Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 10-жолда:
5-бағандағы "2010" деген цифрлар "2011" деген цифрлармен ауыстырылсын;
6-баған "2011 - 5300,0*" деген цифрлармен толықтырылсын;
реттік нөмірі 11-жолдың 6-бағанындағы "2733682,0*" деген цифрлар "3526634,0*" деген цифрлармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолда:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"2010 - 2011 жылдар";
6-баған "2011 - 28700,0*" деген цифрлармен толықтырылсын;
Ескертпеде "2010" деген цифрлар "2011" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов