Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикалық саясаттың 2009 жылға арналған негізгі бағыттары жөніндегі мәлімдемесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 21 Қаулысы

      Елдің қалың жұртшылығын Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикалық саясаттың 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары туралы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикалық саясаттың 2009 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің       
      2009 жылғы 20 қаңтардағы
      N 21 қаулысымен    
      мақұлданған      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикалық саясаттың 2009 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі

      2008 жылы жаһандық қаржы дағдарысы әлемдік экономиканың өсу қарқынының тежелуіне едәуір әсер етті. Бірқатар елдерде экономикалық рецессия байқалып отыр.
      Әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздық Қазақстанның экономикалық өсу қарқынына ықпал етті. Алдын ала бағалау бойынша, 2008 жылы экономикалық өсу - 3,1%-ды, жұмыссыздық деңгейі шамамен - 7%-ды, инфляция жылдың соңында - 9,5%-ды құрады.
      2009 - 2010 жылдары әлемдік нарықтардағы жағдай күрделене түсуі мүмкін және оның салдары отандық экономика үшін қолайсыз сипатта болады. Әлемдік тауар нарықтарында Қазақстанның негізгі экспорттық ұстанымдарына төмен бағаның сақталуы мүмкін.
      Осындай жағдайларда 2009 жылы экономикалық саясат елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың салдарын жұмсартуға бағытталады.
      Үкімет пен Ұлттық Банк саясатының басты мақсаты әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және макроэкономикалық теңгерімді қолдау, сондай-ақ экономикалық өсім мен іскерлік белсенділікті ынталандыру болады.
      2009 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі бағалау бойынша шамамен 2%-ды құрайды, жұмыссыздық деңгейі 8%-дан аспайды. Инфляция 2009 жылдың соңында 9% деңгейінде болжануда.
      Қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - ҚНРА) Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі - Бірлескен іс-қимыл жоспары) іске асыру көрсетілген мақсаттарға жетудің негізгі құралдарының бірі болады.
      Бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде қаржы секторын тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді, жылжымайтын мүлік нарығын дамыту, экономиканы одан әрі әртараптандыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі міндеттер шешіледі.
      Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚНРА отандық қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және экономиканың нақты секторына кредит беру үшін қажетті жағдай жасайды.
      Үкімет баға құрайтын екінші деңгейдегі банктерді қосымша капиталдандыруды қамтамасыз етеді. Үкіметтің жекелеген екінші деңгейдегі банктер деңгейіндегі тұрақтандырушы шаралары, оның ішінде екінші деңгейдегі банктермен жасасқан меморандумдар шарттарының іске асырылуын көздейтін болады.
      Көрсетілген инфляция деңгейіне қол жеткізу және елдің қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк теңгерімді ақша-кредит саясатын жүргізеді.
      Қысқа мерзімді өтімділікті реттеу және оны бара-бар деңгейде ұстап тұру үшін Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге қайта қаржыландыру қарызын береді, сондай-ақ РЕПО операциялары бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесін одан әрі кеңейту, екінші деңгейдегі банктерге кепілсіз кредиттер беру, екінші деңгейдегі банктерде Ұлттық Банк депозиттерін орналастыру мүмкіндігін қарастырады.
      Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктердің әр түрлі кредиторлар типтері алдындағы міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесін әзірлейді және енгізеді. Бұл ресурстарды банкаралық нарық арқылы қайта бөлуге және қысқа мерзімді құралдар ақша нарығындағы операцияларға қол жеткізуді кеңейтуге ықпал етеді.
      Қысқа мерзімді өтімділіктің және Ұлттық Банк беретін банкаралық міндеттемелер бойынша кепілдіктердің көлемі екінші деңгейдегі банктің меншікті капиталы мөлшерінің 50%-ынан жиынтық түрде аспайтын болады.
      Өз кезегінде ҚНРА отандық қаржы секторын реттеуді күшейтеді. Қаржы ұйымдарының өз капиталының жеткіліктілігін бағалауға ағымдағы тәсілдер жетілдіріледі, қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес проблемалық активтерге арнайы провизияларды қалыптастыру тәртібі қатаңдатылады және қаржы ұйымдарындағы менеджмент тәуекелге қойылатын талаптар күшейтіледі.
      ҚНРА акционерлердің жауапкершілігін арттыру қағидаттарын ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуінің және салымшылардың мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін пысықтайтын болады.
      Ұлттық Банк пен Үкімет экономиканың активтері мен міндеттемелерінің едәуір үлесі шетелдік валютада болғанда және қарыз алушылардың активтер валютасы мен міндеттемелерінің сәйкессіздігіне негізделген жоғары кредиттік тәуекел болған жағдайда қаржы тұрақтылығы көрсеткіштерінің нашарлауын болдырмау үшін төлем теңгерімі мен теңгенің айырбас бағамының жай-күйіне үнемі мониторинг жүргізіп отырады.
      Осыған байланысты Ұлттық Банктің іс-қимылы ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге немесе теңге бағамының шетел валютасына қатысты бақыланатын шекте қалқымалы өзгеруіне бағытталатын болады.
      Тұтастай алғанда, Үкіметтің қызметі экономиканы "сауықтыруға" және орнықты сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағдарланатын болады.
      Тұрақтандыру шараларын іске асырумен қатар қолайлы инвестициялық ахуалды сақтау, бәсекелестікті дамыту және жобаларды экономиканың әлеуетті экспортқа бағдарланған секторларында іске асыру арқылы перспективалы даму үшін негіз қаланатын болады.
      Үкімет ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды бастауды, агроөнеркәсіптік кешенді қарқынды дамытуды және "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасын серпінді іске асыруды қамтамасыз етеді.
      Экономикалық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шаралар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, оның ішінде әкімшілік кедергілерді одан әрі азайтуға бағытталатын болады. Отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларына кең қол жетімділік берілетін болады.
      Жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру үшін Үкімет 2009 жылы үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады және арнайы ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруға кіріседі.
      2009 жылы Үкімет қызметіндегі негізгі басымдық - жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау болады.
      Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өндіріс көлемінің азаюы нәтижесінде уақытша босаған қызметкерлерді ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумдар шеңберінде жұмыспен қамту және босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
      Жұмыс орындарын құру, оның ішінде қоғамдық жұмыстар, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер салу, заңсыз еңбек көші-қонын бақылауды қатаңдату есебінен қосымша ауқымды шаралар кешені көзделеді.
      Барлық әлеуметтік міндеттемелер, оның ішінде Мемлекет басшысының 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде толық көлемде әрі уақтылы қаржыландырылады.
      Салық-бюджет саясатының шаралары экономикаға салық жүктемесін азайту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыруға және мемлекеттік шығыстардың теңгерімді саясатын жүргізуге бағытталатын болады.
      Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру, атап айтқанда 2009 жылы корпорациялық табыс салығының ставкасын 30%-дан 20%-ға дейін, қосылған құн салығын 13%-дан 12%-ға дейін азайту, сондай-ақ салық төлеушілердің шегерімдер жүйесін ырықтандыру кәсіпорындар үшін нарықтардың қолайсыз конъюнктурасын жұмсартуға және олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
      Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, экономикаға мультипликативтік әсер көрсететін жобаларды бірінші кезекте қаржыландыруға және халықтың қажетті жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға бағытталған икемді бюджеттік инвестициялық саясат жүргізілетін болады. Бұл ретте экономикалық ахуал нашарлаған және бюджетке түсетін түсімдер қысқарған жағдайда, кідіріссіз шешуді талап етпейтін шығыстар оңтайландырылатын немесе неғұрлым кеш мерзімге қалдырылатын болады.
      Бюджет тапшылығының, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің мөлшері макроэкономикалық теңгерімділікке қол жеткізу қажеттілігін ескере отырып, қолайлы деңгейде ұсталып тұрады.
      Үкімет "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен бірлесіп, бюджет қаражатының, оның ішінде Бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға бағытталатын қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылауды қатаңдатады.
      Мәлімделген шараларды, оның ішінде Бірлескен іс-қимыл жоспарын тиімді іске асыру үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен ҚНРА елдегі экономикалық ахуалға және әлемдік экономиканың даму үрдістеріне үнемі мониторинг жүргізеді және қажетті түзету шараларын қабылдайтын болады.

О Заявлении Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций об основных направлениях экономической политики на 2009 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 января 2009 года № 21

      В целях информирования широкой общественности страны об экономической политике Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Одобрить прилагаемое Заявление Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций об основных направлениях экономической политики на 2009 год.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Одобрено         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 20 января 2009 года № 21

Заявление
Правительства Республики Казахстан, Национального
Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан
по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых
организаций об основных направлениях экономической политики
на 2009 год

      В 2008 году глобальный финансовый кризис оказал существенное влияние на замедление темпов роста мировой экономики. В ряде стран наблюдается экономическая рецессия.
      Нестабильность на мировых финансовых и товарных рынках отразилась на темпах экономического роста Казахстана. По предварительной оценке, рост экономики в 2008 году составил 3,1 %, уровень безработицы - около 7 %, инфляция на конец года - 9,5 %.
      В 2009-2010 годах ситуация на мировых рынках, вероятнее всего, будет осложняться и последствия для отечественной экономики могут носить негативный характер. На мировых товарных рынках возможно сохранение низких цен на основные экспортные позиции Казахстана.
      В этих условиях экономическая политика в 2009 году будет направлена на смягчение последствий глобального кризиса на социально-экономическую ситуацию в стране.
      Главными целями политики Правительства и Национального Банка будут обеспечение социальной стабильности и поддержка макроэкономической сбалансированности, а также стимулирование экономического роста и деловой активности.
      В 2009 году реальный рост ВВП составит по оценке около 2 %, уровень безработицы не превысит 8 %. Инфляция на конец 2009 года прогнозируется на уровне 9 %.
      Одним из главных инструментов достижения указанных целей станет реализация принятого Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - АФН) по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы (далее - План совместных действий).
      В рамках Плана совместных действий будут решаться задачи по стабилизации финансового сектора, поддержке малого и среднего бизнеса, развитию агропромышленного комплекса, рынка недвижимости, дальнейшей диверсификации экономики, обеспечению занятости и поддержке социально-уязвимых слоев населения.
      Правительство, Национальный Банк и АФН обеспечат стабильное функционирование отечественной финансовой системы и создадут необходимые условия для кредитования реального сектора экономики.
      Правительство обеспечит дополнительную капитализацию системообразующих банков второго уровня. На уровне отдельных банков второго уровня стабилизирующие меры Правительства, в том числе, будут предусматривать реализацию условий меморандумов, заключенных с банками второго уровня.
      В целях достижения указанного уровня инфляции и обеспечения стабильности финансовой системы страны Национальный Банк будет проводить сбалансированную денежно-кредитную политику.
      Для регулирования краткосрочной ликвидности и поддержания ее на адекватном уровне Национальный Банк будет предоставлять займы рефинансирования банкам второго уровня, а также рассмотрит возможность дальнейшего расширения перечня инструментов, принимаемых в качестве обеспечения по операциям РЕПО, предоставления банкам второго уровня беззалоговых кредитов, размещения в банках второго уровня депозитов Национального Банка.
      Национальный Банк разработает и внедрит систему гарантирования обязательств банков второго уровня перед различными типами кредиторов. Это будет способствовать перераспределению ресурсов через межбанковский рынок и расширению доступа к операциям на денежном рынке краткосрочных инструментов.
      Объемы краткосрочной ликвидности и гарантий по межбанковским обязательствам, предоставляемых Национальным Банком, не будут суммарно превышать 50 % от размера собственного капитала банка второго уровня.
      В свою очередь АФН усилит регулирование отечественного финансового сектора. Будут усовершенствованы текущие подходы к оценке достаточности собственного капитала финансовых организаций, ужесточен порядок формирования специальных провизии под проблемные активы в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и усилены требования к риск-менеджменту в финансовых организациях.
      АФН также будут проработаны новые механизмы функционирования накопительной пенсионной системы с учетом принципов повышения ответственности акционеров и обеспечения защиты интересов вкладчиков.
      Национальный Банк и Правительство будут вести постоянный мониторинг состояния платежного баланса и обменного курса тенге во избежание ухудшения показателей финансовой устойчивости в условиях, когда значительная доля активов и обязательств экономики приходится на иностранную валюту и присутствует высокий кредитный риск, обусловленный несоответствием валюты активов и обязательств заемщиков.
      В этой связи действия Национального Банка будут направлены на обеспечение устойчивости национальной валюты или плавное изменение курса тенге по отношению к иностранным валютам в контролируемых пределах.
      В целом деятельность Правительства будет ориентирована на "оздоровление" экономики и обеспечение устойчивого качественного экономического роста.
      Наряду с реализацией стабилизационных мер будут закладываться основы для перспективного развития через сохранение благоприятного инвестиционного климата, развитие конкуренции и реализацию проектов в потенциально экспортоориентированных секторах экономики.
      Правительство обеспечит начало реализации масштабных инфраструктурных проектов, интенсивное развитие агропромышленного комплекса и форсированную реализацию программы "30 корпоративных лидеров Казахстана".
      Меры по стимулированию экономической активности будут направлены на формирование благоприятных условий для развития малого и среднего предпринимательства, в том числе дальнейшее снижение административных барьеров. С целью поддержки отечественных предприятий им будет предоставлен широкий доступ к закупкам государственных органов, государственных холдингов и национальных компаний.
      Для стабилизации рынка недвижимости Правительство в 2009 году продолжит работу по защите прав участников долевого строительства и приступит к реализации специальной программы ипотечного кредитования.
      В 2009 году основным приоритетом в деятельности Правительства будет обеспечение занятости и поддержка социально-уязвимых слоев населения.
      Правительство совместно с местными исполнительными органами продолжит работу по обеспечению занятости работников, временно высвобождающихся в результате снижения объемов производства, в рамках подписанных меморандумов о сотрудничестве с крупными предприятиями и организации профессиональной подготовки и переподготовки высвобождаемых работников.
      Будет предусмотрен широкий комплекс дополнительных мер по созданию рабочих мест, в том числе за счет общественных работ, строительства инфраструктурных и социальных объектов, ужесточения контроля за нелегальной трудовой миграцией.
      Все социальные обязательства, в том числе в рамках реализации поручений Главы государства по увеличению социальных выплат, пенсий и заработной платы работникам бюджетной сферы, предусмотренные в республиканском бюджете на 2009-2011 годы, будут финансироваться в полном объеме и своевременно.
      Меры налогово-бюджетной политики будут направлены на стимулирование экономической активности посредством снижения налоговой нагрузки на экономику и проведение сбалансированной политики государственных расходов.
      Реализация норм нового Налогового кодекса , в частности, снижение в 2009 году ставок корпоративного подоходного налога с 30 % до 20 %, налога на добавленную стоимость с 13 % до 12 %, а также либерализация системы вычетов налогоплательщиков, позволит смягчить для предприятий неблагоприятную конъюнктуру рынков и расширить их инвестиционные возможности.
      С учетом текущей экономической ситуации будет проводиться гибкая бюджетная инвестиционная политика, направленная на первоочередное финансирование проектов, оказывающих мультипликативный эффект на экономику и поддержание уровня необходимой занятости населения. При этом, в случае ухудшения экономической ситуации и сокращения поступлений в бюджет, будут оптимизированы или отложены на более поздний срок расходы, не требующие безотлагательного решения.
      Размеры дефицита бюджета, государственных гарантий и поручительств государства будут поддерживаться на приемлемом уровне с учетом необходимости достижения макроэкономической сбалансированности.
      Правительство совместно с Акционерным обществом "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" ужесточит контроль за эффективным расходованием бюджетных средств, в том числе средств, направляемых на реализацию Плана совместных действий.
      Для эффективной реализации заявленных мер, в том числе Плана совместных действий, Правительство, Национальный Банк и АФН будут проводить постоянный мониторинг экономической ситуации в стране и тенденций развития мировой экономики и принимать необходимые корректирующие меры.