"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
19-бабының
7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі
құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан
туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 475
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 21, 254-құжат):
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "жүзеге асыру" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру";
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы".
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 40, 525-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов