Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 87 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.02.25 № 123 (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі және "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін.
      2. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 41 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 1, 20-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің     
      2009 жылғы 30 қаңтардағы
      N 87 қаулысымен   
      бекітілген     

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі
егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар
май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2009 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 084 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша көзделген қаражат шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жанар-жағар май материалдарын, тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алуға субсидиялар төлеу тәртібін белгілейді.
      2. Субсидиялар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - ауылшартауарын өндірушілер) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті, жанар-жағар май материалдарын, тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алуға байланысты шығындарды ішінара өтеуге арналады. Субсидиялаудың көрсеткіштері Облыстардың, Астана қаласының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімде көрсетіледі.
      3. Ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар төлеу осы Ережеге 1-қосымшада айқындалған әр облыс үшін ауыл шаруашылығының басым дақылдарына Министрлік бекіткен 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес жылына бір рет жүзеге асырылады.
      Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының түрлері бойынша 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшері барлық облыстар және Астана қаласы үшін бірыңғай болып табылады. Дәнді дақылдарды (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) өндіру кезінде 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшері қолданылатын технологияға (дәстүрлі және/немесе құрамында глифосат бар гербицид қолданылған ылғалресурсүнемдеуші) байланысты болады.
      4. Облыстар және Астана қаласы бойынша субсидиялар көлемі субсидиялар мөлшеріне және ауыл шаруашылығы басым дақылдарының егіс көлеміне сәйкес қалыптасқан Министрлік ұсынған сома негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.

2. Субсидиялар төлеу тәртібі

      5. Министрлік бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстар мен Астана қаласы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес 2009 жылға арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына және Облыстардың, Астана қаласының әкімдері мен Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне аударады.
      6. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері Министрлік бекіткен 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес облыстық бюджеттерді және Астана қаласының бюджетін мәслихаттар бекіткеннен кейін екі апта мерзімде облыстар және Астана қаласы бойынша бекітілген көлем шегінде аудандар бойынша субсидиялар көлемін бекітеді.
      7. Ауылшартауарын өндірушілердің субсидиялар алуға арналған тізімін айқындау үшін әрбір ауданда аудан әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, аудандық салық комитетінің, статистика басқармасының, Министрліктің аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың және/немесе кәсіпкерлік бірлестіктерінің қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады. Бұл ретте аудандар мен Астана қаласының әкімдері ВАК-тың жұмысын "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қамтамасыз етеді.
      8. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ал Астана қаласында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.
      9. ВАК-тың жұмыс органы ауылшартауарын өндірушілерден құжаттар қабылдау мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
      Ауылшартауарын өндірушілер жұмыс органы белгілеген мерзімде ВАК-қа осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес бойынша субсидиялар алуға өтінімді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      салық органы берген клиентті салық есебіне қойғандығын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      статистикалық картаның көшірмесі;
      банктің нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы анықтамасы.
      Дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) өндірумен шұғылданатын ауылшартауарын өндірушілер құрамында глифосат бар гербицид қолданылған ылғалресурсүнемдеуші технология бойынша субсидиялар алу үшін қосымша:
      құрамында глифосат бар гербицид сатып алғандығын растайтын құжаттардың (құрамында глифосат бар гербицидті жеткізу шарты, төлем құжаттары, тауар-көлік жүкқұжаты) көшірмелерін;
      ауыл шаруашылығы құрылымы басшысының қолы қойылған құрамында глифосат бар гербицидті себу есебін ұсынады.
      10. ВАК-тың жұмыс органы ұсынылған құжаттарды жинауды жүзеге асырады және оларды ВАК-тың қарауына ұсынады. Құжаттарды қарап болған соң ВАК ауыл шаруашылығының басым дақылдары бойынша егіс алаңдарын көрсете отырып, ауылшартауарын өндірушілердің субсидиялар алуға арналған алдын ала тізімін қалыптастырады. Ауылшартауарын өндірушіге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама беріледі.
      11. Субсидиялар алу үшін ауылшартауарын өндірушілер жаздық дақылдар бойынша көктемгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде алдыңғы жылдың күздік дақылдары бойынша нақты өскін бойынша, көпжылдық екпелер бойынша олардың нақты алаңдары бойынша ВАК-қа ауыл шаруашылығы басым дақылдарының өскіндерін (екпелерін) қабылдауға өтініш ұсынады.
      12. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының түрлері бойынша Министрліктің ғылыми-өндірістік орталықтарының ұсынымдары негізінде ауданның (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органы айқындайды. Оңтайлы мерзімдерді бұзып егілген басым дақылдар алаңы субсидиялауға жатпайды.
      13. ВАК ауылшартауарын өндірушілерден өтініш түскеннен кейін екі апта мерзімде көпжылдық жеміс-жидек дақылдарын және жүзім екпелерін отырғызу мен өсіруді субсидиялау жөніндегі тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы бөлінген және 2009 жылы көзделген бюджет қаражаты есебінен отырғызылған көпжылдық екпелерді егуді қоспағанда, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылғы күздік дақылдар мен көпжылдық екпелер егісін қоса алғанда, егістікті қабылдау актісін (бұдан әрі - қабылдау актісі) жасап, егістікті қабылдауды жүргізеді. Қабылдау актісі екі данада жасалады, оның біреуі ауылшартауарын өндірушіде қалады.
      14. ВАК қабылдау актісінің және ауылшартауарын өндірушілер жұмыс органына ұсынған құжаттардың негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарын өндірушілердің субсидиялар алуға арналған түпкілікті тізімін (бұдан әрі - тізім) жасайды және оны аудан әкіміне, ал Астана қаласы бойынша қала әкіміне бекітуге жібереді.
      Осы тізімге енгізуден бас тартылған жағдайда жұмыс органы ауылшартауарын өндірушіге бас тарту себебі көрсетілген тиісті анықтама береді.
      15. Аудан және Астана қаласы әкімі екі жұмыс күні ішінде тізімді бекітеді.
      16. Аудандық әкімдіктердің ауыл шаруашылығы бөлімдері үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдері бекіткен тізімді, қабылдау актілерінің көшірмелерін, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағына сәйкес құжаттарды облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне (облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына) ұсынады.
      17. Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар төлеуге ведомость және төлем шоттарын қалыптастырады.
      Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері төлем жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін облыстың және Астана қаласының бюджеттік бағдарлама әкімшісі жауапты болады.
      18. Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері (облыстың, Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасы) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы есеп береді.
      19. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде субсидиялардың көлемі мен сомасын, сондай-ақ бекітілген субсидиялау көлемі игерілмеген жағдайда игермеуге әкеп соққан себептерді көрсете отырып, Министрлікке облыстар және Астана қаласы бойынша ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемі туралы алдын ала мәліметтер береді. Ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемі туралы түпкілікті мәліметтер ағымдағы жылдың 20 тамызына дейінгі мерзімде беріледі.
      20. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстардың әкімдері оларды осы Ережеге сәйкес облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде қайта бөлуі мүмкін.
      21. Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
      22. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері субсидиялар төленгеннен кейін бес күн мерзімде Министрлікке қайта бөлінген сомалар есебінен облыстар және Астана қаласы бойынша ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялар көлемі туралы мәлімет береді.
      23. Министрлік төменде тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде аудармағандығы және ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануда нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жетпегендігі үшін жауапты болады.
      24. Облыстардың, Астана қаласының әкімдері және тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді жасалған нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес пайдаланбағандығы, тікелей және соңғы нәтижелерге жетпегендігі үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және соңғы нәтижелер туралы есеп бермегендігі үшін жауапты болады.

                                                 Ережеге 1-қосымша

           Республикалық бюджеттен субсидияланатын
          ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесі

Р/с N

Облыстардың атауы

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

1

2

3

1.

Ақмола

жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
дәнді бұршақты дақылдар
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

2.

Ақтөбе

күздік бидай
жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы тары
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

3.

Алматы

күздік бидай
арпа
дәндік жүгері
күріш
майлы дақылдар
қант қызылшасы
картоп
көкөніс және бақша
өнімдері
жеміс-жидектер
жүзім
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

4.

Атырау

жаздық бидай
арпа
тары
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жеміс-жидектер
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

5.

Шығыс Қазақстан

күздік бидай
жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
тары
дәнді бұршақты дақылдар
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

6.

Жамбыл

күздік бидай
арпа
дәндік жүгері
майлы дақылдар
қант қызылшасы
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жеміс-жидектер
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

7.

Батыс Қазақстан

күздік бидай
жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
тары
дәнді бұршақты дақылдар
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

8.

Қарағанды

жаздық бидай
арпа
сұлы
дәнді бұршақты дақылдар
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

9.

Қызылорда

дәндік жүгері
күріш
тары
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

10.

Қостанай

жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
тары
дәнді бұршақты дақылдар
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

11.

Маңғыстау

картоп көкөніс және бақша өнімдері

12.

Павлодар

жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
тары
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

13.

Солтүстік Қазақстан

жаздық бидай
күздік қарабидай
арпа
сұлы
қарақұмық
дәнді бұршақты дақылдар
майлы дақылдар
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

14.

Оңтүстік Қазақстан

күздік бидай
дәндік жүгері
күріш
майлы дақылдар
мақта
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жеміс-жидектер
жүзім
жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

15.

Астана қаласы

жаздық бидай
картоп
көкөніс және бақша өнімдері
жемшөптік жүгері

                                                   Ережеге 2-қосымша

                                         __________________ ауданының
                                         ведомствоаралық комиссиясына

         Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге
  сатып алынған жанар-жағар май материалдары, тұқым улағыштар
        мен гербицидтер үшін субсидиялар алуға өтінім

____________________________________________________ негізінде әрекет
                     (құрылтай құжаты)
ететін ______________________________________________________________
               (ауылшартауарын өндіруші)
атынан бірінші басшы ________________________________________________
                (Т.А.Ә., лауазымы)

осымен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жанар-жағар май материалдарын, тұқым улағыштар мен гербицидтерді сатып алуға байланысты шығындарды ішінара өтеуге субсидиялар бөлуді сұрайды.
      Сатып алынған жанар-жағар май материалдары, тұқым улағыштар мен гербицидтер көрсетілген алаңдарда мынадай ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін өсіру үшін пайдаланылды:

______________ ______ га                     _______________ _____ га
______________ ______ га                     _______________ _____ га
______________ ______ га                     _______________ _____ га

Ауылшартауарын өндірушінің заңды мекен-жайы: ________________________
                                                (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                                    Ережеге 3-қосымша

                                                          "Бекітемін"                                                            Аудан әкімі
                                          ___________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                                          200_ жылғы"__" ____________

                Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің
               егістіктерін және екпелерін қабылдау
                              АКТІСІ

               200_ жылғы "__" _____________ N ____

Біз, төменде қол қоюшылар,
ВАК төрағасы ________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)

ВАК мүшелері ________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә)
_____________________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)

бір тараптан және ___________________________________________________
                     (ауылшартауарын өндірушінің атауы)

__________________ басшысы екінші тараптан 200_  жылы мынадай алаңдарда мынадай басым дақылдардың өскіні (екпесі) алынғандығы туралы осы актіні жасадық:

___________________ _____ га               ________________ _____ га
___________________ _____ га               ________________ _____ га

ВАК төрағасы ________________________________________________________
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)
ВАК мүшелері ________________________________________________________
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
                          (лауазымы, Т.А.Ә.)
Ауылшартауарын өндіруші: ____________________________________________
                                   (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                                    Ережеге 4-қосымша

                                                          "Бекітемін"
                                                          Аудан әкімі
                                        _____________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                                        200_ жылғы "__" _____________

      Субсидиялар алуға ауылшартауарын өндірушілердің тізімі

Р/с
N

Шаруашылықтардың атауы

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

ВАК актісімен қабылданған егістік алаңы, га

1 гектарға* арналған субсидиялардың мөлшері, теңге

Төленуге тиісті субсидиялардың көлемі, теңге (4-бағ. х 5-бағ.)

1

2

3

4

5

6













ВАК төрағасы _____________________            Ауыл шаруашылығы бөлімі
              (қолы, Т.А.Ә)
ВАК мүшелері _____________________            _______________________                (қолы, Т.А.Ә)                        (қолы, Т.А.Ә)
             _____________________
              (қолы, Т.А.Ә)                   М.О.

Ескертпе:
      1 гектарға арналған субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді

                                                    Ережеге 5-қосымша

                                                          "Бекітемін"
                                                          Аудан әкімі
                                      _________________________
                                           (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                                          200_ жылғы "__" ___________

              Ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар
                    төлеуге арналған ведомость

Р/с N

Шаруашылықтардың атауы

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

ВАК актісімен қабылданған егістік алаңы, га

1 гектарға* арналған субсидиялардың мөлшері, теңге

Төленуге тиісті субсидиялардың көлемі, теңге (4-бағ. х 5-бағ.)

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

      Қаржы бөлімінің бастығы
      _______________________
           (қолы, Т.А.Ә)

      Бөлім бастығы
      _______________________
           (қолы, Т.А.Ә)

Ескертпе:
      1 гектарға арналған субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді

Об утверждении Правил выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2009 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2009 года № 87. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 февраля 2010 года № 123

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.02.2010 № 123 (вводится в действие с 01.01.2010).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и от 4 декабря 2008 года "О республиканском бюджете на 2009-2011 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2009 год.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 41 "Об утверждении Правил выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2008 год" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 1, ст. 20).
      3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 30 января 2009 года № 87

Правила
выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на
удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других
товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения
весенне-полевых и уборочных работ на 2009 год

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на удешевление стоимости горюче-смазочных, материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2009 год (далее - Правила) определяют порядок выплаты субсидий сельскохозяйственным товаропроизводителям на приобретение горюче-смазочных материалов, протравителей семян и гербицидов для проведения весенне-полевых и уборочных работ в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2009 год Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Министерство) по программе 084 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ" (далее - программа).
      2. Субсидии предназначаются для частичного возмещения затрат, связанных с приобретением горюче-смазочных материалов, протравителей семян и гербицидов, необходимых отечественным сельскохозяйственным товаропроизводителям (далее - сельхозтоваропроизводители) для проведения весенне-полевых и уборочных работ. Показатели субсидирования будут отражены в Соглашении о результатах по целевым текущим трансфертам между акимами областей, города Астаны и Министром сельского хозяйства Республики Казахстан.
      3. Выплата субсидий сельхозтоваропроизводителям осуществляется один раз в год в соответствии с размером субсидий на 1 гектар, утвержденным Министерством, под приоритетные для каждой области сельскохозяйственные культуры, определенные в приложении 1 к настоящим Правилам.
      Размер субсидий на 1 гектар по видам приоритетных сельскохозяйственных культур является единым для всех областей и города Астаны. При производстве зерновых культур (кроме риса и кукурузы на зерно) размер субсидий на 1 гектар будет зависеть от применяемой технологии (традиционная и/или влагоресурсосберегающая с применением глифосатсодержащих гербицидов).
      4. Объемы субсидий по областям и городу Астане утверждаются в установленном законодательством порядке на основании представленных Министерством сумм, сформированных в соответствии с размерами субсидий и площадями посева приоритетных сельскохозяйственных культур.

2. Порядок выплаты субсидий

      5. Министерство, как администратор бюджетной программы, перечисляет целевые текущие трансферты областным бюджетам и бюджету города Астаны в соответствии с утвержденными в установленном законодательством порядке объемами субсидирования по областям и городу Астане согласно индивидуальным планам финансирования по платежам на 2009 год и Соглашению о результатах по целевым текущим трансфертам между акимами областей, города Астаны и Министром сельского хозяйства.
      6. Акимы областей и города Астаны в соответствии с размерами субсидий на 1 гектар, утвержденными Министерством, в двухнедельный срок после утверждения маслихатами областных бюджетов и бюджета города Астаны утверждают объемы субсидий по районам в пределах утвержденных объемов по областям и городу Астане.
      7. Для определения списка сельхозтоваропроизводителей на получение субсидий в каждом районе решением акима района, а по городу Астане решением акима города создается межведомственная комиссия (далее - МВК), состоящая из сотрудников акимата района, отделов сельского хозяйства и земельных отношений района, районного налогового комитета, управления статистики, территориальной инспекции Министерства, научных и общественных организаций аграрного профиля и/или объединений предпринимательства. При этом акимы районов и города Астаны обеспечивают работу МВК по принципу "одного окна".
      8. Рабочим органом МВК является отдел сельского хозяйства акимата района, а в городе Астане - отдел сельского хозяйства акимата города.
      9. Рабочий орган МВК обеспечивает публикацию порядка работы МВК в местных средствах массовой информации с указанием сроков приема документов от сельхозтоваропроизводителей и других необходимых сведений.
      Сельхозтоваропроизводители в сроки, установленные рабочим органом, представляют в МВК заявку на получение субсидий по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам и следующие документы:
      копию свидетельства о регистрации (перерегистрации) юридического лица, (копию документа, удостоверяющего личность - для физического лица);
      копию правоустанавливающего документа на земельный участок в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      копию документа, выданного налоговым органом, подтверждающего факт поставки клиента на налоговый учет;
      копию статистической карты;
      справку банка о наличии банковского счета с указанием его номера.
      Сельхозтоваропроизводители занятые производством зерновых (кроме риса и кукурузы на зерно) для получения субсидий по влагоресурсосберегающей технологии с применением глифосатсодержащих гербицидов дополнительно представляют:
      копии документов, подтверждающие приобретение глифосатсодержащих гербицидов (договор поставки глифосатсодержащих гербицидов, платежные документы, товарно-транспортные накладные);
      расчет внесения глифосатсодержащих гербицидов за подписью руководителя сельхозформирования.
      10. Рабочий орган МВК осуществляет сбор представленных документов и представляет их на рассмотрение МВК. МВК после рассмотрения документов формирует предварительный список сельхозтоваропроизводителей на получение субсидий с указанием посевных площадей по приоритетным сельскохозяйственным культурам. Сельхозтоваропроизводителю выдается справка о принятых документах в полном объеме.
      11. Для получения субсидий сельхозтоваропроизводители в течение пяти рабочих дней по окончании весенне-полевых работ по яровым культурам, по озимым культурам предшествующего года - по фактическим всходам, по многолетним насаждениям - по их фактическим площадям, представляют в МВК заявление на приемку всходов (посадок) приоритетных сельскохозяйственных культур.
      12. Оптимальные сроки проведения весенне-полевых работ определяются местным исполнительным органом района (города Астаны) по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на основании рекомендаций научно-производственных центров Министерства. Площади приоритетных культур, засеянные с нарушением оптимальных сроков, субсидированию не подлежат.
      13. МВК в двухнедельный срок после поступления заявления от сельхозтоваропроизводителей проводит приемку посевов с составлением акта приемки посевов, включая озимые культуры предшествующего года и посадки многолетних насаждений (далее - акт приемки) по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам, за исключением посадок многолетних насаждений, заложенных за счет бюджетных средств, выделенных в 2008 году и предусмотренных в 2009 году в рамках соответствующей бюджетной программы по субсидированию закладки и выращивания многолетних насаждений плодовых культур и винограда. Акт приемки составляется в двух экземплярах, один из них остается у сельхозтоваропроизводителя.
      14. МВК на основании акта приемки, и представленных сельхозтоваропроизводителями в рабочий орган документов, в течение пяти рабочих дней после проведения последней приемки посевов составляет окончательный список сельхозтоваропроизводителей на получение субсидий по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам (далее - список) и направляет его на утверждение акиму района, а по городу Астане - акиму города.
      В случае отказа от включения в данный список, сельхозтоваропроизводителю выдается рабочим органом соответствующая справка с указанием причины отказа.
      15. Акимы района и города Астаны в течение двух рабочих дней утверждают список.
      16. Отделы сельского хозяйства районных акиматов в течение трех рабочих дней представляют администраторам бюджетных программ областей (управление сельского хозяйства акимата области) утвержденный акимами районов список, копии актов приемки, а также документы в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил.
      17. Администраторы бюджетных программ областей и города Астаны в течение десяти рабочих дней проверяют представленные документы и формируют ведомость на выплату субсидий сельхозтоваропроизводителям по форме согласно приложению 5 к настоящим Правилам, и счета к оплате.
      При проведении платежа администраторы бюджетных программ областей и города Астаны представляют в территориальное подразделение казначейства реестр счетов к оплате в двух экземплярах и счета к оплате. Ответственность за достоверность представленных документов несет администратор бюджетной программы области и города Астаны.
      18. Администраторы бюджетных программ областей и города Астаны (Управление сельского хозяйства области, города Астаны) ежемесячно, не позднее 5-го числа месяца, следующего за отчетным, и не позднее 1 февраля следующего финансового года представляют в Министерство отчет об объемах выплаченных бюджетных субсидий.
      19. Акимы областей и города Астаны в срок до 20 июля текущего года представляют в Министерство предварительные сведения об объемах выплаченных сельхозтоваропроизводителям по областям и городу Астане субсидий, с указанием площадей и сумм субсидий, а также, в случае неосвоения утвержденного объема субсидирования - причин, повлекших неосвоение. Окончательные сведения об объемах выплаченных сельхозтоваропроизводителям субсидий представляются в срок до 20 августа текущего года.
      20. В случае неполного освоения каким-либо районом выделенных средств, акимы областей могут перераспределить их в пределах утвержденного объема субсидирования по области в соответствии с настоящими Правилами.
      21. В случае неполного освоения какой-либо областью или городом Астаной выделенных средств, Министерство в установленном законодательством порядке вносит предложение в Правительство Республики Казахстан о перераспределении субсидий по областям в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2009 год.
      22. Акимы областей и города Астаны в пятидневный срок после выплаты субсидий представляют в Министерство сведения по областям и городу Астане об объемах выплаченных сельхозтоваропроизводителям субсидий за счет перераспределенных сумм.
      23. Министерство несет ответственность за неперечисление целевых трансфертов нижестоящим бюджетам в соответствии с индивидуальным планом финансирования по платежам на основании заключенных соглашений о результатах, и за недостижение показателей результатов при использовании целевых текущих трансфертов.
      24. Акимы областей, города Астаны и первые руководители соответствующих администраторов местных бюджетных программ за использование целевых трансфертов не в соответствии с заключенным соглашением о результатах по целевым трансфертам, недостижение прямых и конечных результатов, непредставление отчета о прямых и конечных результатах, достигнутых за счет использования полученных целевых трансфертов несут ответственность.

Приложение 1
к Правилам

                           Перечень
         субсидируемых из республиканского бюджета
         приоритетных сельскохозяйственных культур


п/п

Наименование областей

Наименование приоритетных
сельскохозяйственных культур

1

2

3

1.

Акмолинская

яровая пшеница
озимая рожь
ячмень
овес
гречиха
зернобобовые
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

2.

Актюбинская

озимая пшеница
яровая пшеница
озимая рожь
ячмень
овес
просо
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

3.

Алматинская

озимая пшеница
ячмень
кукуруза на зерно
рис
масличные
сахарная свекла
картофель
овощные и бахчевые
плодовые и ягодные
виноградники
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

4.

Атырауская

яровая пшеница
ячмень
просо
масличные
картофель
овощные и бахчевые
плодовые и ягодные
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

5.

Восточно-Казахстанская

озимая пшеница
яровая пшеница
озимая рожь
ячмень
овес
гречиха
просо
зернобобовые
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

6.

Жамбылская

озимая пшеница
ячмень
кукуруза на зерно
масличные
сахарная свекла
картофель
овощные и бахчевые
плодовые и ягодные
к ормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

7.

Западно-Казахстанская

озимая пшеница
яровая пшеница
озимая рожь
ячмень
овес
просо
зернобобовые
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

8.

Карагандинская

яровая пшеница
ячмень
овес
зернобобовые
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

9.

Кызылординская

кукуруза на зерно
рис
просо
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

10.

Костанайская

яровая пшеница
озимая рожь
ячмень
овес
гречиха
просо
зернобобовые
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

11.

Мангистауская

картофель
овощные и
бахчевые

12.

Павлодарская

яровая пшеница
озимая рожь
ячмень
овес
гречиха
просо
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

13.

Северо-Казахстанская

яровая пшеница
озимая рожь
ячмень
овес
гречиха
зернобобовые
масличные
картофель
овощные и бахчевые
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

14.

Южно-Казахстанская

озимая пшеница
кукуруза на зерно
рис
масличные
хлопчатник
картофель
овощные и бахчевые
плодовые и ягодные
виноградники
кормовые (за исключением многолетних
трав посева прошлых лет)

15.

город Астана

яровая пшеница
картофель
овощные и бахчевые
кукуруза на корм

Приложение 2
к Правилам

Межведомственной комиссии
__________________ района

                                Заявка
     на получение субсидий за приобретенные горюче-смазочные
     материалы, протравители семян и гербициды на проведение
                весенне-полевых и уборочных работ

__________________________________________ действующий на основании
      (сельхозтоваропроизводитель)
___________________________________________________________________
                    (учредительный документ)
в лице первого руководителя _______________________________________
                                      (Ф.И.О., должность)
настоящим просит о выделении субсидий на частичное возмещение
затрат, связанных с приобретением горюче-смазочных материалов,
протравителей семян и гербицидов на проведение весенне-полевых и
уборочных работ.
      Приобретенные горюче-смазочные материалы, протравители семян
и гербициды использованы для выращивания на указанных площадях
следующих видов сельскохозяйственных культур:
______________________ _______ га ______________________ _______ га
______________________ _______ га ______________________ _______ га
______________________ _______ га ______________________ _______ га

Юридический адрес
сельхозтоваропроизводителя: _____________________________
                              (Ф.И.О., подпись, печать)

Приложение 3
к Правилам

"Утверждаю"
аким района
__________________________
(Ф.И.О., подпись, печать)
"___"__________ 200__ года

                                 АКТ
          приемки посевов и посадок сельскохозяйственного
                        товаропроизводителя
                 от "___"__________ 200__ года № ____

      Мы, нижеподписавшиеся,
Председатель МВК __________________________________________________
                              (должность, Ф.И.О.)
члены
МВК _______________________________________________________________
                              (должность, Ф.И.О.)
___________________________________________________________________
                              (должность, Ф.И.О.)
___________________________________________________________________
                              (должность, Ф.И.О.)
с одной стороны и руководитель ____________________________________
                          (наименование сельхозтоваропроизводителя)
_____ с другой стороны, составили настоящий акт о том, что в
200__ году получено всходов (посажено) следующих приоритетных
культур на следующих площадях:
______________________ _______ га ______________________ _______ га
______________________ _______ га ______________________ _______ га
______________________ _______ га ______________________ _______ га

Председатель МВК __________________________________________________
                              (должность, Ф.И.О.)
члены МВК _________________________________________________________
                              (должность, Ф.И.О.)
___________________________________________________________________
                              (должность, Ф.И.О.)
___________________________________________________________________
                              (должность, Ф.И.О.)

Сельхозтоваропроизводитель ________________________________________
                                   (Ф.И.О., подпись, печать)

Приложение 4
к Правилам

"Утверждаю"
Аким района
__________________________
(Ф.И.О., подпись, печать)
"___"__________ 200__ года

                               Список
        сельхозтоваропроизводителей на получение субсидий


п/п

Наименование
хозяйств

Наименование
приоритетных
сельскохозяйственных
культур

Посевная
площадь,
принятая
актом
МВК, га

Размер
субсидий
на 1 га,*
тенге

Объем
субсидий,
подлежащий
к выплате,
тенге
(гр.4 х гр.5)

1

2

3

4

5

6







Председатель МВК ___________________      Отдел сельского хозяйства
                  (подпись, Ф.И.О.)
Члены МВК        ___________________        _____________________
                  (подпись, Ф.И.О.)           (подпись, Ф.И.О.)
                 ___________________
                  (подпись, Ф.И.О.)         М.П.

Примечание:
      размер субсидий на 1 га утверждается Министерством сельского
хозяйства Республики Казахстан

Приложение 5
к Правилам

"Утверждаю"
начальник Управления
сельского хозяйства __________________ области
__________________________
(Ф.И.О., подпись, печать)
"___"__________ 200__ года

                            Ведомость
       на выплату субсидий сельхозтоваропроизводителям


п/п

Наименование
хозяйств

Наименование
приоритетных
сельскохозяйственных
культур

Посевная
площадь,
принятая
актом
МВК, га

Размер
субсидий
на 1 га,*
тенге

Объем
субсидий,
подлежащий
к выплате,
тенге
(гр.4 х гр.5)

1

2

3

4

5

6







Начальник отдела финансов
_____________________________
            (подпись, Ф.И.О.)
Начальник отдела
_____________________________
            (подпись, Ф.И.О.)

       Примечание:
      размер субсидий на 1 га утверждается Министерством сельского
хозяйства Республики Казахстан