"Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі", "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі N 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 № 530 Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысына
қосымша
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын лауазымды тұлғалар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.03.2014 N 257 қаулысымен.
Әбдіқалықова |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Сәрінжіпов |
– |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Балықбаев |
– |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Құсайынов |
– |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Сағадиев |
– |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
Өтепов |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы |