Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 922 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1326 қаулысы.

      3. "Импорты қосылған құн салығынан босатылатын Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде импортталатын, Қазақстан Республикасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен ветеринариялық техниканың, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 24-құжат).

      4. "Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 10, 55-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 321 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 115-құжат).

      6. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 137-құжат).

      7. "Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 444-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 29, 354-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 549 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 482-құжат).

      10. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 739 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 589-құжат).

      11. "Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1707 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 271-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және "Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 25 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 22, 311-құжат).

      13. "Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 538-құжат).

      14. "Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 399 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 539-құжат).

      15. "Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 847 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 810-құжат).

      16. "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, тұрақты емес конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу жөніндегі айналымына нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 849 қаулысы.

      17. "Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасы аумағынан бұрын әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1214 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1039-құжат).

      18. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 1322 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1095-құжат).

      19. "Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1668 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 102-құжат).

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 574 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 535-құжат).

      21. "Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 917-құжат).

      22. "Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1707 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 465 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 301-құжат).

      23. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 132 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 75-құжат).

      24. "Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 174-құжат).

      25. "Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 402 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 32, 205-құжат).

      26. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 29 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 5-6, 25-құжат).

      27. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 736 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 59-60, 385-құжат).

      28. "Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 476 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 30-31-32, 234-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады