"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 391 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2009 жылға арналған нысаналы трансферт туралы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 23-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықтың елеулі деңгейін болдырмау және дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға жағдай жасау үшін 2009 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін 347900 (үш жүз қырық жеті миллиард тоғыз жүз) миллион теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады