Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі және "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 33-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
№ 123 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі
егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті
жанар-жағар май материалдары мен басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға
2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2010 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 084 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне-көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы (бұдан әрі — бағдарлама) бойынша көзделген қаражат шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі - тауар өндірушілер) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттер (бұдан әрі бюджеттік субсидиялар) тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарын, гербицидтерді және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға байланысты шығындарды ішінара өтеуге арналады.

      3. Осы Ереженің мақсаты үшін бюджеттік субсидиялардың базалық нормасы деп агротехнологияларды қолдану деңгейіне қарамастан, тауар өндірушілерге төленетін бюджеттік субсидиялардың ең төменгі мөлшері түсініледі.

      4. Жанар-жағар май материалдарын, гербицидтерді және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға байланысты бюджеттік субсидиялар төлеу:

      1) қант қызылшасы бойынша (фабрикалық):

      70 % - 1 гектарға егіс науқанының қорытындылары бойынша;

      30 % - сатылған немесе қант зауытына қайта өңдеуге өткізілген 1 тонна қант қызылшасына (қолда бар қайта өңдеу қуаттылықтарына сәйкес);

      2) майлы дақылдар бойынша:

      70 % - eгic науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға;

      30 % - сатылған немесе қайта өңдеу ұйымдарына қайта өңдеуге өткізілген, не өзінің қайта өңдеу құрылымдарына өткізілген 1 тонна майлы тұқымға (қолда бар қайта өңдеу қуаттылықтарына сәйкес);

      3) дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) бойынша eгic науқанының қорытындылары бойынша 1 гектарға бюджеттік субсидиялардың базалық норма бойынша — 100 %. Осы дақылдар аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген жағдайда (ғылым ұсынған құрамында сүрі жердің (пар) үлесі бар сорты 4 репродукциядан кем болмаған, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген Мемлекеттік селекциялық жетістіктер тізіліміне енгізілген немесе перспективалық деп танылған тұқыммен сүрі жерге (парға) себілген бірінші дақылға) базалыққа қарағанда көбейетілген бюджеттік субсидиялар нормасымен төленеді;

      4) күріш, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, мақта, көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, жеміс-жидек дақылдары, жүзім және картоп бойынша - 1 гектарға егіс науқанының қорытындылары бойынша 100 %;

      Бұл ретте мақта мен күріш өсірумен шұғылданатын және егу алаңы 50 гектардан кем мақта, 200 гектардан кем күріш алаңы бар тауар өндірушілерге, егер олар ауылдық тұтыну кооперативіне не ауылдық су пайдаланушылардың тұтынушылар кооперативіне қатысушы болып табылмаса, бюджеттік субсидиялардың базалық нормасының елу пайызы мөлшерінде бюджеттік субсидия төленеді;

      5) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша әрбір дақыл айналымға бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының 50 %-ы бойынша 1 шаршы метрге алынған өскіннің (өнген өскіннің кемінде 95 %-ы) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте тұтас алғанда қорғалған топырақ жағдайындағы көкөніс дақылдарының кемінде екі дақыл айналымы: біріншісі - ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 15 маусымына дейін және екіншісі - 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін субсидияланады (қысқы-көктемгі және күзгі қысқы кезеңдер).

      5. Көкөністік-бақша дақылдары ашық топырақта, қант қызылшасы мен мақта өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып (сорғы станциясын, гидроциклонды, гидроазықтандырғышты, сүзгіш қондырғыларды, қысымды реттегішті, су өлшегішті және тамшылатқышы бар құбыржолдар жүйесін қамтитын қажетті жабдықтардың толық жиынтығымен) өсірілген жағдайда бюджеттік субсидиялар нормасы бюджеттік субсидиялардың базалық нормасымен салыстырғанда көбейеді.

      6. Тауар өндірушілерге гербицидтерді сатып алуға байланысты бюджеттік субсидиялар төлеу Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген гербицид гербицидтер өндіруді (формуляциялауды) жүзеге асыратын және пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызмет түрлеріне лицензиясы бар отандық жеткізушілерден (бұдан әрі - жеткізуші) сатып алынған жағдайда сатып алынған 1 килограмм (литр) гербицидке берілетін бюджеттік субсидиялар нормасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Бюджеттік субсидиялар оңтайлы мерзімде себілген, осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңында ғана төленеді. Егудің оңтайлы мерзімін ғылыми ұйымдардың қорытындылары негізінде жылдың қалыптасқан ауа райы жағдайын ескере отырып, субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың және Астана қаласының) жергілікті атқарушы органдары айқындайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша бюджеттік субсидиялар нормалары және сатып алынған 1 килограмм (литр) гербицидке берілетін бюджеттік субсидиялар нормалары eгic алаңын, басым дақылдарды өсіретін 1 гектарға кеткен шығындар мен гербицидтердің жұмсалу нормаларын, бөлінген қаражаттың көлемін, сондай-ақ технологияларды қолдану деңгейін ескере отырып белгіленеді және осы Ережеге 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген.

      9. Министрлік облыстардың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органдары ұсынған, 2009 - 2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту жөніндегі шаралар кешеніне сәйкес жасалған облыс (Астана қаласы бойынша) eгic алаңдарының болжамды құрылымы негізінде, субсидиялауға жататын ауылшаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша өсіру алаңын және өндіру көлемін, сондай-ақ бюджеттік субсидиялардың көлемін айқындайды және оларды облыстарға және Астана қаласына жеткізеді.

      10. Гербицидтерді сатып алуға байланысты бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының көлемін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік ұсынған сома негізінде облыстар және Астана қаласы бойынша облыстардың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органдары бекітеді. Бұл ретте бюджеттік субсидиялар сомасы осы Ережеге 3-қосымшада көрсетілген сатып алынған 1 килограмм (литр) гербицидке берілетін бюджеттік субсидиялар нормаларына және облыстардың (Астана қаласының) ұсыныстарына сәйкес гербицидпен өңделуге тиіс егіс алаңдарын ескере отырып, Министрлік қалыптастырады.

      11. Облыстардың (Астана қаласының) ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі - Басқарма) дақылдар бөлінісінде және гербицидтер бойынша бюджеттік субсидиялар көлемін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бойынша (Астана қаласы - тауар өндірушілер бойынша) бөледі және жеткізеді.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Министрлік бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстар мен Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджеттік субсидиялау көлеміне сәйкес 2010 жылға арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына және Облыстардың, Астана қаласының әкімдері мен Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне аударады.

2. Тауар өндірушілердің өтінімдерін қарау және олардың арасында
бюджеттік субсидиялардың көлемін бөлу тәртібі

      13. Тауар өндірушілердің бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен тиісінше аудан (облыстық маңызы бар қала және Астана қаласы әкімдігінің), ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының), Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      14. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі немесе басқармасы, ал Астана қаласында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      15. Бөлім тауар өндірушілерден құжаттар қабылдау мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді.

      16. Тауар өндірушілер белгіленген мерзімде Бөлімге осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімді мынадай құжаттарды коса отырып ұсынады:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін (жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін);

      жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін;

      Осы Ереженің 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда тауар өндіруші ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің анықтамасын;

      банктің нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы анықтаманы ұсынады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып, дәнді дақылдарды (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) өндірумен шұғылданатын тауар өндірушілер бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізу үшін осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша:

      аттестатталған тұқым өндірушілер берген тұқымға аттестаттың не тұқымға куәліктің көшірмелерін (тұқым сатып алынған жағдайда) немесе тұқымның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар берген тұқымның конденциялылығы туралы куәліктің және сұрыптық егістерді байқаудан өткізу актісінің көшірмелерін (егу үшін өзі өндірген тұқымды пайдаланған жағдайда). Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген Мемлекеттік селекциялық жетістіктер тізіліміне енгізілген немесе перспективалық болып танылған сұрыптардың 4-репродукциясынан кем емес тұқымдар себілген алаңдар субсидиялауға жатады;

      2009 жылғы егіс айналымына алаңдарды орналыстыру картасын (схемасын);

      2010 жылғы егіс айналымына алаңдарды орналыстыру картасын (схемасын) ұсынады.

      18. Жабық топырақта өсірілетін көкөніс өсірумен шұғылданатын тауар өндірушілер бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізу үшін осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша жылыжайдың техникалық паспортының көшірмесін немесе уәкілетті органның жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі жылыжайдың бар-жоғы және жұмыс алаңы туралы (қорғалған топырақ ғимараттары) анықтамасын ұсынады.

      19. Сатып алынған гербицидтердің құнын арзандатуға үміткер тауар өндірушілер бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізу үшін осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша:

      1) гербицидтерді өзге ұйымдардарды тартпай-ақ қолданған жағдайда:

      ағымдағы жылы және өткен жылдың 4-тоқсанында жеткізушіден сатып алғандығы туралы төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін;

      гербицид сатып алынған, пестицидтер (улы химикаттар) өндіруді (формуляциялауды) және сатуды жүзеге асыратын отандық жеткізушілер лицензияларының көшірмелерін ұсынады;

      Гербицидтер төлемді бөліп-бөліп төлеуге сатып алынған кезде тауар өндіруші бюджеттік субсидиялар алу үшін Бөлімге жоғарыда көрсетілген құжаттарды жеткізушімен өзара есеп айыруды жүзеге асырғаннан кейін ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады;

      2) егер тауар өндіруші гербицидтерді қолданғанда (оларды сатып алмай) өзге ұйымдардың қызметтерін пайдаланған жағдайда:

      өзге ұйыммен гербицидтерді қолдану жөнінде қызметтер көрсету туралы жасалған шарттың көшірмелерін;

      гербицидтердің құнын және көлемін жеке көрсетіп, гербицидтерді сатып алу жөнінде көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін;

      гербицид сатып алынған, пестицидтер (улы химикаттар) өндіруді (формуляциялауды) және сатуды жүзеге асыратын отандық жеткізушілер лицензияларының көшірмелерін ұсынады;

      3) гербицид құнының кемінде 60 %-ын төлеген тауар өндірушілерді бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте тауар өндіруші Бөлімге:

      гербицидтерді сатып алу-сату шартының көшірмесін;

      ішінара төленгенін растайтын төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін;

      гербицид сатып алынған, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруді (формуляциялауды) және сатып алуды жүзеге асыратын отандық жеткізушілер лицензияларының көшірмелерін ұсынады.

      Бұл ретте қалған сомаға төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері) гербицидтерді алуға сенімхаттың түпнұсқасын тауар өндірушілер құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидиялар алған күнінен бастап 15 күннен кешіктірмей Бөлімге ұсынады.

      Осы Ереженің 19-тармағы 3) тармақшасының талаптары орындалмаған жағдайда тауар өндірушілер алынған бюджеттік субсидияларды қайтарады.

      20. Бөлім өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін 3 күннің ішінде оларды осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігіне зерделейді және ВАК-тың қарауына енгізеді.

      21. ВАК Бөлім ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялардың бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілердің тізімін жасайды, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана қаласына) жеткізілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша және гербицидтер бойынша субсидиялау көлемін тауар өндірушілердің арасында бөледі және аудан (облыстық маңызы бар қалаға және Астана қаласының) әкіміне бекітуге енгізеді.

      Тауар өндірушілердің өтінімдері ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана қаласына) жеткізілген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша және гербицидтер бойынша субсидиялау көлемінен асып түскен жағдайда басымдық ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің мүшелеріне беріледі, ал қалған көлем берілген өтінімдерге барабар бөлінеді.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      22. Аудан (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) әкімі тізімді, тауар өндірушілердің бөлінісінде субсидиялау көлемін бекітеді және тізімді (Астана қаласының әкімін қоспағанда) облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) жолдайды.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      23. Басқарма ұсынылған материалдарды осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне қарайды.

3. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі

      24.1 гектар (жылыжай үшін - 1 шаршы метрге) егістерге бюджеттік субсидиялар алу үшін тауар өндірушілер eгic науқаны аяқталғаннан кейін, бірақ осы Ереженің 7-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілеген егу мерзімінен кешіктірмей, дақылдардың түрлері бойынша нақты алаңын және егу мерзімін көрсетіп, Бөлімге егіс науқанының аяқталғандығы туралы ақпарат береді.

      25. Бөлім ақпаратты алғаннан кейін өскіндердің бар-жоғын және егіс алаңдарының мәлімделген көлемге сәйкестігін, сондай-ақ тауар өндірушілердің егіс айналымына алаңдарды орналыстыру картасында (схемасында) көрсетілген ауыспалы егістің сақталуын тексеру мақсатында екі апта мерзімде ВАК мүшелерінің шаруашылықтарға баруын ұйымдастырады.

      26. ВАК тексеру қорытындылары бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді субсидиялау жөніндегі тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2007 - 2010 жылдары бөлінген және оларды күтуге 2010 жылы көзделген бюджет қаражаты есебінен отырғызылған көп жылдық екпелерді егуді қоспағанда, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдыңғы жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) қоса алғанда, егістікті қабылдау және көп жылдық екпелер отырғызу актісін (бұдан әрі-— қабылдау актісі) жасайды.

      Қабылдау актісі үш данада жасалады, оның біреуі тауар өндірушіде қалады.

      27. ВАК қабылдау актісінің және тауар өндірушілер Бөлімге ұсынған құжаттардың негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілердің бюджеттік субсидиялар алуға арналған түпкілікті тізімін (бұдан әрі - тізім) жасайды және оны аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне, ал Астана қаласы бойынша - Астана қаласы әкіміне бекітуге жібереді.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      28. Бөлім (ал Астана қаласы бойынша - ВАК) үш жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қалалар, Астана қаласы) әкімдері бекіткен тауар өндірушілердің тізімін, қабылдау актілерін, сондай-ақ осы Ереженің 16-19-тармақтарына сәйкес құжаттарды Басқармаға ұсынады.

      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      29. Басқарма ұсынылған құжаттарды тексереді және осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомость және төлем шоттарын қалыптастырады.

      Басқарма төлем жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.

      30. 1 тонна өндірілген өнімге бюджеттік субсидиялар алу үшін тауар өндірушілер ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша:

      қант қызылшасын қабылдау актісін қоса бере отырып, қант қызылшасын қант зауытымен сатып алу-сату бойынша шарттың (сатылған кезде) көшірмесін;

      төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) (қант зауытына сатылған кезде) көшірмелерін;

      қабылдау актісін қоса бере отырып, алыс-беріс қант қызылшасын (қайта өңдеуге өткізген кезде), қайта өңдеу қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесін;

      2) майлы дақылдар бойынша:

      2-1) майлы тұқымды қайта өңдеу кәсіпорындарына сатқан кезде:

      майлы тұқымды қабылдау актісін қоса бере отырып, қайта өңдеу кәсіпорындарымен жасалған майлы тұқымды сатып алу-сату шартының көшірмесін;

      төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін;

      2-2) майлы тұқымды қайта өңдеу кәсіпорындарына төлемді бөліп-бөліп төлей отырып сатқан кезде майлы тұқымды қабылдау актісін қоса бере отырып, - майлы тұқымды жауапты сақтауға беру туралы қайта өңдеу кәсіпорыны мен тауар өндіруші арасында жасалған шарттың көшірмесін. Майлы тұқымды қайта өңдеу кәсіпорнына жауапты сақтау шарты бойынша тапсыру фактісін растау үшін тауар өндіруші сақтау жөніндегі қызметтер үшін төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін Бөлімге ұсынады.

      2-3) алыс-беріс негізінде майлы тұқымды қайта өңдеуге өткізген кезде:

      майлы тұқымды қабылдау актісін қоса бере отырып, майлы тұқымды қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелерін;

      майлы тұқымды қайта өңдеу жөніндегі қызметтері үшін төлем құжаттарының (банктің төлем тапсырмасы немесе кассалық кіріс ордері, сондай-ақ шот-фактура) көшірмелерін;

      2-4) майлы тұқымды өзінің шағын цехтарында қайта өңдеген кезде - тауар өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісін ұсынады. Бұл ретте субсидияланатын өнімнің көлемі соңғы 3 жылда орташа аудандық өнімділік көрсеткішінен 30 %-ға аспауы тиіс.

      1 тонна өндірілген өнімге бюджеттік субсидиялар алушылар тек 1 гектар eгic науқанына бюджеттік субсидиялар алушылар қатарынан болуы тиіс.

      31. Бөлім құжаттардың келіп түсуіне қарай олардың толықтылығын және осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан кешіктірмей ВАК-тың қарауына енгізеді.

      32. ВАК 3 күн ішінде Бөлім ұсынған материалдарды қарайды және олардың негізінде өндіріс көлемін көрсетіп, өндірілген өнім үшін бюджеттік субсидиялар алуға тауар өндірушілер, сондай-ақ әрбір тауар өндіруші бөлінісінде тиесілі бюджеттік субсидиялардың көлемін көрсетіп, осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес бюджеттік субсидиялар алуға тауар өндірушілердің тізімін жасайды және аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы) әкіміне бекітуге енгізеді.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      33. Аудан (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) әкімі ұсынылған тізімді бекіткеннен кейін Бөлім Астана қаласын қоспағанда, 2 күн ішінде осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды қоса бере отырып, оны Басқармаға жібереді.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      34. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және 3 күн ішінде осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге ведомосты және төлем шоттарын қалыптастырады.

      Басқарма төлем жүргізген кезде екі күн мерзімде аумақтық қазнашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін екі данада және төлем шоттарын ұсынады.

      35. Басқарма ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей бюджеттік субсидиялардың көлемі мен сомасын, сондай-ақ бекітілген субсидиялау көлемі игерілмеген жағдайда игермеуге әкеп соққан себептерді көрсете отырып, Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы алдын ала мәліметтер береді. 1 гектар егіс науқанына тауар өндірушілерге төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы түпкілікті мәліметтер ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейінгі мерзімде, ал 1 тонна өндірілген өнімге келесі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде беріледі.

      36. Қандай да бір аудан (облыстық маңызы бар қала) бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстардың әкімдері оларды осы Ережеге сәйкес облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде қайта бөлуі мүмкін.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      37. Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар немесе Астана қаласы бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

      38. Министрлік төменде тұрған бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттерді төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде аудармағандығы үшін жауапты болады.

      39. Облыстардың, Астана қаласының әкімдері және тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттердің нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкі нәтижелерге жетпегендігі үшін, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және соңғы нәтижелер туралы есептің берілмегені үшін жауапты болады.

  Ережеге
1-қосымша

Республикалық бюджеттен субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым
дақылдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшада мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с

Облыстардың атауы

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

1

2

3

1.

Ақмола

жаздық бидай

күздік қарабидай

арпа

сұлы

қарақұмық

дәнді бұршақты дақылдар

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

2.

Ақтөбе

күздік бидай

жаздық бидай

күздік қарабидай

арпа

сұлы

тары

дәнді бұршақты дақылдар

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

3.

Алматы

күздік бидай

арпа

дәндік жүгері

күріш

майлы дақылдар

қант қызылшасы

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жеміс-жидектер

жүзім

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

жабық топырақтағы көкөніс

4.

Атырау

арпа

тары

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жеміс-жидектер

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

жабық топырақтағы көкөніс

5.

Шығыс Қазақстан

күздік бидай

жаздық бидай

күздік қарабидай

арпа

сұлы

қарақұмық

тары

дәнді бұршақты дақылдар

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

жабық топырақтағы көкөніс

6.

Жамбыл

күздік бидай

арпа

дәндік жүгері

майлы дақылдар

қант қызылшасы

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жеміс-жидектер

жүзім

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

7.

Батыс Қазақстан

күздік бидай

жаздық бидай

күздік қарабидай

арпа

сұлы

тары

дәнді бұршақты дақылдар

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

8.

Қарағанды

жаздық бидай

арпа

сұлы

дәнді бұршақты дақылдар

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

9.

Қызылорда

дәндік жүгері

күріш

тары

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

10.

Қостанай

жаздық бидай

күздік қарабидай

арпа

сұлы

қарақұмық

тары

дәнді бұршақты дақылдар

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

жабық топырақтағы көкөніс

11.

Маңғыстау

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жабық топырақтағы көкөніс

12.

Павлодар

жаздық бидай

күздік қарабидай

арпа

сұлы

қарақұмық

тары

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

13.

Солтүстік Қазақстан

жаздық бидай

күздік қарабидай

арпа

сұлы

қарақұмық

дәнді бұршақты дақылдар

майлы дақылдар

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

14.

Оңтүстік Қазақстан

күздік бидай

дәндік жүгері

күріш

майлы дақылдар

мақта

картоп

қант қызылшасы

көкөніс және бақша өнімдері

жеміс-жидектер

жүзім

жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда) сүрлемдік жүгері

жабық топырақтағы көкөніс

15.

Астана қаласы

жаздық бидай

картоп

көкөніс және бақша өнімдері

жабық топырақтағы көкөніс

сүрлемдік жүгері

  Ережеге
2-қосымша

Ауыл шаруашылығы басым дақылдары бойынша 2010 жылға арналған
бюджеттік субсидиялар нормалары

Р/с

Ауыл шаруашылығы басым дақылдары

1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялар нормасы, теңге

1 тоннаға арналған бюджеттік субсидиялар нормасы, теңге

1

аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар

670


2

дәнді дақылдар (базалық бюджеттік субсидиялар нормасы)

350,0


3

дәндік жүгері

2 500


4

сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс

650


5

жемшөптік дақылдар

450


6

майлы дақылдар

2282

1504

7

қант қызылшасы

24 500

400

7.1

өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген қант қызылшасы

50 000


8

күріш

14 000


9

көкөністік-бақша дақылдары

9 000


9.1

өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністік-бақша дақылдары

24 000


10

жабық топырақтағы көкөністер *

1 300 000


11

жеміс-жидек дақылдары

2 000


12

мақта

9 000


12.1

өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген мақта

24 000


13

жүзімдіктер

2 000


14

картоп

2 420



      * 1 дақыл айналымына арналған норма.

  Ережеге
3-қосымша

Сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) бюджеттік
субсидиялар нормативтері

Р/с

Өнімдердің түрі

Сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына/литріне субсидиялар норматив

Бір жылдық және көп жылдық қос жарнақты арамшөптерге қарсы гербицидтер

1

Дезормон эфир, 72 % э.к. (2-этилгексилді эфир 2,4-Д)

263

2

Фенизан, с.с. (дикамба+хлорсульфурон)

990

3

Зингер, ж.ұ. (метсульфурон-метил, 600 г/л)

9075

4

Грейз, 60 % с.ш.т. (метсульфурон-метил)

9450

5

Стриг, 72 % с.с. (диметиламинді тұз 2,4-Д)

216

6

Диамин, 72 % с.с. (диметиламинді тұз 2,4-Д)

180

7

Диален супер, 480, с.с. (диметиламинді тұз 2,4-Д)

446

Қара сұлыға қарсы гербицидтер

8

Барс супер, 10 % э.к. (феноксапропп-этил)

901

9

Овсюген экстра, э.к. (феноксапропп-пэтил+антидот)

1140

10

Клинч 100, 10 % э.к. (феноксапропп-этил)

1080

11

Авецид супер, 12 % э.к. (феноксапропп-этил)

810

12

Топик 080, э.к. (феноксапропп-этил)

1757,4

Тұтас әсер ететін гербицидтер

13

Клинк, 36 % с.с. (глифосат, 360 г/л)

271

14

Спрут, с.с. (глифосат, 360 г/л)

270

15

Стирап, 45 % с.с. (глифосат, 450 г/л)

337

16

Буран, 36 % с.с. (глифосат, 360)

360

17

Ураган форте 500 с.с. (глифосат, 500 г/л)

400,5

  Ережеге
4-қосымша

      ___________________ауданының (облыстық

      маңызы бар қаланың, Астана қаласының)

      ведомствоаралық комиссиясына

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті
жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық
материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға бюджеттік
субсидиялар алуға өтінім

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      ________________________________________________________________

      (құрылтай құжаты)

      ________________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін_________________________________________

      __________________________________________________________атынан

      (ауылшартауарын өндіруші) атынан

      бірінші басшы___________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      осымен:

      1) мынадай алаңдарда ауыл шаруашылығы дақылдарының мынадай түрлерін өсіру үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың:

      _______________ га _____________ _____________ га __________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

      _______________ га _____________ _____________ га __________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

      _______________ га _____________ _____________ га __________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

      2) сатып алынып мынадай көлемде қолданылған гербицидтердің:

      _________________________ _____________килограмм (литр)

      (гербицидтің атауы) (көлемі)

      құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар бөлуді сұрайды.

      Тауар өндірушінің

      заңды мекен-жайы:___________________________________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

  Ережеге
5-қосымша
"Бекітемін"

      ______________________________

      (облыстың атауы)

      ______________________________

      (ауданның атауы)

      ауданының (облыстық маңызы

      бар қаланың, Астана

      қаласының) әкімі

      ______________________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      2010 жылғы "__" ____________

Тауар өндірушінің
егістіктерін және екпелерін қабылдау
АКТІСІ
200 жылғы "__" ____________ № ____

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Біз, төменде қол қоюшылар,

      ВАК төрағасы __________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      ВАК мүшелері __________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә)

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      бір тараптан және______________________________________________

      (тауар өндірушінің атауы)

      ___________ басшысы екінші тараптан 20__ жылы мынадай алаңдарда

      мынадай басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өскіні (екпесі):

      ____________ га ____________ га ___________ га _____________ га

      ____________ га ____________ га ___________ га _____________ га

      ____________ га ____________ га ___________ га _____________ га

      алынғандығы туралы осы актіні жасадық.

      ВАК төрағасы __________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      ВАК мүшелері __________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә)

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Тауар өндіруші: __________________________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

  Ережеге
6-қосымша
"Бекітемін"

      ______________________________

      (облыстың атауы)

      ______________________________

      (ауданның атауы)

      ауданының (облыстық маңызы

      бар қаланың, Астана

      қаласының) әкімі

      ______________________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      2010 жылғы "__" ____________

Жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар
алуға ________ ауданының, Астана қаласының тауар
өндірушілерінің тізімі

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.03 № 890 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с

Тауар өндірушінің атауы

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

ВАК актісімен қабылданған егістік алаңы, га (шығарылған өнімнің көлемі, тоннамен)

1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері*, (1 тоннаға) теңге

Төленуге тиісті бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге (4-бағ. х 5-бағ.)

1

2

3

4

5

6







Басым гербицидтердің құнын арзандатуға бюджеттік субсидиялар
алуға ________ ауданының, Астана қаласының тауар
өндірушілерінің тізімі

Р/с

Тауар өндірушінің атауы

Гербицидтердің атауы

Сатып алынған гербицидтердің көлемі, л (кг)

1 л (кг) субсидиялар нормасы**, теңге

Төлеуге жататын бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге (4-бағ х 5-бағ.)

1

2

3

4

5

6








      ВАК төрағасы_______________________ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі

      (Т.А.Ә, қолы)

      ВАК мүшелері ____________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      _________________________

      Т.А.Ә., қолы)

      ________________________ МО

      (Т.А.Ә., қолы)

      Ескертпелер: * 1 гектарға және 1 тоннаға бюджеттік субсидиялар нормалары осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген; **сатып алынған гербицидтердің 1 л (кг) бюджеттік субсидиялар нормалары осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.

  Ережеге
7-қосымша
"Бекітемін"

      ______________________________

      (облыстың атауы)

      ______________________________

      (ауданның атауы)

      ауданының (Астана қаласының) әкімі

      ______________________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      2010 жылғы "__" ____________

Тауар өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған
ведомость

Р/с

Тауар өндірушінің атауы

Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының атауы

ВАК актісімен қабылданған егістік алаңы, га (шығарылған өнімнің көлемі, тоннамен)

1 гектарға арналған бюджеттік субсидиялар мөлшері*, (1 тоннаға) теңге

Төленуге тиісті бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге (4-бағ. х 5-бағ.)

1

2

3

4

5

6







Тауар өндірушілерге гербицидттерді сатып алуға бюджеттік
субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с

Тауар өндірушінің атауы

Гербицидтердің атауы

Сатып алынған гербицидтердің көлемі, л (кг)

1 л (кг) субсидиялар нормасы**, теңге

Төлеуге жататын бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге (4-бағ х 5-бағ.)

1

2

3

4

5

6








      Облыс (Астана қаласы) ауыл шаруашылығы басқармасы қаржы бөлімінің бастығы

      ___________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Бөлім бастығы

      ___________________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Ескертпелер: * 1 гектарға және 1 тоннаға бюджеттік субсидиялар мөлшері осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген;

      ** 1 л (кг) бюджеттік субсидиялар нормасы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады