Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2009.02.27. N 225 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдарындағы диффамация мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдарындағы диффамация мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
1-бап
. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне
(Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20, 21-құжаттар; N 4, 28-құжат; N 16, 131-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 153-құжат; 2008 ж., N 2, 52-құжат; N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 13 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне
(Жалпы бөлім) өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
143-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Азамат өзінің жеке өміріне қол сұғатын және ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін қорлау түріндегі мәліметтерді таратумен келтірілген моральдық зиянның, залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Азамат шындыққа сай келмейтін және өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығара отырып, мұндай мәліметтерді таратумен келтірілген моральдық зиянның, залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Оған қатысты шындыққа сай келмейтін және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратылған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға (лауазымды тұлға) мұндай мәліметтерді теріске шығара отырып, олардың таратылуымен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.".
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне
(Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат; 2007 ж., N 3, 21-құжат; N 4, 28-құжат; N 5-6, 37-құжат; N 8, 52-құжат; N 9, 67-құжат; N 12, 88-құжат; 2008 жылғы 10 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
және 2008 жылғы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
951-бапта:
1-тармақта "және заңды" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасында ", қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне" деген сөздер "және қадір-қасиетіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; N 17-18, N 72-құжат; 2008 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; 2008 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
):
1) 129-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында ", не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"үш жүз айлық есептік көрсеткіштен жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жыл мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады;";
2) 130-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
3) 319-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында "бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не сол мерзімге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға" деген сөздер "бір жыл мерзімге түзеу жұмыстарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
4) 320-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында "бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не сол мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға" деген сөздер "бір жыл мерзімге түзеу жұмыстарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
5) 343-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында "бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бір жыл мерзімге түзеу жұмыстарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында "екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға" деген сөздер "бір жыл мерзімге түзеу жұмыстарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бес жүз айлық есептік көрсеткіштен сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.".
4. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 12, 72-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 10, 69-құжат; N 13, 99-құжат):
192-баптың екінші бөлігінде "320 (екінші бөлігінде)" деген сөздер алынып тасталсын.
2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті