Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 1302 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 564-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесінде:
      11-тармақта "қайта конкурс өткізеді" деген сөздер "комиссия:
      1) конкурсты қайтадан өткізу туралы шешім қабылдайды;
      2) конкурсқа қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім беруші жіберілген жағдайда, онымен Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарттар жасасады. Жасалған Шарттың бағасы бөлінген субсидиялардың сомасынан аспауға тиіс.";
      12-тармақтағы "қайта ашық" деген сөз алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 ноября 2004 года № 1188

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 1302. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 сентября 2015 года № 774

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 11.09.2015 № 774 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 ноября 2004 года № 1188 "Об утверждении Правил субсидирования убытков перевозчика, связанных с осуществлением пассажирских перевозок по социально значимым сообщениям" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 45, ст. 564) следующие изменение и дополнение:
      в Правилах субсидирования убытков перевозчика, связанных с осуществлением пассажирских перевозок по социально значимым сообщениям, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 11 слова "комиссия проводит повторный конкурс" заменить словами "комиссия принимает одно из следующих решений:
      1) о проведении повторного конкурса;
      2) в случае, когда к участию в конкурсе допущен только один потенциальный перевозчик, заключить с ним Договор о субсидировании убытков перевозчика, связанных с осуществлением пассажирских перевозок по социально значимым межобластным сообщениям. Цена заключенного Договора не должна превышать сумму, выделенных субсидий.";
      в пункте 12 слова "повторного открытого" исключить.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов