Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоғамның директорлар кеңесінің құрамына лауазымды тұлғалардың сайлануын қамтамасыз етсін;»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 530 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысына
қосымша
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік
қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын лауазымды
тұлғалар
Орынбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
Жұмағұлов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Құсайынов |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Орынханов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Өтепов |
- |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы |
Ыбырайым |
- |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы |