Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 113-IV Заңы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат; 2008 ж., N 12, 48-құжат; N 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 196-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "196-бап. Монополистік қызмет

      1. Нарық субъектілерінің монополиялық жоғары (төмен) немесе келісілген бағаларды белгілеуі және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайта сатуға аумақтық белгісі, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгілеуі, тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе сатып алыну көлемі, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуі, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге бағытталған өзге де әрекеттер, егер олар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не нарық субъектісінің ірі мөлшерде табыс табуымен ұштасқан болса, -
      айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Бірнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған нақ сол әрекеттер, -
      айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып немесе бүлдіріп не оның мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытып жасалған, қорқытып алу белгілері жоқ әрекеттер -
      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      Ескерту. Осы баптағы ірі мөлшердегі табыс деп сомасы жүз мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс танылады.";

      2) 197-бапта :
      тақырыптағы "мен аукциондарды", "әдейі" деген сөздер тиісінше ", аукциондар мен конкурстар", "қасақана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші бөліктегі "немесе аукциондар", "өрескел", "немесе аукциондарды" деген сөздер тиісінше ", аукциондар немесе конкурстар", "қасақана", ", аукциондарды немесе конкурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат):

      1) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "147-бап. Монополистік қызмет

      1. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімдері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы заңнамалық актісінде тыйым салынған өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалануы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп немесе онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      монополистік қызметті бір жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысы тәркіленіп, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Бәсекелестікке қарсы келісім немесе бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер түріндегі әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған нарық субъектісін судья, жиынтығында мынадай:
      1) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы монополияға қарсы органға мәлімдеген кезде монополияға қарсы орган басқа көздерден осы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған;
      2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе келісілген іс-әрекеттерге өзінің қатысуын тоқтату жөнінде жедел шаралар қабылдаған;
      3) нарық субъектісі мәлімдеу кезінен бастап бүкіл тергеу бойында бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттердің фактілері туралы толық ақпаратты хабарлаған;
      4) нарық субъектісінің бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттерді жасау салдарынан тұтынушыларға келтірілген залалдарды ерікті түрде өтеу шарттары сақталған кезде монополиялық табысын тәркілеуден босатуы мүмкін.";

      2) 147-3-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі "шешімдерін", "Шешімді (нұсқаманы)" деген сөздер тиісінше "нұсқамаларын", "Нұсқаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 147-4-бапта :
      екінші бөліктің екінші абзацындағы "бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі" деген сөздер "бір мыңнан бір мың бес жүзге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 541-баптың бірінші бөлігі "145," деген цифрлардан кейін "147," деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) 565-баптың бірінші бөлігіндегі "147," деген цифрлар алып тасталсын;

      6) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы елу екінші абзацпен толықтырылсын:
       "монополияға қарсы органның (147-бап);".

      3. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж.,  N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж.,  N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 15, 95-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; 2008 ж., N 12, 52-құжат):

      1) 6-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімі бойынша құрылған, олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін табыс етеді. Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.";

      2) 14-баптың бесінші бөлігінде:
      "(монополиялық)" деген сөз "немесе монополиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "нарық субъектілерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат; 2006 ж., N 12, 71-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 4, 33-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 143-құжат; N 19, 148-құжат):
       4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.".

      5. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 18, 142-құжат):

      1) 21-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Егер тіркелуге берілген өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер бар болса, онда өтініш беруші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін табыс етеді.";

      2) 22-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Егер сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетсе, онда өтініш беруші мұндай мәліметтерді тіркелуге берілген өтініште көрсетеді.";

      3) 25-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "2 және 3" деген сөздер "2, 3 және 3-1" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының                      Н. Назарбаев
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады