Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 254-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) cату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесі;
2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.24 № 1668 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.06.2015 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. "Қосылған құны салығынан босатылатын медициналық және ветеринариялық қызмет саласында көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 124 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 5, 32-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 133 қаулысымен бекітілген |
Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.24 № 1668 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
КО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы |
0206 10 100 0, 0206 22 000 1, 0206 29 100 0, 0206 30 000 1, 0206 30 000 3, 0206 41 000 1, 0206 49 000 1, 0206 80 100 0, 0206 90 100 0 | ірі қара малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының, есектің, қашырдың немесе лошактың фармацевтика өнімдерін шығару кезінде пайдаланылатын жаңадан сойылған, салқындатылған немесе тоңазытылған тағамдық қосымша өнімдер |
0507 90 000 0-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын маралдың мүйізі ғана |
1108-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын бидай, жүгері, картоп крахмалы, инулин |
1211-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын жас күйіндегі немесе кептірілген, бүтін немесе ұсақталған, жармаланған немесе ұнтақталған өсімдіктер ғана, олардың жекелеген бөліктері (тұқымы мен жемісін қоса алғанда) |
1302-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын өсімдік шырындары мен сығындылары, агар-агар, пектиндер ғана |
1504 20-дан | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын балық майы, май және олардың фракциясы, балық бауырынан алынатын майдан басқа |
1505 00-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын шайыр |
1515-тен | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын өсімдік майлары және олардың фракциялары ғана |
1520 00 000 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын глицерин |
1702-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын қатты күйіндегі химиялық таза лактоза, мальтоза, глюкоза және фруктозаны қоса алғанда, басқа да сахаралар |
1704 90 550 0 | аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған тамақ аурулары пастилкалары және жөтел таблеткалар |
1804 00 000 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын какао-майы, какао-тоң майы |
2106 90 980 3-тен | аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған тағамға теңгеріммен қосуға арналған витаминдер мен минералдық заттардың қоспалары |
2207 10 000 0-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын, 80 айн. % немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті |
2501-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын таза натрий хлориді, құрамында теңіз суы бар дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар |
2520 10 000 0 | стоматологияда және протездік-ортопедиялық бұйымдарды шығару кезінде пайдаланылатын керіш, ангидрит |
2526 20 000 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын жармаланған немесе ұнтақталған тальк |
2712 10 900 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын өзге мұнай вазелині |
2712 20 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын құрамында кемінде 0,75 мас. % май бар парафин |
28-топтан | бейорганикалық химия өнімдері; фармацевтикалық және медициналық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын қымбат бағалы металдардың, жерде сирек кездесетін металдардың, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың бейорганикалық немесе органикалық қосылыстары және тазартылған, кондуктометрлік су және медициналық мақсатта пайдаланылатын осыған ұқсас таза су. |
29-топтан | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын табиғи немесе синтезделген органикалық химиялық қосылыстар; стерилизаторларда қолдануға арналған |
30-топ | фармацевтикалық өнім |
3102 10 100 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын сусыз құрғақ өнімге есептегенде 45 мас. % астам азоттан тұратын зәрлік |
3203 00-тен | айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамдағы өсімдік немесе жануар тектес бояғыш заттар (жануар көмірінен басқа бояғыш сірінділерді қоса алғанда); фармацевтикалық және медициналық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын осы топқа 3-ескертуде көрсетілген өсімдік немесе жануар тектес бояғыш заттар негізінде дайындалған препараттар |
3204-тен | айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамдағы синтетикалық органикалық бояғыш заттар; осы топқа 3-ескертуде көрсетілген синтетикалық органикалық бояғыш заттар негізінде дайындалған препараттар; фармацевтикалық және медициналық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамдағы оптикалық ақтағыштар немесе люминофорлар ретінде пайдаланылатын синтетикалық органикалық өнімдер |
3208-ден | синтетикалық полимерлер немесе химиялық түрлендірілген табиғи полимерлер негізінде жасалған, диспергирленген немесе сусыз ортада ерітілген (эмальдар және политурларды қоса алғандағы) бояулар және лактар; осы топқа 4-ескертуде көрсетілген фармацевтикалық және медициналық өнімдерді таңбалау және шығару кезінде пайдаланылатын ерітінділер |
3215-тен | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын полиграфиялық бояу, жазуға немесе сурет салуға арналған сия немесе тушь және өзге де қоюландырылған, немесе қоюландырылмаған қатты немесе қатты емес, өзге де бояулар |
3301-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын эфир майлары |
3305 10 000 0-ден | Қазақстан Республикасында дәрілік заттар ретінде тіркелген, медициналық мақсатта қолданылатын сусабындар; |
3307-ден | құрамында теңіз және еріген сулар қоспасы бар дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көру линзаларын немесе көз протездерін сақтауға арналған ерітінділер; |
3405-тен | көзілдірік линзаларын шығару кезінде пайдаланылатын 3404 тауар позициясының балауыздан басқа тазалау пасталары және ұнтақтары және ұқсас құралдар (соның ішінде қағаз, мақта, киіз немесе биязы киіз, мата емес материалдар, сол құралдар сіңдірілген борпақ пластмасса немесе борпақ резина) |
3407 00 000 -ден | тек "тіс дәрілік балауыз" немесе тіс қалыбын алуға арналған құрамдар, тіс дәрігерлік мақсатқа арналған керіш (кальцилеген керіш немесе кальций сульфаты) негізінде дайындалған өзге де құрамдар |
3502-ден | альбуминдер (соның ішінде құрғақ затқа есептегенде іркіт ақуызының салмағы 80% артық екі немесе одан да көп іркіт ақуызының тұнбасын қоса алғанда), альбуминаттар және фармацевтикалық өнімін өндіру кезінде пайдаланатын басқа да альбумин туындылары |
3503 00-тен | медициналық мақсатта және фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын желімтек және оның туындылары; желімтікті қатты капсулалар |
3505 10-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын декстриндер, өзге түрлендірілген крахмалдар |
3506-дан | медициналық өнімді шығару кезінде пайдаланатын желім каучук негізінде жасалған балқытылған желім және өзге де дайын адгезивтер; |
3507-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын басқа жерде аталмаған ферменттер, ферменттік препараттар |
3701-ден | медициналық, стоматологиялық немесе ветеринариялық мақсаттарға пайдаланылатын қағаздан, қатырма қағаздан немесе тоқыма материалдарынан басқа, кез келген материалдан жасалған жайпақ рентгендік фотопластинкалар мен фото үлдірлер |
3702 10 000 0 | медициналық, стоматологиялық немесе ветеринариялық мақсаттарға пайдаланылатын қағаздан, қатырма қағаздан немесе тоқыма материалдарынан басқа, кез келген материалдан жасалған орамдағы рентгендік фотоүлдірлер |
3707-ден | фотохимикаттар (лактар, желімдер, адгезивтер және ұқсас құралдардан басқа); фотографиялық мақсаттарда пайдаланылатын араластырылмаған өнімдер, өлшенген дозада немесе медициналық, стоматологиялық немесе ветеринарлық мақсаттарда пайдалануға дайын күйдегі бөлшектік саудаға арнап қапталып ұсынылғандар |
3802 10 000 0-ден | медициналық мақсатта пайдаланылатын активтендірілген көмір |
3807 00 100 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын ағаштың қара майы |
3821 00 000 0 | медициналық мақсаттарда пайдаланатын микроорганизмдер (вирустар және соған ұқсастарды қоса) немесе өсімдік, адам немесе жануарлар жасушаларының өмір сүру қызметін өсіруге немесе қолдауға арналған дайын дақылды орталар |
3822 00 000 0 | 3202 немесе 3006-тауар позициясындағы тауарлардан басқа, ұлтанды диагностикалық немесе зертханалық реагенттер, ұлтанды немесе ұлтансыз дайын диагностикалық немесе зертханалық реагенттер; медициналық мақсаттарда пайдаланатын сертификатталған этолон материалдары |
3824 90 610 0, 3824 90 620 0, 3824 90 640 0 | Фармакологияда немесе хирургияда қолданылатын өнімдер және құрамдар |
39 топтан | медициналық, стоматологиялық немесе ветеринариялық мақсатта, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканы шығару үшін пайдаланатын пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар |
4001 10 000 0-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын табиғи, вулканизацияланған немесе вулканизацияланбаған каучук латексі |
4001 22 000 0-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын табиғи, техникалық мамандандырылған (ТSNR) каучук |
4005 10 000 0-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын техникалық көміртегімен немесе кремний диоксидімен, эластометрмен толтырылған резеңке қоспасы |
4006 90 000 0-ден | басқа нысандар (мысалы, темірлер, құбырлар және бейінді түрлер) және үрленбеген резина бұйымдар (мысалы, дискілер мен сақиналар) - фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын басқалары |
4008-ден | протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланатын қатты резеңкеден басқа, пластиналар, қаңылтырлар, жолақтар немесе таспалар, шыбықшалар және вулкандалған резеңкеден жасалған қалыптық профильдер |
4010-ден | медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпте пайдаланатын вулкандалған резеңкеден жасалған конвейерлі таспалар немесе жетекті ремендер немесе бельтинг |
4014-тен | қатты резеңкеден басқа вулканизацияланған резеңкеден немесе оларсыз жасалған гигиеналық немесе фармацевтикалық бұйымдар; фармацевтикалық және медициналық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған тығындар; медициналық мақсатта пайдаланылатын резеңке жылытқыштар, бүріккіштер, оттекті жастықтар, көз пипеткалары, мұрынға арналған аспираторлар, сүтсорғыштар, балаларға арналған тіс дөңгелектері, Эсмарх ыдысы, қан тоқтатқыш жгут, Мартенс бинті және т.б., емізіктердің бірнеше түрлері және балаларға арналған ұқсас бұйымдар; вулканизацияланған резеңкеден жасалған контрацептивтер; |
4015 11 000 0, 4015 19 000 0-ден 4015 90 000 0-ден | медициналық мақсаттарға арналған киімдер және оның керек- жарақтары, вулканизациялған резеңкеден жасалған хирургиялық және қарауға арналған, зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар, неопреннен жасалған белдіктер мен таңғыштар |
4016-дан | Фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланатын вулкандалған резеңкеден жасалған бұйымдар |
4104-тен | протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын ірі қара малдың немесе жылқы тұқымдас малдың немесе терісінен жасалған жүнсіз тықыр былғары |
4803 00-ден | медициналық өнімді шығару кезінде пайдаланатын орамдағы целлюлоза талшығынан жасалған кенеп; |
4804-тен | 4802 немесе 4803 тауар позициясында көрсетілгеннен өзге, фармацевтикалық және медициналық, мақсаттарда қолданылатын ағартылмаған крафт-қағаз және крафт-картон орамада немесе парақталған |
4811-ден | 4803, 1809 немесе 4810 тауар позициясының тауарларынан басқа медициналық, фармацевтикалық мақсатта, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық өнімді шығару үшін пайдаланатын беті боялған немесе әшекейленген немесе орамада не кез келген тікбұрышты (соның ішінде квадратты) парақтарда басылған қағаз, қатырма қағаз, целлюлозды мақта және қапталған, сіңдірілген, ламинирленген целлюлозды талшықтан жасалатын кенеп |
4818 90 100 0 | бөлшек саудада сату үшін оралмаған хирургиялық және медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар |
4819 10 000 0 | Фармацевтикалық және медициналық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын гофраланған қағаздан немесе қатырма қағаздан жасалған жәшіктер мен қораптар |
4821 | Фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын жазба белгілері мен затбелгілер |
4823 90-ден | Фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын орамдағы қағаз |
5208 11 100 0 5208 21 100 0 | бинттер, таңу материалдары мен медициналық дәке дайындауға арналған бетінің тығыздығы кемінде 200 г/м2 аспайтын құрамында 85% мас. немесе одан көп мақта талшықтарынан тұратын мақта маталар |
5603-тен | Фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын химиялық жіптерден жасалған матадан жасалмаған материал |
5604-тен | Фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын, матамен қапталған резеңке жіп және бау; 5404 немесе 5405 тауар позициясымен бірдей, сіңдірілген, қапталған немесе резеңке немесе пластмасса қабы бар жалпақ мата жіптер |
6108 21 000 0-ден | медициналық қолдануға арналған трусилер |
6115 10 100 0, 6115 10 900 1, 6115 10 900 2 | көктамырдың кеңеюінен зардап шегетіндерге арналған синтетикалық жіптен тоқылған шұлықтар, колготкалар, гольфтер |
6204-тен | фармацевтикалық және медициналық мақсатта пайдаланылатын киімдер |
6210-ден | медициналық және фармацевтикалық қызметте пайдаланылатын, 5602, 5603, 5903, 5906 немесе 5907 тауар позициясындағы материалдардан жасалған киімдер |
6211-ден | фармацевтикалық және медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге киімдер |
6212-тен | медициналық мақсаттарға арналған төстартқыштар, белдіктер, корсеттер, таңғыштар және ұқсас бұйымдар, және олардың машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма немесе тоқыма емес бөліктері |
6217-ден | дайын киімдерге тиістілер өзгелер; киім бөліктері немесе 6212 тауар позициясына кіретіндерден басқа фармацевтикалық және медициналық қызметке пайдаланылатын киімге тиістілер; |
6302-ден | фармацевтикалық және медициналық қызметте пайдаланылатын төсекке, асханаға, дәретханаға және ас үйге арналған жайма |
6307-ден | киімнің пішілген үлгісін қоса алғанда өзге де дайын бұйымдар, фармацевтикалық және медициналық өнім шығару кезінде, сондай-ақ медицинада пайдаланылатын қан тоқтатқыш бау, медициналық маскалар, бахилалар, белдіктер, корсеттер, медициналық мақсаттағы арқа түзеткіштері, омыртқаның мойын бөлігіне арналған медициналық бекіткіштер, хирургияда аяқ-қолды бір қалыпты ұстауға арналған медициналық таңғыштар сияқты тоқыма материалдарынан жасалған бұйымдар |
6504 00 000 0-тен | фармацевтикалық және медициналық қызметте пайдаланылатын шляпалар және тоқылған немесе астары бар немесе астары жоқ, бөлігі бар немесе бөлігі жоқ кез-келген матаның жолақтарынан біріктірілген басқа да бас киімдер |
6505 00-тен | фармацевтикалық және медициналық қызметте пайдаланылатын шляпалар және машинамен тоқылған немесе қолдан тоқылған немесе шілтердің, фетрдың немесе астары бар немесе астары жоқ, бөлігі бар немесе бөлігі жоқ басқа да тоқыма материалдарының бүтін бөлігінен (тек жолақтан емес) әзірленген бас киім; астары бар немесе астары жоқ, бөлігі бар немесе бөлігі жоқ кез-келген матадан дайындалған шашқа арналған тор |
6602 00 000 0-ден | мүгедектер мен зақымдары бар адамдарға арналған арнайы таяқтар |
6804-тен | көзілдірік линзаларын шығару кезінде пайдаланатын, қайрағыш тастар, тегістегіш дөңгелектер және тегістеуге, қайрауға жылтыратуға, келтіруге немесе кесуге арналған тірек конструкциясы жоқ ұқсас бұйымдар, қолмен қайрауға немесе жылтыратуға арналған тастар және олардың агломерацияланған табиғи немесе жасанды абразивтерден жасалған немесе жиынтығында басқа да материалдардың бөлшектері бар немесе осы бөлшектер жоқ керамикадан жасалған тастар |
6805-тен | көзілдірік линзаларын шығару кезінде пайдаланатын табиғи немесе жасанды түйіршікті ұнтақ немесе қағаз, мата, қатырма қағаз немесе өзге негізінде жасалған дән |
6909-дан | медицинада пайдаланылатын зертханалық, химиялық мақсаттарға арналған қыш бұйымдар |
7001 00 910 0 | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді жасау және шығару кезінде қолданылатын оптикалық шыны |
7005 10 800 0-ден | рентген сәулелерінен қорғауға арналған рентген әйнегі |
7010 10 000 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын шыныдан жасалған ампулалар |
7010 20 000 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдалынатын тығындар, қақпақтар және басқа ұқсас бұйымдар |
7010 90 710 0, 7010 90 790 0 | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын бөтелкелер, сауыттар, банкалар, ампулалар және басқа шыны ыдыстар |
7015-тен | көруді түзететін немесе түзетпейтін көзілдіріктерге арналған майысқан, тереңдетіп иілген шынылар немесе осыған ұқсас өңделмеген оптикалық шынылар; фармацевтикалық және медициналық өнімдерді дайындау және шығару кезінде қолданылатын тұтас шынылық сфералар және олардың көрсетілген шыныларды дайындауға арналған сегменттері |
7017-ден | зертханалық немесе фармацевтикалық мақсаттарға арналған шыны ыдыстар |
7311 00-ден | медициналық техникада, медициналық мақсаттағы бұйымдарда, сондай-ақ фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығаруда пайдаланылатын қара металдан жасалған сығылған немесе сұйытылған газға арналған ыдыс және емдік газбен қамту жүйесінің жабдығы |
7319 90 900 0-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығаруда пайдаланатын басқа да инелер |
7326 90 980 8-ден | медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандыру қораптары және ұқсас бұйымдар |
74 топтан | медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын, медицинада емдік газдармен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тазартылған мыстан жасалған құбырлар, түтіктер және құбырларға арналған фитингтер |
7604-тен | медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және емдік газбен қамту жүйесі жабдықтарын шығару кезінде пайдаланылатын шыбықтары мен алюминий профильдер |
7607-ден | дәрілік заттарды шығару кезінде блистерге қаптамалау үшін қалыңдығы (негізін қоспағанда) 0,2 мм артық емес алюминий фольга (негізсіз немесе қағаз, қатырма қағаз, пластмасса немесе өзге де ұқсас материал негізінде) |
7612 10 000 0 | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын алюминийден жасалған деформацияға ұшырайтын түтікті ыдыстар (тубалар) |
7612 90 200 0-ден | фармацевтикалық өнімді шығару үшін пайдаланылатын аэрозольді орамдардағы алюминийден жасалған басқа ыдыстар |
7613 00 000 0-ден | фармацевтикалық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын, сығылған газдарға арналған алюминий ыдыстар |
7804-тен | ионды сәуледен қорғау үшін медицинада пайдаланылатын қорғасын парақтар, кесінділер немесе таспалар мен фольгалар |
8001 20 000 0-ден | линзаларды оқшаулауға арналған оңай балқитын металл (Вуд қоспасы); |
8207-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын металды сымдауға немесе бөлуге арналған фильерлерді қоса алғанда қол құралдарына арналған механикалық жетегімен немесе онсыз немесе станоктарға арналған (мысалы нығыздау, қалыптау, кесу, шабу, бұранданы кесу, бұрғылау, қайрау, тарту, жоңғылау, токарлық өңдеу немесе бұрау) ауысымдық жұмыс құралдары |
8309 90-ден | фармацевтикалық өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын жасалған тығындағыш қақпақтар; |
8405 10 000 9-дан | медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын тазарту құрылғыларымен немесе оларсыз газ генераторлары немесе сулы газ генераторлары; тазарту құрылғыларымен немесе оларсыз ацетилендік газ генераторлары және осыған ұқсас газ генераторлары (медицинаға арналған оттегі генераторлары) |
8413-тен | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланылатын шығыс өлшеуіштер бар немесе жоқ сұйықтық сорғылары |
8414-тен | медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпте пайдаланылатын ауа немесе вакуумды сорғыштар, ауа немесе газ компрессорлары мен желдеткіштер; желдеткіші бар, сүзгіштері бар немесе сүзгішсіз желдеткіші немесе рецикуляциялық сору қалпақтары немесе желдеткіші бар шкафтар |
8415 81 001 0, 8415 90 000 9-дан | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде арнайы өндіріс үй-жайларында микроклиматты сақтауға арналған температураның және ылғалдың автоматтық реттегіші бар өндірістік кондиционерлер; олардың бөліктері |
8418-ден | тұрмыстықты қоспағанда фармацевтикалық өнімді шығару кезінде медициналық мақсатта, пайдаланатын тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтар; оның бөліктері |
8419-дан | жылыту, қайнату, қуыру, дистилдеу, ректификациялау, зарарсыздандыру, пастерлеу, булау, кептіру, буын кетіру, желдету немесе салқындату сияқты температураны өзгерту үдерісінде материалдарды өңдеу үшін электрмен немесе электрсіз қыздыратын (пешті, камераны және 8514 тауар позициясының басқа да жабдықтарын қоспағанда) өнеркәсіптік немесе зертханалық машиналар, жабдықтар; фармацевтикалық және медициналық өніміндерді шығару кезінде пайдаланатын инерциясы жоқ су жылытқыштар немесе жылу су аккумуляторлары электрсіз, өзге де; медицина өнеркәсібіне арналған жабдықтардың бөлшектері |
8421-ден | медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын цетрифугалар, соның ішінде орталықтандырылған кептіргіштер; сұйықтықтар мен газдарды сүзуге және тазартуға арналған құрылғылар мен қондырғылар, олардың бөлшектері |
8422-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын шөлмектер және өзге де ыдыстарды жууға және кептіруге арналған қондырғылар; шөлмектер, банкаларды тығындауға, толтыруға, қораптарды, қаптарды және өзге де ыдыстарды жабуға, бекітуге немесе оларды белгілеуге арналған құралдар; шөлмектер, банкалар, тубалар және ұқсас ыдыстарды қақпақтар немесе тығындармен герметикалық тығындауға арналған құралдар; қаптамалауға немесе орауға (соның ішінде қаптама материалының термоорнығуы бар тауарды қаптаушы құрал) арналған құралдар және басқалары; сусындарды газдауға арналған құралдар |
8423-тен | конвейерлердегі бұйымдарды үздіксіз өлшеуге арналған таразылар (конвейерде, чеквейерде қаптама салмағын бақылауға арналған машиналар); фармацевтика өнімін шығару кезінде пайдаланылатын өлшеу салмағының ең жоғары салмағы 30 кг-ден аспайтын алдын ала оралған тауарларды өлшеуге және таңбалауға арналған жабдықтар |
8428 20 800 9-дан | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын пневматикалық көтермелер және конвейерлер |
8438-ден | фармацевтикалық өнімді шығаруға арналған құюға және таблетка жасауға арналған машиналар, қабығын жасауға арналған машиналар |
8442-ден | пластиналарды, цилиндрлерді немесе басқа да баспа түрлерін дайындауға немесе әзірлеуге арналған (8456-8465 тауар позициясындағы станоктардан басқа) машиналар, аппаратуралар, жабдықтар; пластиналар, цилиндрлер немесе басқа да баспа түрлері; фармацевтикалық және медициналық өнімдерді, олардың бөлігін шығару кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының таза үй-жайларында пайдаланылатын пластиналар, цилиндрлер және баспа мақсаты үшін дайындалған литографиялық тастар (мысалы үшкірленген, тегістелген немесе жылтыратылған); олардың бөліктері |
8443-тен | пластиналар, цилиндрлер және 8442 тауар позициясының басқа да баспа түрлері арқылы баспа үшін пайдаланатын баспа машиналары; басқа да біріктірілген немесе біріктірілмеген принтерлер, көшірме аппараттары және факсимил апараттары; олардың бөлігі және фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының таза үй-жайларында пайдаланылатын олардың бөліктері және құралдары; олардың бөліктері |
8444-тен | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының таза үй-жайларында пайдаланылатын химиялық тоқыма маталарын тартуға, созуға, тоқуға немесе кесуге арналған машиналар; олардың бөлшектері |
8459-дан | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді, олардың бөліктерін шығару кезінде 8458 тауар позициясындағы (көп салалы токарь станогын қоса отырып) токарь станогынан басқа металды жою арқылы сыртқы немесе ішкі ойманы бұрғылауға, тегістеуге, фрезерлеуге кесуге арналған металл кесуші (жүйелік құрудың агрегаттық станоктарды қоса алғанда) станоктар |
8462-ден | материалдарды көлемді мөртабандармен, соғумен және мөрлеумен өңдеуге арналған (қысымдарды қоса алғанда) станоктар; иілмелі, (қысымдарды қоса алғанда) шеті иілмелі, дұрыс, кесілген, ұрылған немесе бөлінген металдарды өңдеуге арналған станоктар; фармацевтикалық және медициналық өнімдерін шығару кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының таза үй-жайларында пайдаланылатын жоғарыда аталмаған металдарды немесе металлдардың карбидтерін өңдеуге арналған қысымдар |
8464-тен | медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару кезінде пайдаланылатын оптикалық әйнектерді өңдеуге арналған станоктар |
8466-дан | ерекше немесе құралдар мен бөлшектерді өзі ашылатын бұранда кескіш ұштарды, ұзын ұштарды және станокқа басқа да арнайы құралдарға арналған құралдарды қоса алғанда негізінен 8459, 8462, 8464 тауар позицияларының жабдықтары үшін бағытталған бөліктері мен бөлшектері; медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару кезінде оптикалық шыны өңдеу үшін пайдаланатын қол құралдарының барлық түрлеріне арналған жұмыс құралдарын бекітуге арналған құралдар |
8467 11 900 0, 8467 21 910 0, 8467 29 510 0 | протездік-ортопедиялық бұйымдарды шығару кезінде пайдаланылатын электрлі қозғалтқышы бар қолмен басқарылатын құрал-саймандар, басқалары |
8467 89 000 0-ден | көзілдірік линзаларын дайындау кезінде пайдаланылатын фрезерлеуге арналған қолмен басқарылатын электрлі құрал-саймандар |
8471 49 000 0-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімді шығару кезінде пайдаланатын жүйе түрінде әкелінетін өзге есептеуіш машиналар |
8474 20 000-ден 8474 39 000 1, 8474 80 101 0, 8474 80 901 0, 8474 90-нан | ұнтақ тәрізді күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар және олардың бөлшектері |
8477-ден | резеңкені немесе пластмассаны шығаруға арналған немесе фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығару кезінде пайдаланатын аталған топқа аталмаған осы материалдардан өнімді шығаруға арналған жабдықтар |
8479 89 970 8-ден | медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару кезінде атаумен пайдаланатын машиналар және механикалық жабдықтар |
8480 71 000 0-ден | медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару кезінде пайдаланылатын резеңкені немесе пластмассаны құюға арналған қалып |
8481-ден | крандар, клапандар, винтельдер және емдік құбыржолдарына, қазандықтарға, резервуарларға медициналық жабдықта, медициналық техникада, медициналық мақсаттағы бұйымдарда және емдік газбен қамтамасыз ету жүйелерінде пайдаланатын редукциялық және термореттеуші клапандарды қоса алғанда ұқсас ыдыстарға арналған ұқсас арматура |
8509-дан | кіріктірмелі электр қозғалтқышы бар портативті тұрмыстық электр сүт сорғыштар |
8514-тен | медициналық мақсатта пайдаланатын зертханалық электр пештері және камералар |
8516-дан | медицинада пайдалануға арналған электрлі инерциясы жоқ немесе аккумуляциялайтын электрлі су жылытқыштар, батырылатын электрлі жылытқыштар |
8517 62 000 9-дан | медициналық мақсатта пайдаланатын өткізгіш байланыс жүйесіне арналған немесе цифрлық өткізу жүйесіне арналған аппаратура |
8525 80 300 0 | медициналық мақсатта пайдаланатын жарықтығы төмен бейнелерді цифрлық тіркеуге арналған құралдар |
8528 59 800 9-дан | медициналық мақсатта пайдаланылатын мониторлар |
8537-ден | пульттер, панелдер, консолдар, үстелдер, бөлгіш қалқандар және электрлік аппаратураларға арналған негіздер, электрлік тоқты басқаруға немесе бөлуге арналған 8535 немесе 8536 тауар позицияларының екі немесе одан да көп құрылғыларымен жабдықталғандар, оның ішінде өздерін қосатын құралдар немесе 90 топтың құрылғылары және басқарудың цифрлық аппаратары, медициналық мақсаттар үшін пайдаланылатын 8517 тауарлық позицияның коммутациялық құралдардан басқасы; олардың бөліктері |
8538-ден | ерекше немесе медициналық мақсатта пайдаланылатындарға бағыталғандардың бөлігінде көбіне 8535, 8536 немесе 8537 тауар позицияларының аппаратуралары үшін; олардың бөліктері |
8539 49 000 0-ден | медицинада қолданылатын ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену шамдары |
8705 90 900 1-ден | медициналық мақсаттар үшін пайдаланылатын жаңа моторлық көлікті заттар (жылжымалы медициналық кешендер) |
8707 90 900 9-ден | жылжымалы медициналық кешендерге арналған кузов-фургондар |
8713 | қозғалтқышпен немесе қозғалуға арналған басқа да механикалық құрылғылармен жабдықталмаған қозғала алмайтын адамдарға арналған арбалар; |
8714 20 000 0 | қозғала алмайтын адамдарға арналған арбалардың бөлшектері мен жабдықтары; |
9001 30 000 0 | медициналық мақсатта қолданылатын контактілі линзалар; |
9001 40 410 0, 9001 40 490 0-ден | екі жағынан өңделген, бір фокальды, мультифокальды (көпфокальды) трансфокальды көзді түзететін шыныдан жасалған көзілдіктерге арналған линзалар |
9001 50 410 0, 9001 50 490 0-ден | екі жағынан өңделген, бір фокальды, мультифокальды (көпфокальды) трансфокальды көзді түзететін өзге де материалдан жасалған көзілдіктерге арналған линзалар |
9002-ден | медициналық мақсаттарда, медициналық мақсаттағы бұйымдарда қолданылатын линзалар, призмалар, айналар және кез келген материалдан жасалған өзге де оптикалық бұйымдар |
9003-тен (9003 19 000 1-басқа) | көзілдіріктерге, қорғаныш көзілдіріктерге (күннен қорғайтындарынан басқа) немесе осындай оптикалық аспаптарға арналған оправалар мен арматура және олардың бөліктері; |
9004-тен (9004 10 басқа | көзілдіріктерге, қорғаныш көзілдіріктерге (күннен қорғайтындарынан басқа) және көзді түзейтін осындай оптикалық аспаптар; |
9006 30 000 0 | ішкі мүшелерді медициналық немесе хирургиялық тексеруге арналған арнайы фотокамералар |
9006 91-ден | медициналық мақсаттарда, қолданылатын бейнелерді, олардың бөліктері мен құралдарын тіркеу құрылғылары |
9010-ден | фотозертханаларға арналған өзге аппаратура және жабдық, медициналық мақсаттарда пайдаланылатын басқа да негатоскоптар, айқындалған машиналар |
9011-ден | медициналық мақсаттарда пайдаланылатын оптикалық күрделі микроскоптар; |
9016 00 | медициналық мақсаттарда пайдаланылатын әртүрлі таразылары бар немесе жоқ, сезімталдығы 0,05 г немесе одан жоғары таразылар, олардың бөлшектері мен жабдықтары |
9018-ден | сцинтиграфиялық аппаратураны қоса алғанда, медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, басқа да электромедициналық аппаратура және көздің көруін зерттеуге арналған аспаптар (солярийден басқа), оның ішінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың құрамына кіретін қосымша бөліктер мен жинақтаушылар |
9019-дан | механотерапияға арналған құрылғылар; уқалау аппараттары; қабілетін анықтау үшін психологиялық тестілерге арналған аппаратура; озон, оттегі және аэрозоль терапиясына қолдан тыныс алдыруға арналған аппараттар немесе басқа да терапиялық тыныс алу аппаратурасы |
9020 00 000 0 | медициналық мақсаттар үшін басқа да тыныс алу жабдықтары және механикалық тетіктерсіз және ауыстыратын сүзгілерсіз қорғаныш маскаларынан басқа, газ маскалары |
9021-ден | балдақтарды, хирургиялық белдіктерді және бандаждарды қоса алғанда, ортопедиялық аспаптар; сынықтарды емдеуге арналған, біздер мен басқа да аспаптар; қолдан жасалған дене бөліктері; органның ақауын немесе оның жұмыс істемеуін толықтыру үшін өзіне тағатын, алып жүретін немесе денеге импланттайтын есту аппараттары және басқа да аспаптар |
9022-ден | медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық пайдалануға арналған рентгендік, альфа-, бета-немесе гамма-сәулеленуге пайдалануға негізделген аппаратура, рентгенографиялық немесе радиотерапиялық, рентгендік түтіктерді қоса алғанда және басқа да рентгендік сәулелену генераторлары, жоғары кернеудегі генераторлар, басқару қалқандар мен пульттері, экрандар, үстелдер, креслолар және тексеруге немесе емдеуге арналған соған ұқсас бұйымдар, оның ішінде көрсетілген аппаратура мен бұйымдардың құрамына кіретін қосымша бөліктері мен жинақтаушылар |
9024 80 190 0-ден | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын қаттылығын, мықтылығын сынауға арналған машиналар мен құрылғылар немесе материалдардың басқа да механикалық қасиеттері (таблеткалардың қаттылығы мен мықтылығын өлшеуге арналған аспаптар) |
9025-тен | медициналық мақсаттар үшін және фармацевтикалық өнімді шығару кезінде қолданылатын ареометрлер, термомерлер, барометрлер, гигрометрлер, жазатын құрылғылары бар немесе онсыз психрометрлер |
9026-дан | фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын сұйықтықтардың немесе газдардың шығынын, деңгейін қысымын немесе басқа да ауыспалы сипаттамасын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура және емдік газбен қамтамасыз ету жүйесінің жабдығы |
9027-ден | химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ-немесе түтін талдағыштар); тұтқырлығын, кеуектігін, кеңеюін, үстірт керілуін немесе соған ұқсастарды өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура; жылудың, дыбыстың немесе жарықтың мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппараттар (экспонометрлерді қоса алғанда); медициналық мақсаттар үшін қолданылатын микротомдар, оларға бөлшектер мен аспаптар |
9030 10 000 0-ден | медицинада қолданылатын ионды сәулені табу немесе өлшеу үшін аспаптар мен аппаратуралар |
9031 | медицинада немесе фармацевтикалық өнімді шығару кезінде қолданылатын өлшеу немесе бақылау құралдары |
9032 10 | медицинада қолданылатын термостаттар |
9033 000 00 0-ден | медициналық мақсатта және (немесе) фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын 90-топтағы машиналарға, аспаптарға, құралдарға немесе аппаратураға бөлшектер және керек-жарақтар (осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген) |
9106 90 000 0-ден | медицинада қолданылатын технологиялық үдерістер таймерлері, өзіне тағуға немесе өзімен бірге алып жүруге арналмаған секунд өлшегіштер, соған ұқсас құралдар |
9402-ден | медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиhаз (мысалы, операциялық үстелдер, қарауға арналған үстелдер, механикалық аспаптары бар аурухана төсектері, стоматологиялық креслолар), жоғарыда айтылған бұйымдардың бөлшектері |
9403-тен | медицинада және/немесе ветеринарияда қолданылатын өзге де жиhаз |
9405 10 210 1, 9405 10 400 1, 9405 10 500 1, 9405 10 910 1, 9405 10 980 1, 9405 20 110 1, 9405 20 400 1, 9405 20 500 1, 9405 20 910 1, 9405 20 990 1, 9405 40 100 1, 9405 40 310 1, 9405 40 350 1, 9405 40 390 1, 9405 40 910 1, 9405 40 950 1, 9405 40 990 1, 9405 91 900 1, 9405 92 000 1, 9405 99 000 1, | медицинада қолданылатын шамдар мен жарық беретін жабдықтар, жарығы белгілі бір жерге бағытталған шамдар және олардың бөлшектері |
9406 00-ден | фармацевтикалық және медициналық өнімдерді шығаруға арналған арнайы өндірістік үй-жайларда пайдаланылатын құрамалы құрылыс конструкциялары (таза үй-жай) |
9608 20 000 0 | иод пен бриллиант көгінің ерітіндісі бар биомаркерлерді өндіруге арналған фетрден және басқа кеуекті материалдардан жасалған ұштары бар пластикті маркерлер |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 133 қаулысымен бекітілген |
Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан
босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді
қоспағанда, медициналық (ветеринарлық) қызметтердің тізбесі
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.