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берілген жағдайда кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге;
11) кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметі тоқтатылған жағдайда лицензияны он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
66-бап. Кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті
жүзеге асыру лицензиясының қолданылуын
тоқтата тұру
1. Лицензияның қолданылуын уәкілетті орган, лицензиясының қолданылуы сот шешімі бойынша тоқтатыла тұратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып:
1) тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті уақытша тоқтату туралы өтінішінің негізінде;
2) кедендік тасымалдаушы осы Кодекстің 65-бабында көзделген өз міндеттерін орындамаған жағдайларда, кедендік тасымалдаушы тіркелген кеден органы қорытындысының негізінде;
3) тауарларды тасымалдауға тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде, алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруы мүмкін.
2. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде тұлғаның кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Лицензияны тоқтата тұру кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күннен бастап қолданылады.
3. Лицензияның қолданылуы оның тоқтатыла тұруына негіз болған себептер жойылғаннан кейін уәкілетті орган басшысының тиісті бұйрығымен жаңғыртылады.
67-бап. Кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге
асыруға арналған лицензиядан айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) тиісті уәкілетті мемлекеттік орган тауарларды тасымалдауға берген лицензиядан айыру;
2) кедендік тасымалдаушы табыс еткен дұрыс емес мәліметтер негізінде лицензия беру;
3) осы тарауда айқындалған шарттардың сақталмауы;
4) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің осы Кодекстің 66-бабында белгіленген мерзім ішінде жойылмауы негіз болып табылады.
Ескерту. 67-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
68-бап. Кедендік тасымалдаушы тасымалдайтын кедендік
бақылаудағы тауарлардың есебі
Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізеді және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен олар бойынша есептілік табыс етеді.
69-бап. Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі
1. Тауарлар жоғалған не олар кеден органының рұқсатынсыз берілген жағдайда, кедендік тасымалдаушы кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жауапты болады.
2. Тауарлар, көлік құралдары және оларға арналған құжаттар межелі кеден органына жеткізілмеген жағдайда, кедендік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
70-бап. Кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату
1. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) тауарларды тасымалдауға тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензиядан айырылғанда;
2) кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылғанда;
3) кедендік тасымалдаушы қызметін тоқтататыны туралы өтініш бергенде;
4) заңды тұлға болып табылатын кедендік тасымалдаушы қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда тоқтатылады.
2. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, тұлға он бес жұмыс күні ішінде кедендік бақылаумен тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізетін кеден органына өзі кедендік тасымалдаушы ретінде орындаған тасымалдар туралы есеп беруге міндетті.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтату кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті тоқтату себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-тарау. Ішкі кедендік транзит
71-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
1) ішкі кедендік транзит рәсімі - тауарлар мен көлік құралдарын жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін кедендік бақылаумен өткізудің осы Кодексте және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртібі;
2) аралық кеден органы - ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша өткізілетін тауарларды ішінара түсіру жүргізілетін кеден органы.
72-бап. Жалпы ережелер
Осы тараудың ережелері, уақытша сақтау орындарының, еркін және кеден қоймаларының, арнайы экономикалық аймақтардың арасындағы өткізуді қоса алғанда, кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы немесе шет мемлекеттің кедендік аумағы бойынша өткізудің барлық жағдайларында қолданылады.
Осы тараудың ережелері құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларға, сондай-ақ әуе кемесі тұрақты халықаралық рейс жасау кезінде тауарлар келетін жерде тауарларды ішінара түсірместен аралық немесе мәжбүрлі (техникалық) түрде қонса, әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қолданылмайды.
73-бап. Ішкі кедендік транзит
1. Ішкі кедендік транзит - кедендік бақылаудағы тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша, сондай-ақ осы тарауда белгіленген шарттар сақталған жағдайда, шет мемлекеттің аумағы арқылы өткізілетін кездегі кедендік рәсім.
2. Ішкі кедендік транзит кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін тасымалдаушының және (немесе) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның жауапкершілігімен өткізіледі.
3. Тауарларды бірдейлендіру құралдарын, тасымалдаушылар мен жөнелтушілердің пломбаларын пайдалана отырып, ішкі транзит рәсімі бойынша темір жол көлігімен өткізуге жол беріледі.
4. Транзиттік тауарларды ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу осы Кодекстің 74-бабының 2-тармағында аталған шаралардың бірі сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
74-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын ішкі кедендік
транзит рәсіміне сәйкес өткізу шарттары
1. Тауарлар мен көлік құралдарын ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес өткізуге мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тыйым салынбаған;
2) жеткізуді бақылау құжаты осы Кодекстің 76-бабына сәйкес ресімделген;
3) осы баптың 2-тармағына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын жеткізуді қамтамасыз ету шараларының бірі сақталған жағдайда жол беріледі.
2. Ішкі кедендік транзиттің рәсіміне сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын жеткізуді қамтамасыз ету шараларына:
1) тауарларды алушының осы баптың 6-тармағына сәйкес жеткізіп беру жөніндегі кепілдік міндеттемесін табыс етуі;
2) кез келген кеден органында кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету;
3) тауарларды кедендік тасымалдаушының өткізуі;
4) тауарларды кедендік алып жүру жатады.
Тасымалдаушы және (немесе) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға аталған шаралардың кез келгенін таңдауға құқылы.
3. Тауарларды ішкi кедендiк транзит рәсіміне сәйкес темiр жол көлігімен өткізу кезінде осы баптың 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларының ережелерi қолданылмайды.
Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар, осы баптың 5-тармағына сәйкес өткізілетін тауарларды қоспағанда, тауарларды осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгі деңгейдегi тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткiзген кезде қолданылмайды.
4. Ішкі кедендік транзит кезінде тауарлар мен көлік құралдарын жеткізуді қамтамасыз ету шаралары Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес тауарларды өткізу кезінде және әуе көлігімен тасымалдау кезінде қолданылмайды.
5. Кеден төлемдерін және салықтарды төлеуді міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Тауарларды жеткізіп беру жөніндегі кепілдік міндеттемені алушы толтырады және оны межелі кеден органы тіркейді және байланыс құралдары арқылы жөнелтушi кеден органына жiберiледi. Тауарларды жеткізіп беру жөніндегі кепілдік міндеттеменің нысаны мен тіркеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді .
Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
75-бап. Ішкі кедендік транзитті қолдану үшін табыс
етілетін құжаттар
1. Тасымалдаушы тауарларды жеткізуді бақылау құжатын ресімдеуді жүргізу үшін жөнелтуші кеден органына тауарға ілеспе құжаттарды табыс етеді.
2. Табыс етілген құжаттарды жеткізуді бақылау құжатының тіркеу нөмірін көрсете отырып, жөнелтуші кеден органының лауазымды адамы куәландырады.
76-бап. Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты
1. Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын, кеден органдарының тауарлардың жеткізілуін бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті құжат.
2. Уәкілетті орган айқындаған жағдайларда тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ретінде тауарларға ілеспе құжаттар пайдаланылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ретінде осындай шарттармен айқындалған құжаттар пайдаланылады.
4. Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 76-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
77-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік
төлемдер және салықтар төлеудің қамтамасыз
етілгенін растайтын құжатты пайдаланып жеткізу
1. Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша кедендік төлемдер және салықтар төлеудің қамтамасыз етілгенін растайтын құжатты пайдаланып өткізілуі мүмкін.
2. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеудің қамтамасыз етілгенін растайтын құжатты толтырудың және кеден органына табыс етудің нысанын, тәртібін уәкілетті орган белгілейді .
78-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын ішкі кедендік
транзит кезінде кедендік алып жүру
1. Кедендік алып жүру рәсімі - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін, сондай-ақ бір кеден органының қызмет аймағында алып жүруі. V032490
2. Кедендік алып жүруді кеден органдары, осы Кодекстің 74-бабының 2-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген шаралар сақталмаған жағдайда, кеден органы лауазымды адамының жазбаша шешімі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша өткізілетін тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етудің айрықша шарасы ретінде қолданады.
3. Кедендік алып жүру бір көлік құралына да, бірнеше (оннан аспайтын) көлік құралына да жүргізілуі мүмкін.
4. Кедендік алып жүру алым төленген кезден бастап бiр тәуліктен кешіктірiлмей кедендiк алып жүру басталады.
5. Кедендік алып жүру тәртібін уәкілетті орган белгілейді .
Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
79-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын ішкі кедендік
транзит кезінде межелі кеден органдарына дейін
жеткізу мерзімі
Ішкі кедендік транзит кезінде тауарлар мен көлік құралдарын межелі кеден органдарына дейін жеткізу мерзімін көлік құралының, белгіленген маршруттың мүмкіндіктеріне және басқа да тасымалдау шарттарына сүйене отырып, дағдылы жеткізу мерзімдеріне сәйкес жөнелтуші кеден органы белгілейді, бірақ ол бір айға екі мың километр есебімен белгіленетін шекті мерзімнен аспауға тиіс.
Тауарларды өткiзетiн тұлғаның дәлелдi сауал салуы бойынша кеден органы iшкi кеден транзитінің белгiленген мерзiмiн ұзартады, ол осы баптың бірінші бөлiгiнде айқындалған шектi мерзiмнен аспауға тиiс.
Ескерту. 79-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
80-бап. Ішкі кедендік транзит кезінде тауарлар мен
көлік құралдарын бірдейлендіруді қамтамасыз ету
1. Жөнелтуші кеден органы тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді, ал межелі кеден органы ішкі кедендік транзитке сәйкес оларды өткізген кезде тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру құралдарының сақталуын тексереді. Аралық кеден органдары тауарға ілеспе құжаттарға жаңа бірдейлендіру құралдарының қойылғаны туралы белгі соғады.
2. Кеден органдары бірдейлендіру құралдары ретінде осы Кодекстің 81-бабына сәйкес көлік құралдарына қойылған кедендік пломбаларды және мөрлерді пайдаланады.
3. Осы Кодекстің 81-бабына сәйкес кедендік пломбалар мен басқа да бірдейлендіру құралдары жеткіліксіз немесе сенімсіз деп қарастырылатын жағдайларды қоспағанда, кеден органдары шет мемлекеттердің кеден органдарының кедендік пломбалары мен басқа да бірдейлендіру құралдарын мойындайды.
81-бап. Кедендік пломбалары және мөрлері бар
тауарларды тасымалдау кезінде көлік
құралдарын жабдықтау
1. Кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін көлік құралдары мынадай талаптарды:
1) кедендік пломбаларды және мөрлерді қою мүмкіндігін;
2) тауарды көлік құралының пломбаланған бөлігінен кедендік пломбаларды және мөрлерді бүлдірместен алу немесе оған қою мүмкіндігінің болмауын;
3) тауарларды жасырып қалуға арналған жасырын орындардың болмауын;
4) тауарларды кедендік тексеруге еркін қол жеткізілуін қамтамасыз етуді сақтай отырып құрастырылуға және жабдықталуға тиіс.
2. Кедендік пломбаларды және мөрлерді пайдалану мүмкін болмаған кезде тауарларды бірдейлендіру осы Кодекстің 476-бабына сәйкес жүргізіледі.
82-бап. Ішкі кедендік транзит кезінде тауарлармен
жасалатын операциялар
1. Ішкі кедендік транзитке сәйкес тасымалданатын тауарлармен жүк операцияларын жүргізуге қызмет аймағында осы операцияларды жүзеге асыру қажеттігі туындаған кеден органының бақылауымен жол беріледі.
2. Тауарларды бiр көлiк құралынан екіншiсiне қайта тиеуге қызмет аймағында осы операция жүргiзiлетiн кеден органына алдын ала жазбаша хабарлау арқылы жол берiледі. Тауарларды жеткізудің технологиялық процесі жүру жолында тауарларды түсірместен көлік түрін өзгертуді көздейтін жағдайларды қоспағанда, тауарларды қайта тиеу кедендік пломбалар мен мөрлердi бұза отырып жүзеге асырылған жағдайда тауарлардың жеткiзiлуiн бақылаудың жаңа құжаты ресімделедi.
3. Тұлғаның өтініші бойынша кеден органы кедендік бақылаудағы тауарлармен жүк операцияларын кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде жүргізуге рұқсат етеді.
Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
83-бап. Тасымалдаушының ішкі кедендік транзит кезіндегі
міндеттері
Тауарларды ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде тасымалдаушы:
1) тауарлар мен оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органы белгілеген мерзімде тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаттарында көрсетілген межелі кеден органына жеткізуге;
2) тауарлар, сондай-ақ кедендік пломбалар және мөрлер не өзге де бірдейлендіру құралдары пайдаланылған болса, олардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) осы Кодекстің 82-бабында көзделген жағдайда, тауарларды басқа көлік құралына қайта тиеуді қоспағанда, кеден органдарының рұқсатынсыз тауарлармен жүк операцияларын жасауға жол бермеуге міндетті.
84-бап. Тасымалдаушының ішкі кедендік транзит кезіндегі
жауапкершілігі
1. Тауарлар, көлік құралдары және оларға арналған құжаттар межелі кеден органына жеткізілмеген жағдайда тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Тасымалдаушы кедендік төлемдердің және салықтардың төленуі үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 85-бабында көзделген жағдайларда тауарларды түсіргені, қайта тиегені, орамаларын ашқаны немесе қайта орағаны, бірдейлендіру құралдарын өзгерткені, алып тастағаны, жойғаны немесе зақымдағаны үшін жауапты болмайды. Бұл орайда тасымалдаушы мұндай операцияларды жасауды жолаушылар мен көлік құралы экипажының өмірі мен денсаулығына нақты қатер төнгенін, тауарлар мен көлік құралдарының жойылуы, жоғалуы, біржола жоғалуы немесе елеулі түрде бүлінуі туғызғанын растайтын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген құжаттарды табыс етеді.
3. Тауарларды ішкі кедендік транзитке сәйкес тасымалдау кезінде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша, осы баптың 2-тармағын қоспағанда, тауарларды жоғалтқан не оларды кеден органының рұқсатынсыз берген тасымалдаушы жауапты болады.
Ескерту. 84-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
85-бап. Ішкі кедендік транзит кезінде тауарлар мен
көлік құралдарын тасымалдауға кедергі жасайтын
авария және (немесе) ырық бермес күштердің әсері
кезінде қолданылатын шаралар
Авария және (немесе) ырық бермес күштердің әсері кезінде тасымалдаушы:
1) тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қолдануға;
2) ең жақын кеден органын кейіннен хабардар ете отырып, тиісті уәкілетті мемлекеттік органға аталған оқиға туралы дереу хабарлауға міндетті. Хабарламаны алған кеден органы жөнелтуші және межелі кеден органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ ішкі кедендік транзит рәсімдерін сақтай отырып, тауарларды одан әрі тасымалдау мүмкіндіктері туралы шешім қабылдауға міндетті.
Осы бапта көзделген шаралардың қолданылуына байланысты тасымалдаушы шеккен шығындарды кеден органдары өтемейді.
86-бап. Ішкі кедендік транзит рәсімінің аяқталуы
1. Ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары көлік құралының келгендігі межелі кеден органында тiркелген кезден бастап жеткізілді деп есептеледі.
2. Межелі кеден органы көлік құралының келгендігін және ішкі транзит рәсімінің аяқталғандығын осы Кодекстің 59-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілгендігі туралы хабарланған кезден бастап үш сағаттың ішінде тіркейді.
Тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы хабарламаны кеден органы жеткізуді бақылау құжаттары мен көлік, сондай-ақ коммерциялық құжаттарды растау немесе олардың электрондық форматын электрондық цифрлық қолтаңбамен тіркеу жолымен жүзеге асырады.
3. Тауарлар мен көлiк құралдары тауарларды жеткiзу рәсiмi аяқталғанға дейiн межелi кеден органының қызмет аймағындағы уақытша сақтау орнында орналастырылуға тиiс.
Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-тарау. Уақытша сақтау
87-бап. Уақытша сақтау
Уақытша сақтау - әкелінген тауарлар белгілі бір кедендік режимге сәйкес межелі кеден органына табыс етілген кезден бастап олар шығарылғанға дейін не осы Кодексте белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне айналдырылғанға дейін, не тауар мен көлік құралы кеден ісі саласындағы қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдеме болып табылған жағдайда, кедендік бақылауда сақталатын кедендік рәсім.
Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
88-бап. Уақытша сақтау орындары
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау, уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар сақталған жағдайда тауар өткiзетін тұлғаның таңдауы бойынша, арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларда, ашық алаңдарда, көлік құралдарында, сондай-ақ уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, еркін қоймаларда, алушының қоймаларында жүзеге асырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау орындары мыналар болып табылады:
1) топтастырылған жүктерді жеткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар жеткізілген көлік құралдары;
2) ашық алаңдар - тауар иелерінің:
әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының, темір жол станцияларының, өнеркәсіп орындарының осы тұлғалардың тауарларын уақытша сақтауға арналған күзетілетін аумақтарында;
осы тұлғалардың өз тауарларын уақытша сақтау үшін арнайы бөлінген және күзетілетін аумақтарында орналасқан алаңдары.
Көлік құралдарындағы тауарларды ашық алаңда сақтауға жол беріледі;
3) арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар - тауарлар иесінің өз тауарларын уақытша сақтауға арналған үй-жайлары немесе үй-жайдың арнайы бөлінген және жайластырылған бөлігі, сондай-ақ мамандандырылған көлік-экспедиция ұйымдары тасымалдайтын экспресс-жүктерді сұрыптауға және өңдеуге арналған үй-жайлар;
4) уақытша сақтау қоймалары - тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға арнайы арналған, уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жұмыс істейтін қоймалар;
5) кеден қоймалары мен еркін қоймалар - бір бөлігі уақытша сақтау үшін пайдаланылатын, кеден қоймасының және еркін қойманың кедендік режимдеріне сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға арнайы арналған, уәкілетті орган беретін кеден қоймасын құруға арналған лицензия және еркін қойма құруға арналған шешім негізінде жұмыс істейтін қоймалар;
6) осы Кодекстің 95-бабында көзделген тәртіппен тауар алушылардың қоймалары.
3. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жай немесе ашық алаңша, тиісті орын біртұтас және бөлінбейтін кешен болып табылатын және бір мекен-жайда орналасқан жағдайда уақытша сақтау орны деп танылады.
Осы Кодекстің 96-бабына сәйкес кеден органы беретін уақытша сақтау орны деп тану туралы шешім арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар мен ашық алаңдарды уақытша сақтау орны ретінде тануға растама болып табылады.
4. Тауарларды алдын ала және мерзімдік декларациялау рәсімі бойынша тауарларды өткізген кезде, осы Кодекстің 371-бабында көзделген оңайлатылған кедендік ресімдеу тәртібін пайдалану кезінде және осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда уақытша сақтау рәсімі қолданылмайды.
Ескерту. 88-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
89-бап. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар
1. Осы Кодекстің 104-бабының 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жай уақытша сақтау қоймасын құруға қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.
2. Кеден немесе еркін қойма үй-жайының бір бөлігі уақытша сақтау орны ретінде пайдаланылған жағдайда ол үй-жайдың қалған бөліктерінен темірбетоннан, бетоннан, кірпіштен, металқұрылымынан не сол материалдарды араластырып жасалған тұтас қоршаумен оқшаулануға тиіс.
3. Ашық алаңшаның аумағы:
1) бүкіл периметрі бойынша белгіленуге және қоршалуға тиіс. Ашық алаңшалардың аумағының қоршауы темірбетоннан, бетоннан, кірпіштен, металқұрылымынан не осы материалдарды араластырып жасалған және биіктігі кемінде 2,2 метр тұтас құрылыс болуға тиіс;
2) тауардың сипатына қарай қажетті тиеу-түсіру техникасымен және таразы жабдығымен қамтамасыз етілуге тиіс;
3) осы Кодекстің 104-бабының 1), 3)-5), 7) тармақшаларында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
Әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының, темір жол станцияларының аумағындағы ашық алаңшаларға арналған кедендік бақылау аймақтарын белгілеу мүдделі тұлғалармен (әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының, темір жол станцияларының әкімшілігімен) келісу арқылы жүзеге асырылады.
4. Мынадай шарттардың бірі:
кеден төлемдері мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету;
бірдейлендіру құралдарының бүтіндігі сақталған кезде тауарлар тасымалданған және жеткізілген жағдайда уақытша сақтау орны ретінде көлік құралдары пайдаланылуы мүмкін.
Көлік құралдарындағы тауарлардың сақталуы, бірдейлендіру құралдарының бүтіндігі үшін жауапкершілік кедендік ресімдеу рәсімі аяқталғанға дейін және тауар алушыға берілгенге дейін тасымалдаушыға жүктеледі.
5. Уақытша сақтау орындары оларды уақытша сақтау орны ретінде пайдаланудың бүкіл мерзімі бойында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
90-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау
орындарына орналастыруға қажетті құжаттар
1. Қысқаша декларация тауарлар мен көлік құралдарының уақытша сақтау орындарына орналастырылғанын растайтын құжат болып табылады.
2. Қысқаша декларацияны тасымалдаушы не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға немесе тауарды сақтауға қабылдаған уақытша сақтау қоймасының өкілі тауарлар мен көлік құралдарын кеден органына ұсынғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Егер тауарлар осы мерзім ішінде белгілі бір кедендік режиммен мәлімделсе, қысқаша декларация берілмейді.
3. Қысқаша декларация тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген және тауарларды бірдейлендіру үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ әкелінген тауарлардың мәлімделген уақытша сақтау орны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
4. Қысқаша декларацияның нысаны мен оны толтырудың тәртібін уәкілетті орган белгілейді .
Ескерту. 90-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
91-бап. Уақытша сақтау мерзімі
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау орындарында уақытша сақтау мерзімі қысқаша декларация тіркелген күннен бастап қоса алғанда, күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
2. Кеден ісі саласындағы қылмыстық істер мен әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау мерзiмі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
3. Осы бапта көзделген уақытша сақтау мерзімдері біткеннен кейін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
4. Тауарларды көлік құралдарында уақытша сақтау мерзімі он күннен аспауға тиіс.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес уақытша сақтау кедендік төлемдер және салықтар төленген не оларды төлеу қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады. Тауарларды халықаралық жол тасымалы рәсімін пайдалана отырып келген көлік құралында сақтау кезінде төлеуді қамтамасыз ету қолданылмайды.
Ескерту. 91-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
92-бап. Уақытша сақтаудағы тауарлармен жасалатын
операциялар
1. Уақытша сақтау қоймасы және өзге де уақытша сақтау орындары иесінің, тауарларды алушының, кедендік брокердің, тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге де тұлғаның және олардың өкілдерінің уақытша сақтау орындарындағы тауарларды тексеруі мен өлшеуіне және кеден органының рұқсатымен тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуына болады.
2. Уақытша сақтаудағы тауарларға, бүлінген орамаларын жөндеуді қоса алғанда, олардың өзгеріссіз жағдайда сақталуын қамтамасыз ету үшін кеден органының рұқсатымен қажетті операциялар жасалуы мүмкін.
3. Уақытша сақталуы кезеңінде ырық бермес күштің әсері салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар декларант айқындаған, егер олар жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған жағдайда әкелінгендей болса, кедендік режимге орналастырылуға тиіс.
4. Көлік құралдарында уақытша сақтаудағы тауарлармен қандай да бір жүк операцияларын жүргізу (түсіру, тауарлардың салмағын, санын нақтылау, сараптама жүргізу мақсатында сынамалар мен үлгілерін алу) қажет болатын жағдайда, олар бірдейлендіру құралдарын пайдалану арқылы не тауарлар өзге де уақытша сақтау орындарына орналастырылған жағдайда кеден органы лауазымды адамының қатысуымен кедендік уақытша бақылау аймағында жүргізіледі.
93-бап. Уақытша сақтау орындарына орналастыруға болатын
тауарлар
1. Уақытша сақтау орындарына, құбыр тасымалымен және электр беру желілерi бойынша өткiзiлетiндерден басқа кез келген тауарларды, сондай-ақ осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгi деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткiзген тауарларды орналастыруға болады.
2. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтау үшін арнайы лайықталған уақытша сақтау қоймаларында немесе осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда көлік құралында сақталуға тиіс.
Ескерту. 93-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
94-бап. Темір жол көлігімен тасымалданатын тауарларды
уақытша сақтаудың ерекшеліктері
1. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу қамтамасыз етілген жағдайда, темір жол көлігімен тасымалданатын ерекше тауарлар мен сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тауарларды қарауында темір жол учаскесі бар тұлғаның сұратуы бойынша уақытша сақтауға жол беріледі.
2. Тауарларды уақытша сақтау оларды түсіргенге дейін орналасатын жері кеден органдарымен келісілген, аталған тұлғалардың темір жолдарындағы тікелей көлік құралдарында жүзеге асырылады.
3. Аталған орындар уақытша кедендік бақылау аймағы болып табылады.
4. Тауарларды түсіруге және оларды кез келген басқа жерге ауыстыруға кеден органының рұқсатымен ғана жол беріледі.
5. Қарауында темір жол учаскесі бар тұлға:
1) уақытша сақтаудағы тауарларды кедендік бақылаудан тыс, көлік құралынан алып қою мүмкіндігін болдырмауға;
2) уақытша сақтаудағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) кедендік бақылаудың жүзеге асырылуына жәрдемдесуге;
4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көлік құралында сақтаулы тауарлар туралы есеп жүргізуге және есептілікті кеден органына табыс етуге;
5) бөгде адамдардың сақтаудағы тауарларға кеден органдарының рұқсатынсыз қолжетімділігін болдырмауға;
6) тауарлар жоғалған не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берілген жағдайда кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге міндетті.
95-бап. Тауарларды алушының қоймасында уақытша сақтау
1. Уақытша сақтау қоймасын құруға лицензиясы және уақытша сақтау орны деп тану туралы шешім болмағанда кеден органының рұқсатымен:
1) ерекше тауарларды немесе ерекше жағдайда сақтауды талап ететін тауарларды уақытша сақтау қажет болған жағдайда;
2) тауарлар жеткізілген жерде уақытша сақтау қоймасы болмаған жағдайда, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу қамтамасыз етілген шартпен тауарларды алушының қоймасында уақытша сақтау жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Тауарларды алушы сақтау кезінде кеден органдарының рұқсатынсыз бөгде адамдардың сақтаудағы тауарларға қолжетімділігін болдырмауға міндетті.
3. Тауарларды алушының қоймасында басқа тұлғаларға тиесілі тауарларды сақтауға жол берілмейді.
96-бап. Арнайы бөлінген және жайластырылған
үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша
сақтау орны деп тану туралы шешімдерді беру
тәртібі
1. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар мен ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы кеден органының шешімі меншігінде немесе пайдалануында үй-жай немесе ашық алаңша бар тұлғаға беріледі.
2. Иеленуші үй-жайларды немесе ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешім алу үшін, тұлға және үй-жайдың немесе алаңшаның орналасқан жері туралы мәліметтерді көрсете отырып, кеден органына еркін нысанда өтініш береді.
3. Иеленуші өтінішпен бірге:
1) үй-жай немесе ашық алаңша иесінің тіркеу құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге;
2) уақытша сақтау орындарына арналған аумақтың жоспарларын, үй-жайдың немесе ашық алаңшаның жоспарлары мен сызбаларын табыс етуге;
3) уақытша сақтау орындарына арналған үй-жайға немесе ашық алаңшаға меншік құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге;
4) кеден органдарында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есебінде тұруға тиіс.
4. Кеден органы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.
5. Мәлімделген мәліметтер, үй-жайлар мен ашық алаңшалардың жайластырылуы мен жабдықталуы уақытша сақтау орындарына қойылатын қажетті талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда кеден органы уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімді беруден бас тартуы мүмкін.
6. Тұлғаны қайта тіркеу кезінде уақытша сақтау орны деп тану туралы шешім өз күшін сақтайды. Бұл жағдайда уақытша сақтау орнының иесі кеден органын қайта тіркеу фактісі туралы хабардар етуге міндетті. Қажет болған жағдайда кеден органы қайта тіркеудің күнін көрсете отырып, уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімге өзгерістер енгізеді.
Ескерту. 96-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
97-бап. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайлар,
ашық алаңшалар иелерінің міндеттері
Уақытша сақтау орындарының иелері:
1) осы Кодекстің 89-бабында белгіленген талаптарға сәйкес үй-жайды немесе ашық алаңшаны кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті тиісінше тұрғыда жайластыруға;
2) уақытша сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудан тыс, үй-жайдан немесе ашық алаңшадан алу мүмкіндігін болдырмауға;
3) үй-жайдағы немесе ашық алаңшадағы тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылаудың жүзеге асырылуына жәрдемдесуге;
5) уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен келіп түскен, сақтаулы, әкетілген тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есеп жүргізуге (оның ішінде бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған нысандарын пайдалану арқылы) және ол туралы есептілікті кеден органына табыс етуге;
6) бөгде адамдардың сақтаудағы тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кеден органдарының рұқсатынсыз қолжетімділігін болдырмауға;
7) арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешім беру шарттарының сақталуын және кеден органдары лауазымды адамдарының сақтаудағы тауарларға және (немесе) көлік құралдарына олардың талап етуі бойынша қолжетімділікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) тауарлар жоғалған не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берілген жағдайда кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге;
9) уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімнің қолданылуын тоқтату рәсімімен байланысты барлық шығыстарды көтеруге;
10) жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, уақытша сақтау орны алаңын ұлғайту не кішірейту туралы, осы жұмыстарды орындаудың жоспарланған мерзімін көрсете отырып, кеден органын жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
98-бап. Арнайы бөлінген және жайластырылған
үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша
сақтау орны деп тану туралы шешімнің
қолданылуын тоқтата тұру
1. Уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімнің қолданылуын кеден органы:
1) уақытша сақтау орны иесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, уақытша сақтау орны алаңын ұлғайту не кішірейту туралы өтініші бойынша - уақытша сақтау орнының иесі айқындаған мерзімге;
2) уақытша сақтау орнының иесі осы Кодексте белгіленген уақытша сақтау орнына қойылатын талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда - бір айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
2. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім мұндай тоқтата тұрудың себептері көрсетіле отырып, кеден органы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімнің қолданылуы ол қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда жаңғыртылады.
99-бап. Арнайы бөлінген және жайластырылған
үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау
орны деп тану туралы шешімді қайтарып алу
1. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімді кеден органы:
1) осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттер алты айдың ішінде қайталап бұзылған жағдайларда;
2) шешімнің қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрғандығы бойынша себептер осы Кодекстің 98-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда;
3) уақытша сақтау орнына қатысты мүліктік құқықтар тоқтатылған немесе өзгертілген кезде;
4) уақытша сақтау орны иесінің өтініші бойынша қайтарып алады.
2. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімді қайтарып алу жөніндегі шешім мұндай қайтарып алудың себептері көрсетіле отырып, кеден органы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімді қайтарып алу кезінде уақытша сақтау орнының иесі қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей шешімді кеден органына қайтаруға тиіс.
4. Шешім беру туралы қайталап жасалған өтінішті кеден органы оны қайтарып алу үшін негіз болған себептер жойылған жағдайда белгіленген тәртіппен қарауы мүмкін.
100-бап. Арнайы бөлінген және жайластырылған
үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау
орны деп тану туралы шешімнің қолданылуын
тоқтату
1. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімнің қолданылуы:
1) шешім қайтарып алынған кезде;
2) уақытша сақтау орнының иесі болып табылатын тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған кезде тоқтатылады.
2. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, кеден органы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Уақытша сақтау орнының иесі болып табылатын тұлға таратылған не қайта ұйымдастырылған кезде, арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешім күнтізбелік он бес күн ішінде кеден органына қайтарылуға тиіс.
4. Арнайы бөлінген және жайластырылған үй-жайларды, ашық алаңшаларды уақытша сақтау орны деп тану туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылған кезде, ондағы сақтаулы тауарлар лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уақытша сақтау қоймасына ауыстырылуға тиіс.
101-бап. Уақытша сақтау қоймаларының түрлері
1. Тауарларды уақытша сақтау рәсімдерін жүзеге асыруға арналып арнайы белгіленген және жайластырылған үй-жай, аумақ немесе орын уақытша сақтау қоймасы деп танылады.
2. Уақытша сақтау қоймалары, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларды уақытша сақтау рәсімдерін жүзеге асыру және кез келген тұлғалар пайдалану үшін қолжетімді ашық түрдегі қоймалар болып табылады.
3. Кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймалары ашық түрдегі қоймалар болып табылады.
4. Жабық түрдегі уақытша сақтау қоймалары белгілі бір тауарларды немесе белгілі бір тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған. Жабық түрдегі уақытша сақтау қоймаларын айналымы шектелген және сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін ерекше тауарларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғалар құрады не жабық түрдегі қойманы құру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың немесе көлік ұйымдарының қажеттеріне сай келген кезде құрылады.
102-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің міндеттері
Уақытша сақтау қоймасының иесі:
1) осы Кодекстің 104-бабында белгіленген талаптарға сәйкес қойманы кедендік бақылауды қамтамасыз етуге қажетті тиісінше тұрғыда жайластыруға;
2) кеден органының жұмыс уақытынан тыс кезде келген тауарлар мен көлік құралдарын қоймада не қоймаға жапсарлас, кедендік бақылау аймағы болып табылатын аумақта орналастыруды қамтамасыз етуге;
3) уақытша сақтау қоймасындағы не оған жапсарлас, кедендік бақылау аймағы болып табылатын аумақтағы тауарлардың және көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендiк бақылаудың жүзеге асырылуына жәрдемдесуге және кедендiк бақылау үшін қажетті жүк операцияларын тауарлар мен көлік құралдары уақытша сақтауға орналастырылған кезден бастап жұмыс күнi iшiнде аяқтауды қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен уақытша сақтау қоймасына келіп түскен, сақтаулы және одан әкетілген тауарлар мен көлік құралдары туралы есеп жүргізуге (оның ішінде бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған нысандарын пайдалану арқылы) және ол туралы есептілікті кеден органына табыс етуге;
6) қойма қызметкерлері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдардың сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарына кеден органдарының рұқсатынсыз қолжетімділігін болдырмауға;
7) уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның шарттарын сақтауға және кеден органдары лауазымды адамдарының сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді және бұл адамдарға кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру үшін үй-жайларды, уақытша сақтау қоймасындағы жабдықтар мен байланыс құралдарын Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен беруді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тауарларды сақтау жағдайында тауарларды сақтаудың арнаулы талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
9) осы Кодекстің 92-бабында көзделген қоймадағы тауарлармен операцияларды жүзеге асырудың мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
10) тауарлар жоғалған не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берілген жағдайда кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге;
10-1) оларға қатысты кедендiк ресiмдеу аяқталған тауарларды тауарлар шығарылғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi аяқталуынан кешiктiрілмеген мерзiмде әкетудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;
11) уақытша сақтау қоймасының қызметін тоқтату рәсіміне байланысты барлық шығыстарды көтеруге міндетті.
Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
103-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға берілетін
лицензия
1. Уақытша сақтау қоймаларын уәкілетті орган берген лицензияны алғаннан кейін қазақстандық тұлғалар құра алады.
2. Егер уақытша сақтау қоймасын кеден органдары құратын болса, аталған лицензияны алу талап етілмейді.
3. Лицензиялауға байланысты және осы тарауда аталмаған қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледі.
4. Уақытша сақтау қоймасын құруға берілетін лицензияны басқа тұлғаға беруге болмайды.
5. Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған уақытша сақтау қоймалары туралы ақпаратты, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жариялап тұруды қамтамасыз етеді.
104-бап. Уақытша сақтау қоймасын құру кезінде
қойылатын біліктілік талаптары
Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған үй-жай немесе орын мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс: V032319
1) қойма иесінің меншігінде болуы не оны ол үш жылдан кем емес мерзімге жалға алуы;
2) жапсарлас түсіру алаңдарын (олардың орналасқан жері бір мекен-жай бойынша біртұтас аумақта болған жағдайда бір немесе бірнеше қоймалық үй-жайлар мен алаңдарды) қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасының аумағы бүкіл периметрі бойынша белгіленген және қоршалған болуға және оларда көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін қатты жабылғы болуға тиіс. Қойма аумағының қоршауы, қойма тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін іргелі ғимараттың (құрылыстың) ішінде орналасатын жағдайларды қоспағанда, темірбетоннан, бетоннан, кірпіштен, металқұрылымнан не аталған материалдарды араластырып жасалған тұтас құрылыс болуға және оның биіктігі кемінде 2,2 метр болуға тиіс;
3) қойманың аумағында қойманың бөлігі болып табылмайтын үйлер (құрылыстар) мен ғимараттар болмауға тиіс;
4) техникалық жарамды кірме жолдары, сондай-ақ жабық тексеру алаңдары болуға;
5) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық нормаларға сәйкес келуге;
6) қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес қажетті тиеу-түсіру техникасы болуға;
7) уақытша сақтауға қойылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы қондырғылары;
8) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға тиіс.
Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
105-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған
лицензияны алуға қажетті құжаттар
1. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияны алу үшін:
1) белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтініш;
2) тіркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
3) уақытша сақтау қоймасы ретінде мәлімделетін үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;
4) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес келуін растайтын құжаттар;
5) лицензияны бергені үшін алым төленгендігін растайтын құжаттар;
6) тиісті үй-жайларға немесе орындарға қатысты меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
7) осы Кодекстің 104-бабының 7) және 8) тармақшаларымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар;
8) жабық түрдегі уақытша сақтау қоймасын құру жағдайында тауарларды сақтауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі табыс етілуі қажет.
2. Осы бапта белгіленген өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда уақытша сақтау қоймасының иесі уәкілетті органды тиісті өзгерістер туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.
3. Уақытша сақтау қоймалары олардың жұмыс істеп тұрған мерзімі ішінде белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.
106-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
1. Уақытша сақтау қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, лицензиясының қолданылуы сот шешімі бойынша тоқтатыла тұратын шағын бизнес субъектілерін қоспағанда, лицензияның қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша, тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді мұндай шешімді негіздей отырып, уәкілетті органның басшысы бұйрық нысанында қабылдайды.
3. Лицензияның қолданылуы тиісті бұйрықта көрсетілген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру кезінде тауарларды уақытша сақтау қоймасына қоюға рұқсат етілмейді. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрғанға дейін уақытша сақтау қоймасына қойылған тауарлар кеден органының қызмет аймағындағы өзге уақытша сақтау орындарына орналастырылуға не тиісті
кедендік режиммен орналастырылуға тиіс.
4. Лицензияның қолданылуы оның тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін, уәкілетті орган лицензияның қолданылуын жаңғырту туралы шешім қабылдаған күннен бастап жаңғыртылады.
Ескерту. 106-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
107-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған
лицензиядан айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
2) лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің жойылмауы;
4) соттың лицензиатқа уақытша сақтау қоймасы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.
Ескерту. 107-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
108-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған
лицензияның қолданылуын тоқтату
1. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия:
1) лицензиядан айырылған;
2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) уәкілетті органға уақытша сақтау қоймасы иесінің жазбаша мәлімдеме беруі арқылы уақытша сақтау қоймасының қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет тоқтатылған жағдайларда уәкілетті органның шешімі бойынша өзінің қолданылуын тоқтатады.
2. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім мұндай шешімнің себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Уақытша сақтау қоймасының қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде уақытша сақтау қоймасының иесі күнтізбелік он бес күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
4. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда онда сақталып тұрған тауарлар лицензияның қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басқа уақытша сақтау қоймасына ауыстырылуға тиіс.
Ескерту. 107-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
109-бап. Кеден органдарының уақытша сақтау қоймаларын
құру ерекшеліктері
1. Кеден органдары уақытша сақтау қоймасын осы Кодекстің 104-бабында көзделген талаптар орындалған жағдайда лицензия алмай-ақ уәкілетті орган шешімінің негізінде құрады.
2. Кеден органы құрған уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін осы Кодекстің 296-бабына сәйкес кедендік алым алынады.
3. Уақытша сақтау қоймасын құрған кеден органы тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізеді.
4. Уақытша сақтау қоймасын құрған кеден органы қойманың құрылымына, сақталатын тауарлардың, көлік құралдарының түрлеріне, қойманың өткізу қабілетіне және сол қойманың жұмыс істеуіне әсер ететін басқа да факторларға байланысты қойманы пайдаланудың регламентін әзірлейді және бекітеді.
Регламентте:
1) уақытша сақтау қоймасының жұмыс режимі;
2) уақытша сақтау қоймасындағы тауарлар мен көлік құралдарын орналастыру мен берудің мерзімдері, сондай-ақ оларды есепке алу тәртібі;
3) тауарларды уақытша сақтау қоймасында сақтау үшін алынатын кедендік алымның мөлшері, сондай-ақ мұндай қоймаларға орналастырылатын тауарларды тиеу, түсіру бағалары;
4) жекелеген санаттағы тауарларды сақтаудың ерекше шарттары;
5) уақытша сақтау қоймасының жұмыс істеуіне байланысты басқа да талаптар мен шарттар көрсетілуге тиіс.
5. Уақытша сақтау қоймасын пайдалану регламенті кеден органдары орналасқан жерлерде және қойманың үй-жайларында жалпы жұрттың танысуы үшін қойылады.
110-бап. Уақытша сақтау қоймасы иесінің тауарларды
уақытша сақтау қоймасына орналастырушы
тұлғалармен өзара қарым-қатынасы
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уақытша сақтау қоймасы иесінің тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастырушы тұлғалармен өзара қарым-қатынасы шарт негізінде жасалады.
Тауар және көлік құралы кеден ісі саласындағы қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылған жағдайда, уақытша сақтау қоймасындағы жүкті ұстауды, есепке қоюды, орналастыруды жүзеге асырған орган қойманың иесімен шарт жасасады.
2. Тауарларды кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларында сақтау кезінде кеден органдарының тауарларды қоймаға орналастырушы тұлғалармен өзара қарым-қатынасы осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Кеден органдарының тауарларды сақтауға қабылдауы тауарларды қоймаға орналастырушы тұлғаға уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша құжат берумен куәландырылады.
Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
111-бап. Уақытша сақтау қоймаларындағы, өзге де
уақытша сақтау орындарындағы тауарларға
қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды
төлеу жөніндегі жауаптылық
1. Уақытша сақтау қоймасында сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөнінде, олар жоғалған не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берілген жағдайда, осындай қойманың иесі жауапты болады.
2. Өзге де уақытша сақтау орындарында сақтаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөнінде, олар жоғалған не кеден органының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берілген жағдайда, тауарлардың өзге де уақытша сақтау орындарында сақталуы үшін жауапты тұлға жауапты болады.
14-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету
кезіндегі кедендік рәсімдер
112-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендік аумағынан тысқары
жерлерге әкету
1. Тауарлар мен көлік құралдарын әкету - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге өткізуге бағытталған іс-әрекеттерді жасау.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге осы Кодекстің 6-бөліміне сәйкес әкетілетін тауарларға қолданылатын мәлімделген кедендік режимге сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін жол беріледі.
3. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезіндегі кедендік рәсімдер мынадай кедендік операцияларды қамтиды:
1) тауарларды өткізуші тұлғаның оларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету ниеті туралы жөнелтуші кеден органын хабардар ету, ол кеден декларациясын, құжаттар мен мәліметтерді ұсыну жолымен жүзеге асырылады;
2) кедендік ресімдеуді жүзеге асыру;
3) тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктіне дейін жеткізу;
4) тасымалдаушының тауарларды, көлік құралдарын және кеден мақсаттары үшін қажетті құжаттарды табыс ету жолымен межелі кеден органын хабардар ету;
5) тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкету.
4. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жол беріледі.
5. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан портта немесе әуежайда аялдамастан Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтетін теңіз және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға қолданылмайды.
6. Тауарларды құбыр тасымалымен және электр желілері бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік операциялар жасаудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды .
113-бап. Құжаттар мен мәліметтерді табыс ету
1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде, тауарды өткізуші тұлға, жөнелтуші кеден органына мәлімделген кедендік режимге сәйкес өздері өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру үшін қажетті осы Кодекстің 383-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтерді табыс етуге міндетті.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде жүктің кедендік декларациясы тауарларды жеткізудің бақылау құжаты болып табылады, оған тауарлар мен көлік құралдарын жеткізетін жер мен жеткізу мерзімін көрсетіп тиісті мөртаңба қойылады. Мерзімі осы Кодекстің 79-бабына сәйкес айқындалады.
3. Құжаттарды беру және транзиттік кеден режимімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын өткізу осы Кодекстің 12 және 27-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады және оларға осы баптың 2-тармағы қолданылмайды.
114-бап. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан
тысқары жерлерге әкетілетін тауарларды көлік
құралдарына тиеу
1. Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шегiнен тысқары жерлерге әкетілетiн тауарларды көлiк құралына тиеуге, мынадай:
1) кедендiк ресiмдеу кезiнде кеден органы тауарларды табыс етудi талап етпейтін;
2) тауарларды тиеу жүзеге асырылғаннан кейін ғана олар белгілі бiр кедендiк режимге мәлiмделуi мүмкін болатын;
3) тауарлар транзиттік кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, тауарларды белгілі бiр кедендік режимде орналастырғаннан кейiн жол беріледi.
2. Тауарларды көлік құралына тиеу кеден органдарымен келісілген жерлерде, қажет болған жағдайда кеден органы лауазымды тұлғасының қатысуымен кедендік тексеру актісін жасай отырып жүзеге асырылады.
3. Тұлғаның өтініші бойынша кеден органы осы Кодекстің 22-бабына сәйкес бұл органның жұмыс кезінен тыс уақытта тиеуді жүргізуге рұқсат беруге құқылы.
Ескерту. 114-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
115-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендік аумағынан тысқары
жерлерге әкету кезінде оларға
қойылатын талаптар
1. Тауарларды тасымалдаудың, көлікпен тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайында тауарлардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан олардың саны мен жай-күйінің өзгеруінен, көлік құралында төгілмей қалатын қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар мөлшерінің өзгеруінен, ал құбыр тасымалымен әкетілетін тауарларға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолданылатын нормалар мен стандарттарға сәйкес тауарларды тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктері мен айрықша сипаттамасы салдарынан тауарлар жай-күйінің өзгеруінен басқа кезде, тауарлар белгілі бір кедендік режимге орналастырылған кездегі мөлшері мен қалпында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілуге тиіс.
2. Өткізу пункті арқылы шыққан күн көрсетілетін жеткізуді бақылау құжаттарындағы межелі кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрімен куәландырылған кедендік мөртаңбалар тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетуді растау болып табылады.
3. Межелi кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тысқары жерлерге әкетілген фактісi туралы бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде жөнелтушi кеден органын хабардар етіп, жеткiзудi бақылау құжаттарын жөнелтушi кеден органына береді, бұл оны кедендік бақылаудан шығару үшін негіз болып табылады.
Жөнелтушi кеден органы жеткiзудi бақылау құжаттарын алғаннан және кедендiк бақылаудан шығарғаннан кейiн бiр жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткiзу пунктінде орналасқан кеден органының белгiлерi қойылған жүк кеден декларациясының түпнұсқа данасын бередi. Лауазымды адамның жеке нөмiрін мөрiмен куәландырылған аталған дананың көшiрмесi кеден органының iстерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзiм ішінде сақталады.
4. Егер тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету жүзеге асырылмаса, онда тауарды өткізуші тұлға не тасымалдаушы, ырық бермес күш әсерінің не аварияның салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 115-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-Бөлім. Тауарлардың кедендік режимдері
15-тарау. Кедендік режимдерге жататын жалпы ережелер
116-бап. Кедендік режимдердің түрлері
Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсатында кедендік режимдердің мынадай түрлері белгіленеді:
1) тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
2) тауарлардың кері импорты;
3) кеден қоймасы;
4) бажсыз сауда дүкені;
5) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
7) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;
8) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
9) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
10) тауарлардың экспорты;
11) тауарлардың кері экспорты;
12) тауарлар транзиті;
13) тауарларды жою;
14) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
15) еркін кеден аймағы;
16) еркін қойма;
17) арнайы кедендік режим.
117-бап. Тауарларды кедендік режимде мәлімдеу және
орналастыру
1. Кеден органы кеден декларациясын тіркеген күн тауарларды белгілі бір кедендік режимде мәлімдеген күн болып есептеледі.
2. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органының тауарларды шығарған күні тауарларды кедендік режимде орналастырған күн болып есептеледі.
118-бап. Кедендік режимнің шарттары мен талаптарын
сақтамағандық үшін жауапкершілік
1. Декларант кедендік режимнің осы Кодексте белгіленген шарттары мен талаптарын сақтамағандығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тұлғалар кедендік режимнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлардың олар еркін айналысқа шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге іс-жүзінде әкетілгенге дейін апаттың не ырық бермес күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмайтын, сондай-ақ тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда жауапты болмайды.
2. Тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңделген өнімдеріне қатысты мынадай мән-жайларда жауаптылықта болмайды:
1) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің апаттың немесе ырық бермес күштің әрекеті салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы себепті қайтарылмауы;
2) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдері санының тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгеруі;
3) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің шетел мемлекеті мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шығуы.
3. Тауарлардың біржола жоғалуына, бүлінуіне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйінің өзгеруіне әкеп соқтырған мән-жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалған тұлғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының шетелдердегі консулдық мекемелері немесе жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттің құзыретті органдары растайды.
16-тарау. Тауарларды еркін айналыс үшін шығару
119-бап. Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың
кедендік режимін тағайындау
Тауарларды еркін айналыс үшін шығару - Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналған кедендік режим.
120-бап. Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың
кедендік режиміне тауарларды орналастырудың
шарттары
Тауарларды еркін айналыс үшін шығару:
1) кедендік баждар және салықтар төленген;
2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптар орындалған;
4) кедендік ресімдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
17-тарау. Тауарлардың кері импорты
121-бап. Тауарлардың кері импортына кедендік режимді
тағайындау
Тауарлардың кері импорты - бұрын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкетілген тауарлар осы Кодекстің 122-бабында белгіленген мерзімдерде, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендік баждардан және салықтардан босатыла отырып, кері әкелінетін кездегі кедендік режим.
122-бап. Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне
тауарларды орналастырудың шарттары
1. Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыру үшін тауарлардың:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы;
2) әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының кедендік режиміне мәлімделуі;
3) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді қоспағанда, олар өзгеріссіз жағдайда болуы;
4) кеден органдары тарапынан бiрдейлендiрiлген болуы тиiс.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың әкетілген сәттегі құнымен салыстырғанда тауарлар құнының өсуіне әкелетін жағдайларды қоспағанда, тауарларды тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастыруға кедергі келтірмейді. Бұл ретте әкетілген күнгі құн мен әкелінген күнгі құнның арақатынасы тауарлардың кедендік декларациясында көрсетілетін статистикалық құнының негізінде айқындалады.
3. Тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкетілген, тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар жағдайының тұрақтылығы, олардың әкетілу фактісі, әкетілген күні құжаттамамен расталуы тиіс.
4. Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыруға осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған кезде және, егер әкетілген тауарлардың бөлігі ғана кері әкелінетін жағдайда да жол беріледі.
Ескерту. 122-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
123-бап. Әкетілімдік кедендік баждарды қайтару
1. Тауарлардың кері импортын жүзеге асыратын тұлғаға бұрын төленген кедендік баждар, егер әкету кезінде кедендік шекарадан өткен сәтте тауарларға қатысты олардың ақаулары болса не тұлғаға қатысты емес мән-жайлар бойынша сыртқы экономикалық мәмілелер аяқталмаған жағдайда және осы себептер бойынша тауарлар жеткізушіге не ол атап көрсеткен өзге тұлғаға қайтарылған болса, мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқық мирасқорлығы жағдайларын қоспағанда, тауарларды әкеткен адамның өзі тауарларды әкелген;
2) тауарларды пайдалану ақауларды немесе тауарларды қайтаруға әкеп соққан өзге де мән-жайларды анықтау үшін қажетті жағдайларды қоспағанда, тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерде пайдаланылмаған және жөнделмеген;
3) (алып тасталды - 2005.06.20. N 62 Заңымен)
4) тауарлардың әкетілуі кезінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен күннен бастап алты айдың ішінде кері импортталған жағдайлар сақталғанда қайтарылады.
2. Экспортталған тауарлар легінің бір бөлігін тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастыру кезінде, төленген сомалардың қайтарылуы осы бөліктің экспортталған тауарлардың легіне сандық қатынасы бойынша жүргізіледі.
3. Әкетілімдік кедендік баждарды қайтару осы Кодекстің 44-тарауында белгіленген тәртіппен кері импорттауды жүзеге асырған тұлғаға жүргізіледі.
Ескерту. 123-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-тарау. Кеден қоймасы
124-бап. Кеден қоймасының кедендік режимін тағайындау
Кеден қоймасы - тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим.
125-бап. Тауарларды кеден қоймасының кедендік режиміне
орналастырудың шарттары
1. Кеден қоймасының кедендік режиміне, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
2. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиіс.
3. Тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 39-тарауында әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.
Ескерту. 125-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
126-бап. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімі
1. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімін тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлға белгілейді, бірақ ол тауарлар кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспауы керек.
2. Сақтау, тұтыну және сату үшін шектеулі жарамдылық мерзімі бар тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуі және аталған мерзімдер аяқталғанға дейінгі күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей кеден қоймасынан әкетілуі тиіс.
127-бап. Кеден қоймасында сақталған кезеңде
жарамсыз болған, бүлінген немесе
зақымданған тауарларды өзге
кедендік режимге орналастыру
Кеден қоймасындағы сақталу кезеңінде ырық бермес күштің әсері салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарлар, егер олар жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған жағдайларда әкелінгендегідей болса, декларант таңдаған кедендік режимге орналастырылуға жатады.
128-бап. Кеден қоймасы кедендік режимі күшінің аяқталуы
1. Кеден қоймасының кедендік режимі тауарларды өзге кедендік режимге орналастырумен аяқталады. Кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге толық немесе ішінара мәлімделіне алады.
Бұл ретте тауардың кедендік құны кеден қоймасының кедендік режимімен орналастырған кезде мәлімделгеннен төмен болмауы тиіс.
2. Тауарлар өзге кедендік режимге орналастырылған сәттен бастап үш тәулік ішінде кеден қоймасынан әкетілуге жатады.
Ескерту. 128-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
129-бап. Кеден қоймалары және олардың түрлері
1. Кеден қоймасының кедендік режиміне сәйкес тауарларды сақтау үшін арнайы белгіленген және жайластырылған үй-жай немесе орын кеден қоймасы болып танылады.
2. Кеден қоймасы тауарларға қатысты өкілеттіктерді иеленген тұлғаның пайдалануы үшін қолжетімді ашық түрде және қойма иесінің немесе қойма иесі айқындаған жекелеген тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі кеден қоймасы оның иесінің өтініші бойынша лицензияға тиісті өзгерістер енгізіле отырып, ашық түрдегі кеден қоймасы болып қайта құрылуы мүмкін.
3. Кеден органдары құрған кеден қоймалары ашық түрдегі қоймалар болып табылады.
130-бап. Кеден қоймаларының қызметіне қойылатын
біліктілік талаптары
1. Кеден қоймасын құруға арналған үй-жай немесе орын мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1) кеден қоймасы иесінің меншігінде болуы не ол лицензия беруге өтініш берген сәттен бастап кемінде үш жыл мерзімге жалға алынуы;
2) жапсарлас жүк түсіру алаңдарын қоса алғанда (олардың бір мекен-жай бойынша бірыңғай аумақта орналасу шарты жағдайында бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары және алаңдары), кеден қоймасының аумағы бүкіл периметрі бойынша белгіленген және қоршалған болуға, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін қатты жабылғы төселуі тиіс. Қойма аумағының қоршауы, қойма тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін іргелі ғимараттың (құрылыстың) ішінде орналасқан жағдайларды қоспағанда, темірбетоннан, бетоннан, кірпіштен, металқұрылымнан не аталған материалдарды араластырып жасалған тұтас құрылыс болуға және оның биіктігі 2,2 метрден кем болмауға тиіс;
3) кеден қоймасының аумағында қойманың бөлігі болып табылмайтын үйлер (құрылыстар) мен ғимараттар болмауға;
4) техникалық жарамды кірме жолдары, сондай-ақ жабық тексеру алаңдары болуға;
5) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес келуге;
6) қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін қажетті тиеу-түсіру техникасы болуға;
7) сақтауға орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы қондырғылары;
8) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға тиіс.
2. Кеден қоймалары олардың бүкіл қызмет мерзімі бойы белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс. V032319
Ескерту. 130-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
131-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері
Кеден қоймасының иесі:
1) осы Кодекстің 130-бабында белгіленген талаптарға сәйкес қойманы кеден бақылауын қамтамасыз ету үшін қажетті, тиісінше тұрғыда жайластыруға;
2) кеден органының жұмыс уақытынан тыс келген тауарлар мен көлік құралдарын қоймада не кедендік бақылау аймағы болып табылатын қоймаға жапсарлас аумақта орналастыруды қамтамасыз етуге;
3) кеден қоймасында не кедендік бақылау аймағы болып табылатын оған жапсарлас аумақта орналасқан тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылаудың жүзеге асырылуына жәрдемдесуге;
5) осы Кодекстің 132-бабында белгіленген тәртіппен сақталудағы тауарлар мен олардың айналымы туралы есепті жүргізуге және есептілікті кеден органдарына табыс етуге;
6) бөгде тұлғалардың (қойма қызметкерлері болып табылмайтын және тауарларға қатысты өкілеттіктерді иеленбеген) кеден органдарының рұқсатынсыз сақталудағы тауарлар мен көлік құралдарына қолжетімділігін болдырмауға;
7) кеден қоймасын құруға арналған лицензияның шарттарын сақтауға және кеден органдары лауазымды адамдарының сақталудағы тауарлар мен көлік құралдарына қолжетімділігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға және осы тұлғаларға кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үй-жайларды, кеден қоймасындағы жабдықтарды және байланыс құралдарын беруге;
8) сақтаудың ерекше шарттарын талап ететін тауарларды сақтаған жағдайда, олардың орындалуын қамтамасыз етуге;
9) осы Кодекстің 133-бабының 2-тармағымен көзделген жағдайларда кедендік баждарды және салықтарды төлеуге;
10) кеден қоймасы қызметінің тоқтатылу рәсіміне байланысты барлық шығындарды көтеруге міндетті.
132-бап. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетін
тауарлар туралы есеп пен есептілік
1. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетін тауарлар кеден қоймасының кедендік режиміне сәйкес есепке алынуға жатады.
2. Тауарлар кеден қоймасына орналастырылған кезде қойманың иесі тауарларды қойманың есеп құжаттарында тіркеуі тиіс, онда мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тауардың қоймаға орналастырылған күні;
2) тауардың атауы;
3) орындардың саны мен брутто салмағы (кг);
4) тауардың ілеспе құжатының нөмірі;
5) жүктің кедендік декларациясының нөмірі және шығарылған күні.
3. Кеден қоймаларының иелері уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен кеден органдарына кеден қоймасында сақталуда жатқан тауарлар туралы есептілікті табыс етуге тиіс. Бұл ретте есепке алу жүйесіне:
1) есепке алу кітабы;
2) есепке алудың кедендік құжаты кіреді.
Кедендік декларация кедендік есепке алу құжаты болып табылуы мүмкін.
4. Есепке алу кітабы есептің автоматтандырылған жүйесінен тәуелсіз түрде белгіленген нысанға сәйкес жүргізіледі.
5. Кеден органы кеден қоймасындағы тауарлар мен көлік құралдарына түгендеу жүргізуге құқылы.
6. Кеден қоймасындағы тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу құжаттары бес жыл сақталады.
133-бап. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетін
тауарларға қатысты кедендік баждарды және
салықтарды төлеу жөніндегі жауаптылық
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырған тұлға кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетін тауарларға қатысты кедендік баждарды және салықтарды төлеу жөнінде жауаптылықта болады.
2. Кеден қоймасының иесі тауарларды жоғалтқан не оларды кеден органының рұқсатынсыз берген жағдайда кедендік баждарды және салықтарды төлеу жөнінде жауаптылықта болады.
3. Иесі кеден органы болып табылатын кеден қоймасындағы тауарлар жоғалған жағдайда, тауарларды кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырған тұлға кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатылады.
134-бап. Кеден қоймасында сақтау кезінде тауарлармен
жүргізілетін операциялар
1. Кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен кеден органының рұқсатымен:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі;
2) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі (ұсақтау, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, оның ішінде акциздiк таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау, тауардың түрін жақсарту жөніндегі операциялар жүргізу);
3) сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу жөніндегі операциялар жүргізілуі мүмкін.
2. Кеден қоймасында тауарлармен жүргізілетін барлық операциялар бұл тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктеу кодының өзгеруіне байланысты сипатын (сапасын) өзгертпеуі тиіс.
3. Тауарларды бір кеден қоймасынан екіншісіне ауыстыруға осы Кодекстің 12-тарауында белгіленген тәртіпте кедендік бақылау жасаумен жол беріледі. Бұл орайда кеден қоймасы кедендік режимінің қолданылуында үзіліс болмайды және тоқтатыла тұрмайды.
4. Кеден қоймасындағы тауарларды не олардың бір бөлігін осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жаңа кеден декларациясын беру шартымен иеліктен шығаруға, оларға қатысты иелену, пайдалану және (немесе) билiк ету құқықтарын беруге жол берiледi.
Ескерту. 134-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 , 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
135-бап. Кеден қоймасы иесінің тауарларды кеден
қоймасына орналастырушы тұлғалармен өзара
қарым-қатынасы
1. Кеден қоймасы иесінің тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлғалармен өзара қарым-қатынасы шарт негізінде құрылады.
2. Тауарларды кеден органы құрылтайшысы болып табылатын кеден қоймасында сақтау үшін осы Кодекстің 296-бабына сәйкес кедендік алым алынады.
3. Кеден органдары құрған кеден қоймаларындағы тауарлар жоғалған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
136-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензия
1. Кеден қоймасын уәкілетті орган берген лицензияны алғаннан кейін қазақстандық тұлға құрады.
2. Егер кеден қоймасын уәкілетті органның шешімі негізінде кеден органдары құратын болса, кеден қоймасын құруға арналған лицензияны алу талап етілмейді.
3. Лицензиялауға байланысты және осы тарауда реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен реттеледі.
4. Кеден органы жұмыс істеп тұрған кеден қоймалары туралы ақпаратты жариялап тұруды қамтамасыз етеді.
137-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияны
алу үшін қажетті құжаттар
1. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияны алу үшін мынадай құжаттар табыс етілуі қажет:
1) белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы тұлғаның өтініші;
2) тіркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
3) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкестікті растайтын құжаттар;
4) лицензияның берілгені үшін алым төлегендігін растайтын құжаттар;
5) тиісті үй-жайларға немесе орындарға қатысты меншік немесе иелік ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
6) кеден қоймасы ретінде мәлімделген үй-жайлар мен аумақтардың жоспарлары, сызбалары;
7) лицензия беру туралы өтініш берген тұлғаның мөрімен расталған қолда бар тиеу-түсіру техникасының және таразы қондырғысының тізбесі;
8) жабық түрдегі кеден қоймасын құру кезінде тауарларды сақтауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі;
9) (алып тасталды - 2005.06.20. N 62 Заңымен)
2. Өтініште және осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында белгіленген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде лицензиат тиісті өзгерістер туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден органын хабардар етеді.
Ескерту. 137-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
138-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияның
қолданылуын тоқтата тұру
1. Кеден қоймасының иесі осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, лицензиясының қолданылуы соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұратын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себебі көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Лицензияның қолданылуы кеден қоймасы иесінің дәлелді өтініші бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім тоқтатыла тұру себебі көрсетіле отырып, орган басшысының бұйрығымен қабылданады.
4. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде тауарларды кеден қоймасына орналастыруға жол берілмейді. Кеден қоймасына лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін орналастырылған тауарлар кедендік бақылаумен басқа кеден қоймасына ауыстырылуы не өзге кедендік режимдерге орналастырылуы тиіс.
5. Лицензияның қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін лицензияның қолданылуын жаңғырту туралы шешім қабылданған күнінен бастап уәкілетті орган басшысының бұйрығымен жаңғыртылады.
139-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензиядан
айыру
Лицензиядан айыру үшін:
1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
2) лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің жойылмауы;
4) соттың лицензиатқа кеден қоймасы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.
Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
140-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияның
қолданылуын тоқтату
1. Кеден қоймасын құруға арналған лицензия:
1) кеден қоймасын құруға арналған лицензиядан айырылған;
2) кеден қоймасы иесінің уәкілетті органға жазбаша өтініш беруімен кеден қоймасының қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі тоқтатылған;
3) кеден қоймасын құруға арналған лицензиясы бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда уәкілетті органның шешімі бойынша өзінің қолданылуын тоқтатады.
2. Кеден қоймасын құруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім, мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Кеден қоймасының қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде кеден қоймасының иесі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
4. Кеден қоймасының қызметін көрсету жөніндегі қызмет тоқтатылған кезде, кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін осы Кодекстің 12-тарауында белгіленген тәртіпте басқа кеден қоймасына ауыстырылуы мүмкін не осы тауарларға қатысты кеден қоймасы кедендік режимінің қолданылуы лицензияның қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде аяқталуы тиіс.
5. Кеден органы құрған кеден қоймасының алдағы уақытта таратылатыны туралы кеден органы тауарларын сақтауға орналастырған тұлғаларды мұндай таратылуға дейін бір айдан кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
6. Кеден органы құрған кеден қоймасының қызмет көрсету жөніндегі қызметінің тоқтатылуына байланысты тауарларды беру кезінде осы кеден органы тауарларды сақтауға орналастырған тұлғаға нақты сақталған мерзімнің тауарлар сақтауға орналастырылған кезде белгіленген мерзімге қатынасына қарай сақтау үшін төленген кедендік алымдар сомаларының бір бөлігін қайтарып береді.
7. Кеден органы құрған кеден қоймасының қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің тоқтатылуына байланысты тұлғада пайда болған шығыстарды кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтейді.
Ескерту. 140-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-тарау. Бажсыз сауда дүкені
141-бап. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимін
тағайындау
Бажсыз сауда дүкені - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим.
142-бап. Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің кедендік
режиміне орналастырудың талаптары
1. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне Қазақстан Республикасына әкелінуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге тыйым салынған, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының аумағында сатылуы шектелген тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар сақталған жағдайда сатылады.
3. Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастыруға жатпайды.
4. Тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 39-тарауында әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.
Ескерту. 142-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
143-бап. Тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес, фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2. Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнайы таңбасы болуы және сату үшін алдын ала оралуы тиіс.
3. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату Қазақстан Республикасының кедендік аумағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдауды орындайтын әуе және теңіз кемелерінің бортында кедендік бақылаумен жүргізіледі.
Ескерту. 143-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
144-бап. Бажсыз сауда дүкеніне түсетін және сатылатын
тауарлар туралы есеп пен есептілік
1. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастырылған тауарлар бажсыз сауда дүкені иесінің міндетті есепке алуына жатады.
2. Бажсыз сауда дүкеніне түсетін және сатылатын тауарлардың есебі мен есептілігі нысанын уәкілетті орган белгілейді . Бұл ретте тауарларды есепке алу міндетті түрде:
1) есеп кітабын;
2) кедендік есеп құжатын жүргізу арқылы жүргізіледі.
Жүктің кедендік декларациясы кедендік есеп құжаты болып табылуы мүмкін.
3. Бажсыз сауда дүкенінің иесі осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген есеп кітабынан өзге, есепке алудың басқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелерін пайдалануға құқылы.
4. Кеден органы бажсыз сауда дүкенінің сауда залдарындағы, қосалқы үй-жайларындағы және қоймасындағы тауарларға түгендеу жүргізуге құқылы. V032319
145-бап. Бажсыз сауда дүкенінің қызметіне
қойылатын біліктілік талаптары
1. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жай мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) ол дүкен иесінің меншігінде болуы не кемінде үш жыл мерзімге жалға алынуы керек;
2) сауда залы жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүрген кезде әкететін тауарларын кедендік ресімдеуді жүргізу үшін белгіленген орыннан тыс жерде болуы тиіс;
3) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес болуы керек.
2. Бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын, сондай-ақ тауарларды сақтауды қамтамасыз ету және тауарларды сатуға әзірлеу (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалары) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған орындар болуы тиіс.
Осы мақсаттар үшін бажсыз сауда дүкенінің аумағында қоршалған орындар:
1) сауда залы (сауда залдары);
2) бажсыз сауда дүкенінің қоймасы (қоймалары) болуы тиіс.
3. Бажсыз сауда дүкенінің сауда залы және қоймасы тек бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі талаптарына ғана сәйкес пайдаланылуға тиіс. Аталған орындарды өзге мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
146-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешім
1. Бажсыз сауда дүкенін қазақстандық тұлға уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осы орган беретін шешімді алғаннан кейін құрады.
2. Уәкілетті орган жұмыс істеп жатқан бажсыз сауда дүкендері туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланып отырып, ақпарат жариялауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 146-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
147-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған
шешімді алу үшін қажетті құжаттар
1. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешімді алу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
1) белгіленген нысан бойынша шешім беру туралы тұлғаның өтініші;
2) тіркеу құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;
3) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкестікті растайтын құжаттар;
4) алып тасталды
5) тиісті үй-жайларға қатысты меншік немесе иелік ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
6) бажсыз сауда дүкені ретінде мәлімделген үй-жайлардың жоспарлары, сызбалары.
2. Өтініште және осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында белгіленген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде, бажсыз сауда дүкенінің иесі тиісті өзгерістер туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден органын хабардар етеді.
Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
148-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешімнің
қолданылуын тоқтата тұру
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі өз міндеттерін және бажсыз сауда дүкенінің қызметіне қойылатын талаптарды орындамаған жағдайларда, шешімнің қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұру кезінде бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне тауарларды орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға дейін бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге орналастырылуға тиіс.
3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін мұндай шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылады.
Ескерту. 148-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
149-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға
арналған шешімді қайтарып алу
1. Шешімді уәкілетті орган:
1) көрінеу жалған мәліметтер берілген;
2) бажсыз сауда дүкенінің иесі шешімдегі талаптарды орындамаған;
3) шешімнің қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептері жойылмаған;
4) сот бажсыз сауда дүкенінің иесіне бажсыз сауда дүкені қызметін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салған жағдайларда қайтарып алуы мүмкін.
2. Қайтарып алу туралы шешім, мұндай шешім негізделе отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. алып тасталды
4. Шешімді қайтарып алу уәкілетті орган басшысының қайтарып алу туралы бұйрығы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады.
5. Шешім қайтарып алынған жағдайда, бажсыз сауда дүкенінің иесі қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей шешімді уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
6. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешімді беру туралы қайталама өтініш оны қайтарып алуға негіз болған себептер жойылған жағдайда, белгіленген тәртіппен қаралуы мүмкін.
Ескерту. 149-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
150-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған
шешімнің қолданылуын тоқтату
1. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешім:
1) шешім қайтарып алынған;
2) бажсыз сауда дүкенінің қызметі бажсыз сауда дүкені иесінің уәкілетті органға жазбаша өтініш беруімен тоқтатылған;
3) бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешімі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда уәкілетті органның шешімі бойынша өзінің қолданылуын тоқтатады.
2. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім, мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Бажсыз сауда дүкенінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде бажсыз сауда дүкенінің иесі күнтізбелік он бес күн ішінде шешімді уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
4. Бажсыз сауда дүкенінің қызметі тоқтатылған кезде бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін орналастырылған тауарлар, шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзге кедендік режимге орналастырылуға жатады.
5. Бажсыз сауда дүкенінің иесі бажсыз сауда дүкенінің қызметін тоқтату туралы хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей кеден органына осы Кодекстің 144-бабына сәйкес тауарлар туралы есептілікті беруге міндетті.
6. Бажсыз сауда дүкенінің қызметі тоқтатылған кезде бажсыз сауда дүкенінің иесі есеп табыс еткеннен кейін кеден органы күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей тауарларға түгендеу жүргізеді.
Ескерту. 150-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
151-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері
Бажсыз сауда дүкенінің иесі:
1) бажсыз сауда дүкенінің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтауға;
2) бажсыз сауда дүкенінің үй-жайында орналасқан тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) қоймаларда, қосалқы үй-жайларда орналасқан тауарларға бөгде адамдардың қолжетімділігін болдырмауға;
4) сауда залдарына Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғалардың ғана кіруін қамтамасыз етуге;
5) түсетін және сатылатын тауарлардың осы Кодекстің 144-бабына сәйкес есебін жүргізуге және кеден органдарына олар туралы есептілікті табыс етуге;
6) шетелдік тауарлар жоғалған не олар бажсыз сауда дүкенінде сатудан өзгеше мақсаттарда пайдаланылған жағдайда кедендік баждар және салықтар төлеуге міндетті.
20-тарау. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу
152-бап. Тауарларды кедендік аумақта кедендік
қайта өңдеу режимін тағайындау
1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
2. Осы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
153-бап. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта
өңдеу режиміне тауарларды орналастыру
талаптары
1. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) осы Кодекстің 157-бабында белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік режим осы Кодекстің 160-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
3. Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін осы Кодекстің 374-бабына сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тұлға мәлімдеуі мүмкін.
4. Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
154-бап. Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел
тауарларын бірдейлендіру
1. Әкелінген тауарларды қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында мынадай тәсілдердің бірін пайдалана отырып қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіру жүргізіледі:
1) тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген қорытындыда аталмаған тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол бермеу мақсатында, белгілі бір технологиялық операцияларды орындайтын қойма үй-жайларына, технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз етуді орнату;
2) декларанттың, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге арналған шетел және (немесе) қазақстандық бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және басқа да таңбаларды қоюы;
3) өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар және жинақтаушы заттар туралы мәліметтерді қоса алғанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;
4) қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;
5) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру;
6) тауарлардағы (двигательдердің, шанақ бөлшектерінің және басқаларының) зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.
2. Егер:
1) қайта өңдеу үшін өндірістің үздіксіз циклына жататын технологиялық процесс пайдаланылса;
2) қайта өңдеуші Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеудің ұқсас өнімдерін өндіруді болдырмайтын бірегей технологиялық процесті пайдаланса, қайта өңдеу өнімдеріндегі тауарларды бірдейлендіру талап етілмейді.
Аталған технологиялық процестердің тізбесін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
155-бап. Кедендік аумақтағы тауарларды қайта
өңдеу жөніндегі операциялар
1. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын кезде, шетел тауарлары қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып жеке сипатын жоғалтатын, тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;
2) әкелінген тауарлардың негізгі сипаттамасы сақталатын монтаждау, жинау мен шақтауды қоса алғанда, тауарларды дайындауды;
3) тауарды, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, жөндеуді;
4) егер бұл тауарлар қайта өңдеу процесінде толық немесе ішінара тұтынылса да, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдемдесетін немесе оны жеңілдететін тауарларды шикізат ретінде пайдалануды қамтиды. Бұл операция осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген операциялардың біреуімен бір мезгілде орындалуы тиіс.
2. Тауарларды қайта өңдеу операцияларына:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі, сатуға және тасымалдауға даярлау жөніндегі операциялар;
2) төл алу, малдарды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
3) ағаштар мен өсімдіктер өсіру;
4) пайдалы қазбаларды өндіру;
5) балықты, шаян тәріздестер мен моллюскілерді аулау;
6) аңшылық;
7) саңырауқұлақтар мен өсімдіктер жинау;
8) ақпаратты, дыбыс- және бейне жазбаларды ақпарат жеткізуші көздердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;
9) шетел тауарларын технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдық, станоктар, тетіктер және басқаларын) пайдалану жатпайды.
156-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің
мерзімдері
1. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген, бірақ тауарлар кедендік режимге орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Қайта өңдеу мерзімін декларант немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға белгілейді және ол:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнімдерін нақты әкету үшін қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін үш жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнiнен кешіктірмей, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудың орындылығы туралы қорытындысын қоса тіркеп, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
4. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиіс.
5. Егер мерзімді мұндай ұзартуды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган орынсыз деп таныған жағдайда, сондай-ақ декларант кедендік ережелерді бұзған жағдайда, қайта өңдеудің мерзімін ұлғайтудан бас тартылуы мүмкін.
6. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
7. Қайта өңдеу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады.
Ескерту. 156-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
157-бап. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның
тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу
талаптары туралы қорытындысы
Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның кеден аумағындағы тауарларды қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктемесі, олардың саны және құны;
2) шарттардың (келісім шарттардың) және олардың негізінде тауардың өңдеуі жүргізілетін басқа да құжаттардың күні мен нөмірі, өңдеудің өндірістік процесінің мерзімі;
3) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы;
4) қайта өңдеудің сипаты;
5) бірдейлендіру тәсілдері;
6) қайта өңдеуді жүзеге асыратын декларант пен тұлға туралы мәліметтер;
7) қалдықтар мен артық қалдықтарды пайдалану мүмкіндігі.
Әкету кезінде тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және (немесе) кеден баждары өндіріп алынатын қазақстандық тауарлар пайдаланылған жағдайда тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысында олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атаулары, тауарлардың жіктемесі, саны және құны көрсетілуі тиіс.
Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді .
Ескерту. 157-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
158-бап. Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу
өнімдерінің шығарылу нормасы
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп қайта өңдеу процесінде абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.
2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағында әкелінген тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
159-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу
нәтижесінде алынған қалдықтар мен артық
қалдықтар
Өңделмей әкелінген шетелдік тауарлардың қалдықтары мен қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар, аталған қалдықтар мен артық қалдықтар оларды одан әрі пайдалануға жарамсыз күйде өңделген жағдайды қоспағанда, өзге кедендік режимге орналастыруға жатады.
160-бап. Балама тауарлар
1. Кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын тұлғаның жазбаша өтініші бойынша балама тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
2. Өзінің сипаты, сапасы және техникалық сипаттамалары бойынша шетел тауарларымен сәйкес келетін қазақстандық тауарлар балама тауарлар ретінде түсініледі.
3. Балама тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдер осы тараудың ережелеріне сәйкес шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдері ретінде қаралады.
4. Балама тауарлар - шетел тауарларының мәртебесін, ал оларды ауыстырған тауарлар - қазақстандық тауарлар мәртебесін алады.
Ескерту. 160-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
161-бап. Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеу
кезіндегі кедендік бақылау ерекшеліктері
1. Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін қолдануға кедендік бақылауды өзінің қызмет аймағында тауарларды қайта өңдеу жүзеге асырылатын кеден органы жүзеге асырады.
2. Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастырған тұлға қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде кеден органына кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін пайдаланғандығы туралы толық есеп беруге міндетті. Есеп беру нысанын уәкілетті орган белгілейді .
3. Қайта өңдеу өнімдерін дайындау кезіндегі өндірістік процесс нәтижесінде құралатын өндірістік шығындар кедендік ресімдеуге жатпайды.
162-бап. Қайта өңдеу өнімдеріне кедендік баждарды,
салықтарды және тарифтік емес реттеу
шараларын қолдану
Шетел тауарларының қайта өңдеу өнімдері әкетілімдік кеден баждарынан босатылады. Аталған өнімдерге тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
Қайта өңдеу өнімдерін еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне орналастырған жағдайда, кедендік баждар және салықтар, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қайта өңдеу өнімдеріне қолданылады.
Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.
Ескерту. 162-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
163-бап. Кедендік аумақта тауарларды кедендік
қайта өңдеу режимін аяқтау
1. Осы Кодекстің 156-бабына сәйкес белгіленген кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімінің аяқталу күнінен кешіктірілмей, қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілуі немесе өзге кедендік режимге мәлімделуі тиіс.
2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін қайта өңдеу өнімдерін кедендік ресімдеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Егер қайта өңдеу өнімдері кедендік аумақтан тысқары жерлерге бірнеше лекпен әкетілсе, қайта өңдеу өнімдері санының сәйкестігін түпкілікті салыстыра тексеру қайта өңдеу өнімдерін әкетуден кейін мезгіл-мезгіл, бірақ үш айда бір реттен жиі емес және тауарлардың соңғы легін әкеткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүргізілуі мүмкін.
4. Кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимінде мәлімделген шетелдік тауарлар, оның ішінде оларды қайта өңдеу өнімдері осы режимнің талаптарын сақтау шартымен өзге кедендік режимге орналастырылуы мүмкін. Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимінің қолданылуы осы Кодекске сәйкес аталған кедендік режимнің қолданылу мерзіміне аяқталады.
21-тарау. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу
164-бап. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта
өңдеудің кедендік режимін тағайындау
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу - қайта өңдеу өнімдерін тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне кейіннен орналастыра отырып, кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік бақылаумен кедендік аумақта шетел тауарлары қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырайтын кедендік режим.
165-бап. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің
кедендік режиміне тауарларды орналастыру
талаптары
1. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастыруға:
1) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің талаптары туралы осы Кодекстің 168-бабында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган қорытындысы ұсынылған;
2) кеден органдары шетел тауарларының қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген;
3) кедендік бақылаудан тыс, тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерін алып қою мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуді, кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды, тауарларға кеден органдарының қол-жетімділігін қамтамасыз етуді, тауарларды есепке алу және олармен операцияларды жүргізуді, сондай-ақ есептілік беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын орындау қамтамасыз етілген;
4) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жағдайдағы қалпына келтіру мүмкін болмаған;
5) қайта өңдеу жөніндегі операцияны тікелей жүзеге асыратын тұлға тауарларды қайта өңдеу үшін әкелген жағдайда жол беріледі.
2. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимін осы Кодекстің 374-бабына сәйкес декларант ретінде өкілдік ете алатын тұлға мәлімдеуі мүмкін.
3. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне бұрын өзге кедендік режимдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырыла алады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды еркін айналыс үшін кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлар тізбесін белгілейді .
166-бап. Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел
тауарларын бірдейлендіру
Шетел тауарларын еркін айналыс үшін қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында осы Кодекстің 154-бабына сәйкес бір немесе бірнеше тәсілді пайдалана отырып, қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру жүргізіледі.
167-бап. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар
1. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып, шетел тауарлары жеке сипатын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;
2) әкелінген тауарлардың негізгі сипаты сақталатын монтаждау, жинау және шақтауды қоса алғанда тауарларды дайындауды;
3) қайта өңдеу процесінде бұл тауарлар толық немесе ішінара тұтынылған жағдайларда, қайта өңдеу өнімдерінің өндірісіне жәрдемдесетін немесе оны жеңілдететін тауарларды шикізат ретінде пайдалануды қамтиды.
Аталған операция осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілгендердің біреуімен бір мезгілде орындалуы тиіс.
2. Тауарларды қайта өңдеу операцияларына:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі, сатуға және тасымалдауға даярлау жөніндегі операциялар;
2) төл алу, малдарды, құстарды, балықтарды өсіру және бордақылау, сондай-ақ шаян тәріздестер мен моллюскілерді өсіру;
3) ағаштар мен өсімдіктер өсіру;
4) пайдалы қазбаларды өндіру;
5) балықты, шаян тәріздестер мен моллюскілерді аулау;
6) аңшылық;
7) саңырауқұлақтар мен өсімдіктер жинау;
8) ақпаратты, дыбыс- және бейне жазбаларды ақпарат жеткізуші көздердің кез келген түрлеріне көшіру және көбейту;
9) шетел тауарларын технологиялық процесте көмекші құралдар ретінде (жабдық, станоктар, тетіктер және басқаларын) пайдалану жатпайды.
168-бап. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның
тауарларды Еркін айналыс үшін қайта өңдеу
талаптары туралы қорытындысы
Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның еркін айналыс үшін қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
1) тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктемесі, олардың саны және құны;
2) қайта өңдеу шартының (келісім-шартының) күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;
3) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы;
4) қайта өңдеудің сипаты;
5) бірдейлендіру тәсілдері;
6) қайта өңдеуді жүзеге асыратын декларант пен тұлға туралы мәліметтер.
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді .
169-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
1. Шығарылу нормасы деп абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста қайта өңдеу процесінде пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.
2. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
170-бап. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта
өңдеу мерзімі
1. Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін, бірақ кедендік режимге тауарларды орналастырған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Қайта өңдеу мерзімін декларант немесе қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға белгілейді және ол:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ұзақтығын;
2) еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне қайта өңдеу өнімдерін орналастыруға қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін бір жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органына растаушы құжаттарды қоса тіркеп, мұндай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
4. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиіс.
5. Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
6. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудан бас тартылған жағдайда еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады, ал алынған қайта өңдеу өнімдері еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне орналастыруға жатады.
Ескерту. 170-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
171-бап. Қайта өңдеу нәтижесінде алынған
қалдықтар мен артық қалдықтар
Қайта өңделмеген шетелдік тауарлардың қалдықтары, сондай-ақ қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған артық қалдықтар, аталған қалдықтар мен артық қалдықтар оларды одан әрі пайдалануға жарамсыз күйінде қайта өңделген жағдайды қоспағанда, осындай қалпында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген шетел тауарлары ретінде кедендік бақылауға және кедендік ресімдеуге жатады.
172-бап. Еркін айналыс үшін тауарларды қайта
өңдеудің кедендік режимін аяқтау
Еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне қайта өңдеу өнімдерін орналастырумен аяқталады. Қайта өңдеу өнімдерін еркін айналыс үшін шығару кезінде кедендік баждар және салықтар қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкаларды негізге ала отырып есептеледі. Қайта өңдеу өнімдерінің құны мен мөлшері оларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне өтініш берген күнге орай белгіленеді.
Бұл ретте тауарды қайта өңдеу өнімдерінің кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.
Ескерту. 172-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-тарау. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
173-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік
қайта өңдеу режимін тағайындау
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу - экспорттық бақылау шараларын қоспағанда, қазақстандық тауарларды тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кедендік баждардан және салықтардан толық немесе ішінара босата отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және оларды кейіннен әкелу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкетуге және пайдалануға арналған кедендік режим. P080070
Осы тарауда белгіленген жағдайларда тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған қазақстандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
174-бап. Кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу
режиміне тауарларды орналастыру талаптары
1. Кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы осы Кодекстің 177-бабында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) осы Кодекстің 179 және 180-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 181-бабына сәйкес кеден органдарының қайта өңдеу өнімдеріндегі қазақстандық тауарларды бірдейлендіргенде;
3) әкетілімдік кеден баждарын төлеу қамтамасыз етілгенде жол беріледі.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін осы Кодекстің 374-бабына сәйкес декларант ретінде өкілдік етуге құқылы тұлға мәлімдеуі мүмкін.
3. Кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі мынандай жағдайларда:
1) белгіленген шектеулерді, талаптарды немесе шарттарды сақтау міндеттемесімен ұштасқан кедендік баждардан және (немесе) салықтардан босатыла отырып еркін айналысқа бұрын шығарылған тауарлар үшін - тауарларды жөндеуге әкетуді қоспағанда, осындай шектеулер, талаптар мен шарттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін;
2) егер тауарлар сатып алу-сату шарты бойынша әкетілсе;
3) осы Кодекстің 179 және 180-баптарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер қайта өңдеу өнімдері әкетілген тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде құралғандығын белгілеу мүмкін болмаса, пайдаланылмайды.
Ескерту. 174-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
175-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс
қайта өңдеу жөніндегі операциялар
1. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар:
1) бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын кезде қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген тауарларды бірдейлендіруге мүмкіндік беретін қазақстандық тауарлар қайта өңдеу өнімдеріндегі сипаттамаларды сақтай отырып жеке сипатын жоғалтатын тауарларды қайта өңдеуді немесе өңдеуді;
2) әкетілген тауарлардың негізгі сипаты сақталатын монтаждау, жинау және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындауды (өңдеуді);
3) зақымданған немесе тозған тауарларды қайта өңдеу үшін қалпына келтіру немесе ауыстыру жүргізілетін қалпына келтіруді қоса алғанда, тауарды жөндеуді, кінәрат бойынша ақауды жоюды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға шектеулер белгілеуге құқылы.
176-бап. Тауарларды кедендік аумақтан
тыс қайта өңдеу мерзімі
1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін, бірақ тауарларды кедендік режимге орналастырған күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Қайта өңдеу мерзімін декларант белгілейді және ол:
1) тауарларды қайта өңдеудің тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қайта өңдеу өнімдерін нақты әкелу үшін қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін екі жыл шегінде ұлғайту туралы мәселені шешу үшін декларант қайта өңдеу мерзімінің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, кеден органына растаушы құжаттарды қоса тіркеп, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш береді.
4. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы өтінішті қарау мерзімі өтінішті алған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиіс.
5. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұлғайту туралы кеден органының шешімі өтініш берушінің назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
6. Қайта өңдеу мерзімін ұлғайтудан бас тартылған жағдайда тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге мәлімделуге жатады.
Ескерту. 176-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
177-бап. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның
тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта
өңдеу талаптары туралы қорытындысы
Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы қорытындысында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес атауы, жіктемесі, олардың саны және құны;
2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісім-шарттың) күні мен нөмірі, қайта өңдеудің мерзімі;
3) қайта өңдеу өнімінің шығарылу нормалары;
4) қайта өңдеу сипаты;
5) бірдейлендіру тәсілдері;
6) қайта өңдеуді жүзеге асыратын декларант пен тұлға туралы мәліметтер.
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы қорытындының нысанын тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді .
178-бап. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары
1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп қайта өңдеу процесінде абсолюттік мәнде немесе проценттік қатынаста пайдаланылатын тауарлар санының бір бірлігінен өндірістік процеске сәйкес алынатын қайта өңдеу өнімдерінің саны түсініледі.
2. Әкетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормаларын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
179-бап. Қайта өңдеу өнімдерін шетел тауарларымен
ауыстыру
Егер олар өз сипаты, саны, құны, сапасы мен техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдерімен сәйкес келсе, тұлғаның дәлелді сұратуы бойынша уәкілетті органның рұқсатымен қайта өңдеу өнімдерін шетел тауарларымен ауыстыруға жол беріледі.
180-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта
өңдеудің кедендік режимінде тауарларды
жөндеу кезіндегі қайта өңдеу өнімдерін
ауыстыру тәртібі
1. Тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға қайта өңдеу өнімдерін ауыстыратын тауарлар кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне сәйкес жөндеуге арналған тауарларға қатысты алғанда ұқсас немесе біртекті болып табылған жағдайда жол беріледі. Бұл ретте тауарлардың ауыстыратын бөліктері жаңа да, бұрын қолданылған да болуы мүмкін.
2. Мұндай жөндеу алынған өнімге бастапқы өнімнен елеулі айырмашылығы бар сипат беретін болса, тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыруға жол берілмейді.
3. Тауарларды жөндеу кезінде қайта өңдеу өнімдерін ауыстыру үшін шарттың (келісім-шарттың) тиісті ережелері мен тауарларды жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаның кепілдік міндеттемелері негіз болып табылады.
181-бап. Қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген
тауарларды бірдейлендіру
1. Әкетілген тауарларды қайта өңдеу фактісін анықтау мақсатында мынадай тәсілдердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана отырып, қайта өңдеу өнімдеріндегі әкетілген тауарларға бірдейлендіру жүргізіледі:
1) өтініш берушінің, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге әкетілетін бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және (немесе) өзге де таңбаларды қоюы;
2) қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;
3) қайта өңдеуге арналған тауарларды суретке түсіру, ауқымында бейнелеу;
4) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру;
5) тауарлардағы (двигательдердегі, шанақ бөлшектеріндегі және басқаларындағы) зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.
2. Егер қайта өңдеу үшін өндірістің үздіксіз циклына жататын технологиялық процесс пайдаланылса, қайта өңдеу өнімдеріндегі тауарларды бірдейлендіру талап етілмейді.
182-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта
өңдеудің кедендік режимімен орналастыруға
тыйым салынатын тауарлар
Қайта өңдеудің нәтижесінде қайта өңдеу өнімдері ретінде алынуы мүмкін:
1) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 2203-2206, 2208 болып жіктелетін алкогольдік ішімдіктерді;
2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 2402 және 2403 болып жіктелетін темекі өнімдерін;
3) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша 42-топта жіктелетін табиғи теріден жасалған бұйымдарды;
4) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 7113-7116 болып жіктелетін зергерлік бұйымдарды, алтын және күміс істері шеберлерінің бұйымдарын тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыруға тыйым салынатын тауарлардың қосымша тізбесін белгілеуге құқылы.
183-бап. Кедендік баждарды және салықтарды қолдану
Егер қайта өңдеудің мақсаты әкетілген тауарларды кепілді (өтеусіз) жөндеу болса, кедендік баждарды және салықтарды төлеуден толық босату қайта өңдеу өнімдеріне қатысты беріледі.
Кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату әкетілген тауардың өтеулі жөндеуі кезінде немесе қайта өңдеу бойынша өзге де операцияларды жүзеге асыру кезінде беріледі.
Есеп-қисап кезінде кедендік баждардың және салықтардың адвалорлық ставкалары қолданылған жағдайда әкелінген қайта өңдеу өнімдері бойынша кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде тауарларды қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операциялардың құны алынады.
Кедендік баждардың және салықтардың арнайы ставкаларын қолдану кезінде тауарларды қайта өңдеу (жөндеу) жөніндегі операциялардың құнына барабар болатын өлшеу бірліктерінде көрінетін қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері есеп-қисап үшін негіздеме болып табылады.
Кедендік баждардың және салықтардың сомасы қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын кедендік баждардың және салықтардың ставкаларын негізге ала отырып айқындалады.
184-бап. Әкетілімдік кедендік баждарды төлеуді
қамтамасыз етудің қолданылуын тоқтату
1. Осы Кодекс ережелері сақталған жағдайда қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждарды және салықтарды қамтамасыз ету өз қолданылуын тоқтатады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қайта өңдеу өнімдері қайтарылмаған кезде әкетілімдік кедендік баждар белгіленген тәртіппен алынады.
185-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу
кезіндегі кедендік бақылаудың ерекшеліктері
1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін қолдануға кедендік бақылауды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу үшін тауарларды әкетудің кедендік ресімдеуін жүзеге асырған кеден органы жүргізеді.
2. Кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастырған тұлға қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде кеден органына Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимін қолдану туралы толық есептілікті кедендік жүк декларацияларының көшірмелерімен бірге табыс етуге міндетті. Есептіліктің нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді .
186-бап. Қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларды не
қайта өңдеу өнімдерін қайтармау
Қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларды не қайта өңдеу өнімдерін белгіленген мерзімдерде қайтармау мынадай жағдайларда:
1) аварияның немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан тауарлар не қайта өңдеу өнімдері жойылғанда немесе қайтарымсыз жоғалғанда;
2) тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозуға немесе табиғи кемуге байланысты жетіспегенде;
3) шет мемлекеттің мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққанда ғана мүмкін болады.
187-бап. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта
өңдеудің кедендік режимін аяқтау
1. Қайта өңдеу өнімдері осы Кодекстің 176-бабына сәйкес белгіленген тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімінің аяқталу күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінуге немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне орналастырылуға тиіс. Кедендік ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды .
2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін өзгертуге тауарларды немесе қайта өңдеу өнімдерін кеден органына нақты табыс етпестен жол беріледі.
3. Қайта өңделмеген тауарлардың қалдықтары мен қайта өңдеу нәтижесiнде пайда болған қоқыстары керi әкетiлуге не экспорттың кедендiк режиміне орналастырылуға жатады.
Ескерту. 187-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын
уақытша әкелу
188-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша
әкелудің кедендік режимін тағайындау
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу - шетелдік тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағында, тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатыла отырып пайдаланылатын, тауарлар мен көлік құралдары кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін кездегі кедендік режим.
189-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша
әкелудің кедендік режиміне тауарлар
мен көлік құралдарын орналастыру талаптары
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне тауарлар мен көлік құралдары:
1) тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру қамтамасыз етілген;
2) уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету туралы міндеттеме берілген;
3) осы Кодекстің 191-бабына сәйкес кедендік баждар және салықтар төленген жағдайларда орналастырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне:
1) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы заттарды (олар уақытша әкелінген көлік құралдарына арналмаған жағдайда), шығыс материалдарын және үлгілерді, шикізатты, жартылай фабрикаттарды;
2) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, алкоголь, темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
3) өндіріс қалдықтарын;
4) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
190-бап. Уақытша әкелінген тауарларды пайдалану
және оларға билік ету жөніндегі шектеулер
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында уақытша әкелінген тауарды басқа тұлғаға пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға бұл тұлға кедендік режимді мәлімдеген тұлғаның міндеттемелерін өзіне қабылдаған жағдайда жол беріледі.
1-1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушы уақытша әкелінген тауарды басқа тұлғаға пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы берілген және (немесе) әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан жағдайда жол беріледі.
2. Уақытша әкелінген тауарлар, тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайларында табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан өзгеруін қоспағанда, өзгеріссіз қалпында қалуға тиіс. Тауарларды кері әкету кезінде кеден органы оларды бірдейлендіруді қамтамасыз еткен жағдайда, ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты жағдайда ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға жол беріледі.
Ескерту. 190-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
191-бап. Тауарларды уақытша әкелу кезінде кедендік
баждарды және салықтарды қолдану
1. Кедендік баждар және салықтар төлеуден толық босатыла отырып уақытша әкелінетін тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген лизинг нысаналары Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңдарының талаптары сақталған жағдайда кедендік баждарды және салықтарды төлеуден толық босатылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тізбелерге енгізілмеген тауарларға қатысты кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату қолданылады. Тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағында болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату кезінде тауарлар еркін айналыс үшін шығарылғандағы төленуге тиіс соманың үш проценті төленеді.
4. Ішінара босату кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың және салықтардың сомасын есептеу кеден декларациясын тіркеу күніне орайлас келісім-шарт валютасымен жүргізіледі. Кедендік баждардың және салықтардың сомасын төлеу кезеңділігін декларант белгілейді. Бұл ретте кедендік баждар және салықтар сомасын төлеудің нақты мерзімдері бұл соманы төлеудің тиісті кезеңі басталғанға дейін жүргізілуге тиіс екендігіне орай белгіленеді.
5. Уақытша әкелінген тауарлар еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режиміне орналастырылған жағдайда кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату кезінде төленген кедендік баждардың және салықтардың сомасы еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режиміне сәйкес төленуге жататын кедендік баждардың және салықтардың сомасына есепке жатқызылады.
6. Осы Кодекстің 190-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген кедендік баждардың және салықтардың сомасын уақытша әкелінген тауарларға қатысты құқықтық мирасқор болып табылатын тұлға төлеген болып саналады.
7. Кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босата отырып, тауарларды уақытша әкелу кезінде алынатын кедендік баждардың және салықтардың жалпы сомасы тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне орналастырған кезде тауарлар еркін айналыс үшін шығарылғандағы төленуге тиіс кедендік баждардың және салықтардың сомасынан аспауға тиіс.
8. Тауарларды өзге кедендік режимдерге орналастырған жағдайда кедендік баждарды және салықтарды төлеуден ішінара босату кезінде төленген кедендік баждардың және салықтардың сомасы қайтарылуға жатпайды.
192-бап. Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері
1. Тауарды уақытша әкелу мерзімдерін декларант мұндай әкелудің мақсаттары мен мән-жайларына сәйкес белгілейді, бірақ оны осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкелудiң кедендiк режимiне орналастыру күнінен бастап үш жылдан асыруға болмайды.
Декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкелу мерзімдерін кеден органы ұзартуы мүмкін. Декларант тауарларды уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту туралы мәселені шешу үшін аталған мерзімдердің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органына растаушы құжаттарын қоса тіркеп, мұндай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш табыс етеді. Тауарларды уақытша әкелу мерзiмiн ұзарту туралы өтінiшті қарау мерзiмi өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс.
Тауарларды уақытша әкелудің мерзімдерін ұзарту кезінде кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар алынбайды, кедендік декларация берілмейді.
Кеден органының уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы шешімі декларантқа жазбаша нысанда беріледі, шешімнің екінші данасы кедендік жүк декларациясымен бірге кеден органында сақталады.
Тауарларды уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде декларант кедендік тексеріп қарау үшін кеден органына осы тауарларды, ал тауарлар кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, өздері тұрған қызмет аймағында тауарлардың бар-жоғы және өзгеріссіз қалыпта тұрғандығы туралы кеден органының қорытындысын ұсынуға міндетті.
2. Осы Кодекстің 190-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда уақытша әкелу мерзімі Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды нақты әкелу кезінен бастап есептеледі. Уақытша әкелу мерзімдерін үш жылдан аса уақытқа өзгерту осы баптың 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 191-бабында аталған тізбеге енгізілген лизинг нысаналары үшін тауарларды уақытша әкелу мерзімдері лизинг шартының талаптарына сәйкес белгіленеді. Аталған лизинг нысаналары үшін уақытша әкелу мерзімдерін кеден органдары Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңдарының талаптары сақталған жағдайда лизинг шартына ұсынылып, енгізілген өзгерістер негізінде лизинг нысанасын уақытша әкелген тұлға жүгінген жағдайда өзгертеді.
4. Шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың қызметкерлерінің ресми және жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларды олардың Қазақстан Республикасында аккредиттелуінің бүкіл мерзіміне Қазақстан Республикасына уақытша әкелуге жол беріледі.
Ескерту. 192-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
193-бап. Уақытша әкелінген тауарларды кедендік
бақылаудың ерекшеліктері
1. Уақытша әкелінген тауарларды кедендік бақылауды уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүргізген кеден органы жүзеге асырады.
2. Уақытша әкелінген тауарларды уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органы қызметінің аймағынан басқа кеден органы қызметінің аймағына үш айға және одан астам мерзімге өткізу жағдайында тауарды уақытша әкелген тұлға уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органын басқа кеден органы қызметінің аймағына оны әкету ниеті туралы хабардар етуге тиіс.
Хабарлама тауарлардың межелі орнын және уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс жерде орналасу мерзімін көрсете отырып еркін нысанда жазбаша жүргізіледі. Ұқсас хабарлама өз қызметі аймағына уақытша әкелінген тауарлардың өткізілуі жүргізілетін кеден органына беріледі.
3. Тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кері әкетілген жағдайда уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс кедендік ресімдеу уақытша әкелінген тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырған кеден органының уақытша әкелінген тауарларға қатысты кедендік баждар және салықтар бойынша берешегі жоқтығы туралы растауы болған жағдайда жүргізіледі.
Тауарларды кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін және оларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге нақты әкеткеннен кейін кедендік ресімдеуді жүзеге асырушы кеден органы уақытша әкелінген тауарлардың кедендік ресімделуін жүзеге асырған кеден органын бұл туралы хабардар етеді.
4. Осы Кодекстің 190-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жаңа кедендік декларацияны ресімдеуді ресімдеу кезінде қызметі аймағына тауарлар орналасқан кеден органында, уақытша әкелінген тауарларға қатысты құқықтық мирасқор болып табылатын тұлға жүргізеді. Уақытша әкелінген тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының уақытша әкелінген тауарларға қатысты кедендік баждар және салықтар бойынша берешегі жоқтығы туралы растауы мұндай ресімдеудің міндетті шарты болып табылады.
Жаңа кедендік декларация уақытша әкелінген тауарды пайдалану және (немесе) оған билiк ету не иеліктен шығару құқықтары берiлген күннен бастап күнтiзбелік он бес күннен кешіктірiлмей берiледi.
Жаңа кедендік декларацияны ресімдеу жүргізілген кеден органы уақытша әкелінген тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органына оның көшірмесін бақылаудан алып тастау үшін жібереді және одан кейін мұндай бақылауды өз бетімен жүзеге асырады.
Ескерту. 193-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
194-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша
әкелудің кедендік режимін қолдануды
аяқтау және тоқтата тұру
1. Декларант белгілеген тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімінің өтуінен кешіктірмей тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкетілуге не осы Кодекске сәйкес өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс. Уақытша әкелінген тауарлар мен көлік құралдарының кері әкетілуі не бір немесе бірнеше лекпен өзге кедендік режимге мәлімделуі мүмкін.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі уақытша әкелінген тауарларды әкету жолымен аяқталған жағдайда, уақытша әкелінген тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілгенін растайтын тауарларды жеткізуді бақылау құжаты мұндай аяқтауды растау болып табылады.
3. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі еркін айналыc үшін тауарларды шығарудың кедендік режиміне тауарларды орналастырумен аяқталуы мүмкін. Бұл ретте кедендік баждардың және салықтардың сомасын есептеу келісім-шарт валютасында жүргізіледі. Еркін айналыс үшін тауарларды шығару кезінде тауарларды уақытша әкелудің кедендік режиміне тауарлар мәлімделген күнгі тауарлардың кедендік құны мен саны, ал кедендік баждардың және салықтардың ставкалары - еркін айналыс үшін тауарларды шығарудың кедендік режимінің талаптарына сәйкес кедендік декларацияны тіркеу күніне қолданылады.
4. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимінің қолданылуы:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уақытша әкелінген тауарлар мен көлік құралдарына тыйым салу немесе оларды алып қою кезінде;
2) декларанттың өтініші бойынша уақытша әкелінген тауарларды кеден қоймасының кедендік режимінің шарттарына сәйкес кеден қоймасына орналастыру кезінде тоқтатыла тұрады.
5. Бұрын тауарларды уақытша әкелудің кедендік режиміне орналастырылған тауарларды оларды осы режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағында одан әрі пайдалану мақсатымен кеден қоймасынан шығару кезінде уақытша әкелу мерзімінің өту ағымы жаңартылады.
Бұл ретте кеден қоймасы режимін аяқтау және тауарларды уақытша әкелу мерзімін жаңарту үшін пайдаланылмаған мерзімге жаңа кедендік жүк декларациясы ресімделеді.
Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
195-бап. Көлік құралдарын тауарлар мен көлік
құралдарын уақытша әкелудің кедендік
режиміне орналастырудың ерекшеліктері
Көлік құралдарын тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне орналастырудың ерекшеліктері, уақытша әкелінген көлік құралдарын пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, кедендік баждарды қолдану, уақытша әкелудің мерзімдері, көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің ерекшеліктері, сондай-ақ кедендік режимді аяқтау осы Кодекстің 33-тарауында белгіленеді.
196-бап. Уақытша әкелінген тауарлар мен көлік
құралдарын әкетпеу
Уақытша әкелінген тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген мерзімдерде әкетпеу тауарлар мен көлік құралдары аварияның немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылған немесе қайтарымсыз жоғалған не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан иеліктен шыққан жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл фактілер бойынша декларант тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген растау құжатын табыс етуге тиіс.
24-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын
уақытша әкету
197-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша
әкетудің кедендік режимін тағайындау
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету - қазақстандық тауарлар мен көлік құралдары кедендік әкету баждарын төлеуден толық немесе ішінара босатыла отырып, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарлар мен көлік құралдарын кейіннен әкеле отырып Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тыс жерлерде пайдаланылатын кедендік режим.
198-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын тауарлар мен
көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік
режиміне орналастыру жағдайлары
1. Тауарлар мен көлік құралдары тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне:
1) тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру қамтамасыз етілген;
2) тауарлар мен көлік құралдарын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қайта әкелу туралы міндеттеме берілген;
3) осы Кодекстің 200-бабына сәйкес кедендік баждар төленген жағдайда орналастырылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне:
1) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкетуді қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдарды (олар уақытша әкетілген көлік құралдарына арналмаған жағдайда), шығыс материалдары мен үлгілерін, шикізатты, жартылай фабрикаттарды;
2) жекелеген даналарын жарнама және (немесе) көрсету мақсатында уақытша әкетуді қоспағанда, алкоголь, темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерін, сусындарды;
3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасының ережелері олардың жай-күйінің өзгермеуін анықтау үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растайтын баламалылықты сақтау өлшемдері қолданылуға тиіс бастапқы және бөлінетін радиоактивті материалдарды уақытша әкету жағдайларына қолданылмайды.
199-бап. Уақытша әкетілген тауарларды пайдалану
және оларға билік ету жөніндегі шектеулер
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің режимі аяқталғанға дейін басқа тұлғаға уақытша әкетілген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын беруге не иеліктен шығаруға бұл тұлға тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режимін мәлімдеген тұлғаның міндеттемелерін өзіне қабылдаған жағдайда жол беріледі.
2. Уақытша әкетілген тауарлар тасудың (тасымалдаудың), сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз қалпында қалуға тиіс.
200-бап. Тауарларды уақытша әкету кезінде кедендік
баждарды қолдану
1. Кедендік баждарды төлеуден толық босатыла отырып уақытша әкетілетін тауарлар санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .
2. Осы баптың 1-тармағымен көзделмеген тауарлар санаттарына қатысты, сондай-ақ кедендік баждарды төлеуден толық босату жағдайлары сақталмаған кезде кедендік баждарды төлеуден ішінара босату қолданылады. Кедендік баждарды төлеуден ішінара босату кезінде тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерде болуының әрбір толық және толық емес күнтізбелік айы үшін егер тауарлар экспортталар болса төленуге тиіс соманың үш проценті төленеді.
3. Ішінара босату кезінде төлеуге жататын кедендік баждардың сомасын есептеу келісім-шарт валютасында жүргізіледі. Кедендік баждардың сомалары тауарларды тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне орналастырған кезде немесе декларанттың таңдауы бойынша кезең-кезеңмен төленеді. Бұл ретте кедендік баждардың сомаларын төлеудің нақты мерзімдері бұл сомаларды төлеу тиісті кезеңнің басталуына дейін жүргізілуге тиіс екендігіне орай белгіленеді.
4. Уақытша әкетілген тауарларды тауарлар экспортының кедендік режиміне орналастырған жағдайда, кедендік баждар төлеуден ішінара босатылған кезде төленген кедендік баждардың сомасы тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес төленуге жататын кедендік баждардың сомасына есепке жатқызылады.
5. Осы Кодекстің 199-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, осы баптың 3-тармағына сәйкес төленген кедендік баждардың сомаларын уақытша әкетілген тауарларға құқықтық мирасқор болып табылатын тұлға төлеген болып саналады.
Тауарларды уақытша әкету кезінде кедендік баждарды төлеуден ішінара босатыла отырып алынатын кедендік баждардың жалпы сомасы, егер тауарлар экспортталар болса, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне орналастыру кезінде төленуге тиіс кедендік баждардың сомасынан аспауға тиіс.
201-бап. Тауарларды уақытша әкету мерзімдері
Тауарларды уақытша әкету мерзімдерін мұндай әкетудің мақсаттары мен мән-жағдайларына сәйкес декларант белгілейді, бірақ оны тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілу күнінен бастап үш жылдан асыруға болмайды.
Декларанттың дәлелді өтініші бойынша уақытша әкету мерзімдерін кеден органы ұзартуы мүмкін. Декларант тауарларды уақытша әкетудің мерзімдерін ұзарту туралы мәселені шешу үшін, аталған мерзімдердің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органына растау құжаттарын қоса тіркеп, осындай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш табыс етеді. Тауарларды уақытша әкету мерзiмiн ұзарту туралы өтінішті қарау мерзімі өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тауарларды уақытша әкетудің мерзімдерін ұзарту кезінде кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар алынбайды, кедендік декларация берілмейді.
Тауарларды уақытша әкету мерзімдерін үш жылдан аса уақытқа өзгерту осы баптың екінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 201-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
202-бап. Уақытша әкетілген тауарларды
кедендік бақылаудың ерекшеліктері
1. Уақытша әкетілген тауарларды кедендік бақылауды кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органы жүзеге асырады.
2. Уақытша әкетілген тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырған кеден органы қызметінің аймағынан тыс уақытша әкетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қайта әкелуді кедендік ресімдеген жағдайда кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы осы баптың 1-тармағында аталған кеден органын бұл туралы хабардар етеді.
203-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша
әкетудің кедендік режимінің аяқталуы
1. Уақытша әкетілген тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қайта әкелуге жатады не мәлімделген уақытша әкету мерзімінің аяқталуынан кешіктірілмей өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс.
2. Уақытша әкетілген тауарларға меншік құқығын шетелдік тұлғаға берген жағдайда, уақытша әкетілген тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті түрде қайта әкелуге жататын жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкетуді жүзеге асырған тұлға тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режимін осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгертуге міндетті.
3. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режимін тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгерту кезінде кедендік баждардың сомаларын есептеу келісім-шарттың валютасында жүргізіледі. Экспорт кезінде тауарлардың кедендік құны мен саны - тауарларды тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне орналастыру күніне орай, ал кедендік баждардың ставкалары - тауарлар экспортының кедендік режимінің талаптарына сәйкес кедендік декларацияны тіркеу күніне орай анықталады.
4. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режимін тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгертуге тауарларды кеден органына нақты табыс етпестен жол беріледі.
204-бап. Көлік құралдарын тауарлар мен көлік
құралдарын уақытша әкетудің кедендік
режиміне орналастырудың ерекшеліктері
Көлік құралдарын тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режиміне орналастырудың ерекшеліктері, уақытша әкетілген көлік құралдарын пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулер, кедендік баждарды қолдану, уақытша әкетудің мерзімдері, көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің ерекшеліктері, сондай-ақ кедендік режимді аяқтау осы Кодекстің 33-тарауында белгіленеді.
205-бап. Уақытша әкетілген тауарлар мен көлік
құралдарын қайтармау
Уақытша әкетілген тауарлар мен көлік құралдарын белгіленген мерзімдерде қайтармау:
1) тауарлар мен көлік құралдары аварияның немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан жойылған немесе қайтарымсыз жоғалған;
2) тауарлар мен көлік құралдары болған мемлекеттің мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққан жағдайларда ғана мүмкін болады.
25-тарау. Тауарлар экспорты
206-бап. Тауарлар экспортының кедендік режимін
тағайындау
Тауарлар экспорты - Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге осы аумақтан тыс жерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында тауарлар әкетілетін кедендік режим.
207-бап. Тауарларды тауарлар экспортының кедендік
режиміне орналастыру жағдайлары
Тауарлар экспорты:
1) кедендік әкету баждары төленген;
2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар мен жағдайлар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
208-бап. Экспорт үшін шығару
1. Экспорт үшін шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілуге тиіс. Бұл орайда олар тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болатын өзгерістерді қоспағанда, кедендік декларация қабылданған күнгі қалпында болуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттау үшін шығарылған тауарлар әкетілмеген кезде тауарларды өткізуші тұлға жауапты болады.
3. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету осы Кодекстің 14-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
26-тарау. Тауарлардың кері экспорты
209-бап. Тауарлардың кері экспортының кедендік
режимін тағайындау
Тауарлардың кері экспорты - бұрын Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеместен немесе төленген сомаларды қайтара отырып, экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан осы аумақтан әкетілетін кедендік режим.
210-бап. Тауарларды тауарлардың кері экспортының
кедендік режиміне орналастыру жағдайлары
1. Тауарлардың кері экспорты:
1) мынадай:
егер сыртқы сауда мәмілесінің шарттары керi экспортты көздеген;
тауарлар сыртқы экономикалық мәміленiң шарттарына сәйкес келмеуi себепті берушіге не ол көрсеткен өзге тұлғаға әкетілген жағдайларда, уақытша сақтау орындарындағы тауарлар белгілі бiр кедендік режимге орналастырғанға дейін әкетiлген;
2) бұрын еркін айналыс үшін тауар шығарудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар осы Кодекстің 211-бабында көзделген жағдайларды сақтай отырып әкетілген;
3) бұрын кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің және еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимдеріне орналастырылған, қайта өңдеу жөніндегі операцияларда болмаған шетелдік тауарлар әкетілген;
4) егер:
сыртқы сауда мәмiлесiнiң шарттары керi экспортты көздеген;
тауарлар сыртқы экономикалық мәмiленiң шарттарына сәйкес келмеуi себепті берушiге не ол көрсеткен өзге тұлғаға қайтарылған жағдайларда, бұрын кеден қоймасының, еркін қойманың, еркiн кеден аймағының кедендiк режимдерiне орналастырылған шетелдiк тауарлар әкетiлген жағдайда жүзеге асырылады.
1-1. Тауарлардың кері экспорты кезінде алдыңғы кедендік режиммен орналастырылған күнгі кедендік құн қолданылады.
2. (алып тасталды - 2005.06.20. N 62 Заңымен)
3. Акцизделетін тауарлардың кері экспорты кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеу не кедендік алып жүру қамтамасыз етілген жағдайда жүзеге асырылады. Кедендік әкелу баждарын және салықтарды төлеудің қамтамасыз етілуін қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге нақты әкетілуі расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар сақталған кезде тауарлардың кері экспортының кедендік режиміне тауарларды орналастыруға, егер әкелінген тауарлардың бір бөлігі ғана кері әкетілген жағдайда да, жол беріледі.
Ескерту. 210-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
211-бап. Тауарлардың кері экспортының кедендік
режимін еркін айналыс үшін шығарылған
тауарларға қолдану
1. Еркін айналыс үшін шығарылған тауарларға қатысты тауарлардың кері экспортына, егер алушы тауарларды алған кезде оларда ақаулардың болғаны не олардың өзгедей түрде сыртқы экономикалық мәміле жағдайларына сәйкес келмегені және осы себептер бойынша тауарлар жеткізушіге не ол көрсеткен өзге тұлғаға мынадай жағдайларды:
1) егер келісім шарттың талаптарында басқа мерзім көзделмесе, тауарларды әкету олар еркін айналыс үшін шығарылған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асырылатын;
2) тауарларды кеден органдары бірдейлендіре алатын;
3) тауарларды пайдалану ақауларды немесе тауарларды қайтаруға әкеп соққан өзге де мән-жайларды анықтау үшін қажетті жағдайларды қоспағанда, тауарлар Қазақстан Республикасында пайдаланылмаған жағдайларды сақтай отырып қайтарылғаны анықталса жол беріледі.
2. Тауарлардың кері экспорты кезінде осы баптың 1-тармағына сәйкес кедендік баждардың және салықтардың төленген сомаларын қайтару жүргізіледі.
Әкелінген тауарлар легінің бір бөлігін тауарлардың кері экспортының кедендік режиміне орналастыру кезінде төленген сомалардың қайтарылуы осы бөліктің әкелінген тауарлар легіне сандық арақатынасы бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 211-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
27-тарау. Тауарлар транзиті
212-бап. Тауарлар транзитінің кедендік режимін
тағайындау
Тауарлардың транзиті дегеніміз:
1) шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша кедендік бақылаумен олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келген жері мен олардың осы аумақтан әкетілген жерінің арасында тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, кедендік баждарды және салықтарды төлеместен өткізілетін;
2) қазақстандық тауарлар шет мемлекеттің аумағы бойынша олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілген жері мен олардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келген жерінің арасында кедендік баждарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан өткізілетін кедендік режим.
Ескерту. 212-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
213-бап. Тауарларды тауарлар транзитінің кедендік
режиміне орналастыру жағдайлары
1. Тауарлар транзитінің кедендік режиміне кез-келген тауарлар:
1) осы тауарлар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тыйым салынған тауарлар тізбесіне енгізілмеген;
2) егер Қазақстан Республикасының Үкіметі транзиттің жолдары мен бағыттарын белгілеген болса, тауарлар олар бойынша тасымалданатын;
3) тауарлар көлік құралының, белгіленген маршруттың мүмкіндіктерін және тасымалдаудың басқа жағдайларын негізге ала отырып, бірақ бір айға екі мың шақырым деп есептелген шекті мерзімнен аспайтын, кеден органы әдеттегі жеткізу мерзімдеріне сәйкес белгілеген мерзімде тасымалданған;
4) тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, тауарлар өзгеріссіз қалпында жеткізілген жағдайда орналастырылуы мүмкін.
2. Шетелдік тауарлардың Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитіне кедендік баждарды және салықтарды төлеу қамтамасыз етілген жағдайда жол беріледі.
Ескерту. 213-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
214-бап. Қазақстан Республикасының кедендік
аумағы бойынша транзит
Шетелдік тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитінің тәртібі осы тарауда белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес белгіленеді.
215-бап. Қайта тиеу және тауарлар транзитінің
кедендік режиміне сәйкес Қазақстан
Республикасының кедендік аумағы
бойынша өткізілетін тауарлармен өзге
де операциялар
1. Осы бапта белгіленген жағдайларда және тәртіппен транзиттік тауарлармен мынадай операцияларды жасауға жол беріледі:
1) бір көлік құралынан екінші көлік құралына қайта тиеу;
2) түсіру және кедендік бақылаумен қоймаға уақытша қою.
2. Транзиттік тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралы бұзылған кезде ондай тауарларды түсіруге және Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қоймада уақытша сақтауға жол беріледі.
Транзиттік тауарларды қоймада уақытша сақтау кеден органы құрған уақытша сақтау қоймасында, ал ол болмаған жағдайда, осы Кодексте белгіленген тауарларды уақытша сақтауға қойылатын жағдайлар мен талаптарды сақтай отырып, өзге де уақытша сақтау орындарында жүзеге асырылады.
Транзиттік тауарларды уақытша қоймада сақтау мерзімін тасымалдаушы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті, бірақ тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімінен аспайтын уақытты негізге ала отырып белгілейді.
Қызметі аймағында транзиттік тауарларды уақытша сақтау жүзеге асырылатын кеден органы жөнелтуші және межелі кеден органдарын тауарларды жеткізу мерзімін ұзарту мақсатында көлік құралының бұзылу жайлары туралы хабардар етеді.
3. Транзиттік тауарлардың жойылуына, жоғалуына немесе елеулі түрде бүлінуіне нақты қауіп туындаған және транзиттік тауарлармен операциялар жасау кезінде белгіленген талаптарды сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда тасымалдаушы өз қалауы бойынша қажетті іс-әрекеттерді:
1) тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолданылған және оларды заңсыз пайдалануға жол берілмеген;
2) жақын орналасқан кеден органына транзиттік тауарларды тасымалдаудың тоқтатылуының мән-жайлары туралы дереу хабарланған жағдайда жүргізуге құқылы.
4. Қазақстандық тауарларды шет мемлекеттің аумағы арқылы тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес тасымалдау аумағы арқылы транзит жүргізілетін мемлекеттің заңдарына сәйкес, транзит мерзімдері мен транзиттік тауарлардың жай-күйін өзгертпеу жағдайлары сақтала отырып жүзеге асырылады.
216-бап. Тауарлар транзитінің кедендік режимінің
аяқталуы
Тауарлар транзитінің кедендік режимі:
1) шетелдік тауарлардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетілуімен не қазақстандық тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінуімен;
2) тауарларды:
егер тасымалдаушы транзиттік тауарларды одан әрі өткізуге мүмкіндік бермейтін не тиімсіз ететін аварияның немесе ырық бермес күш әсерінің салдарынан тауарларды транзиттеудің кедендік режимінің шарттары мен талаптарының орындалуын қамтамасыз ете алмаған;
транзиттік тауарлардың меншік иелері болып табылатын тұлғалар өз ниеттерін өзгерткен жағдайда өзге кедендік режимдерге орналастыруымен аяқталады.
217-бап. Тауарлар транзитінің кедендік режимін
қолданудың ерекшеліктері
Тауарлар транзитінің кедендік режимін қолданудың ерекшеліктерін уәкілетті орган белгілейді .
218-бап. Халықаралық почта жөнелтімдерінің транзиті
Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша транзитпен өткізілетін халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік ресімдеу жүргізілмейді.
219-бап. Құбыр тасымалы мен электр беру желілері
бойынша өтетін тауарлардың транзиті
Құбыр тасымалы мен электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлардың транзитін кедендік ресімдеу уәкілетті орган белгілейтін оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында белгіленген нормалар мен стандарттарға сәйкес тауарлар тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктеріне және өзіндік сипаттамаларына орай Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша құбыр тасымалымен өтетін транзиттік тауарлардың жай-күйінің өзгеруіне жол беріледі.
28-тарау. Тауарларды жою
220-бап. Тауарларды жоюдың кедендік режимін тағайындау
Тауарларды жою - кедендік баждарды және салықтарды төлеместен, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік тауарлар кедендік бақылаумен жойылатын, оның ішінде пайдалану үшін жарамсыз қалыпқа келтірілетін кедендік режим.
221-бап. Тауарларды тауарлар жоюдың кедендік
режиміне орналастыру жағдайлары
1. Тауарларды тауарлар жоюдың кедендік режиміне орналастыруға уәкілетті мемлекеттік органның жою тәсілі мен орны көрсетілетін жою мүмкіндігі туралы қорытындысының негізінде жол беріледі.
2. Тауарларды жоюдың кедендік режиміне:
1) пайдалануға жарамсыз деп танылған дәрілік заттар мен тамақ өнімдерін, сондай-ақ адамның денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін бұйымдарды қоспағанда, бұйымдар және (немесе) материалдар ретінде пайдаланылуы мүмкін тауарларды;
2) мәдени, археологиялық, тарихи құндылықтарды;
3) індеттер мен эпизоотиялардың және карантиндік объектілердің таралу жолын кесу мақсатымен оларды жою талап етілетін жағдайларды қоспағанда, жойылып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөлшектері мен дериваттарын;
4) кепілдік қатынастар тоқтатылғанға дейін кеден органдары кепілдік зат ретінде қабылдаған тауарлар мен көлік құралдарын;
5) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес алып қойылған тауарларды немесе тыйым салынған тауарларды, оның ішінде заттай дәлелдемелер болып табылатын тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
3. Тауарларды жою аталған кедендік режимді мәлімдеген тұлғаның есебінен жүзеге асырылады әрі Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары үшін қандай да бір шығыстар келтірмеуі тиіс.
4. Егер тауарларды жоюдың кедендік режиміне мәлімделген тауарлар экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жай-күйіне келтірілуі мүмкін болмаса, жоюға жол беріледі.
5. Кеден қоймасында сақталатын тауарларға қатысты тауарларды жоюдың кедендік режимін кеден қоймасына тауарлар өткізген тұлғаның келісімі бойынша кеден қоймасының иесі мәлімдеуі мүмкін.
222-бап. Тауарларды жою мерзімдері
Тауарларды жою тәсілін және оны жүргізу орнын негізге ала отырып, тауарларды іс жүзінде жою үшін кеден органы белгілейтін мерзімдерде тауарлар кедендік бақылаумен жойылады.
223-бап. Тауарларды жою тәртібі
1. Тауарларды жою:
1) нәтижесінде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық, механикалық не өзге де ықпал ету (өртеу, бұзу, көму және тағы басқа) жолымен жою. Тауарды жою тәсілі оларды мақсаты бойынша пайдалану үшін қалпына келтіру, бастапқы жай-күйіне келтіру мүмкіндіктерін болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс;
2) мұндай бүлдірулер тауарларды кейіннен қалпына келтіруді және оларды пайдалану мүмкіндігін болдырмау шартымен, тесіп тастауды, жарықтар салуды, өзге де тәсілдермен бүлдіруді қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық бүлдіру жолымен жүргізіледі.
2. Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін, технологиялық себептерге байланысты сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкін болмайтын тауарларды жою тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды сақталу орындарынан алудың және оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы қорытындысы негізінде жүргізілген болып саналады.
3. Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтар оларды одан әрі пайдалану мүмкін болатын жағдайда кедендік бақылаудағы шетел тауарлары ретінде тиісті кедендік режимге орналастырылуы тиіс.
Бұл ретте тауарлардың кедендік құны тиісті кедендік режиммен орналастыру кезінде кедендік құнды айқындау ерекшеліктеріне сәйкес белгіленеді.
4. Тауарларды жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .
Ескерту. 223-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
224-бап. Тауарларды жоюдың кедендік режимін аяқтау
Тауарларды жоюдың кедендік режимі тауарларды іс жүзінде жоюмен аяқталады.
29-тарау. Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту
225-бап. Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың
кедендік режимін тағайындау
Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту - тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік тауарлар кедендік төлемдердi, салықтарды төлеместен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан мемлекет меншігіне өтеусіз берілетін кедендік режим.
Ескерту. 225-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
226-бап. Тауарларды тауардан мемлекет пайдасына
бас тартудың кедендік режиміне орналастыру
жағдайлары
1. Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кеден органдары үшін қандай да бір шығыс келтірмеуге тиіс.
2. Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режиміне:
1) қару-жарақты, олардың оқ-дәрілерін, әскери техниканы, қосалқы бөлшектерді, жинақтаушы бұйымдар мен олардың құралдарын;
2) әскерилендірілген ұйымдар жеке құрамының арнайы жабдықтарын және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық өнімдерін;
3) жарылғыш заттарды, жару құралдарын;
4) зымырандық-ғарыштық кешендерді, әскери мақсаттағы байланыс пен басқару жүйелерін және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттамасын;
5) зымырандық отынның барлық түрлерін, сондай-ақ олардың өндірісі үшін арнайы материалдар мен арнайы жабдықтарды;
6) әскери уландырғыш заттарды, олардан қорғану құралдарын және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттамасын;
7) уранды, басқа да ыдырайтын материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды;
8) қару-жарақ пен әскери техника жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ іргелі іздестірушілік зерттеулер нәтижелерін;
9) шифрлау техникасын және оларды өндіру мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттамасын;
10) есірткі құралдарын, психотроптық, күшті әсер ететін, улы заттарды, сондай-ақ прекурсорларды;
11) радиоактивті материалдардың қалдықтарын;
12) жарылғыш заттардың қалдықтарын;
13) өнеркәсіп қалдықтарын;
14) энергияның электрлік, жылулық және өзге де түрлерін;
15) тұтыну мерзімі өткен тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
227-бап. Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың
кедендік режимінің аяқталуы
1. Тауардан мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимі осы Кодекспен айқындалған тәртіппен және жағдайларда кедендік ресімдеумен аяқталады, бұл ретте кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін көрсетілген кедендік режимді өзгертуге жол берілмейді.
2. Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту кедендік режимге орналастырылған тауарларды кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін мұндай тауарлар осы Кодекстің 64-тарауына сәйкес мемлекеттік меншікке айналады.
228-бап.
Ескерту. 228-бап алынып тасталды - ҚР 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
30-тарау. Еркін кеден аймағы
229-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режимін
тағайындау
Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, кедендік баждар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.
Ескерту. 229-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 200-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
230-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне
орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі. P050737
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді. U020853
231-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне
орналастырылған тауарлармен жүргізілетін
операциялар
Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады.
232-бап. Тауарлардың еркін кеден аймағының кедендік
режимінде болу мерзімі
Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеген жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін кеден аймағының кедендік режимінде бола алады.
Арнайы экономикалық аймақ таратылған жағдайда, қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүргізілген және арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына жету үшін пайдаланылған тауарларды қоспағанда, бұрын еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі ішінде өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс.
233-бап. Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстан
Республикасының кеден заңдарының сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
Кеден органдары арнайы экономикалық аймақ аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырады.
234-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы
тауарлардың есебін жүргізу
Арнайы экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын тұлғалар еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлардың және олармен жүргізілген операциялардың есебін жүргізеді және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.
235-бап. Кедендік баждар, салықтар алу және
тарифтік емес реттеу шараларын қолдану
1. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыру кезінде кедендік баждар алынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимінің шарттары мен талаптарын сақтай отырып, қазақстандық тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігінен арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағының бір бөлігіне әкету кезінде кедендік баждар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету таңдалған кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар кедендік төлемдер алу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс орналасқан деп қарастырылады.
4. Тауарлардың арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығуы тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - қазақстандық тауар ретінде;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.
Ескерту. 235-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 200-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
236-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне
тауарларды кедендік ресімдеудің ерекшеліктері
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін және еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар, сондай-ақ өздеріне қатысты еркін кеден аймағының кедендік режимі өзгертілетін тауарлар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимі өзге кедендік режимге өзгертілген жағдайда шетелдік тауарларды кедендік ресімдеу, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, кедендік баждарды және салықтарды төлеу таңдалған кедендік режимнің шарттары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте қолданылатын (пайдаланылатын) тауарларға қатысты тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген қолдану (пайдалану) уақыты ішіндегі амортизация нормаларын ескере отырып, еркін кеден аймағының кедендік режиміне сәйкес айқындалады.
237-бап. Еркін кеден аймағының кедендік режимінің
аяқталуы
Еркін кеден аймағының кедендік режимі:
1) тауарларды өзге кедендік режимде кедендік ресімдеумен;
2) тауарлармен қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалған және алынған тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін пайдаланылған жағдайда аяқталады.
31-тарау. Еркін қойма
238-бап. Еркін қойманың кедендік режимін тағайындау
Еркін қойма - бұл тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарлар еркін қойма ретінде танылған тиісті үй-жайларда (орындарда) кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.
239-бап. Еркін қоймаға орналастыруға жол берілетін
тауарлар
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тауарларды қоспағанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркін қойманың кедендік режиміне орналастыруға жол беріледі.
240-бап. Еркін қоймалардағы тауарлармен жүргізілетін
операциялар
1. Еркін қоймаларда қайта өңдеуге арналған тауарлар үшін қайта өңдеу жөніндегі:
әкелінген тауарлардың негізгі сипаттамалары сақталатын монтаждауды, жинауды және шақтауды қоса алғанда, басқа тауарды дайындау (өңдеу), бірдейлендіру қайта өңдеудің міндетті шарты болып табылатын жағдайда, әкелінген тауарларды қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін сипаттамалар сақтала отырып, бұл ретте шетелдік тауарлар жеке сипатын жоғалтатын тауардың өзін қайта өңдеу; оларды қалпына келтіруді қоса алғанда, оларды жөндеу, қайта өңдеу процесінде тауарларды толық немесе ішінара тұтына отырып, қайта өңдеу өнімдері өндірісін жеңілдетуге арналған кейбір тауарларды пайдалану операцияларын жасауға жол беріледі.
2. Олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлар үшін технологиялық жабдық және оған қосалқы бөлшектер ретінде тиеу-түсіру техникасын, еркін қоймада пайдаланылатын өзге де техникалық құралдарды пайдалануға жол беріледі.
3. Қайта өңдеу өнімдері үшін тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі:
тауарлар партияларын бөлшектеу, жөнелтімдерді түзу, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жеткізе жинақтаумен немесе жұмыс жағдайына келтірумен байланысты қарапайым операциялар, тиімді орналастыру мақсатында қойма шегінде тауарлардың орнын ауыстыру, тауарларды көрсету стендтеріне орналастыру, тестілеу операцияларын жасауға жол беріледі.
4. Қайта өңдеуге арналған тауарлар және қайта өңдеу өнімдері үшін бұл тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі:
тазалау, желдету, кептіру (оның ішінде жылу ағынын келтірумен), сақтаудың қолайлы температуралық режимін жасау (суыту, мұздату, жылыту), қорғайтын орамаға орналастыру, қорғаныш майын және консерванттар жағу, коррозиядан қорғайтын жабынды жасау, сақтандырғыш заттарды енгізу операцияларын жасауға жол беріледі.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген еркін қоймаға
орналастырылған тауарлармен операциялар кеден органына хабарлана отырып жүргізіледі және Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодын өзгертпеуге тиіс.
Ескерту. 240-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
241-бап. Тауарлардың еркін қоймаларда болу мерзімдері
Еркін қойма жұмыс істеп тұрған жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін қоймаларда бола алады.
242-бап. Еркін қойманың кедендік режиміне
орналастырылатын тауарларды кедендік
бақылау және кедендік ресімдеу
Еркін қоймаларға орналастырылатын, сондай-ақ еркін қоймалардан әкетілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
243-бап. Еркін қоймалардағы тауарлардың есебі
1. Еркін қоймалардың иелері еркін қоймаларға орналастырылатын тауарлардың, сондай-ақ мұндай тауарлармен жүргізілетін операциялардың есебін жүргізеді және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.
2. Еркін қоймадағы тауарлардың және олармен жасалған операциялардың есебін жүргізу үшін, мұндай құжаттарда тауарлардың атауы мен бірдейлендіру белгілері, олардың саны, тауарлардың еркін қойма шегіндегі қозғалысы туралы мәліметтер, еркін қоймада болған олардың кез келген өзгерістері көрініс тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау үшін қолданылатын құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 243-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
244-бап. Еркін қойма иесінің міндеттері
Еркін қойманың иесі:
1) еркін қойма жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге;
2) тауарлардың сақталуын және олармен жүргізілетін операциялардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) кеден бақылауын жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
4) қоймада тұрған тауарлардың кеден бақылауынсыз алып қойылмауын қамтамасыз етуге;
5) еркін қойма құру үшін шешім шарттарын сақтауға және тауарларға қол жеткізуді қоса алғанда, кеден органдарының талаптарын орындауға;
6) кеден бақылауы мен кеден ресімдеуін жүзеге асыру үшін кеден органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үй-жайларды, еркін қоймадағы жабдықтар мен байланыс құралдарын беруге;
7) Осы Кодекстің 243-бабында белгіленген тәртіппен еркін қоймаларға орналастырылған тауарлардың және олармен жасалған операциялардың есебін жүргізуге және кеден органдарына олар туралы есептілікті ұсынуға міндетті.
Ескерту. 244-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
245-бап. Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік
емес реттеу шараларын қолдану
Тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарларды еркін қоймаларға орналастыру кезінде кедендік баждар және салықтар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Тауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде, қазақстандық тауарларды әкелуді қоспағанда, мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
Тауарларды еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік баждар мен тарифтік емес реттеу шаралары:
1) шетелдік;
2) еркін қоймаларда өндірілген;
3) еркін қоймаларда қайта өңделген тауарларға қолданылмайды.
Тауарлардың еркін қоймалардан шығуы тауарлардың шығуы туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - қазақстандық тауар ретінде;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.
Бұл ретте қайта өңделген тауарлардың кедендік құны қайта өңдеу үшін әкелінген тауардың құны ретінде айқындалады.
Ескерту. 245-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
246-бап. Еркін қойма қызметіне қойылатын біліктілік
талаптары
1. Еркін қойма құруға арналған үй-жай мынадай талаптарға сай келуге:
1) қойма иесінің меншігінде болуға не шешім алуға өтініш берілген кезден бастап кемінде үш жыл мерзімге жалға алынуына;
2) периметрі бойынша белгіленуге және қоршалуға;
3) еркін қойманың аумағында оның бөлігі болып табылмайтын үйлер (құрылыстар) мен ғимараттар орналаспауға;
4) тауарларды тексеруге арналған орындар болуға;
5) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасау үшін жайластырылуға және жабдықталуға;
6) келіп түсетін, сақталатын, әкетілетін тауарлардың автоматтандырылған есепке алынуын жүргізу үшін осы Кодекстің 424-бабының 6-тармағына сәйкес кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен үйлесімді бағдарламалық өнімдерді орнату және міндетті түрде пайдалану үшін компьютерлік құрал-жабдық болуға;
7) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2. Еркін қоймалар олар жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс. V032319
Ескерту. 246-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
247-бап. Еркін қойманы құруға арналған шешім
1. Еркін қойма уәкілетті орган берген шешім алынғаннан кейін құрылады. Мұндай шешім еркін қойма құруға арналған алаңдардың меншік иесі немесе оларға шаруашылық жүргізу мен жедел басқару құқығында иелік етуші болып табылатын қазақстандық тұлғаға беріледі.
2. Уәкілетті органның еркін қойма құру туралы шешімі осы орган белгілеген нысан бойынша ресімделеді.
3. Уәкілетті орган құрылған және жұмыс істеп тұрған еркін қоймалар туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.
4. алып тасталды
Ескерту. 247-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
248-бап. Еркін қойманы құруға шешім алу үшін
қажетті құжаттар
1. Еркін қойманы құруға арналған шешім алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) тұлғаның шешім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші;
2) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкестілікті растайтын құжаттар;
3) тіркеу құжаттарының нотариалды куәландырған көшірмелері;
4) алып тасталды
5) сәйкес келетін үй-жайлар мен орындарға қатысты меншік немесе иелік ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
6) еркін қойма ретінде мәлімделетін үй-жайлар және аумақтардың жоспарлары, сызбалары;
7) қызмет аймағында еркін қойма құрылатын кеден органының ол қойманың біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы.
2. Осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында айқындалған өтініштерде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде, еркін қойманың иесі кеден органын тиісті өзгерістер туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Ескерту. 248-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
249-бап. Еркін қойма құруға берілген шешімнің
қолданылуын тоқтата тұру
1. Еркін қойманың иесі осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, шешімнің қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұру кезінде тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін еркін қоймаға орналастырылған тауарлар кедендік бақылаумен басқа еркін қоймаға ауыстырылуға немесе өзге кедендік режимдерге орналастырылуға тиіс.
3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін мұндай шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылады.
Ескерту. 249-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
250-бап. Еркін қойманы құруға арналған шешімді
қайтарып алу
1. Уәкілетті орган:
1) көрінеу жалған мәліметтер берілген;
2) еркін қойманың иесі шешімдегі талаптарды орындамаған;
3) шешімді қолданудың бұрын тоқтатыла тұрған себептері жойылмаған;
4) сот еркін қойманың иесіне еркін қойма қызметін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуына тыйым салған жағдайларда шешімді қайтарып алуы мүмкін.
2. Шешімді қайтарып алу мұндай шешімді дәйектей отырып уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді және қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап қолданылады.
3. алып тасталды
4. алып тасталды
5. Шешім қайтарылған жағдайда, еркін қойманың иесі қайтарып алу туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей шешімді уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
6. Еркін қойманы құруға шешім беру туралы қайта өтініш қайтарып алуға негіздеме болған себептер жойылған жағдайда белгіленген тәртіппен қаралуы мүмкін.
Ескерту. 250-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
251-бап. Еркін қойманы құруға берілген шешімнің
қолданылуын тоқтату
1. Уәкілетті органның шешімі бойынша:
1) шешім қайтарып алынған;
2) уәкілетті органға еркін қойма иесінің жазбаша өтініш беруімен еркін қойманың қызметі тоқтатылған;
3) еркін қойма иесі болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда еркін қойманы құруға берілген шешім өзінің қолданылуын тоқтатады.
2. Еркін қойманы құруға арналған шешімнің қолданылуын тоқтату мұндай тоқтатудың себептері көрсетіле отырып, уәкілетті орган басшысының бұйрығымен ресімделеді.
3. Еркін қойманың қызметі тоқтатылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда еркін қойманың иесі шешімнің қолданылуы тоқтатылған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде шешімді уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
4. Еркін қойманың қызметі тоқтатылған жағдайда, шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданғанға дейін еркін қойманың кедендік режиміне орналастырылған тауарлар осы Кодекстің 12-тарауында айқындалған тәртіппен басқа еркін қоймаға ауыстырылуы мүмкін не осы тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік режимінің қолданылуы шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде аяқталуы тиіс.
Егер қайта өңдеу жөніндегі операцияларға жататын тауарлар еркін қоймада болған жағдайда кеден органы оның таратылатындығы туралы осы тауарларды еркін қоймаға орналастырған тұлғаны хабардар етеді. Бұл ретте осы тауарларға қатысты еркін қойманың кедендік режимі қайта өңдеудің соңғы операциясы аяқталғанға дейін сақталады.
Ескерту. 251-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
32-тарау. Арнайы кедендік режим
252-бап. Арнайы кедендік режимді тағайындау
Арнайы кедендік режим - экспорттық бақылау саласындағы талаптарды қоспағанда, тауарлардың жекелеген санаттары кедендік баждар және салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін кедендік режим.
Ескерту. 252-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
253-бап. Арнайы кедендік режимге орналастырылатын
тауарлар
Кеден істері мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мынадай тауарлар арнайы кедендік режимге орналастыруға жатады:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің және өзге де ресми өкілдіктерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан Қазақстан Республикасының әскери мекемелерінің арасындағы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар;
3) теңіз, әуе және темір жол көлігі түрлерімен өткізілетін аталған көлік құралдарының қалыпты жұмыс істеуі мен оларға техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге, олардың экипажы мен жолаушыларының тіршілік қызметін қамтамасыз етуге арналған борттық запастар мен кеме қорлары;
4) кедендік шекара арқылы өткізілетін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған тауарлар, оның ішінде төтенше оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін тарату үшін, не осы мақсаттарда коммерциялық емес қайырымдылық ұйымдарына беруге арналған тауарлар; құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге қажетті тауарлар және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын азаматтық қорғаныс күштерінің тауарлары;
5) шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ықтимал сұранысын айқындау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін сол шикізаттың не өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері. Бұл ретте мұндай зерттеулерді жүргізу үшін жеткілікті, коммерциялық құндылығы жоқ, шикізаттың не өнеркәсіп өнімінің ең аз саны үлгі деп ұғынылады.
7-Бөлім. Арнайы кедендік рәсімдер
33-тарау. Көлік құралдарын өткізу
254-бап. Көлік құралдарына қолданылатын кедендік
режимдер
Осы Кодекстің 262, 267-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін көлік құралдары (бостарын қоса алғанда) кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан уақытша әкелу мен уақытша әкетудің режимдеріне сәйкес осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.
255-бап. Көлік құралдарын өткізу тәртібі
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін көлік құралдары өткізу пункттері арқылы ғана өткізіледі және олар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерді жүзеге асыру үшін аялдауға және тоқтауға тиіс.
2. Кедендік рәсімдердің басталуы мен аяқталуы кеден органдарына қатысы жоқ себептер бойынша жүзеге асырылмайтын жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған көлік құралдарының тұру ұзақтығы өте қысқа болуы және ұлттық теміржол компаниясымен келісім бойынша уәкілетті орган және шекара бақылау органдары белгілеген темір жол көлігіне арналған уақыттан, автомобиль көлігі үшін - бес сағатқа дейінгі, теңіз, ішкі су көлігі үшін бір тәулікке дейінгі уақыттан аспауы тиіс.
3. Көлік құралдарының тұрған орындарынан жөнелтілуі Қазақстан Республикасының кедендік аумағына кіруі кезінде - осы Кодекстің 10-тарауында, ал Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығуы кезінде - осы Кодекстің 14-тарауында көзделген кедендік рәсімдер аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
256-бап. Көлік құралдарын уақытша әкелу мен уақытша
әкетуді оңайлатылған тәртіппен кедендік
ресімдеу
1. Тасымалдаушы көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне көлік құралдары тікелей келген кезде Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының көлік құжаттарын кеден органына ұсынуы арқылы декларациялайды.
2. Көлік құралдарын уақытша әкелуді немесе уақытша әкетуді кедендік ресімдеу тасымалдаушы берген көлік құжатына кеден органының тиісті белгілерін қою жолымен жүзеге асырылады.
257-бап. Автокөлік құралдарын кедендік ресімдеудің
ерекшелігі
1. Бос автокөлік құралын уақытша әкелу кезінде кеден органы шетелдік бос автокөлік құралының әкелу куәлігін ресімдеуді жүргізеді, оны толтырудың нысаны мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді .
2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан автокөлік құралын кері әкету кезінде кеден органына автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағына уақытша әкелінгендігін растайтын құжаттар берілуі тиіс.
258-бап. Уақытша әкелінген және уақытша әкетілген
көлік құралдарымен жасалатын операциялар
1. Уақытша әкелінген және уақытша әкетілген көлік құралдарымен олардың шетелдік мемлекеттің аумағында болған не Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылған кезде оларға қажет болған техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөніндегі әдеттегі операцияларды жасауға жол беріледі.
2. Уақытша әкетілген көлік құралының Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарында есепке алынуға жататын бөлшектерін ауыстыруға байланысты көлік құралын жөндеген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған шарттың талаптарына сәйкес тегін жөндеу жүзеге асырылған не оның Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерде орын алған апаттың немесе ырық бермес күштер әсерінің салдарынан зақымдануынан кейін көлік құралын қалпына келтіру үшін қажетті жөндеу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ауыстырылған бөлшек кедендік ресімдеуге жатады. Әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу кезінде ауыстырылған бөлшектерін кедендік ресімдеу ерекшеліктерін тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган айқындайды .
3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілмеген уақытша әкелінген көлік құралдарының немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінбеген уақытша әкетілген көлік құралдарының ауыстырылған қосалқы бөлшектері мен жабдықтары осы Кодексте көзделген тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.
4. Уақытша әкелінген көлік құралын пайдалану және (немесе) оларға билік ету не иеліктен шығару құқығы қазақстандық тұлғаға не уақытша әкетілген көлік құралы шетелдік тұлғаға берілген жағдайда, көлік құралын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізуді жүзеге асырған тұлға тиісті кедендік режимін мәлімдеуге міндетті.
259-бап. Көлік құралдарын уақытша әкелу мен
уақытша әкетудің мерзімдері
1. Уақытша әкелінген көлік құралын қайта әкету, осы Кодекстің 79-бабында көзделген тауарлар мен көлік құралдарын жеткізудің мерзімдері ескеріле отырып, оларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінген тасымалдау операциялары аяқталғаннан кейін дереу жүзеге асырылуы тиіс.
Уақытша әкелінген көлік құралын оны әкелуді жүзеге асырған тұлғаға қатысы жоқ себептер бойынша белгіленген мерзімдерде әкету мүмкін болмаған жағдайда, оны пайдалану құқығын берместен, көлік құралын уақытша қайта әкетудің мерзімі көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағынан нақты әкету басталғанға дейін кеден органы ұзартуы мүмкін. Көлік құралын уақытша әкелудің жалпы мерзімі ұзарту мерзімі ескеріле отырып, бір жылдан аспауы тиіс.
2. Уақытша әкетілген көлік құралын қайта әкелу оны Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан нақты әкеткен кезден бастап бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
260-бап. Көлік құралдарын қайта әкелу және қайта әкету
1. Осы Кодекстің 259-бабында белгіленген мерзім өткенге дейін уақытша әкетілген көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қайтарылуы тиіс, ал уақытша әкелінген көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілуі не тауарлар үшін көзделген өзге кедендік режимге мәлімделуі тиіс.
Бұл ретте уақытша әкетілген көлік құралын кеден органына нақты ұсынбастан тауарлар экспортының не тауарларды уақытша әкетудің кедендік режиміне мәлімдеуге жол беріледі.
2. Көлік құралдарын қайта әкету және қайта әкелу кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады.
261-бап. Халықаралық тасымалдар үшін пайдаланылмайтын
су және әуе кемелерін кедендік шекара
арқылы өткізу
1. Судың биологиялық ресурстарының кәсібі, теңіз түбі мен оның жер қойнауларының минералдық және басқа да жансыз ресурстарын барлау мен өңдеу, лоцмандық өткізу, іздестіру, құтқару және тіркеуге алу операциялары, теңізге батқан мүлікті көтеру, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстар, санитарлық, карантиндік және басқа да бақылау, теңіздің аумағын қорғау мен сақтау, теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу, оқу, спорт және мәдени мақсаттарында, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзуге байланысты өзге де мақсаттарда оларды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге уақытша әкетілетін теңіз, ішкі су кемелері оларды уақытша әкету мен қайта әкелу кезінде осы тарауда белгіленген тәртіпке және шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізіледі, бұған жеке тұлғалар өткізетін көлік құралдары қосылмайды.
2. Әскери әуе кемелерін қоспағанда, тауарлар мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылмайтын әуе кемелері оларды осы тарауда көзделген тәртіппен уақытша әкету мен қайта әкелу кезінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізіледі.
262-бап. Көлік құралдарын тауар ретінде өткізу
1. Уақытша немесе тұрақты пайдалануға, иеленуге немесе билік етуге берілуіне байланысты Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін көлік құралдары кедендік режимдерге сәйкес кедендік ресімдеуге жатады.
2. Бір шетелдік тұлғадан екінші шетелдік тұлғаға уақытша немесе тұрақты пайдалануға, иеленуге немесе билік етуге берілуіне байланысты Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитпен өткізілетін көлік құралдары тауарлар транзитінің кедендік режимдеріне сәйкес кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауға жатады.
3. Ішкі тасымалдарды (Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы тиеу және түсіру не жолаушыларды отырғызу мен түсіру пункттерінің арасындағы тасымалдарды) жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қайта өңдеу мақсаттары үшін өткізілетін көлік құралдары тауарларға қолданылатын кедендік режимдерге сәйкес кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуге жатады.
34-тарау. Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік
құралдарын өткізуі
263-бап. Осы тарауда қолданылатын ұғымдар
Осы тарауды қолданудың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған тауарлар - жеке тұлға пайда табу мақсатында пайдаланылмайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу сипатына, кезеңділігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшеріне және өзге де өлшемдеріне сәйкес келмейтін тауарлар;
2) иесімен бірге жөнелтілетін багаж - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлға тікелей өткізетін тауарлар;
3) иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж - тауар өткізуші жеке тұлғамен жасалған тасымалдау шарты бойынша (багаж түбіртегі, жөнелту құжаты, коносамент және басқа да құжаттар бойынша) тасымалдаушы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарлар;
4) көлік құралы - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы көлік құралын өткізетін жеке тұлғаның меншігіндегі немесе уақытша иелігіндегі қосалқы бөлшектерімен және әдеттегі керек-жарақтарымен, жабдықтарымен бірге, дағдылы бактарында жанар-жағар майы мен отыны бар авто-, мотокөлік құралы, тіркеме, теңіз және ішкі су немесе әуе кемесі;
5) декларациялаудың конклюденттік нысаны - жеке тұлғаның қол жүгінде және иесімен бірге жөнелтілетін багажында міндетті жазбаша декларациялануға жататын тауарлардың жоқ екендігін куәландыратын іс-әрекеттер жасауы.
264-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды өткізу тәртібі
1. Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынғандарын қоспағанда, өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шарттар мен нормалар сақталған жағдайда, жеке тұлғалар осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіпте Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген салмақтық және құндық нормалардың шегіндегі, оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіппен өткізеді.
3. Шетел мемлекеттерінде үздіксіз болу мерзімі алты айдан асатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жеке құрамының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі жұмысының аяқталуына орай, келген елiнен жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерде бүкіл жұмыс істеу кезеңі ішінде алған жалақы сомасының шегінде кедендік баждар төлеместен әкелуге құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртібі көзделмеген тауарларға кедендік ресімдеудің осы Кодекспен белгіленген жалпы тәртібі қолданылады.
Ескерту. 264-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
265-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды міндетті жазбаша
декларациялауы
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін жеке тұлға міндетті жазбаша декларациялауға жататын тауарларды өткізу кезінде олар туралы өтініш, тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен кедендік ресімдеуге жататын жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру жолымен жүргізіледі. V032355
2. Тауарларды жазбаша нысанда міндетті декларациялауға мынадай тауарлар жатады:
1) қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар;
2) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;
3) мемлекет үшін тарихи, көркем, ғылыми немесе мәдени құндылыққа ие, әкетілетін өнер туындылары, коллекциялық және антиквариат бұйымдары;
4) улы және күшті әсер ететін заттар;
5) радиациялық материалдар;
6) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тарапынан бақылауға жататын жоғары жиілікті құрылғылар мен радио-электрондық байланыс құралдары;
7) флора мен фаунаның сирек кездесетін коллекциялары мен үлгілері, олардың бөлшектері мен олардан алынған өнім;
8) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарымен шектеулер немесе оларды Қазақстан Республикасына әкелудің және Қазақстан Республикасынан әкетудің шарттары белгіленген валюталық құндылықтар;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібін белгілеген жеке зергерлік бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастар;
10) Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан тыс әкелінетін акцизделетін тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін адамдардың жолда, не емделу үшін жеке өзінің ғана пайдалануына арналған дәрілік құралдарды қоспағанда, фармацевтік өнімдер;
12) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлық позицияларда 9018-9022 болып жіктелетін тауарлар;
13) өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналған тауарлар;
14) өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған, саны немесе құны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан асатын тауарлар;
15) иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін тауарлар;
16) әкелу және әкету кезінде тауарларды жеңілдікпен өткізу көзделмеген уақытша әкелінетін (әкетілетін) тауарлар;
17) көлік құралдары;
18) жеке тұлғаның шетел мемлекетінен Қазақстан Республикасына не Қазақстан Республикасынан шетел мемлекетіне тұрақты тұруға қоныс аударуына байланысты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар.
3. Жолаушылардың кедендік декларациясының нысанын уәкілетті орган айқындайды .
4. Он алты жасқа толмаған адам өткізетін тауарларды жазбаша декларациялауды оны алып жүрген адам жүзеге асырады.
5. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізілетін тауарларға қатысты жолаушылардың кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде және сонымен бір мезгілде тауарларды кеден органына көрсете отырып, оларды әкету кезінде тауарларды кеден органына көрсеткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде берілуі тиіс.
6. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы тауарларды тауар өткізуші адам немесе тауар өткізуші адамның сенімхаты бойынша әрекет ететін басқа адам декларациялай алады. Кеден органына мәлімделетін мәліметтердің дұрыстығына тауарларды декларациялаушы адам жауапты болады.
7. Он алты жасқа толмаған адамның иесімен бірге жөнелтілмейтін багаждағы тауарлар оның ата-аналары немесе қамқоршылары, не ата-аналарының немесе қамқоршыларының сенімхаттары бойынша әрекет ететін адамдардың декларациялауына жатады.
266-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша
әкелуі және уақытша әкетуі
1. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерінің шетелдік мемлекетте уақытша болуы мерзіміне кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкете алады.
2. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерінің Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзіміне кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкеле алады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар уақытша әкелетін тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелудің шектелген мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
4. Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін тауарлар, осы тауарлардың өткізілуіне қатысты ауызша декларациялау көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру жолымен жазбаша нысанда декларацияланады.
5. Уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін тауарлар табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан болатын өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйінде қайта әкетуге және қайта әкелуге жатады.
6. Тауарлар кез келген кеден органы арқылы қайта әкетілуі және қайта әкелінуі мүмкін.
7. Қайта әкетілетін және қайта әкелінетін тауарлар әкету және әкелу кезінде тиісінше ресімделген жолаушылардың кедендік декларациясында бұл тауарлар туралы мәліметтер болған жағдайда кедендік төлемдерден, салықтардан және тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан босатылады.
267-бап. Жеке тұлғалардың көлік құралдарын
уақытша әкелуі және уақытша әкетуі
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздеріне тиесілі не өздеріне уақытша пайдалануға, билік етуге берілген, Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралдарын кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкетуге және қайта әкелуге құқылы.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздеріне тиесілі не өздеріне уақытша пайдалануға, билік етуге берілген, шетел мемлекеттерінде тіркелген көлік құралдарын кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкелуге және қайта әкетуге құқылы.
3. Көлік құралдарын жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкетудің мерзімі көлік құралын әкетуді шетел мемлекетінде жүзеге асырған адамның уақытша болу мерзімінен аспауы тиіс.
Көлік құралдарын жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелудің мерзімі кез келген жүйелі он екі айлық кезеңде жиынтықты алты айдан аспауы тиіс.
Көлік құралын әкелуді жүзеге асырған тұлғаға қатысы жоқ себептер бойынша белгіленген мерзімдерде әкету мүмкін болмаған жағдайда, көлік құралын уақытша әкелудің мерзімін кеден органы көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағынан нақты әкету басталғанға дейін оны пайдалану құқығын бермей бір айға ұзартуы мүмкін.
4. Белгіленген мерзімдер өткенге дейін уақытша әкелінген көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілуі не тауарлар үшін көзделген кедендік режимдердің біріне мәлімделуі тиіс.
5. Көлік құралдары кез келген кеден органы арқылы қайта әкетілуі және қайта әкелінуі мүмкін.
6. Бұрын уақытша әкелінген көлік құралын әкету кезінде көлік құралын қайта әкету туралы міндеттеме көлік құралын әкету жүзеге асырылатын кеден органында қалады.
7. Осы баптың 4-тармағының шарттары орындалған жағдайда, көлік құралын тауарлар үшін көзделген кедендік режимде ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органы немесе оның әкетілуі өзі арқылы жүзеге асырылатын кеден органы көлік құралын қайта әкету туралы міндеттемені ресімдеген кеден органын көлік құралын кедендік ресімдеу не Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету фактісі туралы хабардар етеді.
268-бап. Жеке тұлғалар жеңілдетілген тәртіппен
уақытша әкелетін және уақытша әкететін
көлік құралдарын декларациялау
1. Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін көлік құралдарын декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру және кеден органына көлік құралын бірдейлендіретін, осы көлік құралын меншіктену немесе иелену құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ оны өткізетін адам тұрақты тұратын елді растайтын құжаттарды беру жолымен жүзеге асырылады.
2. Көлік құралын уақытша әкелуді декларациялау кезінде кеден органдары нысанын уәкілетті орган белгілейтін көлік құралын қайта әкету туралы міндеттемені ресімдеуді жүргізеді.
3. Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінген және уақытша әкетілген көлік құралдарын белгілі бір кедендік режимге орналастырусыз иеліктен шығаруға, басқа тұлғаларға пайдалануға немесе билік етуге беруге болмайды.
Ескерту. 268-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
269-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды жеңілдетілген
тәртіппен өткізуі
1. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі, осы бапта көзделген шараларды қоспағанда, кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбауды көздейді.
2. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялауды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы олардың жүруі кезінде, осы Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды бір мезгілде ауызша немесе конклюденттік нысанда кеден органына табыс ете отырып жүзеге асырады.
Он алты жасқа толмаған адамның өткізетін тауарларын декларациялаудың нысанын таңдауды оны ертіп жүрген тұлға жүргізеді.
3. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына әкелу кезінде өткізудің жеңілдетілген тәртібін қолданудың міндетті шарты жеке тұлғаның өту фактісін растайтын жолаушылардың кедендік декларациясын кеден органына табыс ету болып табылады.
4. Ауызша декларациялау кезінде жеке тұлға қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін багажды жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқтығы туралы мәлімдейді.
5. Жеке тұлға өзінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін, міндетті жазбаша декларациялауға жатпайтын тауарларды жазбаша декларациялауға құқылы.
6. Тауарларды конклюденттік нысанда декларациялау мүмкіндігі мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өтуі үшін арнайы белгіленген орындар жайластырылады. Осындай орындарды жайластыру талаптарын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды .
7. Жеке тұлғаны қол жүгінде немесе иесімен бірге жөнелтілетін багажында жазбаша декларациялауға жататын тауарлары жоқ тұлғалардың өтуіне арналған арнайы белгіленген орын арқылы өткізу, көрсетілген тұлғада жазбаша декларациялауға жататын тауарлардың жоқ екендігі туралы кеден органына берілген өтініш ретінде қаралады.
8. Ерекше жағдайларда уәкілетті орган декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдануға шектеулер белгілеуге құқылы. Мұндай шешім өткізу пунктінде қалыптасқан шұғыл жағдайды, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін қандай да бір тұлғалар санатының ерекшеліктері, Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған тауарлардың әкелінуі немесе әкетілуі мүмкін мемлекеттердің ерекшеліктері ескеріле отырып қабылданады.
9. Осы Кодекстің 265-бабының 2-тармағының 1)-11) тармақшаларында көрсетілген тауарлар тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат ету құжаттарының болуы шартымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізіледі.
10. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарлар ішінара кедендік тексеруге жатады.
11. Кеден органы тауарларды өткізуші адамнан олардың негізінде жеңілдіктер берілген шарттарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсетуін талап етуге құқылы.
12. Жеке тұлғалар тауарларды жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтау үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, кеден органдары көлік құралдарынан шықпай кедендік рәсімдерден өтуге мүмкіндік береді.
269-1-бап. Декларациялаудың конклюденттік нысаны кезінде
өткізу пункттерін жайластыруға қатысты жалпы
ережелер
1. Өткізу пункттерінде декларациялаудың конклюденттік нысанын қолдану мақсаты үшін "жасыл және қызыл дәліздер" жүйесін қолдану үшін орындар жайластырылады.
2. "Жасыл және қызыл дәліздер" жүйесін қолдану Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаның декларациялау нысанын және кедендік ресімдеу үшін оған сәйкес дәлізді және өзі өткізетін тауарларды кедендік бақылауды дербес таңдауын көздейді.
3. Кәмелетке толмаған адамдар өткізетін тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау үшін декларациялау нысаны мен оған сәйкес дәлізді таңдауды оларды ертіп жүрген адам жүргізеді.
Ескерту. 269-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
269-2-бап. Халықаралық өткізу пунктінде "жасыл және
қызыл дәліздер" жүйесін қолдану
1. "Жасыл дәліз" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы халықаралық өткізу пункттері арқылы өтетін және қол жүгінде және алып келе жатқан багажында осы Кодекстің 289-бабына сәйкес міндетті түрде жазбаша декларациялануға жататын тауарлары жоқ жеке тұлғалардың тауарларды жеңілдікпен өткізу тәртібі.
"Жасыл дәлізде" кедендік бақылаудың кейбір нысандарының қолданылмауы адамдардың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау міндетінен босатылуын білдірмейді.
2. "Қызыл дәліз" - қол жүгінде және алып келе жатқан багажында осы Кодекстің 265-бабына сәйкес міндетті жазбаша декларациялануға жататын тауарлары бар жеке тұлғаларға қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылау нысандарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы халықаралық өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды кедендік бақылау тәртібі.
3. "Жасыл және қызыл" дәліздердің басталуы мен аяқталуын кедендік бақылау аймағының шегінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі белгілейді.
Ескерту. 269-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
269-3-бап. "Жасыл және қызыл дәліздерді" қолдану үшін
шекарадағы өткізу пункттеріне қойылатын
талаптар
1. "Жасыл және қызыл дәліздер" жүйесі шекарадағы өткізу пунктінің кедендік бақылау аймағында "жасыл дәліз" талаптарына сәйкес жабдықталған кем дегенде бір дәліз және "қызыл дәлізге" қойылатын талаптарды ескеріп жабдықталған кем дегенде бір дәліз болған кезде қолданылады.
2. "Жасыл және қызыл дәліздерді" жайластыруға қолданылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді .
Ескерту. 269-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
270-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды оңайлатылған
тәртіппен өткізуі
1. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібі кедендік төлемдерден, салықтардан босатпастан және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес, тауарларды кедендік ресімдеу кезіндегі кедендік рәсімдерді қолданудан босатуды білдіреді.
2. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялау жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру, сондай-ақ тауарларды өткізуші адамның жеке басын, тауардың құнын, шығарылған елін, тарифтік емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды көрсету арқылы тауарларды бір мезгілде кеден органына табыс ете отырып жүргізіледі.
3. Оңайлатылған тәртіппен декларациялау кезінде тауарлардың кедендік құны кассалық немесе тауарлық чектерде немесе бөлшек сауда-саттықта пайдаланылатын және тауарға ақы төленгендігін растайтын өзге де құжаттарда аталған тауардың бағасы туралы мәліметтердің негізінде айқындалады.
4. Иесімен бірге жөнелтілмейтін багажын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік құнға тауарларды әуежайға, теңіз портына немесе тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік аумағына келетін өзге де орындарына жеткізу жөніндегі шығыстар кіреді.
5. Тауарлардың құнын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, кеден органы жолаушылардың кедендік декларациясында мәлімделген тауарлардың кедендік құнын кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге негіз ретінде қабылдайды.
6. Мәлімделген кедендік құнның анық еместігі туралы негіздер болған жағдайда, кеден органы тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес өздігінен белгілей алады.
7. Оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларға тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен өткізу кезінде төленуге жататын кедендік төлемдер және салықтар қолданылады.
8. Егер оларда осы тауарлардың шығарылған елі туралы ақпарат болған жағдайда, этикеткалар, таңба-жапсырмалар, бұйымдардың төлқұжаттары және тауарларға қоса берілетін өзге де құжаттар тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар бола алады.
9. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарларға осы Кодексте белгіленген тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
10. Кедендік төлемдерді және салықтарды жеке тұлғалар тікелей тауарларды декларациялау кезінде төлейді. Бұл ретте, кеден органының лауазымды адамы нысанын, толтыру тәртібін және есебін уәкілетті орган айқындайтын , қатаң есептілік бланкісі болып табылатын кедендік кіріс ордерін ресімдеуді жүргізеді.
11. Егер әкелінетін тауарларды кедендік ресімдеу жеке тұлғаның кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мүмкіндігінің болмауынан немесе тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын растайтын құжаттардың болмауынан дереу аяқтау мүмкін болмаса, оларды тасымалдаушы тұлғаның тілегі бойынша тауарлар:
1) Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге дереу қайта әкетілуі;
2) уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуы;
3) межелі кеден органында кейіннен кедендік ресімдеу үшін тауарлар жеткізудің ішкі кедендік транзит рәсімдері жөніндегі шарттарын сақтай отырып межелі кеден органына жеткізілуі мүмкін.
12. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оңайлатылған тәртіппен өткізілетін тауарлар тек еркін айналым үшін тауарлар шығару, тауарлардың экспорты немесе тауарлардың транзиті режимдеріне ғана мәлімделеді.
13. Жеке тұлғалар тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, осы Кодекске сәйкес тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің тәртібі қолданылады.
35-тарау. Тауарларды халықаралық почта
жөнелтілімдерімен өткізу
271-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) халықаралық почта жөнелтімдері - жай немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге жөнелту үшін қабылданатын не Қазақстан Республикасына келіп түсетін, не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бір шет мемлекеттен екінші шет мемлекетке транзитпен өтетін тіркелетін почта жөнелтімдері;
2) халықаралық почта қызметтерін көрсететін ұйым - Қазақстан Республикасының почта байланысы туралы заңдарына және Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес почта байланысы қызметтерін көрсетуші заңды тұлға;
3) халықаралық почта алмасу орны - кедендік ресімдеу жүргізілетін халықаралық ілеспе құжаттарды ресімдей отырып, келіп түсетін және жіберілетін халықаралық почта жөнелтімдерін өңдеу міндетіне кіретін почта байланысының бөлімшесі.
272-бап. Халықаралық почта жөнелтімдеріне қатысты
жалпы ережелер
1. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтімдерімен өткізілетін тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің тәртібін реттейді.
2. Халықаралық почта жөнелтімдеріне мынадай түрлер жатады:
1) хаттар - жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған;
2) почта карточкалары - жай, тапсырысты;
3) бандерольдер мен "М" арнайы қапшықтары - жай, тапсырысты;
4) секограммалар - жай, тапсырысты;
5) шағын пакеттер - тапсырысты;
6) сәлемдемелер - кәдімгі, құндылығы жарияланған;
7) экспресс-почтаның халықаралық жөнелтімдері (Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес халықаралық почта жөнелтімін жеделдетіп қабылдау, өңдеу, жеткізу).
3. Халықаралық почта жөнелтімдерін жіберу Дүниежүзілік почта одағының актілерінде көзделген құжаттармен қоса жүруі тиіс.
4. Халықаралық почта қызметтерін көрсететін ұйым уәкілетті органмен келісім бойынша халықаралық почта алмасу орындарын айқындайды.
5. Халықаралық почта қызметтерін көрсететін ұйым шарттық негізде халықаралық почта алмасу орындарындағы кеден органдарын кедендік бақылауды жүзеге асыруға арналған қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етуі тиіс.
273-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен
өткізудің ерекшеліктері
1. Халықаралық почта жөнелтімдерімен:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуге және осы аумақтан әкетуге тыйым салынған;
2) Дүниежүзілік почта одағының актілеріне сәйкес жіберуге тыйым салынған тауарларды жіберуге жол берілмейді.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінуі немесе тиісінше осы аумақтан әкетілуі шектелген тауарларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
3. Жеке тұлғаның мекен-жайына жіберілетін және өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шарттар мен нормалар сақталған жағдайда, кедендік төлемдерді және салықтар төлеуден толық босатыла отырып және оларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан өткізіледі.
4. Халықаралық почта қызметтерін көрсетуші ұйым, зағиптарға арналған хаттар, почта карточкалары, секограммаларды қоспағанда, халықаралық почта жөнелтімдерін қарау және кедендік тексеру жүргізу үшін табыс етеді.
5. Халықаралық почта жөнелтімдерін халықаралық почта қызметтерін көрсетуші ұйым кеден органдарының рұқсатынсыз оларды алушыларға бермейді не Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге жөнелте алмайды.
6. Құндылығы жарияланған хаттар, "М" қапшықтары, бандерольдер ілеспе құжаттарды кедендік ресімдеместен жөнелтімдердің өзіне белгілер қою жолымен кедендік бақылауға жатады.
7. Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды алып қоюды кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жүргізеді.
8. Халықаралық почта қызметтерін көрсетуші ұйым халықаралық почта жөнелтімдерін жоғалтқаны, оларды алушыға кеден органдарының рұқсатынсыз бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
274-бап. Халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік
ресімдеу
1. Халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік ресімдеу құжаттар мен мәліметтерді тексеруден, техникалық бақылау құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын қарап шығудан, ал қажет болған жағдайда - халықаралық почта қызметтерін көрсетуші ұйым операторларының орамаларды тексеру үстелінде ашып көруінен және кеден органының лауазымды адамына ішіндегілерді көрсете отырып, кедендік тексеруден басталады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібін көздеген тауарларды кедендік ресімдеуді қызмет ету аймағында халықаралық почта алмасу орны орналасқан кеден органы жүзеге асырады.
3. Жүктің кедендік декларациясы берілетін тауарлардың кедендік ресімделуін қызмет ету аймағында жеткізудің ақырғы пункті не халықаралық почта жөнелтімінің бастапқы жөнелту пункті болып табылатын почта байланысының бөлімшесі орналасқан кеден органы жүзеге асырады.
4. Экспресс-почтаның халықаралық жөнелтімдері басымдылық тәртіпте кедендік ресімдеуге жатады.
5. Аудио-, бейнежазбалар мен магниттік және өзге де тасушылардағы ақпараттарды кедендік ресімдеу электронды есептеу машинасының түрі мен пайдаланыла отырып жазба жүргізілген операциялық жүйе туралы мәліметтер болған кезде, бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану арқылы кедендік бақылаудан кейін жүзеге асырылады. Мұндай мәліметтер болмаған жағдайда, алушыға осы ақпараттың мағынасын ашу мүмкіндігі беріледі. Мағынасын ашу мүмкін болмаған жағдайда, ақпараттар тасушы жөнелтушіге қайтарылады.
6. Қайтыс болғандардың мәйітін кедендік ресімдеу медициналық мекеменің құжаты мен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар берген қайтыс болғандығын растау туралы құжаттары болған жағдайда, оңайлатылған тәртіппен жүргізіледі. Мәйіт салынған табытты кеден органының лауазымды адамы өзге салымдардың жоқтығы туралы міндетті түрде белгі соға отырып, пломбылайды.
7. Мемлекеттік наградаларды (ордендер, медальдар, белгілер, атаулы заттар) мұндай тауарларды бағасы жарияланған халықаралық почта жөнелтімдерімен өткізетін адамның меншік құқығын растайтын марапаттау туралы құжаттар бойынша ғана Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жіберуге жол беріледі.
275-бап. Халықаралық почта жөнелтімдерін декларациялау
1. Дүниежүзілік почта одағының актілерінде көзделген және халықаралық почта жөнелтімдерінің ілеспе құжаттарында кеден органдарына қажетті барлық мәліметтер болған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктің кедендік декларациясын табыс ету талап етілмейді және мұндай жағдайларда кедендік рәсімдеу көлік және коммерциялық құжаттарға кеден органының тиісті белгілерін қою жолымен жүзеге асырылады.
2. Егер:
1) халықаралық почта жөнелтiмдерiн:
тауардың декларацияланатын легiнің кедендiк құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тоқсан айлық есептік көрсеткiштен асатын;
аталған тауарларға қатысты тарифтiк емес реттеу шаралары белгіленген жағдайларда заңды тұлғалар жіберсе;
2) тауарлардың құны жеке тұлғалардың тауарларды халықаралық почта жөнелтімдерімен өткізуі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормадан асып кетсе;
3) жеке тұлға Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан не Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғаның мекен-жайына жіберілген тауарлар, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, тауарлардың қолданылуын айқындау өлшемдеріне сәйкес өндірістік және өзге де кәсіпкерлік қызметке арналса, халықаралық почта жөнелтімдерін жүктің кедендік декларациясын беру арқылы декларациялау талап етіледі.
Ескерту. 275-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
276-бап. Халықаралық почта жөнелтімдерін кедендік
бақылау
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарлар кедендік бақылауда болады.
2. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберу кезінде кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кірген кезден басталады және тауарларды шығару кезінде аяқталады.
3. Тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберу кезінде кедендік бақылау тауарларды кеден органдарына табыс еткен кезден басталады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезде аяқталады.
4. Жеткізудің ақырғы пункті болып табылатын почта байланысының бөлімшесіне халықаралық почта жөнелтімдерін жеткізуді бақылауды уәкілетті орган белгілеген тәртіпте кеден органдары жүзеге асырады.
5. Халықаралық почта жөнелтімдерін қарау мен кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылаудың техникалық құралдарын ең жоғары дәрежеде пайдаланады.
6. Халықаралық почта алмасу орнына бүлінген түрде, салмағында алшақтық бар, ішіндегісі бұзылған немесе қажетті ілеспе құжаттарынсыз келіп түскен халықаралық почта жөнелтімдері халықаралық почта қызметтерін көрсетуші ұйым ресімдеген актіні қоса бере отырып, кеден органдарына көрсетіледі.
7. Халықаралық почта жөнелтімін кедендік тексеру кезінде санының алшақтығы және ішіндегілерінің сәйкес келмеуі анықталса кеден органының лауазымды адамы халықаралық почта қызметтерін көрсетуші ұйымның қызметкерімен бірлесіп, кедендік тексерудің актісін жасайды.
36-тарау. Шетелдік тұлғалардың жекелеген
санаттарының тауарларды өткізуі
277-бап. Осы тараудың қолданылу саласы
Осы тарау дипломатиялық, консулдық және шетел мемлекеттерінің өзге де ресми өкілдіктері, халықаралық ұйымдар, осы өкілдіктер мен ұйымдардың жеке құрамдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының мүлкіне және жеке багажына қатысты кедендік бақылаудың тәртібін реттейді.
278-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) дипломатиялық өкілдік - жеке құрамы Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің өкілдігі;
2) консулдық мекеме - жеке құрамы Қазақстан Республикасында тіркелген кез келген бас консулдық, консулдық, вице-консулдық немесе консулдық агенттік;
3) дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері - өкілдіктің басшысы және өкілдік жеке құрамының мүшелері;
4) дипломатиялық өкілдік жеке құрамының мүшелері - өкілдіктің дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетуші жеке құрамының мүшелері;
5) консулдық лауазымды адам - консулдық мекеменің басшысын қоса алғанда, консулдық лауазымды адам ретінде консулдық функцияларды атқару тапсырылған адам;
6) консулдық мекеменің қызметкерлері - консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер (әкімшілік-техникалық міндеттерді атқаратын адамдар) және қызмет көрсетуші жеке құрамның қызметкерлері;
7) дипломатиялық өкілдіктерге теңестірілген өкілдіктер - жеке құрамы Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері;
8) дипломатиялық почта - мемлекет пен оның шетелдегі дипломатиялық, консулдық өкілдіктері арасындағы байланыс түрі;
9) консулдық сағдиян - консулдық мекемелердің байланыс түрлерінің бірі;
10) дипломатиялық курьер - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы дипломатиялық почтаны өткізуге уәкілетті тұлға;
11) консулдық курьер - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы консулдық сағдиянды өткізуге уәкілетті тұлға.
279-бап. Шетел мемлекеттерi дипломатиялық
өкiлдiктерiнің тауарларды өткізуі
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері өздерінің ресми пайдалануына арналған тауарларды сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кедендік қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезінде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден босатыла отырып және тауарларға тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
Ескерту. 279-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
280-бап. Шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігі
басшысының және өкілдіктің дипломатиялық
жеке құрамы мүшелерінің тауарларды өткізуі
1. Шетел мемлекеті дипломатиялық өкілдігінің басшысы және өкілдіктің дипломатиялық жеке құрамының мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, бастапқы жайғасуға қажет тауарларды қоса алғанда, өздерінің жеке пайдалануына арналған тауарларды сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кедендік қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезінде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден босатыла отырып және тауарларға тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
2. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының, өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамы мүшелерiнiң, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, жеке багажы, егер жеке пайдалануға арналмаған тауарлар немесе әкелуiне не әкетiлуiне тыйым салынған, немесе Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині туралы заңдарымен реттелетiн тауарлар бар екенiне елеулi негiздемелер болмаса, кедендік тексеруден босатылады. Тауарларды мұндай тексеру тек осы адамның немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiлуі қажет.
Ескерту. 280-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
281-бап. Шетел мемлекетi дипломатиялық өкiлдiгiнiң
әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамы мүшелерінің
тауарларды өткізуі
Шетел мемлекетi дипломатиялық өкiлдiгiнiң әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының мүшелері және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, жайғасуға арналған заттарды қоса алғанда, өздерінің жеке пайдалануына арналған тауарларды сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кедендік қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезінде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден босатыла отырып және тауарларға тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
Ескерту. 281-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
282-бап. Шетел мемлекетi дипломатиялық өкiлдiгiнің
қызмет көрсетушi жеке құрамы мүшелерiнің
тауарларды өткізуі
Шетел мемлекетiмен жасалып бекітілген халықаралық шарттың негiзiнде шетел мемлекетi өкiлдiгiнiң дипломатиялық жеке құрамының мүшелеріне, осы Кодексте берілетін кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер әрбiр жекелеген шетел мемлекетіне қатысты өзара сыйластық принципін негiзге ала отырып, осы дипломатиялық өкiлдiктiң қызмет көрсетушi жеке құрамының қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, қолданылуы мүмкiн.
283-бап. Шетел мемлекеттерiнiң консулдық мекемелері
мен олардың қызметкерлерінің тауарларды
өткізуі
1. Шетел мемлекеттерiнiң консулдық мекемелеріне, консулдық мекеменің басшысын қоса отырып, консулдық лауазымды адамдарға және консулдық қызметшілерге, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелерiне шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiнің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық жеке құрамының мүшелері үшiн осы Кодексте көзделген кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер берiледi.
2. Консулдық мекеменің қызмет көрсетушi жеке құрамының қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне, егер олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, шетел мемлекетiмен жасалып бекітілген халықаралық шарттың негiзiнде, әрбiр жеке шетел мемлекетіне қатысты өзара сыйластық принципін негізге ала отырып, шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң қызмет көрсетуші жеке құрамының мүшелерiне осы Кодексте берiлетiн кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 283-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
284-бап. Шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық
почтасы мен консулдық сағдиянын Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өткiзу
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық почтасы кеден органдарының ашып қарауына да, ұстап қалуына да жатпайды және оларды тек сырттай қарайды. Дипломатиялық почтаны құрайтын барлық орындардың олардың сипатын көрсететін көзге көрінерлік сыртқы белгiлері болуға тиiс және оларда тек дипломатиялық құжаттар мен тек қана ресми пайдалануға арналған заттар болуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн шетел мемлекеттерiнiң консулдық сағдияны кеден органдарының ашып қарауына да, ұстап қалуына да жатпайды және оларды тек сырттай қарайды. Консулдық сағдиянды құрайтын барлық орындардың олардың сипатын көрсететін көзге көрінерлік сыртқы белгiлері болуға тиiс және оларда тек ресми хат-хабарлар мен құжаттар немесе тек қана ресми пайдалануға арналған заттар болуға тиіс.
Консулдық сағдияндағы заттардың тек қана ресми пайдалануға арналмағандығы туралы негiздемелер болған жағдайда, кеден органы осы шетел мемлекеті уәкiлеттi тұлғаларының кеден органы лауазымды адамдарының қатысуымен сағдиянды ашып көрсетуін талап етуге құқылы. Осы мемлекеттің өкіметі консулдық сағдиянды ашудан бас тартқан жағдайда ол жөнелтiлген жерiне қайтарылады.
3. Дипломатиялық почта және консулдық сағдиян келуіне рұқсат берілген портқа немесе әуежайға бағытталған кеменің капитанына немесе әуе кемесінің командиріне сеніп тапсырылуы мүмкін. Кеменің капитаны немесе әуе кемесінің командирі дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды құрайтын орындардың саны көрсетілген ресми құжатпен қамтамасыз етілуге тиіс, бұл ретте ол дипломатиялық немесе консулдық курьер болып есептелмейді.
4. Дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме өз қызметкерлерінің бірін кеменің капитанынан немесе ұшақтың командирінен дипломатиялық почтаны немесе консулдық сағдиянды тікелей және кедергісіз қабылдап алуға жібере алады.
5. Егер дипломатиялық почта немесе консулдық сағдиян басқа кеден органының қызметі аймағындағы өкілдікке немесе мекемеге тікелей шетел мемлекетінің автокөлік құралымен жеткізілсе, онда дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды шекаралық кеден органы ресімдейді.
285-бап. Шетелдiк дипломатиялық және консулдық
курьерлердің тауарларды өткізуі
1. Шетелдiк дипломатиялық және консулдық курьерлер өздерінің жеке пайдалануына арналған тауарларды сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден органдарының кедендік қоймаларында сақтауды жүзеге асыру кезінде кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден босатыла отырып және тауарларға тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
2. Дипломатиялық және консулдық курьерлерге өздерінің мәртебесі және дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды құрайтын орындардың саны көрсетілген ресми курьерлік парақ берілуге тиіс. Курьерлік параққа дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды жіберген мекеме қол қояды және мөр басады.
3. Дипломатиялық почта мен консулдық сағдиян осы дипломатиялық почта немесе консулдық сағдиянды ғана тасымалдауға белгіленген және курьерлік ресми парақпен қамтамасыз етілген уақытша дипломатиялық немесе консулдық курьерге де сеніп тапсырылуы мүмкін.
4. Уақытша дипломатиялық немесе консулдық курьерге осы баптың 1-тармағында көзделген кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беріледі. Мұндай жеңілдіктер дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды мақсаты бойынша жеткізген кезден бастап тоқтатылады.
Ескерту. 285-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
286-бап. Шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерi мен
делегация мүшелерiнің тауарларды өткізуі
Шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерiне, парламент және үкiмет делегацияларының мүшелерiне, сондай-ақ өзара сыйластық негiзінде Қазақстан Республикасына мемлекетаралық келiссөздер, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шетел мемлекеттері делегацияларының қызметкерлерiне осы Кодексте көзделген шетел мемлекеті өкiлдiгінің дипломатиялық жеке құрамының мүшелерiне арналған кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер берiледi. Дәл сондай жеңiлдiктер осы адамдарға еріп жүрген олардың отбасы мүшелерiне де берiледi.
287-бап. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы
арқылы транзитпен өтетiн шетел мемлекеттерi
дипломатиялық жеке құрамы мүшелерiнің,
консулдық лауазымды адамдарының, өкілдерінің
және делегациялар мүшелерiнің тауарларды
өткізуі
1. Шетел мемлекеттерi дипломатиялық өкілдігінің мүшелерi мен консулдық лауазымды адамдарына, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы транзитпен өтетiн, осы Кодекстің 286-бабында көрсетілген адамдарға шетел мемлекеті өкiлдiгінің дипломатиялық жеке құрамының мүшелерi үшiн осы Кодексте көзделген кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер берiледi.
2. Егер жоғарыда аталған адамдардың, сондай-ақ олармен бірге жүрген отбасы мүшелерінің багажында әкелінуіне немесе әкетілуіне Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині туралы заңдарымен тыйым салынған не реттелетін тауарлар бар деп есептеуге негiздер болмаса, багажы кедендік тексеруден босатылады. Тауарларды мұндай тексеру тек осы адамның немесе оның уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ғана жүргiзiлуі тиіс.
288-бап. Дипломатиялық және оған теңестірілген
өкілдіктер, консулдық мекемелер мен
олардың қызметкерлері өткізетін тауарларды
ресімдеудің тәртібі
1. Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелердің ресми пайдалануына арналған тауарлар таңдалған кедендік режимге сәйкес жүктің кедендік декларациясын кеден органына табыс ету арқылы кедендік ресімдеуге жатады.
2. Дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің және оларға теңестірілген адамдардың, консулдық мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерінің иесімен бірге жөнелтілмейтін жеке жол жүгі таңдалған кедендік режимге сәйкес кедендік декларацияны кеден органына табыс ету жолымен кедендік ресімдеуге жатады.
289-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік
ресімдеудің ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасында тіркелген тұлғалардың ресми және жеке пайдалануына арналған мынадай тауарлар:
1) көлік құралдарының барлық түрлері;
2) дербес компьютерлер және олардың керек-жарақтары;
3) сателлиталық керек-жарақтармен бірге теле-, радио-, бейне аппаратура;
4) шығарылған слайдтарымен және фильмдерімен қоса кинокамералар мен кинопроекторлар;
5) жиһаздардың барлық түрлері;
6) құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын тұрмыстық электр аспаптары, спорттық жабдықтар, музыкалық аспаптар;
7) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған жеке зергерлік сән бұйымдары мәлімделген кедендік режимге сәйкес кеден органдарында міндетті кедендік ресімдеуге және есепке алуға жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктері жоқ басқа тұлғаға жоғарыда аталған тауарлардың меншік құқығын беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды төлей отырып, міндетті кедендік қайта ресімдеуге жатады.
3. Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктер, консулдық мекемелер ресми пайдалану үшін тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, бір тоқсанда бес мың дана әртүрлі темекі өнімдерін (сигар, сигарет және тағы басқалары), бір жүз литр шарап және ликер-арақ өнімдерін Қазақстан Республикасына әкеле алады.
4. Мәдени-тарихи құндылықтары бар шетел тауарлары және олардың құжаттары кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау үшін кеден органына беріледі.
5. Мәдени-тарихи құндылықтары бар және Қазақстан Республикасында сатып алынған тауарлар тиісті уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты негізінде ғана Қазақстан Республикасының аумағынан тыс әкетілуі мүмкін.
8-Бөлім. Кедендік төлемдер және салықтар
37-тарау. Жалпы ережелер
290-бап. Кедендік төлемдер және салықтар
1. Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:
1) кедендік баж;
2) кедендік алымдар;
3) алымдар;
4) алдын ала шешім үшін төлемақы.
2. Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.
3. Кеден органдары демпингке қарсы , қорғау және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда алады.
4. Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
5. Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
6. Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналыс үшiн шығарған кезде кеден бажы мен акциз Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жиынтық төлем түрiнде төленуi мүмкiн.
Ескерту. 290-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
291-бап. Кедендік төлемдер ставкаларының түрлерi
Кедендік төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:
1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн - адвалорлық;
2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн - ерекшелiкті;
3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған екi түрiн де ұштастыратын - құрамдас болып бөлiнедi.
292-бап. Кедендік баждар
1. Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.
2. Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді.
293-бап. Кедендік алымдар
1. Кедендік алымдарға:
1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.
2. Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып табылады.
294-бап. Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым
Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алынады.
295-бап. Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым
Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады.
Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.
296-бап. Тауарларды сақтау үшін кедендік алым
Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.
297-бап. Алымдар
1. Кеден органдары алатын алымдарға:
1) лицензия бергені үшін алым жатады.
2) (алып тасталды - 2007.07.26. N 312 )
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген алымдардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .
Ескерту. 297-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
298-бап. Лицензия бергені үшін алым
Лицензия бергені үшін алым:
1) кеден қоймасын құрғаны;
2) алып тасталды
3) алып тасталды
4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны;
5) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;
6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.
Ескерту. 298-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
299-бап. Алдын ала шешім үшін төлемақы
Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы алынады.
38-тарау. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу
300-бап. Кедендік баждар салуға арналған база
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың кедендік құны кеден бажын салу үшін база болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі кедендік баждың өзіндік ерекше ставкалары белгіленген тауарлар бойынша кедендік баждар салуға арналған база болып табылады.
301-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды
есептеудің тәртібі
1. Кедендік төлемдер мен салықтарды осы Кодекстің 270-бабы мен осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеушілер дербес есептейді.
2. Кеден ісі саласында құқық бұзушылық анықталған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуді кеден органы жүргізеді.
3. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
302-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың
ставкаларын қолдану
1. Осы Кодекстің 5 және 386-388-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын ставкалар пайдаланылады.
2. Кедендік баждарды және салықтарды есептеу мақсаттары үшін осы Кодекстің 290-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетін ставкалар қолданылады.
303-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу
мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу
Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу жүргізу талап етілген жағдайларда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнге немесе төленуі тауарлардың кедендік ресімделуіне байланысты емес кедендік төлемдер үшін төлем күніне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады.
304-бап. Кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасалған
кезде кедендік төлемдерді және салықтарды
есептеу
1. Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден толық немесе ішінара босатылғандарға қарағанда өзге мақсаттарда пайдаланылған кезде төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын кедендік төлемдердің және салықтардың ставкалары пайдаланылады.
2. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімінің бұзылуы болған кезде, кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу осы Кодекстің 349-бабына сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл есептей отырып жүргізіледі.
39-тарау. Тауарлардың кедендік құнын айқындау
305-бап. Тауардың кедендік құны
Тауардың кедендік құны - тауардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін, осы тарауға сәйкес айқындалатын, мынадай мақсаттарда:
1) тауарға кедендік төлемдерді және салықтарды салу;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеудің өзге шараларын қолдану мақсатында пайдаланылатын құны.
306-бап. Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкетілетін тауарлардың кедендік құны экспортқа сату кезінде нақты төленген немесе төленуге тиісті мәміле бағасының негізінде айқындалады.
2. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде мәміле бағасына, егер олар бұрын енгізілмеген болса, мынадай шығыстар:
1) тауарды әуежайға, портқа немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкететін өзге орынға дейін жеткізу бойынша шығыстар:
тасымалдау құны;
тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу бойынша шығыстар;
2) сақтандыру құны;
3) сатушы шеккен шығыстар;
комиссиялық және брокерлік сыйақылар;
егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес олар бағаланатын тауарлармен біртұтас зат ретінде қаралса, контейнерлердің немесе айналымға көп түсетін басқа да ыдыстардың құны;
буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құны;
4) сатушы бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретінде тікелей немесе жанама түрде төлеуге тиісті, бағаланатын тауарларға байланысты лицензия бергені үшін роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар нақты төленген немесе төленуге тиісті бағаға қосылмаған болса;
5) кейіннен қайта сатудан сатушыға тікелей немесе жанама түрде түсетін кірістің бір бөлігі, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын кіріс;
6) Қазақстан Республикасының кедендік аумағында алынатын салықтар, егер Қазақстан Республикасының салық заңдарына немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес олар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарларды әкетуге байланысты сатушыға өтемге жатпаса, енгізіледі.
3. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде, олар бұрын мәміле құнына енгізілген және құжатпен расталуы мүмкін жағдайда, мынадай төлемдер мен шығыстар:
1) жабдықтарды монтаждау, жинау, ретке келтіру немесе мұндай жабдықтарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкеткеннен кейінгі техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды жеткізу бойынша шығыстар;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды жеткізуді сақтандыру құны;
4) импорт елінде төленетін кедендік баждар мен салықтар мәміле бағасынан алып тасталады.
4. Мәміле бағасы болмаған кезде, әкетілетін тауарлардың кедендік құны әкетілетін тауарды өндіруге немесе сатып алуға, сақтау мен тасымалдауға байланысты шығындар туралы экспорттаушы-сатушының бухгалтерлік құжаттамасының декларант берген үзінді көшірмесі негізге алынып айқындалады. Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген шығыстар да ескеріледі.
5. Әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендік құнын кеден органдары бірдей немесе біртектес тауарлар бойынша қолда бар мәліметтердің негізінде не тәуелсіз сараптама нәтижелерінің негізінде айқындайды.
Ескерту. 306-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
307-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын
айқындау
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құны Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң және Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің кедендік бағалауының жалпы принциптеріне негізделеді.
Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.08 N 211 Заңымен.
308-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын
айқындау әдiстерi
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендік құнын айқындау:
1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
2) бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
3) бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша;
4) құнды шегеру;
5) құнды қосу;
6) резервтік әдiстердi қолдану жолымен жүргізіледі.
2. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негiзгi әдiсi болып табылады.
3. Негiзгi әдiстi пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда тізіп көрсетілген әдiстердiң әрқайсысы бірінен кейін бірі қолданылады. Бұл ретте, егер алдыңғы әдiстi қолдану арқылы тауарлардың кедендік құнын айқындау мүмкiн болмаса, онда әрбір келесi әдiс қолданылады. Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керi ретпен қолданылады.
3-1. Кедендік құнды айқындау әдістерін қолдану ерекшеліктерін уәкілетті орган айқындайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген қолданылатын әдістердің қандай да бірі бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргiзу принциптеріне сәйкес келетін тәсілмен әзірленуге тиіс.
Ескерту. 308-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
309-бап. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленiң
бағасы бойынша кедендік құнды айқындау әдiсi
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауардың кедендік құны Қазақстан Республикасына экспортқа сату кезінде оған нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға болып табылады.
2. Тауардың кедендік құнын айқындау кезiнде мәмiле бағасына, егер олар бұрын енгізілмеген болса, мынадай шығыстар:
1) тауарды әуежайға, портқа немесе тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелетін өзге орынға дейін жеткізу бойынша шығыстар:
тасымалдау құны;
тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу бойынша шығыстар;
2) сақтандыру құны;
3) сатып алушы шеккен шығыстар;
тауарларды сатып алу жөнiндегi комиссиялық сыйақыны қоспағанда, комиссиялық және брокерлік сыйақылар;
егер Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес олар бағаланатын тауарлармен бiртұтас зат ретiнде қаралса, контейнерлердiң немесе айналымға көп түсетiн басқа да ыдыстардың құны;
буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құны;
4) бағаланатын тауарларды әкетуге арнап өндiруге және сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе арзандатылған бағамен сатып алушы сатушыға тiкелей немесе жанама түрде берген мынадай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер):
бағаланатын тауарлардың құрамдас бөлiгi болып табылатын шикiзаттар, материалдар, бөлшектер, жартылай фабрикаттар мен басқа да жинақтаушы бұйымдар;
бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылған құрал-саймандар, штамптар, қалыптар мен басқа да осы тәрiздес заттар;
бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдар (жағар материалдар, отын және басқалар);
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған және бағаланатын тауарлар өндiру үшін тiкелей қажеттi инженерлiк талдамалар, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар, дизайн, көркем безендiру, нобайлар мен сызбалар құнының тиiстi бөлiгi;
5) сатып алушы бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретiнде тiкелей немесе жанама түрде төлеуге тиiстi, бағаланатын тауарларға байланысты лицензия бергені үшін роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар нақты төленген немесе төленуге тиісті бағаға қосылмаған болса;
6) бағаланатын тауарларды кез келген кейiннен қайта сатудан, беруден немесе пайдаланудан сатушының тiкелей немесе жанама кiрiсі бөлiгiнiң шамасы енгізіледі.
Іс жүзiнде төленген немесе төленуге тиiс мәмiле бағасына осы тармақтың бiрінші бөлігінде аталмаған шығыстар енгізiлмейдi.
3. Атауы әр түрлi тауарларды бiр лекпен жеткiзген кезде, әрбiр әкелiнген тауардың кедендік құнына енгізілуге тиісті және тауарлардың барлық тобы үшiн айқындалған шығыстарды айқындау әрбір тауардың құнының тауарлар легінің құнына қатысымен айқындалатын шамаға барабар түрде жүзеге асырылады.
4. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде мына төлемдер және шығыстар:
1) жабдықтарды монтаждауға, жинауға, ретке келтіруге немесе мұндай жабдықтарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелгеннен кейін техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелгеннен кейін жеткізу бойынша шығыстарды;
3) импорт елінде төленетін кеден баждарын және салықтарды импортталатын тауарлар үшін нақты төленген және төленуге тиісті бағасынан бөліп алынған жағдайда кедендік құнға енгiзуге болмайды.
5. Егер:
1) сатып алушының бағаланатын тауарларға иелік ету немесе пайдалану құқығына қатысты:
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген шектеулерді;
тауарлар қайта сатылуы мүмкiн географиялық аймақтың шектеулерін;
тауар құнына елеулi әсер етпейтiн шектеулерді қоспағанда, шектеулер болса;
2) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
3) сату немесе мәміленің бағасы әсер етуін есептеп шығару мүмкін емес жағдайлардың сақталуымен байланысты болса;
4) кедендік құнды мәлiмдеген кезде декларант пайдаланған деректер құжатпен расталмаса не сан жағынан айқындалатын және дұрыс болып табылмаса;
5) мәмiлеге қатысушылар өзара байланысты тұлғалар болып табылса және мәмiле бойынша құн осы баптың талаптарына сәйкес кедендік құнды анықтау үшiн негiз ретiнде жарамды болып табылмаса, әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленің бағасы бойынша әдiс тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн пайдаланылмайды. Бұл ретте мынадай белгiлердiң бiрiне сай тұлғалар:
мәмілеге қатысушылардың бiрi немесе мәмiлеге қатысушылардың бiреуiнiң лауазымды адамы бір мезгілде мәмiлеге басқа бiр қатысушының лауазымды адамы болып табылатын;
мәмiлеге қатысушылар кәсiпорынды бiрлесiп иеленушiлер болып табылатын;
мәмiлеге қатысушылар еңбек қатынастарымен байланысты болатын;
қандайда бiр тұлға әрбір мәмiлеге қатысушының айналымында жүрген дауыс беруші акциялардың немесе әрбір мәмiлеге қатысушылардың жарғылық капиталындағы салымдардың (пайлардың) бес немесе одан да көп проценттерiн тiкелей немесе жанама иеленетін не олар бақылауында болатын;
мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамның тiкелей немесе жанама бақылауында болатын;
мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамды бiрлесiп тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын;
мәмiлеге қатысушылардың бiрi мәмілеге басқа қатысушының тiкелей немесе жанама бақылауында болатын;
мәмілеге қатысушылар немесе олардың лауазымды адамдары жақын туыстар болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тұлғалар деп түсініледі.
5-1. Әрқайсысында басқасының айрықша құқықтары бар агенттер, дилерлер, дистрибьютерлер болып табылатын сыртқы экономикалық қызметтiң қатысушылары, егер олар осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында айқындалған белгiлердiң бiрiне сай келсе, өзара байланысты болып есептеледі.
6. Мәмiлеге қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылық фактiсi мәмiле бағасын жарамсыз деп есептеуге жеткiлiктi негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда, кеден органы мәмiлеге септiгiн тигiзетiн мән-жайды зерделеуi тиіс және егер өзара байланыстылық бағаға әсер етпеген болса, оның бағасы тауардың кедендiк құнын айқындау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
7. Кеден органында мәмiлеге қатысушы тұлғалардың өзара байланыстылығы тауардың бағасына әсер еттi деген негiз туындаған жағдайда, декларантқа тұлғалардың өзара байланыстылығы тауардың бағасына әсер етпегенін растайтын қосымша қажеттi ақпарат беру мүмкiндiгі туралы ұсыным (декларанттың қалауы бойынша жазбаша нысанда) берiледi.
8. Егер декларант шамамен сол уақытта белгiленген:
1) Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде өзара байланысты болып табылмайтын қатысушылар арасындағы бірдей немесе біртектес тауарлармен мәмiле бойынша құнның;
2) бірдей немесе бiртектес тауарлардың құнды шегеру әдiсi бойынша айқындалған кедендік құнының;
3) бірдей немесе бiртектес тауарлардың құнды қосу әдiсi бойынша айқындалған кедендік құнының бiреуiне жақын екендiгiн дәлелдесе, декларанттың бастамасы бойынша тауардың кедендік құнын айқындау негiзiне мәмiле құны қабылдануы мүмкiн.
9. Салыстыру үшiн декларант ұсынған бағалар:
1) коммерциялық деңгейдегi (көтерме, бөлшек саудадағы);
2) санындағы;
3) осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген элементтердегi (шығыстардағы);
4) егер сатушы өзара байланысты тұлғамен мәмiле жасаған кезде мұндай шығындарды шығармаса, өзара байланысты емес тұлғалар арасындағы мәмiле кезiнде туындайтын сатушының өзге де шығындарындағы айырмашылықтар ескерiле отырып түзетiледi.
10. Салыстыру үшін декларант берген бірдей немесе біртектес тауарлардың бағасы тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін мәміле бойынша бағаның орнына пайдаланылмайды.
11. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өзінде ақпарат жазылған ақпарат тасығыштарды (магнитті дискілер, магнитті таспалар, компакт-дискілер, флоппи-дискілер және басқалар) әкелген кезде кедендік құнға, мәміленің нысанасы көрсетілген тасығыштарда жазылған ақпарат болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасығыштың құны ғана қосылады.
Ескерту. 309-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
310-бап. Бірдей тауарлармен жасалатын мәміле бағасы
бойынша кедендік құнды айқындау әдiсi
1. Бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде осы бапта көрсетiлген шарттар сақталған кездегі, тауардың кедендік құнын айқындау үшiн негiз ретiнде, бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы қолданылады.
2. Бағаланатын тауарлармен бiркелкі, соның iшiнде мынадай белгiлері:
1) физикалық сипаттамалары;
2) рыноктағы сапасы мен танымдылығы бойынша біркелкі тауарлар бірдей тауарлар деп түсініледі.
3. Осы баптың негізiнде кедендiк бағалау әдiсiн пайдаланған кезде:
1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндірілген елде өндірілмеген болса, бағаланатын тауарлармен бірдей деп есептелмейдi;
2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар бағаланатын тауарларды өндiрушi тұлға өндiрген бірдей тауарлар болмаған жағдайда, назарға алынады;
3) егер тауарлардың жобалануын, оларға жасалатын тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, олардың көркемдiк безендiрiлуiн, дизайнын, нобайларын немесе сызбаларын:
сатып алушы сатушыға оны өндiруге және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшін тегін немесе төмендетілген құны бойынша берген болса;
олар Қазақстан Республикасында шығарылған, соған байланысты құны осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағы 4) тармақшасы бесінші абзацының негізінде тауарлардың кедендік құнына енгiзілмеген болса, тауарлар бірдей деп саналмайды.
4. Егер тауарлар осы баптың талаптарына сай келсе, сыртқы түрiндегі болымсыз өзгешелiктер оларды бірдей тауарлар ретінде қараудан бас тарту үшiн негiз болып табылмайды.
5. Егер бұл тауарлар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн сатылса;
2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінсе немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте әкелінбесе;
3) шамамен сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнсе, бірдей тауарлармен жасалатын мәміле бағасы кедендік құнды айқындау үшiн негiз ретінде алынады.
6. Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелу жағдайлары болмаса, өзге мөлшерде және (немесе) өзге коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнген бірдей тауарлардың осы айырмашылықтары есепке алынып, бағасы түзетіле отырып, құны пайдаланылуы мүмкiн.
7. Егер бірдей тауарлар үшін осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген шығыстардың құны арақашықтық пен көлiк түрлерiнiң айырмашылығы себепті бағаланатын тауарлардың мұндай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленетін болса, бірдей тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша айқындалатын кедендік құн тиісті түрде түзетілуге тиіс.
8. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негiзiнде жүргізілуге тиіс.
9. Егер осы әдiстi қолданған кезде бірдей тауарлар бойынша мәмiленiң бiреуден көп бағасы анықталса, онда әкелінетiн тауарлардың кедендік құнын айқындау үшiн олардың ең төменi қолданылады.
Ескерту. 310-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
311-бап. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы
бойынша кедендік құнды айқындау әдiсi
1. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде, осы бапта көрсетілген шарттар сақталған кезде, тауардың кедендік құнын айқындау үшiн негiз ретiнде, әкелiнетiн тауарлармен бiртектес тауарлар бойынша мәмiле бағасы қолданылады.
2. Бiрдей болмаса да, бағаланатын тауарлардың функциясын атқаруға және коммерциялық тұрғыда өзара алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамасы бар және ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар біртектес деп түсініледі.
3. Тауарлардың бiртектестiгiн айқындау кезінде олардың мынадай белгiлерi:
1) сапасы, тауар таңбасының болуы;
2) рыноктағы танымдылығы ескерiледi.
4. Алынып тасталды - ҚР 2005.06.20 N 62 Заңымен.
4-1. Егер тауарлар осы баптың талаптарына сәйкес келсе, сыртқы түрiндегі болмашы өзгешелiктер мұндай тауарларды бiртектес деп қараудан бас тарту үшін негіз болмайды.
4-2. Егер бұл тауарлар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін сатылса;
2) әкету үшін сатылса және бағаланатын тауарлармен бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінсе немесе бағаланатын тауарлар әкелінгенге дейін тоқсан күнтізбелік күннен ерте әкелінбесе;
3) шамамен сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелiнсе, бiртектес тауарлармен жасалатын мәміленің бағасы кедендік құнды айқындау үшін негіз ретінде алынады.
4-3. Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелу жағдайлары болмаса, өзге мөлшерде және (немесе) өзге коммерциялық деңгейде (көтерме, бөлшек саудада) әкелінген біртектес тауарлардың құны осы айырмашылықтары есепке алынып, бағасы түзетіле отырып пайдаланылуы мүмкін.
4-4. Егер, біртектес тауарлар үшін осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шығыстардың құны, арақашықтық пен көлік түрлерінің айырмашылығына байланысты, бағаланатын тауарлардың осындай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленетін болса, біртектес тауарлармен жасалатын мәміле бағасы бойынша айқындалатын кедендiк құн тиiстi түрде түзетiлуге тиiс.
5. Кедендiк бағалаудың осы әдiсiн пайдаланған кезде:
1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндiрiлетін елде өндірілмесе, бағаланатын тауарлармен бiртектес болып саналмайды;
2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар бағаланатын тауарларды өндіруші тұлға өндірген біртектес тауарлар болмаған жағдайда назарға алынады;
3) егер тауарлардың жобалануын, оларға жасалатын тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, олардың көркемдiк безендiрiлуiн, дизайнын, нобайлары мен сызбаларын:
сатып алушы сатушыға оны өндiруге және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе төмендетiлген құны бойынша берген болса;
олар Қазақстан Республикасында орындалып, соған байланысты осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағы 4) тармақшасының бесiншi абзацы негiзiнде тауарлардың кедендiк құнына енгізілмеген болса, тауарлар біртекті деп саналмайды.
6. Осы баптың 4-3 және 4-4-баптарында көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негізiнде жүргізiлуге тиіс.
7. Егер осы әдiстi қолданған кезде біртектес тауарлар бойынша мәміленiң бiреуден көп бағасы анықталса, онда әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын айқындау үшiн олардың ең төменгiсi қолданылады.
Ескерту. 311-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
312-бап. Құнды шегеру негізінде кедендік құнды
айқындау әдісі
1. Егер бағаланатын (әкелінетін) немесе бірдей немесе біртектес тауарлар ең алдымен бастапқы қалпы өзгертілмей сатылатын болса, мұндай жағдайда құнды шегеру негізінде бағалау әдісі бойынша тауардың кедендік құнын айқындау жүргізіледі.
2. Тауардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде құнды шегеру әдісін пайдаланған кезде бағаланатын (әкелінетін) немесе бірдей немесе біртектес тауарлар сатушымен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғаларға бағаланатын тауарлар импортымен бір уақытта ең көп жиынтық мөлшерінде сатылатын тауар бірлігінің бағасы қолданылады.
3. Бұл ретте, сату бағаланатын тауарларды әкелумен бір уақытта, ал мұндай мерзімдерде сату болмаған кезде - бағаланатын тауарлар әкелінгеннен кейін неғұрлым жақын күнде, бірақ бағаланатын тауарларды әкелген кезден бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей жүзеге асырылуға тиіс.
4. Тауар бірлігінің бағасынан:
1) төленетін немесе төлеуге келісілген комиссиялық сыйақылар немесе әкелінетін тауарлардың сол класын немесе түрін Қазақстан Республикасында сатуға байланысты пайда табу және жалпы шығыстарды жабу мақсатында есептелетін үстеме;
2) Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуге және (немесе) сатуға байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиісті әкелу бажы, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу және түсіру жұмыстарына Қазақстан Республикасында төленетін шығыстар шегеріледі.
5. Сол кластағы немесе сондай түрдегі тауарлар дегеніміз өнеркәсіптің белгілі бір саласында өндірілген тауарлардың тобына не разрядына жататын және бірдей немесе біртектес тауарлар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін тауарларды білдіреді.
6. Бағаланатын бірдей немесе біртектес тауарларды әкелінген кездегідей қалпында сату жағдайлары болмаған кезде, декларанттың өтініші бойынша, қосылған құнды шегере отырып және осы баптың
2-4-тармақтарының ережелері сақталған кезде, қайта өңдеуден өткен тауар бірлігінің бағасы пайдаланылуы мүмкін.
7. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 312-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
313-бап. Құнды қосу негізінде кедендік құнды айқындау
әдісі
1. Құнды қосу негізінде бағалау әдісін пайдалану кезінде тауардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде мыналарды:
1) бағаланатын тауарды өндіруге байланысты дайындаушының жұмсаған материалдары мен шығындарының құнын;
2) Қазақстан Республикасына беру үшін экспорт елінде өндірілген, бағаланатын тауарлардың сол сыныбындағы немесе түріндегі тауарларды сату кезінде бағасына енгізілетін пайда мен жалпы шығыстар сомасын;
3) осы Кодекстің 309-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында санамаланған шығыстардың құнын қосу жолымен есептелген тауардың бағасы қабылданады.
2. Кеден органының шетелдік адамнан кедендік құнды растау туралы ақпаратты талап етуге құқығы жоқ. Бұл ретте кеден органдары тауарларды өндірушінің кедендік құнды анықтау мақсатында берген ақпаратын өндірушінің келісімімен және өндіруші елдің үкіметін алдын ала хабардар ету және оның келісімін алу шартымен тексере алады.
Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
314-бап. Кедендік құнды айқындаудың резервтік әдісі
1. Егер импортталатын тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің қоса алғандағы 309-313-баптарының ережелеріне сәйкес айқындау мүмкін болмаса, онда кедендік құн Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VІІ бабын қолдану жөніндегі келісімнің және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VІІ бабының жалпы ережелерімен үйлесімді ақылға қонымды принциптерін пайдалану жолымен және импорт елінде бар деректердің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
2. Осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған кедендік құн бұрын айқындалған кедендік құндарға негізделуі тиіс.
3. Кедендік құнды айқындаудың осы бапқа сәйкес пайдаланылатын әдістері осы Кодекстің 309-313-баптарында көзделгендер болып табылады. Осы бапқа сәйкес кедендік құнды айқындау кезінде осы әдістерді қолдану кезіндегі икемділікке жол беріледі. Атап айтқанда, мыналарға жол беріледі:
бағаланатын тауарлар өндірілген елден өзге елде өндірілген бірдей немесе біртектес тауарлардың құны әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде қабылдануы мүмкін;
бірдей немесе біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құнының негізінде бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде бірдей немесе біртектес тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкету үшін сатылуға тиіс және бағаланатын (әкелінетін) тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына бір немесе соған сәйкес уақыт кезеңінде әкелінуге тиіс немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте әкелінбеуге тиіс деген осы Кодекстің 310 немесе 311-баптарында белгіленген талаптардан ауытқушылыққа жол беріледі;
әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде осы Кодекстің 312 және 313-баптарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртектес тауарлардың кедендік құны қабылдануы мүмкін.
4. Тауарлардың кедендік құны осы бапқа сәйкес мыналардың:
1) әкелу елінің ішкі нарығындағы, осы елде өндірілген тауарлардың бағасы;
2) кедендік мақсаттар үшін баламалы екі құнның неғұрлым жоғарысын қабылдауды көздейтін жүйе;
3) әкету елінің ішкі нарығындағы тауарлардың бағасы;
4) осы Кодекстің 313-бабына сәйкес бірдей немесе біртектес тауарларға қатысты қосу әдісін пайдалана отырып, кедендік құнды айқындау кезінде тауарлардың есепті құнына қосуға жататыннан өзге де шығыстар;
5) оны үшінші елдерге әкетуші елден берілетін тауардың бағасы;
6) ең төменгі кедендік құн;
7) еркін немесе жасанды құн негізінде айқындалмауға тиіс.
Тиісті сұрау салу бойынша декларантты кеден органы осы баптың ережелеріне сәйкес айқындалған кедендік құн туралы және осындай құнды айқындау үшін пайдаланылған әдіс туралы жазбаша хабарландырады.
Ескерту. 314-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
315-бап. Тауардың кедендік құнын айқындау және
бақылау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларант осы тарауға сәйкес мәлімдейді.
2. Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды кеден органы жүзеге асырады. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде таңдалған әдісті қолданудың және мәлімделген кедендік құн құрылымының дұрыстығы айқындалады.
3. Кедендік құнның декларациясын тексеруді жүзеге асыратын кеден органы өз бастамасы, декларанттың тапсырмасы немесе өтініші бойынша аталған декларацияға мәлімделген кедендік құн туралы қандай да бір дерек жазуға, өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізуге құқылы емес.
4. Жекелеген кеден режимдерін қолдану және өзгерту кезінде тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ерекшеліктері осы Кодекстің 6-бөлімінде көзделген.
5. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіпті қолдана отырып өткізетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 270-бабына сәйкес айқындалады.
316-бап. Мәлімделген кедендік құнды растау үшін
құжаттарды табыс ету
1. Кедендік құн жөніндегі мәлімделген мәліметтерді растау үшін декларант жазбаша және (немесе) электрондық нысанда мына құжаттарды:
1) осы Кодекстің 317-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік құн декларациясын;
2) шартты (келісім-шартты) және мәліметтері тауарлардың кедендік құнын айқындауға әсер етуі мүмкін оған қосымша келісімдерді;
3) шот-фактураны (инвойс) немесе шот-проформаны (сатып алу-сату мәмілесінен бөлек мәмілелер үшін);
4) егер кедендік декларацияны беру күніндегі мәміле бойынша төлем шарттарына сәйкес ол үшін төлем толық немесе ішінара жүзеге асырылса, тауардың құнын растайтын төлем құжаттарын;
5) егер беру шарттары бойынша тасымалдау және сақтандыру жөніндегі шығыстарды сатып алушы жүзеге асыратын болса, көлік және сақтандыру құжаттарын;
6) тасымалдағаны үшін шотты немесе көлік шығыстары шот-фактураға енгізілмеген, бірақ сатып алушы шығын шеккен жағдайларда, көлік шығыстары туралы ресми расталған анықтаманы;
7) егер декларанттың жөнелтуші елдің кедендік декларациясының көшірмесін ұсынуға мүмкіндігі болса, оны табыс етуге тиіс.
2. Егер мәлімделген кедендік құнды растау үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, декларант бұл үшін қажетті жазбаша және (немесе) электрондық нысанда мына қосымша құжаттарды:
1) тауарды өткізетін тұлғаның құрылтай құжаттарын;
2) мәмілеге қатысы бар үшінші тұлғалармен жасалған келісім-шарттарды;
3) сатушының пайдасына үшінші тұлғаларға жасалған төлем шотын;
4) бағаланатын тауармен мәмілеге қатысы бар комиссиялық, брокерлік қызмет көрсетулер үшін шотты;
5) сатып алушының тауар құнын растайтын бухгалтерлік құжаттамасынан көшірмені;
6) лицензиялық немесе авторлық шарттарды;
7) қоймалық түбіртектерді;
8) беруге тапсырыстарды;
9) дайындаушы фирмалардың каталогтарын, айрықша тізбелерді, баға прейскуранттарын (прайс-парақтарын);
10) бағаланатын тауарға дайындаушы фирманың калькуляциясын;
11) кедендік құн декларациясында мәлімделген мәліметтерді растау үшін пайдаланылуы мүмкін өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) - 6) тармақшаларында, 2-тармағының 1) - 8) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте кедендік ресімдеу мақсаты үшін аталған құжаттардың түпнұсқасымен бірге олардың декларант куәландырған көшірмесі табыс етілуге тиіс.
Ескерту. 316-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.11.27. N 4 Заңдарымен.
317-бап. Тауардың кедендік құнын мәлімдеу шарты
1. Тауарлардың кедендік құнын декларант кедендік құн декларациясын толтыра отырып, тауарларды декларациялау кезінде кеден органына жазбаша және (немесе) электрондық нысанда мәлімдейді. Кедендік құн декларациясын толтырудың нысаны мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді . V032309
2. Декларант мәлімдеген кедендік құн және оны айқындауға қатысты ол ұсынған мәліметтер дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс.
3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік құн декларациясы еркін айналыс үшін тауарларды шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін барлық тауарларға толтырылады.
4. Егер:
1) бір келісім-шарттың шеңберінде әлденеше рет беруді, сондай-ақ әртүрлі келісім-шарттар бойынша белгілі бір алушының мекен жайына белгілі бір тауарды бір жөнелтушінің қайталап беруін қоспағанда, әкелінетін (әкетілетін) тауарлар легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоғыз жүз айлық есептік көрсеткішке барабар сомадан аспаса;
2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген норма мен шарттар сақталса, кедендік құн декларациясы толтырылмайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік құн кедендік декларацияда мәлімделеді.
Ескерту. 317-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
318-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету
1. Егер:
1) кедендік құнды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау барысында:
осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, декларант мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы және (немесе) құрылымы оларды растау үшін ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейтіндігі анықталса;
кедендік құн декларациясының нысандарында мәлімделген кедендік құнның шамасына әсер еткен техникалық қателер анықталса;
осы Кодекстің 321-бабына сәйкес тауар декларанттың пайдалануына берілген және кеден органдарында бар баға ақпараттарын қолдана отырып шартты түрде шығарылған болса;
2) тауар шығарылғаннан кейін:
шартты шығарылған тауарға қатысты тауардың түпкілікті кедендік құнын айқындау кезінде не шартты шығарылған тауарға қатысты кеден органы жүзеге асырған тауардың кедендік бағалауы қабылданған кезде декларант табыс еткен қосымша ақпарат негізінде;
тауарды декларациялау кезінде орын алған, кедендік құнның шамасына және (немесе) құрылымына әсер еткен техникалық қателіктер анықталса;
кейіннен тексеру жүргізу барысында анықталған (кеден органында сақталатын құжаттар пакетін кейіннен бақылау кезінде болсын және сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу кезінде болсын) дәйектемесіз декларациялау, оның ішінде декларацияланатын тауар шыққан елдің Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы кодының сәйкессіздігі табылса;
әкелінген немесе әкетілген тауардың саны және (немесе) сапасы бойынша сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) талаптарынан ауытқуларына байланысты тауарлардың нақты құнының мәлімделген кедендік құнына сәйкес келмеуі анықталса;
егер, сатушы кейіннен қайта сатудан тікелей немесе жанама түрде кіріс алса, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерден алған кірісі болса;
3) трансферттік баға белгілеуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәміленің бағасы өзгерсе, тауарлардың кедендік құнын түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Тауардың саны сәйкес келмейтінін растайтын құжаттар:
1) кедендік төлемдер мен салық салынбайтын тауарлар бойынша экспорттаушы (импорттаушы) өкілінің қатысуымен, экспорттаушы (импорттаушымен) келісілген саны жөніндегі наразылық-талап (қабылдау актісі) Қазақстан Республикасының және кеден органының тексеріп қарау актісі;
2) қалған тауарлар бойынша тәуелсіз сараптаманың қорытындысы (актісі) және кеден органының тексеріп қарау актісі болып табылады.
3. Тауардың жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүліну) фактісі кедендік құн мәлімделген кезге дейін анықталған жағдайда декларант мәлімдеген құнның шот-фактурада көрсетілген шамаға сәйкес келмеуі, егер мәлімделген құнның шот-фактурада көрсетілгеннен жоғалған, кем шыққан, зақымданған (бүлінген) тауар мөлшеріне сәйкес шамада айырмашылығы болса, бұл кедендік құнды түзетуге әкеп соқпайды. Тәуелсіз сараптама қорытындысы (актісі) мен кедендік тексеріп қарау актісі жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүліну) фактісін растайтын құжаттар болып табылады.
Мөлшері шартта келісілген франшиза сомасының шегінен шықпайтын немесе баға туралы келісімде айтылған саны және сапасы бойынша ауытқуларды кеден органы бағаны төмендету немесе ұлғайту үшін негіз ретінде танымайды.
4. Трансферттік баға белгілеуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәміле бағасы өзгерген жағдайда, уәкілетті органның кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын есептеу туралы шешімі тауар мәмілесінің бағасын түзетуді растайтын құжат болып табылады.
Сатушыға кейіннен қайта сатудан тікелей немесе жанама түрде түскен кіріске, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған кіріске байланысты мәміле бағасы өзгерген жағдайда, сатып алу-сатудың не айырбастың сыртқы сауда шарты (келісім шарты) және (немесе) жарғылық капиталында мәміленің әрбір қатысушысының айналысында жүрген дауыс беретін акциялары немесе резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы салымдардың (пайлардың) 5 немесе одан да көп проценттері тікелей немесе жанама резидентке тиесілі резидент еместің және үшінші тұлғаның шот-фактурасы (инвойсы) тауар мәмілесінің бағасын түзетуді растайтын құжат болып табылады.
Бұл ретте түзетуді резидент емес тұлға өз атынан үшінші тұлғаға түпкілікті қайта сату жөніндегі мәліметтермен ұсынатын құжаттар бойынша резидент жүргізеді.
5. Тауарларды кедендік ресімдеуден кейін төленуге тиіс кедендік төлемдер мен салықтарды есептей отырып түзету жасаған кезде (оның ішінде қаржылық тексеру басталғанға дейін декларанттың бастамасы бойынша) есептелген және нақты төленген кедендік төлемдер мен салықтар арасындағы айырмашылыққа Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күнге өсімпұл есептеледі. Өсімпұл кедендік декларация кедендік ресімдеуге тіркелген күннен бастап есептеледі.
6. Кедендік құнды түзету нысаны кедендік құны және (немесе) кедендік төлемдері және (немесе) салықтары түзетілетін, оның ішінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды және шығарылған елі өзгеруіне байланысты тауарларға ғана толтырылады. Кедендік құнды түзетуді толтырудың нысаны мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді . Кедендік құнды түзетудің көрсетілген нысандары кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
7. Кедендік ресімдеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін кеден органы жүргізетін декларант мәлімдеген кедендік құнды түзетулердің барлығы тауарларды кедендік бағалау ретінде қаралады және оларға декларант белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
8. Кеден органдары кедендiк құнды түзетудi тіркеудiң мерзiмi мен тәртiбін осы Кодекстің 384-бабына сәйкес айқындайды. Кеден органдары осы Кодекстің 440-бабында белгiленген мерзiмде кедендік құнды түзетуге тексеру жүргізедi.
Ескерту. 318-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
319-бап. Кедендік құнды айқындау кезіндегі
декларанттың құқықтары мен мiндеттерi
1. Декларанттың:
1) кедендік құнды анықтау үшiн табыс еткен мәлiметтерінiң дұрыстығына кеден органында күмән туындаған жағдайда, олардың дұрыстығын дәлелдеуге;
2) мәлiмделген кедендік құнды нақтылау қажеттiгi туындаған жағдайда, тауарды кеден органы жүзеге асырған кедендік бағалауға сәйкес кедендік баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз еткен жағдайда, декларацияланған тауарды алуға құқығы бар. Кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кедендік құнын нақтылау қажет болған жағдайда, кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды ұсыну жөнiнде мiндеттеме болған кезде декларацияланған тауарды алуға;
3) тауарлардың мәлімделген кедендік құнын кеден органының қабылдай алмау себебін түсіндіруді кеден органынан жазбаша сұратуға;
4) тауардың кедендік құнын айқындауға қатысты кеден органының шешiмiмен келiспеген кезде, бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар.
2. Декларант:
1) кедендік құнды мәлiмдеуге және оны айқындауға қатысты дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негiзделген мәлiметтердi беруге;
2) мәлiмделген кедендік құнды растау қажет болған кезде, кеден органының талап етуi бойынша оған растау үшiн керек деректердi табыс етуге;
3) өзі мәлiмдеген кедендік құнды нақтылауға не кеден органына қосымша ақпарат табыс етуге байланысты өзінде туындаған барлық қосымша шығыстарды мойнына алуға мiндеттi.
320-бап. Кеден органының кедендік құнды айқындау
жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кеден органы:
1) декларант таңдаған кедендік құнды айқындау әдісін пайдалануға болатындығы және декларант берген құжаттар мен мәліметтер негізінде, сондай-ақ кедендік құнды айқындау кезінде пайдаланылатын өзінде бар ақпараттың негізінде декларант мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға;
2) (алып тасталды - 2007.07.26. N 312 )
3) декларант мәлiмдеген кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын растайтын құжаттар мен мәліметтер болмаған кезде не декларант табыс еткен мәлiметтер мен осы Кодекстiң 316-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құжаттар дұрыс емес немесе жеткiлiксiз болып табылатындығына негiздеме болған кезде, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылатын түзетулермен, өзiнде бар мәлiметтер (соның iшiнде, бірдей немесе бiртектес тауарлар бойынша баға ақпараты) негiзiнде, осы Кодексте белгiленген тауарлардың кедендік құнын айқындаудың әдiстерiн бірінен кейін бірін қолдана отырып, декларацияланатын тауардың құнын дербес айқындауға құқылы. Бұл ретте кеден органы қабылданған шешім туралы екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде декларантқа жазбаша хабарлауға мiндетті.
2. Кеден органы декларанттың жазбаша сауал салуы бойынша:
1) тауарлардың кедендік құнын кеден органы айқындаған жағдайда, оны айқындау тәртібі мен әдісі туралы ақпаратты;
2) тауарлардың декларант мәлiмдеген кедендік құнын кеден органының қабылдай алмау себептерін түсіндіруді жазбаша нысанда беруге мiндеттi.
Ескерту. 320-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
321-бап. Кеден органдарының баға ақпаратын қолдана
отырып тауарларды шартты шығару
1. Егер импортталатын тауарлардың кедендік құнын айқындау процесінде әкелінетін тауардың кедендік құнына қатысты түпкілікті шешім қабылдауды кейінге қалдыру қажеттігі туындаса, кеден органы қолда бар баға ақпаратынан ескере отырып, жүзеге асыратын тауардың кедендік бағасына сай декларант осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз еткен кезде тауарларды шартты түрде шығаруға құқылы.
2. Кеден органдарында бар баға ақпаратын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган дұрыс, сан жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпарат негізінде ресімделген жүктің кедендік декларациялары статистикалық деректерінің мәліметтерін пайдалана отырып, сондай-ақ шет мемлекеттермен деректер алмасу және Осы Кодекстің 314-бабының 2-тармағында айқындалған деректердің негізінде қалыптастырады.
3. Растайтын құжаттар ретінде төлем құжаттары табыс етілуге тиіс және мәміле шарттары бойынша төлеу мерзімі көрсетілген мерзімнен асып кеткен жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдер және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тауар шығарылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн болады.
4. Әкелінетін тауардың кедендік құнына қатысты түпкілікті шешім шығарылғаннан кейін кеден органы осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді қайтаруды (немесе есептемені) кедендік құнды түзету нысанын толтыра отырып, жүзеге асырады.
5. Әкелінетін тауарлар мәмілесінің бағасы бойынша мәлімделген кедендік құнды растайтын қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 308-бабында белгіленген тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін дәйекті түрде қолдана отырып, тауарлардың кедендік құнын айқындайды.
Күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін кеден органы қабылдаған кедендік құнды айқындаудың тиісті әдісін қолдану туралы түпкілікті шешімді ескере отырып, осы Кодекстің 318-бабына сәйкес кедендік құнды түзету жүргізіледі.
Ескерту. 321-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 N 224-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
321-1-бап. Тауарлардың кедендік құнын айқындауға
қатысты қосымша ережелер
Кеден ісі саласындағы қылмыстық істерді және әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істерді қарау кезінде кедендік шекара арқылы тауарларды заңсыз өткізуден болатын кедендік төлемдер мен салықтар бойынша залалды белгілеу максатында тауарлардың кедендік құнын айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптар мен шарттарды бұза отырып өткізілген тауарларға қатысты және кедендік төлемдер мен салықтар төленбеген тауарларға қатысты өсімпұлды қоса алғанда, төлеуге жататын кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы шекарадан өткен күні, ал егер де мұндай күнді анықтау мүмкін болмаса, кеден органдары осындай тауарларды анықтаған күні қолданылатын ставкалар негізге алына отырып есептеледі.
Кеден органына тауарлардың сипаты туралы, олардың атаулары туралы, мөлшері, шығарылған елі туралы нақты мәліметтерді ұсынбауға байланысты кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын анықтау мүмкін болмаған кезде кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы кедендік төлемдер мен салықтардың ставкаларының анағұрлым көп шамасының, тауардың мөлшері мен шығарылған елінің негізінде анықталады.
Ескерту. 321-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-тарау. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
322-бап. Кедендік төлемдерді төлеушiлер
Мына тұлғалар:
1) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе декларант;
2) лицензия алушы тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушілер болып табылады.
Ескерту. 322-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
323-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзiмдерi
1. Алдын ала немесе мерзiмдік декларациялау рәсімі қолданылған, сондай-ақ кедендік баждарды төлеу мерзiмi өзгертiлген кездегi жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларацияны тiркегенге дейін немесе ол тiркелген күнi төленеді.
2. Егер кедендік декларация осы Кодекстің 380-бабына сәйкес айқындалатын мерзiмде берiлмесе, онда кедендік баждарды төлеу мерзiмдерi кедендік декларацияны беру мерзiмi өткен күннен бастап айқындалады.
3. Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оған иелік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулердің бұзылған күнін анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
Ескерту. 323-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
324-бап. Кедендік алымдарды төлеу мерзімдері
1. Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар:
1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді;
2) егер кедендік декларация осы Кодекстің 380-бабына сәйкес айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу мерзімдері өтеді;
3) шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзған күні көрсетілген алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер төлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі болып есептеледі.
2. Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастырудың басталуынан кешіктірілмей төленеді.
3. Кеден органдары құрған кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым осындай қоймалардың аумағынан тауарларды әкеткен күні төленеді.
325-бап. Алымдарды және алдын ала шешім үшін
төлемақыны төлеу мерзімдері
Лицензиялар мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы кеден органдары лицензияларды ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау үшін осы Кодексте белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді.
Ескерту. 325-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
326-бап. Кедендік төлемдердi төлеу тәртiбi
1. Кедендік төлемдер қолма-қол ақшамен және ақшасыз төлеу тәртiбімен төленедi.
2. Кедендік төлемдердi төлеушi не атынан кедендік төлемдер енгізілетін төлеушіні көрсете отырып үшiншi тұлға төлеуі мүмкiн. Кедендік төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
3. Кедендік төлемдер тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджетке аударылады.
Ескерту. 326-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
327-бап. Талап қою мерзімі
Кеден органдарының кедендiк төлемдердің қайта қаралған сомаларын төлеу не кедендiк төлемдердiң және салықтардың төленбеген сомаларын өндiрiп алу туралы талаптары бойынша, сондай-ақ төлеушілердiң артық төленген кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы талаптары бойынша талап қою мерзiмi бес жыл болып белгіленедi.
Ескерту. 327-баптың мәтіні жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
328-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың
төленуін бақылау
Алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы енгізілуіне бақылауды кеден органдары жүзеге асырады.
Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу тәртібін кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды .
41-тарау. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер
329-бап. Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсініледі.
2. Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен берiледi және осы Кодекстің 330 және 331-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес сипатта бола алмайды.
3. Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.
330-бап. Кедендік төлемдер салудан босату
1. Кедендік баждарды салудан:
1) жүктердi, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшiн шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (кiреге алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) ұлттық және шетел валютасы (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар;
4) iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа тауарлар;
5) техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша өтеусіз көмек ретiнде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа (арнайы медициналық мақсатқа арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда), тауарлар;
6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлар;
7) Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерінің өндірісі үшін әкелетiн шикізат;
8) кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберiнде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тауарларды бажсыз әкелу мен әкету нормалары бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарлар;
10) Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін немесе сол аумақтан әкетілетін тауарлар;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін тауарлар;
14) осы Кодекстің 264-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағына Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жеке құрамы әкелетін тауарлар;
15) кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан экспорттауға арналған акцизделетін өнімдерді маркалау үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн шетелде жасалған акциздік маркалар;
РҚАО-ның ескертпесі!
16) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
16) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес экспортқа рента салығы салынуға жататын шикі мұнай босатылады.
2. Кедендік ресімдегені үшін кедендік алымдарды салудан:
1) осы баптың 1-тармағының 1)-5), 7), 9)-13) тармақшаларында тізіп көрсетілген тауарлар;
2) мемлекет пайдасына тауарлардан бас тартудың кедендік режиміне мәлімделген тауарлар босатылады.
3. Осы бапта көрсетілген тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен кедендік алымдарды салудан босатуға арналған құжаттарды беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 330-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады) Заңымен.
331-бап. Тарифтiк преференциялар
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі. Z010172, P010246
Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беріледі.
2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан Республикасында шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.
3. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарларға төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .
4. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын анағұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды .
5. Осы бапта көзделген тарифтік преференциялар осы Кодекстің 7-тарауында көзделген шарттар сақталған кезде беріледі.
42-тарау. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгеруі
332-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту
ұғымы және оның шарттары
1. Осы Кодексте белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында жүргізіледі.
Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру - төлеу мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту - мәулеттік мерзім болып табылады, осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс.
2. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және кедендер қабылдайды.
3. Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған акцизделетін тауарларды қоспағанда, импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беріледі.
4. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім төленуге тиісті кедендік баждың барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты берілуі мүмкін.
5. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім осы Кодекстің 43-тарауында көзделген тәртіппен кедендік баждарды төлеу қамтамасыз етілген жағдайда беріледі.
6. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар не кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден жалтаратын, сондай-ақ өздеріне қатысты банкроттықты рәсімдеу жөнінде іс қозғалған тұлғаларға кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік төлеу мерзімі берілмейді.
333-бап. Өнеркәсіптік қайта өңдеу
Осы тараудың мақсаттары үшін өнеркәсіптік қайта өңдеу деп шикізаттарды және (немесе) материалдарды коды пайдаланылған шикізаттардың және (немесе) материалдардың кодынан Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгінің кез келген деңгейінде ерекшеленетін өнім (тауар) алу үшін өндірісте пайдалану түсініледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгінің кез келген деңгейінде өнімнің (тауардың) коды өзгеруіне қарамастан, өнеркәсіптік қайта өңдеуге:
1) қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар);
2) қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі;
3) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін бөлшектеу, жөнелтілімді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайта буып-түю);
4) алынған өнімге оны бастапқы құрайтын бөліктерінен Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша бірінші төрт белгінің кез-келген деңгейінде ерекшелендіретін сипаттама берместен, тауарларды, компоненттерді араластыру жатпайды.
334-бап. Кедендік баждарды төлеу жөніндегі мерзімді
кейінге қалдыру немесе ұзарту үшін негіздер
1. Кедендік баж төлеу жөніндегі мерзімді кейінге қалдыру немесе ұзарту әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына төлеушінің жазбаша өтініші негізінде беріледі.
2. Төлеуші өтінішпен бірге:
1) кеден органдарында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есебінде тұруға;
2) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды жеткізуге арналған сыртқы сауда шартын (келісімшартын) табыс етуге;
3) кедендік баж төлеуді қамтамасыз ету туралы құжатты табыс етуге;
4) дара кәсіпкер немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес күнделікті басшылықты және іс жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның лауазымды адамдары қол қойған, әкелінетін тауарларды шикізаттар және (немесе) материалдар ретінде пайдалана отырып жасалатын өндірістің технологиялық схемасын (өндірістің фрагментін) табыс етуге;
5) егер әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жатқызылған болса, шикізаттарды және (немесе) материалдарды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге тиіс.
3. Кедендік баждарды төлеу жөніндегі мерзімді кейінге қалдыру немесе ұзарту құқығын растау үшін кеден органдары өндірістік қуатты тексеріп қарауға құқылы.
Ескерту. 334-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
335-бап. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік
мерзім беру туралы шешім
1. Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешім не оны беруден бас тарту туралы шешім төлеушінің өтінішін және осы Кодекстің 334-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады.
2. Шешім жазбаша түрде екі дана етіп жасалады және оған тиісті кеден органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды. Шешімнің бірінші данасы кеден органында қалады. Шешімнің екінші данасы кеден органы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге жіберіледі.
3. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешімде мынадай мәліметтер:
1) шешімнің тіркелу нөмірі;
2) кедендік баж төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру уақыты;
3) төлеушінің өтінішінде көрсетілген кедендік баждың төленуін қамтамасыз ету тәсілі;
4) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге арналған сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) күні, нөмірі, осындай шарт (келісім-шарт) бойынша шикізаттарды және (немесе) материалдарды алушының атауы;
5) кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін шикізаттардың және (немесе) материалдардың атауы және саны;
6) төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін кедендік баждың мөлшері болуға тиіс.
4. Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзартудан немесе мәулеттік мерзім беруден бас тарту туралы шешімде бас тартудың дәлелі болуы тиіс.
336-бап. Берілген төлеу мерзімін ұзартудың немесе
мәулеттік мерзімнің сомасын өтеу мерзімдері
1. Кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі кезінде кедендік бажды өтеуді төлеуші немесе үшінші тұлға тиісінше:
1) төлеу мерзімін ұзарту берілген кезде ұзарту мерзімі күнінің аяқталуынан кешіктірмей;
2) мәулеттік мерзім берілген кезде төлеушімен бірлесіп кеден органы бекіткен кесте бойынша мәулеттік мерзім сомаларын енгізудің келісілген күндерінен кешіктірмей жүргізеді.
2. Төлеуші кедендік баж сомасын уақтылы өтемеген жағдайда, кеден органдары осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен кедендік баждың барлық сомасын өндіріп алуға шаралар қолданады.
337-бап. Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім
беру туралы кеден органдары шешімдерінің
қолданылуын тоқтату
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден органдары шешімдерінің қолданылуы:
1) шешімде белгіленген төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзімі өтіп кетуі бойынша;
2) кедендік баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде;
3) тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеусіз өткізу кезінде тоқтатылады.
43-тарау. Кедендік төлемдердің және
салықтардың төленуін қамтамасыз ету
338-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың
төленуін қамтамасыз етудің жалпы шарттары
1. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету:
1) осы Кодекстің 63-бабына сәйкес кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыру кезінде;
2) осы Кодекстің 74-бабына сәйкес ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде;
3) осы Кодекстің 91, 94 және 95-баптарына сәйкес тауарларды уақытша сақтау кезінде;
4) осы Кодекстің 174-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу кезінде;
5) осы Кодекстің 210-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды қайта экспорттау кезінде;
6) осы Кодекстің 27-тарауына сәйкес тауарлардың транзиті кезінде;
7) осы Кодекстің 321-бабына сәйкес кеден органдарында бар баға ақпаратын қолдана отырып кедендік төлемдер және салықтар салынатын тауарларды шартты шығару кезінде;
8) осы Кодекстің 332-бабына сәйкес кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі кезінде;
9) осы Кодекстің 380-бабына сәйкес жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту кезінде;
10) осы Кодекстің 388-бабына сәйкес тауарларды мерзімдік декларациялау кезінде;
11) осы Кодекстің 392, 393-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде;
12) осы Кодекстің 370-бабына сәйкес тауарларды шартты түрде шығару кезінде қолданылады.
2. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету кедендік режимге орналастырылған тауарлар шығарылғанға дейін не осы баптың 1-тармағында көзделген іс-әрекеттер жүзеге асырылғанға дейін жүргізіледі.
3. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етуді төлеуші не үшінші тұлға жүргізеді.
Ескерту. 338-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
339-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың
төленуін қамтамасыз етудің түрлері
1. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету:
1) кепілге қою;
2) банк кепілдігі;
3) кеден органының депозиттік шотына ақша енгізу;
4) сақтандыру шарты түрінде берілуі мүмкін.
2. Тұлға осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің кез келген түрін таңдауға құқылы.
3. (алып тасталды - 2007.07.26. N 312)
Ескерту. 339-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
340-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау
1. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы:
1) мынадай:
ішкі кеден транзиті рәсімі бойынша тасымалданатын;
алушының қоймасында, сондай-ақ көлік құралдарында уақытша сақтауға рұқсат берілген;
тауарларды қайта экспорттаудың кедендік режиміне орналастырылған;
тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкелінетін;
кедендік құнын айқындаған кезде баға ақпаратын қолдана отырып, тауарларды шартты шығару жүзеге асырылатын;
кедендік баж төлеу мерзімдері өзгертілген;
жүктің кедендік декларациясын беру мерзімдеріне ұзарту жүргізілген тауарлар мен көлік құралдарына қатысты еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимін мәлімдеу кезінде;
2) мынадай:
кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастырылған;
тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес шет мемлекеттің кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкетілген тауарларға қатысты тауарлар экспортының кедендік режимін мәлімдеу кезінде төленуге тиісті кедендік төлемдердің және салықтардың сомасынан кем болмауға тиіс.
2. Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қамтамасыз ету сомасы осы Кодекстің 63-бабына сәйкес айқындалады.
341-бап. Кепіл
1. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынатын зат:
1) азаматтық айналымнан алынған мүлікті;
2) Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды;
3) электр, жылу және өзге де энергия түрлерін;
4) тез бұзылатын тауарларды;
5) мүліктік құқықтарды;
6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті;
7) өткізу мүмкіндігі шектеулі мүліктерді қоспағанда, үшінші тұлғалардың мүліктік құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлік болуы мүмкін.
2. Кепiл заттың нарықтық құны, ал оның нарықтық құнын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамалық актiсiне сәйкес таңдап алынған тәуелсiз бағалаушы анықтаған құны, кеден төлемдерiн және салықтар төлеудi қамтамасыз ету мақсатында, кеден төлемдерi мен салықтар жөнiндегi мiндеттемелердiң мөлшерiнен төмен болмауға тиiс, оларды төлеу, кепiл затты сату шығыстарын қоса алғанда, кепiл затпен қамтамасыз етiледi.
3. Егер кеден органы өзге шешім қабылдамаса, кепіл кезінде кепілге салынатын зат кепіл берушіде қалады.
Төлеуші қабылдаған, қамтамасыз етілуі үшін кепіл ресімделген міндеттеме орындалғанға дейін кепіл берушінің кепілге салынған затқа билік етуге құқығы жоқ.
4. Кепілді ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Кепілге салынған затты өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 341-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
342-бап. Банк кепілдігі
Кеден органдары кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген банк кепілдігін қабылдайды.
Ескерту. 342-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шілдедегі N 483 Заңымен.
343-бап. Кеден органының депозиттік шотына ақша енгізу
1. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде кеден органының депозиттік шотына (бұдан әрі - депозит) ақша енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе шетел валютасымен жүргізіледі.
2. Кеден органында валюталық шот болмаған жағдайда, депозитті енгізу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
3. Депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда, төленуге тиісті кедендік төлемдер және салықтар сомасы міндеттеменің орындалмағаны туралы хабардар етілгеннен кейін он бес күн өткен соң депозиттен бюджетке аударылады.
Ескерту. 343-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
344-бап. Сақтандыру шартын кедендік төлемдердің және
салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде
қолдану
Кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған сақтандыру шарттарын кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
345-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың
төленуін қамтамасыз етуді қайтару
1. Депозитті қайтару депозитпен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалған жағдайда жүзеге асырылады. Депозитті нақты қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
2. Депозитті қайтару туралы өтініш міндеттеме орындалғаннан кейін, бірақ міндеттеме орындалған күннен кейінгі күннен бастап бес жылдан кешіктірмей кеден органына беріледі.
3. Депозитті шотына депозит сомасы енгізілген кеден органы не осы кеден органы таратылған жағдайда, оның құқық мирасқоры қайтарады. Депозит төлеушінің банк шотына қайтарылады, ол төлем төленген валютамен жүргізіледі.
4. Төлеушіге депозитті қайтару осы Кодекстің 351-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлды төлеу бойынша берешек шегеріле отырып жүзеге асырылады.
5. Депозитті қайтарған кезде ол бойынша сыйақы төленбейді, сомасы индекстелмейді, банк қызметін көрсеткені үшін тарифтер аударылатын қаражат есебінен төленеді.
6. Төлеушінің өтініші бойынша кеден органдары депозитті болашақ кедендік төлемдер мен салықтар есебіне не кеден органдарының алдындағы басқа міндеттеме бойынша кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз ету үшін есептей алады.
7. Осы баптың 3-5-тармақтарының ережелері уақытша берілетін демпингке қарсы, қорғау және өтемдік баждарды қайтаруға да қолданылады.
8. Мүлік кепілі бойынша қайтару:
1) кепіл заты кепіл берушінің билігінде болған жағдайда - міндеттеме орындалған күннен бастап;
2) кепіл заты кеден органының билігінде болған жағдайда міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
9. Банк кепілдігі бойынша қайтару міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
10. Сақтандыру жөніндегі міндеттемелерді тоқтату міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
44-тарау. Кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару мен есепке алу
Ескерту. 44-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
346-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың артық
төленген сомасын қайтару мен есепке алу
1. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес кедендік төлемдердің және салықтардың бюджетке нақты төленген сомасы мен төленуге тиіс сомасы арасындағы айырма кедендік төлемдердің және салықтардың артық төленген сомасы деп танылады.
2. Төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды қайтарып алу немесе есепке алғызу мақсатында артық төленген сомасын төлеген күннен бастап бес жылдан кешiктiрілмейтiн мерзiмде, кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомалары бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтiнiшпен тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеудi, сақтауды, кедендiк алып жүрудi, лицензия берудi, алдын ала шешiм қабылдауды іске асырған кеден органына өтінiшпен жүгінуге құқылы.
3. Кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомасы бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтінішпен бiр мезгілде:
1) соманың төленгенiн растайтын төлем құжатының;
2) кедендiк декларация ресiмделген жағдайда берілетiн, ол бойынша кедендiк төлемдер және салықтар есептелген және енгiзілген, кеден органы ресiмдеген кедендік декларацияның;
3) кедендік төлемдердi төлеу кедендік декларация ресiмделмей жүргізiлген жағдайларда берілетін, жүзеге асырылу үшiн кедендiк төлемдер енгiзiлген тауарларды сақтау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендiк алып жүру, лицензиялар беру, алдын ала шешiм қабылдау кезiнде кеден органдары ресiмдеген басқа да құжаттардың көшiрмелерi берілуге тиiс.
4. Кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомасы бар екенi жөнiнде растама беру туралы өтінiшті қарау мерзiмi төлеушi өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс.
5. Салық органдары, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомасын Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртіппен және мерзiмде төлеушiнiң өтiнiшi бойынша қайтаруға немесе есепке алуға тиіс. V032351
6. Кеден органы кедендiк төлемдердi және салықтарды өндiрiп алғаннан кейiн артық төлеу фактісiн анықтаған кезде, мұндай фактіні анықтаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей салық төлеушiге артық төленген кедендік төлемдердiң және салықтардың сомасы туралы хабарлауға мiндеттi.
7. Кедендiк төлемдердiң немесе салықтардың артық төленген сомасын кеден органдары артық төленген сома бар кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша:
1) төлеушiнiң өтінішiнсiз кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша өсiмпұл мен айыппұлды өтеу есебiне;
2) төлеушiнiң өтiнiшi бойынша кедендiк төлемнiң немесе салықтың сол түрi бойынша алдағы кедендiк төлемдердi немесе салықтарды төлеу есебiне, өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, есептеуге тиiс.
Ескерту. 346-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
347-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды қайтарудың
өзге де жағдайлары
1. Кедендік баждарды және салықтарды қайтару:
1) кедендік декларацияны кері қайтарып алған;
2) неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимін немесе тарифтік преференцияларды қалпына келтірген;
3) кедендік режимдердің талаптары Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шегінен шетел тауарларын әкету кезінде немесе оларды жою не мемлекет пайдасына олардан бас тарту немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына қазақстандық тауарларды не оларды қайта өңдеу өнімдерін әкелу кезінде кедендік баждар және салықтардың төленген сомасын қайтаруды көздейтін;
4) егер тауарларды қайта таңдалған кедендік режимге (тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне) орналастыру кезінде төленуге тиісті кедендік баждар және салықтар сомасы бастапқы кедендік режим кезінде төленген кедендік баждар және салықтар сомасынан кем болса, бұрын мәлімделген кедендік режимді еркін айналыс үшін тауарлар шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режиміне өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік баждарды және салықтарды қайтару артық төленген кедендік төлемдерді қайтаруға қолданылатын осы Кодекстің 346-бабына сәйкес жүргізіледі. V032351
45-тарау. Берешекті және өсімпұлды өндіріп алу
348-бап. Берешекті және өсімпұлды өндіріп алудың
жалпы ережелері
1. Белгіленген мерзімде кедендік төлемдерді және салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда берешек пайда болады. Берешекті осы тарауда белгіленген тәртіппен кеден органдары төлеушілерден өндіріп алады.
2. Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін:
1) осы Кодекстің 350-бабында көзделген тәртіппен төлеушіні хабардар ету;
2) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген тәртiппен кедендiк төлемнiң немесе салықтың берешек бар түрi бойынша артық төленген кедендiк төлемдер және салықтар сомасы есебiнен немесе қайтаруға жататын депозит есебiнен берешектi өндiрiп алу;
3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай:
берешек сомасына өсімпұл есептеу;
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару тәсілдерін қолдану;
4) мынадай тәртіппен:
төлеушінің банк шоттарындағы ақшасы есебінен;
төлеушінің қолма-қол ақшасы есебінен;
төлеушінің дебиторлары есебінен;
төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану сияқты іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
3. Берешек сомасына өсімпұл есептеуді қоспағанда, осы баптың
2-тармағында көзделген іс-әрекеттер біртіндеп қолданылады.
4. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.
Ескерту. 348-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
349-бап. Берешек сомасына өсімпұл есептеу
1. Берешек туындаған кезде төлеуші өсімпұл төлейді.
2. Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде есептеледі.
Өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершіліктің өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді.
2-1. Банкрот деп танылған не өзiне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданған, не оңалту рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым қабылданған төлеушiнiң сот шешiм қабылдаған кезден бастап пайда болған берешектiң сомасына мұндай шешiм немесе ұйғарым күшiне енген күннен бастап өсiмпұл есептелмейдi.
2-2. Егер берешектiң пайда болуының жалғыз себебi қызмет көрсететiн банктiң таратылуы болып табылған жағдайда, банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап мәжбүрлеп таратылатын банктердiң кредиторларына берешектерiн уақтылы өтемегенi үшiн өсiмпұл есептелмейдi.
2-3. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың шешiмi күшiне енген кезден бастап ол жойылғанға дейiн берешектiң сомасына өсiмпұл есептелмейдi.
3. Өсімпұлды төлеу, өндіріп алу және қайтару кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге, өндіріп алуға және қайтаруға қолданылатын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 349-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
350-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу туралы хабарлама
1. Берешек пен өсімпұлды өтеу туралы хабарлама белгіленген мерзімде төленбеген кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасы туралы, сондай-ақ кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленбеген сомасын осы хабарламада белгіленген мерзімде өтеу міндеттемесі туралы төлеушіге жіберілген кеден органының жазбаша хабарын білдіреді.
Хабарламада оны ресімдеу үшін негіздеме, сондай-ақ төлеуші хабарламаны орындамаған жағдайда қолданылатын осы Кодекстің 348-бабында көзделген іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы тиіс.
2. Хабарлама төлеушіге оны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға қарамастан жіберіледі.
3. Хабарлама берешектің туындау фактісі белгіленген күннен бастап бір айдан кешіктірмей төлеушіге жіберілуге тиіс.
4. Хабарлама төлеушіге өз қолын қойғызып немесе хабарламаны жіберу және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылуы тиіс.
5. Төлеуші хабарламаға шағымдануды осы Кодекстің 15-тарауында көзделген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.
6. Хабарламадағы талаптарды орындау мерзімі, төлеушінің осындай хабарламаға шағымдану жағдайларын қоспағанда, төлеушіге хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
Егер хабарламаға шағым жасалған жағдайда хабарламадағы талаптарды орындау мерзімін есептеу шағым берілген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешімнің заңды күшіне енген күнін қоса есептегенге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте шағымдану өсімпұл есептеуді тоқтата тұруға негіз болмайды.
7. Шағымдану жағдайларын қоспағанда, осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде хабарламадағы талаптарды орындамаған кезде кеден органдары осы Кодекстің 348-бабына сәйкес іс-әрекеттер жасайды.
8. Хабарламаның нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 350-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
351-бап. Кедендiк төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрі
бойынша артық төленген сома есебінен не депозит
есебінен берешекті және өсімпұлды өндіріп алу
1. Хабарламадағы талаптар орындалмаған кезде, кеден органы қайтаруға тиісті кедендік төлемнің немесе салықтың нақ сол түр бойынша артық төленген кедендiк төлемдер және салықтар сомасы есебінен не депозит есебінен берешек пен өсімпұлды өндіріп алуға құқылы.
2. Кеден органы осы бапқа сәйкес өндіріліп алынған берешек пен өсімпұлдар туралы өндіріп алу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде төлеушіге жазбаша хабарлайды.
3. Кедендiк төлемдердiң және салықтардың артық төленген сомаларын кедендiк төлемнiң немесе салықтың нақ сол түрi бойынша берешектi өтеу есебiне не депозит есебiне жатқызу кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 351-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
352-бап. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс
операцияларын тоқтата тұру
1. Кедендік төлемдер мен салықтың артық төленген сомалары не депозит кедендік төлемнің немесе салықтың нақ сол түрі бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі шығарылады.
2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:
1) берешек пен өсімпұлды төлеушінің дербес өтеуі жөніндегі операциялардан;
2) ақшаны:
адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі міндеттемелері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
берешек пен өсімпұлды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерінің негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.
3. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.
4. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады.
5. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды.
Ескерту. 352-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
353-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу есебіне төлеушінің
мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару
1. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде берешекті және өсімпұлды өтемеген жағдайда, төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу жүргізіледі.
2. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысан бойынша кеден органы шығарады. V085463
3. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім мүліктің баланстық және рыноктық құны бағаны айқындау тәсіліне қарай берешек пен өсімпұл сомасына сәйкес келетін меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке қатысты шығарылады.
Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға берілген мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап оны жойғанға дейін жалға алушы мен кепіл ұстаушыға мұндай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады.
4. Осындай шешімнің негізінде кеден органы мүлікті иелену, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы салық төлеушіге ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысанда билік ету шектелген мүліктің тізімдеме актісін жасайды. V085463
Билік ету шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлiк құжаттамасының деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заң актілеріне сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айқындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жасалады және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді.
5. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүліктің тізімдеме актісін бір-бір данадан төлеушіге тапсыруға міндетті.
6. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін мүлікке билік етуді шектеудің себептері жойылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешім шығарған кеден органы жояды.
Ескерту. 353-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
354-бап. Берешек пен өсімпұлды төлеушінің банк
шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
1. Белгіленген мерзімдер ішінде төлеуші берешек пен өсімпұлды өтемеген жағдайда, кеден органдары жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарынан даусыз тәртіппен ақша өндіріп алу туралы шешім шығарады.
Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру , секьюритилендіру туралы заңнамалық актісіне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.
2. Даусыз өндіріп алу туралы шешім төлеушінің шоты ашылған банкке қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін жіберу нысанында қабылданады.
3. Банк төлеушінің бір банк шотынан берешекті өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушінің көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түріне инкассолық өкім шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, мұндай инкассолық шешімді орындамай, кеден органына қайтарады.
4. Шоттардан даусыз тәртіппен берешекті және өсімпұлды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан берешек пен өсімпұлды шетел валютасымен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті сомаға барабар сомада жүргізіледі.
5. Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.
Ескерту. 354-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
355-бап. Берешек пен өсімпұл сомасын қолма-қол ақша
есебінен өндіріп алу
1. Берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шотында ақша болмаған жағдайда жүргізіледі.
2. Кеден органының төлеушіден бухгалтерлiк есептегi бастапқы есепке алу құжаттарында көрсетілген қолма-қол ақшаны, оның ішінде шетел валютасымен де көрсетілген қолма-қол ақшаны алып қоюы берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады.
Берешек пен өсімпұлды қолма-қол ақша есебінен өндіріп алуды кеден органы хабарлама негізінде жүргізеді.
3. Қолма-қол ақшаны алып қою Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген нысан бойынша алып қою туралы актімен ресімделеді.
4. Төлеушіден алынған қолма-қол ақша алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бюджетке есептелуге тиіс.
Ескерту. 355-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
356-бап. Төлеушінің берешегі мен өсімпұлын оның
дебиторларының шоттарынан өндіріп алу
1. Төлеушінің - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттарында ақша болмаған және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, кеден органы пайда болған берешек пен өсімпұл шегінде төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуға құқылы. Бұл ретте, төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өтеу есебіне, шарттарға сәйкес осы кезде дебитор төлеушінің алдындағы дебиторлық берешек сомасы ретінде танитын сома шегінде, олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріліп алынатыны туралы дебиторларға хабарлама жіберіледі.
Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарламаны алған күнге төлеушімен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысулардың салыстыру актісін хабарламаны жіберген кеден органына табыс етуге міндетті.
2. Төлеуші мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер:
РҚАО-ның ескертуі!
2-тармақтың 1) тармақшасына 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгізіледі.
1) төлеуші мен оның дебиторының атауы, олардың тiркеу нөмiрлерi;
2) төлеуші мен оның дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;
3) төлеуші мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;
4) төлеуші алдындағы дебитор берешегінің сомасы;
5) төлеуші мен оның дебиторының заңды мекен жайлары, мөрі және қолдары;
6) салыстыру актісі жасалған күні болуға тиіс.
3. Өзара есеп айырысуларды салыстыру актісінің негізінде кеден органы дебитордың банк шотына төлеушінің берешегі мен өсімпұлын өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.
4. Дебитор-төлеушінің банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 354-бабында белгіленген талаптарға сәйкес төлеушінің берешек және өсімпұл сомасын өндіріп алу туралы кеден органы шығарған инкассолық өкімді орындауға міндетті.
5. Осы бапқа сәйкес ресімделген өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі болған жағдайда, кеден органы хабарламаны тапсырған кезден бастап тоқсан жұмыс күні ішінде дебитордың банк шотына берешек пен өсімпұлды өндіріп алу туралы инкассолық өкім ұсынуға құқылы.
357-бап. Берешек пен өсімпұлды төлеушінің билік етуі
шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу
1. Кеден органдары төлеушінің банк шоттарында ақша болмаған, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, төлеушінің келісімінсіз берешек және өсімпұл шегінде жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның билік етуі шектелген мүлкінен өндіріп алуға құқығы бар.
2. Төлеуші шектеу алып тасталғанға дейін билік етуі шектелген мүліктің сақталуын және оның тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Көрсетілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, төлеуші билік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша шығындарды өтеуге міндетті және көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеті үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Билік ету шектелген мүлікті өткізу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
4. Егер төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізгеннен кейін берешек пен өсімпұл өтелмесе, кеден органы берешек пен өсімпұл туралы, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өндіріп алудың қабылданған шаралары туралы төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына ақпарат жібереді.
Ескерту. 357-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
358-бап. Берешек пен өсімпұлды өтеу тәртібі
Берешек пен өсімпұлды өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
9-Бөлім. Кедендік ресімдеу
46-тарау. Кедендік ресімдеуге қатысты негізгі ережелер
359-бап. Осы тараудың қолданылу саласы
Осы тарауда көзделген ережелер, талаптар мен шарттар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік мақсаттар үшін құжаттарды ресімдеуге байланысты барлық кеден операцияларына қолданылады.
360-бап. Кедендік ресімдеуді жүргізу тәртібі
1. Кедендік ресімдеу осы Кодексте және соған сәйкес қабылданатын кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік ресімдеуді оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердің кедендік ресімдеу үшін пайдаланылатын кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.
361-бап. Кедендік ресімдеуді жүргізу технологиясы
1. Кедендік ресімдеуді жүргізудің тәртібі мен технологиясы мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың санаттарына;
2) осындай өткізу үшін пайдаланылатын көлік түріне;
3) тауарларды өткізетін тұлғаларға байланысты сараланған.
2. Кедендік рәсімдер тауарлар шығарылатын, жөнелтілетін және жеткізілетін елге қарамастан бірдей қолданылады.
362-бап. Кедендік ресімдеудің басталуы мен аяқталуы
1. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу - кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құжаттарды кеден органына берген, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда тұлғаның ауызша мәлімдеуі не кедендік ресімдеуді жүзеге асыру ниетін куәландыратын өзге де іс-әрекеттер жасаған кезінен басталады.
2. Ветеринариялық, фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне қатысты кедендік ресімдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін ғана аяқталуы мүмкін.
3. Кедендік ресімдеу тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін осы Кодекске сәйкес қажетті кедендік операциялар жасалғаннан кейін, сондай-ақ кедендік төлемдер және салықтар есептеліп, өндіріліп алынғаннан кейін аяқталады.
363-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі
кедендік ресімдеу жөніндегі операциялар
жасаудың орны мен уақыты
1. Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау және оларды белгілі бір кедендік режимге орналастыру бойынша іс-әрекет негізгі кедендік ресімдеу деп танылады.
2. Тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар кеден органдары орналасқан жерде және олардың жұмыс уақытында жасалады. V032355
3. Декларанттың дәлелді сұрауы бойынша тауарларды негізгі кедендік ресімдеу жөніндегі кедендік операциялар осы Кодекстің 20-22-баптарына сәйкес кеден органдары орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан тыс жасалуы мүмкін.
4. (алып тасталды - 2005.06.20. N 62 Заңымен)
Ескерту. 363-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
364-бап. Құжаттар мен мәліметтер
1. Кедендік ресімдеуді жүргізу кезінде осы Кодексте белгіленген тұлғалар кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге міндетті.
2. Кеден органдары орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге құқылы.
Кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттардың тізбесі және оларды беру мерзімі осы Кодексте белгіленеді.
3. Кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде құжаттарда кеден органдарының шешімдерін қабылдауға әсер ететін негізгі деректерді өзгертпейтін қате басылған жазбалар, техникалық немесе грамматикалық қателер болуы себепті құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
4. Кеден органдарына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар электронды түрде берілуі мүмкін. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын уәкілетті орган айқындайды . V032355
365-бап. Өкілетті тұлғалар мен олардың өкілдерінің
кедендік ресімдеу кезінде қатысуы
1. Тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар мен олардың өкілдері кедендік ресімдеу кезінде қатысуға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар мен олардың өкілдері кеден органының дәлелді талап етуі бойынша кедендік ресімдеу кезінде қатысуға және оны жүргізуде кеден органдарының лауазымды адамдарына жәрдем көрсетуге міндетті. V032274
366-бап. Кедендік ресімдеу жүргізілетін тіл
Кедендік мақсаттар үшін құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендік ресімдеу мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүргізіледі.
Уәкілетті орган шет тілдерінде жасалған құжаттар мен мәліметтерді кедендік мақсаттар үшін кеден органдарының қабылдауы және пайдалануы мүмкін жағдайларды белгілеуге құқылы.
367-бап. Тауарлармен жасалатын жүк және өзге де
операциялар
Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, тауарлармен жасалатын жүк және өзге де операциялар кеден органдарының рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін және кеден органы үшін қандай да бір қосымша шығыстарға әкеп соқпауға тиіс.
368-бап. Кедендік ресімделуі аяқталмаған тауарлар мен
көлік құралдарын пайдалану және оларға билік
ету
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік ресімдеу аяқталмаған болса, оларды пайдалануға және оларға билік етуге жол берілмейді.
369-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп
алу
1. Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар, олардың өкілдері, сондай-ақ кеден органымен келісе отырып, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар іріктеп алуы мүмкін.
2. Сынамалар мен үлгілер осы сынамалар мен үлгілерді зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерлерде іріктеп алынады. Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша акт жасалады.
3. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар мен олардың өкілдері тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кеден органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар іріктеп алған кезде қатысады.
Кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар және олардың өкілдері іріктеп алған кезде қатысады.
Аталған тұлғалар және олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде жәрдем көрсетуге, соның ішінде сынамалар мен үлгілер алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен жүзеге асыруға міндетті.
4. Кеден органдары тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар іріктеп алған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне өткізілген зерттеу нәтижелері туралы хабардар етілуге тиіс.
5. Кеден органдары тауарлардың осы Кодекстің талаптарына сәйкес іріктеп алынған сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға байланысты шығыстарды өтемейді.
6. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу тәртібін, оларды зерттеу мерзімі мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
47-тарау. Кедендік ресімдеуге қатысты қосымша ережелер
370-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік
ресімдеудің басым тәртібі
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына табиғи зілзаланың, авариялардың, апаттардың зардаптарын жоюға қажетті тауарларды, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды, тірі жануарларды, радиоактивті материалдарды, жарылғыш заттарды, экспресс-жүктерді, ізгілік және техникалық көмекті, бұқаралық ақпарат мақсаты үшін хабарламалар мен материалдарды және осы тектес басқа тауарларды әкелу және осы аумақтан әкету кезінде кедендік ресімдеу басым тәртіпте жүргізіледі.
2. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған көлік-экспедициялық ұйымдар жетпіс екі сағат ішінде алушыға дейін жеткізу мақсатында көліктің кез келген түрімен өткізілетін тауарлар экспресс-жүк деп танылады.
3. Кедендік ресімдеудің басым тәртібінде жүктің толық кедендік декларациясын кеден органына кейіннен бере отырып, уақытша кедендік декларация ретінде қаралатын өтініш және тауардың ілеспе құжаттарын беру көзделеді.
Өтініште тауарларды жіберушілер мен алушылар, тауарлар жіберетін және жеткізілетін елдер туралы мәліметтер, тауарлардың атауы, сипаты, саны, брутто салмағы және құны, тауарларды пайдалану мақсаты туралы, сондай-ақ, мәлімделетін тауарларды орналастыру болжанатын кедендік режим туралы мәлімет, жүктің кедендік декларациясын, кедендік мақсат үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді белгіленген мерзімде беру туралы міндеттеме болуға тиіс.
4. Жүктің толық кедендік декларациясы тауарлардың шартты шығу күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей кеден органына беріледі.
Кедендік ресімдеу кезінде декларанттың өтініші мен тауардың ілеспе құжаттарын кеден органы тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
Кедендік төлемдер және салықтар салынатын тауарлар кедендік төлемдердің және салықтардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда ғана басым тәртіппен ресімделеді.
5. Авариялық жағдай туындаған кезде электрэнергиясы берілген жағдайда авариялық жағдай туындаған кезден бастап үш тәулік ішінде кеден органына берілетін диспетчерлік өтінімді уақытша кедендік декларация деп қарауға болады.
371-бап. Кедендік ресімдеудің оңайлатылған тәртібі
Кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында уәкілетті орган тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру үшін қажетті мәліметтердің ең аз көлемі берілген кезде тауарлар мен көлік құралдарын шығаруды көздейтін, тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы.
48-тарау. Тауарларды декларациялау
372-бап. Декларациялануға жататын тауарлар
Тауарлар сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне айналдырылғаннан басқа жағдайларда, олар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген, кедендік режим өзгерген кезде кеден органдарында декларациялануға тиіс.
373-бап. Декларациялау орны
Егер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында өзгеше белгіленбесе, тауарларды декларациялау тауарларды кедендік ресімдеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргізіледі.
Уәкілетті орган тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау белгілі бір кеден органында ғана жүргізіле алатынын айқындауға құқылы. V064307 , V042956 , V042830 , V042700
Ескерту. 373-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
374-бап. Декларант
Мына тұлғалар:
1) қазақстандық тұлғалар;
2) шетелдік жеке тұлғалар (оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізген кезде);
3) осы Кодекстің 36-тарауына сәйкес кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктерді пайдаланатын шетелдік тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген шетелдік ұйымдардың өкілдіктері осындай өкілдіктердің өз қажеті үшін әкелінетін тауарлардың уақытша әкелінуінің, транзитінің сондай-ақ еркін айналыс үшін шығарылуының кедендік режимдерін мәлімдеген кезде декларант бола алады.
375-бап. Декларанттың құқықтары
Кедендік ресімдеу кезінде тауарларды декларациялау және өзге де кедендік операциялар жасау барысында декларант:
1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларды кеден органының бақылауымен тексеруге, өлшеуге және жүк операцияларын орындауға, сондай-ақ кедендік декларация мен кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттарды бергенге дейін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы. Тауарлардың сынамалары мен үлгілері тауарларға берілген кедендік декларацияда көрсетілетін жағдайда оларға жеке кедендік декларация берілмейді;
2) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау өткізгенде, олар сынамалар мен үлгілерді іріктеп алған кезде қатысуға;
3) кеден органдары іріктеп алған сынамалар мен үлгілерге жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысуға;
3-1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган белгілеген тәртіппен сарапшылар тартуға;
4) өзінің құқығы бұзылған жағдайда кеден органдарының шешіміне, кеден органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Ескерту. 375-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
376-бап. Декларанттың міндеттері
Декларант: V032355
1) тауарлар мен көлік құралдарына декларация жүргізуге;
2) кеден органының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлік құралдарын көрсетуге;
3) кеден органына кедендік мақсаттар үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді беруге;
4) осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуге немесе олардың төленуін қамтамасыз етуге;
5) кеден органдарының осы Кодексте көзделген өзге де талаптарын орындауға міндетті.
377-бап. Декларанттың жауапкершілігі
1. Декларант:
1) кедендік декларацияда және өзге де ұсынылатын құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыс еместігі үшін;
2) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдерді және салықтарды төлемегені үшін;
3) осы Кодекстің 382-бабында көзделген құжаттарды уақтылы ұсынбағаны үшін жауапты болады.
2. Кеден органына кедендік декларацияны бермегені үшін тауарларды өткізетін тұлға немесе шарт бойынша осы тұлға уәкілеттік берген кеден брокері жауапты болады.
3. Кеден брокері кедендік ресімдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде кеден брокеріне кедендік мақсаттар үшін берілген қажетті мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы үшін беруші тұлға жауапты болады.
378-бап. Декларациялау нысаны
1. Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендік режимі туралы дұрыс мәліметтерді және кедендік мақсаттар үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген нысан бойынша (жазбаша, ауызша, конклюденттік, электрондық) мәлімдеу жолымен жүргізіледі.
2. Осы Кодексте реттелмеген жағдайларда, тауарларды декларациялаудың нысаны мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды . V064307
3. Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу және алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
379-бап. Кедендік декларация
1. Тауарларды декларациялау кезінде кедендік декларациялардың мынадай түрлері қолданылады:
1) жүктің кедендік декларациясы;
2) жолаушының кедендік декларациясы.
2. Жүктің кедендік декларациясы - декларант беретін және тауарлар мен көлік құралдары туралы, олардың кедендік режимі туралы мәліметтерді және кедендік мақсат үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын құжат. Жүктің кедендік декларациясы мынадай жағдайларда, егер:
1) тауардың декларацияланатын легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоқсан айлық есептік көрсеткіштен асса;
2) тауарлардың қауiпсiздiгi жөніндегі талаптарды қоспағанда, тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары белгіленсе;
3) осы Кодекске сәйкес көзделген өзге де жағдайларда беріледі.
Жүктің кедендік декларациясы алдын ала декларациялау кезінде, сондай-ақ уақытша, толық емес немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолданылуы мүмкін.
Жүктің кедендік декларациясын уақытша, толық емес немесе мерзімдік кедендік декларация ретінде қолдану жағдайлары осы Кодекстің 387 - 388-1-баптарында көзделген тәртіппен белгіленеді.
Осы Кодексте белгіленген жағдайларда, еркін нысанда жасалған өтінішті және (немесе) тауарларды бірдейлендіру және шығару үшін қажетті мәліметтері бар көліктік, коммерциялық құжаттарды жүктің кедендік декларациясы немесе уақытша кедендік декларация ретінде пайдалануға жол беріледі. Бұл орайда кедендiк баждар мен салықтар төленген жағдайда кеден органының лауазымды адамы кедендік кірiс ордерін ресiмдеудi жүргізедi.
3. Жолаушының кедендік декларациясы - осы Кодексте көзделген оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіпті қолданып, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін жеке тұлға толтырып, кеден органына беретін құжат. V032355
4. Кедендік декларациялардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді . V064307
Ескерту. 379-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.06.20. N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
380-бап. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімі
1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы межелі кеден органында қысқаша декларацияны тіркеген күнді қоса есептегенде күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей беріледі. V075099
Егер жүктің кедендік декларациясын беру мерзімінің аяқталуы кеден органының жұмыс істемейтін күніне орайлас келсе, кеден органының одан кейінгі жұмыс күні осы мерзімнің аяқталу күні болып саналады.
2. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін тауарларға жүктің кедендік декларациясы оларды нақты әкетуге дейін беріледі.
3. Декларанттың жазбаша өтініші бойынша кеден органы жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзартады. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту әкелінетін тауарларға кедендік төлемдер және салықтар төленген не төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органдарында жүзеге асырылады.
4. Жүктің кедендік декларациясын беру мерзімін ұзарту тауарларды уақытша сақтау мерзімін бұзуға әкеп соқпауға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кеден ережелерін бұза отырып әкелiнген тауарларға жүктiң кедендiк декларациясы:
1) соттың тұлғаны қылмыстық (әкiмшiлiк) жауаптылыққа тарту туралы не қылмыстық (әкiмшілік) жауаптылықтан босату туралы;
2) уәкілеттi органның (лауазымды адамның) тұлғаны әкімшілiк жауаптылыққа тарту туралы не әкiмшілік жауаптылықтан босату туралы;
3) соттың немесе уәкілетті органның (лауазымды адамның) кеден ережелерiнiң бұзылу фактiсi бойынша iстi тоқтату туралы шешiмi заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелiк отыз күн iшiнде берiледі.
Ескерту. 380-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
381-бап. Есепке алу мақсатында құжаттар ұсыну
1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды есепке алуды кеден органдары мынадай құжаттардың негізінде және:
1) заңды тұлғалар:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесін немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу туралы куәлікті;
заңды тұлғаның банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы;
салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
2) декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы қолданылуға тиіс тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуді жүзеге асыруға ниеттенетін жеке тұлғалар:
жеке тұлғаның жеке куәлігін;
салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін;
егер жеке тұлғаның банкте шоты болса, банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы ұсынған кезде электронды (автоматтандырылған) түрде жүргізіледі.
2. Есепке алу үшін табыс етілетін құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде, декларант өзгертілген мәліметтерді растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны есепке қойған кеден органына күнтізбелік он бес күн ішінде табыс етуге міндетті.
3. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының қалауы бойынша оған есепке алу туралы мәліметтер сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есептік тіркелуіне жауапты кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрімен расталған қағаз жеткізгіште беріледі.
Ескерту. 381-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.
382-бап. Тауарларды декларациялау кезінде құжаттар
беру
1. Жүктің кедендік декларациясын беру кеден органына оның электрондық көшірмесін және осы бапта көзделген кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды тапсырумен қатар жүргізілуге тиіс.
Жүктің кедендік декларациясының электрондық көшірмесінің құрылымын уәкілетті орган белгілейді.
2. Егер тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті болып табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына тиісті құжатты беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.
Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін беруге рұқсат етеді. Декларант белгіленген мерзімдерде құжаттарды өткізбегені не бұрын өткізген құжаттардың көшірмелерінде дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады.
Егер тауарлардың кейінгі легіне кедендік ресімдеу жүргізілетін құжаттар кеден органына бұрын берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті.
3. Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы құжаттардың көшірмелеріне осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.
4. Келісім-шарттар, шот-фактуралар (инвойстар), көлік құжаттары, кедендік төлемдердің және салықтардың төленгенін растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс және жүктің кедендік декларациясы тіркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
Бұл орайда кедендік ресімдеу мақсаттары үшін осы құжаттармен бірге декларант куәландырған көшірме тапсырылуға тиіс.
5. Жүктің кедендік декларациясын беру осылардың негізінде жүктің кедендік декларациясы толтырылып, мыналарды растайтын қажетті құжаттар кеден органына қатар табыс етілуімен жүргізілуге тиіс:
1) декларанттың өз атынан жүктің кедендік декларациясын беруге өкілеттігін растайтын декларанттың штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не брокерлік қызмет көрсетуге шарт;
2) кедендік ресімдеуге жататын тауарларға меншік, билік ету немесе пайдалану құқығын растайтын сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда шарты (келісім-шарты), кедендік ресімдеуге жататын тауарларға билік ету немесе пайдалану құқығына келісім не өзге құжат;
3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді растайтын көлік құжаттары;
4) тауарлардың кедендік құнын растайтын - шот-фактура (инвойс), шот-проформа, арнайы тізбе және осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес тауарлардың кедендік құнын анықтау және мәлімдеу үшін көзделген өзге де құжаттар;
5) тауарлардың шығуын растайтын - осы Кодекстің 39 және 40-баптарына сәйкес тауарлардың шығуы туралы декларация не тауарлардың шығуы туралы сертификат;
6) кедендік режимнің талаптарына және кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді немесе олардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын:
қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлемнің орындалуы туралы банктің белгісімен төлемдік тапсырманы немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - кеден органының, банктің кассалық кіріс ордеріне берілетін түбіртек. Алдын ала декларациялау рәсімі қолданылған жағдайда аталған құжаттар тауарлар мен көлік құралдары шығарылғанға дейін беріледi, ал осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты мерзiмдік декларациялау рәсімі қолданылған жағдайда жүктiң толық кедендiк декларациясы бойынша тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғанға дейiн берiледi;
осы Кодекстің 339-бабының 1-тармағына сәйкес кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін растайтын құжаттар;
осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беруді растайтын құжаттар;
кедендік бажды, қосылған құн салығын төлеу бойынша мерзімді ұзартуды (мәулеттік төлеуді) растайтын құжаттар;
7) тауарларды межелі жерге жеткізуді растайтын - осы Кодекстің 12-тарауында көзделген тауарлар жеткізуді бақылау құжаты не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де құжаттар;
8) валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын - Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етілетін құжаттар;
9) мәлімделген кедендік режимдерге қарамастан, тауарларды әкелу кезінде стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растайтын - фитосанитариялық (карантиндік) сертификат, ветеринариялық сертификат. Көрсетілген сертификаттар оларға сертификаттар беру міндетті тауарлар үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда ғана беріледі;
10) Алынып тасталды - ҚР 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
5-1. Жүктің кедендік декларациясын беру кезінде кеден органдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есебіне сәйкес растайды.
6. Таңдалған кедендік режимдерге сәйкес табыс етілетін құжаттардың тізбесі осы Кодекстің 383-бабында белгіленді.
7. Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 371-бабында көзделген кедендiк ресiмдеуінің оңайлатылған тәртiбін қолданған кезде кедендік мақсаттар үшін қажеттi құжаттардың тiзбесін қысқартуға құқылы.
Ескерту. 382-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.06.20 N 62 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26 N 312 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
383-бап. Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына
сәйкес құжаттар беру
Таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес осы Кодекстің 382-бабында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар беріледі:
1) еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін нысанадағы өтініш-декларация;
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін - лицензия;
2) тауарлар экспортының кедендік режимі:
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін - лицензия;
3) тауарлар кері импортының кедендік режимі:
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарларды әкетуді растайтын жүктің кедендік декларациясы;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін нысанадағы өтініш-декларация;
әкетудің кедендік баждарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін әкетудің кедендік баждары төленгенін растайтын құжат;
&nbs