Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.10 № 924 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 37, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімнің "Бағдарламаны қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімінде "ішкі қарыздар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімнің бірінші абзацында "сыртқы қарыздар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
"Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
"Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету" деген 2-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 2.1-жолда:
5-бағандағы "2008" деген сандар "2010" деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы "120,000" деген сандар алынып тасталсын;
8-баған "120,000" деген сандармен толықтырылсын;
"Барлығы" деген жолда:
6-бағандағы "372,700" деген сандар "252,700" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы "181,128" деген сандар "301,128" деген сандармен ауыстырылсын.
"Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру" деген 3-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолда:
5-бағандағы "2008" деген сандар "2010" деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы "38,000" деген сандар алынып тасталсын;
8-баған "38,000" деген сандармен толықтырылсын;
"Барлығы" деген жолда:
6-бағандағы "347,300" деген сандар "309,300" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы "348,232" деген сандар "386,232" деген сандармен ауыстырылсын;
"Су ресурстары бойынша жиыны" деген жолда:
6-бағандағы "2296,300" деген сандар "2138,300" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы "2771,169" деген сандар "2929,169" деген сандармен ауыстырылсын;
"гранттар" деген жолда:
6-бағандағы "158,000" деген сандар алынып тасталсын;
8-баған "158,000" деген сандармен толықтырылсын;
"Балық шаруашылығының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру" деген 4-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4.1-жолда:
3-бағандағы "АШМ бұйрығы" деген сөздер "Үкіметке ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-баған ", 2009 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 4.2-жолда:
3-бағандағы "АШМ бұйрығы" деген сөздер "Үкіметке ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-баған ", 2009 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен толықтырылсын;
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру" деген 10-кіші бөлімде:
"Бағдарлама бойынша барлығы" деген жолда:
6-бағандағы "3801,887" деген сандар "3643,887" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы "4344,086" деген сандар "4502,086" деген сандармен ауыстырылсын;
"Байланыссыз гранттар" деген жолда:
6-бағандағы "158,000" деген сандар алынып тасталсын;
8-баған "158,000" деген сандармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов