Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі деңгейін болдырмау және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін 347900 (үш жүз қырық жеті миллиард тоғыз жүз) миллион теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев