"Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы N 201 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берсін;
      2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 20 ақпандағы
N 201 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-6-жолмен толықтырылсын:
      "20-6. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 289-жол алынып тасталсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Некоторые вопросы акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2009 года № 201

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) передать права владения и пользования государственным пакетом акций акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство" Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан;
      2) принять необходимые меры, вытекающие из пункта 1 настоящего постановления.
      2. Утвердить прилагаемые дополнения и изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 20 февраля 2009 года № 201

Дополнения и изменения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в приложении к указанному постановлению:
      раздел "Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 20-6, следующего содержания:
      "20-6. АО "Казахстанское контрактное агентство";
      в разделе "Комитету промышленности Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан":
      строку, порядковый номер 289, исключить.
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 454.
      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 995.
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.