"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Занының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 70 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 Қ. Мәсімов

жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат; 2001 ж., N 10, 121-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 15, 131-құжат; 2007 ж., N 10, 69-құжат; N 17, 139-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде және 2008 жылғы 2 желтоқсанда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
      1) 28-бапта:
      бірінші бөліктегі "он" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі "оныншы" деген сөз "жетінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 29-баптың бірінші бөлігінде:
      "сегіз және тоғыз" деген сөздер "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "сегізінші" деген сөз "алтыншы" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2005 ж., N 12, 44-құжат; 2007 ж., N 24, 178-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақшаның төртінші абзацындағы "(бұдан әрі - балаларға арналған жәрдемақы") деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедек балаға арналған жәрдемақы)";
      2) тармақшадағы "және бала күтімі жөніндегі" деген сөздер ", бала күтімі жөніндегі және мүгедек балаға берілетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "жәрдемақы" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мүгедек балаға арналған жәрдемақы";
      3) 5-бапта:
      1-тармақтағы "жүзеге асыруға болады" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақша "не тууы туралы акті жазбасының көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(балаларға арналған жәрдемақы үшін)" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедек балаға арналған жәрдемақы үшін)";
      4) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
      "9-1-бап. Мүгедек балаға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу
      1. Мүгедек балаға арналған жәрдемақы өтініш берген күннен бастап мүгедектіктің барлық кезеңіне тағайындалады.
      2. Отбасында екі және одан да көп мүгедек бала тұрған жағдайда жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
      3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алған мүгедек балалары бар отбасыларға мүгедек балаға арналған жәрдемақы асырап алу туралы шешім қабылданған немесе қорғаншылық (қамқорлық) белгіленген күннен бастап тағайындалады.
      4. Мүгедек балаға арналған жәрдемақы Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда, ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтары шектелген ата-аналарға, оларға қатысты асырап алу заңсыз деп танылған немесе күшін жойған асырап алушыларға, өздерінің міндеттерін атқарудан босатылған немесе шеттетілген қорғаншыларға (қамқоршыларға) тағайындалмайды.";
      5) 10-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
      бірінші, екінші, үшінші балаға - 30 айлық есептік көрсеткіш;
      төртінші және одан кейінгі балаларға - 50 айлық есептік көрсеткіш;";
      2) тармақшада:
      екінші абзацтағы "5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "5,5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "5,5" деген сандар "6,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "6 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздер "7,5 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "6,5" деген сандар "8,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "мөлшерінде" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мүгедек балаға арналған жәрдемақы - 1,0 ең төменгі жалақы мөлшерінде";
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "1), 2), 3) тармақшаларда көрсетілген жәрдемақылар айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал 4) тармақшадағы жәрдемақы - тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін жалақының ең төменгі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.";
      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "және балалар жәрдемақысының" деген сөздер ", балалар жәрдемақысының және мүгедек балаға арналған жәрдемақының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 11-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы және 3-тармағындағы "3)" деген саннан кейін ",4)" деген санмен толықтырылсын.

       2-бап . Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной поддержки отдельных категорий граждан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 января 2009 года № 70

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной поддержки отдельных категорий граждан".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

проект     

Закон Республики Казахстан

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам социальной поддержки
отдельных категорий граждан

       Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Закон Республики Казахстан от 12 декабря 1995 г. "О государственных наградах Республики Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 23, ст. 143; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 18, ст. 366; 1997 г., № 7, ст. 79; № 12, ст. 184; 1999 г., № 8, ст. 247; № 21, ст. 782; 2001 г., № 10, ст. 121; 2002 г., № 15, ст. 147; 2003 г., № 15, ст. 131; 2007 г., № 10, ст. 69; № 17, ст. 139; № 20, ст. 152; Закон Республики Казахстан от 1 декабря 2008 года "О внесении изменения и дополнений в Закон Республики Казахстан "О государственных наградах Республики Казахстан", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 1 декабря 2008 г. и "Казахстанская правда" 2 декабря 2008 г.):
      1) в статье 28:
      в части первой слово "десять" заменить словом "семь";
      в части второй слово "десятым" заменить словом "седьмым";
      2) в части первой статьи 29:
      слова "восемь и девять" заменить словом "шестерых";
      слово "восьмым" заменить словом "шестым".
      2. В Закон Республики Казахстан от 28 июня 2005 г. "О государственных пособиях семьям, имеющим детей" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., № 12, ст. 44; 2007 г., № 24, ст. 178):
      1) в статье 1:
      подпункт 1) дополнить абзацем следующего содержания:
      "ежемесячного государственного пособия, назначаемого и выплачиваемого матери или отцу, усыновителю (удочерителю), опекуну (попечителю), воспитывающему ребенка-инвалида (детей-инвалидов) (далее - пособие на ребенка-инвалида);";
      в подпункте 2) слова "и по уходу" заменить словами ", по уходу и на ребенка-инвалида";
      2) пункт 1 статьи 4 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) пособия на ребенка-инвалида.";
      3) в статье 5:
      в пункте 1 слова "может осуществляться" заменить словом "осуществляется";
      в пункте 2:
      подпункт 2) дополнить словами "либо копии записи акта о рождении";
      дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) копии справки об инвалидности ребенка (для пособия на ребенка-инвалида).";
      4) дополнить статьей 9-1 следующего содержания:
      "Статья 9-1. Назначение и выплата пособия на ребенка-инвалида
      1. Пособие на ребенка-инвалида назначается со дня обращения на весь период инвалидности.
      2. В случае проживания в семье двух и более детей-инвалидов, пособие назначается и выплачивается на каждого ребенка-инвалида.
      3. Пособие на ребенка-инвалида семьям, имеющим усыновленных (удочеренных), а также взятых под опеку (попечительство) детей-инвалидов, назначается со дня принятия решения об усыновлении (удочерении) или установления опеки (попечительства).
      4. Пособие на ребенка-инвалида не назначается родителям, лишенным или ограниченным в родительских правах, усыновителям (удочерителям), в отношении которых усыновление (удочерение) признано недействительным или отменено, опекунам (попечителям), освобожденным или отстраненным от исполнения ими своих обязанностей в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан о браке и семье.";
      5) в статье 10:
      в пункте 1:
      в части первой:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      "1) пособие на рождение:
      первого, второго, третьего ребенка - 30 месячных расчетных показателей;
      четвертого и более ребенка - 50 месячных расчетных показателей;";
      в подпункте 2):
      в абзаце втором слова "5 месячных расчетных показателей" заменить словами "5,5 месячного расчетного показателя";
      в абзаце третьем цифры "5,5" заменить цифрами "6,5";
      в абзаце четвертом слова "6 месячных расчетных показателей" заменить словами "7,5 месячного расчетного показателя";
      в абзаце пятом цифры "6,5" заменить цифрами "8,5";
      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) пособие на ребенка-инвалида - 1,0 минимального размера заработной платы.";
      часть вторую изложить в следующей редакции:
      "Пособия, указанные в подпунктах 1), 2), 3), выплачиваются с учетом изменения размера месячного расчетного показателя, а в подпункте 4) - с учетом изменения минимального размера заработной платы, утверждаемых в законе о республиканском бюджете на соответствующий финансовый период.";
      в части второй пункта 2 слова "и пособия на детей" заменить словами ", пособия на детей и пособия на ребенка-инвалида";
      6) в абзаце первом пункта 1 и в пункте 3 статьи 11 после цифры "3)" дополнить цифрой ",4)".

       Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2010 года.

       Президент
      Республики Казахстан