"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығындағы квоталық лауазымдардың саны, оларды бөлу және құрылымы туралы" Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2008 жылғы 5 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасына бекітілген квотаға сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы хатшылығының Саяси ынтымақтастық басқармасының бастығы лауазымына Сыткин Виктор Андреевичтің кандидатурасын бекітуге ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов