Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол қозғалысы туралы конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Заңы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол қозғалысы туралы конвенциясын ратификациялау туралы
Венада 1968 жылы 8 қарашада қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол қозғалысы туралы конвенциясы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Жол қозғалысы туралы конвенция
(Вена, 1968 жылғы 8 қараша)
(1971 жылғы 1 мамырдағы түзетулермен)
І-тарау. Жалпы ережелер
ІІ-тарау. Жол қозғалысы ережелері
ІІІ-тарау. Автомобильдер мен тіркемелерді халықаралық қозғалысқа жіберу жағдайлары
ІV-тарау. Автомобиль жүргізушілері
V-тарау. Велосипедтерді және аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді халықаралық қозғалысқа жіберу жағдайлары
VІ-тарау. Қорытынды ережелер
Қосымша
Уағдаласушы тараптар, халықаралық жол қозғалысын жеңілдету және жолдарда қауіпсіздікті арттыру ниетімен төмендегілер туралы келісті:
І-тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Анықтамалар
Осы Конвенцияның ережелерін қолданған кезде төмендегі терминдер осы бапта берілген мағынада болады:
а) Уағдаласушы тараптың "ұлттық заңнамасы" термині осы Уағдаласушы тараптың аумағында қолданыстағы ұлттық немесе жергілікті заңдар мен ережелердің жиынтығын білдіреді;
b) көлік құралы қандайда бір мемлекеттің аумағында "халықаралық қозғалыста" деп есептеледі, егер ол:
і) бұл мемлекеттен тыс тұрақты тұратын жері бар, жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
іі) бұл мемлекетте тіркелмесе;
ііі) оған уақытша енгізілсе; алайда әрбір Уағдаласушы тарап, оның ұзақтығын осы Уағдаласушы тарап белгілеуі мүмкін бір жылдан артық уақыт елеулі үзіліссіз оның аумағында қалған кез-келген көлік құралын "халықаралық қозғалыста" деп есептемеуге құқылы.
Көлік құралдарының құрамы "халықаралық қозғалыста" деп есептеледі, егер құрамның бір көлік құралы қалай болғанда да осы анықтамаға жауап берсе;
с)
"елді мекен"
термині оған кіретін және одан шығатын жолдар тиісті белгілермен арнайы белгіленген салынған аумақты білдіреді;
"тұрғын аймақ"
термині арнайы жол қозғалысы ережелері қолданылатын және оған кіретін және одан шығатын жолдар тиісті белгілермен белгіленген арнайы жайластырылған аумақты білдіреді;
d)
"жол"
термині қозғалыс үшін ашық кез-келген жол немесе көше бөлігінің барлық жолағын білдіреді;
е)
"жолдың жүріс бөлігі"
көбінесе, көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын жолдың бөлігін білдіреді; жолдың нақты, әсіресе бөлу жолағымен шектелген, немесе әр түрлі деңгейдегі бірнеше жүріс бөлігі болуы мүмкін;
f) шеткі жолақ немесе қозғалыстың немесе веложолдардың шеткі жолақтары белгілі бір көлік құралдарының қозғалысына арналған жүріс бөлігінде
"жүріс бөлігінің шеті"
термині жолдың басқа пайдаланушылары үшін жолдың қалған бөлігінің шетін білдіреді;
g)
"қозғалыс жолағы"
термині жолдың жүріс бөлігінің бөлінуі мүмкін, бойлық таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген, бірақ автомобильдердің, мотоциклдерден басқа, өзге де көліктердің бір қатарының қозғалысы үшін жеткілікті жолағы бар ұзына бойғы жолақтардың кез-келгенін білдіреді;
h)
"көше қиылысы"
термині бір деңгейдегі кез-келген қиылысты, осындай қиылыстармен, қосылған жерлермен немесе тармақтармен құрылған аумақты қоса алғанда, жолдардың қосылған жерлерін немесе тармақтарын білдіреді;
i)
"темір жол өтпесі"
термині тәуелсіз төсемі бар, жолдың темір жол немесе трамвай жолдарымен бір деңгейдегі кез-келген қиылысын білдіреді;
g) "автомагистраль" автокөлік құралдарының қозғалысы үшін арнайы салынған және соған арналған, жол жиегіндегі жолдарға қызмет көрсетпейтін және
і) жекелеген орындарды қоспағанда немесе уақыт тәртібінде, қозғалысқа арналмаған бөлу жолағы арқылы немесе ерекше жағдайларда, басқа құралдармен бір-бірінен бөлінген, қозғалыстың екі бағытына арналған жеке жүріс бөліктері бар;
іі) жолдармен де, трамвай жолдарымен де, жаяу жүргінші жолдарымен де бір деңгейде қиылысы жоқ;
ііі) автомагистраль ретінде арнайы белгіленген жолды білдіреді;
k)
көлік құралы:
і) егер адамдарды отырғызу немесе түсіру, не болмаса жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақыт кезеңіне қозғалыссыз күйге келтірілген болса, "тоқтатылған";
іі) егер басқа да жол пайдаланушысымен немесе қандайда бір кедергімен қақтығысудан аулақ болу немесе қозғалыс ережелерінің ұйғарымдарын орындау қажеттігінен өзге себеп бойынша қозғалыссыз күйге келтірілген болса және оны тоқтату адамдарды отырғызу немесе түсіру, не болмаса жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақытпен шектелмесе, "тұрақта тұрған" деп есептеледі;
Алайда Уағдаласушы тараптар жоғарыда, іі) тармағында белгіленген жағдайларда қозғалыссыз күйге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл:жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен аспаса "тоқтатылған" және жоғарыда, і) тармағында белгіленген жағдайларда қозғалыссыз күйге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен асса
"тұрақты тұрған"
деп есептеуі мүмкін;
1) "велосипед" термині қалай болғанда да екі доңғалағы бар және осы көлік құралындағы адамның бұлшық еті энергиясымен, әсіресе, тепкі мен тұтқыштың көмегімен қозғалысқа келтірілетін кез-келген көлік құралын білдіреді;
m)
"аспалы қозғалтқышы бар велосипед"
50 куб. см (дюймнің 3,05 кубы) аспайтын цилиндр көлемінде ішкі тұтанғыш қозғалтқышымен жабдықталған және ең жоғарғы конструктивтік жылдамдығы 50 км/сағ
(сағатына 30 миль) аспайтын, кез-келген екі немесе үш доңғалағы бар көлік құралын білдіреді; алайда Уағдаласушы тараптар өз ұлттық заңнамаларына сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігіне, әсіресе оларды тепкілердің көмегімен қозғалысқа келтіру мүмкіндігіне қарай велосипедтердің сипатына жатпайтын немесе өзінің ең жоғары конструктивті жылдамдығы, салмағы немесе қозғалтқыштың кейбір сипаттамалары бойынша белгіленген шектен асатын көлік құралдарын аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер деп есептемеуі мүмкін. Осы анықтамалардың бірде-бір ережесі жол қозғалысына қатысты өз ұлттық заңнамаларының ұйғарымдарын қолданған кезде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді велосипедтерге толық теңеу үшін Уағдаласушы тараптарға кедергі ретінде түсіндірілмеуі тиіс;
n)
"мотоцикл"
термині қозғалтқышы бар, коляскалы және коляскасыз кез-келген екі доңғалақты көлік құралын білдіреді. Уағдаласушы тараптар өз ұлттық заңнамасында мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг (900 фунт) аспайтын, үш доңғалақты көлік құралдарын теңестіре алады. "Мотоцикл" терминіне аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер кірмейді, алайда Уағдаласушы тараптар осы Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті өтініш білдірген жағдайда, осы Конвенцияны қолданған кезде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіре алады. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг аспайтын үш доңғалақты көлік құралдары теңестіріледі.
о)
"механикалық көлік құралы"
термині аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді қоспағанда, оларды мотоциклдерге теңестірмейтін Уағдаласушы тараптардың аумағында және рельстік көлік құралдарын қоспағанда, кез-келген өзі жүретін көлік құралын білдіреді;
р)
"автомобиль"
термині жолдар бойынша адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға немесе адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын жолдарда буксирге алуға арналған механикалық көлік құралын білдіреді;
g)
"тіркеме"
термині оны механикалық көлік құралымен буксирге алуға арналған кез-келген көлік құралын білдіреді; бұл термин сондай-ақ жартылай тіркемелерді де қамтиды;
r)
"жартылай тіркеме"
термині оның бөлігін автомобильге таяп, автомобильге тіркеуге арналған кез-келген тіркемені білдіреді және оның соңғысы жартылай[ тіркеме мен оның жүгінің салмағының едәуір бөлігін тартады;
s)
"жеңіл тіркеме"
термині рұқсат етілген ең жоғары салмағы 750 кг (1650 фунт) аспайтын барлық тіркемені білдіреді;
t)
"көлік құралдарының құрамы"
термині жол қозғалысына тұтастай қатысатын, тіркелген көлік құралдарын білдіреді;
u)
"жартылай тіркемесі бар көлік құралы"
термині автомобиль мен оған тіркелген жартылай тіркемеден тұратын құрамды білдіреді;
v)
"жүргізуші" ("мал айдаушы")
термині көлік құралын, автомобильді және т.б. (велосипедтерді қосқанда) басқаратын немесе жол бойында мал, табын, жегілген, теңдеп жүк артылған немесе салт мінетін жануарларды айдайтын барлық адамды білдіреді;
w)
"рұқсат етілген ең жоғары салмақ"
термині көлік құралы тіркелген мемлекеттің құзырлы органы рұқсат берілгенін жариялаған тиелген көлік құралының ең жоғары салмағын білдіреді;
х)
"жүктемесіз салмақ"
термині көлік құралының экипажсыз, жолаушыларсыз және жүксіз, бірақ толық отын қорымен және қажетті аспаптардың жиынтығымен салмағын білдіреді;
у)
"жүктемелі салмақ"
термині тиелген көлік құралының, экипаждың және жолаушылардың нақты салмағын білдіреді;
z)
"қозғалыстың бағыты"
және
"қозғалыс бағытына сәйкес"
терминдері егер көлік құралының жүргізушісі ұлттық заңнамаға сәйкес басқа көлік құралымен кездескен жағдайда, оны сол жағынан өткізуге тиіс болса, оң жақты білдіреді; керісінше жағдайда, бұл терминдер сол жақты білдіреді;
аа)
жүргізушілерге арналған басқа көлік құралдарына
"жол беру"
ұйғарымы, егер жүргізуші басқа көлік құралдарының жүргізушілерін кенеттен қозғалыс бағытын немесе жылдамдықты өзгертуге мәжбүр етсе, қозғалысты жалғастыруға немесе қайта бастауға немесе маневр жасауға тиіс еместігін білдіреді;
Жаяу жүргіншілерге баланың коляскасын, ауру адамға арналған колясканы, мүгедектердің коляскасын немесе көлемі шағын және қозғалтқышсыз басқа да көлік құралдарын жетектеген адамдар, велосипед немесе аспалы қозғалтқышы бар велосипед жүргізген адамдар, сондай-ақ оларды қозғалысқа өздері келтіретін немесе жаяу жүргіншінің жылдамдығымен қозғалатын мүгедектер коляскасымен қозғалатын мүгедектер теңестіріледі.
2-бап. Конвенцияға қосымшалар
Осы Конвенцияға төмендегі қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады:
1-қосымша: Автомобильдер мен тіркемелерді халықаралық қозғалысқа жіберу міндеттемелерінен бас тарту
2-қосымша: Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің тіркеу нөмірлері
3-қосымша: Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің ерекшелік белгілері
4-қосымша: Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің тану белгілері
5-қосымша: Автомобильдер мен жүктемелерге қатысты техникалық жағдайлар;
6-қосымша: Ұлттық жүргізуші куәлігі
7-қосымша: Халықаралық жүргізуші куәлігі
3-бап. Уағдаласушы тараптардың міндеттемелері
1. а) Уағдаласушы тараптар олардың аумағындағы қолданыстағы жол
қозғалысы ережелері өз мәні бойынша осы Конвенцияның 2-тарауының
ережелеріне сәйкес болуы үшін тиісті шаралар қабылдайды. Бұл ережелер
ешқандай аталған ережеге қайшы келмеген жағдайда;
і) бұл ережелер осы Уағдаласушы тараптың аумағында орын алмайтын жағдайларға қатысты ережелерді қоспауы мүмкін;
іі) бұл ережелер II-тарауда көзделмеген ережелерді құрай алады.
b) Осы тармақтың ережелері Уағдаласушы тараптарды олар өздерінің жол қозғалысы ережелеріне енгізген, ІІ-тараудың кез-келген ережесін бұзғаны үшін санкцияларды көздеуді міндеттемейді.
2. а) Уағдаласушы тараптар олардың аумағында қолданылатын, оларға автомобильдер мен тіркемелер сәйкес болуы тиіс техникалық жағдайларға қатысты ережелер осы Конвенцияға 5-қосымшаның ережелеріне сәйкес болуы үшін тиісті шаралар қабылдайды; егер бұл ережелер 5-қосымшаның ережелерін айқындайтын қауіпсіздік қағидаттарына қайшы келмейтін болған жағдайда, олар 5-қосымшада көзделген ережелерді құрамауы мүмкін. Сонымен қатар олар өз аумақтарында тіркелген, халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің осы Конвенцияға 5-қосымшаның ережелеріне сәйкес болуы үшін тиісті шаралар қабылдайды.
b) Уағдаласушы тараптардың аумағында қолданыстағы ережелерге қатысты осы тармақтың ережелері осы Конвенцияға байланысты автомобильдер болып табылмайтын механикалық көлік құралдары жауап беруі тиіс техникалық жағдайларға қатысты бұл тараптарға қандай да бір міндеттемелер белгілемейді.
3. Осы Конвенцияға 1-қосымшада көзделген шегіністерді ескере отырып, Уағдаласушы тараптар өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа осы Конвенцияның III-тарауында көзделген талаптарға жауап беретін
автомобильдер мен тіркемелерге және IV-тараудың талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беруді міндеттенеді; сонымен қатар Уағдаласушы тарапта III-тараудың ережелеріне сәйкес берілген тіркеу туралы куәліктерді, егер олар берілген көлік құралдары аталған ІІ-тарауда көзделген жағдайларға жауап беретіні басқаша дәлелденбесе, куәландырушы ретінде тануды міндеттенеді.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес осы Конвенцияның 3-бабының 4-тармағында олар туралы айтылған шаралар Конвенцияның 39-бабын қолдану аясын өзгерте алмайды да, ондағы ережелерді міндетті емес те дей алмайды.
4. Уағдаласушы тараптар олардың аумақтарында осы Конвенцияның III-тарауында көрсетілген барлық жағдайларды қанағаттандырмайтын автомобильдер мен тіркемелерді халықаралық қозғалысқа жіберу және IV-тарауда көзделген жағдайлардан басқа, қандайда бір басқа Уағдаласушы тарап берген жүргізуші куәліктерінің олардың аумағында жарамдылығын тану мақсатында қабылдаған немесе бір жақты тәртіппен не болмаса екі жақты немесе көп жақты келісімге қол қою арқылы қабылдайтын шаралар осы Конвенцияның мақсаттарына сәйкес деп есептеледі.
5. Уағдаласушы тараптар өз аумағы бойынша осы Конвенцияның V-тарауында көзделген техникалық жағдайларға жауап беретін және олардың жүргізушілері басқа Уағдаласушы тараптың аумағында кәдімгі тұрғылықты жері бар велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді халықаралық қозғалысқа жіберуге міндеттенеді. Ешбір Уағдаласушы тарап халықаралық қозғалыстағы велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілерінен жүргізуші куәлігінің бар-жоғын талап ете алмайды; алайда осы Конвенцияның 54-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіруге қатысты өтініш жасайтын Уағдаласушы тараптар халықаралық қозғалыстағы велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілерінен жүргізуші куәлігінің бар-жоғын талап ете алады.
6. Әрбір Уағдаласушы тарап кез-келген Уағдаласушы тарапқа оның
өтініші бойынша оның аумағында атына автомобиль немесе автомобильге
тіркеме тіркелген адамды анықтауға мүмкіндік беретін, егер ұсынылған
өтініште осы көлік құралының осындай өтініш білдірген Уағдаласушы
тараптың аумағында орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты екені көрсетілсе, ақпарат беруге міндеттенеді.
7. Уағдаласушы тараптар кедендік, полиция, санитарлық немесе өзге де осындай формальдылықты жеңілдету жолымен халықаралық қозғалысты жеңілдету мақсатында қабылдаған немесе бір жақты тәртіппен не болмаса екі жақты немесе көп жақты келісімге қол қою арқылы қабылдайтын шаралар, сондай-ақ бір және сол шекара пунктіндегі кеден бөлімшелері мен бекеттерінің құзыреті мен жұмыс уақытын сәйкес келтіруге бағытталған шаралар осы Конвенцияның тиісті мақсаттарына сәйкес деп есептеледі.
8. Осы баптың 3, 5 және 7-тармақтарының ережелері әрбір Уағдаласушы тараптың оның аумағы бойынша автомобильдерді, тіркемелерді, велосипедтерді, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді халықаралық қозғалысқа жіберу, сондай-ақ олардың жүргізушілері мен жолаушыларын өздерінің оларды коммерциялық тасымалдау ережелеріне, жүргізушілерді азаматтық жауапкершіліктен сақтандыру саласындағы ережелерге және өзінің кедендік ережелеріне, сондай-ақ жол қозғалысына қатысты емес салалардағы ұйғарымдарға бағындыру құқығын пайдалануына кедергі жасамайды.
4-бап. Жол белгілері мен сигналдары
Венада осы Конвенциямен бірге бір уақытта қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияның Уағдаласушы тараптары болып табылмайтын осы Конвенцияның Уағдаласушы тараптары:
а) олардың аумағында белгіленген барлық жол белгілері мен сигналдардың, жарықтандыратын жол сигналдары мен жол белгілерінің бірыңғай жүйе құрауына;
b) сигнал түрлерінің санын шектеуге және сигналдарды олардың болуы пайдалы деп есептелетін жерлерге ғана орнатуға;
с) ескерту сигналы белгілерін олар туралы жүргізушілерді уақтылы ескерту үшін кедергілерден жеткілікті ара қашықтықта орнатуға шаралар қабылдауға;
d) мыналарға:
і) сигнал белгісіне, оның таянышына немесе қозғалысты реттеуге арналған кез-келген басқа да құрылғыда осы сигнал белгісіне немесе құрылғыға ешқандай қатысы жоқ бір нәрсе орналастыруға тыйым салуға міндеттенеді; алайда, егер Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері материалдық пайда алуды мақсат етпеген қандайда бір қауымдастыққа сілтеуіш белгілерін орнатуға рұқсат берсе, олар осы қауымдастықтың эмблемасын белгіде немесе оның таянышында оны түсінуді қиындатпайтын жағдайда ғана көрсетуге рұқсат береді;
іі) плакаттарды, жарнамаларды орналастыруға, белгілер жасауға және оларды не болмаса қозғалысты реттеуге арналған сигналдық белгілер немесе басқа да құрылғылар ретінде қабылдауға не болмаса олардың көрініп тұруын немесе тиімділігін төмендетуге не болмаса жолды пайдаланушылардың көзін шағылыстыратын немесе олардың назарын аударатын және осылайша жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құрылғыларды орнатуға тыйым салынады.
II-тарау
Жол қозғалысы ережелері
5-бап. Жол белгілері мен сигналдарының мағынасы
1. Жолды пайдаланушылар жол белгілері мен сигналдардың,
жарықтандыратын жол сигналдарының немесе жол белгілерінің ұйғарымдарын, егер аталған ұйғарымдар басқа қозғалыс ережелеріне қайшы келетін болса да, оларды орындауға тиісті.
2. Жарықтандыратын жол сигналдарының ұйғарымдары жүрудің басым
құқығын айқындайтын жол белгілері ұйғарымдарынан да басым болады.
6-бап. Жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адамдардың сигналдары
1. Жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адамдар жақсы танылатын және күні-түні алыстан көрінетін болуы тиіс.
2. Жолды пайдаланушылар жол қозғалысын реттеуге уәкілетті
адамдардың кез-келген нұсқауын шұғыл түрде орындауы тиіс.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес бұрын Конвенцияда ұсыныстар болған, 6-баптың 3-тармағының ережелері міндетті болып табылады.
3
.
Ұлттық заңнамада жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адамдардың нұсқаулары ретінде төменде берілген сигналдарды есептеуді қарастыру ұсынылады:
а) тік көтерілген қол; бұл белгі жеткілікті қауіпсіздік жағдайларда тоқтай алмаған жүргізушілерден басқа, жолды пайдаланушылардың барлығы үшін "тоқта" сигналын білдіреді; сонымен қатар бұл белгі көше қиылысында берілсе, қиылысқа шығып үлгерген жүргізуші қозғалысты жалғастыра береді;
b) қолын немесе қолдарын көлденеңінен созу; бұл белгі олардың қозғалыс бағытына қарамастан, жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адам қолын немесе қолдарын созып көрсеткен бағытты қиып өтетін бағыттан қозғалатын барлық жолды пайдаланушылар үшін "тоқта" сигналын білдіреді; осы сигналды бергеннен кейін реттеуші бір қолын немесе екі қолын төмен түсіруі мүмкін; ол кеудесімен немесе арқасымен қарап тұрған жүргізушілер үшін де "тоқта" сигналын білдіреді;
с) қызыл отпен тербелту; бұл белгі олардың жағына осы от бағытталған жолды пайдаланушылар үшін "тоқта" сигналын білдіреді.
4. Жол қозғалысын реттеуге уәкілетті адамдардың сигналдары жол
белгілері мен сигналдары және жарықтандыратын жол сигналдары мен жол
белгілері ұйғарымдарынан, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінен басым
болады.
7-бап. Жалпы ережелер
1. Жолды пайдаланушылар өздерін қозғалысқа қауіп немесе кедергілер жасамайтындай, адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүлікке залал келтірмейтіндей ұстауы тиіс.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес бұрын Конвенцияда ұсыныстар болған, 7-баптың 2-тармағының ережелері міндетті болып табылады.
2. Ұлттық заңнамада жолды пайдаланушылардың жол қозғалысын қысуы немесе жолға бұйымдар немесе материалдар лақтырып, жерге қойып немесе қалдырып немесе оған қандайда бір басқа кедергілер құрып, оның қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі керек екенін қарастыру ұсынылады. Осындай кедергі құрудан немесе осындай қауіптен құтыла алмаған жолды пайдаланушылар оларды өте жылдам жою үшін және оны шұғыл түрде орындай алмаса, басқа жолды пайдаланушыларды ол туралы ескеру үшін қажетті шаралар қабылдауы тиіс.
3. Ұлттық заңнамада қауіпсіздік белдіктерін немесе балалардың және балаларды алдыңғы отырғышта тасымалдауға арналған осындай құрылғыларды пайдалану ережелері белгіленуі тиіс.
8-бап. Жүргізушілер
1. Қозғалыстағы әрбір көлік құралында немесе көлік құралдарының құрамында жүргізуші болуы тиіс.
2. Ұлттық заңнамада жүк артылған, жегілген немесе салт мінетін жануарларға, сондай-ақ малға және табынға, тиісті түрде белгіленген аймақтардан басқа барлық жағдайларда, жануарларды ұдайы бағыттауға қабілетті мал айдаушы ілесіп жүруі тиіс екенін қарастыру керек.
3. Жүргізуші қажетті дене және психикалық қасиеттерге ие болуы тиіс және оның дене және ақыл-ойының жай-күйі оған көлік құралын басқаруға мүмкіндік беруі керек.
4. Механикалық көлік құралының жүргізуші көлік құралын басқару үшін қажетті білім мен дағды алуы тиіс; алайда, бұл ереже ұлттық заңнаманың ережелеріне сәйкес жүргізуге оқуға кедергі болмайды.
5. Жүргізуші өз көлік құралын оны әрқашан басқаруға тиісті жағдайда болу үшін бақылауы тиіс. Ол жол қозғалысы ережелерімен, жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы ұйғарымдармен, сондай-ақ шаршағандық, дәрі-дәрмектер қабылдау және көлік құралын алкогольдік мас күйінде және есірткінің әсерімен басқару сияқты оның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін факторлармен таныс болуы тиіс.
6. Ұлттық заңнамада алкогольдің әсерімен көлік жүргізуге қатысты арнайы ережелер, сондай-ақ заңмен рұқсат етілген қандағы, ал тиісті жағдайларда - оның артуы көлік құралын басқарумен үйлеспейтін, дем шығарудағы алкогольдің деңгейі қарастырылуы тиіс. Барлық жағдайларда қандағы алкоголь құрамының ең жоғары деңгейі ұлттық заңнамаға сәйкес 1 литр қанда таза алкоголь 0,80 г немесе 1 литр дем шығаруда 0,40 мг аспауы тиіс.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес бұрын Конвенцияда ұсыныс болған, 9-баптың ережелері міндетті болып табылады.
9-бап. Жануарлардың табыны
Ұлттық заңнамада малды, табынды айдауды жеңілдету мақсаты болып табылатын отступленияларды есептемегенде, оларды біркелкі ұзындық бөлігіне бөлу керек, бұл бөліктердің арасындағы қашықтық қозғалыстың қолайлылығы үшін жеткілікті болуы тиіс.
10-бап. Жолда орналасу
1
.
Қозғалыстың бағыты, тек қана немесе басты түрде екі басқа
мемлекеттің арасындағы транзит үшін пайдаланылатын тиісті жағдайларды
қоспағанда, осы мемлекеттің барлық жолдарында бірдей болуы тиіс:
а) жүргізуші, аса қажеттілік жағдайларын қоспағанда, оның санатындағы жолды пайдаланушылардың қозғалысына арналған жолдар, жолдың жүретін бөліктері, қозғалыс жолақтары және шағын жолдар болғанда, олармен жүруге тиісті;
b) олар үшін арналған қозғалыс жолақтары немесе шағын жолдар болмаған жағдайда, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілері, велосипедшілер және басқа да қозғалтқышсыз көлік құралдарының жүргізушілері, егер бұл басқа жолды пайдаланушылар үшін қолайсыздық туғызбаса, қозғалыс бағытында кез-келген жүріп өтуге жарамды жолдың жағасын пайдалана алады.
2. Жолда келе жатқан жануарларды қозғалыстың бағытына сәйкес келетін жүретін бөліктің шетіне қарай айдауға болады.
3. Осы Конвенциядағы қарама-қайшы сипаттағы 7-баптың 1-тармағының, 11-баптың 6-тармағының өзге де ережелерін және басқа да ережелерді бұзбай, көлік құралының жүргізушісі жағдайға байланысты шамада қозғалыс бағытына сәйкес келетін жүретін бөліктің шетіне жақын жүруі тиіс. Алайда Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері жүк таситын көлік құралдарының жүретін бөліктерінде орналасу ережелерін нақты реттей алады.
4. Екі немесе үш жүретін бөлігі бар жолда көлік құралының жүргізушісі қозғалыс бағытына сәйкес келетін қарсы жақтың жүретін бөлігіне шықпауы керек.
5. а) Кем дегенде төрт қозғалыс жолағы бар екі жақты қозғалыс жолында қозғалыс жүргізушісі, көлік құралының жүргізушісі қарсы бағытта қозғалыс жасалып жатқан жолаққа шықпауы керек.
b) Кем дегенде үш қозғалыс жолағы бар екі жақты қозғалыс жолында қозғалыс жүргізушісі, көлік құралының жүргізушісі қарсы бағытта қозғалыс жасалып жатқан жүретін бөліктің шеткі жолағына шықпауы керек.
11-бап. Басып озу және қатардағы қозғалыс
1. а) Басып озу қозғалыс бағытына сәйкес келетін қарсы жаққа екінші жақтан жасалады.
b) Алайда егер оны басып озатын жүргізуші (мал айдаушы) өзінің бір бүйірге, қозғалыс бағытына сәйкес келетін қарсы жаққа бұрылу және өзінің көлік құралын немесе өзінің жануарларын осы жаққа бұрса не болмаса басқа жаққа бұрылуға немесе жолдың жанындағы жерге шығуға не болмаса осы жақта тоқтауға ниеті туралы сигнал берсе, басып озу қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақтан жасалады.
2. Басып озуды бастамас бұрын жүргізуші осы Конвенцияның 7-бабы 1-тармағының және 14-бабының ережелерін бұзбай, мыналарға:
а) одан кейін келе жатқан бірде-бір жүргізуші басып озуға шықпағанына;
b) оның алдында сол қозғалыс жолағымен келе жатқан көлік құралының жүргізушісі өзінің басқа көлік құралын басып озуға ниет білдіргені туралы сигнал бермегеніне;
с) ол шықпақшы болған қозғалыс жолағы оның көлік құралының жылдамдығы мен басып озатын жолды пайдаланушылардың жылдамдығының айырмашылығын, оның маневрі қарсы келе жатқан көлік құралдарының қозғалысына қауіп төндірмейтінін немесе қиындатпайтынын ескере отырып, соған жеткілікті ара қашықтықтың бос екеніне;
d) қарсы қозғалысқа тыйым салынған жолаққа шығу жағдайларын есептемегенде, ол басып озушы жолды пайдаланушы үшін зиян келтірместен, осы Конвенцияның 10-бабының 3-тармағында көзделген орнына қайта орналасатынына көз жеткізуі керек.
3. Осы баптың 3-тармағының ережелерін орындау үшін екі жақты қозғалысы бар жолдарда, өрдің етегіне жақындаған кезде және көру мүмкіншілігі жеткіліксіз болғанда, бұрылыстарда, егер бұл жерлерде ұзын белгі болған жағдайларды есепке алмағанда және басып озу қарсы қозғалысқа арналған жолақтарға шықпастан жасалатын болса, басып озуға болмайды.
4. Басып озу кезінде жүргізуші басып озбақшы болған жолды пайдаланушы немесе пайдаланушылар үшін бүйірден жеткілікті кеңістік қалдыруы керек.
5. а) осы бағытта қозғалуға арналған кем дегенде екі жолағы бар жолдарда бірден немесе өз қатарына орналасқаннан кейін лезде осы Конвенцияның 10-бабының 3-тармағында ұйғарылған, жаңа басып озу жасамақшы болған көлік құралының жүргізушісі оның соңында үлкен жылдамдықта келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілеріне елеулі қиындықтар туғызбастан, осыны орындай алатынына көз жеткізіп, өзі келе жатқан алғашқы басып озу жолағында осы маневрді жасау үшін қала алады.
6. Осы баптың 5-тармағының "а" тармақшасының ережесін қолданған кезде және көлік құралдарының қарқындылығы тек қана осы бағыттарда қозғалуға арналған жүріс бөлігінің барлық енін алып қана қоймай, осы қатар бойынша алдында келе жатқан көлік құралының жылдамдығына байланысты жылдамдықпен қозғалса, онда
а)
осы баптың 9-тармағының ережелері үшін залал келтірмей, бір қатардың көлік құралдары екінші қатардың көлік құралдарына қарағанда, үлкен жылдамдықпен қозғалады, бұл факті осы бапқа сәйкес басып озу ретінде қарастырылмайды;
b) қозғалыс бағытына сәйкес келетін жүріс бөлігінің шетіне қарай жақын қозғалыс жолағында келе жатқан көлік құралының жүргізушісі оңға немесе солға немесе тұраққа бұрылыс жасау мақсатында ғана қатардан шыға алады.
7. Егер жолақтар жүріс бөлігінде ұзын белгімен бөлінген болса, осы баптың 5 және 6-тармақтарында суреттелген, қатарларда қозғалу кезінде осы белгілі басып өтуге тыйым салынады.
8. Осы баптың 2-тармағының ережелері және Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері көше қиылыстары мен темір жол өтпелерінде басып озуға қатысты ұйғарым жасауы мүмкін басқа да шектеулер үшін залал келтірмей, көлік құралының бірде-бір жүргізушісі екі доңғалақты велосипедтен, аспалы қозғалтқышы бар екі доңғалақты велосипедтен немесе коляскасыз екі доңғалақты велосипедтен өзге басқа көлік құралын:
а) тікелей көше қиылысының алдында және айналмалы қозғалысы бар қиылыстан өзге жерде:
і) осы баптың 1-тармағының b) тармақшасында көзделген жағдайды;
іі) басым жүру құқығы берілетін көше қиылысы бойынша қозғалған кезде басып озу жасалған жағдайды;
ііі) көше қиылысындағы қозғалысты реттеуші немесе жарықтандыратын жол сигналдары реттеген жағдайды есептемегенде;
b) шлагбаумсыз немесе жартылай шлагбаумсыз темір жол өтпелерінің алдында тікелей және осы жерлердегі жол қозғалысын көше қиылыстарында қолданылатын жарықтандыратын жол сигналдары реттеген жағдайдан басқа кезде, осы өтпелерде, басып озуға тиіс емес.
9. Көлік құралы жаяу жолдың жүріс бөлігінде таңбамен не болмаса
белгімен немесе сигналмен белгіленген жүргіншілер өтпесіне жақындаған
немесе осы өтпенің алдына тікелей тоқтаған басқа көлік құралын өтпеде жаяу жүргіншілер болса, уақтылы тоқтауды қамтамасыз ете алатын төменгі жылдамдықта басып оза алады. Осы тармақтың бірде-бір ережесі Уағдаласушы тараптарға немесе олардың аумақтық бөліністеріне жаяу жүргіншілер өтпесінің жанында тоқтаған көлік құралының басып озуды жасамақшы ниетінің белгілі бір қашықтықтан жаяу жүргіншілер өтпесіне дейін басып озуға тыйым салуға кедергі жасайтындай түсіндірілмеуі тиіс.
10. Соңында келе жатқан жүргізушінің басып озу жасамақ ниетіне көз жеткізген жүргізуші осы Конвенцияның 16-бабы 1-тармағының b) тармақшасында көзделген жағдайды есептемегенде, қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолдың жүріс бөлігінің шетіне жақындап, жылдамдықты үдетпеуі керек. Егер қарсы қозғалыстың қарқындылығын ескере отырып, жолдың жеткіліксіз ені, профилі немесе жай-күйі ақырын жүретін, үлкен габаритті немесе белгілі бір жылдамдықты сақтауға мәжбүр болған көлік құралын тез және қауіпсіз басып озуға мүмкіндік бермесе, соңғысының жүргізушісі қозғалысты бәсеңдетіп, қажет жағдайда мүмкіндік болған кезде соңында келе жатқан көлік құралдарын өткізу үшін жол беруі тиіс.
11. а) Елді мекендерде кем дегенде екі қозғалыс жолағы сол және басқа бағытта қозғалу үшін арналған және ұзынша таңбамен белгіленген жолдарда осы Конвенцияның 10-бабы 3-тармағының ережелері қолданылмайды. Автокөлік құралдарының жүргізушілері олар үшін ең қолайлы қозғалыс жолағын пайдалана алады. Олар тек оңға немесе солға бұрылар, басып озар, тоқтар немесе тұраққа бұрылар алдында ғана осы маневрлерді реттейтін ережелерге сәйкес басқа қозғалыс жолағына шығуы тиіс.
b) жоғарыдағы а) тармағында көзделген жағдайда, жолдың шетіне жақын қозғалыс жолақтары бойынша келе жатқан көлік құралдарына қарағанда тез жүретін қозғалыс бағытына сәйкес келетін қозғалыс жолақтары бойынша келе жатқан көлік құралдары осы баптың мағынасы бойынша басып озушы болып есептелмейді; алайда осы баптың 9-тармағының ережелері қолданыла береді.
с)
жоғарыдағы а) тармақшасы автомагистральдарда, сондай-ақ автомобиль қозғалысына арналған және жеке меншік болып табылатын жақын учаскелерге кіру немесе шығу үшін пайдаланылмайтын, тиісінше белгіленген басқа да жолдарда немесе оларда сағатына 80 км артық қозғалыс жылдамдығы рұқсат етілген кез-келген жолдарда қолданылмайды.
12-бап. Қарсы жол айрығы
1. Қарсы жол айрығында көлік құралының жүргізушісі бүйірінен І жеткілікті бос кеңістік қалдыруға тиіс және қажет болған жағдайда қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолдың жүріс бөлігінің шетіне жақын жүреді; егер бұл ретте, оның қозғалысы кедергілердің немесе басқа жолды пайдаланушылардың болуына байланысты қиындаған болса, ол қозғалысты бәсеңдетеді және қажет болған жағдайда, алда келе жатқан көлік құралын немесе көлік құралдарын өткізу үшін тоқтауға тиіс.
2. Жол айырымы мүмкін емес немесе қиындатылған таулы жерлерде және осындай сипаттағы үлкен ылдилары бар жолдарда, айрыққа арналған жер жүріс бөлігінің ұзына бойы өрге қарай келе жатқан көлік құралының басқа көлік құралдарының жылдамдығы мен жағдайын ескере отырып, осыған байланысты көлік құралдарының бірі үшін артқа бұрылу қажеттігі болмай қалатын, оның алдындағы айрыққа арналған жерде тоқтай алатындай орналасқан жағдайды; есептемегенде, ылдиға қарай келе жатқан көлік құралының жүргізушісі тоқтауға немесе өрге қарай келе жатқан кез-келген көлік құралына жол беруге міндетті. Егер қарсы келген екі көлік құралы айырымы мақсатында артқан жағдайда, көлік құралдарының құрамдары барлық басқа көлік құралдарының алдында, ауыр көлік құралдары - жеңіл көлік құралдарының алдында және автобустар - жүк автомобильдерінің алдында басымдыққа не; егер әңгіме сол және басқа санаттағы көлік құралдары туралы болса, осындай маневр жасау өрге қарай келе жатқан көлік құралының жүргізушісі үшін едәуір жеңіл екені анық болған, әсіресе, егер соңғысы айрыққа арналған жерге жақын болған жағдайда, ылдиға қарай келе жатқан көлік құралының жүргізушісі артқа жүруге тиіс.
13-бап. Жылдамдық пен ара қашықтық
1. Көлік құралының жүргізушісі қозғалыс бағытындағы нақты көзге
көрінетін жағдайларда, сондай-ақ жүргізуші көре алатын жағдайдағы кез-келген кедергінің алдында көлік құралын тоқтата алуы үшін көлік құралы қозғалысының жылдамдығын өзгерткен кезде мән-жайларды, әсіресе жергілікті жердің рельефін, жолдың және көлік құралының жай-күйін, оның жүктемесін, атмосфералық жағдайларды және қозғалыстың қарқындылығын ұдайы ескеруге тиіс. Ол жылдамдықты бәсеңдетуге және қажет болғанда, мән-жағдайлар осыны қажет еткенде, әсіресе көзге көрінетін жағдай қанағаттанарлықсыз болғанда, әрқашан тоқтауға тиіс.
2. Жүргізуші ең темен жылдамдықпен қозғалып, басқа көлік құралдарының қалыпты қозғалысын ешбір ерекше себепсіз қиындатуға тиіс емес.
3. Басқа көлік құралының соңынан келе жатқан көлік құралының жүргізушісі алда келе жатқан көлік құралы күтпеген тежеу немесе тоқтаған жағдайда, соқтығыстың болмауы үшін тиісті ара қашықтықты сақтауы тиіс.
4. Осы бағытта қозғалуға арналған тек бір ғана жолағы бар елді мекендерден тыс жолдарда, басып озуды жеңілдету мақсатында оларға жылдамдықты арнайы шектеу таратылатын көлік құралдарының және габаритті ұзындығы 7 м асатын көлік құралдарының немесе көлік құралдары құрамдарының жүргізушілері олар басып озуды бастаған немесе оны жасаған жағдайды есептемегенде, өз көлік құралдары мен олардың алдында келе жатқан механикалық көлік құралдарының арасында оларды басып озатын көлік құралдары толық қауіпсіздікте, олар басып озған алдындағы көлік құралының қатарында тиісті орнын қайта ала алатындай ара қашықтықты ұстауға тиіс.
5. Осы Конвенцияның ешбір ережесі Уағдаласушы тараптар мен олардың аумақтық бөліністеріне барлық көлік құралдары не болмаса көлік құралдарының кейбір санаттары үшін жалпы немесе жергілікті жылдамдықты шектеуді ұйғаруға немесе кейбір жолдарда немесе жолдардың кейбір санаттарында не болмаса ең төменгі және ең жоғарғы жылдамдықты ұйғаруға немесе жолдарда ерекше, әсіресе олардың салмағы мен жүктемесі салдарынан қауіп төндіретін, көлік құралдарының кейбір санаттарының болуымен; негізделген ең аз ара қашықтықты ұйғаруға кедергі келтіретіндей түсіндірілмеуі тиіс.
14-бап. Маневрлерге қатысты жалпы ұйғарымдар
1. Қандай да бір маневр жасауға, мысалы, тұрақта тұрған көлік құралдарының қатарынан шығуға немесе оған кіруге, жолдың жүріс бөлігінің оң жағын немесе сол жағын алуға, әсіресе, қозғалыс жолағын ауыстыру үшін, басқа жолға шығу немесе жол жанындағы қожалыққа кіру үшін оңға немесе солға бұрылысты орындауға ниеттенген жүргізуші оны орындай алатынына көз жеткізгеннен кейін, оның соңында, алдында немесе қарсы келе жатқан жолды пайдаланушыларға қауіп төндірмей және олардың жағдайын, қозғалыс бағытын және жылдамдығын ескере отырып қана маневр жасайды.
2. Кері бұрылуға немесе артқа жүруге ниет білдірген жүргізуші басқа жолды пайдаланушыларға қауіп төндірмей және оларға кедергі жасамай, маневр жасай алатынына көз жеткізуі керек.
3. Бұрылу немесе бір жағына қарай қозғалумен байланысты маневр жасар алдында жүргізуші көрсеткішті немесе өз көлік құралының бұрылу көрсеткішін қосу, ал ондайлар болмаған жағдайда, егер мүмкін болса, сәйкес келетін қолымен сигнал беру арқылы өзінің ниеті туралы анық және алдын ала ескертуі керек. Көрсеткіштің немесе бұрылыстың көрсеткіштері арқылы берілетін сигнал маневр жасаудың барлық уақыты ішінде берілуі және ол аяқталғаннан кейін шұғыл түрде тоқтатылуы тиіс.
Женевада 1971 жылы 1 мамырда қол қойылған Еуропа келісіміне сәйкес бұрын Конвенцияда ұсыныс болған, 15-баптың ережелері міндетті болып
табылады.
15-бап. Қалалық көліктің үнемі желілерінде тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарына қатысты ерекше ұйғарымдар
Ұлттық заңнамада қалалық көліктің үнемі желілерінде тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын жеңілдету үшін елді мекендерде, осы Конвенцияның 17-бабы 1-тармағының ұйғарымдарын сақтаған жағдайда, басқа көлік құралдарының жүргізушілері қозғалысты бәсеңдетуге және қажет болған жағдайда, осы жалпы пайдалануға арналған көлік құралдарына тиісті түрде белгіленген аялдамадан шығу үшін қажетті маневр жасауы үшін тоқтауға тиіс екендігін қарастыру ұсынылады. Уағдаласушы тараптар мен олардың аумақтық бөліністері ұйғарған осындай ережелер жалпы пайдалануға арналған көлік құралдарының жүргізушілерін, бұрылыс көрсеткіштері арқылы қозғалысты қайта жалғастыру ниеті туралы сигнал бергеннен кейін, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау міндеттерінен босатпайды.
16-бап. Қозғалыс бағытын өзгерту
1. Басқа жолға шығу немесе жол жанындағы қожалыққа кіру үшін оңға немесе солға бұрылар алдында жүргізуші осы Конвенцияның 7-бабы 1-тармағының және 14-бабының ережелерін бұзбай,
а) егер қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақтан жолға шығуға
ниеттенсе, осы бағытқа сәйкес келетін жолдың жүріс бөлігінің шетіне, қаншалықты мүмкін болғанша, жақындауға, содан кейін ең қысқа ықтимал маневр жасауға;
b) егер ол жолға басқа жағынан шығуға ниеттенсе, Уағдаласушы тараптар мен олардың аумақтық бөліністерінде велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер үшін өзге ережелер ұйғару мүмкіндігі болған жағдайда, қаншалықты мүмкін болғанша, жүріс бөлігінің осіне (екі жақты қозғалысы бар жолдарда) немесе қозғалыс бағытына сәйкес келетін қарсы жаққа немесе шетіне (бір қозғалысты жолдарда) жақындауға, егер ол екі жақты қозғалысы бар басқа жолға шығуға ниеттенсе, қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақтан осы басқа жолдың жүріс бөлігіне шығатындай бұрылыс жасауға тиіс.
2. Қозғалыс бағытын өзгертуге байланысты маневр жасаған кезде жүргізуші, жаяу жүргіншілерге қатысты осы Конвенцияның 12-бабының ережелерін бұзбай, ол шықпақшы болған жүріс бөлігі бойынша қарсы бағытта келе жатқан көлік құралдарын, сондай-ақ ол шығып келе жатқан жүріс бөлігін қиып өтетін велосипед жолымен келе жатқан велосипедтер мен аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді өткізіп жіберуге тиіс.
17-бап. Қозғалысты ақырындату
1. Көлік құралының жүргізушісі, егер қауіпсіздік мақсатында ол талап етілмесе, кенеттен тежемеу керек.
2. Жылдамдығын едәуір төмендетуге ниеттенген жүргізуші, егер бұл төмендету тікелей қауіптіліктен туындамаса, басқа жолды пайдаланушылар үшін қауіпсіздік тудырмай және олардың қозғалысын қиындатпай, алдын ала оны орындай алатынына көз жеткізуі керек. Сонымен қатар жүргізуші оның соңында көлік құралдарының жоғына немесе олардың біршама алыс қашықтықта екеніне көз жеткізген жағдайлардан басқа кезде, қолымен тиісті белгі беру арқылы өзінің қозғалысты бәсеңдететіні туралы анық және ертерек көрсетуге тиіс; алайда, егер жылдамдықты төмендету туралы сигнал осы Конвенцияға 5-қосымшаның 31-тармағында көрсетілген көлік құралдарындағы тоқта-сигналдары арқылы берілсе, бұл ереже қолданылмайды.
18-бап. Көше қиылыстары және жол беру міндеті
1. Көше қиылысына жақындаған кезде жүргізуші жергілікті жағдайларға байланысты ерекше сақтық танытуға тиіс. Жүргізуші көлік құралын тоқтау және жүрудің басым құқығына ие көлік құралдарын өткізу мүмкін болатындай жылдамдықпен жүруі тиіс.
2. Ауыл аралық немесе қара жол болып табылмайтын ауыл аралық немесе Қара жолға шығатын жүргізуші осы жолмен келе жатқан көлік құралына жол теруге міндетті. Осы баптың мақсаттары үшін "ауыл аралық жол" және "қара-жол" терминдерінің мағыналары ұлттық заңнамада белгіленуі мүмкін.
3. Жол жанындағы қожалықтан жолға шыққан жүргізуші онымен келе жатқан жолды пайдаланушыларға жол беруге міндетті.
4. Осы баптың 7-тармағының ережелерін сақтаған жағдайда:
а) оң жақты қозғалыс белгіленген мемлекеттерде, осы баптың 2-тармағында және осы Конвенцияның 25-бабының 2 және 4-тармақтарында айтылғандардан өзге көше қиылыстарында, көлік құралының жүргізушісі оның оң жағында келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті;
b) сол жақты қозғалыс белгіленген мемлекеттерде көше қиылыстарындағы жол жүрудің басым құқығы жол белгілерімен және сигналдарымен немесе жол таңбаларымен реттеледі.
5. Егер жарық сигналдары жүруге рұқсат берсе, егер көше қиылысында оның тоқтауына мәжбүр болатындай кептелік қалыптасқан, қозғалысымен көлденең бағыттағы қозғалыс үшін бөгет немесе кедергі келтіретін болса, жүргізуші көше қиылысына шықпау керек.
6. Қозғалыс жарық жол сигналдарымен реттелетін көше қиылысына шыққан жүргізуші оған қажетті бағыттағы жолдың ашылуын күтпестен, алайда қозғалыс ашық бағыттағы басқа жолды пайдаланушылардың қозғалысына кедергі болмайтын жағдайда, көше қиылысынан шыға алады.
7. Көше қиылыстарында рельссіз көлік құралдарының жүргізушілері рельсті көлік құралдарына жол беруге міндетті.
8. Осы баптың ешбір ережесі Уағдаласушы тараптарға немесе олардың аумақтық бөліністеріне осы баптың 2-тармағында айтылған жол жүру кезектілігінің ережелерін барлық жол қозғалысына қатысушыларға таратуға кедергі болатындай түсіндірілмеуі керек.
19-бап. Темір жол өтпелері
1. Әрбір жолды пайдаланушы темір жол өтпесіне жақындағанда және өтпенің үстінен жүріп өткенде ерекше сақтық танытуға тиіс. Әсіресе:
а) көлік құралының жүргізушісі орташа жылдамдықпен жүруі тиіс;
b) тоқтауды ұйғаратын жарық немесе дыбыс сигналының көрсеткішін ескере отырып, ешбір жолды пайдаланушы шлагбаумы немесе жартылай шлагбаумы жабық немесе жартылай шлагбаумы енді көтеріле бастаған темір жол өтпесіне шықпауы тиіс;
с) егер темір жол өтпесі шлагбауммен, жартылай шлагбауммен немесе жарық сигналдарымен жабдықталмаса, ешбір жолды пайдаланушы өтпеге ешқандай рельсті көлік құралының жақындап қалмағанына көз жеткізбестен, одан жүріп өтуге тиісті емес;
d) жолды пайдаланушы темір жол өтпесінен тоқтамай өтуге тиіс; көлік құралы мәжбүрлі тоқтаған кезде, жүргізуші оны темір жол төмесінен алып шығуға тырысу керек, ал осылай істей алмаса, рельсті көлік құралдарының машинистерін ол туралы дер кезінде ескерту үшін өзіне байланысты барлық шараларды шұғыл қабылдайды.
20-бап. Жаяу жүргіншілерге қатысты ұйғарымдар
1. Жаяу жүргіншілер, мүмкіндігінше, жүріс бөлігін пайдаланбау керек, ал егер оны пайдаланса, сақтық сақтауға, қозғалысты қиындатпау және қажеттілігі болмаса ұстамау керек.
2. Егер жолдың жүріс бөлігінің шетінде жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін жарамды тротуар немесе жолдың жағалауы болса, соңғылар соларды пайдалану керек. Алайда, қажетті алдын ала сақтандыру шараларын қабылдай отырып,
а) рабайсыз бұйымдарды тасымалдаған немесе тасыған жаяу жүргіншілер, егер олардың тротуар немесе жолдың жағалауы бойынша қозғалуы басқа жаяу жүргіншілер үшін елеулі кедергі болатын болса, жүріс бөлігімен жүре алады;
b) жетекшілік ететін басшылары бар немесе салтанатты шеруді білдіретін жаяу жүргіншілердің топтары жүріс бөлігімен жүре алады.
Конвенцияның осы бабы 2-тармағының ережелеріне қарамастан, мүгедектер коляскасымен қозғалатын мүгедектер барлық жағдайларда да жолдың жүріс бөлігімен қозғалады.
3
.
Тротуарлар немесе жолдың жағасы болмаған кезде немесе оларды пайдалану мүмкін болмаған жағдайда жаяу жүргіншілер жүріс бөлігімен қозғала алады; егер велосипедке арналған жол болса және қозғалыс қарқындылығы мүмкіндік берсе, олар осы велосипедке арналған жолмен, алайда, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілерінің қозғалысын қиындатпай, жүре алады.
4. Жаяу жүргіншілер тікелей 2-тармақтан кейін және осы баптың 3-тармағынан кейін қосылуға жататын 2-тармақтың, қосымша тармақтың ережелеріне сәйкес жүріс бөлігімен қозғалып келе жатса, олар жүріс бөлігінің шетіне жақын орналасуы тиіс.
5. а) Елді мекендерден тыс жерлерде жолдың жүріс бөлігімен қозғалып келе жатқан жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытына сәйкес келетін қарсы жақты (егер ол олардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе және ерекше жағдайлар болмаған кезде) ұстану керек. Алайда, велосипед, аспалы қозғалтқышы бар велосипед немесе мотоцикл жүргізіп келе жатқан адамдар, мүгедектер коляскасымен қозғалатын мүгедектер, сондай-ақ жетекшілік ететін басшылары бар немесе салтанатты шеруді білдіретін жаяу жүргіншілердің топтары қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолдың жүріс бөлігі жағын ұстану керек. Салтанатты шерулерді қоспағанда, жүріс бөлігімен қозғалып келе жатқан жаяу жүргіншілер, егер бұны қозғалыс қауіпсіздігі талап етсе, әсіресе көру жағдайы
нашар болғанда немесе көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығы жоғары
болса, бірінің соңынан бірі, мүмкіндігінше тізіліп жүруге тиіс.
b) Осы тармақтың а) тармақшасының ережелеріне елді мекендерде де міндетті сипат беру керек.
а) таңбамен немесе тиісті белгімен немесе сигналмен белгіленген жаяу жүргіншілер өтпесінен тыс жүріс бөлігі арқылы еткен кезде жаяу жүргіншілер көлік құралдарының қозғалысын қиындатпай, осыны істей алатынына көз жеткізбей, жүріс бөлігіне шықпау керек. Жаяу жүргіншілер жолдың жүріс бөлігін оның осіне тура бұрыштан өту керек.
b) таңбамен немесе тиісті белгімен немесе сигналмен белгіленген жаяу жүргіншілер өтпесінен еткен кезде:
і) егер жаяу жүргіншілер өтпесінде жаяу жүргіншілер үшін жарық сигналдары болса, соңғылары осы сигналдардың көрсеткіштеріне бағынуы тиіс;
іі) егер жаяу жүргіншілер өтпесінде мұндай сигналдар болмаса, бірақ көлік құралдарының қозғалысы жарық жол сигналдарымен немесе реттеушімен реттелсе, жарық сигналы немесе реттеушінің белгісі көлік құралының қозғалысына рұқсат бергенше, жаяу жүргіншілер жүріс бөлігіне шықпау керек;
ііі) жүргіншілер өзге өтпелерде, жақындап қалған көлік құралдарына дейінгі қашықтықты және олардың жылдамдығын бағаламай, жолдың жүріс бөлігіне шықпау керек;
с) таңбамен немесе тиісті белгімен немесе сигналмен белгіленген жаяу жүргіншілер өтпесінен тыс жүріс бөлігінен өткен кезде, жаяу жүргіншілер көлік құралдарының қозғалысын қиындатпай, осыны істей алатынына көз жеткізбей, жүріс бөлігіне шықпау керек.
d) Жолдың жүріс бөлігіне шыққаннан кейін жаяу жүргіншілер өздерінің өтетін аралығын ұзартпау, кідірмеу немесе қажеттілігінсіз онда тоқтамау керек.
7. Алайда Уағдаласушы тараптар мен олардың аумақтық бөліністері жүріс бөлігінен өтетін жаяу жүргіншілер үшін едәуір қатаң ережелер ұйғаруы мүмкін.
21-бап. Жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге қатысты мінез-құлық ережелері
1. Осы Конвенцияның 7-бабы 1-тармағының, 11-бабы 9-тармағының және 13-бабы 1-тармағының ережелеріне залал келтірместен, таңбамен немесе тиісті белгімен немесе сигналмен белгіленген жаяу жүргіншілер өтпесінде мынадай ұйғарымдарды орындау керек:
а) егер осындай жаяу жүргіншілер өтпесіндегі көлік құралдарының қозғалысы жарық жол сигналдарымен немесе реттеушімен реттелсе, қозғалысқа тыйым салатын сигнал болған кезде жүргізушілер өтпенің алдында тоқтауға тиіс, ал қозғалысты жалғастыруға рұқсат алғанда, жүріс бөлігіне шығып үлгерген және Осы Конвенцияның 20-бабында көзделген жағдайларда жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге кедергі жасамау керек; егер жүргізуші ол шығатын жолда жаяу жүргіншілер өтпесі болса, оған шығуға бұрылыс жасаған кезде, бұрылысты аз жылдамдықта және осы Конвенцияның 20-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда өтпеге жақындаған немесе өте бастаған жаяу жүргіншілерді (қажет болғанда тоқтап) өткізіп барып орындайды;
b) егер осы өтпедегі көлік құралдарының қозғалысы жарық жол сигналдарымен де, реттеушімен де реттелмесе, жүргізушілер өтпеге жақындаған немесе өте бастаған жаяу жүргіншілерді қауіпті жағдайда қалдырмас үшін осы өтпеге жақындаған кезде тиісті түрде жылдамдықты төмендетуге тиіс.
2. Қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақтан, тиісті түрде белгіленген аялдама тұрған, жалпы пайдаланудағы көлік құралының жанынан өтуге ниеттенген жүргізушілер жылдамдықты төмендету және қажет болған жағдайда, қоғамдық көліктің жолаушыларына оған отыру немесе одан шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тоқтау керек.
3. Басқа жолға шығу үшін бұрылыс жасап жатқан жүргізушілер, таңбамен немесе тиісті белгімен немесе сигналмен белгіленген жаяу жүргіншілер өтпесінің жүріс бөлігінде болмаған жағдайда, Конвенцияның 7-бабы 1-тармағының және 13-бабы 1-тармағының ережелеріне залал келтірмей, осы басқа жолдың жүріс бөлігіне шыққан жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберуге (қажет жағдайда тоқтауға) міндетті. Сонымен қатар олар жалпы пайдаланудағы көлік құралына отыру үшін немесе одан шыққаннан кейін жолдың жүріс бөлігіне өтетін жаяу жүргіншілерге ерекше көңіл бөлу керек.
Егер белгілі бір жағдайларда, кейбір көлік құралдарының түрлеріне жаяу жүргіншілердің қозғалысына арналған жолға шығуға рұқсат берілген жағдайда, ұлттық заңнамада олардың арасында қандайда бір қақтығыстың туындауын болдырмау, сондай-ақ жүргізушілердің дер кезінде тоқтауы және жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмеуі үшін ең жоғары жылдамдыққа шектеу белгілеу үшін жол қозғалысына қатысушылардың мінез-құлқын реттейтін ережелер белгіленуі мүмкін.
Жүргізушілер онда мәжбүрлі тоқтамайтындарына алдын ала көз жеткізбей, жаяу жүргіншілер өтпесіне шықпау керек.
Жолдың шетіндегі аумақтан жолға шығатын немесе жолдан осындай аумаққа түсетін жүргізушілер жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберуге тиіс.
22-бап. Қауіпсіздік аралдары
Осы Конвенцияның 10-бабының ережелерін бұзбай, жүргізуші мына жағдайлардан басқа, егер
а) сигнал белгісі қауіпсіздік аралын, бағаншыны немесе құрылғыны қай жағынан айналып өту керектігін ұйғарса;
b) қауіпсіздік аралы, бағаншыны немесе құрылғы екі жақты қозғалыс белгіленген жолдардың жүріс бөлігінің осінде болса, ол қозғалып келе жатқан жүріс бөлігінде орнатылған қауіпсіздік аралдарын, бағаншыларды және басқа да құрылғыларды оң жағынан немесе сол жағынан айналып өте алады; соңғы жағдайда жүргізуші қауіпсіздік аралын, бағаншыны және басқа да құрылғыны қозғалыстың бағытына сәйкес келетін жақтан айналып өтуге тиіс.
23-бап. Аялдама және тұрақ
1. Елді мекендерден тыс аялдайтын немесе тұрақта тұратын көлік құралдары мен жануарлар, мүмкіндігінше, жүріс бөлігінен тыс жерде болуы керек. Олар велосипед жолдарында да, тротуарларда (ұлттық заңнамада рұқсат етілген жағдайлардан басқа) немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жағалауында да болмауы тиіс.
2. Жүріс бөлігіне аялдайтын немесе тұрақта тұратын жануарлар және көлік құралдары мүмкіндігінше жүріс бөлігінің шетіне қарай орналасады. Жүргізуші ол үшін қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақтың жүріс бөлігіне ғана аялдай немесе көлік құралын тұраққа қоя алады; алайда, егер рельсті жолдардың болуына байланысты қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақта тоқтау мүмкін болмаса, жүріс бөлігінің басқа жағында аялдамаға немесе тұраққа рұқсат етіледі. Сонымен қатар Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері:
і) белгілі бір жағдайларда, мысалы, қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақта тоқтауға тыйым салатын жол белгілері болса, жолдың жүріс бөлігінің басқа жағында аялдауға немесе тұраққа рұқсат;
іі) бір жақты қозғалыс белгіленген жолдың жүріс бөлігінде - басқа жақта немесе біруақытта қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақта ғана аялдауға және тұраққа;
ііі) арнайы белгіленген жерлерде жүріс бөлігінің ортасында аялдауға және тұраққа рұқсат бере алады.
b) Екі доңғалақты велосипедтерден, аспалы қозғалтқышы бар екі доңғалақты велосипедтерден және коляскасыз екі доңғалақты мотоциклдерден басқа, көлік құралдары жүріс бөлігінде екі қатармен тұраққа тұрмау керек. Аялдаған немесе тұрақта тұрған көлік құралдары, олардың конфигурациясы көлік құралдарының өзгеше орналасуына рұқсат беретін орындарды есептемегенде, жүріс бөлігінің шетіне параллель орналасуы тиіс.
3. а) Көлік құралдарының әрбір аялдамасы мен тұрағына жолдың жүріс бөлігінде:
і) жаяу жүргіншілер өтпесіне дейін кем дегенде 5 м ара қашықтықта, жаяу жүргіншілер өтпелерінде, велосипедшілерге арналған өтпелерде және темір жол өтпелерінде;
іі) егер ол трамвайлар мен пойыздардың қозғалысын қиындатса, жолдан өтетін немесе осы жолдарға жақын трамвай және темір жол жолдарында тыйым салынады.
Жол белгісі немесе сигнал не болмаса таңба өзге көрсеткіш бермесе, көше қиылыстарында және олардан жақын бұрыштан кем дегенде 5 м ара қашықтықта тыйым салынады.
b) Көлік құралының әрбір аялдамасы мен тұрағына ол қауіп төндіруі мүмкін кез-келген жерде, әсіресе:
і) арнайы белгіленген жерлерден басқа, эстакада мен туннельде;
іі) сынықтарға жақын жолдың жүріс бөлігінде және осы учаскедегі көлік құралдарының жылдамдығын ескере отырып, көлік құралының қауіпсіз айналып өтуі үшін жеткіліксіз көрінетін жағдайларда бұрылыстарда;
ііі) оған шығуға тыйым салатын ұзынша таңба мен аялдаған көлік құралының арасындағы ара қашықтық кем дегенде 3 м (10 фут) құраса және бұл ретте осы тармақтың b іі) тармақшасының ережесі қолданылмаса оған 1 тыйым салынады.
с) Жолдың жүріс бөлігінде әрбір көлік құралының тұрағына:
і) темір жол өтпелеріне жақын жерлерде - ұлттық заңнамада белгіленген ара қашықтықта және ұлттық заңнамада аз ара қашықтық көзделмесе, автобустардың, троллейбустардың немесе рельсті көлік құралдарының аялдамасынан екі жағынан кем дегенде 15 м ара қашықтықта;
іі) қақпадан шығатын қарсы бетке;
ііі) тұрақтағы көлік құралы басқа көлік құралының өзінің әдеттегі орнына немесе ол жерден шығатын жерге кедергі жасайтын кез-келген жерде;
iv) үш қозғалыс жолағынан тұратын жолдың жүріс бөлігінің ортасындағы жолақта - елді мекендерден тыс - басты жол ретінде тиісті белгілермен немесе сигналдармен белгіленген жолдың жүріс бөлігінде;
v) тұрақтағы көлік құралы жолды пайдаланушыларға жол белгілерін немесе жарық жол сигналдарын көрсетпей тұратын жерлерде тыйым салынады.
4. Жүргізуші жол-көлік оқиғасын болдырмау, ал егер әңгіме автомобильдер туралы болса, оны тиісті рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу үшін қажетті сақтану шараларын қабылдай отырып, ол өз көлік құралын, ал мал айдаушы өз малдарын қалдырмауға тиіс.
5. а) Елді мекеннен тыс жолдың жүріс бөлігіне аялдаған, аспалы қозғалтқышы бар екі доңғалақты велосипед немесе коляскасыз екі доңғалақты мотоциклден өзге әрбір механикалық көлік құралы, сондай-ақ тіркелген немесе тягачпен тіркелмеген тіркеме, ол туралы жақындап қалған жүргізушілерді уақтылы ескертетіндей:
і) егер жүргізуші Конвенцияның осы бабының 3-тармағы b) і) немесе іі) тармақтарының ережелеріне сәйкес аялдама тыйым салынған жерде көлік құралын тоқтатуға мәжбүр болса;
іі) жақындап қалған жүргізушілер кедергі болып табылатын тоқтаған көлік құралын көре алмаса немесе көп еңбектенгеннен кейін ғана байқау мүмкін болатындай жағдайларда белгі қоюы керек.
b) Осы тармақтың а) тармақшасының ережелеріне елді мекендерде де міндетті сипат беру керек.
с) Осы тармақтың ережелерін қолданған кезде, ұлттық заңнамада Конвенцияға 5-қосымшаның 56-тармағында көрсетілген құрылғылардың бірін пайдалануды көздеу ұсынылады.
6. Осы баптың ешбір ережесі Уағдаласушы тараптар мен олардың аумақтық бөліністеріне өзге тұрақ пен аялдамаға тыйым салуды көздеуде кедергі ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
7. а) Ішкі заңнама қозғалыс қабілеті шектеулі мүгедектерге тұраққа тыйым салынған мемлекеттік автожолдарда олардың көлік құралдарын тұраққа қоюға немесе шектеулі уақытқа қоятын тұрақтарда ұйғарылған уақыттан ұзақ ұстауға рұқсат бере алады.
b) Мемлекеттер қозғалыс қабілеті шектеулі адамдарға құжат бере алады, онда кем дегенде мүгедектерге арналған халықаралық символ мен иесінің тегі жазылады. Бұл құжат тиісті түрде, жоғарыдағы а) тармағында көрсетілген жеңілдіктерді кез-келген осындай адам пайдаланғанда көрсетіледі. Уағдаласушы тараптар басқа Уағдаласушы тараптар берген осындай құжаттарды қабылдайды және осындай құжаттары бар адамдарға жоғарыдағы а) тармағында көрсетілген жеңілдіктерді пайдалануға рұқсат береді.
24-бап. Көлік құралдарының есіктері
Көлік құралдарының есіктерін ашуға, оларды ашық қалдыруға немесе ол басқа жолды пайдаланушылар үшін қауіп тудырмайтынына көз жеткізбей, көлік құралынан шығуға тыйым салынады.
25-бап. Автомагистральдар және оған ұқсас жолдар
1. Автомагистральдарда, сондай-ақ автомагистральдарға арнайы шығар жерлерде және автомагистраль ретінде белгіленген жолдардан түсетін жолдарда:
а) жаяу жүргіншілердің, жануарлардың, велосипедтердің, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің, егер олар мотоциклдерге теңестірілмесе, автомобильдер мен олардың тіркемелерінен өзге, сондай-ақ ұлттық заңнамада белгіленген, олардың конструктивті жылдамдығы тегіс жолда белгілі бір көлемге жетпейтін, бірақ сағатына кем дегенде 40 км (25 миль) болуы тиіс автомобильдер мен олардың тіркемелерінің қозғалысына тыйым салынады;
b) жүргізушілерге:
і) тұрақ орны ретінде арнайы белгіленгеннен өзге жерлерде көлік құралын тоқтатуға немесе тұраққа қоюға тыйым салынады. Оған байланысты емес мән-жайлар бойынша аялдауға мәжбүр болған жүргізуші көлік құралын жүріс бөлігінен, сондай-ақ мәжбүрлі аялдау жолағынан шығаруға тырысу, егер ол осылай істей алмаса, жақындап қалған жүргізушілерді уақтылы ескерту үшін көлік құралын жеткілікті ара қашықтықта шұғыл белгілеу керек; егер әңгіме оларға Конвенцияның 23-бабы 5-тармағының әрекеті тарамайтын көлік құралдарының бірі туралы болса, онда ұлттық заңнамада Конвенцияға 5-қосымшаның 56-тармағында көрсетілген құрылғылардың бірін пайдалануды көздеу ұсынылады;
іі) кері бұрылуға немесе артқы жүріспен қозғалуға немесе ортадағы бөлу жолағына және жолдың екі жүріс бөлігінің көлденең қосылысына шығуға тыйым салынады;
ііі) ұлттық заңнамада белгіленуі мүмкін ұйғарымдарға сәйкес кортеждерге, шерулерге, автомобильді раллиге, жарнамалық автомобильдер жорығына, автомобилизм бойынша жарыстарға және көлік құралдары мен олардың прототиптерін техникалық сынауға тыйым салынады.
Автомагистральда бір бағытта қозғалу үшін үш немесе одан да көп қозғалыс жолақтары болса, оларға рұқсат етілген ең жоғары масса 3,5 т аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарының немесе ұзындығы 7 м асатын көлік құралдары құрамының жүргізушілеріне қозғалыс бағытына сәйкес келетін жүріс бөлігінің шетінде орналасқан қозғалыстың екі жолағынан басқа жолақтарға шығуға тыйым салынады.
2. Автомагистральға шығатын кезде жүргізушілер:
а) кіре беріс жолдың жалғасы болып табылатын қозғалысты үдету жолағы болмағанда, автомагистраль бойынша қозғалып келе жатқан көлік құралдарын өткізуге;
b) үдету жолағы болғанда, оған шығуға және осы Конвенцияның 14-бабы 1 және 3-тармақтарының ұйғарымдарына сәйкес автомагистральдағы қозғалысқа қосылуға тиіс.
3. Автомагистральдан шығар кезде жүргізуші автомагистральдан түсетін жерге жақын жолаққа дер кезінде шығып, мүмкіндігінше, егер қозғалысты ақырындату жолағы болса, оған тезірек шығу керек.
Қолдан істелген құрылғының көмегімен буксирге алынатын көлік құралдарына, ұлттық заңнамада көзделген жағдайларды есептемегенде, автомагистральға шығуға тыйым салынады. Автомагистральда қатардан шыққан және қолдан істелген құрылғының көмегімен буксирге алынатын бұзылған көлік құралдары жақын түсетін жерде автомагистральдан кетуі тиіс. Осы ережені қолданған кезде, қолдан істелген құрылғы арқанды, сымды және т.б. білдіреді.
4. Осы баптың алдыңғы тармақтарын қолданған кезде, автомагистральдарға автомобиль қозғалысына арналған және жол жанындағы қожалықтарға қызмет көрсетпейтін, тиісті түрде белгіленген басқа да жолдар теңестіріледі.
26-бап. Шерулерге және мүгедектерге қатысты ерекше ережелер
1. Жолды пайдаланушыларға жетекшісінің басшылығымен сап түзеп келе жатқан әскери колонналарды, мектеп оқушыларының топтарын және басқа шерулерді қиып өтуге тыйым салынады.
2. Өздері әрекетке келтіретін немесе жаяу жүргіншінің жылдамдығына сәйкес келетін коляскаларда қозғалатын мүгедектер осындай қозғалыс үшін жарамды тротуарлар мен жолдың жағалауларын пайдалана алады.
27-бап. Велосипедтердің, аспалы қозғалтқышы бар
велосипедтердің және мотоциклдердің жүргізушілеріне қатысты ерекше ережелер
1. Осы Конвенцияның 10-бабы 3-тармағының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері велосипедтердің жүргізушілеріне бір қатарда бірнеше адам болып қозғалуға тыйым сала алады.
2. Велосипедтердің жүргізушілеріне рульді ұстамай, ең болмағанда бір қолмен қозғалуға, буксир ретінде басқа көлік құралдарын пайдалануға немесе басқа жолды пайдаланушылар үшін басқаруға кедергі жасайтын немесе қауіп төндіретін нәрсемен тасымалдауға, буксирге алуға немесе итеруге тыйым салынады. Осындай ережелер аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілеріне де қолданылады, бірақ, бұдан басқа, Конвенцияға сәйкес ұйғарылған сигнал беру керек болған жағдайларды есептемегенде, олар рульді екі қолымен ұстауға тиіс.
3. Велосипедтердің және аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілеріне жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады; алайда Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері бұл ережеден шегінуге бере алады, әсіресе, велосипедке орнатылған қосымша отырғышта (отырғыштарда) жолаушыларды тасымалдауға рұқсат бере алады. Мотоциклдердің жүргізушілеріне жолаушыларды тек коляскада (егер ондай болса) және жүргізушінің артына жабдықталған қосымша отырғышта тасымалдауға рұқсат беріледі.
4. Аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілеріне велосипед жолдарымен қозғалуға рұқсат берілуі мүмкін, егер ол мақсатқа сай болса, оларға велосипед жолынан тыс жүріс бөлігімен қозғалуға тыйым салынуы мүмкін.
5. Ресми бекітілген қорғану шлемдерін пайдалану, ұлттық заңнамада көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, мотоциклдердің және аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілері үшін міндетті болып табылады.
27-бис-бап. Тиісті белгілермен белгіленген тұрғын
аймақтарында қолданылатын арнайы ережелер
Тиісті белгілермен белгіленген тұрғын аймақтарда:
а) жаяу жүргіншілер жолдың барлық көлемі бойынша қозғала алады. Балалар ойындарына рұқсат беріледі;
b) жүргізушілер ұлттық заңнаманың ұйғарымдарына сәйкес ең төмен жылдамдықпен қозғалу керек, кез-келген жағдайда олар сағатына 20 км (12 миль) аспау керек;
с) жүргізушілер жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруге немесе олардың қозғалыс бостандықтарын шектеуге тиіс емес. Қажет жағдайда олар көлік құралдарын тоқтатуға тиіс;
d) жаяу жүргіншілер автомобиль қозғалысына негізсіз кедергілер жасамауы тиіс;
е) тиісті белгілермен белгіленген жерлерден басқа орындарда тұраққа тыйым салынады;
f) қиылыстарда тұрғын аймақтан шығатын жол қозғалысына қатысушылар, ұлттық заңнаманың ұйғарымдарында өзгеше көзделмесе, басқа жол қозғалысына қатысушыларға жол беру керек.
27-тер-бап. Жаяу жүргіншілер аймағы
Ішкі заңнама жаяу жүргіншілер үшін бір немесе одан да көп жолдар қосылатын жаяу жүргіншілер аймағына арналған ережелерді көздей алады және көлік құралдарына рұқсат берудің ерекше жағдайларын көрсете алады.
27-кватер-бап. Жолдарда құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын орындайтын адамдарға қолданылатын ерекше ереже
Жолдарда құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын орындайтын адамдар күндізгі және түнгі уақытта алыс ара қашықтықтан көрінетін жарықтандыратын киімдерді пайдалану керек.
28-бап. Дыбыс және жарық сигналдары
1. Дыбыс және жарық сигнал құралдары:
а) жол-көлік оқиғасын болдырмауды дер кезінде ескерту үшін;
b) елді мекендерден тыс жерлерде, басқа көлік құралының жүргізушісін басып озу жасау ниеті туралы ескерту керек болғанда ғана қолданылады.
Дыбыс сигналдары қажеттен тыс ұзақ болмау керек.
2. Автомобильдердің жүргізушілері қараңғы түскеннен бастап және таң атқанға дейін дыбыс сигналдарының орнына осы Конвенцияның 33-бабының 5-тармағында көзделген жарық сигналдарын бере алады. Олар мұны күндіз де, егер ол мән-жайларға едәуір сәйкес болса, осы баптың "b" тармақшасында көрсетілген мақсаттарда істей алады.
3. Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері осы
баптың "b" тармақшасында көрсетілген мақсаттарда, сондай-ақ елді
мекендерде жарық сигналдарын беруге рұқсат бере алады.
29-бап. Рельсті көлік құралдары
1. Егер рельсті жол жолдың жүріс бөлігі бойынша өтсе, әрбір жолды пайдаланушы трамвай немесе басқа да рельсті көлік құралы жақындаған кезде, рельсті көлік құралын өткізіп жіберу үшін жолды барынша тез босатуға тиіс.
2. Рельсті көлік құралдарының автомобиль жолдары бойынша
қозғалысына қатысты Конвенцияның II-тарауында көзделген ережелерден ерекшеленетін арнайы ережелер қабылдануы мүмкін. Алайда бұл ережелер Конвенцияның 18-бабы 7-тармағының ережелеріне қайшы келмеу керек.
3. Олардың рельс жолы жолдың жүріс бөлігі бойынша өтетін, қозғалып келе жатқан немесе аялдаған рельсті көлік құралдарын басып озу қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақтан жүргізіледі. Егер жүріп өтетін жердің тар болуына байланысты қозғалыстың бағытына сәйкес келетін жақтан қарсы айрыққа немесе басып озуға болмаса, егер ол қарсы бағытта қозғалып келе жатқан жолды пайдаланушыларды қыспаған және қауіп төндірмеген жағдайда, бұл маневрлер қозғалыс бағытына сәйкес келетін жаққа қарсы беттен жүргізілуі мүмкін. Бір қозғалысты жүріс бөліктерінде, егер ол жол қозғалысының талаптарымен ақталса, басып озу қозғалыс бағытына сәйкес келетін жақтың қарсы бетінен жүргізіледі.
30-бап. Көлік құралдарының жүктері
1. Егер көлік құралы үшін рұқсат етілген ең жоғары салмақ белгіленген болса, онда көлік құралының жүктемемен салмағы рұқсат етілген ең жоғары салмақтан аспауы тиіс.
2. Кез-келген жүк орналастырылуға тиіс және қажет болған жағдайда ол:
а) адамдарға қауіп төндірмеу және мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүлікке залал келтірмеу, әсіресе сүйретілмеу немесе жолға түспеу;
b) көру жағдайы мен шолуды шектемеу, көлік құралының тұрақтығын бұзбау және оны басқаруды қиындатпау;
с) шу шығармау, шаң көтермеу және оларды болдырмауға болатын ыңғайсыздық тудырмау;
d) тоқта-сигналын қосып, оттарды және осы Конвенцияға немесе ұлттық заңнамаға сәйкес көлік құралдарында болуы тиіс жарықтандыратын құрылғыларды, тіркеу нөмірлерін және тіркеген мемлекеттің ерекшелік белгісін немесе осы Конвенцияның 14-бабы 3-тармағының немесе 17-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес қолмен берілетін сигналдарды жаппау үшін көлік құралына бекітілуі тиіс.
3. Жүкті бекіту және сақталуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын барлық қосалқы құрылғылар (арқандар, шынжыр, брезент) қатты тартылуы және мықты бекітілуі тиіс. Жүктің сақталуын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын барлық қосалқы құрылғылар осы баптың 2-тармағында жүкке қатысты көзделген талаптарды қанағаттандыруы тиіс.
4. Көлік құралының габаритінен алдынан, артынан немесе бүйірінен шығып тұрған жүк басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне байқалмай қалмайтындай жағдайларда көрінетіндей белгіленуі тиіс; күн батқаннан таң атқанға дейінгі кезеңде, сондай-ақ көрінетін жағдай жеткіліксіз болғанда, бұл сигналды берер алдында ақ оттың және ақ жарық беретін құрылғының, ал артынан қызыл оттың және қызыл жарық беретін құрылғының көмегімен жүзеге асырылады. Әсіресе, механикалық көлік құралдарында және олардың тіркемелерінде:
а) көлік құралының габаритінен артынан немесе алдынан кем дегенде 1 м шығып тұратын жүктер әрқашан белгілену керек;
b) көлік құралының габаритінен артынан кем дегенде 1 м шығып тұратын жүктер олардың сыртқы жағында орнатылған, жан-жағынан кемінде 0,40 м көрсетілген, ұдайы көлік құралының орташа ұзынша жазықтығына перпендикуляр түсетін тік жазықтықта болатындай, төртбұрышты немесе үшбұрышты табличкамен немесе тиісінше жарықтандыратын жоғарғы қабаты бар, жүктің соңына ілінген үш өлшемді қондырғымен белгілену керек. Табличкада қызыл және ақ жолақтар, ал үш өлшемді қондырғыда қызыл және ақ жолақтар немесе ашық түсті жағы болу керек. Қызыл және ақ түске боялған табличканың бір бөлігі жарық шағылыстыратындармен немесе жарық шағылыстыратын жабынмен жарақталуы тиіс. Жоғарыда аталған қондырғылардың жарықтандыратын немесе жарық шағылыстыратын ең жоғарғы нүктесі жолдың үстіңгі деңгейінен кем дегенде 0,40 м ара қашықтықта болуы тиіс;
с) қысқа ара қашықтыққа үнемі емес тасымалдаған жағдайда ішкі заңнама бұдан да қарапайым белгілерді көздей алады.
5. Осы баптың 4-тармағының ешбір ережесі Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністеріне аталған 4-тармақта айтылған көлік құралының габаритінен шығып тұратын жүктерді тасымалдауға тыйым салуға, шектеуге немесе арнайы рұқсатқа бағындыруға кедергі болатындай түсіндірілмеуі керек.
31-бап. Жол-көлік оқиғасы жағдайындағы жүргізушілердің мінез-құлқы
1. Ұлттық заңнаманың зардап шеккендерге көмек көрсету міндетіне қатысты ұйғарымдарын бұзбай, жол-көлік оқиғасына қатысты жүргізуші немесе кез-келген басқа жолды пайдаланушы:
а) қозғалыс үшін қосымша қауіптілік тудырмай, мүмкіндігінше тез тоқтауға;
b) жол-көлік оқиғасы болған жерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға және егер жол-көлік оқиғасының нәтижесінде ауыр жарақат алғандар немесе қайтыс болғандар болса, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етпейтін шамада, оқиға орнында ешнәрсе өзгертпеуге немесе жауапкершілікті анықтау үшін пайдалы болатын іздерді жоймауға;
с) жол-көлік оқиғасына қатысты басқа адамдардың талабы бойынша өзін атауға;
d) егер жол-көлік оқиғасының нәтижесінде ауыр жарақат алғандар немесе қайтыс болғандар болса, бұл туралы жол қозғалысы қызметіне хабарлауға және егер соңғысы оқиға орнынан кетуге рұқсат бермесе немесе ол жарақат алғандарға көмек көрсетуге немесе өзі медициналық көмек алуға тиіс болмаса, оқиға орнына қайтып келуге немесе жол қозғалысы қызметінің қызметкерлері келгенше, сол жерде қалуға тиіс.
Егер жол-көлік оқиғасының нәтижесінде тек материалдық залал келтірілсе және зардап шеккен тарап оқиға орнында болмаса, онда жол-көлік оқиғасына қатысты адамдар, мүмкіндігінше, өздерінің тегі мен мекенжайларын хабарлауға және қандай жағдайда да, мүмкіндігінше тез зардап шеккен тарапқа тікелей немесе полиция арқылы осы мәліметтерді хабарлауға тиіс.
2. Уағдаласушы тараптар және олардың аумақтық бөліністері, егер ешқандай дене жарақаты салынбаса және жол-көлік оқиғасына түскен адамдардың ешқайсысы бұл туралы полицияға хабарлауды талап етпесе, өздерінің ұлттық заңнамасында осы баптың "d" тармағында көрсетілген ережені ұйғармауы мүмкін.
32-бап. Түсіндіру: жалпы ұйғарымдар
1. Осы бапқа сәйкес "түн" термині қараңғы түскеннен бастап таң атқанға дейінгі аралықтағы уақыт кезеңін, сондай-ақ басқа көріну жағдайы жеткіліксіз болған, мысалы тұман, қар басу, қатты жауын салдарларын және туннельден өту сәттерін білдіреді.
2. Түнде:
а) аспалы қозғалтқышы бар велосипед немесе коляскасыз екі доңғалақты мотоциклден өзге, 5-қосымшаның 23 және 24-тармақтарында автомобильдер үшін көзделген ұйғарымдарға сәйкес жолдағы кез-келген механикалық көлік құралының алдыңғы жағында кем дегенде екі ақ немесе сары селективтік от, ал артқы жағында қызыл оттардың жұп саны қосылуға тиіс; алайда ұлттық заңнама автосары кіші фарларды пайдалануға рұқсат бере алады. Осы тармақшаның ережелері бір механикалық көлік құралы мен бір немесе бірнеше тіркемені қосатын құрамдарға қолданылады, бұл ретте қызыл оттар соңғы тіркеменің артқы жағында орналасуы тиіс; оларға осы Конвенцияға 5-қосымшаның 30-тармағының ұйғарымдары қолданылатын тіркемелерде түстері көрсетілген 30-тармақтың ұйғарымдарына сәйкес алдыңғы жағында екі ақ от қосылуға тиіс;
b) оларға осы тармақтың "а" тармақшасының ережелері қолданылмайтын жолдағы кез-келген көлік құралдарында немесе көлік құралдарының құрамдарында кем дегенде бір алдыңғы ақ немесе сары селективтік от және кем дегенде бір артқы қызыл от болуы керек; егер бір ғана алдыңғы немесе бір ғана артқы от болса, онда бұл от ортада немесе қозғалыс бағытына сәйкес келетін көлік құралы жағының қарсы бетіне орналастырылуы керек; көлік-арба және қол арба көліктеріне қатысты, онда көрсеткіш оттары бар құрылғыны көлік құралының осы жағында келе жатқан жүргізуші немесе оларға ілесіп жүруші адам ұстап жүреді.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген оттар басқа жолды
пайдаланушылар үшін көлік құралын анық көрсету керек; егер көлік құралының сипаттамасы, әсіресе оның ұзындығы, осындай жағдайларда аталған ұйғарымдар сақталатын болса, бір және сол от немесе бір және сол құрылғы алдыңғы және артқы оттың көзі бола алады.
4. а) осы баптың 2-тармағының ережелерінен шегіне отырып,
і) аталған 2-тармақтың ережелері олар алыс ара қашықтықтан анық көрінетіндей жарық түсетін жолда аялдаған немесе тұрақтағы көлік құралдарына қолданылмайды;
іі) олардың ұзындығы мен ені тиісінше 6 м (20 фут) және 2 м (6 фут және 6 дюйм) аспайтын және қандайда бір басқа көлік құралын буксирге алмайтын механикалық көлік құралдарында, елді мекенде жолда аялдаған немесе тұраққа қойған кезде, оның бойына осы көлік құралы аялдаған немесе тұрақта тұрған жүріс бөлігіне қарсы беттегі көлік құралы жағындағы бір ғана от қосылуы мүмкін; бұл от алдыңғы жағынан ақ немесе автосары және артқы жағынан қызыл немесе автосары болуы керек;
ііі) егер олар елді мекенде жүріс бөлігінің ең шетіне аялдаса немесе тұраққа тоқтаса, осы баптың 2-тармағының "b" тармақшасының ережелері батареялармен жарақталмаған екі доңғалақты велосипедтерге де, аспалы қозғалтқышы бар екі доңғалақты велосипедтерге де, коляскасыз екі доңғалақты велосипедтерге де қолданылмайды;
b) сонымен қатар ұлттық заңнама осы баптың ережелерінен:
і) жүріс бөлігінен тыс олар үшін арнайы арналған жерлерде аялдаған немесе тұрақта тұрған көлік құралдарына;
іі) қозғалысы ете темен тұрғын көшелерде аялдаған немесе тұрақта тұрған көлік құралдарына қатысты шегінуге рұқсат береді.
5. Ешбір жағдайда да көлік құралының алдыңғы жағында қызыл оттар, қызыл жарықтандыратын құрылғылар немесе қызыл жарықтандыратын материалдар, ал алдыңғы жағында ақ немесе сары селективтік оттар, ақ немесе сары селективтік жарықтандыратын құрылғылар немесе ақ немесе сары селективтік жарықтандыратын материалдар болмауы тиіс; бұл ұйғарым артқы жүрістің ақ немесе сары селективтік оттарын пайдалануға, артқы нөмірлік белгілерге цифрлар мен әріптерге немесе ерекшелік белгілеріне немесе олар ұлттық заңнамаға сәйкес талап етілуі мүмкін өзге ерекшелік белгілеріне ақшыл түсті жарықтандыратын қасиеттер беруге, осы нөмірлік немесе ерекшелік белгілерінің ақшыл фонына, жүріп өтудің басым құқығына ие кейбір көлік құралдарының айналып тұратын қызыл немесе жарқылдауық оттарына жарықтандыратын қасиеттер беруге жатпайды.
Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері қозғалыс қауіпсіздігі үшін залал келтірмей орындау мүмкін деп санаған шамада, өз ұлттық заңнамасында осы баптың ережелерінен:
а) көлік-арбалар мен қол арбаларға;
b) ерекше формасы немесе ерекше сипаты бар немесе ерекше мақсаттарда немесе ерекше жағдайларда пайдаланылатын көлік құралдарына қатысты ерекшелік жасайды.
7. Осы Конвенцияның ешбір ережесі осы баптың 2-тармағының "b" тармақшасында белгіленген жағдайларда жүріс бөлігі бойынша қозғалып келе жатқан жетекшілері басқаратын жаяу жүргіншілер топтарының немесе шерулердің, сондай-ақ малдарды, табындарды, жегілген, жүк артылған немесе салт мінетін жануарларды айдаушылардың жарықтандыратын құрылғысы немесе оттың болуын ұлттық заңнамада кедергі ретінде түсіндірмеу керек; бұл жағдайда сәуле түсетін немесе сәуле шашатын жарық алдыңғы жағында ақ немесе сары селективтік және артқы жағынан қызыл не болмаса алдыңғы және артқы жағынан автосары болу керек.
33-бап. Түсіндіру: 5-қосымшада көзделген оттарды пайдалану шарттары
1. Осы Конвенцияға 5-қосымшада айқындалған, алыс жарық оттары, жақын жарық оттары және кіші фарлары бар көлік құралдарының жүргізушілері осы Конвенцияның 32-бабына сәйкес көлік құралы алдыңғы жағынан кем дегенде бір немесе екі ақ немесе сары селективтік оттармен белгілену керек болатын төменде берілген жағдайларда:
а) алыс жарық оты, егер жол жеткілікті жарық болса, елді мекендерде де, елді мекендерден тыс жерлерде де, егер жүріс бөлігі бір қалыпты жарықтандырылса және бұл жарықтандыру жүргізушіге жеткілікті ара қашықтықта жақсы көріну жағдайын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болса, аялдамада да қосылмау керек;
b) ұлттық заңнамада көріну жағдайы жеткіліксіз, мысалы тұманда, қар жауғанда, қатты жауында немесе туннельден өткенде күндіз алыс жарық отты пайдалануды шешу мүмкіндігін ескере отырып, алыс жарық отты қоспау және көзге шағылысатындай етіп бағыттамау керек:
і) қарсы айрықтарда жарық оттары пайдаланылған кезде олар жеткілікті ара қашықтықта қосылу керек немесе көзге шағылыспау үшін реттелетін болуы керек және қарсы көлік құралының жүргізушісіне асықпай және қауіпсіз қозғалысты жалғастыру мүмкіндігін беруге тиіс;
іі) егер көлік құралы шағын ара қашықтықта басқа көлік құралының соңында келе жатса; алайда осы Конвенцияның 28-бабында көзделген жағдайларда басып озу ниетін көрсету үшін осы 5-тармағының ережелеріне сәйкес алыс жарық оты пайдаланылуы мүмкін;
ііі) басқа да жолды пайдаланушылар немесе жолдың бойынан ететін су және темір жолды пайдаланушылардың көзіне шағылыстыру жағдайларын болдырмаған басқа жағдайларда;
с) осы тармақтың d) тармақшасының ережелерін сақтаған жағдайда жақын жарық оттары қосылып тұру керек, жоғарыда келтірілген "а" және "d" тармақшаларының ережелеріне сәйкес алыс жарық отын пайдалануға тыйым салынған жағдайда және олар алыс жарық оттарының орнына пайдаланылғанда, жақын жарық оты жеткіліксіз болғанда, жүргізушіге жеткілікті ара қашықтықта, ал басқа пайдаланушыларға осы көлік құралын жеткілікті ара қашықтықта анық көру үшін;
d) кіші оттарды алыс жарық оттармен, жақын жарық оттармен немесе тұманға қарсы оттармен бірге пайдалану керек, көлік құралы тоқтаған немесе тұрақта тұрған кезде немесе автомагистральдар мен осы Конвенцияның 25-бабының 4-тармағында көрсетілгендерден басқа жолдарда жүргізуші жеткілікті ара қашықтықта жақсы көретін, ал басқа жолды пайдаланушылар көлік құралын жеткілікті ара қашықтықта көре алатын жағдайда.
2. Егер көлік құралында осы Конвенцияға 5-қосымшада айқындалған тұманға қарсы оттар болса, оларды тұман, қар жауу немесе қатты жауын уақытында пайдалануға болады. Осы баптың 1-тармағы тармақшасының ережелерінен шегіне отырып, тұманға қарсы оттарды қосқан кезде, жақын жарық оттар сөндірілу керек, алайда ұлттық заңнама бұл жағдайда тұманға қарсы фарлар мен жақын жарық фарларды біруақытта қосуға рұқсат бере алады.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерінен шегіне отырып, ұлттық заңнама тұманға қарсы фарларды тұман, қар жауу немесе қатты жауын болмаған кезде де бұрылыстар саны көп тар жолдарда қосуға рұқсат бере алады.
4. Осы Конвенцияның ешбір ережесі Уағдаласушы тараптарға жақын жарық оттарын пайдалану міндеттерін жүктеуге кедергі ретінде түсіндірілмеуі керек.
5. Осы Конвенцияның 28-бабының 2-тармағында айтылған жарық
сигналдары алыс және жақын жарық оттарын көп немесе қысқа уақытқа
жағуды және сөндіруді немесе жақын және алыс жарық оттарын қысқа уақытқа кезекпен қосуды білдіреді.
34-бап. Шегіністер
1. Арнайы жарық және дыбыс аспаптары арқылы сигнал беретін, басым құқықты пайдаланатын көлік құралдары жақындаған кезде, әрбір жолды пайдаланушы жүріс бөлігінен оған орын босатуға және қажет жағдайда тоқтауға тиіс.
2. Көлік құралының арнайы сигнал аспаптарымен өзінің жақындағаны туралы сигнал берген және басқа да жолды пайдаланушыларға қауіп төндірмейтін жағдайда, жүріп өтудің басым құқығына ие көлік құралдарының жүргізушілері 6-баптың 2-тармағының ережелерінен өзге, Конвенцияның II-тарауының осы Келісімде жазылған өзгертілген редакциядағы барлық немесе кейбір ережелерін орындамауға болады. Бұл көлік құралдарының жүргізушілері, егер олардың жүруінің шұғыл сипаты ақталған жағдайда ғана осы сигнал аспаптарын пайдалана алады.
3. Ұлттық заңнамада жолдарды салу, жөндеу немесе ұстау
жұмыстарымен айналысатын персоналдың, осы жұмыстарда пайдаланылатын тетіктердің жүргізушілерін қоса алғанда, қажетті сақтандыру шараларын
қабылдаған жағдайда, жұмыс уақытында осы II-тараудың ережелерін қандай деңгейде сақтамауы мүмкін екендігін көздей алады.
4. Осы баптың 3-тармағында айтылған тетіктер жол жұмыстарына пайдаланғанда, оларды басып озу немесе қарсы айрық мақсатында басқа көлік құралдарының жүргізушілері қажет болғанда және барлық сақтық шараларын сақтаған жағдайда осы Конвенцияның 11 және 12-баптарының ережелерін сақтамауға болады.
III-тарау.
Автомобильдер мен тіркемелерді халықаралық қозғалысқа жіберу жағдайлары
35-бап. Тіркеу
1. а) Осы Конвенцияның ережелері Уағдаласушы тараптардың бірімен немесе оның аумақтық бөліністерінің бірімен тіркелген, халықаралық қозғалыстағы автомобильдерге, автомобильге тіркелген жеңіл тіркемелерден өзге тіркемелерге қолданылады, бұл ретте автомобиль жүргізушісінде осы Уағдаласушы тараптың немесе оның аумақтық бөліністерінің тиісті құзыретті органының не болмаса Уағдаласушы тараптың немесе оның аумақтық бөлінісінің атынан осыған уәкілеттік берілген бірлестіктің тіркеу фактісін растау үшін берген тіркеу туралы куәлік болу керек. Тіркеу туралы куәлікте кемінде:
оның құрамдас элементтері осы Конвенцияға 2-қосымшада көрсетілген, тіркеу нөмірі деп аталатын, реттік нөмір;
көлік құралының алғаш тіркелген күні;
куәлік иесінің тегі, аты және тұрғылықты жері;
көлік құралын дайындаушы-зауыттың атауы немесе фабрикалық маркасы;
шассидің реттік нөмірі (зауыттың немесе дайындаушы-зауыттың сериялық нөмірі);
әңгіме жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралы туралы болса, рұқсат етілген ең жоғары салмақ;
мерзімі шектеулі болса, әрекет ету мерзімі көрсетілу керек.
Куәлікте көрсетілген деректер тек латын әріптерімен немесе жазбаша не болмаса осы тәсілдердің бірімен қайталанып жазылады.
b) Алайда Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері олардың аумағында берілген куәліктерде алғаш тіркеу күнінің орнына шығарылған жылы көрсетілетінін шеше алады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерінен шегіне отырып, тіркемеден ағытылған жай-күйдегі халықаралық қозғалыстағы жартылай тіркемелері бар көлік құралына, егер тягач пен жартылай тіркеме бірге тіркелсе де және тіркеу туралы бір ғана куәлік болса да, оларға осы Конвенцияның ережелері таратылады.
3. Осы Конвенцияның ешбір ережесі Уағдаласушы тараптардың немесе олардың аумақтық бөліністерінің көлік құралындағы адамның атына тіркелмеген, халықаралық қозғалыстағы көлік құралын басқаруға жүргізуші құқығын растауды талап етуді шектейтін құқық ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
4. Мұны істемеген Уағдаласушы тараптарға оған пайдалануға
тапсырылатын автомобильдерді ұлттық немесе өңірлік ауқымда тіркеу және әрбір көлік құралы бойынша тіркеу туралы куәліктегі мәліметтердің орталықтандырылған есебін жүргізу тапсырылатын орган құру ұсынылады.
36-бап. Тіркеу нөмірі
1. Халықаралық қозғалыстағы әрбір автомобильдің алдында және
артында тіркеу нөмірі орналасу керек; алайда мотоциклдерде бұл нөмір артта орналасуға тиіс.
2. Халықаралық қозғалыстағы тіркелген әрбір тіркеменің артында тіркеу нөмірі орналасу керек. Егер автомобиль бір немесе бірнеше тіркемені буксирге алса, онда бір тіркемеде немесе соңғы тіркемеде, егер олар тіркелмесе, олар тіркелген автомобильдің тіркеу нөмірі болуы тиіс.
3. Осы бапта көрсетілген тіркеу нөмірінің құрамдас элементтері мен енгізу тәсілдері осы Конвенцияға 2-қосымшаның ұйғарымдарына сәйкес болуы тиіс.
37-бап. Тіркеген мемлекеттің ерекшелік белгісі
1. Халықаралық қозғалыстағы әрбір автомобильдің артында, оның тіркеу нөмірінен басқа, ол тіркелген мемлекеттің ерекшелік белгісі болуы тиіс.
2. Автомобиль буксирге алатын, осы Конвенцияның 36-бабына сәйкес артында тіркеу нөмірі болуы тиіс әрбір тіркеменің артында осы тіркеу нөмірін берген мемлекеттің ерекшелік белгісі болу керек. Осы тармақтың ұйғарымдары, егер тіркеме ол тіркелген көлік құралын тіркеген мемлекеттен өзге мемлекетте тіркелген жағдайда да қолданылады; ол осы мемлекеттің аумағы бойынша қозғалатын жағдайды есептемегенде, оның артында көлік құралы-тягачты тіркеген мемлекеттің ерекшелік белгісі болуы тиіс.
3. Осы бапта көрсетілген ерекшелік белгісінің құрамдас элементтері мен енгізу тәсілдері осы Конвенцияға 3-қосымшаның ұйғарымдарына сәйкес болуы тиіс.
38-бап. Айыру белгілері
Халықаралық қозғалыстағы әрбір автомобильде және әрбір тіркемеде осы конвенцияға 4-қосымшада айқындалған айыру белгілері болуы тиіс.
39-бап. Техникалық ұйғарымдар
Халықаралық қозғалыстағы әрбір автомобиль, әрбір тіркеме және көлік құралдарының әрбір құрамы осы Конвенцияға 5-қосымшаның ережелерін қанағаттандыру керек. Сонымен қатар олар ақаусыз күйде болуы тиіс.
40-бап. Ауыспалы ереже
Осы Конвенция күшіне енген сәттен бастап он жыл ішінде 47-баптың 1-тармағына сәйкес халықаралық қозғалыстағы тіркемелерге, рұқсат етілген ең жоғары салмаққа қарамастан, бұл көлік құралдары тіркелмеген жағдайларда да осы Конвенцияның ережелері таратылады.
IV-тарау
Автомобиль жүргізушілері
41-бап. Жүргізуші куәліктерінің жарамдылығы
1.Уағдаласушы тараптар:
а) олардың ұлттық тілінде немесе ұлттық тілдерінің бірінде толтырылған не болмаса егер мұндай тілде толтырылмаса, расталған аудармасы бірге жүретін кез-келген ұлттық жүргізуші куәлігін;
b) осы Конвенцияға 6-қосымшаның ұйғарымдарына сәйкес келетін кез-келген ұлттық жүргізуші куәлігін;
с) егер көрсетілген куәлік жарамды болып табылса және оны екінші Уағдаласушы тарап немесе Уағдаласушы тараптың осыған уәкілетті оның аумақтық бөліністерінің не болмаса бірлестіктерінің бірі немесе оның аумақтық бөліністерінің бірі осы Конвенцияға 7-қосымшаның ұйғарымдарына сәйкес келетін басқару үшін куәлік берілген көлік құралдарының тиісті санатындағы автомобильді басқару үшін өзінің аумағында жарамды кез-келген ұлттық жүргізуші куәлігін мойындайтын болады. Осы тармақтың ережелері оқушы-жүргізушінің жүргізуші куәлігіне қолданылмайды.
2. Алдыңғы тармақтағы ережелерге қарамастан,
а) егер жүргізуші куәлігінің жарамдылығы жүргізушінің мүгедектігін ескере отырып, осы адамның кейбір құралдарды алып жүруін қажет ететін немесе көлік құралын кейбір қайта жабдықтауды көздейтін арнайы белгіге байланысты болса, бұл куәлік осы ұйғарымдарды сақтаған жағдайда ғана жарамды деп есептеледі;
b) Уағдаласушы тараптар өз аумағында иесі он сегіз жасқа толмаған жүргізуші куәлігін жарамды деп тани алмайды;
с) әрбір Уағдаласушы тарап өз аумағында автомобильдерді немесе осы Конвенцияға 6 және 7-қосымшаларда айтылған көлік құралдарының составын басқару үшін иелері жиырма екі жасқа толмаған жүргізуші куәліктерін жарамды деп тани алмайды.
3. Уағдаласушы тараптар осы баптың 1-тармағының "а", "b" және "с" тармақшаларында көрсетілген ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері олардың аумағында жүргізушінің көлік құралын басқару қабілеті мен дене бітімі әзірлігіне саналы кепілсіз берілмеуі үшін қажетті шаралар қабылдауға міндеттенеді.
4. Осы баптың 2-тармағының "с" тармақшасы қолданылған жағдайда:
а) осы Конвенцияға 6 және 7-қосымшаларда көрсетілген В санатындағы автомобильдер жеңіл тіркемені буксирге ала алады; егер мұндай составтың рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг (7700 фунт) аспаса, ол рұқсат етілген ең жоғары салмағы 750 кг (1650 фунт) асатын, бірақ жүктемесіз автомобильдің салмағынан аспайтын тіркемені буксирге ала алады;
b) осы Конвенцияға 6 және 7-қосымшаларда көрсетілген С және D санаттарының автомобильдері жеңіл тіркемені буксирге ала алады, бұл ретте мұндай состав С санатына немесе D санатына кіруін жалғастырады.
5. Халықаралық жүргізуші куәлігі осы Конвенцияда көзделген ең төменгі талаптарды ескере отырып берілген ұлттық жүргізуші куәлігінің негізінде ғана берілуі мүмкін. Нөмірі халықаралық жүргізуші куәлігіне қойылуы тиіс тиісті ұлттық жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін халықаралық жүргізуші куәлігі күшін жояды.
6. Осы баптың ережелері Уағдаласушы тараптарды:
а) осы жүргізуші куәлігін беру сәтінде олардың аумағында әдеттегі тұрғылықты жері болған немесе осы куәлік берілгеннен кейін олардың аумағында өзінің әдеттегі тұрғылықты жерін ауыстырған адамдарға басқа Уағдаласушы тараптың аумағында берілген ұлттық немесе халықаралық жүргізуші куәліктерін жарамды деп тануға;
b) куәлікті беру сәтінде әдеттегі тұрғылықты жері куәлік берілген аумақта болмаған немесе куәлік берілгеннен кейін өзінің тұрғылықты жерін басқа аумаққа ауыстырған жүргізушілерге берілген жоғарыда көрсетілген жүргізуші куәліктерінің жарамдылығын тануға міндеттемейді.
42-бап. Жүргізуші куәліктерінің жарамдылығын тоқтату
1. Уағдаласушы тараптар немесе олардың аумақтық бөліністері олардың заңнамасына сәйкес жүргізуші куәлігін пайдалану құқығын айырым көзделген ережелерді жүргізуші бұзған жағдайда олардың аумағында ұлттық немесе халықаралық жүргізуші куәлігін пайдалану құқығынан оны айыра алады. Бұл жағдайда жүргізушіні жүргізуші куәлігін пайдалану құқығынан айырған Уағдаласушы тараптың құзырлы органы немесе оның аумақтық бөлінісі:
а) жүргізуші куәлігін алып және қай мерзім бірінші болғанын ескере отырып, оны бұл куәлік алынған мерзім өткенге дейін немесе жүргізушінің осы аумақтан шығу сәтіне дейін ұстай алады;
b) жүргізуші куәлігін берген немесе оның атынан берілген органды осы куәлікті пайдалану құқығынан айыру туралы хабарландыра алады;
с) егер әңгіме халықаралық жүргізуші куәлігі туралы болса, осы үшін арнайы көзделген орынға көрсетілген жүргізуші куәлігінің осы аумақта жарамдылығы біткені туралы белгі қоя алады;
d) осы баптың "а" тармақшасында айтылған рәсімді ол қолданбаған жағдайда "b" тармақшасында айтылған хабарламаға қосымша жүргізуші куәлігін берген немесе оның атынан берілген органнан мүдделі адамға оған қатысты қабылданған шешім туралы хабарлауды сұрай алады.
2. Уағдаласушы тараптар мүдделі адамдарға осы баптың 1-тармағының "d" тармақшасында көзделген рәсімге сәйкес оларға хабарланатын шешімдер туралы хабарлауға талпынатын болады.
3. Осы Конвенцияның бірде-бір ережесі ұлттық немесе халықаралық жүргізуші куәлігі бар жүргізушіге оның жай-күйі қозғалыс үшін қауіп төндірмей көлік құралын жүргізе алмайтыны көрініп тұрса және дәлелденсе немесе егер оның әдеттегі тұрғылықты жері орналасқан мемлекетте ол жүргізу құқығынан айырылған болса, оның автомобиль басқаруына тыйым салуда. Уағдаласушы тараптарға немесе олардың аумақтық бөліністеріне кедергі келтіретін ретінде түсінілмеуі тиіс.
43-бап. Өтпелі ереже
1949 жылы 19 қарашада Женевада қол қойылған Жол қозғалысы туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес келетін және осы Конвенцияның 47-бабының 1-тармағына сәйкес осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде берілген халықаралық жүргізуші куәліктері осы Конвенцияның 41 және 42-баптары қолданылғанда осы Конвенцияда көзделген халықаралық жүргізуші куәлігіне теңестірілетін болады.
V Тарау
Велосипедтерді және аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді халықаралық қозғалысқа жіберу шарттары
44-бап
1. Халықаралық қозғалыстағы қозғалтқышы жоқ велосипедтер:
а) тиісті тежегішпен;
b) белгілі бір қашықтықта естілетін қоңыраумен, басқа түрлі дыбыстық сигнал құралдарына тыйым салынады;
с) артқы қызыл жарық шашыратқыш аспаппен және алдыңғы ақ немесе сары жарықты және артқы қызыл жарықты сәулелендіретін аспаптармен жарақталуы тиіс.
Бүйірлерінде: дөңгелектерінің шыбықтарына бекітілген жарық шашыратқыш автосары түстен тұратын бүйір сигнализациясы немесе тұйық шеңбер түрінде жарық шашыратқыш құрылғысы болуы керек.
2. Осы Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес аспалы қозғалтқышы бар велосипедті мотоциклдерге теңестіру туралы мәлімдеме жасамаған Уағдаласушы тараптардың аумағында халықаралық қозғалыстағы аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер:
а) екі тәуелсіз тежегішпен;
b) белгілі бір қашықтықта естілетін қоңыраумен немесе басқа дыбыстық сигнал құралымен;
с) тиімді сөндіргішпен;
d) артқы қызыл жарықшашыратқышпен, алдыңғы жағынан ақ немесе сары селетивтік түсті фонарьмен және артқы қызыл түсті отпен;
е) анықтауышы осы Конвенцияға 4-қосымшадағы тану белгісімен жарақталуы тиіс.
Оларда автосары түсті жарықшашыратқыштан немесе тұйық шеңбер түрінде жарықшашыратқыш құрылғылардан тұратын бүйір сигнализациясы болуы тиіс.
2. Осы Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес аспалы қозғалтқышы бар велосипедті мотоциклге теңестіру туралы мәлімдеме жасаған Уағдаласушы тараптардың аумағында халықаралық қозғалысқа жіберілген болуы үшін аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер жауап беруі тиіс талаптар осы Конвенцияға 5-қосымшадағы талаптар болып табылады.
VI Тарау
Қорытынды ережелер
45-бап
1. Осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің
барлығы немесе кез-келген мамандандырылған мекемелер мүшелерінің, немесе Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік мүшелерінің, немесе Халықаралық Сот Статуты тараптарының және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы осы Конвенцияның Тарапы болуға шақырған кез-келген басқа мемлекеттің қол қоюы үшін Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде 1969 жылғы 31 қаңтарға дейін ашық.
2. Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялау
грамоталары сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына беріледі.
КСРО осы Конвенцияны КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1974 жылғы 29 сәуірдегі N 5938-VIII Жарлығымен ратификациялады. КСРО-ның ратификациялау грамотасы сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына 1974 жылғы 7 маусымда тапсырылды.
3. Осы Конвенцияға қол қою немесе ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтау үшін тапсыру сәтінде әрбір мемлекет өзі таңдаған айырым белгісі туралы Бас хатшыға хабарлауы тиіс, ол осы Конвенцияға 3-қосымшаға сәйкес халықаралық қозғалыстағы ол тіркеген көлік құралдарына қойылатын болады. Бас хатшыға жіберілетін кейінгі нотификация арқылы әрбір мемлекет өзі бұрын таңдаған айырым белгісін өзгерте алады.
46-бап
1. Әрбір мемлекет осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау кезінде немесе оған қосылу кезінде немесе кейін кез-келген сәтте Бас хатшыға жіберілетін нотификация арқылы Конвенция барлық аумақтарында немесе аумағының бөлігіне қолданылатынын мәлімдей алады, олардың сыртқы байланысты қатынасы үшін жауап береді. Конвенция нотификацияда көрсетілген аумақта немесе аумақтарда Бас хатшы аталған нотификацияны алған күннен бастап отыз күн өткен соң немесе егер бұл күн кешірек болса, нотификация жасаған мемлекетке қатысты Конвенция күшіне енген сәтте қолданыла бастайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған әрбір мемлекет кейін кез-келген сәтте Бас хатшыға жіберілетін нотификация арқылы Конвенцияны нотификацияда көрсетілген аумақта қолданудың тоқтатылатынын мәлімдей алады және Бас Хатшы осы нотификацияны алған күннен бастап бір жыл өткен соң Конвенцияның нотификацияда көрсетілген аумақта қолданылуы тоқтатылады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес нотификация жасаған әрбір мемлекет Бас хатшыға өзі таңдаған айырым белгісі немесе белгілері туралы хабарлайды, олар осы Конвенцияға 3-қосымшаға сәйкес тиісті аумақта немесе аумақтарда тіркелген халықаралық қозғалыстағы көлік құралдарына қойылатын болады. Бас хатшыға жіберілетін келесі нотификация арқылы әрбір мемлекет өзі бұрын таңдаған айырым белгісін өзгерте алады.
47-бап
1. Осы Конвенция ратификациялау немесе қосылу туралы он бесінші құжат сақтау үшін тапсырылған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін күшіне енеді.
2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын немесе қосылатын әрбір мемлекетке қатысты ратификациялау немесе қосылу туралы он бесінші құжат сақтау үшін тапсырылғаннан кейін Конвенция осы мемлекет ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтау үшін тапсырған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін күшіне енеді.
48-бап
Осы Конвенция күшіне енген сәттен бастап ол 1926 жылы 24 сәуірде Парижде қол қойылған Автомобиль қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның және Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның, қол кою үшін 1943 жылғы 15 желтоқсанда Вашингтонда ашық Америка елдері арасындағы автомобиль қозғалысының ережелері туралы конвенцияның, қол қою үшін 1949 жылғы 19 қыркүйекте Женевада ашық Жол қозғалысы туралы конвенцияның күшін жояды және Уағдаласушы тараптар арасындағы қатынастарда оны ауыстырады.
49-бап
1. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бір жылдан соң әрбір
Уағдаласушы тарап Конвенцияға бір немесе бірнеше түзетулер ұсына алады. Ұсынылған кез-келген түзетудің мәтіні түсіндірме меморандуммен бірге Бас хатшыға жіберіледі, ол оны барлық Уағдаласушы тараптарға қайта жолдайды. Уағдаласушы тараптар осы мәтінді қайта жолдаған күннен бастап он екі ай мерзімде: а) олар түзетуді қабылдайтыны, b) олар түзетуді қабыл алмайтыны немесе с) осы түзетуді қарау үшін конференция шақырылғанын қалайтыны туралы оған хабарлауға мүмкіндігі бар. Бас хатшы сондай-ақ ұсынылған түзету мәтінін осы Конвенцияның 45-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық басқа мемлекеттерге жібереді.
2. а) Алдыңғы тармаққа сәйкес таратылған кез-келген ұсынылған түзету егер жоғарыда айтылған он екі ай мерзім ішінде Уағдаласушы тараптардың кемінде үштен бірі олар түзетуді қабыл алмайтыны немесе осы түзетуді қарау үшін конференция шақыруды қалайтыны туралы Бас хатшыға хабарласа, ол қабылданған болып есептеледі. Бас хатшы барлық Уағдаласушы тараптарға ұсынылған түзетуді әрбір қабылдау немесе қабыл алмау туралы және конференция шақыру туралы кез-келген келіп түскен өтініш туралы хабарлайды. Егер белгіленген он екі ай мерзім ішінде мұндай қабыл алмау мен өтініштер барлық Уағдаласушы тараптардың кемінде үштен бірінен алынған болса, Бас хатшы барлық Уағдаласушы тараптарға алдыңғы тармақта көрсетілген он екі ай мерзім өткеннен кейін алты айдан соң белгіленген мерзім ішінде түзетуді қабыл алмаған немесе оны талқылау үшін конференция шақыруға өтініш білдіргендерді қоспағанда, барлық Уағдаласушы тараптар үшін түзету күшіне енетіні туралы хабарлайды.
b) жоғарыда көрсетілген он екі ай мерзімде ұсынылған түзетуді қабыл алмаған немесе оны қарау үшін қонференция шақыруды өтінген әрбір уағдаласушы тарап бұл мерзім өткеннен кейін кез-келген уақытта өзінің түзетуді қабылдайтыны туралы Бас хатшыға хабарлай алады. Қабылдау туралы мұндай хабарламаларды жіберген Уағдаласушы тараптарға қатысты түзету оларды Бас хатшы алғаннан кейін алты айдан соң күшіне енеді.
3. Егер ұсынылған түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданбаған болса және егер осы баптың бірінші тармағында көзделген он екі ай мерзім ішінде Уағдаласушы тараптардың жалпы санынан кемінде жартысы ұсынылған түзетуді олар қабыл алмайтыны туралы Бас хатшыны хабарландырса және егер барлық Уағдаласушы тараптардың кем дегенде үштен бірі, бірақ оннан кемі емес, олар оны қабылдайтыны немесе бұл түзетуді талқылау үшін конференция шақыруды қалайтыны туралы оны хабарландырса, Бас хатшы ұсынылған түзетуді немесе оған осы баптың 4-тармағына сәйкес ұсынылуы мүмкін кез-келген басқа ұсынысты қарау үшін конференция шақырады.
4. Егер конференция осы баптың 3-тармағына сәйкес шақырылса, Бас хатшы оған осы Конвенцияның 45-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерді шақырады. Бас хатшы конференцияға шақырылған барлық мемлекеттерге ұсынылған түзетуге қосымша олар конференцияда қарауға ниеттенетін кез-келген ұсынысты конференция ашылғанға дейін кемінде алты ай бұрын оған ұсыну туралы өтініш білдіреді және бұл ұсыныстар туралы конференция ашылғанға дейін кемінде үш ай бұрын конференцияға шақырылған барлық мемлекеттерге хабарлайды.
5. а) Осы Конвенцияға кез-келген түзету егер оны Конференцияға
ұсынған мемлекеттердің үштен екісі көпшілікпен қабылдаса, бұл көпшілік Конференцияға ұсынған Уағдаласушы тараптардың кемінде үштен екісін қамтыған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Бас хатшы қабылданған түзету туралы барлық Уағдаласушы тараптарды хабарландырады және ол түзетуді қабыл алмау туралы бұл мерзім ішінде Бас хатшыға хабарлағандарды қоспағанда, барлық Уағдаласушы тараптарға қатысты мұндай хабарлама күнінен бастап он екі ай өткен соң күшіне енеді.
b) жоғарыда көрсетілген он екі ай мерзім ішінде түзетуді қабыл алмаған әрбір Уағдаласушы тарап өзінің түзетуді қабылдағаны туралы Бас хатшыға кез-келген уақытта хабарлай алады және Бас хатшы бұл туралы барлық қалған Уағдаласушы тараптарға хабарлайды. Түзету оны қабылдау туралы хабарлаған Уағдаласушы тарапқа қатысты хабарламаны Бас хатшы алғаннан кейін алты ай өткен соң немесе егер бұл мерзім кешірек болса, жоғарыда көрсетілген он екі ай мерзім өткеннен кейін күшіне енеді.
6. Егер ұсынылған түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданды деп есептелмесе және егер осы баптың 3-тармағында жазылған конференция шақыру талаптары орындалмаған болса, ұсынылған түзету қабыл алынбады деп есептеледі.
50-бап
Әрбір Уағдаласушы тарап осы Конвенцияны Бас хатшыға жіберілетін жазбаша нотификациялау арқылы қабылдамауына болады. Қабылдамау Бас хатшының бұл ақпаратты алған күнінен бастап бір жыл өткен соң күшіне енеді.
51-бап
Егер Уағдаласушы тараптардың саны қандай да бір реттік он екі ай кезең ішінде кемінде бесеуді құраса, осы Конвенция күшін жояды.
52-бап
Осы Конвенцияны түсіндіру және қолдануға қатысты, тараптар келіссөздер немесе басқа реттеу құралдары арқылы шеше алмаған екі немесе одан көп Уағдаласушы тараптар арасындағы кез-келген дау мүдделі Уағдаласушы тараптардың кез-келгенінің өтініші бойынша шешу үшін Халықаралық Сотқа беріле алады.
53-бап
Осы Конвенцияның ешқандай ережесі қандай да бір Уағдаласушы тарапқа Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес келетін және өзінің сыртқы және ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол қажет деп есептейтін, қалыптасқан жағдаймен шектелетін шаралар қабылдауға кедергі келтіретін деп түсінілмеуі тиіс.
54-бап
1. Осы Конвенцияға қол қою кезінде немесе сақтау үшін тапсыру кезінде әрбір мемлекет өзінің ратификациялау грамотасымен немесе қосылу туралы құжатымен ол өзін осы Конвенцияның 52-бабымен байланыстымын деп есептемейтіні туралы мәлімдей алады. Уағдаласушы тараптар мұндай мәлімдеме жасаған кез-келген Уағдаласушы тарапқа қатысты 52-баппен байланысты болып табылмайды.
2. Өзінің ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатын сақтау үшін тапсыру сәтінде әрбір мемлекет Бас хатшыға жіберілетін нотификация арқылы осы Конвенцияны қолдану мақсатында ол аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге (1-баптың n тармақшасы) теңестіретінін мәлімдей алады. Кейіннен кез-келген уақытта әрбір мемлекет Бас хатшыға жіберілетін нотификация арқылы өзінің мәлімдемесін кері ала алады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мәлімдемелер Бас хатшы нотификацияны алғаннан кейін немесе егер бұл күн кешірек болса, мәлімдеме жасаған мемлекетке қатысты Конвенцияның күшіне енген сәтінен кейін алты ай өткен соң күшіне енеді.
4. Осы Конвенцияның 45-бабының 4-тармағына немесе 46-бабының 3-тармағына сәйкес ол туралы хабарлама жасалған бұрын таңдап алынған айырым белгісін кез-келген өзгерту Бас хатшы хабарламаны алған күнінен бастап үш ай өткен соң күшіне енеді.
5. Осы Конвенцияға және оған қосымшаларға түсініктер, осы баптың 1-тармағында көзделген түсініктен басқасы, егер олар ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтау үшін тапсырғанға дейін жасалса, оларды ратификациялау грамотасында немесе қосылу туралы құжатта растаған жағдайда, олар жазбаша нысанда ұсынылған жағдайда шешіледі. Бас хатшы көрсетілген түсініктер туралы осы Конвенцияның 45-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерге хабарлайды.
6. Осы баптың 1 немесе 4-тармақтарына сәйкес түсінік немесе мәлімдеме жасайтын әрбір Уағдаласушы тарап Бас хатшыға жіберілетін нотификация арқылы кез-келген сәтте өзінің түсінігін кері ала алады.
7. Осы баптың 5-тармағына сәйкес жасалатын кез-келген түсінік:
а) жоғарыда көрсетілген түсінікті жасаған Уағдаласушы тарап үшін бұл түсінік жататын шеңберінде Конвенцияның ережесін өзгертеді;
b) түсінік жасаған Уағдаласушы тараппен өзара қарым-қатынаста басқа Уағдаласушы тараптар үшін де бұл ережелерді сондай шамада өзгертеді.
55-бап
Осы Конвенцияның 49 және 54-баптарында көзделген мәлімдемелер,
нотификациялар және хабарламалармен қатар Бас хатшы 45-баптың 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерге:
а) 45-бапқа сәйкес Конвенцияға қол қою, ратификациялау және қосылу туралы;
b) 45-баптың 4-тармағына және 46-бапқа сәйкес нотификациялар мен мәлімдемелер туралы;
с) 47-бапқа сәйкес осы Конвенцияға түзетулердің күшіне ену күндері туралы;
d) 49-баптың 2 және 5-тармақтарына сәйкес осы Конвенцияға түзетулердің күшіне енген күні туралы;
е) 50-бапқа сәйкес қабыл алмау туралы;
f) 51-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшін жоюы туралы хабарлайды.
56-бап
Бір данада ағылшын, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жасалған барлық бес мәтін тең сәйкес болып табылатын осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтау үшін тапсырылады, ол осы Конвенцияның 45-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерге куәландырылған көшірмесін тиісті түрде жолдайды.
Осыны куәландыру үшін өз үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қойған өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
Вена қаласында бір мың тоғыз жүз алпыс сегізінші жылғы қараша айының сегізінші күні жасалды.
/қолдары/
Жол қозғалысы туралы
конвенцияға
1-қосымша
(Вена, 1968 ж., 8 қараша)
Халықаралық қозғалысқа автомобильдер мен тіркемелерді жіберу міндеттемелерінен шегіністер
1.
Уағдаласушы тараптар жалпы салмағы немесе осіне жүктеме немесе габарит өлшемі олардың ұлттық заңнамасында олардың аумағында тіркелген көлік құралдары үшін белгіленген шектерден асатын автомобильдерді, тіркемелер мен көлік құралдары составтарын өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа жібермеуі мүмкін. Аумағында ауыр көлік құралдарының халықаралық қозғалысы орын алатын Уағдаласушы тараптар сипаттамалары төмен жолдарды қоспағанда, осы ауданның жолдары бойынша салмағы мен көлемі бұл келісімдерден белгіленген өлшемдерден аспайтын көлік құралдары мен көлік құралдары составтарын халықаралық қозғалысқа жіберетін өңірлік келісімдер жасауға тырысуы керек.
2. Осы қосымшаның 1-тармағының ұйғарымдарын қолданғанда көлік құралының ені бойынша габарит өлшемінен шығатын рұқсат етілген ең үлкен енін арттыру деп мыналар есептелмейтін болады:
а) олардың жермен жанасу нүктелерінен жақын шиналар мен шиналардағы қысым индикаторларының біріктіру бөлшектері;
b) дөңгелектерге кигізілген сырғанауға қарсы заттар;
с) жеңіл басқанда екі бағытта бұрыла алатындай, бұл ретте рұқсат етілген ең көп енінен шықпайтын етіп құрастырылған артқы көру айнасы;
d) бұрылудың бүйірдегі көрсеткіштері және габариттен бірнеше сантиметр артық шығып тұрған жағдайда габариттік оттар;
е) жүктерге салынған кедендік мөрлер (пломбалар) және бұл мөрлердің (пломбалардың) сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге арналған аспаптар.
3.
Уағдаласушы тараптар егер олардың ұлттық заңнамасы мұндай
составтардың қозғалысына тыйым салатын болса, мынадай көлік құралдары
составтарын өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа жібермеуі мүмкін:
а) тіркелесі бар мотоциклдер;
b) автомобиль және бірнеше тіркеме бар составтар;
с) жолаушылар тасымалдауға арналған жартылай тіркемесі бар көлік құралдары.
4. Уағдаласушы тараптар осы Конвенцияға 5-қосымшаның 60-тармағына сәйкес шегініс таралатын автомобильдер мен тіркемелерді өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа жібермеуі мүмкін.
5. Уағдаласушы тараптар жүргізушілері мен тиісті жағдайларда
жолаушыларында қорғау шлемдері жоқ велосипедтерді, аспалы қозғалтқышы
бар және мотоциклдерді өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа
жібермеуі мүмкін.
6. Уағдаласушы тараптар аспалы қозғалтқышы бар екі дөңгелекті
велосипед пен коляскасы жоқ екі дөңгелекті мотоциклден басқа кез-келген автомобильді, автомобильде осы Конвенцияға 5-қосымшаның 56-тармағында көрсетілген және жүріс бөлікте тоқтаған жағдайда онда тоқтаған көлік құралы төндіретін қауіп туралы ескертуге арналған құрылымның болуын өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа жіберуге шарт ете алады.
7. Уағдаласушы тараптар кейбір қиын жолдар бойынша немесе рельефі күрделі аудандарда рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг (7700 фунт) автомобильдерді, осындай жолдар бойынша немесе бұл аудандарда рұқсат етілген ең жоғары салмағы осындай олар тіркеген көлік құралдарын қозғалысқа жіберуге қатысты олардың ұлттық заңнамасының арнайы ұйғарымдарын орындаумен өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа жіберуге шарт ете алады.
Уағдаласушы тараптар рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын, сырғанауға қарсы шынжырларды немесе қысқы ауа райы жағдайында автомобильдерге орнатылатын басқа тиімді аспаптарды пайдаланған кез-келген автомобильді халықаралық қозғалысқа жіберуге шарт ете алады.
8. Уағдаласушы тараптар бұл сәулелерді реттеу олардың аумағында
қабылданған қозғалыс бағытына сәйкес келмесе, ассиметриялық сәулелері бар жақын жарық оттары бар автомобильдерді өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа жібермеуі мүмкін.
9. Уағдаласушы тараптар осы Конвенцияның 37-бабында осы көлік құралы үшін көзделген айырым белгісінен өзгеше белгісі бар автомобильдерді немесе автомобильдер буксирге алған тіркемелерді өз аумағы бойынша халықаралық қозғалысқа жібермеуі мүмкін.
Жол қозғалысы туралы
конвенцияға
2-қосымша
(Вена, 1968 ж., 8 қараша)
Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің тіркеу нөмірі
1. Осы Конвенцияның 35 және 36-баптарында көрсетілген тіркеу нөмірі не сандардан, не сандар мен әріптерден тұруы тиіс. Сандар араб сандары, ал әріптер латын алфавитінің бас әріптері болуы керек. Алайда басқа сандарды немесе әріптерді қолдануға жол беріледі, бірақ мұндай жағдайларда тіркеу нөмірі араб сандарымен және латын бас әріптерімен қайталанған болуы керек.
2. Тіркеу нөмірі қозғалыссыз көлік құралының осіндегі бақылаушы оны күндіз ашық ауа райында кем дегенде 40 м (130 фунт) қашықтықта айыра алатындай етіп құрастырылуы және белгіленуі тиіс; алайда Уағдаласушы тараптар 40 м (130 фунт) қашықтықтан оларды айыру мүмкін болатындай тіркеу нөмірлеріне көлем беру қиын болатын олардың аумағында тіркелген мотоциклдер мен автомобильдердің ерекше санаттары үшін бұл ең қысқа қашықтықты қысқарта алады.
3. Егер тіркеу нөмірі арнайы тақтайшада белгіленген болса, онда тақтайша тегіс және көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына перпендикуляр тік немесе тік дерлік қалыпта бекітілген болуы керек. Егер нөмір көлік құралына бояумен белгіленсе немесе жазылса, бояумен белгіленген немесе жазылған үстіңгі қабат тегіс әрі тік немесе тегіс әрі тік дерлік және көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына перпендикуляр болуы керек.
4. 32-баптың 5-тармағының ережелерін ескере отырып, тіркеу нөмірі белгіленген тақтайша немесе бояумен жазылған үстіңгі қабат жарық шашыратқыш материалдан болуы мүмкін.
Жол қозғалысы туралы
конвенцияға
3-қосымша
(Вена, 1968 ж., 8 қараша)
Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің айырым белгісі
1. Осы Конвенцияның 37-бабында ескерілген айырым белгісі латын алфавитінің бір-үш бас әрпінен тұруы керек. Әріптердің биіктігі кем дегенде 0,08 м (3,1 дюйм) және ені кем дегенде 0,01 м (0,4 дюйм) қаріппен белгіленуі тиіс. Әріптер бас осі көлденең эллипс нысанындағы ақ түске қара бояумен жазылған болуы керек.
2. Айырым белгісі бір ғана әріптен тұрса, эллипстің бас осі тік болуы мүмкін.
3. Айырым белгісі тіркеу нөміріне енгізілмеуі немесе оны тіркеу нөмірі ретінде қабылдайтындай етіп немесе оның қолайлы оқылуын нашарлатуы мүмкін болатындай белгіленбеуі керек.
4. Мотоциклдер мен олардың тіркемелерінде эллипс осінің ұзындығы 0,176 м (6,9 дюйм) және 0,115 м (4,5 дюйм) кем болмауы тиіс. Басқа автомобильдер мен олардың тіркемелерінде эллипс осінің ұзындығы кемінде:
а) егер айырым белгісі үш әріптен тұрса, 0,24 м (9,4 дюйм) және 0,145 м (5,7 дюйм);
b) егер айырым белгісі үш әріптен кем болса, 0,175 м (6,9 дюйм) және 0,115 м (4,5 дюйм) болуы керек.
5. 2-қосымшаның 3-тармағының ережелері көлік құралдарындағы
айырым белгісін белгілеуге қолданылады.
Жол қозғалысы туралы
конвенцияға
4-қосымша
(Вена, 1968 ж., 8 қараша)
Халықаралық қозғалыстағы автомобильдер мен тіркемелердің тану белгілері
1. Тану белгілеріне:
а) автомобильдер үшін:
і) көлік құралын дайындаған зауыттың аты немесе маркасы;
іі) автомобильдің шассиінде немесе (ол болмағанда) шанағында - зауыттық нөмірі немесе дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі;
ііі) қозғалтқышында - егер мұндай нөмірді дайындаушы зауыт белгілесе, қозғалтқыштың зауыттық нөмірі;
b) тіркемелер үшін - жоғарыда, "і" және "іі" тармақшаларында көрсетілген белгілер;
с) аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер үшін - қозғалтқыштың жұмыс көлемін және "СМ" маркасын көрсету кіреді.
2. Осы қосымшаның 1-тармағында ескерілген тану белгілеріне енгізілген әріптер мен сандар жеңіл қол жетімді жерде орналасуы және оқуға қолайлы болуы тиіс, сонымен қатар оларды өзгерту немесе жою қиын болатындай етіп жазылған болуы керек. Тану белгілері тек латын әріптерімен немесе жазумен және араб сандарымен жазылуы тиіс не болмаса олар осылайша қайталануы керек.
Жол қозғалысы туралы
конвенцияға
5-қосымша
(Вена, 1968 ж., 8 қараша)
Автомобильдер мен тіркемелерге қатысты техникалық талаптар
1. Осы Конвенцияның 1-бабының "n" тармақшасына сәйкес жүктемесіз салмағы 400 кг (900 фунт) аспайтын үш дөңгелекті көлік құралдарын мотоциклдерге теңестіруге өзінің ниеті туралы мәлімдеген Уағдаласушы тараптар не мотоциклдерге, не басқа автомобильдерге қатысты осы қосымшадағы ұйғарымдарды оларға таратуы тиіс.
2. Осы қосымшада "тіркеме" термині автомобиль буксирге алуға арналған тіркемелерге ғана қолданылады.
3. Осы Конвенцияның 3-бабы 2-тармағының "а" тармақшасының ережелері сақталған жағдайда әрбір Уағдаласушы тарап өзі тіркейтін автомобильдер үшін және өз ұлттық заңнамасына сәйкес қозғалысқа рұқсат ететін тіркемелер үшін осы қосымшаның ережелерін толықтыратын немесе қатаңырақ болып табылатын ұйғарымдар бере алады.
І-Тарау
Тежеу
4. Осы тарауда:
а)
"бір осьтегі дөңгелектер"
термині көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына қатысты симметриялы немесе симметриялы дерлік орналасқан, егер олар бір осьте (ось-тандем екі ось ретінде қарастырылады) орналасқан жағдайда да, дөңгелектерді білдіреді;
b)
"жұмыс тежегіші"
термині көлік құралының қозғалысына баяулату және тоқтату үшін пайдаланылатын құрылғыны білдіреді;
с)
"тұру тежегіші"
термині жүргізуші жоқ болғанда көлік құралын қозғалыссыз жағдайда ұстап тұру үшін немесе қозғалыссыз жағдайдағы тіркеуден ағытылған тіркемені ұстау үшін пайдаланылатын құрылғыны білдіреді;
d)
"апаттық тежегіш"
термині жұмыс тежегіші істен шыққан жағдайда көлік құралының қозғалысын баяулатуға және тоқтатуға арналған құрылғыны білдіреді.
А. Мотоциклдерден өзге автомобильдерді тежеу
5. Мотоциклден өзге әрбір автомобильде рульдегі жүргізуші оңай
әрекетке келтіре ете алатын тежегіштер болуы тиіс. Бұл тежеу құрылғылары мынадай үш тежеу функциясын орындауы керек:
а)
"жұмыс тежегіші"
- көлік құралына тиеу жағдайына және оның өрге немесе еңіске қозғалуына қарамастан, көлік құралының қозғалысын баяулату және сенімді, тез және тиімді тоқтату;
b)
"тұру тежегіші"
- көлік құралына тиеу жағдайына және оның өрге немесе 16 % еңістікпен ылдида қозғалуына қарамастан, көлік құралын қозғалыссыз жағдайда ұстап тұру, бұл ретте тежегіштің тежеу қабаты таза механикалық түрдегі құрылым арқылы тежеу жағдайында ұстап тұруы тиіс;
с)
"апаттық тежегіш"
- көлік құралына тиеу жағдайына қарамастан, жұмыс тежегіші істен шыққан жағдайда да айтарлықтай қысқа қашықтықта көлік құралының қозғалысын баяулату және тоқтату.
6. Осы қосымшаның 5-тармағының ережелерін сақтаған жағдайда
тежеудің (жұмыс, апаттық және тұру) үш функциясын орындауды қамтамасыз ететін аспаптардың ортақ бөліктері болуы мүмкін; екі жеке желіні қосуға бұл ретте ең болмағанда жеке екі желі қалған жағдайда жол беріледі.
7. Жұмыс тежегіші көлік құралының барлық дөңгелектеріне әсер етуі керек; алайда екіден көп осі бар көлік құралдарында бір осьтің дөңгелектері тежелмеуі мүмкін.
8. Апаттық тежегіш көлік құралының ұзына бойғы орта қимасының әр жағынан ең болмағанда бір дөңгелекке әсер етуі керек; осыған ұқсас жағдай тұру тежегішіне де қатысты.
9. Жұмыс тежегіші мен тұру тежегіші жеткілікті берік бөліктердің көмегімен дөңгелектермен ұдайы байланысты тежеуші қабатқа әсер етуі керек.
10. Қандай да бір тежеуші қабат ол дөңгелектерден ажыратыла
алатындай болып құрылмауы тиіс. Алайда мұндай ажырауға кейбір тежеуші
қабаттар үшін мынадай жағдайларда жол беріледі:
а) ол, мысалы беру санын өзгерту кезінде қысқа уақытты болып табылса;
b) тұру тежеуішіне қатысты ол жүргізушінің әрекеті нәтижесінде ғана болуы тиіс;
с) жұмыс немесе апаттық тежегішке қатысты тежеу осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес белгіленген тиімділікпен жалғастырылады.
В. Тіркемелерді тежеу
11. Осы қосымшаның 17-тармағы "с" тармақшасының ережелері сақталған жағдайда жеңіл тіркемелерді қоспағанда, әрбір тіркемеде мыналар, атап айтқанда:
а) көлік құралына тиеу жағдайына және оның өрге немесе еңіске қозғалуына қарамастан, көлік құралының қозғалысын баяулатуға және сенімді, тез және тиімді тоқтатуға мүмкіндік беретін жұмыс тежегіші;
b) көлік құралына тиеу жағдайына және оның өрге немесе 16 % еңістікпен ылдида қозғалуына қарамастан, көлік құралын қозғалыссыз жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік беретін, бұл ретте тежегіштің тежеу қабаты таза механикалық түрдегі құрылым арқылы тежеу жағдайында ұстап тұруы тиіс тұру тежегіші болуы тиіс. Бұл ереже тұру тежегішіне қойылатын талаптар көлік құралдарының составына қатысты сақталатын болса, тіркеп сүйреуші көлік құралынан ағытылған болуы мүмкін тіркемелерге қолданылмайды.
12. Тежеудің (жұмыс және тұру
)
бұл екі функциясының орындалуын
қамтамасыз етуші құрылғылардың ортақ бөліктері болуы мүмкін.
13. Жұмыс тежегіші тіркеменің барлық дөңгелектеріне әсер етуі тиіс.
14. Жұмыс тежегіш сүйреп тартушы көлік құралының жұмыс тежегішінің желісімен әрекетке келтірілуі керек; алайда егер тіркеменің рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг (7700 фунт) аспайтын болса, жұмыс тежегіші қозғалыс кезінде ол тіркеменің сүйреп тартушымен жақындасу жолымен (инерция күшімен тежелу) ғана әрекетке келтірілетіндей етіп құрастырылған бола алады.
15. Жұмыс тежегіші мен тұру тежегіші жеткілікті берік бөліктердің көмегімен дөңгелектермен ұдайы байланысты тежелу қабатына әсер етуі керек.
16. Тежеу құрылғылары қозғалыс кезінде тіркеу құрылғысы үзілген жағдайда тіркеменің тоқтауын өздігінен қамтамасыз етуі тиіс. Алайда бұл ұйғарым рұқсат етілген ең жоғары салмағы 1500 кг (3300 фунт) аспаған және тіркемелерді қоспағанда оларда тіркеу құрылғысымен қатар осы қосымшаның 58-тармағында көзделген қосымша тіркеу аспабы бар болған жағдайда және осьтер арасындағы қашықтық кемінде 1 м (40 дюйм) құрайтын бір осьті де, екі осьті де тіркемелерге қолданылмайды.
С. Көлік құралдары составын тежеу
17. Осы тараудың А және В бөлімдеріндегі тіркелмейтін көлік
құралдарына (автомобильдер мен мотоциклдер) қатысты ережелерге қосымша, тіркелетін көлік құралдарының составына мынадай ережелер жатады:
а) составтың бөлігі болып табылатын әрбір көлік құралының тежеу құрылғысы қосылған болуы тиіс;
b) жұмыс тежегішінің әсері тиісті түрде тіркелген көлік құралдарының барлық составына таралуы және қайталануы тиіс;
с) жұмыс тежегішімен жабдықталмаған тіркеменің рұқсат етілген ең жоғары салмағы жүргізушінің жүктемесінсіз және салмағынсыз тіркеп сүйретуші көлік құралының салмағы сомасының жартысынан аспауы тиіс.
D. Мотоциклдерді тежеу
18. а) Әрбір мотоциклде екі тежеу құрылғысы болуы тиіс, олардың бірі ең болмағанда артқы дөңгелекке немесе дөңгелектерге, ал екіншісі - ең болмағанда алдыңғы дөңгелекке немесе дөңгелектерге әсер етеді; егер мотоциклде коляска болса, колясканың дөңгелектерін тежеу қажет етілмейді. Бұл тежеу құрылғылары мотоциклді тиеу жағдайына және оның өрге немесе еңіске қозғалуына қарамастан, оның қозғалысын баяулатуға және сенімді, тез және тиімді тоқтатуға мүмкіндік беруі тиіс.
b) Осы тармақтың "а" тармақшасындағы ережелерге қосымша көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына қатысты симметриялы орналасқан үш дөңгелекті мотоциклдер осы қосымшаның 5-тармағы b) тармақшасының ережелеріне сәйкес тұру тежегішімен жабдықталуы тиіс.
II ТАРАУ
Оттар және жарық шашыратқыш аспаптар
19. Осы Конвенцияның ережелерін қолдану кезінде:
"алыс жарық оты"
термині қозғалыстың алдағы бағытында жолды алыс қашықтықтан жарықтандыруға арналған көлік құралының отын білдіреді;
"жақын жарық оты"
термині және қарсы көлік құралдарының жүргізушілері мен жолдарды басқа пайдаланушылардың көзіне шамадан тыс қарықтырмайтындай көлік құралының алдағы бағытында жолды жарықтандыруға арналған көлік құралының отын білдіреді;
"кіші фара"
термині көлік құралын және оның габариттік енін алдынан көрсетуге арналған көлік құралының отын білдіреді;
"артқы габариттік фонарь"
көлік құралын және оның габариттік енін артынан көрсетуге арналған көлік құралының отын білдіреді;
"тоқтату сигналы"
термині арттағы көлік құралының жүргізушінің жұмыс тежеуішін әрекетке келтіру туралы жолды басқа пайдаланушылардың белгі беруіне арналған көлік құралының отын білдіреді;
"тұманға қарсы фара"
термині тұманда, қар жауғанда, нөсерде немесе шаң дауылында жолды жарықтандыруды жақсартуға арналған көлік құралының отын білдіреді;
"артқы фара"
термині көлік құралының артындағы жолды жарықтандыруға және артқа жүргенде немесе артқа жүргісі келгенде басқа жолды пайдаланушыларға ескерту сигналын беруге арналған көлік құралының отын білдіреді;
"бұрылысты көрсетуші"
термині жүргізушінің оңға немесе солға бұрылғысы келгенін жолды басқа пайдаланушыларға сигнал беруіне арналған көлік құралының отын білдіреді;
"жарық шашыратқыш аспап"
термині бұл көлік құралымен байланысты емес жарық көзі сәулеленетін жарық арқылы көлік құралының бар екенін сигнал беруге арналған аспапты білдіреді, бұл ретте бақылаушы осы жарық көзіне жақын орналасады;
"жарықтандыру қабаты"
термині оттарға қатысты жарық сәулеленетін көрінетін қабатты, ал жарық шашыратқыш аспаптарға қатысты жарық сәулеленетін көрінетін қабатты білдіреді.
20. Осы тарауда көрсетілген оттар мүмкіндігіне қарай осы қосымшаға толықтырудағы анықтамаларға сәйкес келуі тиіс.
21. Мотоциклдерден басқа, тегіс жолда жылдамдықты сағатына 40 км (25 миля) асыра алатын әрбір автомобильдің алдында ашық ауа райында түнде көлік құралының алдындағы кем дегенде 100 м (325 фунт) қашықтықта тиісті түрде жарықтандыра алатын алыс жарықтың ақ немесе сары селективтік оттың жұп саны болуы тиіс. Алыс жарық оттарының жарықтандырушы үстіңгі қабаттың сыртқы шеттері қандай жағдайда да жақын жарық оттары жарықтандыратын үстіңгі қабаттың сыртқы шеттеріне қарағанда көлік құралының габариттік енінің шетіне жақын орналаспауы тиіс.
22. Мотоциклдерден басқа, тегіс жолда жылдамдықты сағатына 10 км (6 миля) асыра алатын әрбір автомобиль көлік құралының алдындағы кем дегенде 40 м (130 фунт) қашықтықта тиісті түрде жарықтандыра алатын алыс жарықтың ақ немесе сары селективтік екі отпен жарақтандырылуы тиіс. Көлік құралының ұзына бойғы орта қимасынан ең алыс жарықтанушы үстіңгі қабатының нүктесі әр жағынан көлік құралының габариттік енінің шетінен кемінде 0,4 м (16 дюйм) қашықтықта болуы тиіс. Автомобильде жақын жарық оты екеуден көп болмауы керек. Жақын жарықтың оттары осы қосымшаның 19-тармағында баяндалған анықтамаға сәйкес келетіндей реттелген болуы тиіс.
23. Коляскасыз екі дөңгелекті мотоциклден өзге әрбір автомобильде ақ түсті екі кіші фара болуы керек; алайда селективтік сары түсті шоғыр сәулелендіретін алыс немесе жақын жарық фараларымен қосарланған кіші фаралар үшін селективтік сары түс рұқсат етіледі. Егер бұл кіші фаралар көлік құралының алдынан қосылған жалғыз ғана от болса, жолды басқа пайдаланушылардың көзін қарықтырмайтындай және артық қолайсыздықтар туғызбай, ашық ауа райында түнде кемінде 300 м (1000 фунт) қашықтықтан көрінетін болуы тиіс. Көлік құралының ұзына бойғы орта қимасынан ең алыс жарықтанушы үстіңгі қабатының нүктесі әр жағынан көлік құралының габариттік енінің шетінен кемінде 0,4 м (16 дюйм) қашықтықта болуы тиіс.
24. а) Коляскасыз екі дөңгелекті мотоциклден өзге әрбір автомобильде жолды басқа пайдаланушылардың көзін қарықтырмай және артық қолайсыздықтар туғызбай, ашық ауа райында түнде кемінде 300 м (1000 фунт) қашықтықтан көрінетін жұп санды қызыл түсті артқы габариттік фонары болуы тиіс. Көлік құралының ұзына бойғы орта қимасынан ең алыс жарықтанушы үстіңгі қабатының нүктесі әр жағынан көлік құралының габариттік енінің шетінен кемінде 0,4 м (16 дюйм) қашықтықта болуы тиіс.
b) Әрбір тіркемеде жолды басқа пайдаланушылардың көзін қарықтырмай және артық қолайсыздықтар туғызбай, ашық ауа райында түнде кемінде 300 м (1000 фунт) қашықтықтан көрінетін жұп санды қызыл түсті артқы габариттік оттары болуы тиіс. Тіркеменің ұзына бойғы орта қимасынан ең алыс жарықтанушы үстіңгі қабатының нүктесі әр жағынан тіркеменің габариттік енінің шетінен кемінде 0,4 м (16 дюйм) қашықтықта болуы тиіс. Алайда габариттік ені 0,80 м (31 дюйм) аспайтын тіркемелерде, егер оларды коляскасыз екі дөңгелекті мотоцикл буксирге алса, бұл оттардың бірі болуы мүмкін.
25. Әрбір автомобиль немесе артында нөмірлік белгісі бар тіркеме бұл белгіні жарықтандыру үшін аспаппен жарақтандырылуы тиіс, ол осы аспаппен жарықтандырылатын нөмірлік белгі көлік құралы тоқтап тұрғанда көлік құралының артынан 20 м (65 фунт) қашықтықтан ашық ауа райында түнде оқуға қолайлы болатындай етіп орнатылуы тиіс; алайда әрбір Уағдаласушы тарап түнде оқуға қолайлы бұл ең төменгі қашықтықты осы Конвенцияға 2-қосымшаның 2-тармағына сәйкес шектерде және ол күндіз оқуға қолайлы ең төменгі қашықтықты азайтатын көлік құралдары үшін азайта алады.
26. Мотоциклдерді қоса алғанда әрбір автомобильде және автомобиль мен бір немесе бірнеше тіркемелерден тұратын көлік құралдарының әрбір составындағы электрлік жалғау автомобильдердің алыс жарық оттары, жақын жарық оттары, тұманға қарсы фаралары, кіші фаралары және жоғарыда, 25-тармақта ескерілген аспаптар автомобильдің немесе составқа енгізілген соңғы көлік құралының артқы габариттік фонарларын бір мезгілде жаққанда ғана қосыла алатындай етіп құрылуы тиіс.
Алайда бұл ереже осы Конвенцияның 33-бабының 5-тармағында көрсетілген жарық сигналдарын беру үшін қолданылатын болса, алыс және жақын жарық оттарына қатысты емес. Сонымен қатар электрлік жалғау жақын жарық оттарын, алыс жарық оттарын немесе тұманға қарсы фараларды жаққан кезде автомобильдің кіші фаралары әрқашан жанатындай етіп құрылуы тиіс.
27. Коляскасыз екі дөңгелекті мотоциклден өзге әрбір автомобильдің артында қызыл түсті жарық шашыратқыш үш бұрышты емес нысанда кемінде екі аспап болуы тиіс. Көлік құралының ұзына бойғы орта қимасынан ең алыс жарықтанушы үстіңгі қабатының шеті әр жағынан көлік құралының габариттік енінің шетінен кемінде 0,4 м (16 дюйм) қашықтықта болуы тиіс. Жарық шашыратқыш аспаптар осы көлік құралының алыс жарығымен жарықтандырылғанда ашық түнде ауа райында кемінде 150 м (500 фунт) қашықтықтан көлік құралының жүргізушісіне көрінетін болуы керек.
28. Әрбір тіркеменің артында кемінде екі қызыл жарық шашыратқыш
аспап болуы тиіс. Бұл жарық шашыратқыш аспаптар сүйір ұшы жоғары қараған және бір көлденең қабырғасы бар тең бүйірлі үшбұрыш нысанында, бұл ретте әр қабырғасының ұзындығы кемінде 0,15 м (6 дюйм) және 0,2 м (8 дюйм) аспайтын болуы керек; ешқандай сигнал оты бұл үшбұрыштың ішіне орналаспауы тиіс. Көрсетілген жарық шашыратқыш аспаптар көрінуге қатысты жоғарыда, 27-тармақта баяндалған талаптарға жауап беруі тиіс. Тіркеменің ұзына бойғы орта қимасынан ең алыс жарықтанушы үстіңгі қабатының нүктесі әр жағынан тіркеменің габариттік енінің шетінен кемінде 0,4 м (16 дюйм) қашықтықта болуы тиіс. Алайда габариттік ені 0,80 м (32 дюйм) аспайтын тіркемелерде, егер оларды коляскасыз екі дөңгелекті мотоцикл буксирге алса, жарық шашыратқыш аспаптардың бірі болуы мүмкін.
29. Әрбір тіркемеде үшбұрышты емес нысанда екі ақ жарық
шашыратқыш аспап болуы керек. Бұл жарық шашыратқыш аспаптар
жоғарыда, 27-тармақта баяндалған орналасу және көріну талаптарын
қанағаттандыруы тиіс.
30. Тіркеменің ені 1,6 м (5 фунт 4 дюйм) асса, оның алдында екі ақ кіші фарасы болуы тиіс. Осылайша ұйғарылған кіші фаралар тіркеменің габариттік енінің шетіне мүмкіндігінше жақын орналасқан болуы және кез-келген жағдайда тіркеменің ұзына бойғы орта қимасынан ең алыс жарықтанушы үстіңгі қабаттың сыртқы шеті осы шеттен кем дегенде 0,15 м (6 дюйм) болады.
31. Тегіс жолда жылдамдығы сағатына 25 км (15 миля) асуы мүмкін әрбір автомобильдің (коляскасы бар немесе онсыз екі дөңгелекті мотоциклдерден басқа) артында жарық күші артқы габариттік фонарьлардың жарық күшінен айқын басым болатын екі қызыл тоқтату сигналы болуы тиіс. Осы ереже көлік құралдары составының соңындағы әрбір тіркемеге қатысты; алайда тартып сүйреушінің тоқтату сигналы көрінетіндей көлемдегі шағын тіркемелер үшін міндетті болып табылмайды.
32. Осы Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес аспалы
қозғалтқыштары бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіру туралы
мәлімдеме жасаған Уағдаласушы тараптар аспалы қозғалтқыштары бар
велосипедтерді төмендегі барлық ережелерді немесе олардың бөліктерін
сақтаудан босата алатыны туралы ескертумен;
а) коляскасы бар немесе онсыз әрбір екі дөңгелекті мотоцикл түсі және көрінуіне қатысты осы қосымшаның 22-тармағындағы ұйғарымдарға жауап беретін жақын жарық фарасымен жарақтандырылуы тиіс;
б) тегіс жолда жылдамдығын сағатына 40 км (25 миля) асыра алатын коляскасы бар немесе онсыз екі дөңгелекті әрбір мотоциклде жақын жарық фарасымен қатар түсі мен көрінуіне қатысты осы қосымшаның 21-тармағындағы ұйғарымдарға жауап беретін ең болмағанда алыс жарықтың бір фарасы болуы тиіс. Егер мұндай мотоциклде алыс жарықтың бір фарасы болса, бұл фаралар мүмкіндігінше бір-біріне жақын орналасуы керек;
с) коляскасы бар немесе онсыз екі дөңгелекті әрбір мотоциклде жақын жарықтың кемінде бір фарасы және алыс жарықтың кем дегенде екі фарасы болуы тиіс.
33. Коляскасыз екі дөңгелекті әрбір мотоцикл алдынан түсі мен
көрінуіне қатысты осы қосымшаның 23-тармағындағы ұйғарымдарға жауап
беретін бір немесе екі кіші фарамен жарақтандырылған болуы тиіс. Егер
мұндай мотоциклде екі кіші фара болса, бұл кіші фаралар бір-біріне
мүмкіндігінше жақын орналасуы керек. Коляскасыз екі дөңгелекті мотоциклде кемінде екі кіші фара болуы керек.
34. Коляскасыз екі дөңгелекті әрбір мотоциклде түсі мен көрінуіне қатысты осы қосымшаның 24-тармағының "а" тармақшасындағы ұйғарымдарға жауап беретін бір артқы габариттік фара болуы керек.
35. Коляскасыз екі дөңгелекті әрбір мотоциклдің артында түсі мен көрінуіне қатысты осы қосымшаның 27-тармағындағы ұйғарымдарды қанағаттандыратын бір жарық шашыратқыш аспап болуы тиіс.
36. Коляскасы бар немесе онсыз екі дөңгелекті әрбір мотоциклде осы Конвенцияның 54-бабының 2-тармағына сәйкес аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіру туралы мәлімдеме жасаған Уағдаласушы тараптар бұл ұйғарымды коляскасы бар немесе онсыз екі дөңгелекті велосипедтерге таратпауы мүмкін екені туралы түсіндірмемен осы қосымшаның 31-тармағының ережелерін қанағаттандыратын тоқтату сигналы болуы керек.
37. Коляскасыз мотоциклдерге арналған шамдар мен аспаптарға қатысты ережелер үшін зиян келтірмей, екі дөңгелекті мотоциклге біріктірілген әрбір коляскада түсі мен көрінуіне қатысты осы қосымшаның 23-тармағындағы ұйғарымдарға жауап беретін бір кіші фара, түсі мен көрінуіне қатысты осы қосымшаның 24-тармағының "а" тармақшасындағы ұйғарымдарға жауап беретін артқы бір габариттік фонары және түсі мен көрінуіне қатысты осы қосымшаның 27-тармағындағы ұйғарымдарға жауап беретін бір жарық шашыратқыш аспабы болуы керек. Электрлік жалғау колясканың кіші фарасы мен артқы габариттік фонары мотоциклдің артқы габариттік фонарымен бір уақытта жанатындай болып жасалуы тиіс.
38. Конвенцияның 1-бабының "n" тармақшасына сәйкес мотоциклдерге теңестірілген көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына қатысты симметриялы үш дөңгелекті автомобильдер осы қосымшаның 21, 22, 23, 24 "а", 27 және 31-тармақтарында ұйғарылған аспаптармен жарақтандырылған болуы тиіс. Алайда егер мұндай көлік құралының ені 1,30 м (4 фунт 3 дюйм) аспаса, алыс жарықтың бір фарасы және жақын жарықтың бір фарасы жеткілікті. Бұл жағдайда көлік құралының габариттік еніне қатысты жарықтанушы үстіңгі қабаттың ара-қашықтығына қатысты ұйғарым қолданылмайды.
39. Қозғалыс бағытының өзгеруі туралы жүргізушісі қолмен сигнал бере алатындарды қоспағанда, әрбір автомобильде көлік құралында жұптасып орналасқан және жолды пайдаланушылар күндіз де, түнде де көретін автосары түсті жарқылдауық шамдары бар қозғалмайтын көрсеткіші болуы тиіс. Бұл оттардың жарқылдау жиілігі с 30 өткізумен минутына 90 жарқылдауды құрауы керек.
40. Егер коляскасы бар немесе коляскасы жоқ екі дөңгелекті мотоциклден өзге автомобильде тұманға қарсы фаралар болса, олар екеу және ақ немесе сары селективтік түсті болуы және олар жарықтандыратын үстіңгі қабаттың бірде бір нүктесі жақын жарық шамдары жарықтандыратын үстіңгі қабаттың ең жоғарғы нүктесінен жоғары болмайтындай және көлік құралының ұзына бойғы орта қимасынан ең алыс жарықтандырушы үстіңгі қабатының нүктесі екі жағынан көлік құралының габариттік енінің шетінен кемінде 0,4 м (16 дюйм) болуы керек.
41. Қандай да бір артқы фара жолды басқа пайдаланушылардың көзін қарықтыруға немесе қолайсыздықтар туғызуға әкеп соқпауы керек. Егер автомобиль артқы фарамен жабдықталған болса, онда бұл фара ақ, автосары немесе сары селективтік жарық сәулелендіруі тиіс. Оны қосуға арналған аспап артқы жүріс аспабы әрекетке келтірілгенде ғана қосылатындай етіп құрылуы тиіс.
42. Жалпы жол қозғалысы ережелерін сақтауға міндетті емес немесе олардың жолда болуы жолды басқа пайдаланушыларға ерекше сақтық сақтауды міндеттейтін көлік құралдарын немесе көлік құралдары составтарын белгілеу үшін Уағдаласушы тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес пайдаланылатын оттарды қоспағанда, автомобильге немесе тіркемеге орнатылған бұрылу көрсеткішінен өзге қандай да бір от жарқырауық болмауы тиіс; атап айтқанда ерекше көлемді, жол құрылысы немесе жөндеу үшін пайдаланылатын көлік құралдары немесе жабдық осындай көлік құралдары болып табылады. Алайда Уағдаласушы тараптар қызыл жарық сәулелендіретін оттарды қоспағанда, көлік құралы уақытша туғызатын ерекше қауіп туралы ескерту үшін кейбір оттардың
немесе осы оттар бөліктерінің жарқырауына рұқсат немесе ұйғарым бере
алады.
43. Осы қосымшаның ережелерін қолдану кезінде:
а) ұқсас немесе ұқсамайтын, бірақ бір мақсаттағы және бірдей түсті екі немесе одан көп шамдардың кез-келген үйлесімін, егер көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына перпендикуляр олар жарықтандыратын үстіңгі қабаттардың көлденең жазықтыққа кескіні көрсетілген жарықтандырылатын үстіңгі қабаттардың кескінінің ең кішкене тікбұрышын білдіретін үстіңгі қабаттың кем дегенде 50 % алып тұрса, бір от ретінде;
b) екі отты немесе оттардың жұп санын егер олар көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына қатысты симметриялы орналасқан жағдайда жарықтандырушы үстіңгі қабатты, ол көлік құралының габариттік енінің шетінен 0,4 м (16 дюйм) ара-қашықтықта болуы және оның ұзындығы кем дегенде 0,8 м (32 дюйм) құраған жағдайда жолақ нысанында үстіңгі қабатты біртұтас жарықтандыратын ретінде қарастыру қажет. Бұл үстіңгі қабатты жарықтандыруды мүмкіндігінше оның шеттеріне жақын орналасқан кемінде екі жарық көзі жүзеге асырады. Жарықтандырылатын үстіңгі қабатқа көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына перпендикуляр көлденең үстіңгі қабаттың түрлі элементтердің үстіңгі қабатын жарықтандыру кескіні көрсетілген жарықтандырылатын элементтердің үстіңгі қабатының кескінін суреттейтін ең кіші тікбұрыштың кемінде 50 % алатындай болып орналасуы тиіс.
44. Бір мақсаттағы және бір бағытқа бағытталған қандай да бір көлік құралындағы оттар бір түсті болуы керек. Сандары жұп болып табылатын оттар мен жарық шашыратқыш аспаптар сыртқы түрі симметриялы болып табылмайтын көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына қатысты симметриялы орналасуы тиіс. Оттардың әрбір жұбының жарық күші айқын бірдей болуы керек.
45. Өз мақсаты бойынша әр түрлі және - осы тараудың басқа
тармақтарының ережелерін сақтаған жағдайда - оттар мен жарық шашыратқыш аспаптар бір жарық құралына құрастырылуы немесе оттардың және жарық шашыратқыш аспаптардың әрқайсысы осы қосымшаның оған қатысты ережелеріне сәйкес келген жағдайда оған біріктірілуі мүмкін.
III ТАРАУ
Басқа ұйғарымдар
Рульдік басқару
46. Әрбір автомобильде жүргізушіге көлік құралының қозғалыс бағытын оңай, тез және сенімді өзгертуге мүмкіндік беретін берік рульдік құрылғы болуы тиіс.
Артқы көрініс айнасы
47. Коляскасы бар немесе онсыз екі дөңгелекті мотоциклден өзге әрбір автомобильде бір немесе бірнеше артқы көрініс айнасы болуы тиіс; бұл айналардың саны, көлемі және орналасуы жүргізуші өзінің көлік құралының артындағы жол қозғалысын көре алатындай болуы керек.
Дыбыстық сигнал аспабы
48. Әрбір автомобильде жеткілікті қуатты кем дегенде бір дыбыстық сигнал аспабы болуы керек. Сигнал аспабы шығаратын дыбыс ұзақ, біртекті және қатты емес болуы керек. Жүруде басым құқыққа ие көлік құралдары мен жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлік құралдарында бұл талаптарға жауап бермейтін қосымша дыбыстық сигнал аспаптары болуы мүмкін.
Әйнек тазалағыш
49. Жүргізуші өз орнынан алдағы жолды тек желқағар әйнегінің мөлдір элементтері арқылы ғана еркін көре алатындай көлемдегі және нысандағы желқағар әйнегімен жарақтандырылған әрбір автомобильде кемінде бір тиімді және берік әйнек тазалағыш болуы тиіс, ол тиісті қалыпта жүргізушінің ұдайы араласуын талап етпей, жұмыс істейді.
Әйнек жуғыш
50. Міндетті түрде кем дегенде бір әйнек тазалағышы болуы тиіс әрбір автомобильде әйнек жуғыш та болуы керек.
Желқағар әйнек және әйнектер
51. Әрбір автомобильде және әрбір тіркемеде:
а) желқағар әйнекті қоса алғанда, көлік құралының сыртқы элементтері немесе ішкі бөлулердің элементтері жасалған мөлдір материалдар олар зақымданған жағдайда мертігу қауіптілігі барынша аз болатындай болуы тиіс;
b) желқағар әйнек мөлдірлігі нашарламайтын материалдан жасалған болуы тиіс және ол арқылы көрінетін заттарды қандай да айтарлықтай бұрмалауды болдырмайтын және зақымданған жағдайда жүргізуші жеткілікті шамада жолды көретіндей болуы керек.
Артқы жүріс қозғалысына арналған аспап
52. Әрбір автомобиль жүргізуші орнынан әрекетке келтіретін артқы жүріс қозғалысына арналған аспаппен жарақтандырылуы тиіс. Алайда бұл аспап егер рұқсат етілген ең жоғары салмағы 400 кг (900 фунт) асқан жағдайда ғана көлік құралының ұзына бойғы орта қимасына қатысты симметриялы орналасқан үш дөңгелекті мотоциклдер мен автомобильдер үшін міндетті болып табылады.
Сөндіргіш
53. Автомобильге орналастырылған әрбір ішкі жану қозғалтқышы тиімді сөндіргішпен жарақтандырылған болуы тиіс; бұл аспап жүргізуші өз орнынан оны жұмыс істемейтін жағдайға келтіре алмайтындай болып орналасуы керек.
Шиналар
54. Автомобильдер мен олардың тіркемелерінің дөңгелектері
пневматикалық шиналармен жарақтандырылуы тиіс, бұл ретте бұл шиналардың жай-күйі қауіпсіздікті және тіпті дымқыл жолда да топырақпен тұтасу қамтамасыз етілетіндей болуы керек. Алайда бұл ереже Уағдаласушы тараптарға кем дегенде пневматикалық шиналарды пайдалану кезінде алынатын нәтижелерге тең нәтижелер бере алатын аспаптарды пайдалануға рұқсат етуіне кедергі келтірмейді.
Спидометр
55. Тегіс жолда жылдамдығын сағатына 40 км (25 миля) асыруға болатын әрбір автомобильде спидометр болуы тиіс; алайда әрбір Уағдаласушы тарап бұл ұйғарымды мотоциклдердің және басқа да жеңіл көлік құралдарының кейбір санаттарына таратпауы мүмкін.
Автомобильдердегі сигнализацияға арналған аспап
56. Осы Конвенцияның 23-бабының 5-тармағында және 1-қосымшаның 6-тармағында айтылған аспаптар:
а) не қабырғаларының ұзындығы кемінде 0,4 м (16 дюйм) және ені кемінде 0,05 м (2 дюйм) қызыл шеттері бар теңбүйірлі үшбұрыш нысанындағы қалқанша болуы тиіс; бұл үшбұрыштың ортасы көрінбейтін немесе ақшыл түске боялған болуы керек; қызыл шеттері өзінің мөлдірлігіне байланысты жарық өткізуі немесе жарық шашыратқыш қасиеті бар жолағы болуы керек; қалқанша оны берік көлденең қалыпта қоюға болатындай етіп жасалуы тиіс;
b) не көлік құралы тіркелген елдің заңнамасында ұйғарылған осындай тиімді аспап болуы тиіс.
Айдап әкетуге қарсы құрылғы
57. Әрбір автомобиль көлік құралын тұраққа қалдырған сәттен бастап оны істен шығаруға немесе көлік құралының қандай да бір негізгі агрегатын блоктауға мүмкіндік беретін айдап әкетуге қарсы құрылғымен жарақтандырылуы тиіс.
Жеңіл тіркемелердің тіркеу құрылғысы
58. Жартылай тіркемелерді қоспағанда, осы қосымшаның 6-тармағында көрсетілген өздігінен тежеу құрылғысымен жабдықталмаған
тіркемелер тіркеу құрылғысымен қатар қосымша тіркеу аспабымен (шынжыр, трос және т.с.с.) жабдықталған болуы керек, ол тіркеу құрылғысы сынған жағдайда дышлоның жерге құлауын болдырмайды және белгілі бір дәрежеде тіркемені ішінара басқаруды қамтамасыз етеді.
Жалпы ережелер
59. а) Автомобильдің тетіктері мен аспаптары мүмкіндігінше өрт немесе жарылыс қаупін туғызбауы керек; олар сондай-ақ шамадан тыс зиянды газдар, қою түтін бөлмеуі, жағымсыз иіс пен шу шығармауы керек.
b) Автомобильдер қозғалтқыштарының жоғары кернеуін жағу жүйесі мүмкіндігінше бар радиоэлектрлік кедергілерді шамадан тыс тарату көзі болып табылмауы тиіс.
с) Әрбір автомобильдің конструкциясы жүргізушіге автомобильді қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін оған алдынан, оң және сол жағынан жеткілікті шолуды қамтамасыз етуі тиіс.
d) Автомобильдер мен тіркемелердің конструкциясы және жабдықталуы мүмкіндігінше жол-көлік оқиғасы болған жағдайда олардың жолаушылары үшін және жолды басқа пайдаланушылар үшін қауіпті азайтуды қамтамасыз етуі тиіс. Атап айтқанда, көлік құралдарында ішінде де, сыртында да сәндік заттар немесе шеттері сүйір немесе жүргізушілер мен жолаушылар үшін және жолды басқа пайдаланушылар үшін қауіп туғызуы мүмкін көлік құралының габаритінен шығып тұратын қажет болып табылмайтын заттар болмауы тиіс.
ІV ТАРАУ
Ережелерден ауытқу
60.
Осы Конвенцияны өз аумағында қолдану кезінде Уағдаласушы тараптар:
а) тегіс жолда конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 км (15 миля) аспайтын немесе ұлттық заңнамаға сәйкес жылдамдығы сағатына 25 км аспауы тиіс автомобильдер мен тіркемелерге;
b) мүгедектер арбаларына, яғни тек лайықталып жасалған емес, мертіккен немесе дене кемістігі бар адамның пайдалануына арналған және әдетте сол адам пайдаланатын арнайы құрастырылған және соған арналған кішкене автомобильдерге;
с) техника жетістіктерін қолдану және қауіпсіздікті арттыру мақсатындағы эксперименттерге арналған көлік құралдарына;
d) ерекше тұрпатты немесе ерекше түрдегі көлік құралдарына немесе ерекше жағдайларда арнайы мақсаттар үшін пайдаланылатын көлік құралдарына қатысты осы қосымшаның ережелерінен ауытқуға жол беруі мүмкін.
61. Уағдаласушы тараптар сондай-ақ халықаралық қозғалыста болуы мүмкін өздері тіркейтін көлік құралдарына қатысты осы қосымшаның ережелерінен:
а) осы қосымшаның 23 және 30-тармақтарында көрсетілген кіші фаралар және осы қосымшаның 29-тармағында көрсетілген жарық шашыратқыш аспаптар үшін автосары түске рұқсат ете отырып;
b) осы қосымшаның 39-тармағында көрсетілген көлік құралының артына орнатылатын бұрылу көрсеткіші үшін қызыл түске рұқсат ете отырып,
с) осы қосымшаның 42-тармағының соңғы фразасында көрсетілген көлік құралының артына орнатылатын оттар үшін қызыл түске рұқсат ете отырып;
d) сыртқы тұрпаты бұл ережелерді сақтауға мүмкіндік бермейтін мамандандырылған көлік құралдарында оттардың орналасуына қатысты, жеңіл бүлінуі немесе үзілуі мүмкін монтаждық аспаптарды пайдаланбай;
е) өзі тіркейтін автомобильдерде тақ - саны екіден артық - алыс жарық оттарының болуына рұқсат ете отырып; және
f) ұзын жүктерді (бөренелер, құбырлар және т.с.с.) және қозғалыс кезінде тартып сүйреушіге тіркелмейтін, тек жүкпен байланыстыларды тасымалдауға пайдаланылатын тіркемелерге қатысты ауытқуға жол беруі мүмкін.
V ТАРАУ
Өтпелі ережелер
62. Бұл автомобильдер мен тіркемелер Жол қозғалысы туралы 1949 жылғы конвенцияның 6-тармағы 1, 2 және 3-бөліктерінің ұйғарымдарына жауап берген жағдайда осы қосымшаның ережелері бірінші рет тіркелген автомобильдерге және Уағдаласушы тараптың аумағында осы Конвенция күшіне енгенге дейін немесе ол күшіне енгеннен кейін екі жылдан соң пайдалануға берілген тіркемелерге қолданылмайды.
ТОЛЫҚТЫРУ
Осы қосымшада көрсетілген түстерді алу үшін түсті сүзгілерді белгілеу (түс коэффициенттері)
Қызыл ______ сарыға қарай шегі________________ у<= 0,335
қызыл күреңге қарай шегі 1*_________ z<= 0,008
Ақ _________ көкке қарай шегі ______________ х>= 0,310
сарыға қарай шегі _____________ х<= 0,500
жасылға қарай шегі ____________ у<= 0,150+0,640 х
жасылға қарай шегі ____________ у<= 0,440
қызыл күреңге қарай шегі ______ у>= 0,050+0,750 х
қызылға қарай шегі ____________ у>= 0,382
Автосары 2*... сарыға қарай шегі 1*________у<= 0,429
қызылға қарай шегі 1*__________у>= 0,398
аққа қарай шегі 1*_____________z<= 0,007
Селективтік
сары 3*____ қызылға қарай шегі 1*___________ у>= 0,138+0,580 х
жасылға қарай шегі 1*___________ у<= 1,29х - 0,100
спектрлік өлшем шегіне қарай 1*___________ у<= -х+0,992
Осы сүзгілердің колориметрлік қасиеттерін тексеру үшін түсті температурасы 2854 Ш К жарық көзі пайдаланылатын болады (Жарықтандыру жөніндегі халықаралық комиссияның [ЖХК] А стандарттық көзіне сәйкес).
Жол қозғалысы туралы
конвенцияға
6-қосымша
(Вена, 1968 ж., 8 қараша)
ҰЛТТЫҚ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ
1. Ұлттық жүргізуші куәлігі дегеніміз А 7 форматындағы (74x105 мм - 2,91 x 4,13 дюйм) қызғылт түсті парақты не болмаса бұл форматтың екіге бүктелген (222 x 105 мм - 8,78 x 4,13 дюйм) парағын білдіреді.
2. Куәлік бұл құжатты беретін немесе беру тапсырылған билік органы белгілеген тілде немесе тілдерде басылады; алайда онда француз тілінде
"Рermis de
соnduіrе"
атауы белгіленеді, оған басқа тілдердегі "Жүргізуші куәлігі" атауымен қатар жазылуы немесе жазылмауы мүмкін.
3. Куәлікке енгізілетін қолдан жазылған немесе машинкада басылған жазбалар не латын алфавитінің әріптерімен жасалады не осылай қайталанады.
4. Куәлік беттерінің екеуі қоса беріліп отырған N 1 және 2 үлгілерге сәйкес келуі тиіс. Осы Конвенцияның 41-бабы 4-тармағының ережелерін ескере отырып, А, В, С, D және Е айдарларының мазмұны да, олардың әріптік белгіленуі де, куәлік иесінің жеке басына қатысты айдарлардың мәні де өзгермеген жағдайда егер көрсетілген үлгілерге екінші дәрежелі өзгерістер енгізілетін болған жағдайда да осы ереже орындалған болып есептеледі; атап айтқанда 1949 жылы 19 қыркүйекте Женевада жасалған Жол қозғалысы туралы конвенцияға 9-қосымшаның үлгісіне сәйкес ұлттық жүргізуші куәліктері осы қосымшаның ережелерін қанағаттандыратын ретінде қаралатын болады.
5. N 3 үлгінің бетін куәлікке қосу туралы және оған қосымша жазбалар енгізу туралы мәселе ұлттық заңнамамен айқындалады; егер тұрғылықты жерін ауыстыруды көрсету үшін орын көзделсе, 1949 жылғы Конвенцияның 9-қосымшасының үлгісіне сәйкес келетін куәлікті қоспағанда, ол N 3 беттің сыртқы бетінде жоғары жағында орналасатын болады.
6-қосымшаға кесте
1
|
2 |
|
Басқару үшін куәлік берілген көлік құралдарының санаттары |
||
1. Тегі
35x45 мм
|
Мотоциклдер
|
9____ дейін жарамды
|
Жүктер тасымалдауға
|
9 _______ дейін жарамды
|
|
5. Берілген күні
D
|
Жолаушылар
|
9 _______ дейін жарамды
|
В, С немесе D
|
9 _______ дейін жарамды
|
|
10 |
||
11 |
__________
Кестеге түсіндірме
1. Екіге бүктелген куәліктерде (егер олардың бірінші беті үлгіге сәйкес келмейтіндей етіп бүктелсе) және үшке бүктелген куәліктерде көрсетілген жазба бірінші бетке жазылуы мүмкін.
2. Мұнда мемлекеттің атауы немесе осы Конвенцияға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген айырым белгісі көрсетіледі. Жоғарыда, 1-ескертпедегі нұсқау осы айдарға да қатысты.
3. Мұнда әкесінің немесе күйеуінің атын көрсетуге болады.
4. Егер туған күні белгісіз болса, куәлік берілген сәттегі шамамен алғандағы жасын көрсету керек.
5. Егер туған жері белгісіз болса, толтырылмасын.
6. "Немесе қолының бас бармағының ізі". Қолтаңбасы және қолының бас бармағының ізі енгізілмеуі мүмкін.
7. Бұл айдар N 3 үлгіге сәйкес келетін беті бар куәліктерге міндетті емес.
8. Куәлікті берген органның немесе оған уәкілетті бірлестіктің қолы және/немесе мөрі немесе штемпелі. Екіге бүктелген куәліктерде (егер олардың бірінші беті үлгіге сәйкес келмейтіндей етіп бүктелсе) және үшке бүктелген куәліктерде мөр немесе штемпель бірінші бетке қойылуы мүмкін.
9. Куәлік берген органның мөрі немесе штемпелі және тиісті жағдайларда мөрдің немесе штемпельдің қойылған күні. Көрсетілген мөр немесе штемпель N 2 бет үлгісінің оң бағанына, куәлік жарамды көлік құралдарының санаттарын белгілеу бағандарының жанында және тек осы бағандардың қасына қойылады; осыған ұқсас ережелер ұзарту туралы белгілерге қолданылады, оларды N 3 бет үлгісінің оң бағанына енгізу керек. N 2 бет үлгісінің оң бағанына куәлік берген органның мөрін немесе штемпелін қоюдың орнына Уағдаласушы тараптар N 1 бет үлгісінің жаңа 8 "Санаттар" айдарына куәлік жарамды болатын тиісті санаттың әрпін немесе санаттардың әріптерін және куәлік жарамды болып табылмайтын әрбір санат үшін жұлдызша (мысалы, "8 Санаттар А, В ***") жазуы мүмкін.
10. Ұлттық заңнамамен белгіленген көлік құралдарының басқа
санаттарына арналған орын.
11. Куәлік берген мемлекеттің құзыретті органдары тиісті жағдайларда жасауы мүмкін пайдалануға шектеу талаптарын қоса алғанда, қосымша ескертулерге арналған орын (мысалы, "Көзілдірік киіп қана басқару", "N ____ көлік құралын басқару үшін ғана жарамды", "Бір аяғынан айырылған адамның басқаруы үшін көлік құралын қайта жабдықтаған жағдайда").
9-шы ескертпенің екінші абзацында көзделген жағдайда бұл қосымша нұсқауларды N 1 бет үлгісінде қойған жөн. Басқа қосымша нұсқаулар үлгіге сәйкес келмейтін беттерде жасалуы мүмкін.
Жол қозғалысы туралы
конвенцияға
7-қосымша
(Вена, 1968 ж., 8 қараша)
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІ
Халықаралық жүргізуші куәлігі дегеніміз А6 форматындағы (148x105 мм - 5,81x4,13 дюйм) кітапшаны білдіреді. Оның мұқабасы сұр және ішкі беттері ақ болады.
2. Мұқабаның бірінші бетінің сыртқы және ішкі жақтары N 1 және N 2 беттердің қоса беріліп отырған үлгілеріне сәйкес бірдей; олар куәлік берілген мемлекеттің ұлттық тілінде немесе ұлттық тілдерінің бірінде басылады. Ішкі беттердің соңында қатар тұрған екі бет қоса беріліп отырған N 3 үлгіге сәйкес келеді және француз тілінде басылады. Олардың алдындағы ішкі беттерде бірнеше тілдерде қайталанады, ағылшын, испан және орыс тілдерінде міндетті болып табылады.
3. Куәлікке енгізілетін қолдан жазылған немесе машинкада басылған жазбалар латын алфавитінің әріптерімен немесе жазумен жасалады.
4. Мұқабалары ағылшын, испан, орыс және француз тілдерінен өзге тілде жазылған жүргізуші куәліктерін беретін немесе беруге рұқсат ететін Уағдаласушы тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына коса беріліп отырған N 3 үлгі мәтінінің осы тілге аудармасын жіберуі керек.
N 1 беттің үлгісі
(Мұқабаның бірінші бетінің сыртқы жағы)
___________________________________________________ 1 |
Халықаралық автомобиль қозғалысы
|
N 2 беттің үлгісі
(Мұқабаның бірінші бетінің ішкі жағы)
Осы куәлік _______________________________________ 1
|
N 3 үлгі
Сол жақ парағы
Жүргізушіге қатысты жазбалар
|
Мотоциклдер А |
А санатында айтылғандарды қоспағанда, рұқсат етілген ең
|
Жүктер тасымалдауға арналған, рұқсат етілген ең жоғары
|
Жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа отыратын орны 8-ден асатын
|
B, C немесе D санаттарына жататын, жүргізуші басқаруға құқылы, бірақ өздері осы санаттардың біріне немесе осы санаттарға кірмейтін, тіркеп сүйреуіші бар көлік
|
Пайдалануды шектейтін шарттар
|
N 3 үлгі
Оң жақ парағы
1..........................................................
|
|
А
|
______________
_____
|
В
|
|
С
|
|
D
|
|
E
|
|
Ерекшеліктер:
|
|
* Мұндай жағдайларда оттар жабдықталған шамдардың қысқыштарында қоректендіру кернеуі айтарлықтай тербелуіне байланысты ЖХК ұсынғаннан өзгеше шектер қабылданған.
* Осы уақытқа дейін "қызғылт сары" немесе "сары-қызғылт сары" деп аталып келген автомобиль оттарының түсіне қолданылады. ХЖК түсті үшбұрышының "сары" аймағының белгілі бір бөлігіне толық сәйкес келеді.
* Тек алыс және жақын жарық фараларына ғана қолданылады. Тұманға қарсы фараларға қатысты егер жиілік көрсеткіші кемінде 0,820-ға тең болса, ал ақ түске қарай шегі у>= - х+0,966 осы жағдайда у>= - х+0,940 және у=0,440 құраса, түстің селективтілігі қанағаттанарлық деп есептеледі.
1 Куәлік берілген мемлекеттің атауы және 3-қосымшада белгіленген осы мемлекеттің айырым белгісі.
2 Уағдаласушы тараптар болып табылатын мемлекеттердің тізімін міндетті емес енгізуге арналған орын.
1 Мұнда әкесінің немесе күйеуінің есімін көрсетуге болады.
2 Егер туған жері белгісіз болса, толтырылмасын.
3 Егер туған күні белгісіз болса, куәлік берілген сәттегі шамамен алғандағы жасын көрсету керек.
4 Куәлікті берген органның немесе бірлестіктің мөрі немесе штемпелі. Бұл мөр немесе штемпель В. В, С, D және Е санаттарының жанына егер иесі көрсетілген санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқылы болған жағдайда ғана қойылады.
5 Мысалы, "Көзілдірік киіп қана басқару", "N .... көлік құралын басқару үшін ғана жарамды", "Бір аяғынан айырылған адамның басқаруы үшін көлік құралын қайта жабдықтаған жағдайда".
6 Немесе қолдың бас бармағының ізі
7 Мемлекеттің атауы
8 Өзінің аумағында жүргізуші куәлігінің жарамдылығын жойған билік органының қолы және мөрі немесе штемпелі. Егер осы бетте ескертулерге арналған орындар толық пайдаланылған болса, басқа ескертулер осы беттің сыртқы жағына жазылсын.