Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2017 № 510 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1348 қаулысымен бекітілген |
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеті
3. Комиссияның негізгі міндеті "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді азайту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Міндеттерді іске асыру мақсатында Комиссия:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жеке тұлғаларды Комиссияның отырысына шақыруға және тыңдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
3) талдау және сараптау жұмыстарын жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту, халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізуге;
4) Қазақстан Республикасы ұйымдарының мамандарын (олардың басшыларымен келісе отырып) талдау, сараптау және басқа да жұмыстарды орындау үшін тартуға;
5) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі басқарады. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссияның жүзеге асыратын қызметі үшін және Комиссия дайындайтын шешімдер үшін дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Комиссия отырыстарының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстардың хаттамаларын ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияның хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді.
9. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
10. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
11. Комиссия отырыстарының өткізілу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
Жұмыс органы Комиссия отырысының хаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
12. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1348 қаулысына қосымша |
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөніндегі комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 126 Қаулысымен.
Әшімов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрғали Сәдуақасұлы ортаны қорғау министрі, төраға
Оразаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Әбілахатұлы шаруашылығы вице-министрі төрағаның
орынбасары
Мұташев - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Сағынбек Хайдарұлы қорғау министрлігі Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің төрағасы,
хатшы
Жараспаев - Қазақстан Республикасының Парламенті
Алияр Арыстанұлы Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Шаекин - Қазақстан Республикасының Парламенті
Рауан Михайлович Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Петров - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович жағдайлар вице-министрі
Жампейісов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Амангелді Сүйімбайұлы басқару агенттігі төрағасының
орынбасары
Сәдуақасов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Нұрқан Олжабайұлы сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитеті төрағасының орынбасары
Былқилов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Мәжит Текешұлы министрлігінің Әкімшілік полиция
комитеті төрағасының орынбасары
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық құқық және
мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау
департаментінің директоры
Тілепбергенова - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Ләйлә Нариманқызы агенттігі Халықаралық ынтымақтастық
департаментінің директоры
Оразаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Тимур Бибітәліұлы министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы департаментінің директоры
Құмарбеков - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Ержан Әлімханұлы министрлігі Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің Арнайы әскерлер бас
басқармасын радиациялық, химиялық
және биологиялық қорғау әскерлері
басқармасының бастығы
Жұбатов - Ұлттық ғарыш республикалық
Жайлаубай Қызылбайұлы "Инфракос-Экос" Қазақстан Республикасы
ғарыш агенттігі "Инфракос" мемлекеттік
кәсіпорны "Инфракос-Экос" еншілес
мемлекеттік кәсіпорнының директоры