Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы
Осы Заң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тұтынушылар мен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарын қорғауды жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тетігін айқындау болып табылады.
2-бап. Тұтынушылар құқықтарын қорғаудың негізгі
принциптері
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
1) барлық тұтынушылардың құқықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу процесінде ар, абыройды құрметтеу, рухани және этикалық нормаларды сақтау;
3) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін айқын құқықтық регламентациясын, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялығын қамтамасыз ету;
4) тауарды (жұмысты, қызметті) таңдау еркіндіктерін қамтамасыз ету;
5) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ, олардың өмірін, денсаулығын және мүлкінің қауіпсіздігін қорғау;
6) тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
3-бап. Осы Заңды қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) дайындаушы (орындаушы) - кейіннен иеліктен алу үшін өнім өндіретін, сондай-ақ жұмысты орындайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
2) жарамдылық мерзімі - тауар (жұмыс, қызмет) мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамды болып саналатын уақыт кезеңі;
3) жұмыс - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нәтижелері материалдық көріністегі қызмет;
4) шарт - азаматтық заңнама нормаларға сәйкес жасалған, тауарды (жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету) сатып алу - сату тауардың жүзеге асырылатын шарттарда тұтынушы мен сатушы (орындаушы, өндіруші) арасындағы келісім;
5) кемшілік - тауардың (жұмыстың, қызметтің), сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынған тауар (жұмыс, қызмет) туралы ақпараттың техникалық регламенттердің, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына, шарттар талаптарына сәйкес келмеуі;
6) кепілдік мерзімі - оны тиісті пайдалану және сақтау шарты кезінде сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) қолданылуына кепілдік беретін уақыт кезеңі;
7) қызмет - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;
8) қызмет мерзімі - тауардың (жұмыстың) мақсаты бойынша пайдалану уақыты ішіндегі кезең;
9) орындаушы - шарт бойынша жұмысты орындаушы немесе қызметті көрсетуші жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
10) сақталу мерзімі - тауар (жұмыс, қызмет) сақтаудың белгіленген шарттарын сақтау кезінде нормативтік құжаттарда көрсетілген барлық қасиеттерін сақтайтын уақыт кезеңі;
11) сатушы - азаматтық заңнамаға сәйкес тауарды өткізетін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
12) тауар - өткізілетін және өткізуге арналған азаматтық айналымдағы кез келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік;
13) тауардың (жұмыстың, қызметтің) қауіпсіздігі - тауарды (жұмыстың, қызметтің нәтижелерін) пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың кәдімгі жағдайлары кезінде немесе жұмысты (қызметтер көрсетуді) орындау процесінде тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлікке, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян тигізу мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатердің жоқтығы;
14) тауарды (жұмысты орындауды, қызметтерді көрсетуді) сатып алу фактісін растайтын құжат - кассалық (тауар) чек не кіріс кассалық ордеріне түбіртек, жұлынба талонға түбіртек, тиісті түрде ресімделген техникалық паспорт, тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы, тауардың (жұмыстың, қызметтің) құны, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжат;
15) тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы - оның тұтынушының белгіленген және (немесе) болжанатын қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне жататын тауар (жұмыс, қызмет) сипаттамаларының жиынтығы;
16) тұтынушы - өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарды (жұмысты, қызметті) пайдаланатын, сатып алатын не оған тапсырыс беретін жеке және (немесе) заңды тұлға;
17) уәкілетті орган - тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
4-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың
құқықтарын қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау
туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен , осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Осы Заң ережелерінің талаптары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тұтынушылар құқықтарын қорғауға, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған тауарларға қатысты болмайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен гөрі өзге де ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады.
2-тарау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылардың
құқықтарын қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы құзыретіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу жатады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттар бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша шараларды қабылдайды.
7-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және
тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара
іс-қимылы
1. Уәкілетті органдар мен мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде мыналар:
1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылулары туралы уақытылы қарауды және шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мыналар:
1) мемлекеттік органдар бастамашылық жасаған тексерулерде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тәуелсіз сарапшылар ретінде қатысуын ұйымдастыру;
2) тұтынушылардың өтініштерін қарау және оларды мемлекеттік органдарға жіберу;
3) тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары жөніндегі ақпаратты зерттеу және бұқаралақ ақпарат құралдарында жариялау бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
3-тарау. Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
және оларды қорғау
8-бап. Тұтынушылардың құқықтары:
1. Тұтынушылардың мыналарға:
1) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге;
2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы, сондай-ақ оларды сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) туралы толық, сенімді және уақтылы ақпаратты алуға;
3) қауіпсіз тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға;
4) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) еркін таңдауға;
5) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тиісті сапасына;
6) тиісті де, тиісті емес сападағы да тауарларды алмастыруға;
7) тиісті де, тиісті емес сападағы да азық-түлік емес тауарларды қайтаруға;
8) тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) кемшілігінің болуы салдарынан келген залалдың (зиянның) толық көлемде өтелуіне;
9) сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) сатып алу фактісін растайтын құжатты алуға;
10) ойындар бастамашысына (ұйымдастырушысына) ұтыс түрінде берілген (орындалған) тауардың (жұмыстың) сапасы бойынша талап-арыз ұсынуға;
11) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;
12) осы Заңмен және өзге де заңнамамен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы халықаралық шарттардың нормаларымен қорғалатын бұзылған құқықтардың немесе мүдделердің қорғалуы үшін сотқа және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
2. Тұтынушы егер, тауар нысаны, ауқымы, моделі, түсі, мөлшері, техникалық сипаттамасының жиынтығы бойынша дәл келмеген және оны мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған жағдайда тиісті сападағы азық-түліктік емес тауарды ол сатып алынған сауда объектісінде ұқсас тауарға ауыстыруға немесе қайтаруға құқылы. Айырбас осы Заңның 28-бабына сәйкес жүргізіледі.
9-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы
ақпаратқа қол жеткізуге тұтынушылардың құқығы
Тұтынушының олардың құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге арналған құқығы мемлекеттік жалпы білім беруге және кәсіптік бағдарламаларға тұтынушылық білім негіздері жөніндегі мәселелерді енгізу арқылы, сондай-ақ тұтынушыға оның құқықтары мен бұл құқықтарды қорғау жөніндегі қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
10-бап. Тұтынушылардың тауарлар (жұмыстар, қызметтер),
сондай-ақ олардың сатушылар (дайындаушылар,
орындаушылар) туралы ақпарат алу құқығы
Тұтынушы осы Заңның 23 - бабына сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер), сондай-ақ олардың сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) туралы толық, сенімді және уақтылы ақпарат алу құқығы
11-бап. Тұтынушылардың қауіпсіз тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) сатып алуға құқығы
Тұтынушының тауар (жұмыс, қызмет) белгіленген жағдайлар кезінде оны пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату тұтынушының өмірі, денсаулығы үшін қауіпсіз болуына, сондай-ақ тұтынушының мүлкіне зиян келтірмеуіне құқығы бар. Тауардың (жұмыстың, қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес емес тауарды өткізуге (жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге) тыйым салынады.
12-бап. Тұтынушының тауарды (жұмысты, қызметті) еркін
таңдау құқығы
Тұтынушының азаматтық айналымнан алынбаған немесе айналымы шектеулі емес тиісті сападағы тауарды (жұмысты, қызметті) сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, өзіне ыңғайлы уақытта еркін таңдауға құқығы бар.
13-бап. Тұтынушының тауардың (жұмыстың, қызметтің) тиісті
сапасына құқығы
1. Егер заңнамалық актілерде белгіленген тәртіпте тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасына қойылатын міндетті талаптар көзделсе, тұтынушының бұл талаптарға сәйкес тауарды (жұмысты, қызметті) алуға құқығы бар.
2. Тұтынушы сатып алынатын тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасын, жиынтығын, салмағын (көлемін, санын), мөлшерін тексеруге, оның қатысуымен, егер бұл тауардың сипатына қарай мүмкін болатын болса, тауардың қасиеттеріне тексеру немесе дұрыс және қауіпсіз пайдаланылуын көрсету жүргізуге құқығы бар.
3. Шартта тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы туралы талаптар болмаған кезде тұтынушының қойылатын талаптарға сәйкес келетін және тауардың (жұмыстың, қызметтің нәтижесі) осындай түріне арналған мақсаттар үшін көзделген тауарды (жұмысты, қызметті) алуға құқығы бар.
4. Егер тұтынушы шарт жасасу кезінде сатушыға (орындаушыға) тауарды (жұмысты орындаудың, қызметті көрсетудің) сатып алудың нақты мақсаттар туралы хабарлаған болса, оның тиісті сапасы бар, бұл мақсаттарға сәйкес пайдалану үшін жарамды тауарды (жұмысты, қызметті) алуға құқығы бар.
5. Үлгі және (немесе) сипатты бойынша тауарды сату кезінде тұтынушының үлгіге және (немесе) сипатқа сәйкес келетін тауарды алуға құқығы бар.
14-бап. Тұтынушының тауардың (жұмыстың, қызметтің)
кемшілігін табу салдарынан келген шығынды
(зиянды) толық көлемде өтелуіне құқығы
1. Тұтынушының тауардың (жұмыстың, қызметтің) құрастыру, өндірістік, рецептік және өзге де кемшіліктері салдарынан оның өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келген зиянды толық көлемде өтелуіне құқығы бар.
2. Оның сатушымен (дайындаушымен, орындаушымен) шарттық қатынастарға отырған, отырмағанына қарамастан кез келген тұтынушының тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшіліктерін табу салдарынан келген зиянды өтеуді талап ету құқығы танылады.
15-бап. Тұтынушының ойындар бастамашысына
(ұйымдастырушысына) ұтыс түрінде берілген
(орындалған) тауар (жұмыс) сапасы бойынша
талап-арыз ұсыну құқығы
1. Тұтынушы ойындар бастамашысына (ұйымдастырушысына) ұтыс түрінде берілген (орындалған) тауар (жұмыс) сапасы бойынша талап-арыз ұсынуға құқылы.
2. Егер тауардағы (жұмыстағы) кемшіліктер олардың сатып алушыға берілгеннен кейін сатып алушының тауарды пайдалану немесе оның сақтау ережесін бұзғаны не үшінші адамдардың іс-қимылы немесе еңсерілмейтін күш салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, ойындар бастамашысы (ұйымдастырушысы) сатып алушыға тауардың (жұмыстың) кемшілігін жою бойынша өтініш білдіру жолымен тұтынушының талабын қанағаттандыруы тиіс.
16-бап. Тұтынушының өз құқықтарын мемлекеттік қорғалу
құқығы
Тұтынушының құқықтарын мемлекеттік қорғауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегіне жүзеге асырады.
17-бап. Тұтынушылардың өз құқықтарын қоғамдық қорғалу
және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құру
құқығы
Жеке тұлғалар (тұтынушылар) өз қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес ерікті негізде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне бірлесуге құқылы.
18-бап. Тұтынушылардың соттық қорғалу құқығы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот жүзеге асырады.
19-бап. Тұтынушылардың міндеттері
Тұтынушылар:
1) сатып алынатын тауарға (жұмысқа, қызметке) төлем жүргізуге;
2) оған ақша сомасы қайтарылған кезінде тауарды қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
4-тарау. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)
құқықтары мен міндеттері
20-бап. Дайындаушының, орындаушының кепілдік мерзімін
белгілеу жөніндегі міндеттері
Дайындаушы (орындаушы) егер заңнамада өзге айқындалмаған жағдайда тауарға (жұмыс, қызмет нәтижесіне) кепілдік мерзімін белгілеуі тиіс, оның уақытында тауардың (жұмыстың, қызметтің нәтижесінің) кемшілігі табылған жағдайда дайындаушы (орындаушы) осы Заңның 35 және 38-баптарында белгіленген тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
21-бап. Дайындаушының (орындаушының) қызмет мерзімін
белгілеу жөніндегі құқығы
Дайындаушыны (орындаушыны) мерзім ішінде тауар тұтынушыға оны пайдалануды қамтамасыз ететін тауардың қызмет мерзімін белгілеуге құқылы.
22-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)
міндеттері
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) мыналарға:
1)тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы, сондай-ақ, олардың дайындаушылары, орындаушылары туралы мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі ақпаратты ұсынуға;
2) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) еркін таңдауды қамтамасыз етуге;
4) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тиісті сапасын қамтамасыз етуге;
5) тиісті де, тиісті емес сападағы да тауарларды алмастыруды қамтамасыз етуге;
6) тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшілігін табу салдарынан тұтынушыға келтірілген шығынды (зиянды) толық көлемде өтеуге;
7) тауардың (жұмыс нәтижесінің) жарамдылық мерзімін, сақтау мерзімін белгілеуге;
8) дайындаушы белгілеген кепілдік мерзімін азайтпауға;
9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайда фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналары болуға;
10) тауарларды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның тегін, атын және әкесінің атын көрсете отырып, кеуде карточкасының (бейджінің) болуын қамтамасыз етуге;
11) тұтынушының бақылау чегін алу қажеттілігі туралы және оның фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолданудын тәртібі бұзылған жағдайда салық органына жүгіну құқығы туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының орналасу орнында орналастыруға;
12) сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарында қойылған, бағалар заттаңбаларымен ресімделген тауарлардың құнын көрсетуге;
13) жазбаша түрде ресімделген жұмыстар мен қызметтердің құнын көрсетуге міндетті.
23-бап. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы ақпаратты
беру жөніндегі сатушының (дайындаушының,
орындаушының) міндеттері
1. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы ақпарат міндетті тәртіпте мыналардан тұруы тиіс:
1) тауардың (жұмыстың, қызметтің) атауы;
2) ұсынылатын жұмыстардың (қызметтердің) түрлері мен ерекшеліктері;
3) егер тауар (жұмыс, қызмет) сәйкестікті міндетті растауға жататын жағдайда аталған тауар (жұмыс, қызмет) сәйкес келуі тиіс техникалық регламентті белгілеу;
4) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) негізгі тұтынушылық ерекшеліктері туралы мәліметтер, азық-түлік өнімдеріне қатысты құрамы туралы мәлімет (оның ішінде, азық-түлік өнімдерін дайындау процесінде дайындалған азық-түлік қоспаларының, биологиялық белсенді қоспалардың атауы, азық-түлік құндылығы, мақсаты, азық-түлік өнімдерін қолдану мен сақтаудың шарттары туралы, олардың сандық және (немесе) сапалық өзгерістері туралы, дайын өнімдерді дайындаудың тәсілдері, азық-түлік өнімдерін дайындау мен ораудың (қаптаудың) күні мен орны туралы, сондай-ақ, жекелеген аурулар кезінде оларды қолдану үшін қарсы көрсетімдері туралы мәлімет.
5) егер, осындай компоненттегі аталған организмдердің болуы 0,9 % (нөл бүтін оннан тоғыз пайызды) және одан астам пайызды құраған жағдайда өнім генетикалық модификацияланған организмдерден тұратын немесе оларды қолдана отырып, алынған азық-түліктерде компоненттердің болуы туралы ақпарат. Бұл ретте, "Бұл өнім генетикалық модификацияланған организмдерден тұрады" деген сөздер жеке тұрған сөйлеммен, ал қапталған өнімдер үшін - құлақша қағаздарда, соңғы тұтынушыға сату кезінде қапталмаған өнімдер үшін - өнім туралы көрсеткіштерде көрсетілуі тиіс;
6) дайындаушының тауарлық белгісі;
7) тауардың шыққан елі;
8) тауардың құрамы;
9) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу бағасы мен шарты;
10) кепілдік мерзімі;
11) егер бұл тауардың ерекшелігіне орай талап етілсе, азық-түлік өнімдерін дайындау жөніндегі ұсынымдар;
12)тауарды дайындаудың күні мен қызмет мерзімі және (немесе) жарамдылық мерзімі және (немесе) тауарларды (жұмыстардың нәтижелерін) сақтау мерзімі, (жұмыстардың нәтижелерін), егер, олар тиісті тауарларды (жұмыстардың нәтижелерін) сақтаудың кәдімгі жағдайларынан ерекшеленетін немесе сақтаудың арнайы жағдайларын талап ететін жағдайда тауарларды (жұмыстардың нәтижелерін) сақтау жағдайларын көрсету, сондай-ақ, егер тауарлар (жұмыстардың нәтижелері) аталған мерзімнің аяқталуы бойынша тұтынушының өмірі, денсаулығы мен мүлігі және қоршаған орта үшін қауіп білдіретін немесе мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамсыз болған жағдайда аталған мерзімдердің аяқталуы бойынша тұтынушының қажетті іс-қимылдары және осындай іс-қимылдарды орындамау кезіндегі мүмкін болатын салдарлар туралы мәлімет;
13) сатушының (дайындаушының, орындаушының) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекен-жайы) және тұтынушыдан талап-арыз қабылдауға және тауарға (жұмыс нәтижесіне) жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге сатушы (дайындаушы) өкілеттік берген заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің, өзге де бөлімшесінің) немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жері;
14) егер, бұл жұмыстың (қызметтің) сипатын ескере отырып, мәні болатын болса, жұмысты орындайтын (қызмет көрсететін) нақты тұлғаны және ол туралы ақпаратты көрсету;
15) музыкалық туындыларды орындаушылардың ойын-сауық қызметтерін көрсетуі кезінде фонограммаларды, аудиовизуальдық жазбаларды пайдалануға арналған нұсқау;
16) тауар салмағының (нетто) шамасы, көлемі, саны немесе жиынтығы және арнайы белгі (тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасына талаптарды белгілейтін нормативтік құжат көзделген);
17) тауарларды (жұмыстардың, қызметтердің нәтижелерін) тиімді және қауіпсіз пайдалану ережелері мен шарттары туралы қажетті мәліметтер және тұтынушыға беру үшін міндетті, оның ішінде, тұтынушының өтініші бойынша шартқа жататын және жұмысқа өнім қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес келетін мәліметтерді беру заңнамаға немесе тиісті шарттарға сәйкес міндетті өзге де мәліметтер.
Егер, тұтынушы сатып алатын тауар пайдаланылса немесе онда кемшілік (кемшіліктер) жойылса тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс. Мұндай тауар сатып алынған жағдайда кемшіліктің (кемшіліктердің) болуы туралы мәлімет сатып алу фактісін растайтын құжатта көрсетілуі тиіс.
2. Айырбастауға жатпайтын тауарлар туралы уақтылы хабарлау.
Санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтау жолымен адамның өмірі мен денсаулығы үшін тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мына тауарлар айырбастауға жатпайды: дәрілік заттар, іш киім, жаңа туған балалар мен ясли жасындағы балаларға арналған киім-кешек, әйелдер гигиенасының заттары, шұлық-ұйық бұйымдары, парфюмерлік-косметикалық тауарлар, жеке гигиена заттары, жануарлар мен өсімдіктер.
3. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпарат тұтынушының назарына тауарға (жұмыс, қызмет нәтижелеріне) қоса берілген құжаттамада, тұтыну ыдысында, этикеткаларда немесе тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің нәтижелерінің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілде жеткізіледі. Шет тілінде хабарланған немесе берілген ақпарат тұтынушының тілегі бойынша шет тілінде хабарланған немесе берілген жағдайларды қоспағанда берілмеген деп саналады.
Салық төлеушінің, сатушының немесе сатушы (дайындаушы) уәкілеттік берген жеке кәсіпкердің атауы, тұрғылықты орны (заңды мекен-жайы), сәйкестендіру нөмірі (СТСН) туралы ақпарат тауарды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орнындағы қол жетімді тұста ілінуі тиіс.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты қоспағанда, оларды дайындау орында емес тұтыну ыдысына бөлшектеп салынған және оралған азық-түлік өнімдері мен басқа да тауарлар бөлшектеп салушы мен ораушы (тегі, өсімі және әкесінің аты (егер бар болса), сондай-ақ қаттау және орау күні мен уақыты туралы ақпараттан тұруы тиіс.
5. Тұтынушыға тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды төлеуді (жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді) растайтын оған бақылау (кассалық) чегін немесе өзге де құжатты беруге міндетті.
24-бап. Дайындаушы, орындаушы туралы ақпаратты беру
жөніндегі сатушының (дайындаушының, орындаушының)
міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өз атауын (фирмалық атауын), орналасқан жерін (заңды мекен-жайын) және жұмыс режимін тұтынушыға мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде хабарлауға міндетті. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) аталған ақпаратты маңдайшаға орналастырады.
Жеке кәсіпкер болып табылатын сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзінің тегі, есімі, әкесінің аты туралы, сондай-ақ, оны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені және мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органның атауы туралы ақпаратты да ұсынуы тиіс.
2. Егер, сатушы (дайындаушы, орындаушы) жүзеге асыратын қызметтің түрі (түрлері) лицензиялауға немесе аккредиттеуге жатса, онда тұтынушыға арнайы рұқсат етудің (лицензияның) нөмірі, оның қолданылу мерзімі, оны берген мемлекеттік орган туралы ақпарат берілуі тиіс, сондай-ақ, тұтынушының тілегі бойынша арнайы рұқсаттың (лицензияның) түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесімен танысу мүмкіндігі берілуі тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпарат егер, тұтынушыларға сауда, тұрмыстық және қызмет көрсетудің өзге де түрлері жүзеге асырылатын жағдайда уақытша үй-жайларда, жәрмеңкелерде, сөрелерден және егер, сауда, тұтынушыларға тұрмыстық және қызмет көрсетудің өзге де жағдайлары сатушының (орындаушының) тұрақты орналасқан жерінен тыс жерде жүзеге асырылатын жағдайда жеткізілуі тиіс.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат тұтынушының назарына жеткізіледі. Тұтынушының тілегі бойынша шет тілінде хабарланған немесе берілген жағдайларды қоспағанда, шет тілінде хабарланған немесе берілген ақпарат берілмеген деп саналады.
25-бап. Тауардың (жұмыстың, қызметтің) қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі сатушының
(дайындаушының, орындаушының) міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды (жұмыс нәтижесін) сақтаудың белгіленген мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде тауардың (жұмыс нәтижесінің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды (жұмыс, қызмет нәтижесін) қауіпсіз пайдаланудың мүмкін болатын тәуекелі туралы және шарттары туралы тұтынушыны хабарландыруға міндетті. Бұл ретте, егер тауарды (жұмыс, қызмет нәтижесін) қауіпсіз пайдалану, тасымалдау немесе кәдеге жарату үшін арнайы ережелерді сақтау қажет болса, онда дайындаушы (орындаушы) оларды тауарға (жұмыс, қызмет нәтижелеріне) қоса берілген құжаттамада, этикеткада немесе тұтынушыға осы ережелермен оған уақтылы танысуға мүмкіндік беретін қолжетімді (мәлім) және түсінікті өзге де жолмен көрсетуге міндетті, ал сатушы (орындаушы) осы ережелерді тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.
3. Сәйкестікті міндетті растауға жататын тауарды, оның ішінде, импорттық тауарды сәйкестікті растайтын сертификаттарсыз немесе техникалық регламенттердің және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі туралы декларациясыз өткізуге жол берілмейді.
4. Егер, тұтынушының тауарды пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге жаратудың белгіленген ережесімен сақтау кезінде ол тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін жағдайда сатушы (дайындаушы) зиянның себебін жойғанға дейін оны шығаруды (өткізуді) тез арада тоқтатуға міндетті. Егер зиянның себебін жою мүмкін болмаған жағдайда сатушы (дайындаушы) өндірістен (өткізуден) мұндай тауарды алуға және тиісті мемлекеттік органдарды уақтылы хабарландыруға, тұтынушыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оның өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған орта үшін мүмкін болатын қауіпсіздік, айналымнан тауарды алып қою және тұтынушыдан қайтарып беру туралы уақтылы хабарландыру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Тұтынушыны оның өмірі, денсаулығы, мүлігі мен қоршаған орта үшін қауіп төндіретін тауарлар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру сатушының (дайындаушының) есебінен жүзеге асырылады.
5. Сатушының (дайындаушының) осы баптың 4-тармағында көзделген міндеттерді орындамауы кезінде тауарды өндірістен алып тастау, оны айналымнан алып тастау және тұтынушыдан қайтарып беру тиісті мемлекеттік органның нұсқамасы бойынша, сондай-ақ, соттың шешімі бойынша жүргізіледі. Тауарды кері қайтарумен байланысты тұтынушыға келтірілген шығындарды сатушы (дайындаушы) толық көлемде өтейді.
26-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауарды
(жұмысты, қызметті) еркін таңдауын қамтамасыз ету
жөніндегі міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға сатушының (дайындаушының, орындаушының) жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушы үшін ыңғайлы уақытта тиісті сападағы тауарды (жұмысты, қызметті) еркін таңдауын қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны тиісті емес сападағы және оған қажет емес ассортименттегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға күштеуге жол берілмейді.
2. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды (жұмысты, қызметті) еркін таңдауда тұтынушыға жәрдем көрсетуге міндетті.
3. Сатушы тауарларды сату кезінде өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген өлшем құралдарын пайдалануы тиіс.
4. Тұтынушы салмағында, санында, ұзындығында және өзге де өлшемдерінде күмән туғызған жағдайда бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен аталған сипаттамаларды дербес тексеру мүмкіндігін беруі тиіс.
5. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы заңнамада көзделген артықшылықтарды немесе шектеулерді қоспағанда тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) таңдау кезінде қандай артықшылықтарды, тікелей немесе жанама шектеулерді белгілеуге жол берілмейді.
27-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тиісті
сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
1. Егер шартта тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасына қойылатын міндетті талаптар көзделсе, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға осы талапқа сәйкес тауарды беруге (жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге) міндетті.
2. Сатушы (орындаушы) тауардың жұмыс қабілеттігін көрсетуге және сапасы тауар (жұмыс, қызмет) туралы ұсынылған ақпаратқа және шарт талаптарына сәйкес келетін тауарды тұтынушыға беруге, сондай-ақ тұтынушының талабы бойынша оған бұл құралдардың жарамдылығын растайтын қолданыстағы сертификаттарымен және (немесе) клеймолардың бедерлерімен бірге ішкі сауда ережелерінде көзделген қажетті бақылау құралдарын, тауардың (жұмыс, қызмет нәтижесінің) сапасы мен қауіпсіздігін, оның жиынтығын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
3. Шартта тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы туралы талаптар болмаған жағдайда сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға белгіленген талаптарға сәйкес келетін және тауардың (жұмыс, қызмет нәтижесі) осы түрі пайдаланылатын мақсаттар үшін жарамды тауарды беруге (жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге) міндетті.
4. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарт жасасу кезінде тұтынушыға тауарды (жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді) сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарласа, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тиісті сападағы тауарды беруге (жұмысты орындауды, қызметті көрсетуді) міндетті.
5. Тауарды үлгі және (немесе) сипаттама бойынша сату кезінде сатушы тұтынушыға тиісті үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес келетін тауарды беруге міндетті.
28-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тиісті
сападағы тауарлармен алмастыруды немесе қайтаруды
қамтамасыз ету жөніндегі міндеті
1. Егер ол пайдалануда болмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық жапсырмалары, сондай-ақ тауарлық немесе бақылау (кассалық) чегі немесе осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген тауарларды қоспағанда, егер тауар сатып алынған күннен бастап сатушы барынша ұзақ мерзім жарияламаса, он төрт күн күнтізбелік күн ішінде тұтынушыға сатылған тауармен бірге берілген тауарды сатып алу фактісін растайтын өзге де дәлел сақталса тиісті сападағы тауармен алмастыруды немесе қайтаруды жүргізеді.
Тауарды сатып алған орын немесе сатушы (дайындаушы) және сатып алушы арасындағы уағдаластық бойынша өзге де орын айырбастау немесе қайтару орны болып табылады.
2. Егер тауарлық немесе бақылау (кассалық) чегі жоғалған немесе қандай да бір себептер бойынша тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды міндетті түрде алмастырады немесе қайтарады.
Егер тұтынушы сатушыға жүгінген кезде соған ұқсас тауар сатуда болмаған жағдайда тұтынушы өң таңдауы бойынша шартты бұзуға және ол үшін төленген ақша сомасын талап етуге не тиісті тауар сатуға бірінші түскен кезінде соған ұқсас тауармен ауыстыруға құқылы.
29-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) тауардың
(жұмыстың, қызметтің) кемшілігі салдарынан
келтірілген шығындарды (зиян) толық көлемде өтеу
жөніндегі міндеттері
1. Сатушыны (дайындаушы, орындаушы) тауардың (жұмыстың, қызметтің) сындарлы, өндірістік, рецептуралық немесе өзге кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге, сонымен қатар талаптар берілген күннен бастап отыз күн ішінде тұтынушыға залалды өтеу бойынша жауап беруі тиіс.
2. Тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшіліктерінен және тауардың (жұмыстың, қызметтің) қауіпсіздік нормаларын бұзудан туындаған зиян, егер ол тауардың белгіленген жарамдылық (қызмет) мерзімінің ішінде, ал егер жарамдылық (қызмет) мерзімі белгіленбесе - тауарды (жұмысты, қызметті) өндірген күннен бастап он жыл ішінде келтірілсе өтелуге жатады.
Тауардың кемшілігі салдарынан келтірілген зиянды жәбірленушінің таңдауы бойынша тауарды сатушы немесе дайындаушы өтеуге тиіс.
жұмыстың немесе қызмет көрсетулердің кемшілігі салдарынан келтірілген зиянды орындаушы өтеуге тиіс.
3. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарларды (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) өндіру үшін қажетті материалдарды, жабдықтарды, аспаптарды және өзге құралдарды пайдаланумен байланысты тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиян үшін ғылыми және техникалық білімдер олардың ерекше қасиеттерін анықтауға мүмкіндік бергеніне немесе бермегеніне қарамастан азаматтық заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) зиян еңсерілмейтін күштердің немесе тұтынушының тауарды (жұмысты, қызметті) пайдалану, сақтау немесе тасымалдаудың белгіленген ережесін бұзу салдарынан келтірілгеніне айғақтар ұсынған кезде жауапкершіліктен босатылады.
30-бап. Дайындаушының (орындаушының) тауардың жарамдылық
мерзімін және сақтау мерзімін (жұмыс нәтижесін)
белгілеу жөніндегі міндеттері
1. Тұтынушылық қасиеті уақыт өте келе нашарлауы мүмкін тамақ
өнімдеріне, парфюмерлік-косметикалық тауарларға, медикаменттерге және өзге осыған ұқсас тауарларға (жұмыстар нәтижелеріне) дайындаушы (орындаушы) Қазақстан Республикасының өнімдердің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жарамдылық мерзімін және (немесе) сақтау мерзімін белгілеуге міндетті.
2. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі белгіленген тауарларды (жұмыстар нәтижелерін) тұтынушыға олар жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тағайындалуы бойынша пайдалана алатындай есеппен беруге міндетті.
3. Тауардың жарамдылық мерзімі тауарды (жұмыс нәтижесін) әзірлеген сәттен бастап есептеледі. Егер әзірлеген сәті мен дайын болу сәті пайдалануға сәйкес келмейтін болса, оның жарамдылық мерзімі пайдалануға дайын болған сәтінен бастап күшіне ене бастайды, бұл туралы тұтынушы хабардар болуы тиіс. Тауарды (жұмыс нәтижесін) белгіленген жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ жарамдылық мерзімі және (немесе) сақтау мерзімі белгіленуі тиіс болған, бірақ белгіленбеген тауарды (жұмыс нәтижесін) сатуға тыйым салынады.
31-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) фискальды
жады бар бақылау (кассалық) аппараты мен кеуде
карточкаларының болу қажеттілігі бойынша
міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) фискальды жады бар бақылау-кассалық аппаратты Қазақстан Республикасының салық заңнамаларында
көзделген тәртіпте және жағдайларда қолдануға міндетті.
Фискальды жады бар бақылау-кассалық машинасы бар орында тұтынушының бақылау (кассалық) чегін алу қажеттілігі мен оның фискальды жады бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда салық органына жүгінуге құқығы бар екендігі туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты орналастырады.
2. Сатушы тауарларды (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) сату жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғада оның аты-жөні көрсетілген және фотосуреті бейнеленген кеуде карточкасының (бейдждің) болуын қамтамасыз етеді.
5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
32-бап. Тұтынушы құқықтарын бұзғаны үшін сатушының
(дайындаушының, орындаушының) азаматтық-құқықтық
жауапкершілігі
1. Тұтынушы құқықтарын бұзғаны үшін сатушы (дайындаушы, орындаушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
2. Тұтынушыға келтірілген шығындар толық көлемде өтеуге жатады.
3. Тұрақсыздық айыбын төлеу және шығындарды өтеу сатушыны (дайындаушыны, орындаушыны) оған тұтынушы алдында жүктелген заттай міндеттемелерді орындау дан босатпайды.
4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) міндеттемелерді орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық еңсерілмейтін күштердің салдарынан, сондай-ақ жауапкершілікті жоққа шығаратын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша болғандығына айғақтар ұсынған кезде міндеттемелерді орындамаушылық немесе тиісінше орындамаушылық үшін жауапкершіліктен босатылады.
33-бап. Сенімсіз немесе толық емес ақпарат үшін
жауапкершілік
1. Егер тауар (жұмыс, қызмет), сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы сенімсіз немесе толық емес ақпарат беру мыналарға:
тұтынушыға қажетті қасиеттері жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға алып келсе, ол шартты бұзуға және оған келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы;
сатып алынған тауарды (жұмысты, қызметті) мақсатына сай пайдалану мүмкін болмаса, тұтынушы тауар сатып алынған (жұмысты орындаған, қызметті көрсеткен) күннен бастап үш күн ішінде тиісінше ақпарат ұсынуды талап етуге құқылы. Егер келісілген мерзімде ақпарат ұсынылмаса, тұтынушы шартты бұзуға және оған келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы;
тұтынушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірсе - ол сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) осы Заңның 35 және 38-баптарында көзделген талаптарды қоюға, сондай-ақ меншік құқығында, не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында не шартта көзделген өзге негіздер бойынша тұтынушының иелігінде тұрған табиғи объектілерге келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
2. Тауар (жұмыс, қызмет) туралы сенімді ақпараттардың болмауы оны тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйғарымы бойынша ұсынғанға дейін мұндай тауарды (жұмысты, қызметті) сатуды тоқтата тұруға әкеледі.
34-бап. Тұтынушылардың құқықтарын кемсітетін шарт
талаптарының жарамсыздығы
1. Осы Заңда және тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өзге де заңнамалық актілерде белгіленген құқықтармен салыстырғанда тұтынушының құқықтарын кемсітетін шарт талаптары жарамсыз деп танылады.
Егер тұтынушының құқықтарын кемсітетін шарт талаптарын қолдану нәтижесінде шығындар пайда болса, онда, егер заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе оларды сатушы (дайындаушы, орындаушы) толық көлемде өтеуі тиіс.
2. Бір тауарларды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) сатып алуды басқа тауарларды (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) міндетті түрде сатып алумен байланыстыруға тыйым салынады.
3. Сатушы (орындаушы) тұтынушыға ақылы негізінде ұсынылатын қосымша қызметтерді тануға құқығы жоқ.
35-бап. Тиісті емес сападағы тауарды сатқан жағдайда
тұтынушының құқықтарын қорғау
1. Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер оның кемшіліктері сатушымен келісілмеген болса, өз таңдауы бойынша мыналарды:
1) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды немесе тұтынушының не үшінші тұлғаның кемшіліктерді түзетуге арналған шығыстарын өтеуді;
2) сатып алу бағасын теңдей азайтуды;
3) тауарға ұқсас марканы (модельді, артикулді) ауыстыруды;
4) дәл осындай тауарға сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа марканы (моделді, артикулді) ауыстыруды;
5) шартты бұзуды және шығындарды өтей отырып, тауарға төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Тұтынушы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген талаптарды таңдаған кезде оның келтірілген шығындарды өтеуге құқығы болады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарды тұтынушы тауарды сатып алған орынға ұсына алады.
Сатушы (дайындаушы), егер тауардың кемшіліктері тауарды тұтынушыға бергеннен кейін олардың тауарды пайдалану немесе сақтау ережесін бұзу салдарынан не үшінші адамдардың іс-қимылынан немесе еңсерілмейтін күштерден туындағанын дәлелдей алмаса, тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға міндетті. Тұтынушыға тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтару кезінде сатушы тауарды толық немесе ішінара пайдалануына, олардың тауарлық түрін жоғалтудан немесе басқа да осындай жағдайларға байланысты тауар құнының төмендеген сомасын ұстап қалуға құқығы жоқ.
3. Тұтынушы олар осы бапта белгіленген мерзімде табылған жағдайда осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарды қоюға құқылы.
Егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса сатып алушы тауар кемшілігін кепілдік мерзімі ішінде тапқан жағдайда тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоюға құқылы.
Егер тауарға кепілдік мерзім немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатып алушы сатылған тауардың кемшіліктерін орынды мерзімде, бірақ, егер шартта барынша ұзақ мерзім белгіленбесе, тауардың сатып алушыға берілген күнінен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптар қоя алады.
Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан аз уақытты құраса және сатып алушы тауардың кемшілігін кепілдік мерзімі өткеннен кейін, бірақ тауардың сатып алушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылса, егер сатып алушы тауар кемшіліктері тауар сатып алушыға берілгенге дейін немесе бұл уақытқа дейін пайда болған себептері бойынша туындағанын дәлелдесе сатып алушы жауапты болады.
Тауардың кепілдік мерзімі, егер шартта өзгеше көзделмесе тауарды тұтынушыға берген сәттен бастап күшіне енеді.
Шартта жинақтаушы бұйымға кепілдік мерзімінің негізгі бұйыммен салыстырғанда ұзақтығы аз мерзімі белгіленген жағдайда, сатып алушы негізгі бұйымға арналған кепілдік мерзімі ішінде оларды тапқан кезде жинақтаушы бұйымның кемшіліктері туралы талаптарды қоюға құқылы.
Егер шартта жинақтаушы бұйымға кепілдік мерзімінің негізгі бұйыммен салыстырғанда ұзақтығы көп мерзімі белгіленген жағдайда, егер жинақтаушы бұйымдағы кемшілік негізгі бұйымға арналған кепілдік мерзімінің өтіп кеткеніне қарамастан оған берілген кепілдік мерзімі ішінде табылса сатып алушы тауардың кемшілігі туралы талапты қоюға міндетті.
Тауарларды үлгілер бойынша, почта бойынша сату кезінде, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасаған сәті мен тауарды тұтынушыға беру сәті дәл келмейтін болса кепілдік мерзімі тауарды тұтынушыға жеткізген күннен бастап, ал егер тауар арнайы қондыруды (қосуды) немесе жинауды қажет ететін болса - орнату (қосу) немесе жинау күнінен бастап есептеледі. Егер тұтынушы сатушыға байланысты міндеттемелер бойынша тауарды пайдалану мүмкіндігінен айырылса, кепілдік мерзім сатушының мұндай міндеттемелерді жойғанға дейін есептелмейді. Егер тауарды жеткізу, қондыру (қосу) немесе жинау, соның салдарынан тұтынушы тауарды мақсаты бойынша пайдалана алмайтын сатушыға байланысты міндеттемелерді жою күнін анықтау мүмкін болмайтын болса, бұл мерзім сатып алу-сату шартын жасаған күннен бастап есептеледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдер тауардың оны тұтынушыға сатқан күнінен бастап есептеледі.
5. Егер тауардың жарамдылық мерзімі ішінде кемшіліктер табылған болса, тауарға жарамдылық мерзімі белгіленген тауарға қатысты сатып алушы тауардың кемшіліктері туралы талаптар қоюға құқылы.
Тауардың жарамдылық мерзімі оның дайындалған күнінен бастап есептеледі.
6. Егер шартта басқа мерзім белгіленбесе, тауардағы табылған кемшіліктерді сатушы (дайындаушы) тиісті талап қойылған сәттен бастап орынды мерзімде жоюы тиіс.
Тауардағы кемшіліктерді жойған жағдайда кепілдік мерзім тауар пайдаланылмаған мерзім ішіндегі уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт тұтынушының талабын орындаған сәтке дейін кемшіліктерді жою туралы талабымен тұтынушының жүгінген күнінен бастап есептеледі.
7. Тұтынушы тауардағы кемшіліктерді тапқан және оларды айырбастау талабын ұсынған жағдайда сатушы (дайындаушы) оны тез айырбастауға міндетті, ал сатушының (дайындаушының) тауар сапасын қосымша тексеруі қажет болған кезде - тиісті талап қойылған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде.
Тауарды айырбастау кезінде кепілдік мерзімі оны тұтынушыға берген күнінен бастап қайта есептеледі.
8. Осы баптың 1, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген тұтынушының талаптарын орындаудың күнін өткізгені үшін мұндай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға әрбір өткізілген күн үшін тауардың (жұмыстың, қызметтің) құнынан бір пайыз мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
9. Кемшіліктері бар тауарды дәл сондай маркалы (модель, артикул) тауарға ауыстырған кезде бағаларды қайта есептеу жүргізілмейді.
Шартты бұзған кезде тауарға арналған баға артқан жағдайда шартты бұзған сәттегі оның бағасына байланысты, ал баға төмендеген жағдайда -тауардың сатып алған сәтіндегі бағасына байланысты тұтынушымен есеп айырысу жүргізіледі.
Кемшіліктері бар тауарды басқа маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстырған кезде, егер ауыстырылуға жататын тауардың бағасы ауыстырылуға ұсынылған тауардың бағасынан төмен болған жағдайда, тұтынушы бағадағы айырмашылықты төлеуі тиіс. Тұтынушы үстемеақы төлеуден бас тартқан жағдайда тараптар шартты бұзады және тұтынушыға сатып алынған тауар бағасы қайтарылады. Ауыстырылуға жататын тауардың бағасы ауыстырылуға ұсынылған тауардың бағасынан жоғары болған жағдайда, бағадағы айырмашылық тұтынушыға төленеді. Көрсетілген есеп айырысуларда ауыстырылуға жататын тауардың бағасы жоғары болған жағдайда оның талап қойылған сәттегі бағасы, баға төмендеген жағдайда - сатып алған сәттегі бағасы қолданылады.
10. Тиісті емес сападағы тауарларды жеткізу сатушының есебінен жүзеге асырылады.
11. Сатып алатын тауарларды төлеу нысаны (қолма-қол немесе аударым тәртібінде) тұтынушы мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасындағы келісім бойынша айқындалады.
6-тарау. Жұмысты орындау (қызметті көрсету)
36-бап. Жұмысты орындауға және қызметті көрсетуге шарт
жасасу
Орындаушы тұтынушымен жұмыстарды орындауға немесе қызметтер көрсетуге шарт жасасуға міндетті, ол өзінің өндірістік немесе өзге шаруашылық қызметін азаматтардың мұқтаждықтарын тиісті түрде және үздіксіз түрде қанағаттандыратындай ұйымдастыруы тиіс. Орындаушы тұтынушыға жұмыстарды орындауға немесе қызметтер көрсетуге шарт жасауға негізсіз бас тарту нәтижесінде келтірген залалды өтеуге міндетті.
37-бап. Жұмысты орындау (қызметтер көрсету) мерзімдері
1. Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгедей көзделмесе, жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) туралы шартта белгіленген мерзімде жұмысты орындауға (қызметтер көрсетуге) міндетті.
2. Жұмысты орындау (қызметтер көрсету) мерзімі жұмыс (қызмет) орындалуы (көрсетілуі) тиіс күнмен (уақыт кезеңімен), сондай-ақ орындаушы оны орындауға (көрсетуге) кірісуі тиіс күнмен (уақыт кезеңімен) айкындалуы тиіс.
Егер жұмыс (қызмет) жартылай бөлініп орындалатын (көрсетілетін) жағдайда шарт қолданысы мерзімі ішінде жұмысты орындаудың (қызметті көрсетудің) жекелеген мерзімдері көзделуі тиіс.
3. Егер орындаушы уақытында жұмысты орындауға (қызметті көрсетуге) уақытында кіріспесе немесе егер орындау (көрсету) кезінде ол мерзімінде орындалмайтыны (көрсетілмейтіні) анық болса, сондай-ақ жұмысты орындау (қызметтер көрсету) мерзімдері өтіп кеткен жағдайда тұтынушы өз қалауы бойынша:
осы уақыт ішінде ол жұмысты орындауға (қызметті көрсетуге) кірісуі және (немесе) оны орындауы (көрсетуі) тиіс жаңа мерзім тағайындауға;
орындаушы есебінен жұмысты орындауды (қызметті көрсетуді) басқа тұлғаға тапсыруға;
жұмыс (қызмет) үшін сыйақыны төмендетуді талап етуге;
шартты бұзуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Осы баптың 3-тармағында белгіленген тұтынушының талаптары, егер орындаушы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мерзімдерінің өтіп кетуі еңсерілмейтін күштің немесе тұтынушының кінәсінен болғандығын дәлелдейтін болса қанағаттандырылуға жатпайды.
4. Оның ішінде орындаушы жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) кірісуі және оны аяқтауы тиіс тұтынушы тағайындаған жаңа мерзімдер шартта немесе тараптар қол қоятын өзге де құжатта көрсетіледі.
Тағайындалған жаңа мерзімдер бір айдан асып кеткен жағдайда тұтынушы осы баптың 3-тармағында белгіленген өзге талаптарды ұсынуға құқылы.
5. Шарт бұзылған жағдайда, егер орындаушы уақытында жұмысты орындауға (қызметтер көрсетуге) кіріспеген немесе оны мерзімінде орындау мүмкін болмайтындай баяу орындайтын (көрсететін) болса орындаушының жұмысты орындау (қызметтер көрсету) процесінде өндірілген өз шығындарын өтеуді, сондай-ақ орындалып қойған жұмысқа (көрсетіліп қойған қызметтерге) ақы талап етуге құқығы жоқ.
38-бап. Жұмысты кемшіліктерімен орындау (қызметтер
көрсету) салдарынан келтірілген зиян үшін
тұтынушының құқықтары
1. Тұтынушы жұмысты орындауда (қызметтер көрсетуде) кемшіліктер тапқан кезде өз таңдауы бойынша:
1) орындалған жұмысты (көрсетілген қызметті) орындауда кемшіліктерді қайтарымсыз жоюды;
2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті азайтуды;
3) осындай сападағы біртектес материалдан жасалған басқа затты қайтарымсыз жасауды немесе жұмысты қайтадан орындауды немесе өзінің немесе үшінші тұлғаның қаражатымен кемшіліктерді түзету бойынша, олар келтірілген шығыстарды өтеуді талап етуге құқылы.
2. Тұтынушы шартты бұзуға және егер белгіленген мерзімде орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді орындаушы жоймаса, залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар жұмысты (қызметтерді) қабылдаған кезде немесе оны орындау (көрсету) кезінде кемшіліктер табылған жағдайда, ал жұмысты (қызметті) қабылдаған кезде немесе оны орындау (көрсету) кезінде кемшіліктер табу мүмкін болмаған жағдайда - кепілдік мерзім ішінде, жасырын кемшіліктер табылған жағдайда - бір жыл ішінде, ғимараттармен және құрылыстармен байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ орындаушы қасақана жасырған кемшіліктерге қатысты жұмыс түріне қарай - жұмыс қабылданған күнінен бастап үш жыл ішінде ұсынылуы тиіс.
4. Жұмыстың (қызметтің) оны орындау барысында табылған кемшіліктері жұмыстың (қызметтің) орындау туралы шартта көзделген мерзімде жойылуы тиіс. Орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) кемшіліктері, егер жұмысты (қызметті) қабылдау кезінде шартпен (тараптар келісімімен) өзге мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған сәттен бастап орынды уақытта жойылуы тиіс.
Тұтынушы тағайындаған немесе тараптармен келісілген кемшіліктерді жою мерзімі шартта не тараптар қол қоятын өзге құжатта тіркеледі.
5. Жұмысты орындауды (қызметті көрсетуді) бастау және аяқтау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ жұмыстың (қызметтің) кемшіліктерін жою мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушы жұмыстың (қызметтің) құнынан бір пайыз мөлшерінде немесе шартта көзделген мерзімін өткізген әрбір күніне тұрақсыздық айыбын төлеуі тиіс.
39-бап. Жұмысты орындауға (қызметі көрсетуге) арналған
смета
1. Шартта көзделген жұмысты орындауға (қызметті көрсетуге) арналған нақты немесе болжамды смета жасалуы мүмкін.
Сметаны жасау, егер бұған тұтынушы немесе орындаушы талап қойса міндетті болады.
2. Орындаушының нақты сметаға қосылмаған жұмысты және қосымша шығыстарды, егер тұтынушы оларды өндіруге келісім бермеген болса немесе орындаушыға осындай жұмыстардың орындалуын тапсырмаған болса төлеуді талап етуге құқығы жоқ.
Егер болжамды сметаны көтеру қажеттілігі туындаған болса орындаушы бұл туралы тұтынушыға дереу ескертуі тиіс. Бұл жағдайда тұтынушы орындаушыға оларға келтірілген орындалған жұмысқа жұмсалған шығыстарды бастапқы айқындалған сметаға сәйкес өтей отырып, шарттан бас тартуға құқылы.
Егер орындаушы тұтынушыны болжамды сметаны көтергендігі туралы ескертпеген болса, ол жұмысты сметадан тыс шығыстарды өтеуді талап етпей орындауға міндетті.
40-бап. Жұмысты орындаушының материалдарынан орындау
1. Орындаушы шартта айқындалған жұмысты, егер тұтынушы жұмысты өз материалынан орындауды талап етпеген болса, өз материалымен және өз құралдарымен орындайды.
Жұмысты өз материалымен орындаған орындаушы оның тиісті сапасы үшін жауапты болады.
Тапсырыс беруші (тұтынушы) материал/шикізат ұсынған кезде орындаушы оны қарауы тиіс және материал/шикізаттың кемшілігі болған немесе жарамсыз болған жағдайда бұл туралы тапсырыс берушіге ескертеді.
2. Орындаушының материалын тұтынушы шартты толық немесе шартта көзделген мөлшерде тұтынушы орындалған жұмысты орындаушыдан алған кезде, егер орындаушының материалы үшін тараптар келісімдерінде есеп айырысудың өзге тәртібі көзделмеген болса түпкілікті есеп айырысу арқылы төлейді.
Шартта көзделген жағдайларда орындаушы материалды кредитке беруі мүмкін. Кредитке берілген материалдың бағасын кейіннен өзгерту қайта есеп айырысуға әкелмейді.
41-бап. Жұмысты тұтынушының материалынан орындау
1. Егер жұмыс тұтынушының материалынан (затынан) толықтай немесе жартылай орындалатын болса орындаушы осы материалдың (заттың) сақталуына, оның дұрыс пайдаланылуына жауапты болады.
2. Орындаушы:
1) тұтынушыға ол берген материалдың (заттың) жарамсыздығы немесе сапасыздығы туралы ескертуге;
2) жұмсалған материал туралы есеп беруге және оның қалдығын қайтаруға міндетті.
3. Орындаушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тұтынушыдан қабылданған материалды жоғалтқаны және зақымдағаны үшін жауап береді.
Орындаушыға берілген материалдың (заттың) құны тұтынушы шартта немесе оны жасағанын дәлелдейтін өзге құжатта (түбіртекте, тапсырыста) айқындалады.
4. Орындаушы, егер тұтынушыға оны жоғалтуға (зақымдалуға) әкелуі мүмкін айрықша қасиеттері туралы орындаушы ескерткен болса тұтынушыдан қабылданған материалды (затты) толық немесе жартылай жоғалтқаны (зақымдағаны) үшін жауапкершіліктен босатылады.
5. Орындаушы тұтынушының нұсқауларын және соңғысына тәуелді өзге де жағдайларды сақтау орындалатын жұмыстың жарамдылық мерзімі мен сапасын өзгертуге әкелетіні туралы тұтынушыға уақытында ескертуге міндетті.
Егер тұтынушы орындаушының уақытындағы және негізді ескертуіне қарамастан мөлшерлес мерзімде жарамсыз немесе сапасыз материалды ауыстырмаса, жұмысты орындау (қызметті көрсету) тәсілі туралы нұсқауларды өзгертпесе не жұмыстың (қызметтер көрсетудің) жарамдылық мерзімін және мықтылығын (сапасын) өзгертуге әкелетін өзге жағдайларды жоймаса орындаушы шартты бұзуға және келтірілген залалдарды қайтарып алуға құқылы.
42-бап. Жұмысты орындағаны (қызметтер көрсеткені) үшін
төлем
Орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) төлемінің нысаны (қолма-қол ақшамен немесе аударым тәртібімен), егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгедей көзделмесе тұтынушы мен орындаушы арасындағы келісім бойынша айқындалады.
Тұтынушы орындаушы орындаған жұмысты (көрсеткен қызметті), егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгедей белгіленбесе, оның барлық көлемін тапсырған төлеуге міндетті.
7-тарау. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері
43-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері
1. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері туралы заңнамасына сәйкес тұтынушылар құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
2. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығына (одағына) ерікті түрде бірігуі мүмкін.
44-бап. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің,
қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтары мен
міндеттері
1. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтары (одақтары) мыналарға:
1) тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік органдар бастамашылық ететін тұтынушылар құқықтарын бұзушылық фактілерін белгілеумен байланысты тексерулерге тәуелсіз сарапшылар ретінде қатысуға;
3) тұтынушылар құқықтарын бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органға жүгінуге, оның ішінде тұтынушылар құқықтарын бұзу фактісі белгіленген жағдайда тиісті мемлекеттік органдардың тарта отырып, тексерулерге бастама білдіруге;
4) тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін, оларға деген сұранысты зерделеуге, шығарылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізуге;
5) шағымдарды қабылдауды жүзеге асыруға;
6) тұтынушылардың шағымдары түскен жағдайда тауарлар мен қызметтердің сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;
7) мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өзге де қоғамдық бірлестіктерде тұтынушылардың мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таныстыруға және қорғауға;
8) сот органдарына тұтынушылардың мүддесі бойынша талап-арыздар ұсынады;
9) тұтынушылардың белгісіз тобы мүдделері үшін сотқа жүгінуге;
10) тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары жөніндегі ақпаратты зерттеуге және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға құқылы;
11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар негізінде тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сондай-ақ жекелеген іс-шараларды іске асыруға құқылы.
2. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтары (одақтары) мыналарға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) өз мүшелеріне олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен және шешімдермен танысуға мүмкіндікті қамтамасыз етуге.
8-тарау. Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік
45-бап. Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін
жауапкершілік
Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте жауапкершілікке әкеледі.
9-тарау. Қорытынды ережелер
46-бап. Қорытынды ережелер
1. Осы Заң 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы" Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы N 640-ХІІ Заңының (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 23, 267-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті