Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1191 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 500-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарлама паспорты" деген 1-бөлімде:
"Қаржыландыру көзі" деген жолда:
"2008 жылға - 1056,786 млн. теңге" деген сөздер "2008 жылға - 933,912 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2009 жылға - 1057,505 млн. теңге" деген сөздер "2009 жылға - 1097,44 млн. теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер" деген жолда "3 бірлігін жаңғыртуға және 9 бірлігін сатып алуға" деген сөздер "8 бірлігін жаңғыртуға және 7 бірлігін сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау" деген 3-бөлімде:
"Мемлекеттік эталондық базаны құру" деген 3.1-кіші бөлімде:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Энергетикада, машина жасауда, құрылыс материалдарын салуда және өндіруде қолданылатын материалдардың жылу өткізгіштігін өлшеуіштер республикада метрологиялық қамтамасыз етілмеген және салыстырып тексеруге шет жаққа шығарылады.";
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Өлшем және Салмақ Халықаралық Бюросының шеңберінде жүргізілетін халықаралық түйінді салыстыруларға қатысу үшін ұзындық бірлігінің мемлекеттік бастапқы эталоны қажет. Сондай-ақ бастапқы эталон ұзындық бірлігінің өзіндік көлемі - метр болуына мүмкіндік береді.";
"Бағдарламаның негізгі бағыттары және іске асыру тетігі" деген 5-бөлімде:
"Мемлекеттік эталондық базаны дамыту және қамтамасыз ету" деген 5.1-кіші бөлімде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік эталондық базаны дамыту үшін эталондар және эталондық жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік эталондарды жаңғырту үшін жабдықтарды сатып алу қажет.";
бесінші абзацта "өлшем құралдарын алу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оларды жете жабдықтау" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:
екінші абзацта "2008 жылға 1056,786 млн. теңгені, 2009 жылға 1057,505 млн. теңгені" деген сөздер "2008 жылға - 933,912 млн. теңгені, 2009 жылға - 1097,44 млн. теңгені" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже" деген 7-бөлімде:
үшінші абзацта "3 бірлігін жаңартуға және 9 бірлігін сатып алуға" деген сөздер "8 бірлігін жаңғыртуға және 7 бірлігін сатып алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
2-бағанда:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының эталондық базасының дамуын қамтамасыз ету:
электрлік кедергі бірлігінің эталонын сатып алу;
Холлдың кванттық әсер ету негізінде электрлік кедергі бірлігінің эталонын сатып алу;
жарық күші бірлігінің эталонын сатып алу;
түстің координаты және түстілік координаты бірлігінің эталонын сатып алу;
1000 мм дейінгі ұзындық эталонын сатып алу;
жылу өткізгіштік бірлігінің эталонын сатып алу;
аэрозольдердің дисперсті параметрлері, ұнтақтар және ұнтақ тәрізді материалдар бірліктерінің және аэродисперсті ортадағы бөлшектердің салмақтық концентрациясы бірлігінің эталонын сатып алу;
ұзындықтың; салмақтың; абсолюттік қысымның; тұрақты ток күшінің; ауыспалы ток күшінің; электрлік сыйымдылықтың; уақыт және жиіліктің; Виккерс шкаласы бойынша қаттылықтың мемлекеттік эталондарын жаңғырту үшін жабдықтарды сатып алу";
реттік нөмірі 2-жолда "өлшем құралдарын алу" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оларды жете жабдықтау" деген сөздермен толықтырылсын;
6-бағанда:
реттік нөмірі 1-жолда "2009 ж. - 410" деген сөздер "2009 ж. - 485" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолда:
"2008 ж. - 198,193" деген сөздер "2008 ж. - 200,323" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2009 ж. - 198,193" деген сөздер "2009 ж. - 284,351" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда "; 2008 ж. - 33,504; 2009 ж. - 33,504" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 4-жолда:
"2008 ж. - 71,694" деген сөздер "2008 ж. - 65" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2009 ж. - 71,694" деген сөздер "2009 ж. - 58" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда:
"2008 ж. - 68,531" деген сөздер "2008 ж. - 45" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2009 ж. - 68,531" деген сөздер "2009 ж. - 21" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда "2009 ж. - 7,183" деген сөздер "2009 ж. - 7,589" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 7-жолда "; 2008 ж. - 60; 2009 ж. - 60" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 8-жолда "2009 ж. - 12,697" деген сөздер "2009 ж. - 13,236" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9-жолда:
"2008 ж. - 195,703" деген сөздер "2008 ж. - 194,428" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2009 ж. - 195,703" деген сөздер "2009 ж. - 228,264" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолда:
"2008 ж. - 1056,786" деген сөздер "2008 ж. - 933,912" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2009 ж. - 1057,505" деген сөздер "2009 ж. - 1097,44" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов