Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 362 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізудің іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 10-жолда:
      5-бағандағы "2010" деген цифрлар "2011" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      6-баған "2011 - 5300,0*" деген цифрлармен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 11-жолдың 6-бағанындағы "2733682,0*" деген цифрлар "3526634,0*" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 15-жолда:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2010 - 2011 жылдар";
      6-баған "2011 - 28700,0*" деген цифрлармен толықтырылсын;
      Ескертпеде "2010" деген цифрлар "2011" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады