Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 1297 Қаулысы

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Балқаш ЖЭС-ын салу" инвестициялық жобасы бойынша "Балқаш жылу электр станциясы" акционерлік қоғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      1) корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 10 (он) жыл;
      2) мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Об определении сроков действия инвестиционных налоговых преференций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года N 1297

      В соответствии с пунктом 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 января 2003 года "Об инвестициях" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие сроки действия инвестиционных налоговых преференций, предоставляемых акционерному обществу "Балхашская тепловая электрическая станция" по инвестиционному проекту "Строительство Балхашской ТЭС":
      1) по корпоративному подоходному налогу - 10 (десять) лет с момента ввода в эксплуатацию фиксированных активов;
      2) по налогу на имущество - 5 (пять) лет с момента ввода в эксплуатацию фиксированных активов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан                         К. Масимов