"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы N 453 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "1040200000 (бір миллиард қырық миллион екі жүз мың) теңге" деген сөздер "781190348 (жеті жүз сексен бір миллион бір жүз тоқсан мың үш жүз қырық сегіз) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов