"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 348 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері үшін мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 17 наурыздағы
N 348 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақта 2) тармақшаның елу бесінші абзацындағы ", әскери училищелерде" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты.".
      3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      2-бөлімде:
      2-бағандағы "Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдері, оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: олардың ішінде Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесінің курсанттары" деген жолдағы "Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесінің" деген сөздер "Ішкі әскерлердің Әскери институтының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бағандағы "Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі әскерлердің Әскери институты".
      4. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 591 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 30, 305-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2008/2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      "Ішкі әскерлердің жоғары әскери училищесі (Петропавл қаласы)" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі әскерлердің Әскери институты".

О переименовании государственного учреждения "Высшее военное училище внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2009 года № 348

      В целях дальнейшего совершенствования подготовки специалистов для Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Переименовать государственное учреждение "Высшее военное училище внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан" в государственное учреждение "Военный институт Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан".
      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      1) обеспечить государственную перерегистрацию государственного учреждения в органах юстиции;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 17 марта 2009 года № 348

Изменения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. Секретно. Утратил силу постановлением Правительства РК от 18.06.2015 № 457 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования). 
      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 25, ст. 311):
      в Положении о Министерстве внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в абзаце пятьдесят пятом подпункта 2) пункта 12 слова ", военных училищах" исключить;
      в Перечне организаций, находящихся в ведении Министерства внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      строку, порядковый номер 12, изложить в следующей редакции:
      "12. Военный институт Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан.".
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      в разделе 2:
      в графе 2 строки "Соединения и части внутренних войск, в том числе военнослужащие срочной службы: из них курсанты Высшего военного училища внутренних войск" слова "Высшего военного училища внутренних войск" заменить словами "Военного института Внутренних войск";
      в графе 2 строку "Высшее военное училище внутренних войск" изложить в следующей редакции:
      "Военный институт Внутренних войск".
      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 июня 2008 года № 591 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием, а также с техническим и профессиональным образованием в организациях образования, финансируемых из республиканского бюджета (за исключением подготовки специалистов в организациях образования Комитета национальной безопасности Республики Казахстан) на 2008/09 учебный год" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 30, ст. 305):
      в государственном образовательном заказе на подготовку специалистов с высшим образованием в организациях образования, финансируемых из республиканского бюджета на 2008/09 учебный год, утвержденном указанным постановлением:
      в государственном образовательном заказе на подготовку специалистов с высшим образованием в учебных заведениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан на 2008/09 учебный год:
      заголовок раздела "Высшее военное училище внутренних войск (г. Петропавловск)" изложить в следующей редакции:
      "Военный институт Внутренних войск".