Инвестициялар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 29.10.2015 № 375-V Кодексімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейдi, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн айқындайды, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепiлдiк бередi, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жинақтауыштар – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиісті тізбесіне енгізілген құрамдас бөліктер;
      2) жұмыс бағдарламасы – инвестициялық келiсiмшартқа өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын қосымша;
      3) инвестициялар – лизинг шарты жасалған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);
      4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
      4-1) инвестициялық басым жоба – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5) инвестициялық дау – инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау;
      6) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;
      7) инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;
      8) инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөніндегі қызметi;
      8-1) инвестициялық омбудсмен – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам;
      9) инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар;
      10) инвестициялық стратегиялық жоба – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба;
      10-1) инвестициялық субсидия – инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;
      11) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;
      11-1) инвесторлар үшін «бір терезе» – инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда уәкілетті орган тарапынан жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны;
      12) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысумен құрылған заңды тұлға;
      13) мемлекеттiк заттай гранттар – Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетін не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлік;
      14) миноритарлық инвестор – дауыс беретін акциялардың он пайызынан аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он пайызынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвестор;
      15) модельдiк келiсiмшарт – Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгi келiсiмшарт;
      16) технологиялық жабдық – инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бапты 17) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы
             заңдары

      1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Осы Заң:
      мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;
      коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейдi.

      3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      3-1. Инвестордың жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасында реттеледі.

      4. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      3-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi

      1. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.

      2. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар белгiленуi мүмкiн.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

2-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ

      4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлар
             қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi

      1. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.

      2. Инвестордың мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген-зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеткiзуге құқығы бар.

      3. Шарттарға өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
      Бұл кепiлдiктер:

      1) импорттың, өндiрiстiң, акцизделетiн тауарлар өткiзудiң тәртiбi мен талаптарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын күшiне енгiзуге және (немесе) олардың өзгерiстерiне;

      2) ұлттық және экологиялық қауiпсiздiктi, денсаулық сақтау мен имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заң актiлерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.

      5-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi

      Инвесторлар:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн өзiнiң қызметiнен алынған кiрiстердi өз қалауы бойынша пайдалануға;

      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарына сәйкес ұлттық валютамен және (немесе) шетелдiк валютамен банктiк шоттар ашуға құқылы.

      6-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты
              қызметінің жариялылығы және инвесторлардың
              инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты
              ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ресми хабарлары және нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланады.

      2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу туралы, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      7-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторлар қызметiн
             бақылауды жүзеге асыруы

      1. Инвесторлардың қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

      2. Инвесторлардың қызметiн бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау
             кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi

      1. Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн инвестордың мүлкiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншiгiне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген ерекше жағдайларда жол берiледi.

      2. Мемлекет меншiгiне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасы мемлекет меншiгiне алу туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiн шығару салдарынан оған келтiрiлген залалды толық көлемiнде өтейдi.

      3. Инвестордың мүлкiн реквизициялау оған мүлiктiң нарықтық құнын төлей отырып жүзеге асырылады.
      Мүлiктiң нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.

      4. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаға ол сот тәртiбiмен дауласуы мүмкiн.

      5. Реквизициялаудың жүргiзiлуiне байланысты мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүлiктiң қайтарылуын талап етуге құқылы, бiрақ бұл ретте мүлiк құнының төмендеуiнен болған ысырапты ескере отырып, өзi алған өтем сомасын қайтаруға мiндеттi.

      9-бап. Дауларды шешу

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Инвестициялық даулар келiссөздер жолымен, оның iшiнде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсiлген рәсiмiне сәйкес шешiлуi мүмкiн.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес инвестициялық дауларды шешу мүмкiн болмаған жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiм-шарттарымен айқындалатын халықаралық төрелiк соттарда жүргiзiледi.

      3. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

      10-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы

      Егер шет мемлекет немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты берiлген кепiлдiк (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем жүргiзетiн болса және аталған инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет мемлекетке не ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк органға ауысатын болса (талаптар берiлетiн болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың осылай ауысуы (талаптардың берiлуi) инвестор Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгiлi бiр шарттық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады.

3-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ

      11-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты

      1. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.

      2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.05.04. N 48 Заңымен.

      12-бап. Уәкiлеттi орган

      1. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      2. Уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы бар.
      2-1. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2-2. Уәкілетті орган мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз етуде уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвесторларға жәрдемдеседі.
      3. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Ережемен реттеледi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      12-1-бап. Инвестициялық омбудсмен

      1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық омбудсмен:
      1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;
      2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      2. Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      12-2-бап. Инвесторларға мемлекеттік органдармен өзара
                 іс-қимыл жасау кезінде жәрдем көрсету

      Ескерту. 12-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Инвесторлар үшін «бір терезе» жасау және оның жұмыс істеуі үшін уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауға және олардың нәтижелерін инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған арнайы бөлінген орынды ұйымдастырады.
      Бұдан басқа уәкілетті орган инвесторларға немесе олардың өкілдеріне қатысты:
      1) бұрыннан бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қабылдауды және консультация беруді;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен ресімдеуге көмектесуді;
      3) электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық өтініштер мен басқа да құжаттарды ресімдеуге көмектесуді;
      4) осы бапта айқындалған тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде орталық және жергілікті атқарушы органдарда инвесторды қолдауды жүзеге асырады.
      2. Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және онда:
      1) инвесторларды немесе олардың заңды өкілдерін қабылдауды және консультация беруді жүзеге асыру;
      2) мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін инвесторларға немесе олардың заңды өкілдеріне беру;
      3) уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар арасында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
      4) уәкілетті органның инвесторды мемлекеттік органдарда қолдауы;
      5) инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін мониторингілеу тәртібі көзделуге тиіс.
      3. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және уәкілетті органның инвесторды мемлекеттік органдарда қолдауы үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.
      4. Уәкілетті орган инвесторлар үшін «бір терезе» шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар алдында инвестордың өтінішін қарау туралы өтінішхат беруге және инвнсторлардың құжаттарын мемлекеттік органдарға енгізуге құқылы.
      Ескерту. 3-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 362-V Заңымен (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері

      1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:
      1) кедендік баждарды салудан босату;
      2) мемлекеттік заттай гранттар.
      2. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері (бұдан әрі – инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар) беріледі:
      1) салықтар бойынша преференциялар;
      2) инвестициялық субсидия.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      14-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртібі

      1. Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органға инвестициялық преференциялар беруге өтінім және өтінім берушінің осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жібереді.
      2. Инвестициялық преференциялар уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келісімшарт негізінде беріледі.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары

      1. Инвестициялық преференциялар:
      1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
      2) инвестициялық басым жобаға – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына беріледі.
      Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылса;
      2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырса;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.
      2. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру кезінде беріледі.
      Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлері тізбесінің құрамында басым жобалардың тізбесі бекітіледі, ол Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.
      Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне мынадай қызмет түрлері енгізілуге жатпайды:
      1) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
      2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;
      3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетін тауарлар шығару жөніндегі қызмет.
      Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесін қоса алғанда, қызметтің басым түрлерінің тізбесі жылына бір реттен артық қайта қаралмайды.
      3. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымдарын;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге қолданыста болатын, айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге әрекет ететін Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;
      2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі жиырма бес пайыздан аспаса беріледі.
      Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Бес жыл ішінде мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан толық шыққанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
      Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу туралы талапты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері не кепілдіктері ретінде бюджет қаражаты тартылмаса;
      4) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;
      5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидияларды беру көзделетін болса, әрбір инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық субсидиялар беру туралы шешімі қажет болған жағдайда беріледі.
      4. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзімі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді және инвестициялық келісімшартта инвестициялық преференциялардың әрбір түрі бойынша көрсетіледі.
      5. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Заңның 19-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттар ұсынылған кезде беріледі.
      6. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (01.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      16-бап. Инвестициялық салықтық преференциялар

       Ескерту. 16-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17-бап. Кеден баждарын салудан босату

      1. Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
      2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі.
      3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде 5 жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
      Кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тіркелген активтерді пайдалануға енгізген күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі немесе одан көп тіркелген активтерді пайдалануға енгізу көзделетін жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден баждарын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші тіркелген актив пайдалануға енгізілген күннен бастап жүргізіледі.
      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешім туралы хабарламаны уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органына жібереді.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-бап. Мемлекеттiк заттай гранттар

      1. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі тиiстi уәкілетті органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.
      Уәкiлеттi органның шешiмi ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін негiз болып табылады. Уәкiлеттi органның шешiмi инвестор мен уәкілетті орган арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестор инвестициялық міндеттемелерін орындаған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейін қабылданады.

      2. Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық саймандар берiлуi мүмкін.

      3. Мемлекеттiк заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз процентiнен аспайды.
      Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны аталған ең жоғарғы мөлшерден асып түссе, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.
      Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.05.04 N 48, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-1-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаларды іске
                 асыратын заңды тұлғалар (тұлға) үшін Қазақстан
                 Республикасының салық заңнамасында көзделген
                 тәртіппен жер салығына және мүлік салығына
                 жеңілдіктер

      Ескерту. 18-1-бап алып тасталды - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      18-2-бап. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді
                 мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды
                 іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік
                 жеңілдіктер

      Ескерту. 18-2-бап алып тасталды - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      18-3-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген
                 кездегі тұрақтылыққа кепілдік

      1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:
      1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;
      2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.
      2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
      Ескерту. Заң 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      18-4-бап. Салықтар бойынша преференциялар

      1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.
      2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:
      1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;
      2) жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;
      3) мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.
      3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.
      4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
      Ескерту. Заң 18-4-баппен толықтырылды - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      18-5-бап. Инвестициялық субсидия

      1. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға беріледі.
      2. Инвестициялық субсидия қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, растайтын құжаттар негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын іс жүзіндегі шығындардың орнын 30 пайызға дейін толтыру арқылы беріледі.
      3. Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.
      4. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.
      5. Инвестициялық субсидияларды төлеу инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындаған кезде, өндірісті инвестициялық келісімшартта белгіленген толық көлемде пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
      6. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ескерту. Заң 18-5-баппен толықтырылды - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      19-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған
               өтiнiмге қойылатын талаптар

      Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
      2) Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      3) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшiрмесі;
      4) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
      5) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;
      6) алып тасталды - ҚР 12.06.2014 № 209-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      7) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi;
      8) алып тасталды - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған кезде қабылданады және тiркеледi.
      Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, заңды тұлға басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.05.04 N 48, 2010.03.19 № 258-IV, 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған
              өтiнiмдi қарау мерзiмдерi

      1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм уәкiлеттi органның қарауына берiледi, ол осы Заңның 15-бабында белгiленген талаптарға сәйкес өтiнiм тiркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдап, өтiнiм берушiге жазбаша түрде жауап жiбередi.

      2. Инвестициялық преференцияларды беруге жасалған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.05.04. N 48, 2009.02.13. N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      21-бап. Инвестициялық келiсiмшарт жасасу

      1. Уәкiлеттi орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде модельдiк келiсiмшарттың ережелерiн ескере отырып, инвестициялық келiсiмшартты қол қоюға дайындайды.
      2. Инвестициялық келiсiмшартты қол қойылған күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган тiркейдi және ол тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
      Инвестициялық келісімшартты уәкілетті орган тіркеген күн оның жасалған күні болып табылады.
      3. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде тоғыз ай бұрын бітуге тиiс.
      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      21-1-бап. Инвестициялық келiсiмшарт талаптарының сақталуын
                 бақылау

      1. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган мынадай нысандарда:
      1) камералдық бақылау – уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған есептердi зерделеу және талдау негiзiнде жүзеге асыратын бақылау;
      2) инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып, оның iшiнде жұмыс бағдарламасын және инвестициялық келiсiмшарт талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарап жүзеге асырады.
      2. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындар баптары бойынша таратып жазып, инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді жиырма бесінші шілдеден және жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей береді.
      3. Жұмыс бағдарламасына өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша жылына бiр рет енгiзiле алады.
      4. Инвестициялық қызмет объектісіне бара отырып, тексеру:
      1) жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін үш ай қалғанда аяқталатын алты ай кезеңінде;
      2) кедендік баждар салудан босатылатын технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар импорты жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап, жыл сайын жүргізіледі.
      5. Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның өкiлi мен инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғаның басшысы инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасының орындалуының ағымдағы жай-күйі туралы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша актіге қол қояды.
      6. Инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлейдi.
      7. Егер уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, инвестициялық келісімшарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есептей отырып, пайдаланылаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді.
      7-1. Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
      1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
      2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
      3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
      4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.
      8. Инвестициялық келiсiмшарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
      1) тиiстi шаралар қолдану үшiн мемлекеттік кіріс органдарына және қажет болған кезде өзге де мемлекеттiк органдарға;
      2) оларға сәйкес мемлекеттiк заттай грант берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
      9. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы барысында:
      1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктiң нысаналы мақсатын өзгертуге;
      2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктi иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
      10. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау Кеден одағы комиссиясы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 21-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      22-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары

      1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi бiткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
      2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
      1) тараптардың келiсiмi бойынша;
      2) бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
      3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде, уәкілетті орган инвесторға инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуы мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.
      Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.
      Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.
      4. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.
      5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомаларын төлейдi.
      6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
      7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      23-бап. Инвестициялық келiсiмшарттардың тұрақтылығы

      1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келiсiмшарттар негiзiнде берiлген жеңiлдiктер осы инвестициялық келiсiмшарттарда белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн өзiнiң қолданылуын сақтайды.
      2. Осы Заңның 21-1-бабы 2-тармағының, 22-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының салықтар сомаларын төлеу бөлiгiндегi нормалары уәкiлеттi органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша қолданылуын сақтайды.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.20 N 567-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң
              күшi жойылды деп тану туралы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Шетелдiк инвестициялар туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 280-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 11, 143-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 17-18, 218-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат; 2000 ж., N 10, 244-құжат);
      2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi жөнiндегi" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 281-құжат; 1995 ж., N 1-2, 15-құжат);
      3) "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 4, 50-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады