"Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1094 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне
алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен
жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу
туралы

       1-бап. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 15, 62, 63-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      1) мынадай мазмұндағы 189-1-баппен толықтырылсын:
      "189-1-бап. Алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген
                  тәртіппен жүргізу
      1. Осы Кодекстің жалпы ережелерімен анықталған алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен жүргізу, осы баптың алынып тасталғаны үшін егер адам қылмыс жасауда өз кінәлілігінен бас тартпаса, арыз-талаптарымен келіссе және оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар болса, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты қолданылады.
      Арыз-талаптарымен келісу, адамның қылмысты жасауда өзін кінәлі деп тануы қылмыстық іс қозғаған және айыптау хаттамасын толтырған кезде іс жүргізу құжаттарында көрсетіледі.
      2. Алдын ала тергеудің және анықтаудың жеңілдетілген тәртібі қылмыстар жиынтығына қатысты, егер жасалған қылмыстардың біреуі ауыр немесе аса ауыр қылмыс болса, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға және өздерінің дене немесе психикалық кемістіктеріне байланысты өзінің қорғану құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдарға қатысты жасалған жағдайда қолданылмайды.
      3. Қылмыстық істі жеңілдетілген тәртіппен қозғау туралы шешім қылмыс туралы арыздарды немесе хабарламаны тіркеген сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде қабылданады.
      4. Жәбірленушіден (куәгерден) жасалған қылмыстың белгілі мән-жайлары туралы жауап алынады, көрінеу жалған көрсетулер бергені немесе жауап беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін жауапкершілігі туралы қол қойдырылып ескертіледі.
      Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда ауызша нысанда жауап алуға жол беріледі. Жауаптың нәтижелері одан сотта жауап алуға негіз болып табылатын анықтамамен ресімделеді.
      Алдағы уақытта тұрғылықты жерін ауыстыратыны туралы анық мәліметтер болған кезде, денсаулық жағдайы немесе өзге де себептер бойынша жәбірленуші (куәгер) қылмыстық істің сот талқылауына қатыса алмаса,  міндетті түрде жауап алынады.
      Сұрау (жауап алу) кезінде үн- және бейне жазба қолданылуы мүмкін, осы Кодекстің 12-тарауында көзделген қауіпсіздік шараларын қолданудың мақсатқа сай екені анықталады.
      5. Алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен жүргізу аяқталған соң осы Кодекстің 287-бабының ережелері бойынша айыптау хаттамасы толтырылады. Хаттамаға тергеу амалдарының шеңберінде маманның, сараптамалардың қорытындылары, заттай айғақтар, тексеру актілері, аудиторлық қорытындылар қоса берілуі мүмкін.
      6. Алдын ала тергеуді және анықтауды жеңілдетілген тәртіппен жүргізу қылмыс туралы арыз немесе хабарлама тіркелген сәттен бастап он тәуліктен кешіктірмей жүзеге асырылады және прокурорға ұсынылатын айыптау хаттамасын толтырумен аяқталады. Іс бойынша сот талқылауы осы Кодекстің 363-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.
      7. Егер Кодекстің осы бабының алтыншы бөлігінде белгіленген мерзімде істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуді қамтамасыз ету мүмкін болмаса, алдын ала тергеу және анықтау жалпы негіздерде жүргізіледі.";
      2) 195-бап ", ал жеңілдетілген тәртіппен алдын ала тергеу - осы Кодекстің 287-бабының ережелері бойынша толтырылған айыптау хаттамасымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 285-баптың он үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Анықтау қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап отыз күн (бір ай) мерзімде қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға бергенге дейін жүргізіледі. Олар бойынша істің мән-жайын жан-жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ете алмайтын, осы Кодекстің 189-1-бабының ережелері бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша анықтау анықтау органының бастығы бекіткен анықтаушының қаулысы бойынша жалпы тәртіппен жүргізіледі. Бір ай анықтау мерзімін белгілеу туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.";
      4) 287-бапта:
      бірінші бөлігінде:
      "анықтау аяқталған соң" деген сөздерден кейін ", тергеуші алдын ала тергеу аяқталған соң" деген сөздермен толықтырылсын;
      "анықтау барысында" деген сөздерден кейін ", алдын ала тергеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші бөлігіндегі "Айыптау хаттамасы" деген сөздерден кейін "толтырылған немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші бөлігінде:
      "Анықтау органының бастығы" деген сөздер "Тергеуші толтырған, ал анықтау желісі бойынша анықтау органының бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "анықтау органы" деген сөздерден кейін ", тергеуші" деген сөзбен толықтырылсын;
      алтыншы бөлігіндегі "анықтаудың аяқталуы туралы" деген сөздерден кейін ", алдын ала тергеудің" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 289-баптың 3-тармағындағы "анықтауды қысқартуға" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойыла отырып, мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
      "4. жеңілдетілген тәртіппен қылмыстық іс қозғау туралы қаулының күшін жоюға және жалпы тәртіппен анықтауды тағайындауға;
      5. қылмыстық іс қозғау туралы қаулының күшін жоюға және жеңілдетілген тәртіппен анықтауды тағайындауға".
 
       2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменения и дополнений в Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан по вопросам производства предварительного следствия и дознания в упрощенном порядке"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 ноября 2008 года № 1094

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменения и дополнений в Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан по вопросам производства предварительного следствия и дознания в упрощенном порядке".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект     

Закон Республики Казахстан

О внесении изменения и дополнений в
Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан
по вопросам производства предварительного следствия
и дознания в упрощенном порядке

       Статья 1. Внести в Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 23, ст. 335; 1998 г., № 23, ст. 416; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 6, ст. 141; 2001 г., № 8, ст. 53; № 15-16, ст. 239; № 17-18, ст. 245; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 32, 33; № 17, ст. 155; № 23-24, ст. 192; 2003 г., № 18, ст. 142; 2004 г., № 5, ст. 22; № 23, ст. 139; № 24, ст. 153, 154, 156; 2005 г., № 13, ст. 53; № 21-22, ст. 87; № 24, ст. 123; 2006 г., № 2, ст. 19; № 5-6, ст. 31; № 12, ст. 72; 2007 г., № 1, ст. 2; № 5-6, ст. 40; № 10, ст. 69; № 13, ст. 99; 2008 г., № 12, ст. 48; № 15, ст. 62, 63) следующие изменение и дополнения:
      1) дополнить статьей 189-1 следующего содержания:
      "Статья 189-1. Производство предварительного следствия и
                     дознания в упрощенном порядке
      1. Производство предварительного следствия и дознания в упрощенном порядке, определенное общими правилами настоящего Кодекса, за изъятиями настоящей статьи, применяется в отношении преступлений небольшой и средней тяжести, если лицо не отрицает своей виновности в совершении преступления, согласно с исковыми требованиями и имеются достаточные доказательства его вины.
      Согласие с исковыми требованиями, признание лица себя виновным в совершении преступления, отражается в процессуальных документах при возбуждении уголовного дела и составлении протокола обвинения.
      2. Упрощенный порядок предварительного следствия и дознания не применяется в отношении совокупности преступлений, когда хотя бы одно совершенное преступление является тяжким или особо тяжким, а также в отношении несовершеннолетних и лиц, которые в силу своих физических или психических недостатков не могут сами осуществить свое право на защиту.
      3. Решение о возбуждении уголовного дела в упрощенном порядке принимается в течение двадцати четырех часов с момента регистрации заявления или сообщения о преступлении.
      4. Потерпевший (свидетель) опрашивается об известных обстоятельствах совершенного преступления, с предупреждением под расписку об ответственности за дачу заведомо ложных показаний, отказ или уклонение от дачи показаний.
      Опрос в устной форме допускается в случаях, не терпящих отлагательства. Результаты опроса оформляются справкой, являющейся основанием для его допроса в суде.
      При наличии достоверных сведений о предстоящей перемене места жительства, когда по состоянию здоровья либо по иным причинам потерпевший (свидетель) не сможет принять участие в судебном разбирательстве уголовного дела, допрос обязателен.
      При опросе (допросе) могут применяться звуко- и видео записи, выясняется целесообразность применения мер безопасности, предусмотренных главой 12 настоящего Кодекса.
      5. По окончании производства предварительного следствия и дознания в упрощенном порядке составляется протокол обвинения по правилам статьи 287 настоящего Кодекса. К протоколу могут быть приобщены заключения специалиста в рамках следственных действий, экспертиз, вещественные доказательства, акты проверок, аудиторские заключения.
      6. Предварительное следствие и дознание в упрощенном порядке проводится в срок не более десяти суток с момента регистрации заявления или сообщения о преступлении и оканчивается составлением протокола обвинения, который представляется прокурору. Судебное разбирательство по делу проводится по правилам статьи 363 настоящего Кодекса.
      7. Если в срок, установленной частью шестой настоящей статьи Кодекса невозможно обеспечить всесторонность и полноту исследования всех обстоятельств дела, предварительное следствие и дознание проводится на общих основаниях.";
      2) статью 195 дополнить словами ", а предварительное следствие в упрощенном порядке - протоколом обвинения, составленного по правилам статьи 287 настоящего Кодекса";
      3) часть тринадцатую статьи 285 изложить в следующей редакции:
      "13. Дознание проводится в тридцатидневный (месячный) срок с момента вынесения постановления о возбуждении уголовного дела до передачи прокурору дни направления его в суд. Дознание по уголовным делам, возбужденным по правилам статьи 189-1 настоящего Кодекса, по которым невозможно обеспечить всесторонность и полноту исследования всех обстоятельств дела, проводится в общем порядке по постановлению дознавателя, утвержденного начальником органа дознания. Копия постановления о назначении месячного дознания направляется в течение двадцати четырех часов прокурору.";
      4) в статье 287:
      в части первой:
      после слов "окончании дознания" дополнить словами ", следователь по окончании предварительного следствия";
      после слов "в ходе дознания," дополнить словами "предварительного следствия,";
      часть четвертую после слова "После" дополнить словами "составления или";
      в части пятой:
      после слов "Протокол обвинения," дополнить словами "составленный следователем, а по линии дознания,";
      после слов "органом дознания" дополнить словом ", следователем";
      часть шестую после слов "об окончании дознания" дополнить словами ", предварительного следствия";
      5) статью 289 дополнить пунктами 4) и 5) следующего содержания:
      "4) отменить постановление о возбуждении уголовного дела в упрощенном порядке и назначить дознание в общем порядке;
      5) отменить постановление о возбуждении уголовного дела и назначить дознание в упрощенном порядке.".

       Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении тридцати календарных дней со дня его первого официального опубликования.

       Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев