Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесiнiң 26.3-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екi рет, 10 қаңтарға және 10 шiлдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1191 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарлама паспорты
2. Кiрiспе
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
3.1 Мемлекеттiк эталондық базаны құру
3.2 Мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету
3.3 Шет елдердегi жетекшi метрологиялық институттарда оқуды және сынақтан өтудi ұйымдастыру
3.4 Өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттiк орталығын құру
3.5 Салыстырып тексеру зертханаларын құру
3.6 Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргiзу
3.7 Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу және бiлiктi қызметкерлер даярлау
3.8 Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу
3.9 Эталон орталығын ұстау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру тетiгi
5.1 Мемлекеттiк эталондық базаны дамыту және қамтамасыз ету
5.2 Республикаға әкелiнетiн және қолданылатын өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасын анықтау тиiмдiлiгiн арттыру
5.3 Республиканың өлшеу зертханаларының техникалық құзыреттiлiгiн растау
5.4 Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу
5.5 Эталон орталығын ұстау
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
1. Бағдарлама паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн
қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiн
дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006
әзiрлеу үшiн жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен
негiздеме бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы
"Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша
қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру
стратегиясы" атты Қазақстан халқына
Жолдауын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-
2008 жылдарға арналған бағдарламасын
орындаудың желiлiк кестесiнiң
26.3-тармағы;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006
жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының
әлеуметтiк-экономикалық дамуының
2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi
жоспарының 86-тармағы (екiншi кезең);
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006
жылғы 30 маусымдағы N 609 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының
индустриялық инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын
iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға
арналған iс-шаралар жоспарының
7.2-тармағы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Индустрия және
негiзгi әзiрлеушi сауда министрлiгi
Бағдарламаның Қазақстан Республикасы азаматтарының
мақсаты құқықтарын және заңды мүдделерiн және
экономикасын өлшемнiң анық емес
нәтижелерiнен қорғау; сондай-ақ саудадағы
техникалық кедергiлердi халықаралық
деңгейде өлшеу нәтижелерiн мойындауды
қамтамасыз ету жолымен шеттету
Бағдарламаның Экономика салаларының болашақтағы
негiзгi мiндеттерi қажеттiлiктерiн метрологиялық қамтамасыз
етуге арналған Қазақстан Республикасының
шама бiрлiгiнiң ұлттық эталондық
базасының қызметiн дамыту және
қамтамасыз ету;
республикаға әкелiнетiн және
қолданылатын өлшем құралдарының
метрологиялық сипаттамасын анықтау
тиiмдiлiгiн арттыру;
республиканың өлшеу зертханаларының
техникалық құзыреттiлiгiн растау;
метрология саласында қолданбалы ғылыми
зерттеулер жүргiзу;
Эталон орталығын ұстау
Қаржыландыру Республикалық бюджет қаражаты
көзi 2007 жылға - 1056,108 млн. теңге;
2008 жылға - 933,912 млн. теңге;
2009 жылға - 1097,44 млн. теңге
Республикалық бюджеттен қаржыландыру
көлемi тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес
нақтыланады
Бағдарламаны iске Бағдарламаны iске асыру:
асырудан күтiлетiн эталондар және эталондық жабдықтардың
нәтижелер 8 бірлігін жаңғыртуға және 7 бірлігін
сатып алуға;
мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеу және
қызмет көрсетуге;
мамандарды шет елдердiң жетекшi
метрологиялық институттарында оқытуға;
өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттiк
орталығын құруға және дамытуға;
салыстырып тексеру зертханаларын құруға
және дамытуға және салыстырып тексеру
жұмыстарын ұйымдастыруға;
заңды тұлғалардың метрологиялық
қызметтерi арасындағы өлшем құралдарын
салыстырып тексеру және калибрлеу
нәтижелерiне салыстырулар жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының аккредиттеу
жүйесiн халықаралық талаптармен
үйлестiруге;
нормативтi-әдiстемелiк құжаттарды
әзiрлеуге (өлшеудi орындау әдiстемесi,
салыстырып тексеру, өлшем құралдарын
калибрлеу, қателiктi және өлшем
белгiсiздiгiн бағалау, САД және ҰАД
растығы, қоршаған ортаны қорғау, еңбек
қауiпсiздiгi мiндеттерi бойынша, жаңа
энергия жинақтаушы технологияларды
әзiрлеу, эталондарды және эталондық
жабдықтарды жетiлдiру бойынша ұсыныстар);
Эталон орталығындағы барлық технологиялық
жабдықтардың үздiксiз және авариясыз
жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бередi.
Бағдарламаны iске 2007-2009 жылдар
асыру мерзiмi
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.20. N 22 Қаулысымен.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесiнiң 26.3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарының 86-тармағына (екiншi кезең), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 609 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 7.2-тармағына сәйкес әзiрленген.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 наурыздағы N 321 қаулысымен бұрын бекiтiлген Қазақстан Республикасының шамалар бiрлiктерiнiң эталондық базасын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын жалғастырушы болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудегi республиканың ғылыми, техникалық және өнеркәсiптiк қазiргi заманғы және болашақтағы қажеттiлiгiн талдау негiзiндегi Мемлекет Басшысының Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруi бойынша қойған бастапқы және мiндеттерiн қамтамасыз етуде, жоғары дәлдiктi өлшеу техникасын дамытуда осы бағдарламамен халықаралық талаптарға сай қазiргi заман деңгейiнде ұлттық эталондық базаны жетiлдiру және ұстау, салыстырып тексеру және сынақ базаларын құру, халықаралық талаптарға сай зертханааралық салыстыруларды және өлшеу зертханаларын аккредиттеудi ұйымдастыру және бiлiктi мамандарды дайындауды жүргiзу қарастырылады, метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу және Эталон орталығын қамтамасыз ету.
3. Проблеманың қазіргi жай-күйiн талдау
3.1. Мемлекеттiк эталондық базаны құру
"Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң техникалық негiзiн шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталоны құрайды, оны құруды және ұстауды мемлекет iске асырады.
1999 жылдардағы жай-күйi бойынша 1970-1980 жылдарда құрылған және оңтүстiк өңiрде шоғырланған қазiргi уақытта бар мемлекеттiк эталондар моральдық және техникалық тұрғыдан ескiрген және олардың метрологиялық сипаттамалары ел үшiн бастапқы өлшем құралдарына қойылатын талаптарға жауап бермейдi.
1999-2006 жылдарға арналған ұқсас бағдарламаларды iске асыру пайдаланымға жаңа эталондарды енгiзуге, эталондар қатарын жаңғыртуға, өлшенетiн шамалардың ауқымын кеңейтуге, өлшемдердiң дәлдiгiн жоғарылатуға мүмкiндiк бердi.
Экономиканың, сонымен бiрге ғылым және техниканың дамуы қолданылатын өлшем құралдары паркiнiң үнемi жаңарып тұруын ескертедi. Сонымен бiрге жаңару дәлдiктi жоғарылату және өлшеу ауқымын кеңейту жағында жүредi.
Дегенмен, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiне жататын бiрқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмысшы өлшем құралдары тиiстi мемлекеттiк эталондардың болмауына байланысты салыстырып тексеруге республикадан (Ресейге, Украинаға) тысқары әкетiледi.
Бұл жағдай отандық өнiмнiң әлемдiк рынокқа шығуын айтарлықтай дәрежеде тежейдi, республиканың өзiнiң бастапқы эталондарын және жұмысшы өлшем құралдарын салыстырып тексеруге мәжбүр елдерге техникалық және экономикалық тәуелдiлiгiн туғызады.
Әсiресе бұл метрологиялық қамтамасыз етуi тиiстi деңгейде емес отын-энергетикалық кешен, мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп, сондай-ақ машина жасау салалары, тамақ өнеркәсiбi, телекоммуникациялар сияқты экономикалық қарқынды дамушы салаларына қатысты болады.
Машина жасаудың және аспап жасаудың жекелеген түрлерi үшiн металл өңдеуге арналған станоктар, сүйреу стандары, мұнай-газ өндiрушi жабдықтар және басқалары сияқты өнiмдердi ұйымдастыру және шығару оларды әрi қарай дамытудың орындылығына байланысты басымдықты болып табылады. Мұндай өндiрiстердi жүзеге асыру кезiнде геометриялық шамалардың өлшем құралдарының айтарлықтай саны пайдаланылады: сыртқы және iшкi мөлшердi, күрделi жұмысшы тыстардың параметрлерiн, түзу сызықтан және жалпақтықтан ауытқуды өлшеу.
Энергетикада, машина жасауда, құрылыс материалдарын салуда және өндіруде қолданылатын материалдардың жылу өткізгіштігін өлшеуіштер республикада метрологиялық қамтамасыз етілмеген және салыстырып тексеруге шет жаққа шығарылады.
Денсаулық сақтауда, қоршаған ортаны қорғау және мониторингте, көлiкте жүру қауiпсiздiгiнде, технологиялық процестерде жарық түсiрудi, жарықты және жарық ағынын анықтау аспаптары қолданылады, бiрақ, республикада жарық күшi бiрлiгiнен көлем берiлетiн мемлекеттiк эталон жоқ.
Электроникада, электрлiк техникада, теледидарда, тамақ өнеркәсiбiнде, фармацевтикада, пайдалы қазбаларды iздеуде қолданылатын көрiнетiн жарық бөлу спектрофотометрлер, спектральдi коэффициенттердi өлшеуiштер, ақтықты өлшеуiштер де метрологиялық қамтамасыз етiлмеген.
Жұмыс аймағы ауасының жоғары шаң басуы (өлшенген бөлшектердiң жалпы құрамы) және газдалуы халықтың өмiрiн, денсаулығын және мүлiгiн қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне ықпалын тигiзетiн қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторлардың физикалық тобына жатады, оларға өндiрiстегi жарылыстар, әсiресе көмiр өнеркәсiбi, құрылыстар жатады. Атмосфералық аэрозольдер көздерiне (шаң, қатты бөлшектер, өлшенген бөлшектер) табиғи (орман өрттерi, шаң толқындары), өнеркәсiптiк және тұрмыстық факторлар (әсiресе республиканың iрi қалаларындағы өндiрiс қалдықтарын шаңдау кезiндегi және қалдықтар қоймаларын, күл үйiндiлерiн, түрлi тұрмыс қалдықтарының полигондарын қолданудағы өнеркәсiп кәсiпорындарының қалдықтары) жатады. Атмосфераның ластануына көп үлесiн қосатын кәсiпорындарда бақылау аспаптары қолданылады, оларды метрологиялық қамтамасыз ету үшiн аэродисперстiк ортадағы бөлшектердiң салмақтық концентрациясының бiрлiгi және аэрозольдер, өлшенген заттар және ұнтақ түрiндегi материалдардың дисперстiк параметрлер бiрлiгiнiң мемлекеттiк алғашқы эталоны қажет.
Заңға сәйкес мемлекеттiк және жеке есептiк операцияларды iске асыру кезiнде қолданылатын өлшем құралдары мiндеттi салыстырып тексеруге жатады. Материалдық бағалықтарды есептеудегi негiзгi өлшем құралдары салмақ өлшемдерi болып табылады, оларға көлем, ауқымдарды кеңейтуге қажеттi жабдықтауларды жүргiзу үшiн мемлекеттiк екiншi эталондық салмақтан эталондар тiзбегi бойынша берiледi.
Өлшем және Салмақ Халықаралық Бюросының шеңберінде жүргізілетін халықаралық түйінді салыстыруларға қатысу үшін ұзындық бірлігінің мемлекеттік бастапқы эталоны қажет. Сондай-ақ бастапқы эталон ұзындық бірлігінің өзіндік көлемі - метр болуына мүмкіндік береді.
2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Халықаралық Өлшем және Салмақ Бюросының қауымдастырылған мүшесi болды, оның негiзгi қызметi өлшемдердi халықаралық үйлестiрудi iске асыруда негiзгi роль атқаратын халықаралық салыстыруларды жүргiзу болып табылады. Салыстыру нәтижелерi мемлекеттiң өлшеу мүмкiндiктерi бойынша деректер базасы түрiнде Интернет желiсiнде жарияланады. Дұрыс нәтижелер сауда операциялары мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты iске асырудағы шет елдiк серiктестердiң сенiмiн қамтамасыз етедi.
Жоғарыда көрсетiлген жұмыстарды орындау үшiн жеке мемлекеттiк эталон барлық шет елдерде, мысалы, Германияда, Францияда, АҚШ-та, Жапонияда, Кореяда және тағы да басқа елдерде бар, оларды қамтамасыз ету және дамыту мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылады. Осылай РТВ (Германия) метрологиялық институты толығымен мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылады, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау үшiн 130 мемлекеттiк эталондар және 1540 адамнан тұратын қызметкерлер штаты бар.
Ескерту. 3.1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.20. N 22 Қаулысымен.
3.2. Мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету
Эталондар және эталондық жабдықтар өлшем құралдарының жоғары дәлдiктi кешенi болып табылады, оның дәлдiгiне қоршаған ортаның көптеген факторлары әсер етедi (температура салыстырмалы ылғалдылық, атмосфералық қысым, дiрiл, электромагниттiк өpic), сондай-ақ олардың уақыт өзгерiсi. Көрсетiлген факторлар әсерiнiң ерекшелiгi немесе азаюы шама бiрлiгiн сақтаудағы және мемлекеттiк эталондардан көлемдердi берудегi басты мiндеттердiң бiрi болып табылады. Бұл зертханаларға сай шарттарды құруды талап етедi (жылыту, желдету, жарықтандыру).
2006 жылдың аяғына мемлекеттiк эталондар және эталондық жабдықтардың көлемi 74 бiрлiкке жетедi, сақтаушы-ғалымдар - 31 адам. 2004-2006 жылдар аралығында мемлекеттiк эталондардың 40 бiрлiгiнен көбiне салыстырулар (салыстырып тексеру) жүргiзiлдi.
3.3. Шет елдердiң жетекшi метрологиялық институттарында оқуды және сынақтан өтудi ұйымдастыру
Ұлттық эталондардың бар болуы, олардың жеткен өлшем дәлдiк деңгейi елдегi өлшем жүйесiнiң реттелгенi туралы куәландырады, ол өз кезегiнде елiмiздiң халықаралық аренадағы мәртебесiн, оның басқа елдердегi сауда жөнiндегі серiктестер жағынан сенiмiн, мойындауын айқындайды.
Ұлттық эталондардың халықаралық талаптарға сай келуi, елiмiздiң түрлi халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiру шартының бiрi болып табылады.
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiн дамытудың алдыңғы Бағдарламаларына сәйкес жаңа эталондар алынған болатын, оларға қызмет көрсету үшiн мемлекеттiк эталондардың сақтаушы-ғалымдары қазiргi уақытта 1 айға жуық оқудан өтуде. Бұл оқуда негiзiнен теориялық курс өтедi және эталондарда практикалық жұмыс тәжiрибесi бар мамандарға арналған.
Қазақстан Республикасының "Ұлттық метрологиялық институттармен берiлетiн ұлттық өлшеу эталондарын, калибрлеу және өлшеу сертификаттарын өзара мойындау туралы" Келiсiмге қол қоюына байланысты сапалы оқу және сынақтан өту мiндетi анағұрлым маңызды, оның шарттарының бiрi ұлттық эталондардың бiрнеше түйiндi салыстырулар нәтижелерiнiң бар болуы болып табылады, ол ұлттық өлшеу эталондарының баламалы дәрежесiнiң сандық қалыптасуын тудырады және нақты белгiленген әдiстеме бойынша мемлекеттiк эталондарды сақтаушы-ғалымдармен жүргiзiледi.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, эталон дәлдiктерiн бағалау және оларды шет елдердiң халықаралық және ұлттық эталондарымен салыстыру бойынша жұмыстарды жүргiзу үшiн осы процедураларды жүргiзудiң барлық мiндеттерiн игеру қажет.
Сынақтан өту аяқталғанда мемлекеттiк эталондарды сақтаушы-ғалымдар эталондарға талдау жүргiзедi, эталондар белгiсiздiгiн есептейдi, мемлекеттiк эталондардың дәлдiгін жоғарылату ұсыныстарымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебiн құрайды, ол мемлекеттiк эталондарды өлшеу дәлдiгiн жоғарылатуға мyмкiндiк бередi, халықаралық нарықта өлшем нәтижелерiн мойындауды қамтамасыз етедi.
3.4. Өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттiк орталығын құру
Өлшем құралдарының көмегiмен iске асырылатын анық емес өлшемдердің нәтижесiнен азаматтар мен экономиканы қорғау мақсатында типтi бекiту және мемлекеттiк метрологиялық қызметпен метрологиялық аттестаттау мақсаттары үшiн өлшем құралдарына сынақ жүргiзу Заңда көзделген. Типтердi бекiту және метрологиялық аттестаттау мақсаты үшiн сынақтар, сыналатын өлшем құралдарының функционалды мiндетi және қауiпсiздiк талаптарына сәйкес пайдаланудың қалыпты және төтенше жағдайындағы өлшем құралдарының анық сипаттамаларын анықтау үшiн жүргiзiледi.
Қазiргi уақытта физика-химиялық өлшемдер және сұйықтық пен газдар шығындары мен көлемiн өлшеу саласындағы жұмыстар үшiн Қазақстан Республикасына жабдықтардың көп мөлшерi әкелiнуде. Бұлар газ анализаторларының, спектрофотометрлердiң, шығын өлшегiштердiң, рН-метрлердiң, хроматографтардың түрлерi. Сондай-ақ соңғы уақытта кеңiнен таралып келе жатқан ойын автоматтары да әкелiнуде. Бұл жабдықтарды сынау, осындай жұмыстарды жүргiзуге мамандандырылмаған зертханаларда, тапсырыс берушiнiң базасында (дайындаушы және шеттен әкелушi) iске асырылады. Халықаралық талаптарға сәйкес (ИСО/МЭК 17025:2001 басшылығы) сынақтар қажеттi сынау, өлшеу және қосымша жабдықтармен жабдықталған мамандандырылған зертханаларда бiлiктi мамандармен жүргiзiлуi тиіс.
Осындай жолмен, барлық керектi жабдықтармен жабдықталған өлшем құралдарын сынаудың жеке Орталығын құру қажеттiлiгi туындайды.
2006 жылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен климаттық, механикалық және электромагниттiк үйлесiмдiлiкке сынақ жүргiзу үшiн жабдықтар сатып алынып, қойылған. Бiрақ алынған жабдықтар әлемдегi барлық сынақтар тiзiмiн толығымен қамтымайды. Сондықтан осы iс-шара бiрнеше жылға есептелген, осы уақыт iшiнде жетiспейтiн жабдықтар алынып, мамандар оқытылады.
3.5. Салыстырып тексеру зертханаларын құру
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау саласында қолданылатын өлшем құралдары заңға сәйкес мiндеттi түрде салыстырып тексеруге жатады, онда салыстырылып тексерiлетiн өлшем құралдарының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгi расталады және оның бұдан әрi қолдануға жарамдылығы анықталады.
Қазiргi уақытта қоршаған орта жағдайын бақылауда, сауда-коммерциялық операцияларда және сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жеткiзушi, өндiрушi, дайындаушы) арасындағы есепте, оның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету саласында, байланыс қызметiнде азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ медицина және қорғаныс саласындағы жұмыстарда қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша аккредиттелген заңды тұлғалардың көрсететiн қызметiнiң сапасы туралы күрделi мәселе тұр. Сондай-ақ қолданылып жүрген өлшем құралдарының барлығы республикада салыстырылып тексерiлмеген.
Көрсетiлген қызмет саласындағы өлшем нәтижелерiнiң дәлдiгiнiң мемлекет үшiн әлеуметтiк, экономикалық және саяси маңызы бар.
Қазiргi заманғы салыстырып тексерушi және қосымша жабдықтары, жоғары біліктi қызметкерлерi бар салыстырып тексеру зертханаларын құруға көп қаржылық шығындар кетедi, ол коммерциялық кәсiпорындарға тиiмдi емес, көбiне мұндай шығындарға шамалары келмейдi.
Осы iс-шара бойынша бюджеттiк қаржыландыру 2005 жылдан бастап жүргізiледi. Медицина саласында салыстырып тексеру жұмыстарын жүргiзу үшін жабдықтың 5 бiрлiгi, сауда саласында - 11 бiрлiк, қоршаған ортаны қорғау саласында - 4 бiрлiк алынды. Оларды Қазақстан Республикасы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiне енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзілдi. Бiрақ, бұл жоғарыда көрсетiлген iс-әрекет саласында қолданылатын барлық өлшем құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету үшiн жеткiлiксiз.
3.6. Зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргiзу
Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi және калибрлеудi белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды және жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерi iске асырады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу жүргiзудiң сапасын қамтамасыз ету үшiн аккредиттелген салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының (орталықтар) арасында зертханааралық салыстыру жүргiзу қажет.
Салыстыру бақылаудың бiр түрi болып табылады және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсатында республикадағы өлшемнiң тиiстi дәлдiгiн және метрологиялық қызметтердiң техникалық хабардарлығын растау үшiн жүргізіледі.
Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталық зертханалараралық салыстыруларды ұйымдастырады және жүргiзедi, онда "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы (ҚазМетрИн)" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1342 қаулысымен "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "ҚазМетрИн" РМК) белгiленген.
Салыстыруды ұйымдастырушы зертханалараралық салыстыруларды жүргiзуге ғылыми-әдiстемелiк басшылық жүргiзедi, оның iшiнде салыстыру түрлерiн анықтау, салыстыру құралдарын таңдау, салыстыру құралдары сипаттамаларын анықтау, салыстыруды жүргiзу жоспарын әзiрлеу, салыстыру нәтижелерi кестесiнiң жинағын құру, салыстыру нәтижелерiн талдау бар. Салыстыру нәтижелерiн талдау, айырмашылықтар және зертханалар мәселелерiн айқындауға және түзету iс-әрекеттерiн жүргiзудi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Керi нәтижелер зертханалараралық салыстыруларға қатысушының аккредиттеу саласынан сәйкес өлшем түрлерiн алып тастауға әкеп соқтырады. Ал оң нәтижелер зертхана тапсырыс берушiлерiндегі сенiмдi қамтамасыз етедi.
Осы iс-шараны бюджеттiк қаржыландыру 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келедi. Салыстыруларға 22 салыстырып тексерушi және калибрлеушi зертханалар қатысып, өзiнiң құзыреттiлiгiн дәлелдеген. 2006 жылы 28 салыстырып тексерушi және калибрлеушi зертханалар үшiн өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн зертханалараралық салыстырулар ұйымдастырылған.
3.7. Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу және бiлiктi қызметкерлер даярлау
Әлемдiк сауданы және экономиканы глобализациялаудың негiзгi мақсаты саудадағы, өндiрiстегi, қаржыдағы, мамандардағы ұлттық және өңiрлiк кедергiлердi шеттету бойынша шаралар қабылдау қажеттiлiгiн айқындайды, бұл қазiргi кезеңдегi қоғамның басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Бұған 1995 жылы ДСҰ туындауы және ДСҰ шегiндегi саудадағы техникалық кедергiлер (СТК) бойынша келiсiмнiң жасалуы дәлел.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесiн халықаралық жүйелермен үйлестiру және халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеудi және қызметкерлердi дайындауды жүргiзу қажет.
Бүгiнгi таңда халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi мақсаты глобальды өлшем жүйесiн құру болып табылады. Басқа елдердiң салыстырып тексерушi және калибрлеушi зертханаларымен жүргiзiлетiн өлшемдер нәтижесiн өзара мойындау олардың жоғары құзiретiнде және өзара сенiмдiлiгiнде ғана мүмкiн.
Осылай ғана зертханалардың тәуелдiлiгiн және құзiретiн анықтау үшiн сенiмдi қамтамасыз ету тетiгi аккредиттеу болып табылады.
Халықаралық талаптар сәйкестiгiне аккредиттеу өлшеу зертханаларына әлем нарығындағы техникалық кұзыреттiлiк пен өлшемдер нәтижелерiн мойындауды көрсету мүмкiндiгiн туғызады.
3.8. Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу
Қазақстан алдында тұрған ғаламдық мақсаттарға жетудiң мiндеттi шарттары елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiн, ғылымның дамуын және жаңа технологияларды енгiзудi қамтамасыз ету болып табылады.
Заңның 14-бабына сәйкес "ҚазМетрИн" РМК ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi, осыған байланысты 2004 жылы ғылыми ұйым ретiнде аттестатталған.
2004-2006 жылдар кезеңiнде "ҚазМетрИн" PMК стандарттық анықтамалық деректер (бұдан әрi - САД) және ұсынылатын анықтамалық деректер (бұдан әрi - ҰАД) саласында ғылыми жұмыстар жүргiздi. Отандық өнеркәсiптiң және ғылымның САД қажеттiлiк мониторингi жүргiзiлген. Мұнай химиясы, тау iстерi, түрлi-түстi металлургия, еңбек қауiпсiздiгi саласында САД және ҰАД әзiрленген. Жүргiзiлген жұмыстар нәтижесi, 2005 жылы құрылған стандарттық анықтамалық деректердiң мемлекеттiк қызметi (САДМҚ) болып табылады. САД тұтынушылардың, әзiрлеушiлердiң және САДМҚ мамандандырылған ұйымдарының тобы белгiленген.
Сондай-ақ, 2006 жылы эталон мүмкiндiгiн әр жақты оқуға, оның метрологиялық сипаттамасының тұрақтылығына түрлi факторлық әсерлердiң әсерiн зерттеуге мүмкiндiк берген тегiс бұрыш бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталонына ғылыми зерттеулер жүргiзiлдi.
Алынатын және қолданыстағы эталондардың өте жоғары дәлдiгiн қамтамасыз ету үшiн оларды қолданысқа енгiзiп қою ғана жеткiлiксiз. Эталондар сипаттамаларының дәлдiгiне түрлi сыртқы факторлардың әсерiн зерттеу және ғылыми зерттеулер нәтижесi бойынша әлемдiк стандарттар деңгейiнде өте жоғары дәлдiкке жету мақсатында эталондарды жетiлдiрудi жүргiзу қажет.
Алынған эталондық жабдықтарды қолдану мүмкiндiгiн зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу оны қолдану және пайдалану аясын кеңейтуге мүмкiндiк бередi.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары республикада кең орын алатын заттар мен материалдардың қасиетi мен құрамының стандарттық үлгiлерiнiң жаңа типiн құру үшiн қажет. Отандық стандарттық үлгiлердi пайдалану өлшем құралдарына метрологиялық бақылауды қамтамасыз етуге және шет елде шығарылатын стандарттық үлгiлердi қолданысқа енгiзу және алуға тұтынушылардың шығынын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
3.9. Эталон орталығын ұстау
Елбасының тапсырмасын орындау үшiн, Астана қаласында әкiмшiлiк корпусы және эталондарды және эталондық жабдықтарды орналастыру үшiн арнайы мамандандырылған зертханалар кешенi бар Эталон орталығы тұрғызылды және қолданысқа енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiн құру және дамыту Бағдарламаларын iске асыру барысында 1999-2006 жылдар кезеңiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етудiң арнайы шартын талап ететiн бiрден-бiр эталондар және эталондық жабдықтар дайындалды, олар Эталон орталығында қамтамасыз етiлген.
Эталон орталығын бұдан әрi ұстау үшiн оған техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету қажет.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн және экономикасын өлшемнiң анық емес нәтижелерiнен қорғау; сондай-ақ саудадағы техникалық кедергiлердi халықаралық деңгейде өлшеу нәтижелерiн мойындауды қамтамасыз ету жолымен шеттету болып табылады.
Бағдарламаның мiндеттерi:
экономика салаларының болашақтағы мұқтаждықтарын метрологиялық аттестаттау үшiн Қазақстан Республикасының шама бiрлiгiнiң ұлттық эталондық базасының қызметiн дамыту және қамтамасыз ету;
республикаға әкелiнетiн және қолданылатын өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын анықтау тиiмдiлiгiн арттыру;
республиканың өлшеу зертханаларының техникалық құзiреттiлiгiн растау;
метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;
Эталон орталығын ұстау.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және iске асыру тетiгi
5.1. Мемлекеттiк эталондық базаны дамыту және қамтамасыз ету
Мемлекеттік эталондық базаны дамыту үшін эталондар және эталондық жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік эталондарды жаңғырту үшін жабдықтарды сатып алу қажет.
Мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеу және қызмет көрсету үшiн қажет:
мемлекетаралық және халықаралық, сондай-ақ шет елдiк шама бiрлiгiнiң ұлттық эталондарымен салыстыру (салыстырып тексеру) жүргiзу;
сатып алынатын жабдықтарды сақтау және пайдалану шарттарымен қамтамасыз ету;
мемлекеттiк эталондар үшiн шығын материалдарын және қосымша өлшем құралдарын алу, сондай-ақ оларды жете жабдықтау;
мемлекеттiк эталондарға жөндеу және сервистiк қызмет көрсету;
мемлекеттiк эталондарға қызмет көрсетушi қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру.
Халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және мемлекеттiк эталондарға қызмет көрсетушi қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн олардың шет елдердегi жетекшi метрологиялық институттарда алты айдан кем емес оқуын және ұзақ сынақтан өтуiн жүргiзу қажет.
Ескерту. 5.1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.20. N 22 Қаулысымен.
5.2. Республикаға әкелiнетiн және қолданылатын өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасын анықтау тиiмдiлiгiн арттыру
Өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттiк орталығын құру:
сынақтар және метрологиялық аттестаттау жүргiзуге арналған жабдықтар алуды;
Эталон орталығының сынау зертханаларында алынған жабдықты қолданысқа енгiзу және орналастыруды жоспарлайды.
Мемлекет үшiн әлеуметтiк, экономикалық және саяси мәнi бар iс-әрекет саласында қолданылатын және номенклатуралық тiзiлiмге енгiзiлген өлшеу техникасын салыстырып тексерумен қамтамасыз ету мақсатында салыстырып тексеру және қосымша жабдықтар алу жоспарлануда.
5.3. Республиканың өлшеу зертханаларының техникалық құзыреттiлiгiн растау
Өлшем құралдарын калибрлеу және салыстырып тексеру нәтижелерiне зертханалараралық салыстырулар жүргiзу және ұйымдастыру заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi қызметкерлерiн оқытуды, зертханалараралық салыстырмалы салыстырулар нәтижелерiн өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және құруды, анықтамалық-ақпараттық қорды жинақтауды, байланыс және iссапар шығындарын талап етедi.
Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу және бiлiктi мамандарды дайындау үшiн ИСО/МЭК 17025-2001 "Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттiлiгiне қойылатын жалпы талаптар" халықаралық стандарт талабына сәйкес аккредиттеуге және бұдан әрi аккредиттеуге дайындау бойынша қызмет көрсету қажет.
Зертханалардың сәйкес деңгейлерiн қамтамасыз ету мақсатында бiлiктi мамандар, сондай-ақ аккредиттеудiң халықаралық жүйелер мәртебесiн мойындаумен iшкi сарапшы-аудиторлар дайындау көзделеді. Оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды халықаралық үлгiдегi сертификатты берумен қызметкерлердi дайындаудың жетекшi халықаралық орталықтарын тартумен жүргiзу керек.
5.4. Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу
Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу:
қолда бар эталондар мен эталондық жабдықтарды жетiлдiрудi, оларды қолдану саласын кеңейтудi;
стандарттық үлгiлердiң жаңа типтерiн әзiрлеудi;
жаңа стандарттық анықтамалық деректердi әзiрлеудi жоспарлайды.
5.5. Эталон орталығын ұстау
Эталон орталығын ұстау:
Эталон орталығының технологиялық жабдықтарының қамтамасыз етуiн және техникалық қызмет көрсетуiн;
Эталон орталығының телекоммуникациялық қамтамасыз етiлуiн, күзетті, шаруашылық қызмет көрсетуiн;
Эталон орталығын апат, өрт, жарылыс және басқа да қауiп-қатер жағдайларынан сақтандыруды жоспарлайды.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджетте қарастырылған Қазақстан Республикасы өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiн дамытуға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
2007 жылға арналған қаржыландырудың қажеттi көлемi 2008 жылға - 933,912 млн. теңгені, 2009 жылға - 1097,44 млн. теңгені құрайды.
Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес нақтыланады.
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.20. N 22 Қаулысымен.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Эталондық база мемлекет қауiпсiздiгiне (метрологиялық тәуелсiздiкке және жетiстiкке), шикiзаттың, ресурстардың, материалдардың, өнiмдердiң сапасын және санын анық бағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалатын өлшемдердiң дәлдiгiн дұрыс бағалауға кепiлдiк беруi қажет.
Бағдарламаны iске асыру:
халықаралық талаптардың және техникалық аса дамыған елдердiң ұлттық эталондарының дәлдiк деңгейiне сәйкес келетiн эталондар және эталондық жабдықтардың 8 бірлігін жаңғыртуға және 7 бірлігін сатып алуға;
барлық мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеуге және оларға қызмет көрсетуге;
мамандарды шет елдердiң жетекшi метрологиялық институттарында оқытуға;
өлшем құралдарын және жабдықтарды сынау және метрологиялық аттестаттау жүргiзу сапасын қамтамасыз етуге арналған өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттiк орталығын құруға және дамытуға;
салыстырып тексеру зертханаларын құруға және дамытуға және әлеуметтiк, экономикалық және саясаттық мәнi бар iс-әрекет саласында пайдаланылатын өлшем құралдары үшiн салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға;
заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi арасындағы өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiне салыстырулар жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесiн халықаралық талаптармен үйлестiруге;
нормативтiк әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге (өлшеудi орындау әдiстемесi, салыстырып тексеру, өлшем құралдарын калибрлеу, қателiктi және өлшем белгiсiздiгiн бағалау, САД және ҰАД растығы, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi мiндеттерi бойынша, жаңа энергия жинақтаушы технологияларды әзiрлеу, эталондарды және эталондық жабдықтарды жетiлдiру бойынша ұсыныстар);
Эталон орталығындағы барлық технологиялық жабдықтардың үздiксiз және авариясыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.20. N 22 Қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.20. N 22 Қаулысымен.
Р/с № |
Іс-шаралар |
Аяқталу нысаны |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалу мерзімі |
Болжамды шығындар (млн. теңге) |
Қаржы ланды ру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Мемлекеттік эталондық базаның қызметін дамыту және қамтамасыз ету | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1 |
Қазақстан Республикасының эталондық базасының дамуын қамтамасыз ету: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. - 410; |
Республикалық бюджет |
2 |
Мемлекеттік эталондарға сүйемелдеуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. - 198,193; 2008 ж. - 200,323; 2009 ж. - 284,351 |
Республикалық бюджет |
3 |
Мамандарды шет елдердің жетекші метрологиялық институттарында оқытуды және сынақтан өтуді қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. - 33,504; |
Республикалық бюджет |
2. Республикаға әкелінетін және қолданылатын өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамасын анықтау тиімділігін арттыру | ||||||
4 |
Өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттік орталығын дамытуды қамтамасыз ету: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. - 71,694 |
Республикалық бюджет |
5 |
Салыстырып тексеру зертханаларын дамытуды қамтамасыз ету және әлеуметтік, экономикалық және саяси мәні бар салаларда қолданылатын өлшем құралдары үшін салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау); ДСМ; Қоршағанортамині |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. - 68,531 |
Республикалық бюджет |
3. Республиканың өлшеу зертханаларының техникалық құзыреттілігін растау | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
6 |
Салыстырып тексеру нәтижелеріне зертханалараралық салыстырулар және өлшем құралдарына калибрлеу жүргізуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. |
Республикалық бюджет |
7 |
Халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеуді және білікті қызметкерлер даярлауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. - 60 |
Республикалық бюджет |
4. Метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу | ||||||
8 |
Метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. |
Республикалық бюджет |
5. Эталон орталығын ұстау | ||||||
9 |
Эталон орталығын ұстау: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
жыл сайын 10 қаңтар және 10 шілде |
2007 ж. |
Республикалық бюджет |
Жиыны: |
2007 ж. - |
Республикалық бюджет |
Ескертпе:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі;
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі;
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі.